Банк ашуға рұқсат беру қағидалары мен оған рұқсат беруден бас тарту негіздерін, Банк операцияларын, сондай-ақ банктердің жүзеге асыратын өзге де операцияларын және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті лицензиялау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 36 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 31 наурызда № 20228 болып тіркелді.

Жаңартылған

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!

      Қаулыға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 25.01.2021 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 6 т. қараңыз

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мына:

      1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Банк ашуға рұқсат беру қағидалары мен оған рұқсат беруден бас тарту негіздері;

      2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Банк операцияларын, сондай-ақ банктердің жүзеге асыратын өзге де операцияларын және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті лицензиялау қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілері құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Банктерді реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Халықаралық қатынастар және сыртқы коммуникациялар басқармасы осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту
Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      2020 жылғы "___" _________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      2020 жылғы "___" _________

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
Басқармасының
2020 жылғы 30 наурыздағы
№ 36 қаулысына
1-қосымша

Банк ашуға рұқсат беру қағидалары мен оған рұқсат беруден бас тарту негіздері

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Банк ашуға рұқсат беру қағидалары мен оған рұқсат беруден бас тарту негіздері (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы (бұдан әрі – Банктер туралы заң), "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң), "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы (бұдан әрі – Рұқсаттар және хабарламалар туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган, көрсетілетін қызметті беруші) банкті ашуға рұқсат (бұдан әрі – рұқсат, мемлекеттік көрсетілетін қызмет) беру тәртібін айқындайды. Қағидалар ислам банктеріне де қолданылады.

      2. Қағидаларда Банктер туралы заңда, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңда, Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңда, "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында және "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген мағынада қолданылатын ұғымдар пайдаланылады.

2-тарау. Банк ашуға рұқсат беру тәртібі

      3. Банкті ашуға рұқсат алу үшін жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – өтініш беруші, көрсетілетін қызметті алушы) уәкілетті органға "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банк ашуға рұқсат беру туралы өтініш (бұдан әрі – өтініш) береді.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжаттар тізбесі, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту себептері, көрсету процесін, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге негізгі талаптар тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер және мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Банкті ашуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында жазылған.

      Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті портал арқылы "жеке кабинетке" жіберген кезде нәтижені алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе автоматты түрде көрсетіледі.

      4. Банктің жарғылық капиталындағы үлесі 10 (он) пайыздан аз құрылтайшы – жеке тұлға туралы мәліметтер мына құжаттармен қоса Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады:

      құрылтайшы – жеке тұлғаның (шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар үшін) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмелері;

      құрылтайшы – жеке тұлғада азаматтығы бар елде (шетелдіктер үшін) немесе тұрғылықты тұратын елде (азаматтығы жоқ адамдар үшін) қылмыстары үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқ екендігі туралы мәліметтерді растайтын, олардың азаматтығы бар елдің (олар тұрғылықты тұратын елдің – азаматтығы жоқ адамдар үшін) не құрылтайшы – жеке тұлға соңғы 15 (он бес) жыл бойы тұрғылықты тұрған елдің мемлекеттік органы берген құжат. Көрсетілген құжатты беру күні өтініш берілген күннің алдындағы 3 (үш) айдан аспайды (ұсынылған құжатта оның қолданылуының өзге мерзімі көрсетілген жағдайларды қоспағанда). Егер мемлекеттік органы қылмыстар үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқ екені туралы мәліметтерді растауға уәкілетті елдің заңнамасында олар туралы көрсетілген мәліметтер сұратылатын тұлғаларға растайтын құжаттар беру көзделмесе, онда тиісті растау азаматтығы бар елдің (шетелдіктер үшін) немесе тұрғылықты тұратын елдің (азаматтығы жоқ адамдар үшін) уәкілетті органының хатымен уәкілетті органның атына жіберіледі.

      5. Банктің жарғылық капиталындағы үлесі 10 (он) пайыздан аз құрылтайшы – заңды тұлға туралы мәліметтер мына құжаттармен қоса Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады:

      құрылтайшы - заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының көшірмелері;

      Банктер туралы заңның 19-бабының 4-тармағында белгіленген талаптардың орындалғанын растайтын ақпарат;

      Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттармен қоса Қағидаларға 5-қосымшаға (жеке толтырылады) сәйкес банктің жарғылық капиталындағы үлесі 10 (он) пайыздан аз құрылтайшы – заңды тұлғаның атқарушы органының (атқарушы органның функцияларын жалғыз жүзеге асыратын адам), басқару органының (ол құрылған жағдайда) бірінші басшылары туралы мәліметтер тізбесі.

      Құрылтайшы – заңды тұлғаның қаржылық жағдайының тұрақтылығын, акцияларды сатып алу үшін пайдаланылатын көздер мен қаражатты бағалау кезінде уәкілетті орган Банктер туралы заңның 17-1-бабы 4-тармағының 1) тармақшасында көзделген акцияларды сатып алу үшін пайдаланылатын көздерді және Банктер туралы заңның 17-1-бабының 10-тармағында белгіленген қаржылық жағдайының тұрақсыздық белгілерін ескереді.

      6. Жаңадан құрылатын банктің құрылтайшылары қол қоюға уәкілеттік берген адам бекіткен бизнес-жоспары төмендегілермен шектелмей, мынадай ақпаратты қамтиды:

      ашылатын банктің толық құрылымы, қаржылық перспективалары (алғашқы 3 (үш) қаржы (операциялық) жылына арналған бюджеті, есеп айырысу балансы, пайда мен зиянының шоты, маркетингтік жоспары (банктің клиенттерін қалыптастыру), сондай-ақ тәуекелдерді басқаруды ұйымдастыру жөніндегі ақпарат;

      ашылатын банктің мақсаттары мен міндеттерінің сипаты және көрсетуге жоспарланатын қызмет түрлері;

      ашылатын банк қызметіне талдау (сыртқы және ішкі ортаға талдау);

      ашылатын банктің алдағы 5 (бес) қаржы (операциялық) жылына арналған қызметінің, даму стратегиясы, қызметінің бағыттары мен көлемі;

      алдағы 5 (бес) қаржы (операциялық) жылына арналған толық жылдық қаржы жоспары (негізгі қаржылық көрсеткіштердің есебі, бюджет, бухгалтерлік баланс, пайда және зиян туралы есеп, бизнес-жоспарды қаржыландыру көздері мен көлемі);

      тәуекелдерді басқару жоспары (алдағы 5 (бес) қаржы (операциялық) жылына арналған банк қызметін жүзеге асырумен байланысты тәуекелдердің сипаты және оларды басқару тәсілдері);

      алдағы 5 (бес) қаржы (операциялық) жылына арналған еңбек ресурстарын тарту жоспары;

      құрылтайшы – заңды тұлғаның және банктің мәртебені алғаннан кейінгі болжалды есеп айырысу балансын қоса алғанда, банктің ірі қатысушысы мәртебесін немесе банк холдингі мәртебесін иеленудің қаржылық салдарының талдауы, егер бар болса, іс-шаралар жоспарын және ұйымдық құрылымын қоса алғанда, құрылтайшының банктің активтерін сату, қайта ұйымдастыру немесе банктің қызметіне немесе басқаруға айтарлықтай өзгерістер енгізу жөніндегі жоспарлары және ұсыныстары;

      егер көрсетілетін қызметті алушының банк холдингі мәртебесін иеленуі банк конгломератының қалыптасуына әкелген жағдайда, банк конгломератының пруденциялық нормативтерінің болжамды есебі;

      жаңадан құрылатын банктің толық ұйымдық құрылымы.

      7. Шет мемлекеттердің құзыретті органдары немесе лауазымды тұлғалары берген құжаттар (құрылтайшы – Қазақстан Республикасының бейрезидент жеке тұлғасының, құрылтайшы – Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғасының атқарушы органы (атқарушы орган функцияларын жалғыз жүзеге асыратын адамның), басқару органы (ол құрылған жағдайда) бірінші басшыларының жеке басын куәландыратын құжаттарды қоспағанда) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес заңдастырылуға немесе апостильдендірілуге тиіс. Көрсетілген құжаттар қазақ және орыс тілдеріне аударылады және Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңнамасына сәйкес нотариат куәландыруға тиіс.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкері өтінішті келіп түскен күні қабылдайды, тіркейді және мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты бөлімшеге (бұдан әрі – жауапты бөлімше) орындауға жібереді. Көрсетілетін қызметті алушының өтініші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері келіп түскен жағдайда өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      9. Жауапты бөлімшенің қызметкері өтініш тіркелген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы:

      жеке тұлға – Қазақстан Республикасы резидентінің жеке басын куәландыратын;

      жеке тұлға – Қазақстан Республикасы резидентінде алынбаған немесе өтелмеген соттылықтың жоқ екенін растайтын;

      заңды тұлға – Қазақстан Республикасының резидентін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттарда көрсетілген мәліметтерді алады.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі белгіленген жағдайда жауапты бөлімше көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" портал арқылы жібереді.

      10. Ұсынылған құжаттардың толық болу фактісі белгіленген жағдайда жауапты бөлімше 50 (елу) жұмыс күні ішінде құжаттарды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келуі тұрғысынан қарайды, көрсетілетін қызметті беруші Басқармасының банкті ашуға рұқсат беру не беруден бас тарту туралы қаулысының жобасын дайындайды және көрсетілетін қызметті беруші Басқармасының қарауына жібереді. Көрсетілетін қызметті берушінің Басқармасы банкті ашуға рұқсат беру не беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Жауапты бөлімшенің қызметкері көрсетілетін қызметті беруші Басқармасының қаулысын жауапты бөлімше алған күннен кейінгі келесі 4 (төрт) жұмыс күні ішінде (мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі шегінде) көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" портал арқылы банкті ашуға рұқсаттың не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауаптың электрондық көшірмесімен қоса көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында банкті ашуға рұқсат беру туралы хабарлама жібереді.

      11. Мемлекеттің қызметтің көрсетілу сатысы туралы ақпарат ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес мемлекеттік қызметтердің көрсетілуін мониторингтеу ақпараттық жүйесінде автоматты режимде жаңартылады.

      12. Ұсынылған құжаттар Банктер туралы заңның 24-бабында көзделген банк ашуға рұқсат беруден бас тартудың негіздерін есептемегенде, Банктер туралы заңның және Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, уәкілетті орган Банктер туралы заңның 23-бабының 1-тармағында көрсетілген оларды қарау мерзімі ішінде өтініш берушіге оларды жою үшін ескертулермен және Қазақстан Республикасы банк заңнамасының талаптарына сәйкес келетін, пысықталған (түзетілген) құжаттарды ұсыну үшін хат жібереді.

      Уәкілетті орган Қағидаларда көзделген, тазартулары, қосып жазылған не сызылған сөздері бар құжаттардың электрондық көшірмелерін қарауға қабылдамайды.

      13. Банкті ашуға рұқсат Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.

      14. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.

      Шағымда:

      жеке тұлғаның тегі, аты, сондай-ақ қалауына қарай әкесінің аты (ол бар болса), пошталық мекенжайы;

      заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, жіберілген нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпарат Бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефондары арқылы беріледі.

      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға жеке кабинеттен шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      15. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымданады.

