ЗҚАИ-ның ескертпесі!
"Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы" ҚР Президентінің 15.03.2020 № 285 Жарлығымен енгізілген төтенше жағдай қолданылу кезеңінде есептіліктің жекелеген түрлерін ұсыну мерзімдері ұзартылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.03.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы, "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы және "Пошта туралы" 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Ұлттық пошта операторының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есептіліктің тізбесі;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Ұлттық пошта операторының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есептің нысаны;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Ұлттық пошта операторының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есептілікті ұсыну қағидалары белгіленсін.
2. Ұлттық пошта операторы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ай сайын осы қаулының 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген пруденциялық нормативтерді орындау туралы есепті электрондық форматта есепті айдан кейінгі айдың 25 (жиырма бесінен) кешіктірмей ұсынады.
3. Қаржы нарығының статистикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Сыртқы коммуникациялар департаменті – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Е. Әбілқасымоваға жүктелсін.
6. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Ұлттық Банк Төрағасы |
Е. Досаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігінің
Статистика комитеті
2019 жылғы "___" _____________
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 219 қаулысына 1-қосымша |
Ұлттық пошта операторының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есептіліктің тізбесі
Ұлттық пошта операторының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есептілік пруденциялық нормативтерді орындау туралы есепті қамтиды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 219 қаулысына 2-қосымша |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне
Әкімшілік деректердің нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Ұлттық пошта операторының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есеп
Әкімшілік деректер нысанының индексі: 1- PN
Кезеңділігі: ай сайын
Есепті кезең: 20__ жылғы "______" ____________
Ақпарат ұсынатын тұлғалар тобы: Ұлттық пошта операторы
Ұсыну мерзімі: ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 25 (жиырма бесінен) кешіктірмей.
Нысан |
№ | Компоненттер атауы | Сомасы (мәндері) |
1 | 2 | 3 |
1 | Меншікті капитал | |
2 | Активтер | |
3 | Өтімділігі жоғары активтер | |
4 | Талап етуге дейінгі міндеттемелер | |
5 | Меншікті қаражаттың жеткіліктілігі коэффициенті (К) (1-жол/2-жол) кемінде 0,12 | |
6 | Өтімділік коэффициенті (Кө) (3-жол/4-жол) кемінде 0,30 | |
7 | Ұлттық пошта операторының есепті кезең ішінде кредиторлар мен депозиторлардың алдында мерзімі өткен міндеттемелерінің болуы (Иә/Жоқ) |
Атауы ______________________ Мекенжайы ______________________________
Телефоны ___________________________
Электрондық пошта мекенжайы _______________________________________
Орындаушы ___________________________________________ ____________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) телефоны
Бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға ________________ ______________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) телефоны
Бірінші басшы немесе ол есепке қол қоюға уәкілеттік берген тұлға
_____________________________________________ ____________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) телефоны
Күні 20__ жылғы "______" ______________
Ұлттық пошта операторының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есептің нысанына қосымша |
Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме Ұлттық пошта операторының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есеп (индекс:1- PN, кезеңділігі: ай сайын) 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) "Ұлттық пошта операторының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 18-1) тармақшасына, "Пошта туралы" 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы 3-тармағының екінші бөлігіне сәйкес әзірленді.
3. Нысанды Ұлттық пошта операторы ай сайын толтырады. Нысандағы деректер мың теңгемен толтырылады. 500 (бес жүз) теңгеден кем сома 0 (нөлге) дейін дөңгелектенеді, ал 500 (бес жүз) теңгеге тең және одан жоғары сома 1000 (мың) теңгеге дейін дөңгелектенеді.
4. Нысанға бірінші басшы, бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға уәкілеттік берілген тұлғалар және орындаушы қол қояды.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
5. Нысан Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14786 болып тіркелген "Ұлттық пошта операторы үшін пруденциялық нормативті белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 307 қаулысына сәйкес толтырылады.
6. "Меншікті қаражаттың жеткіліктілігі коэффициенті (К)" 5-жолында үтірден кейін екі таңбалы мәні көрсетіледі.
7. "Өтімділік коэффициенті (Кө)" 6-жолында үтірден кейін екі таңбалы мәні көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 219 қаулысына 3-қосымша |
Ұлттық пошта операторының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есептілікті ұсыну қағидалары
1. Осы Ұлттық пошта операторының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есептілікті ұсыну қағидалары "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы, "Пошта туралы" 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және Ұлттық пошта операторының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне пруденциялық нормативтерді орындау туралы есептілікті ұсыну тәртібін айқындайды.
2. Ұлттық пошта операторы есептілікті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне электрондық форматта автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйе арқылы ұсынады.
3. Есепті күнгі жағдай бойынша қағаз тасымалдағыштағы Ұлттық пошта операторының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есептілікке бірінші басшы, бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға уәкілеттік берілген тұлғалар, сондай-ақ орындаушы қол қояды және Ұлттық пошта операторында сақталады.
4. Есептіліктегі деректердің толықтығы мен дәйектілігін, сондай-ақ электрондық форматта ұсынылатын пруденциялық нормативтерді орындау туралы есептілік деректерінің қағаз тасымалдағыштағы деректермен сәйкестігін Ұлттық пошта операторының бірінші басшысы, бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға уәкілеттік берілген тұлғалар қамтамасыз етеді.