РҚАО-ның ескертпесі!
Осы қаулы 01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі
"Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілері құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Банктік емес қаржы ұйымдарын реттеу департаменті (Көшербаева А.М.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ж.Б. Құрмановқа жүктелсін.
6. Осы қаулы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Ұлттық Банк Төрағасы |
Д. Ақышев |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 249 қаулысымен бекітілді |
Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі (бұдан әрі - Бағалы қағаздар нарығы туралы заң) Қазақстан Республикасының заңына сәйкес әзірленді және бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесін (бұдан әрі - тізілімдер жүйесі) жүргізу жөніндегі орталық депозитарийдің қызметін жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
2. Қағидалардың мақсатында мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) айналыс мерзімі аяқталған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алуға арналған эмитенттің жеке шоты - айналыс мерзімі аяқталған және эмитент оларды өтеу бойынша міндеттемелерді орындамаған, осы бағалы қағаздарды ұстаушылардың жеке шоттарынан шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитентке тізілімдер жүйесінде ашылған жеке шот;
2) аутентификация - қауіпсіздік рәсімін пайдалану арқылы клиенттің жеке басын, электрондық құжаттың түпнұсқалығын және дұрыс жасалуын растау;
3) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі - бағалы қағаздарды ұстаушыларды, сондай-ақ оларға тиесілі бағалы қағаздардың түрін және санын (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) сәйкестендіруге мүмкіндік беретін белгілі бір күндегі осы ұстаушылар туралы мәліметтердің жиынтығы;
4) бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шоты - бағалы қағаздардың (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарының) меншік иесі болып табылатын тізілімдер жүйесінде тіркелген тұлғаға ашылған және (немесе) ол бойынша мәмілелерді тіркеу мен эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтарды есепке алу жүзеге асырылатын жеке шот;
5) биометриялық сәйкестендіру – "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын ескере отырып, оның физиологиялық және биологиялық ерекшеліктері негізінде электрондық қызметтерді алуға құқықтарын бір мәнді растау мақсатында клиенттің жеке басын анықтау рәсімі;
6) бір реттік пароль – электрондық нысанда көрсетілетін қызметтерді алатын субъектілерді сәйкестендірудің бір сеансы үшін ғана жарамды пароль;
7) клиентті динамикалық сәйкестендіру – бір реттік (біржолғы) немесе көп реттік кодты пайдалану арқылы көрсетілетін қызметтерді алуға оның құқықтарын бір мәнді растау мақсатында клиенттің шынайылығын белгілеу рәсімі;
8) депонент - орталық депозитарийдің Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 59-бабының 1-тармағында айқындалған функцияларды жүзеге асыратын клиенті;
9) жарияланған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған эмитенттің жеке шоты - эмитентке тізілімдер жүйесінде ашылған, ол бойынша орналастырылмаған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу жүзеге асырылатын жеке шот;
10) жауапкершілігі шектеулі серіктестік қатысушыларының тізілімі - белгілі бір күнге жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар туралы мәліметтердің жиынтығы;
11) инвестициялық пай қорының пай ұстаушыларының тізілімі - пай ұстаушыларды, сондай-ақ оларға тиесілі пайлардың түрін және санын сәйкестендіруге мүмкіндік беретін белгілі бір күндегі осы ұстаушылар туралы мәліметтердің жиынтығы;
12) исламдық бағалы қағаздар - исламдық жалға беру сертификаттары мен исламдық қатысу сертификаттары;
13) ортақ өкілдің жеке шоты - бірнеше адамға меншік құқығында тиесілі бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарының) есепке алу жүзеге асырылатын тізілімдер жүйесіндегі ортақ меншік қатысушыларының ортақ өкіліне ашылған жеке шот;
14) пароль – клиенттің сұратуы бойынша бағдарламалық-аппараттық құралдармен жасалатын және клиентке орталық депозитарийдің электрондық қызметтеріне қол жеткізуді ұсыну кезінде белгілі бір уақыт кезеңі ішінде көп мәрте пайдалануға арналған электрондық цифрлық символдардың бірегей бірізділігі;
15) тізілімдер жүйесіндегі операция - нәтижесі тізілімдер жүйесіне деректерді енгізу немесе оларды өзгерту және (немесе) тізілімдер жүйесінен ақпаратты дайындау және беру болып табылатын іс-әрекеттерінің жиынтығы;
16) уәкiлеттi орган – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган;