      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      16. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

  Банкі ашуға рұқсат беру
қағидалары мен оған рұқсат
беруден бас тарту негіздеріне
1-қосымша
  Нысан

Банк ашуға рұқсат беру туралы өтініш

      ____________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), жеке сәйкестендіру нөмірі (болған кезде), заңды тұлғаның атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі (болған кезде), заңды тұлға өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      ____________________________________________________________________

      (өтініш берушінің осы өтінішті құрылтайшылардың атынан

      ____________________________________________________________________

      беруге өкілеттігін растайтын нотариат куәландырған немесе өзге түрде

      ____________________________________________________________________

      куәландырылған құжатқа сілтеме)

      ____________________________________________________________________

      (өтініш берушінің жұмыс орны және ол атқаратын лауазым, тұрғылықты жері,

      __________________________________________________________ заңды мекенжайы)

      _____ жылғы "___" ___________ № ____ құрылтай жиналысының хаттамасына сәйкес:

      1) _____________________________________________________________

      (құрылатын банктің толық атауы мен орналасқан жері)

      _________________________________________________________ ашуға рұқсат

      2) мыналарды: банк операцияларын:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      өзге операцияларды:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      жүргізуге лицензия (валюта түрін көрсету – ұлттық және (немесе) шетел) беруді сұрайды. Акцияларды иелену үшін пайдаланылатын көздер мен қаражаттың сипаттамасын қоса алғанда, банктің акцияларын иелену талаптары мен тәртібі туралы мәліметтер

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Құрылтайшы (құрылтайшылар) өтінішке қоса берілген құжаттар мен мәліметтердің дәйектілігін, сондай-ақ уәкілетті органға осы өтінішті қарауға байланысты сұратылған ақпараттың уақтылы ұсынылғанын растайды.

      Құрылтайшы (құрылтайшылар) дербес деректерін жинау мен өңдеуге және ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметті пайдалануға келісім береді.

      Қосымша (жіберілген құжаттар мен мәліметтердің тізбесін, олардың әрқайсысы бойынша даналар және парақтар санын көрсету):

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ___________________________________________________

      (өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы, күні)

  Банкті ашуға рұқсат беру
қағидаларына және оны
беруден бас тарту негіздеріне
2-қосымша

"Банк ашуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі.

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал).

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Порталға өтініш берген күннен бастап 65 (алпыс бес) жұмыс күні ішінде.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі

Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсатты қоса бере отырып, банкті ашуға рұқсат беру туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің нысаны: электрондық.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Тегін.

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) порталдың – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жіберу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банк ашуға рұқсат беру туралы өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат түріндегі өтініші;
2) құрылтай жиналысының нотариат куәландырған және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен ресiмделген жиналысы хаттамасының электрондық көшірмесі;
3) Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банктің жарғылық капиталындағы үлесі 10 (он) пайыздан аз құрылтайшы – жеке тұлға туралы мәліметтердің электрондық көшірмелері;
4) Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банктің жарғылық капиталындағы үлесі 10 (он) пайыздан аз құрылтайшы – заңды тұлға туралы мәліметтердің электрондық көшірмелері;
5) құрылтайшы – заңды тұлғаның соңғы аяқталған 2 (екі) қаржы жылындағы қаржылық есептілігінің аудиторлық ұйым куәландырған электрондық көшірмелері.
Қаржылық есептілік депозитарийдің интернет- ресурсында болған немесе оны көрсетілетін қызметті алушының портал арқылы алуға мүмкіндігі болған жағдайда ол ұсынылмайды.
Аудиторлық ұйымның есебі аудиторлық ұйымның:
тексерілетін банктердің құрылтайшылары мен олардың лауазымды адамдарынан тәуелсiз екендiгiн;
аудиторлық қызмет саласында мемлекеттiк реттеуді және аудиторлық және кәсiби аудиторлық ұйымдардың қызметiн бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк органның қаржы ұйымдарының мiндеттi аудитiн жүргiзу жөнiндегi лицензиясына және бiлiктiлiк талаптарына сәйкес не резидентi болып табылатын мемлекеттiң құзыретті органының аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға берген лицензиясына сәйкес аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға уәкiлеттi екендігін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелерін табыс еткен жағдайда жарамды деп танылады;
6) Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банктің жарғылық капиталындағы үлесі 10 (он) пайыздан аз құрылтайшы – заңды тұлғаның атқарушы органының, басқару органының (ол құрылған жағдайда) бірінші басшылары (атқарушы органның функциясын жеке дара жүзеге асыратын тұлға) туралы мәліметтер тізбесінің электрондық көшірмелері (жеке толтырылады);
7) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының
(бұдан әрі – Банктер туралы заң) 11-1-бабына сәйкес ұсынылатын құжаттар мен мәліметтер;
8) Банктер туралы заңның 17-1-бабында көзделген өтініш пен бизнес-жоспарды қоспағанда, көрсетілетін қызметті алушының банктің немесе банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін алу қажеттілігі болған жағдайда, Банктер туралы заңның 17-1-бабына сәйкес ұсынылатын құжаттар мен мәліметтер;
9) акцияларды иелену талаптары мен тәртібін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері, сондай-ақ акцияларды иелену үшін пайдаланылатын көздер мен қаражат.
Банктің акцияларын иелену үшін пайдаланылатын көздер Банктер туралы заңның 17-1-бабы 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қаражат болып табылады;
10) құрылтайшылар құжаттарға қол қоюға өкілеттік берген адам бекіткен, Қағидалардың 6-тармағында көзделген ақпарат қамтылған, жаңадан құрылатын банктің бизнес-жоспарының электрондық көшірмесі;
11) Банктер туралы заңның 20-бабының талаптарына сәйкес банктің басшы қызметкерлері лауазымдарына ұсынылатын адамдардың құжаттары;
12) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4-тармағының 2) және 5) тармақшаларында көзделген құжаттар.
Акционерлік қоғам құрылтайшыларының арасында орналастырылған, жарияланған акциялардың төленгенін растайтын құжаттарды көрсетілетін қызметтерді алушы заңды тұлға мемлекеттік тіркелген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады;
13) "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" 1995 жылғы 17 сәуiрдегі Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабында көзделген құжаттар;
14) банктің атқарушы органы орналасқан елді мекенде автоматтандырылған банктік ақпараттық жүйеге орталықтандырылған қолжетімділік бар меншікті үй-жайының болуын растайтын мәліметтер мен құжаттар;
15) тиісті мемлекеттің көрсетілетін қызметті берушісінің осы тұлғаға Қазақстан Республикасының резидент банкінің акцияларын иеленуге рұқсат етілгендігі туралы жазбаша хабарламасының электрондық көшірмесі (Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері үшін – банктік қадағалау органының) не тиісті мемлекеттің уәкілетті органының (Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері үшін – банктік қадағалау органының) көрсетілген құрылтайшы мемлекетінің заңнамасы бойынша мұндай рұқсаттың талап етілмейтіндігі (Қазақстан Республикасының бейрезидент құрылтайшылары үшін) туралы өтінішінің электрондық көшірмесі.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері

1) банк атауының Банктер туралы заңның 15-бабы 2, 3, 3-1 және 4-тармақтарының талаптарына сәйкес келмеуі;
2) банк құрылтайшыларының қаржылық жағдайының орнықсыздығы. Қаржылық жағдайдың орнықсыздығы деп Банктер туралы заңның 17-1-бабының 10-тармағында белгіленген белгілердің болуы түсініледі;
3) құрылтайшы - жеке тұлға не құрылтайшы - заңды тұлғаның атқарушы органының, басқару органының (ол құрылған жағдайда) бірінші басшысының (атқарушы органның функцияларын жеке дара жүзеге асыратын адам):
заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар болған;
уәкілетті орган банкті төлем жасауға қабілетсіз банктер санатына жатқызу, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешiм қабылдағанға дейiн 1 (бiр) жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының директорлар кеңесiнiң бiрiншi басшысы, басқарманың бiрiншi басшысы немесе оның орынбасары, бас бухгалтерi қызметiнде болған жағдайларда. Көрсетілген талап уәкілетті орган банкті төлем жасауға қабілетсіз банктер санатына жатқызу, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіпте қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешiм қабылдағаннан кейiн 5 (бес) жыл бойы қолданылады;
4) Банктер туралы заңның 17-1-бабы талаптарының сақталмауы;
5) Банктер туралы заңның 17-бабында белгіленген шектеулердің сақталмауы;
6) уәкілетті орган банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беруден бас тартқан;
7) банктің еншілес ұйымының құруға (иеленуге) рұқсат беруден бас тартқан жағдайлар;
8) құрылатын банктің бизнес-жоспары және көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өзге де құжаттар:
алғашқы 3 (үш) қаржы (операциялық) жылы өткеннен кейiн банк қызметiнiң рентабельдi болатынын;
банктің тәуекелдi шектеуге қойылатын талаптарды сақтауға және тиiстi басқару құрылымын құруға ниет білдіретінін;
банктің өз қызметiнiң жоспарларына сәйкес келетін ұйымдық құрылымы болатынын;
банктің өз қызметінің жоспарларына сәйкес келетін есеп және бақылау құрылымы болатынын көрсетпеуі.

10

Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзге талаптар

Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
Көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет бір өтініштің негізінде бірнеше мемлекеттік қызметтің жиынтығын көрсетуді көздейтін "бір өтініш" қағидаты бойынша жүзеге асырылады.

  Банк ашуға рұқсат беру
қағидалары мен оған рұқсат
беруден бас тарту негіздеріне
3-қосымша
  Нысан

Банктің жарғылық капиталындағы үлесі 10 (он) пайыздан аз құрылтайшы - жеке тұлға туралы мәліметтер

      __________________________________________________________________

      (банктің атауы)

      20___ жылғы "___" _____________________

      1. Құрылтайшы ____________________________________________________

      (тегі, аты, әкесiнiң аты (ол бар болса)

      2. Туған күні _______________________________________________________

      3. Туған жері _______________________________________________________

      __________________________________________________________________

      4. Азаматтығы _____________________________________________________

      5. Жеке басын куәландыратын құжаттың деректер_______________________

      __________________________________________________________________

      6. Жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса)_______________________________

      __________________________________________________________________

      7. Тұрғылықты жері және заңды мекенжайы ____________________________

      __________________________________________________________________

      8. Телефон нөмірі (қаланың коды, жұмыс және үй)_______________________

      __________________________________________________________________

      9. Жұбайы (зайыбы), жақын туыстары (ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңлісі (қарындасы), балалары) және жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңлісі (қарындасы), балалары) туралы мәліметтер:

Тегі, аты, әкесiнiң аты (ол бар болса)

Туған жылы

Туыстық қатынастар

Жұмыс орны мен лауазымы

1

2

3

4

5

      10. Еңбек қызметі туралы мәліметтер

      Бұл тармақта құрылтайшы - жеке тұлғаның еңбек қызметі, сондай-ақ оның басқару органына мүше болуы туралы, оның ішінде жоғарғы оқу орнын аяқтаған кезден бастап, сондай-ақ құрылтайшы - жеке тұлға еңбек қызметін жүзеге асырмаған кезең туралы мәліметтер көрсетіледі.

