Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қолданушылардың назарына!!!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.
Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Агенттік Басқармасының "Банкті ашуға рұқсат беру, сондай-ақ банктер бағалы қағаздар рыногында жүзеге асыратын қызметті, банктік және өзге операцияларды лицензиялау ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 121 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4718 тіркелген, 2007 жылғы 13 шілдеде "Заң газеті" газетінде N 106 (1135) санында жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Банкті ашуға рұқсат беру, сондай-ақ банктер бағалы қағаздар рыногында жүзеге асыратын қызметті, банктік және өзге операцияларды лицензиялау ережесінде:
18-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Жаңадан құрылған банк Банктер туралы Заңның 26-бабының 2-тармағының талаптарын орындағанда, уәкілетті органға депозиттерді қабылдау, жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу бойынша операцияларды қоспағанда (осы ерекшелік жаңадан құрылған еншілес банкке таралмайды), банк операцияларын жүзеге асыруға осы Ереженің 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша лицензия беру туралы өтінішін береді, оған Лицензиялау туралы Заңның 42-бабының 2-тармағының 2), 5), 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды, сондай-ақ мынадай құжаттарды қоса береді:";
мынадай мазмұндағы 18-1-тармақпен толықтырылсын:
"18-1. Депозиттерді қабылдау, жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу бойынша операцияларды жүзеге асыруға лицензия алудың шарты болып жаңадан құрылған банк осы Ереженің 18-тармағына сәйкес банк операцияларын жүргізуге лицензия алған күннен бастап банктің бір күнтізбелік жыл ішінде қызмет етуі табылады.
Осы тармақтың талаптары жаңадан құрылған еншілес банктерге таралмайды.".
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап отыз күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3. Лицензиялау департаменті (Н.Қ. Қасқаманова):
1) Заң департаментiмен (Н.В. Сарсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастан он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлімет үшін жеткізсін.
4. Агенттік Төрайымының Қызметі осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.
Төрайым | Е. Бахмутова |