Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банктер арасындағы активтер мен міндеттемелерді бірмезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 78 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 25 мамырда № 11149 тіркелді.

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 27 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының банктер арасындағы активтер мен міндеттемелерді бірмезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Бақылау және қадағалау әдіснамасы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Ұлттық Банк


Төрағасы

Қ. Келімбетов


  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 8 мамырдағы
№ 78 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасының банктер арасындағы активтер мен міндеттемелерді бірмезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 257 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      3. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 17.04.2026 № 70 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      4. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.12.2016 № 303 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      5. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.07.2017 № 136 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 26 шілдедегі № 184 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8692 тіркелген, 2013 жылғы 17 қазанда "Егемен Қазақстан" газетінде № 233 (28172) жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыру қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 70-1-тармақпен толықтырылсын:

      "70-1. Осы тарауда белгіленген, клиенттердің активтерін жаңа кастодианға беру тәртібі Қағидалардың 60-тармағында, 61-тармағының 1) және 3) тармақшаларында, 62-тармағының 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында, 64, 69 және 70-тармақтарында көзделген талаптарды қоспағанда, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қайта құрылымдау жүргізілген бас банк (бұдан әрі – бас банк – жаңа кастодиан) пен еншілес банк арасындағы активтер мен міндеттемелерді бірмезгілде беру бойынша операцияны жүргізу шеңберінде кастодианның инвестициялық қордың активтерін жаңа кастодианға беруіне қолданылмайды.

      Көрсетілген жағдайда еншілес банк - кастодиан клиенттің еншілес банкпен кастодиандық шартты бұзбай және клиенттің бас банкпен - жаңа кастодианмен кастодиандық шартты жасамай клиенттің активтерін қабылдау-өткізу актісінің негізінде инвестициялы қордың активтерін бас банкке - жаңа кастодианға береді.

      Клиенттің еншілес банктің - кастодианның активтерін есептен шығару және бас банкте - жаңа кастодианда есепке алу жөніндегі операцияларды кастодиандар клиенттің активтерін қабылдау-өткізу актісінің негізінде клиенттің жеке шоттардан (шоттарға), ағымдағы шоттардан/шоттарға есептен шығару (есепке алу) бойынша операцияларды жүргізуге арналған бұйрықтарды ұсынбай жүргізеді. Бас банктің - жаңа кастодианның клиентке жеке, ағымдағы шоттарды ашуы жеке, ағымдағы шоттарды ашуға арналған бұйрықтарды ұсынбай жүзеге асырылады.

      Клиенттің активтерін қабылдау-өткізу актісі төрт данада жасалады, инвестициялық қордың (бар болса) инвестициялық портфелін басқарушыға, еншілес банк - кастодианға, бас банк - жаңа кастодианға, уәкілетті органға бір-бір данадан, оған инвестициялық қордың (бар болса) инвестициялық портфелін басқарушының, еншілес банк - кастодианның, бас банк - жаңа кастодианның бірінші басшылары және бас бухгалтерлері қол қояды және олардың мөр таңбаларымен расталады.

      Бас банк - жаңа кастодиан мен еншілес банк - кастодиан арасындағы активтер мен міндеттемелерді бірмезгілде беру бойынша операцияны жүргізу кезінде хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде клиенттерден жазбаша қарсылықтың болмауы клиенттің инвестициялық қордың активтерін бас банкке - жаңа кастодианға беруге келісімі ретінде қаралады.".

  Қазақстан Республикасының банктер
арасындағы активтер мен міндеттемелерді
бірмезгілде беру жөніндегі операцияны
жүргізу мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін
нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне
қосымша
  " Сақтандыру портфелін
беру ережесіне
1-қосымша

      Нысан

Берілетін сақтандыру портфелінің құрамына енгізілетін
сақтандыру шарттарының тізімі

р/с №

Сақтандыру шартының (сақтандыру полисінің) нөмірі

Сақтандыру шартының жасалған күні

Сақтанушының атауы не тегі, аты,әкесінің аты (бар болса)

Сақтандыру сыныбы

Сақтандыру шартының күшіне енген және қолданылуының аяқталған күні

Сақтандыру сомасының мөлшері

Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері

Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері және төленген күні

Сақтандыру жағдайы туралы өтініштің түскен күні

Сақтандыру жағдайының басталған күні

Сақтандыру төлемі (төлемдері) жүргізілген күн (күндер)

Жүргізілген сақтандыру төлемінің (төлемдерінің) мөлшері (мөлшерлері)

Жүргізілмеген сақтандыру төлемін (төлемдерін) төлеу мерзімдері

Жүргізілмеген сақтандыру төлемінің (төлемдерінің) мөлшері (мөлшерлері)

Сақтандыру төлемінен (төлемдерінен) бас тартқан күн (күндер)

Сақтандыру шарты бойынша қалыптастырылған сақтандыру резервінің мөлшері (мөлшерлері):

Сақтандыру портфелін беруге келісім алу туралы мәліметтер (заңнамамен белгіленген жағдайларда)

еңбек сіңірілмеген сыйлықақы резерві

орын алған, бірақ мәлімделмеген шығындардың резерві

мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындардың резерві






















      Сақтандыру портфелін беру

      сәтінде сақтандыру ұйымына

      басшылық ететін тұлғаның қолы _________ _____________________

      (қойылған қолды ашып жазу)

      Қол қойылған күн 20___жылғы "___"_____________.

      Мөрдің орны (бар болса)

      Ескерту:

      Осы Тізімнің 10-16-бағандары бойынша ақпарат сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап берілетін, сақтандыру портфеліне кіретін сақтандыру шарттары бойынша толтырылмайды."