Жұмыс істеген кезеңі (күні, айы,жылы)

Жұмыс орны (ұйымы Қазақстан Республикасының бейрезиденті болған жағдайда, ұйымының тіркелген елі көрсетіледі)

Лауазымы

Тәртіптік жаза қолданудың болуы

Жұмыстан шығу, лауазымнан босату себептері

1

2

3

4

5

6

      11. Оларға қатысты құрылтайшы – жеке тұлға ірі акционер болып табылатын не мүліктегі тиісті үлеске құқығы бар заңды тұлғалар туралы мәліметтер:

Заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері

Мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы деректер, заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлері (негізгі қызмет түрлерін көрсету)

Жарғылық капиталға қатысу үлесі немесе құрылтайшы – жеке тұлғаға тиесілі акциялар санының заңды тұлғаның орналастырылған акцияларының жалпы санына (артықшылық берілген және сатып алынғандарын шегергенде) арақатынасы (пайызбен)

1

2

3

4

      Ескертпе: 4-бағанда құрылтайшы – жеке тұлғаның сенімгерлік басқаруындағы үлесті, сондай-ақ иелену нәтижесінде құрылтайшы - жеке тұлға өзге тұлғалармен бірлесіп ірі қатысушы болып табылатын акциялар (үлестер) санын есептегендегі үлесті көрсету қажет.

      12. Құрылтайшы – жеке тұлғаның бұрын қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруды тоқтатуға әкеп соқтырған қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы шешімді қабылдағанға не қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы сот шешімі күшіне енгенге дейін 1 (бір) жылдан аспайтын кезеңде басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органның басшысы, мүшесі, қаржы ұйымының бас бухгалтері, жеке тұлға - ірі қатысушы, қаржы ұйымы заңды тұлғаның заңды тұлға - ірі қатысушының (банктік, сақтандыру холдингінің) басшысы болғаны туралы мәліметтер

      ___________________________________________________________________

      (иә (жоқ),

      ___________________________________________________________________

      ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі көрсетіледі)

      13. Құрылтайшы – жеке тұлғаның бұрын қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, қатарынан төрт және одан да көп кезең бойы шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша дефолтқа жол берген не дефолтқа жол берілген шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша берешегінің сомасы купондық сыйақының төрт еселенген және (немесе) одан да көп мөлшерін құрайтын не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша дефолттың мөлшері республикалық бюджет туралы заңда төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асып түсетін соманы құрайтын заңды тұлға – эмитенттің ірі қатысушысының (ірі акционерінің) жеке тұлға – ірі қатысушысы (ірі акционері), басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болғаны туралы мәліметтер

      __________________________________________________________________

      (иә (жоқ), ұйымның

      __________________________________________________________________

      атауы, лауазымы, жұмыс істеу кезеңі көрсетілсін)

      14. Құрылтайшы – жеке тұлға бұрын уәкілетті органға банк ашуға рұқсат беру туралы өтініш берген күнге дейін 3 (үш) жыл ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін жауапкершілікке не сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды ма

      __________________________________________________________________

      (иә (жоқ), құқық бұзушылықтың, қылмыстың қысқаша сипаттамасы

      __________________________________________________________________

      жауапкершілікке тартылу негіздерін көрсете отырып,

      __________________________________________________________________

      тәртiптiк жаза қолдану туралы актінің немесе сот шешімінің деректемелері)

      Осы ақпаратты өзім тексергенімді және оның дәйекті және толық болып табылатынын растаймын, сондай-ақ мінсіз іскерлік беделімнің болуын растаймын.

      Дербес деректерді жинау мен өңдеуге және ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімімді беремін.

      Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      __________________________________________________________________

      (құрылтайшы – жеке тұлға өз қолымен баспа әріптерімен толтырады)

      Қолы ______________________

      Күні _________________________

  Банк ашуға рұқсат беру
қағидалары мен оған рұқсат
беруден бас тарту негіздеріне
4-қосымша
  Нысан

Банктің жарғылық капиталындағы үлесі 10 (он) пайыздан аз құрылтайшы – заңды тұлға туралы мәліметтер

      _______________________________________________________________

      (банктің атауы)

      20___ жылғы "___" ___________________

      1. Құрылтайшы

      __________________________________________________________________

      (атауы)

      2. Орналасқан жері және нақты мекенжайы_____________________________

      ___________________________________________________________________

      (пошта индексі, облыс, қала, көше, телефон нөмірі)

      3. Мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер ________________

      ___________________________________________________________________

      (құжаттың атауы, берілген күні мен нөмірі, кім берді)

      4. Бизнес сәйкестендіру нөмірі (бар болса)_______________________________

      ____________________________________________________________________

      5. Қызмет түрі________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (қызметтің негізгі түрлері көрсетіледі)

      6. Қазақстан Республикасының резиденті немесе бейрезиденті _____________

      7. Құрылтайшы – заңды тұлғаның басшысы ______________________________

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесiнiң аты (ол бар болса), туған күні)

      8. Соңғы күнтізбелік 3 (үш) жылда құрылтайшы - заңды тұлғада ірі қаржылық

      проблемалар, оның ішінде банкротқа ұшырау, консервация, сауықтыру болды ма

      __________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (олардың туындау себептері, осы проблемаларды шешу нәтижелері)

      9. Оларға қатысты құрылтайшы – заңды тұлға ірі акционер болып табылатын не мүліктегі тиісті үлеске құқығы бар заңды тұлғалар туралы мәліметтер:

Заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері

Мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы деректер, заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлері (негізгі қызмет түрлерін көрсету)

Жарғылық капиталға қатысу үлесі немесе құрылтайшы – заңды тұлғаға тиесілі акциялар санының заңды тұлғаның орналастырылған акцияларының жалпы санына (артықшылық берілген және сатып алынғандарын шегергенде) арақатынасы (пайызбен)

1

2

3

4

      Ескертпе: 4-бағанда құрылтайшы – заңды тұлғаның сенімгерлік басқаруындағы үлесті, сондай-ақ иелену нәтижесінде құрылтайшы – заңды тұлға өзге тұлғалармен бірлесіп ірі қатысушы болып табылатын акциялар (үлестер) санын есептегендегі үлесті көрсету қажет.

      Дербес деректерді жинауға және өңдеуге және ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      20___ жылғы "___" _____________

      Құрылтайшы - заңды тұлға басшысының қолы

      ____________________________________________

  Банкті ашуға рұқсат беру
қағидаларына және оны
беруден бас тарту негіздеріне
5-қосымша

Банктің жарғылық капиталындағы үлесі 10 (он) пайыздан аз құрылтайшы – заңды тұлғаның атқарушы органының (ол құрылған жағдайда) бірінші басшылары (атқарушы органның функцияларын жалғыз жүзеге асыратын тұлғасы) туралы мәліметтер тізбесі

      ____________________________________________________

      (құрылтайшы – заңды тұлғаның атауы)

      20___ жылғы "___" ___________________

      1. Атқарушы органының (ол құрылған жағдайда) бірінші басшысы (атқарушы

      органның функцияларын жалғыз жүзеге асыратын тұлға)

      _________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесiнiң аты (ол бар болса)

      2. Туған күні ______________________________________________________

      3. Туған жері _____________________________________________________

      _________________________________________________________________

      4. Азаматтығы ____________________________________________________

      5. Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері _____________________

      _________________________________________________________________

      6. Жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса) ______________________________

      7. Тұрғылықты жері және заңды мекенжайы ___________________________

      __________________________________________________________________

      8. Телефон нөмірі (қала коды, жұмыс және үй)__________________________

      __________________________________________________________________

      9. Білімі:

Оқу орнының атауы

Қабылданған жылы – аяқтаған жылы

Мамандығы

Білім туралы дипломның деректемелері (күні және нөмірі бар болса)

1

2

3

4

5

      10. Жұбайы (зайыбы), жақын туыстары (ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңлісі (қарындасы), балалары) және жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңлісі (қарындасы), балалары) туралы мәліметтер:

Тегі, аты, әкесінің аты(ол бар болса)

Туған жылы

Туыстық қатынастар

Жұмыс орны мен лауазымы

1

2

3

4

5

      11. Еңбек қызметі туралы мәліметтер Осы тармақта бүкіл еңбек қызметi (сондай-ақ басқару органына мүше болуы), оның iшiнде жоғарғы оқу орнын аяқтаған кезден бастап еңбек қызметi туралы мәліметтер, сондай-ақ еңбек қызметін жүзеге асырмаған кезең көрсетіледі.

Жұмыс істеген кезеңі (күні, айы, жылы)

Жұмыс орны (қаржы ұйымы Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын болса, қаржы ұйымының тіркелген елі көрсетіледі)

Лауазымы

Тәртіптік жаза қолданудың болуы

Жұмыстан шығу, лауазымнан босату себептері

1

2

3

4

5

6

      12. Жарғылық капиталға немесе заңды тұлғалардың акцияларын иеленуге қатысуы туралы мәліметтер:

Заңды тұлғаның толық атауы және орналасқан жері

Мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы деректер, заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлері (негізгі қызмет түрлерін көрсету)

Жарғылық капиталға қатысу үлесі немесе құрылтайшы – заңды тұлғаның атқарушы органының (ол құрылған жағдайда) бірінші басшысына (атқарушы органның функцияларын жалғыз жүзеге асыратын тұлғаға) тиесілі акциялар санының заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының жалпы санына арақатынасы (пайызбен)

1

2

3

4

      13. Құрылтайшы – заңды тұлғаның атқарушы органының (ол құрылған жағдайда) бірінші басшысының (атқарушы органның функцияларын жалғыз жүзеге асыратын тұлғаның) бұрын қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруды тоқтатуға әкеп соқтырған қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы шешімді қабылдағанға не қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы сот шешімі күшіне енгенге дейін 1 (бір) жылдан аспайтын кезеңде басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органның басшысы, мүшесі, қаржы ұйымының бас бухгалтері, жеке тұлға - ірі қатысушы, қаржы ұйымы заңды тұлғаның заңды тұлға – ірі қатысушының (банктік, сақтандыру холдингінің) басшысы болғаны туралы мәліметтер

      _________________________________________________________________

      (иә (жоқ), ұйымның

      _________________________________________________________________

      атауы, лауазымы, жұмыс істеу кезеңі көрсетілсін)

      14. Құрылтайшы – заңды тұлғаның атқарушы органының (ол құрылған жағдайда) бірінші басшысының (атқарушы органның функцияларын жалғыз жүзеге асыратын тұлғаның) бұрын қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, қатарынан төрт және одан да көп кезең бойы шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша дефолтқа жол берген не дефолтқа жол берілген шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша берешегінің сомасы купондық сыйақының төрт еселенген және (немесе) одан да көп мөлшерін құрайтын не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша дефолттың мөлшері республикалық бюджет туралы заңда төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асып түсетін соманы құрайтын заңды тұлға – эмитенттің ірі қатысушысының (ірі акционерінің) жеке тұлға – ірі қатысушысы (ірі акционері), басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болғаны туралы мәліметтер

      __________________________________________________________________

      (иә (жоқ), ұйымның

      __________________________________________________________________

      атауы, лауазымы, жұмыс істеу кезеңі көрсетіледі)

      15. Құрылтайшы – заңды тұлғаның атқарушы органының (ол құрылған жағдайда) бірінші басшысы (атқарушы органның функцияларын жалғыз жүзеге асыратын тұлға) сот отырысында жауапкер ретінде тартылды ма

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (иә (жоқ), ұйымның атауы, күні, сот отырысында қаралатын мәселе,

      __________________________________________________________________

      жауапкер және сот шешімі көрсетіледі)

      16. Құрылтайшы – заңды тұлғаның атқарушы органының (ол құрылған жағдайда) бірінші басшысы (атқарушы органның функцияларын жалғыз жүзеге асыратын тұлға) құрылтайшы - заңды тұлғаның уәкілетті органына банк ашуға рұқсат беру туралы өтініш берген күнге дейін 3 (үш) жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды ма

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (иә (жоқ), құқық бұзушылықтың қысқаша сипаттамасы

      __________________________________________________________________

      жауапкершілікке тарту негіздерін көрсете отырып тәртіптік жаза қолдану

      __________________________________________________________________

      туралы актінің деректемелері

      Осы ақпаратты өзім тексергенімді және оның дәйекті және толық болып табылатынын растаймын, сондай-ақ мінсіз іскерлік беделімнің болуын растаймын.