17) ұстаушылары талап етпеген орналастырылған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алуға арналған эмитенттің жеке шоты - ұстаушы (ұстаушылар) ақы төлеген, бірақ ұстаушы (ұстаушылар) тиісті бұйрықты (бұйрықтарды) ұсынбауына байланысты оның (олардың) жеке шотына (шоттарына) есепке алынбаған, орналастырылған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу үшін тізілімдер жүйесінде эмитентке ашылған жеке шот;
18) электрондық көрсетілетін қызметтер - клиентке мобильді қосымша немесе жеке кабинет арқылы жеке шот бойынша операцияларды және (немесе) ақпараттық операцияларды жүзеге асыру бойынша көрсетілетін қызметтер, сондай-ақ Орталық депозитарийдің қағидалар жинағына сәйкес орталық депозитарий ұсынатын қызметтер;
19) эмитенттің сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған жеке шоты - эмитентке тiзiлiмдер жүйесінде ашылған, бағалы қағаздардың қайталама нарығында эмитент сатып алған, сондай-ақ Қағидалардың 53 және 54-тармақтарына сәйкес осы шотқа аударылған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу жүзеге асырылатын жеке шот;
20) эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша сатып алынған талап ету құқықтарын есепке алуға арналған эмитенттің жеке шоты - айналыс мерзімі аяқталған және эмитент оларды өтеу бойынша міндеттемелерді орындамаған бағалы қағаздардың қайталама нарығында эмитент сатып алған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша оның міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын есепке алу үшін тізілімдер жүйесінде эмитентке ашылған жеке шот;
21) эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары - айналыс мерзімі аяқталған және эмитент оларды өтеу бойынша міндеттемелерді орындамаған эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.09.2021 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. Тізілімдер жүйесін орталық депозитарий жүргізеді.
4. Тізілімдер жүйесінде бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) иеленушілерге, эмитенттерге және номиналды ұстаушыларға жеке шоттар ашылады.
Жеке шотты ашу орталық депозитарий "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі - Кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы заң) көзделген тиісті тексеру шараларын қабылдағаннан кейін жүргізеді.
Жеке тұлға болып табылатын клиентті биометриялық сәйкестендіру құралын пайдалана отырып сәйкестендіру кезінде сәйкестендіру деректерімен алмасу орталығының (бұдан әрі – СДАО) қызметтерін пайдалануға рұқсат етіледі.
Жеке немесе заңда тұлға болып табылатын клиентті сәйкестендіру кезінде мемлекет қатысатын кредиттік бюро қызметтерін пайдалануға рұқсат етіледі.
Орталық депозитарийдің СДАО-мен немесе мемлекет қатысатын кредиттік бюромен өзара іс-қимыл ету Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17920 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 307 қаулысымен бекітілген Орталық депозитарийдің қызметін жүзеге асыру қағидаларында көзделген талаптармен жүзеге асырылады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 21.09.2020 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.4-1. Орталық депозитарий СДАО немесе мемлекеттің қатысуымен кредиттік бюро немесе мемлекеттік дерекқорды қалыптастыруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар айқындаған тәртіппен орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде қамтылған өз клиенттері туралы деректерді орталық депозитарий осындай клиенттер туралы жоғарыда көрсетілген дереккөздерден алып отыратын ақпаратпен салыстырып тексеруді орталық депозитарийдің ішкі қағидаларында айқындалған тәртіппен жүзеге асырады.
Осы салыстырып тексерудің қорытындысы бойынша клиент туралы деректерде сәйкессіздіктер анықталған кезде орталық депозитарий оның ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен клиент туралы жаңартылуға тиіс деректердің болуын айқындайды және өзінің есептік жүйесіне тиісті өзгерістер енгізеді, содан кейін мұндай клиентке СДАО-ның немесе мемлекеттің қатысуымен кредиттік бюроның қызметтерін пайдаланумен немесе орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленген тәртіппен, мерзімде және тәсілмен тікелей мемлекеттік дерекқордан алынған ақпарат негізінде оның деректері жаңартылған жағдайда хабарлама жолдайды.
Ескерту. 4-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 21.09.2020 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.09.2021 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.5. Орталық депозитарийдің тiзiлiмдер жүйесін қалыптастыру бойынша iс-әрекетi эмитент, бұрын бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізген ұйымды және бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) ұстаушы ұсынған мәлiметтердi қабылдаудан, тексеруден, өңдеуден, тiзiлiмдер жүйесіне енгізуден тұрады.