      Дербес деректерді жинауға және өңдеуге және ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      __________________________________________________________________

      (құрылтайшы – заңды тұлғаның атқарушы органының (ол құрылған жағдайда) бірінші басшысы (атқарушы органның функцияларын жалғыз жүзеге асыратын тұлға) өз қолымен баспа әріптерімен толтырады)

      Қолы ______________________

      Күні _______________________

  Банк ашуға рұқсат беру
қағидалары мен оған рұқсат
беруден бас тарту негіздеріне
6-қосымша
  Нысан

(қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген бланкінде басып шығарылады)

      Банк ашуға ______ жылғы " " _________ № ______ рұқсат

      Осы рұқсат _______________________________________________________

      (банктің атауы)

      _______________________________________________ банкті ашуға берілді.

      Банкті ашуға рұқсат қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган банкке банк операцияларын жүргізуге лицензия беру туралы шешім қабылдағанға дейін заңды күші бар.

      Төраға (Төрағаның орынбасары) ________________________ __________________

                              (қолы немесе электрондық цифрлық қолтаңбасы) (аты-жөні)

      Мөр орны (қағаздағы нысан үшін)

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
Басқармасының
2020 жылғы 30 наурыздағы
№ 36 қаулысына
2-қосымша

Банк операцияларын, сондай-ақ банктердің жүзеге асыратын өзге де операцияларын және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті лицензиялау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Банк операцияларын, сондай-ақ банктердің жүзеге асыратын өзге де операцияларын және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті лицензиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы (бұдан әрі – Банктер туралы заң), "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі (бұдан әрі – Бағалы қағаздар рыногы туралы заң), "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң), "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы (бұдан әрі – Рұқсаттар және хабарламалар туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган, көрсетілетін қызметті беруші) банк операцияларын, сондай-ақ банктер мен ислам банктерінің (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) жүзеге асыратын өзге де операцияларын және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті лицензиялау тәртібін айқындайды.

      Қағидалар ислам банктеріне де қолданылады.

      2. Қағидаларда Банктер туралы заңда, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңда, Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңда, "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында және "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген мағынада қолданылатын ұғымдар пайдаланылады.

      3. Құжаттар қағаз тасымалдағышпен не "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы электрондық түрде ұсынылады.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжаттар тізбесі, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту себептері, көрсету процесін, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын "Банктерге банк операцияларын және Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге негізгі талаптар тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер және мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Банктерге банк операцияларын және Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында жазылған.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжаттар тізбесі, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту себептері, көрсету процесін, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын "Ислам банктері жүзеге асыратын банктік және өзге операцияларды жүргізуге арналған лицензияны беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге негізгі талаптар тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер және мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Ислам банктері жүзеге асыратын банктік және өзге операцияларды жүргізуге арналған лицензияны беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында жазылған.

      Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті портал арқылы "жеке кабинетке" жіберген кезде нәтижені алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе автоматты түрде көрсетіледі.

      Мемлекеттің қызметтің көрсетілу сатысы туралы ақпарат мемлекеттік қызметтердің көрсетілуін мониторингтеу ақпараттық жүйесінде автоматты режимде жаңартылады.

      4. Қағаз тасымалдағышпен ұсынылатын, бірнеше парақтан тұратын құжаттар нөмірленіп және соңғы парақтың сыртында тігіс түйініне желімделген жапсырма қағазда саны көрсетіле отырып тігілген күйінде ұсынылады.

      Құжаттардың көшірмелері банктің атқарушы органы басшысының не оның міндетін атқарушы адамның (міндетін атқаруды жүктеу туралы растайтын құжаттың көшірмесін ұсына отырып) тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) көрсетіліп қолымен, көшірмелердің дұрыстығы көрсетіле отырып расталады.

      Шет мемлекеттердің құзыретті органдары немесе лауазымды тұлғалары берген құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес заңдастырылуға не апостильдеуге жатады (Қазақстан Республикасының бейрезидент жеке тұлғасының жеке басын куәландыратын құжаттарды қоспағанда). Көрсетілген құжаттар қазақ және орыс тілдеріне аударылады және Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңнамасына сәйкес нотариат куәландыруға тиіс.

      5. Уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттарда көрсетілген мәліметтерді алады.

      6. Лицензиялық алым төлемін көрсетілетін қызметті алушы екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз нысанда, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырады.

2-тарау. Банктер жүзеге асыратын банк операцияларын және өзге де операцияларды лицензиялау тәртібі мен талаптары

      7. Банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алудың шарты банктің Банктер туралы заңның 26-бабы 2-тармағының талаптарын орындауы болып табылады.

      8. Депозиттерді қабылдау, жеке тұлғалардың банк шоттарын ашу және жүргізу бойынша операцияны немесе жеке және заңды тұлғалардан талап етуге дейінгі пайызсыз депозиттерді қабылдау, жеке және заңды тұлғалардың (ислам банктері үшін) банк шоттарын ашу және жүргізу бойынша операцияларды жүзеге асыруға лицензия алудың шарты банк операцияларын және өзге операцияларды жүргізуге лицензия немесе ислам банктері жүзеге асыратын банк операцияларын және өзге операцияларды жүргізуге лицензияны жаңадан құрылған банк алған күннен бастап күнтізбелік 1 (бір) жыл ішінде банктің жұмыс істеуі болып табылады (осы шарт жаңадан құрылған еншілес банкке қолданылмайды).

      9. Банк операцияларының және өзге де операциялардың қосымша түрлерін жүргізуге лицензия алу үшін банк Банктер туралы заңның 26-бабы 3-тармағының талаптарын орындау кезінде уәкілетті органға қағаз тасымалдағышпен не электрондық түрде портал арқылы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беру туралы өтініш береді.

      Банкті ислам банкіне айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру кезінде ислам банктері жүзеге асыратын банктік операцияларды және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алу үшін және (немесе) ислам банктері жүзеге асыратын банктік операциялардың және өзге де операциялардың қосымша түрлерін жүргізуге лицензия алу үшін ислам банкі Банктер туралы заңның 26-бабы 3-тармағының талаптарын орындау кезінде уәкілетті органға қағаз тасымалдағышпен не портал арқылы электрондық түрде Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ислам банктері жүзеге асыратын банктік операцияларды және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беру туралы өтінішті береді.

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкері банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беру туралы өтініш келіп түскен күні оны қабылдауды, тіркеуді және мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты бөлімшеге (бұдан әрі – жауапты бөлімше) орындау үшін жіберуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушының өтініші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері келіп түскен жағдайда өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Жауапты бөлімшенің қызметкері банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беру туралы өтінішті тіркеу күнінен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толық болуын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда жауапты бөлімше көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беру туралы өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және жібереді.

      11. Ұсынылған құжаттардың толық болу фактісі анықталғаннан кейін жауапты бөлімше мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі ішінде құжаттарды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына олардың сәйкес келу тұрғысынан қарайды, банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беру туралы бұйрықтың не банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беруден дәлелді бас тартудың жобасын дайындайды және оны көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қарауына жібереді. Көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беру туралы бұйрықтың жобасына не банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беруден дәлелді бас тартуға қол қояды.

      Жауапты бөлімшенің қызметкері көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы тиісті шешім қабылдаған күннен кейінгі 3 (үш) жұмыс күні ішінде (мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі шегінде) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы көрсетілетін қызметті алушыға банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензияны қоса берумен банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беру туралы хабарламаны не банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беруден дәлелді бас тартуды жібереді.

      Порталда лицензияның электрондық көшірмесін қоса берумен банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беру туралы хабарлама не банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беруден дәлелді бас тарту көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      12. Көрсетілетін қызметті алушы банк операцияларының қосымша түрлерін жүргізуге лицензия алу үшін ұсынған құжаттар Банктер туралы заңның және Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда Банктер туралы заңның 27-бабында көзделген банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беруден бас тартудың негіздерін қоспағанда, уәкілетті орган Банктер туралы заңның 26-бабының 5-тармағында көрсетілген оларды қарау мерзімі ішінде көрсетілетін қызметті алушыға оларды жою және Қазақстан Республикасының банк заңнамасының талаптарына сәйкес келетін пысықталған (түзетілген) құжаттарды ұсыну үшін ескертулері бар хатты жібереді.

      13. Уәкілетті орган банкке Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банк операцияларын және өзге операцияларды жүргізуге лицензияны береді.

      14. Уәкілетті орган ислам банкіне Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ислам банктері жүзеге асыратын банктік операцияларды және өзге операцияларды жүргізуге лицензияны береді.

      15. Уәкілетті орган банкке банк операцияларының және өзге де операциялардың қосымша түрлеріне, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығындағы қызметтің шағын түрлеріне лицензия беру туралы шешім қабылдаған жағдайда банкке лицензияға банк операцияларының және өзге де операциялардың қосымша түрлерін, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығындағы қызметтің шағын түрлерін қоса отырып, жаңа лицензия беріледі. Банктің бұрын берілген лицензиялары банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге және (немесе) бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға жаңа лицензия алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға қайтарылуы тиіс.

3-тарау. Банкке бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру тәртібі мен шарттары

      16. Банкке бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығындағы қызметтің қосымша шағын түрін жүзеге асыруға лицензия беру шарттары:

      1) уәкілетті орган банктер үшін белгілеген пруденциялық нормативтерді, сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру туралы өтініш берген күннің алдындағы кемінде қатарынан күнтізбелік 3 (үш) ай ішінде сақтау;

      2) бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру туралы өтініш берілген күннің алдындағы қатарынан 3 (үш) айдан кем емес кезеңде уәкілетті орган банкке қолданған санкциялардың болмауы болып табылады.

      17. Бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін банк уәкілетті органға Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 50-бабында белгіленген тәртіппен құжаттарды ұсынады.

      18. Уәкілетті органның сейфтік операцияларды жүзеге асыруға лицензиясының болуы кастодиандық қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін шарт болып табылады.

      19. Уәкілетті орган банкке Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия береді.

      20. Уәкілетті орган ислам банкіне Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ислам банктері жүзеге асыратын банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия береді. 4-тарау. Банк операцияларының барлық немесе жекелеген түрлерін және (немесе) өзге де операцияларды және (немесе) бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметтің барлық түрлері (шағын түрлері) немесе жекелеген түрі (шағын түрі) бойынша қызметті жүзеге асыруға арналған банк лицензиясын қайта ресімдеу, телнұсқасын беру, оның қолданылуын тоқтата тұру не тоқтату тәртібі

      21. Банк және өзге де операцияларды жүргізуге және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға лицензияны қайта ресімдеу Рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңда белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен, оның ішінде:

      1) көрсетілетін қызметті алушы ресімдеу Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 34-бабында айқындалған тәртіппен қайта ұйымдастырылған;

      2) көрсетілетін қызметті алушының атауы өзгерген;

      3) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талаптар болған жағдайда жүргізіледі.

      22. Лицензияны қайта ресімдеу кезінде банк уәкілетті органға Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лицензияны қайта ресімдеу туралы өтінішпен көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесі арқылы қағаз тасымалдағышпен не портал арқылы электрондық түрде жүгінеді.

      Лицензияны қайта ресімдеу кезінде ислам банкі уәкілетті органға Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лицензияны қайта ресімдеу туралы өтінішпен (ислам банкі үшін) көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесі арқылы қағаз тасымалдағышпен не портал арқылы электрондық түрде жүгінеді.

      23. Көрсетілетін қызметті берушінің хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкері лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш келіп түскен күні оны қабылдауды, тіркеуді және жауапты бөлімшеге орындау үшін жіберуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушының өтініші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері келіп түскен жағдайда өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Жауапты бөлімшенің қызметкері лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш тіркелген күннен кейінгі 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толық болуын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда жауапты бөлімше көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған күннен кейінгі 1 (бір) жұмыс күні ішінде лицензияны қайта ресімдеу туралы өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды дайындайды және жібереді.

      24. Ұсынылған құжаттардың толық болу фактісі анықталған жағдайда жауапты бөлімше мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі ішінде құжаттарды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды, лицензияны қайта ресімдеу туралы бұйрықтың не лицензияны қайта ресімдеуден дәлелді бас тартудың жобасын дайындайды және оны көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қарауына жібереді. Көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы лицензияны қайта ресімдеу туралы бұйрықтың жобасына не лицензияны қайта ресімдеуден дәлелді бас тартуға қол қояды.

      Жауапты бөлімшенің қызметкері көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы тиісті шешім қабылдаған күннен кейінгі 1 (бір) жұмыс күні ішінде (мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі шегінде) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы көрсетілетін қызметті алушыға банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге қайта ресімделген лицензияны қоса берумен банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензияны қайта ресімдеу туралы хабарламаны не банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензияны қайта ресімдеуден дәлелді бас тартуды жібереді.

      Порталда қайта ресімделген лицензияның электрондық көшірмесін қоса берумен банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензияны қайта ресімдеу туралы хабарлама не банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензияны қайта ресімдеуден дәлелді бас тарту көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      25. Банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензияның телнұсқасын (егер бұрын берілген лицензия қағазда ресімделсе) беруге өтініш келіп түскен кезде көрсетілетін қызметті берушінің хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкері лицензияның телнұсқасын беруге өтініш келіп түскен күні оны қабылдауды, тіркеуді және жауапты бөлімшеге орындау үшін жіберуді жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушының өтініші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері келіп түскен жағдайда өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Жауапты бөлімше 2 (екі) жұмыс күні ішінде (мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі шегінде) ұсынылған құжаттарды олардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды, лицензия телнұсқасының не бас тартудың жобасын дайындайды, көрсетілетін қызметті беруші басшысының лицензия телнұсқасына не бас тартуға қолын қойдырады, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы лицензияның телнұсқасын қоса берумен лицензияның телнұсқасын беру туралы хабарламаны не лицензияның телнұсқасын беруден бас тартуды көрсетілетін қызметті алушыға жібереді.

      Порталда лицензия телнұсқасының электрондық көшірмесін қоса берумен лицензияның телнұсқасын беру туралы хабарлама не лицензияның телнұсқасын беруден бас тарту көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      26. Банк операцияларының барлық немесе жекелеген түрлерін жүргізуге, бағалы қағаздар нарығындағы қызметтің барлық немесе жекелеген шағын түрлерін жүзеге асыруға лицензияның қолданылуын тоқтата тұру не банкті лицензиядан айыру Қазақстан Республикасының банк заңнамасында және Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасында көзделген негіздер бойынша жүзеге асырылады.

      27. Банк операцияларының барлық немесе жекелеген түрлерін жүргізуге, бағалы қағаздар нарығындағы қызметтің барлық немесе жекелеген шағын түрлерін жүзеге асыруға лицензияның қолданылуын тоқтата тұру не лицензиядан айыру туралы уәкілетті органның шешімі аталған шешім қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде банкке орындалуға жіберіледі. Қабылданған шешім туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастырылады.

      28. Лицензиясы тоқтатылған банк ай сайын әрбір айдың 10 (онынан) кешіктірмей (лицензияның қолданысы жаңартылған не лицензияның қолданысын тоқтата тұру мерзімі аяқталған күнге дейін) уәкілетті органды анықталған бұзушылықтарды жою бойынша банк жүргізген іс-шаралар туралы хабарлайды.

      29. Банк уәкілетті органға банк операцияларының барлық немесе жекелеген түрлері және (немесе) өзге де операциялар бойынша және (немесе) бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметтің барлық түрлері немесе жекелеген шағын түрлері бойынша барлық міндеттемелерді орындағаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде банк акционерлерінің жалпы жиналысының шешімінің негізінде ерікті түрде өтініш жасаған кезде банк операцияларының барлық немесе жекелеген және (немесе) өзге де операцияларды жүргізуге және (немесе) бағалы қағаздар нарығында қызметтің барлық түрлерін немесе жекелеген шағын түрлерін жүзеге асыруға лицензияның қолданылуын тоқтату туралы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш (бұдан әрі – лицензияның қолданылуын тоқтату туралы өтініш) береді.

      Банктер туралы заңның 61-4-бабының 7-тармағында көзделген жағдайда, еншілес банк акционерлердің жалпы жиналысы шешімінің негізінде активтер мен міндеттемелерді бірмезгілде беру туралы шартқа қол қойылғаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде уәкілетті органға қағаз тасымалдағышпен көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесі не портал арқылы электрондық түрде лицензияның қолданылуын тоқтату туралы өтініш жасайды.

      30. Банк уәкілетті органға банк операцияларының барлық немесе жекелеген түрлерін және (немесе) өзге де операцияларды жүргізуге және (немесе) бағалы қағаздар нарығында қызметтің барлық түрлерін немесе жекелеген шағын түрлерін жүзеге асыруға лицензияның қолданылуын тоқтату туралы ерікті түрде өтініш жасағаны туралы банктің ақпаратын уәкілетті органға өтініш берген күнге дейін күнтізбелік 60 (алпыс) күннен кешіктірмей, Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.

      31. Банк уәкілетті органға Қағидалардың 29-тармағында көзделген лицензияның қолданылуын тоқтату туралы ерікті түрде өтініш жасаған кезде банк банктің атқарушы органының басшысы не оның міндеттерін атқарушы адам (міндеттерді орындауды жүктеу туралы растаушы құжаттың көшірмесін ұсынумен) қол қойған лицензияның қолданылуын тоқтату туралы өтінішті ұсынады. Лицензияның қолданылуын тоқтату туралы өтінішке көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қағаз тасымалдағышта не портал арқылы электрондық түрде мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) банк акционерлері жалпы жиналысының уәкілетті органға Қағидалардың 29-тармағында көзделген лицензияның қолданылуын тоқтату туралы ерікті өтініші туралы шешімі;

      2) бас банк пен еншілес банк арасында жасалған, активтер мен міндеттемелерді бірмезгілде беру туралы шарттың түпнұсқасы қоса берілетін, Банктер туралы заңның 61-4-бабының 7-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, банк операцияларының барлық немесе жекелеген түрлері және (немесе) өзге де операциялар бойынша және (немесе) бағалы қағаздар нарығындағы қызметтің барлық түрлері немесе жекелеген шағын түрлері міндеттемелердің және қолданыстағы шарттардың жоқ екендігі туралы банктің кепілхаты;

      3) лицензияның қолданылуын тоқтату туралы өтініш жіберу күнінің алдындағы соңғы жұмыс күнгі жағдай бойынша жасалған бухгалтерлік баланс және оған түсіндірме жазба. Бухгалтерлік балансқа түсіндірме жазбада кредиторлық берешек сомасы мен оның пайда болу негіздерін көрсетумен банктің кредиторлары туралы (олар бар болса) ақпарат жария етіледі;

      4) "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" акционерлік қоғамының орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі жеке шотты және банктің жеке шотындағы барлық қосалқы шоттарды жабу туралы хаты немесе "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" акционерлік қоғамынан банктің атына ашылған жеке шотқа "жоғалтылған клиент" мәртебесін беру туралы ақпарат;

      5) "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" акционерлік қоғамының депозитарлық қызмет көрсету шартын, ағымдағы шот шартын және факсимильдік хабарламалар түрінде операциялық құжаттарды қабылдау және беру туралы шартты (лицензияның қолданылуын тоқтату туралы уәкілетті органға ерікті түрде өтініш жасаған жағдайда) бұзу туралы хаты;

      6) "Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамының алдында банк операцияларының барлық немесе жекелеген түрлері және (немесе) өзге де операциялар бойынша және (немесе) бағалы қағаздар нарығындағы қызметтің барлық түрлері немесе жекелеген шағын түрлері бойынша берешектің болмауы туралы "Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамының хаты;

      7) Қағидалардың 30-тармағы талаптарының орындалуы туралы ақпарат.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 4) және 5) тармақшаларында көзделген құжаттар бағалы қағаздар нарығындағы қызметтің барлық шағын түрлерін жүзеге асыруға берілген лицензияның қолданылуы тоқтатылған кезде беріледі, осы тармақтың бірінші бөлігінің 6) тармақшасында көзделген құжат трансфер-агент қызметін қоспағанда, бағалы қағаздар нарығында қызметтің жекелеген шағын түрлерін жүзеге асыруға берілген лицензияның қолданылуы тоқтатылған кезде ұсынылады.

      32. Уәкілетті органға ерікті түрде өтініш жасауға байланысты жекелеген банк операцияларын және (немесе) өзге де операцияларды жүргізуге және (немесе) бағалы қағаздар нарығында қызметтің жекелеген шағын түрлерін жүзеге асыруға лицензияның қолданылуы тоқтатылған жағдайда лицензияның қолданылуын тоқтату туралы өтінішті уәкілетті орган Қағидалардың 31-тармағында көрсетілген, Қазақстан Республикасының банк заңнамасының және Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасының талаптарына сәйкес құжаттарды алған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде қарайды.

      Уәкілетті органға ерікті түрде өтініш жасауға байланысты барлық банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге және (немесе) бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданылуы тоқтатылған жағдайда лицензияның қолданылуын тоқтату туралы өтінішті уәкілетті орган Қағидалардың 31-тармағында көрсетілген, Қазақстан Республикасының банк заңнамасының және Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасының талаптарына сәйкес құжаттарды алған күннен бастап 3 (үш) ай күні ішінде қарайды.

      33. Қағидалардың 29-тармағында көзделген лицензияның қолданылуын тоқтату туралы уәкілетті органға ерікті түрде өтініш білдіру банк мынадай талаптарды орындаған жағдайда жүргізіледі:

      1) Қағидалардың 31-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсыну;

      2) ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының банк заңнамасына және Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасына сәйкестігі;

      3) барлық немесе жекелеген банк операциялары және (немесе) өзге де операциялар бойынша және (немесе) бағалы қағаздар нарығындағы қызметтің барлық немесе жекелеген шағын түрлері бойынша міндеттемелердің және қолданыстағы шарттардың болмауы.