6. Тізілімдер жүйесін мынадай құжаттар құрайды:
1) операцияларды жүргізу бұйрықтары;
2) бұйрықтардың орындалуы туралы есептер (жүргізілген операциялар туралы хабарламалар);
3) бұйрықтарды орындаудан бас тартулар;
4) жеке тұлға болып табылатын тіркелген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың не осы Қағидалардың 13-тармағының 2) және 3) тармақшаларында белгіленген, заңды тұлға болып табылатын тіркелген тұлға ұсынған құжаттардың көшiрмелерi;
5) мүлікті сенімгерлік басқару шарттарының көшірмелері оларға енгізілген барлық өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге;
6) тізілімдер жүйесінде операциялар жүргізілген Қағидалардың 10, 11, 12, 13, 14, 16, 40, 42, 43, 44, 45, 48, 49, 51, 52, 53, 54, 56, 59, 60, 61, 62, 63, 64, 65, 67, 68, 69, 70, 72, 73, 74, 75, 76, 77, 78, 79, 80, 81 және 82-тармақтарында көрсетілген құжаттар;
7) эмитенттен (бұрын бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізген ұйымнан) орталық депозитарий алған және орталық депозитарий шарттың қолданылу кезеңінде эмитентке жіберген құжаттар;
8) уәкілетті органның эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы (мемлекеттік емес облигацияларды, исламдық бағалы қағаздарды өтеу қорытындылары туралы) есептерді бекіту туралы хабарламаларының көшірмелері;
9) операцияларды тіркеу журналы;
10) кіріс құжаттарын тіркеу журналы;
11) шығыс құжаттарын тіркеу журналы;
12) мұрағатты жүргізу журналы;
13) бағалы қағаздар ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін құрайтын құжаттарды қабылдау-өткізу актілері.
7. Тізілімдер жүйесінде мынадай:
1) эмитент туралы, оның ішінде инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы, кастодиан және эмитенттің бағалы қағаздарының шығарылымдары туралы;
2) инвестициялық пай қорының атауы туралы;
3) тіркелген тұлғалар, олардың жеке шоттарының нөмірлері, бағалы қағаздарды ұстаушылар және олардың өкілдері туралы;
4) жеке шоттарда есепке алынатын бағалы қағаздардың түрі, саны, халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ISIN - коды) туралы;
5) эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары туралы;
6) бағалы қағаздар (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары) сенімгерлік басқаруға берілген тұлғалар туралы;
7) тізілімдер жүйесінде жүргізілетін операциялар және оларды жүргізу негіздері туралы;
8) тізілімдер жүйесін құрайтын құжаттарды қабылдау және өткізу туралы;
9) орталық депозитарий бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (шоттарына) есептен шығару (есепке жазу) бұйрығын орындаған жағдайда мәміленің сомасы туралы;
10) пайдасына бағалы қағаздарға (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) ауыртпалық салу жүзеге асырылған тұлғалар туралы және ауыртпалық салынған бағалы қағаздар бойынша оларға берілген құқықтар туралы мәліметтер қамтылады.
8. Тізілімдер жүйесінде эмитент туралы мынадай мәліметтер болады:
1) эмитенттің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі толық және қысқаша атауы;
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) жүзеге асырған мемлекеттік органның атауы, сондай-ақ мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) күні және бар болса нөмірі, эмитенттің бизнестік сәйкестендіру нөмірі (бар болса) (бұдан әрі - БСН);
3) орналасқан жері, пошталық мекенжайы;
4) телефон, факс нөмірлері және басқа байланыс құралдары;
5) эмитенттің атқарушы органы басшысының және бас бухгалтерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса).
9. Тізілімдер жүйесінде эмитенттің бағалы қағаздары туралы мынадай мәліметтер болады:
1) бағалы қағаздар шығарылымдарының мемлекеттік тіркелуі туралы куәліктің берілген күні мен нөмірі (бұрын берілген куәліктердің күндері мен нөмірлерін көрсете отырып) және бағалы қағаздардың шығарылымын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған тіркеуші органның атауы;
2) бағалы қағаздардың түрі, халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ISIN - коды), шығару нысаны, оның ішінде бағалы қағаздарды айырбастау туралы ақпарат;
3) инвестициялық пай қорының пайларын қоспағанда, жарияланған бағалы қағаздар саны;
4) орналастырылған бағалы қағаздар саны;
5) облигациялардың (исламдық бағалы қағаздардың) номиналдық құны;
6) облигациялардың (исламдық бағалы қағаздардың) айналыс мерзімі және оларды өтеу күні;
7) акцияларды және исламдық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы (мемлекеттік емес облигацияларды өтеу хабарламалары, исламдық бағалы қағаздарды өтеу қорытындылары туралы) есептер бекітілген күн, акцияларды және исламдық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептер бекітілген күн (есепті кезең аяқталған күн).