      34. Банк Қағидалардың 33-тармағында көзделген талаптарды орындамаған жағдайда, уәкілетті орган барлық немесе жекелеген банк операцияларын және (немесе) өзге де операцияларды жүргізуге және (немесе) бағалы қағаздар нарығындағы қызметтің барлық немесе жекелеген шағын түрлерін жүзеге асыруға лицензияның қолданылуын тоқтатудан бас тартады. Банк лицензияның қолданылуын тоқтату туралы өтінішті қайта берген жағдайда уәкілетті орган оны қарау мерзімін өтінішті қайта берген күннен бастап есептейді.

      Ұсынылған құжаттардың ресімделуі бойынша ескертулер болған кезде және арифметикалық қателер болған кезде уәкілетті орган Қағидалардың 32-тармағында көрсетілген құжаттарды қарау мерзімінде банкке оларды жою және Қазақстан Республикасының банк заңнамасының талаптарына сәйкес келетін пысықталған (түзетілген) құжаттарды ұсыну үшін ескертулері бар хатты жібереді.

      35. Уәкілетті органның барлық немесе жекелеген банк операцияларын және (немесе) өзге де операцияларды жүргізуге және (немесе) бағалы қағаздар нарығындағы қызметтің барлық немесе жекелеген шағын түрлерін жүзеге асыруға лицензияның қолданылуын тоқтату мүмкіндігі туралы хатын алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей банк уәкілетті органға қағаз тасымалдағышта берілген лицензияның түпнұсқасын қайтарады.

      Банк уәкілетті органның банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге және (немесе) бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданылуын тоқтату мүмкіндігі туралы хатын алған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органды банктің атауынан "банк" деген сөзді алып тастау бөлігінде мемлекеттік қайта тіркеу туралы хабардар етеді.

      36. Осы Қағидалардың 30-тармағының, 33-тармағы 3) тармақшасының, 35-тармағының екінші бөлігінің талаптары Банктер туралы заңның 61-4-бабының 7-тармағына сәйкес банк және өзге операцияларды жүргізуге және (немесе) бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданылуын тоқтату туралы ерікті түрде өтініш жасаған кезде еншілес банкке қолданылмайды.

5-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      37. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылған мекенжай бойынша көрсетілетін қызмет берушінің басшысының атына жазбаша түрде жасалады.

      Заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.

      Өтінішке көрсетілетін қызмет алушы қол қояды.

      Шағымды қабылдаған адамның тегі, аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсетумен көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесінде шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылдануын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпарат бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы ұсынылады.

      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      38. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      39. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

  Банк операцияларын, сондай-ақ
банктердің жүзеге асыратын
өзге де операцияларын және
бағалы қағаздар нарығындағы
қызметті лицензиялау
қағидаларына
1-қосымша

"Банктерге Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі.

2.

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал);
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі.

3.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі

Құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған күннен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген күннен бастап:
1) банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензия беру кезінде (бұдан әрі – лицензия):
30 (отыз) жұмыс күні ішінде;
жаңадан құрылған банк үшін – мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттарды алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жіберіледі ("Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы заңының (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 26-бабының 2-тармағына сәйкес құжаттарды берген жағдайда);
2) лицензияны қайта ресімдеген кезде:
3 (үш) жұмыс күні ішінде;
көрсетілетін қызметті алушы қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны қайта ресімдеу кезінде бөлініп шығу немесе бөлу нысанында – 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмей;
3) лицензияның телнұсқаларын беру кезінде – 2 (екі) жұмыс күні ішінде.

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электронды (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

5.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі

Лицензияны беру, лицензияны қайта ресімдеу, лицензияны қоса берумен лицензияның телнұсқаларын беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің нысаны: электрондық немесе қағаз түрінде.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

1) лицензияны бергені үшін лицензиялық алым 800 (сегіз жүз) айлық есептік көрсеткішті құрайды (әрбір банк операциясы үшін жеке);
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым осы тармақтың 1) тармақшасында белгіленген мөлшерлемеден 10 (он) пайызды құрайды (әрбір банк операциясы үшін жеке);
3) лицензияның телнұсқасын бергені үшін лицензиялық алым осы тармақтың 1) тармақшасында белгіленген мөлшерлемеден 10 (он) пайызды құрайды.
Лицензиялық алым төлемі екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз нысанда, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.

7.

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушінің - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру кестесі;
2) порталдың – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жіберу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8.

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжаттар тізбесі

Банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алу үшін қайтадан құрылған банк порталға өтініш берген кезде:
1) банкті ашуға өтініш берген тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған, электрондық құжат нысанында сұрау салу;
2) жарғылық капитал төлемін растайтын құжат (PDF форматындағы құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде);
3) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алым төлемін растайтын құжаттың көшірмесі (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);
4) Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес қызметті жүзеге асыруға қажетті барлық ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралардың орындалғанын, оның ішінде үй-жайды, жабдықтарды және бухгалтерлік есеп пен бас бухгалтерлік кітапты автоматтандыру жөніндегі бағдарламалық қамтамасыз етуді дайындауға тиісті персонал жалдауды растайтын құжаттар (PDF форматындағы құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде);
5) банк және өзге де қызметті жүзеге асыру қағидаларының жобасы (PDF форматындағы құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде);
6) ішкі аудит қызметі туралы ереже жобасы (PDF форматында құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде);
7) кредиттік комитет туралы ереже жобасы (PDF форматында құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде).
Қосымша банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне өтініш берген кезде:
1) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беру туралы өтініш;
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алым төлемін растайтын құжаттың көшірмесі;
3) банк операцияларының қосымша түрлерін жүргізудің жалпы шарттарын анықтайтын қағида.
Қосымша банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті алушы порталға өтініш берген кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының не оның міндеттерін орындайтын тұлғаның ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алым төлемін растайтын құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);
3) банк операцияларының қосымша түрлерін жүргізудің жалпы шарттарын анықтайтын қағида (PDF форматындағы құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде).
Көрсетілетін қызметті алушы лицензияның телнұсқасын алу үшін (егер бұрын берілген лицензия қағаз нысанда ресімделсе) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне өтініш берген кезде:
1) еркін нысанда жазылған өтініш;
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензияның телнұсқасын берген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушы лицензияның телнұсқасын алу үшін (егер бұрын берілген лицензия қағаз нысанда ресімделсе) порталға өтініш берген кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының не оның міндетін атқарушы адамның ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензияның телнұсқасын берген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат (құжаттың электрондық көшірмелері түрінде).
Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қайта ресімдеу үшін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне өтініш берген кезде:
1) Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш;
2) лицензияланатын қызмет түрінен бір немесе одан көп банк операциясын және өзге де операцияны алып тастаған жағдайда лицензияның түпнұсқасы (егер бұрын берілген лицензия қағаз нысанда ресімделсе);
3) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
4) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың көшірмелері.
Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қайта ресімдеу үшін порталға өтініш берген кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының не оның міндетін атқарушы адамның ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат (құжаттың электрондық көшірмелері түрінде);
3) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың көшірмелері (PDF форматындағы құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде);
4) лицензияланатын қызмет түрінен бір немесе одан көп банк операциясын және өзге де операцияны алып тастаған жағдайда лицензияның түпнұсқасы (егер бұрын берілген лицензия қағаз нысанда ресімделсе) көрсетілетін қызметті алушының кеңсесіне жіберіледі.

9.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері

1) Банктер туралы заңның 26-бабының 2 және 3-тармақтарында белгіленген талаптардың кез келгенін сақтамау;
2) банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беру туралы өтініш берілгенге дейін 6 (алты) ай кезеңінде құрамына банк кіретін банк конгломератының белгіленген пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді сақтамауы;
3) банктің жарғылық капиталының мөлшері, құрамы мен құрылымының Банктер туралы заңның 16-бабының талаптарына сәйкес келмеуі;
4) ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі;
5) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға лицензия алуға ниет білдірген заңды тұлғаның басшы қызметкерінің Банктер туралы заңның 20-бабының талаптарына сай болмауы, қоғамның органдары сайлағандардың қатарынынан басшы қызметкерге келісім берілмеуі (қайтадан құрылатын банк үшін);
6) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның енгізілмеуі;
7) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялануға жататын қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
8) сот орындаушысының ұсынысы негізінде соттың борышкер көрсетілетін қызметті алушыға лицензия беруге уақытша тыйым салуы;
9) Қазақстан Республикасының заңдарында заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызметтің түрімен айналысуға тыйым салынуы;
10) көрсетілетін қызметті алушы лицензияны алуға ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі белгілену.
Көрсетілетін қызметті беруші "Банктерге банк операцияларын және Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағының алтыншы және жетінші бөлімдерінде көрсетілген құжаттар ұсынылмаған және тиісінше ресімделмеген жағдайда лицензияны қайта ресімдеуден бас тартады.

10.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында бөлімінде орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы:
8-800-080-7777, 1414.
Көрсетілетін қызметті алушының банк ашуға рұқсат алуы шеңберінде көзделген банктерге Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беруді мемлекеттік қызметті беруші бір өтініштің негізінде бірнеше мемлекеттік қызмет жиынтығын көрсетуді көздейтін "бір өтініш" қағидаты бойынша жүзеге асырады.

  Банк операцияларын, сондай-ақ
банктердің жүзеге асыратын
өзге де операцияларын және
бағалы қағаздар нарығындағы
қызметті лицензиялау
қағидаларына
2-қосымша

"Ислам банктері жүзеге асыратын банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі.

2.

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал);
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі.

3.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі

Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген күннен бастап:
1) ислам банктері банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия (бұдан әрі – лицензия) берген кезде:
30 (отыз) жұмыс күні ішінде;
қайтадан құрылған ислам банкі үшін – мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттарды алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі ("Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы заңының (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 26-бабының 2-тармағына сәйкес құжаттарды берген жағдайда);
2) лицензияны қайта ресімдеген кезде:
3 (үш) жұмыс күні ішінде;
көрсетілетін қызметті алушы бөлініп шығу немесе бөлу нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны қайта ресімдеген кезде - 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмей;
3) лицензияның телнұсқаларын берген кезде - 2 (екі) жұмыс күні ішінде.

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электронды (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

5.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі

Лицензияны беру, лицензияны қайта ресімдеу, лицензияны қоса берумен лицензияның телнұсқасын беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің нысаны: электрондық немесе қағаз түрінде.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

1) лицензияны бергені үшін лицензиялық алым 800 (сегіз жүз) айлық есептік көрсеткішті құрайды (әрбір банк операциясы үшін жеке);
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым осы тармақтың 1) тармақшасында белгіленген мөлшерлемеден 10 (он) пайызды құрайды (әрбір банк операциясы үшін жеке);
3) лицензияның телнұсқасын бергені үшін лицензиялық алым осы тармақтың 1) тармақшасында белгіленген мөлшерлемеден 10 (он) пайызды құрайды.
Лицензиялық алым төлемі екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз нысанда, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.

7.

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушінің - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру кестесі;
2) порталдың – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жіберу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8.