Тізілімдер жүйесін құрайтын мәліметтерге өзгерістер мен толықтыруларды эмитенттің тиісті құжаттарына оларды енгізген және (немесе) уәкілетті органнан бағалы қағаздардың шығарылымына, айналысына, өтелуіне және (немесе) жойылуына қатысты жаңа құжаттар алған күннен кейін күнтізбелік 10 (он) күн ішінде эмитент орталық депозитарийге береді.
Эмитент тізілімдер жүйесін құрайтын, облигацияларды өтеу күні туралы мәліметтерге толықтыруларды облигациялардың осы шығарылымының проспектісінде облигацияларды өтеудің нақты күні болмаған жағдайда, облигацияларды өтеу күні айқындалғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн ішінде орталық депозитарийге береді.
10. Орталық депозитарий инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы ұсынған мынадай құжаттардың негізінде инвестициялық пай қорының пайына қызмет көрсетуге қабылдайды:
пайлар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
инвестициялық пай қоры қағидаларының көшірмесі;
мынадай:
инвестициялық пай қорының атауы;
құжатқа қол қою құқығын беретін басқарушы компанияның атауы;
басқарушы компания өкілінің лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), жеке басын куәландыратын құжаттың деректері туралы мәліметтерді қамтитын, жеке шоттар бойынша операцияларды және ақпараттық операцияларды жүргізуге арналған құжаттарға қол қою құқығына ие басқарушы компания өкілдерінің нотариат куәландырған қол қою үлгілерін қамтитын құжаттар;
осы құжатта келтірілген қолдардың үлгілері тізілімдер жүйесінде ашылған тіркелген тұлғаның жеке шоты бойынша операцияларды және ақпараттық операцияларды жүзеге асыру кезінде міндетті болып саналады;
мынадай:
инвестициялық пай қорының атауы;
басқарушы компанияның атауы;
инвестициялық пай қорының активтерін есепке алуды жүзеге асыратын кастодианның атауы;
кастодиан өкілінің лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), жеке басын куәландыратын құжаттың деректері туралы мәліметтерді қамтитын, жеке шоттар бойынша операцияларды және ақпараттық операцияларды жүргізуге арналған құжаттарды растау құқығына ие кастодиан өкілдерінің нотариат куәландырған қол қою үлгілерін қамтитын құжаттар;
осы құжатта келтірілген қолдардың үлгілері тіркелген тұлғаның тізілімдер жүйесінде ашылған жеке шоты бойынша операциялар және ақпараттық операциялар расталған кезде міндетті болып саналады.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.11. Жарияланған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмиссиялық бағалы қағаздарды эмитенттің жеке шотына есепке алуды орталық депозитарий эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің көшірмесі мен бағалы қағаздар шығарылымы проспектісінің көшірмесі немесе бағалы қағаздарды шығару проспектісіне енгізілген өзгерістер мен (немесе) толықтырулар негізінде жүзеге асырады.
12. Тізілімдер жүйесінде жеке тұлғаға дербес шот ашу мынадай құжаттар негізінде жүзеге асырылады:
1) жеке шот ашу туралы бұйрық;
2) жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі (құжаттар пошта байланысы арқылы ұсынылған жағдайда немесе инвестициялық пай қорының пайларын сатып алуға арналған өтінімнің көшірмесі қоса берілген жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (басқарушы компания пайларды сатып алуға өтінім берген жеке тұлғаның атынан құжаттарды берген жағдайда).