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжаттар тізбесі

Банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алу үшін қайтадан құрылған банк порталға өтініш берген кезде:
1) банкті ашуға өтініш берген тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған, электрондық құжат нысанында сұрау салу;
2) жарғылық капитал төлемін растайтын құжат (PDF форматындағы құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде);
3) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алым төлемін растайтын құжаттың көшірмесі (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);
4) Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес қызметті жүзеге асыруға қажетті барлық ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралардың орындалғанын, оның ішінде үй-жайды, жабдықтарды және бухгалтерлік есеп пен бас бухгалтерлік кітапты автоматтандыру жөніндегі бағдарламалық қамтамасыз етуді дайындауға тиісті персонал жалдауды растайтын құжаттар (PDF форматындағы құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде);
5) банк және өзге де қызметті жүзеге асыру қағидаларының жобасы (PDF форматындағы құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде);
6) ішкі аудит қызметі туралы ереже жобасы (PDF форматында құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде);
7) кредиттік комитет туралы ереже жобасы (PDF форматында құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде).
Қосымша банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне өтініш берген кезде:
1) Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ислам банктері жүзеге асыратын банк операциялары және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беру туралы өтініш;
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алым төлемін растайтын құжаттың көшірмесі;
3) банк операцияларының қосымша түрлерін жүргізудің жалпы шарттары туралы қағида.
Қосымша банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті алушы порталға өтініш берген кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының не оның міндеттерін орындайтын тұлғаның ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алым төлемін растайтын құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);
3) банк операцияларының қосымша түрлерін жүргізудің жалпы шарттары туралы қағида (PDF форматында құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде).
Көрсетілетін қызметті алушы банкті ислам банкіне айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру кезінде лицензия алу үшін өтініш жасаған кезде көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне өтініш берген кезде:
1) Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ислам банктері жүзеге асыратын банктік операцияларды және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беру туралы өтініш;
2) ислам банкі жарғысының көшірмесі (салыстырып тексеру үшін тұпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариат куәландырған);
3) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
4) банктің исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес туралы ереже;
5) ислам банкінің операциялар жүргізудің жалпы талаптары туралы қағидалар;
6) ислам банкінің ішкі кредиттік саясаты туралы қағидалар.
Көрсетілетін қызметті алушы банкті ислам банкіне айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру кезінде лицензия алу үшін өтініш жасаған кезде көрсетілетін қызметті алушы порталға өтініш берген кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының не оның міндетін атқарушы адамның ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) ислам банкінің жарғысы (PDF форматындағы құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде);
3) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);
4) банктің исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес туралы ереже (PDF форматындағы құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде);
5) ислам банкінің операциялар жүргізудің жалпы талаптары туралы қағидалар (PDF форматындағы құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде);
6) ислам банкінің ішкі кредиттік саясаты туралы қағидалар (PDF форматындағы құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде).
Көрсетілетін қызметті алушы лицензияның телнұсқасын алу үшін (егер бұрын берілген лицензия қағаз нысанда ресімделсе) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне өтініш берген кезде:
1) еркін нысандағы өтініш;
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензияның телнұсқасын берген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушы лицензияның телнұсқасын алу үшін (егер бұрын берілген лицензия қағаз нысанда ресімделсе) порталға өтініш берген кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының не оның міндетін атқарушы адамның ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензияның телнұсқасын берген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат (құжаттың электрондық көшірмелері түрінде).
Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қайта ресімдеу үшін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне өтініш берген кезде:
1) Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лицензияны (ислам банкі үшін) қайта ресімдеу туралы өтініш;
2) лицензияланатын қызмет түрінен бір немесе одан көп банк операцияларын және өзге де операцияларды алып тастаған жағдайда лицензияның түпнұсқасы (егер бұрын берілген лицензия қағаз нысанда ресімделсе);
3) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
4) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың көшірмелері.
Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қайта ресімдеу үшін порталға өтініш берген кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының не оның міндетін атқарушы адамның ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат (құжаттың электрондық көшірмелері түрінде);
3) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың көшірмелері (құжаттардың PDF форматындағы электрондық көшірмелері түрінде);
4) лицензияланатын қызмет түрінен бір немесе одан көп банк операцияларын және өзге де операцияларды алып тастаған жағдайда лицензияның түпнұсқасы (егер бұрын берілген лицензия қағаз нысанда ресімделсе) көрсетілетін қызметті алушының кеңсесіне жіберіледі.

9.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері

1) Банктер туралы заңның 26-бабының 2 және 3-тармақтарында, 52-17-бабының 5-тармағында белгіленген талаптардың кез келгенін сақтамау;
2) банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беру туралы өтініш берілгенге дейін 6 (алты) ай кезеңінде құрамына банк кіретін банк конгломератының белгіленген пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді сақтамауы;
3) банктің жарғылық капиталының мөлшері, құрамы мен құрылымының Банктер туралы заңның 16-бабының талаптарына сәйкес келмеуі;
4) ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі;
5) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға лицензия алуға ниет білдірген заңды тұлғаның басшы қызметкерінің Банктер туралы заңның 20-бабының талаптарына сай болмауы, қоғамның органдары сайланғандардың қатарынан басшы қызметкерге келісім берілмеуі (қайтадан құрылатын банк үшін);
6) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның енгізілмеуі;
7) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялануға жататын қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
8) сот орындаушысының ұсынысы негізінде соттың борышкер көрсетілетін қызметті алушыға лицензия беруге уақытша тыйым салуы;
9) Қазақстан Республикасының заңдарында заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызметтің түрімен айналысуға тыйым салынуы;
10) көрсетілетін қызметті алушы лицензияны алуға ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі белгілену.
Көрсетілетін қызметті беруші "Ислам банктері жүзеге асыратын банктік және өзге операцияларды жүргізуге арналған лицензияны беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағының сегізінші және тоғызыншы бөлімдерінде көрсетілген көрсетілген құжаттар ұсынылмаған және тиісінше ресімделмеген жағдайда лицензияны қайта ресімдеуден бас тартады.

14.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
Көрсетілетін қызметті алушының банк ашуға рұқсат алуы шеңберінде көзделген ислам банктері жүзеге асыратын банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беруді мемлекеттік қызметті беруші бір өтініштің негізінде бірнеше мемлекеттік қызмет жиынтығын көрсетуді көздейтін "бір өтініш" қағидаты бойынша жүзеге асырады.

  Банк операцияларын, сондай-ақ
банктердің жүзеге асыратын
өзге де операцияларын және
бағалы қағаздар нарығындағы
қызметті лицензиялау
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан
  Кімге ________________________
(уәкілетті органның
толық атауы)
кімнен
_______________________
(банктің атауы)

Банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беру туралы өтініш

      Мыналарды:

      банк операцияларын:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      өзге де операцияларды:

      жүргізуге (валютаның түрін көрсету – ұлттық және (немесе) шетел) лицензия беруіңізді сұраймын.

      Банк туралы мәліметтер:

      1. Атауы, орналасқан жері және нақты мекенжайы

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (индекс, облыс, қала, аудан, көше, үйдің, офистің нөмірі, телефон нөмірі, факс нөмірі,

      электрондық пошта мекенжайы, интернет-ресурс)

      2. Банктік және өзге операцияларды жүргізуге бірінші рет алынған лицензиясы туралы

      деректер: _________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)

      3. Жіберілген құжаттардың тізбесі, олардың әрқайсысы бойынша даналары мен

      парақтарының саны: ________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Банк өтінішке қоса берілген құжаттардың (ақпараттың) дәйектілігін, сондай-ақ өтінішті қарауға байланысты сұратылатын қосымша ақпаратты және құжаттарды уәкілетті органға уақытылы берілуін растайды.

      Банк ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

      Банктің атқарушы органы басшысының не өтінішті (растайтын құжаттарды қоса бере отырып) беруге уәкілетті адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      ______________ ______________

      (қолы)       (күні)

  Банк операцияларын, сондай-ақ
банктердің жүзеге асыратын
өзге де операцияларын және
бағалы қағаздар нарығындағы
қызметті лицензиялау
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан
  Кімге
________________________
(уәкілетті органның
толық атауы)
кімнен
_______________________
(ислам банкінің атауы)

Ислам банктері жүзеге асыратын банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беру туралы өтініш

      Мыналарды:

      ислам банктері жүзеге асыратын банк операцияларын:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ислам банктері жүзеге асыратын өзге де операцияларды:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      жүргізуге (валютаның түрін көрсету – ұлттық және (немесе) шетел) лицензия беруіңізді сұраймын.

      Ислам банкі туралы мәліметтер:

      1. Атауы, орналасқан жері және нақты мекенжайы:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (индекс, облыс, қала, аудан, көше, үйдің, офистің нөмірі, телефон нөмірі, факс нөмірі,

      электрондық пошта мекенжайы, интернет-ресурс)

      2. Ислам банктері жүзеге асыратын банк операцияларын және өзге де операцияларды

      жүргізуге бірінші рет алынған лицензиясы туралы деректер:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)

      3. Жіберілген құжаттардың тізбесі, олардың әрқайсысы бойынша даналары мен

      парақтарының саны:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Ислам банкі өтінішке қоса берілген құжаттардың (ақпараттың) дәйектілігін, сондай-ақ өтінішті қарауға байланысты сұратылатын қосымша ақпаратты және құжаттарды уәкілетті органға уақытылы берілуін растайды.

      Ислам банкі ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

      Ислам банкінің атқарушы органы басшысының не өтінішті (растайтын құжаттарды қоса бере отырып) беруге уәкілетті адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса).

      __________________________ _____________

      (қолы)                   (күні)

  Банк операцияларын, сондай-ақ
банктердің жүзеге асыратын
өзге де операцияларын және
бағалы қағаздар нарығындағы
қызметті лицензиялау
қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасының Елтаңбасы

Уәкілетті органның толық атауы Банк операцияларын және өзге операцияларды жүргізуге лицензия

      Лицензияның нөмірі ________ Берілген күні "___" _______ ____ жыл

      ____________________________________________________________________

      (банктің атауы)

      Осы лицензия операциялардың (ұлттық және (немесе) шетел валютасында)

      мына түрлерін:

      банк операцияларын:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      өзге де операцияларды жүргізуге құқық береді:

      Банк операцияларын және өзге операцияларды жүргізуге бірінші рет алынған лицензия

      туралы деректер:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (лицензия берген мемлекеттік органның нөмірі, күні, атауы)

      Төраға

      (Төрағаның орынбасары) _______________________ ________________

      (қолы немесе электрондық цифрлық қолтаңба)            (аты-жөні)

      Мөр орны (қағаздағы нысан үшін)

      Алматы қаласы

  Банк операцияларын, сондай-ақ
банктердің жүзеге асыратын
өзге де операцияларын және
бағалы қағаздар нарығындағы
қызметті лицензиялау
қағидаларына
6-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасының Елтаңбасы

Уәкілетті органның толық атауы Ислам банктері жүзеге асыратын банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия

      Лицензия нөмірі _____ Берілген күні ____жылы "___" _____

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (ислам банкінің атауы)

      Осы лицензия операциялардың (ұлттық және (немесе) шетел валютасында) мына түрлерін:

      1) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 52-5-бабының 1-тармағына сәйкес ислам банктерінің банк операцияларын:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      2) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабына сәйкес банк операцияларын және өзге де операцияларды: банк операцияларын:

      __________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      өзге де операцияларды жүргізуге құқық береді:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Ислам банктері жүзеге асыратын банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге бірінші рет алынған лицензия туралы деректер:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)

      Төраға

      (Төрағаның орынбасары) _______________________ ________________

      (қолы немесе электрондық цифрлық қолтаңба) (аты-жөні)

      Мөр орны (қағаздағы нысан үшін)

      Алматы қаласы

  Банк операцияларын, сондай-ақ
банктердің жүзеге асыратын
өзге де операцияларын және
бағалы қағаздар нарығындағы
қызметті лицензиялау
қағидаларына
7-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасының Елтаңбасы

Уәкілетті органның толық атауы Банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия

      Лицензия нөмірі _____                   Берілген күні ____жылы "___" _____

      ________________________________________________________________________

      (банктің атауы)

      Осы лицензия:

      банк операцияларын (ұлттық және (немесе) шетел валютасында) жүргізуге:

      __________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________;

      өзге операцияларды (ұлттық және (немесе) шетел валютасында) жүргізуге:

      __________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________;

      бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға құқық береді:

      __________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________;

      Бірінші рет алынған лицензия туралы деректер: банк операцияларын және өзге де

      операцияларды жүргізуге _____________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)

      бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға _________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)

      Төраға

      (Төрағаның орынбасары) ______________________ _______________

      (қолы немесе электрондық цифрлық қолтаңба) (аты-жөні)

      Мөр орны (қағаздағы нысан үшін)

      Алматы қаласы

  Банк операцияларын, сондай-ақ
банктердің жүзеге асыратын
өзге де операцияларын және
бағалы қағаздар нарығындағы
қызметті лицензиялау
қағидаларына
8-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасының Елтаңбасы

Уәкілетті органның толық атауы Банк операцияларын және ислам банктерінің жүзеге асыратын өзге де операцияларын жүргізуге және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия

      Лицензия нөмірі _____                   Берілген күні ____жылы "___" ______

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (ислам банкінің атауы)

      Осы лицензия:

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 52-5-бабының 1-тармағына сәйкес ислам банктері жүзеге асыратын банк операцияларын (ұлттық және (немесе) шетел валютасында) жүргізуге:

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________;

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабына сәйкес ислам банктері жүзеге асыратын банк операцияларын (ұлттық және (немесе) шетел валютасында):

      банк операцияларын:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________;

      өзге де операцияларды жүргізуге:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________;

      бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға құқық береді:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________.

      Бірінші рет алынған лицензия туралы деректер:

      ислам банктері жүзеге асыратын банк операцияларын және өзге де операцияларды

      жүргізуге _________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)

      ислам банктері жүзеге асыратын банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)

      Төраға

      (Төрағаның орынбасары) _______________________ ________________

      (қолы немесе электрондық цифрлық қолтаңба)             (аты-жөні)

      Мөр орны (қағаздағы нысан үшін)

      Алматы қаласы

  Банк операцияларын, сондай-ақ
банктердің жүзеге асыратын
өзге де операцияларын және
бағалы қағаздар нарығындағы
қызметті лицензиялау
қағидаларына
9-қосымша
  Нысан
  ____________________________
(уәкілетті органның
толық атауы)
___________________________
(банктің атауы)

Лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш

      ______________________________________________________________ байланысты

      __________________________________________________________________________

      (лицензияны қайта ресімдеу себебін көрсету)

      __________________________________________________________________________

      (лицензияның атауын, валюта түрін көрсету – ұлттық және (немесе) шетел)

      қайта ресімдеуді сұраймын.

      Банк туралы мәліметтер ____________________________________________________

      1. Атауы, орналасқан жері ____________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (индекс, облыс, қала, аудан, көше, үй, офис нөмірі,

      __________________________________________________________________________

      телефон нөмірі, факс нөмірі, электрондық пошта мекенжайы, интернет-ресурс)

      2. Банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге және (немесе) бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға алғаш рет алынған лицензия туралы деректер

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)

      3. Жіберілетін құжаттардың тізбесі, даналар саны және олардың әрқайсысы бойынша

      парақтар саны:

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Банк өтінішке қоса берілетін құжаттардың (ақпараттың) дәйектілігін, сондай-ақ өтінішті қарауға байланысты сұратылған қосымша ақпарат пен құжаттардың уәкілетті органға уақтылы ұсынылғанын растайды.

      Банк ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға келісімін береді.

      Банктің атқарушы органы басшысының не өтініш беруге уәкілетті адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (растау құжаттарын қоса берумен).

      ____________________________________ ________________

      (қолы)                               (күні)

  Банк операцияларын, сондай-ақ
банктердің жүзеге асыратын
өзге де операцияларын және
бағалы қағаздар нарығындағы
қызметті лицензиялау
қағидаларына
10-қосымша
  Нысан
  ____________________________
(уәкілетті органның
толық атауы)
____________________________
(ислам банкінің атауы)

Лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш (ислам банкі үшін)

      _________________________________________________________ байланысты

      (лицензияны қайта ресімдеу себебін көрсету)

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (лицензияның атауын, валюта түрін көрсету – ұлттық және (немесе) шетел)

      қайта ресімдеуді сұраймын.

      Ислам банкі туралы мәліметтер ______________________________________________

      __________________________________________________________________________

      1. Атауы, орналасқан жері ___________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (индекс, облыс, қала, аудан, көше, үй, офис нөмірі,

      __________________________________________________________________________

      телефон нөмірі, факс нөмірі, электрондық пошта мекенжайы, интернет-ресурс)

      2. Ислам банктері жүзеге асыратын банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге алғаш рет алынған лицензия туралы деректер

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)

      3. Жіберілетін құжаттардың тізбесі, даналар саны және олардың әрқайсысы бойынша парақтар саны:

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Ислам банкі өтінішке қоса берілетін құжаттардың (ақпараттың) дәйектілігін, сондай-ақ өтінішті қарауға байланысты сұратылған, қосымша ақпарат пен құжаттардың уәкілетті органға уақтылы ұсынылғанын растайды.

      Ислам банкі ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға келісімін береді.

      Ислам банкінің атқарушы органы басшысының не өтініш беруге уәкілетті адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (растау құжаттарын қоса берумен).

      ____________________ _____________________

      (қолы)                   (күні)

  Банк операцияларын, сондай-ақ
банктердің жүзеге асыратын
өзге де операцияларын және
бағалы қағаздар нарығындағы
қызметті лицензиялау
қағидаларына
11-қосымша
  Нысан
  ____________________________
(уәкілетті органның
толық атауы)
___________________________
(банктің атауы)

Барлық немесе жекелеген банк операцияларын және (немесе) өзге де операцияларды жүргізуге және (немесе) бағалы қағаздар нарығындағы қызметтің барлық немесе жекелеген шағын түрлерін жүзеге асыруға берілген лицензияның қолданылуын тоқтату туралы өтініш

      _____________________________________________________________

      (банктің атауы)

      акционерлердің _____________ жылғы "____" ______________ жалпы жиналысының

      № ________ шешіміне сәйкес ________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (өткізу орны)

      банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге және (немесе) бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға берілген

      20______"____"___________ № ______________ ________________________________

      _________________________________________________________________________

      (лицензияның атауы)

      лицензияның қолданылуын тоқтатуды сұрайды

      жекелеген банк операцияларын және (немесе) өзге де операцияларды жүргізуге және (немесе) бағалы қағаздар нарығындағы қызметтің жекелеген шағын түрлерін жүзеге асыруға берілген

      20____"____"___________

      № _________ ____________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (операцияның және (немесе) қызметтің шағын түрінің атауы)

      лицензияның қолданылуын тоқтатуды сұрайды (керегін таңдау).

      Банк өтінішке қоса берілетін құжаттардың (ақпараттың) дәйектілігін, сондай-ақ өтінішті қарауға байланысты сұратылған қосымша ақпарат пен құжаттардың уәкілетті органға уақтылы ұсынылғанын растайды.

      Қоса берілген құжаттар (жіберілетін құжаттардың атауы көрсетілген тізбесі, даналар саны және олардың әрқайсысы бойынша парақтар саны:

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Банк ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға келісімін береді.

      Банктің атқарушы органы басшысының не өтініш беруге уәкілетті адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (растау құжаттарын қоса берумен).

      ______________________ _______________

      (қолы)                   (күні)

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
Басқармасының
2020 жылғы 30 наурыздағы
№ 36 қаулысына
3-қосымша

Күші жойылды деп танылатын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық элементтерінің тізбесі

      1. "Банкті ашуға рұқсат беру, сондай-ақ банктер бағалы қағаздар рыногында жүзеге асыратын қызметті, банктік және өзге операцияларды лицензиялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 121 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4718 болып тіркелген, 2007 жылғы 13 шілдеде "Заң газеті" газетінде № 106 (1309) жарияланған).

      2. "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банкті ашуға рұқсат беру, сондай-ақ банктер бағалы қағаздар рыногында жүзеге асыратын қызметті, банктік және өзге операцияларды лицензиялау ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 121 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 30 маусымдағы № 99 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5273 болып тіркелген, 2008 жылғы 15 қыркүйекте Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері жинағында № 9 жарияланған).

      3. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне лицензиялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 28 қарашадағы № 182 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5478 болып тіркелген, 2009 жылғы 17 ақпанда "Заң газеті" газетінде № 24 (1447) жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының лицензиялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 1-тармағы.

      4. "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банкті ашуға рұқсат беру, сондай-ақ банктер бағалы қағаздар рыногында жүзеге асыратын қызметті, банктік және өзге операцияларды лицензиялау ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 121 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 27 наурыздағы № 53 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5663 болып тіркелген, 2009 жылғы 29 мамырда "Заң газеті" № 80 (1677) жарияланған).

      5. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 22 тамыздағы № 235 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8009 болып тіркелген, 2012 жылғы 21 қарашада "Егемен Қазақстан" газетінде № 763-767 (27839) жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 2-тармағы.

      6. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 сәуірдегі №110 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8505 болып тіркелген, 2013 жылғы 6 тамызда "Заң газеті" газетінде № 115 (2490) жарияланған) бекітілген Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 18-тармағы.

      7. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 109 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9712 болып тіркелген, 2014 жылғы 28 қазанда "Заң газеті" газетінде № 162 (2556) жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 4-тармағы.

      8. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі көрсететін мемлекеттік қызметтердің бизнес-процестерін оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 261 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10211 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 ақпанда ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі көрсететін мемлекеттік қызметтердің бизнес-процестерін оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 2-тармағы.

      9. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 30 сәуірдегі № 71 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11534 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) 1-тармағының 25), 27) және 28) тармақшалары.

      10. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банктер арасындағы активтер мен міндеттемелерді бірмезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 78 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11149 болып тіркелген, 2015 жылғы 27 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген Банктер арасындағы активтер мен міндеттемелерді бірмезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 2-тармағы.

      11. "Банкті ашуға рұқсат беру, сондай-ақ банктер бағалы қағаздар рыногында жүзеге асыратын қызметті, банктік және өзге операцияларды лицензиялау ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 121 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 242 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13423 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      12. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 71 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 37 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15210 болып тіркелген, 2017 жылғы 22 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) 1-тармағының оныншы және он бірінші абзацтары.

      13. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 31 шілдедегі № 149 қаулысысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15685 болып тіркелген, 2017 жылғы 27 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) 1-тармағының 17), 19) және 20) тармақшалары.