Жеке тұлғаға жеке шот ашуға бұйрық беру Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, қағаз түрінде немесе электрондық құжат нысанында не клиенттің динамикалық және (немесе) биометриялық сәйкестендіруі пайдаланыла отырып, өзге электрондық-цифрлық нысанда жүзеге асырылады.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.09.2021 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.13. Заңды тұлғаға дербес шот ашу мынадай құжаттардың негізінде жүзеге асырылады:
1) жеке шот ашу туралы бұйрық;
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың көшірмесі;
3) мынадай мәліметтерді қамтитын, жеке шоттар бойынша операцияларды және ақпараттық операцияларды жүргізуге арналған құжаттарға қол қою құқығына ие заңды тұлға өкілдерінің қолтаңбаларының нотариат куәландырған үлгілері бар құжат:
заңды тұлғаның атауы;
заңды тұлға өкілінің лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке басын куәландыратын құжаттың деректері;
осы құжатта қамтылған қол қою үлгілері заңды тұлғаның жеке шоты бойынша операцияларды және ақпараттық операцияларды жүзеге асыру кезінде міндетті болып саналатынын көрсету.
Заңды тұлғаның бірінші басшысы Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, электрондық құжат нысанында заңды тұлғаның жеке шотын ашуға арналған бұйрықты немесе клиентті динамикалық сәйкестендіруді және (немесе) заңды тұлғаның бірінші басшысын биометриялық сәйкестендіруді пайдалана отырып, өзге де электрондық-цифрлық нысанда ұсынған кезде, осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген құжат ұсынылмайды.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.09.2021 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.14. Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген жеке шот ашуға арналған құжаттарды жеке тұлға немесе оның өкілі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделген сенімхат негізінде ұсынады не пошта байланысы арқылы не Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді пайдаланумен электрондық құжат нысанында немесе клиентті динамикалық және (немесе) биометриялық сәйкестендіруді пайдаланумен өзге де электрондық-цифрлық нысанда ұсынылады.
Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген жеке шот ашуға арналған құжаттарды заңды тұлғаның бірінші басшысы және (немесе) оның өкілі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес ресімделген сенімхат негізінде ұсынады не пошта байланысы арқылы жолдайды.
Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген жеке шот ашуға арналған құжаттар заңды тұлғаның бірінші басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған, Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді пайдалану арқылы электрондық құжат нысанында немесе заңды тұлғаның бірінші басшысын динамикалық және (немесе) биометриялық сәйкестендіруді пайдаланумен өзге де электрондық-цифрлық нысанда ұсынылады.
Басқарушы компанияға пайларды иеленуге өтінім берген тұлғаға жеке шот ашылған жағдайда, егер инвестициялық пай қорының қағидаларында көзделген болса, Қағидалардың 12 және 13-тармақтарында көрсетілген құжаттарды орталық депозитарийге беруді басқарушы компания жүзеге асырады.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.09.2021 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.15. Қағидалардың 12 және 13-тармақтарының талаптары:
1) бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) иеленуші - тіркелген тұлғаға, номиналды ұстау жүйесінде осы тұлғаға тиесілі бағалы қағаздар (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары) есепке алынған номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы лицензиясынан айырылған жағдайда, номиналды ұстаушының жеке шотты ашу жөніндегі бұйрығының және номиналды ұстаушыға оның клиенті номиналды ұстаудың есебін жүргізу жүйесінде жеке шотты ашу үшін ұсынған құжаттардың түпнұсқалары негізінде жеке шот ашқан кезде;
2) орталық депозитарий соттың атқару парағын орындау мақсатында тіркелген тұлғаға жеке шот ашқан кезде;
3) қаржы ұйымдары қайта ұйымдастырылған жағдайда тіркелген тұлғаға жеке шот ашқан кезде қолданылмайды.
Осы тармақтың ережелері тіркелген тұлғаның тізілімдер жүйесінде ашылған жеке шоты болмаған жағдайда қолданылады.
16. Егер бағалы қағаздарға меншік құқығы бірнеше тұлғаға тиесілі болса, тізілімдер жүйесіндегі жеке шот ортақ меншіктің барлық қатысушыларының оны таңдауы туралы келісімді қоса берумен, олардың жалпы өкілінің жеке шотын ашуға бұйрықтың негізінде немесе Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді пайдаланумен электрондық құжат нысанында немесе клиентті динамикалық және (немесе) биометриялық сәйкестендіруді пайдаланумен өзге де электрондық-цифрлық нысанда ашылады.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.09.2021 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.17. Жеке шотты ашуға (жабуға) бұйрыққа жеке тұлға немесе оның өкілі не заңды тұлғаның өкілі қол қояды және орталық депозитарийдің қағидалар жинағында көзделген мәліметтерді қамтиды.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.09.2021 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.18. Алып тасталды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
19. Эмитентті және ортақ меншік қатысушыларының ортақ өкілін қоспағанда, тіркелген тұлғаның тізілімдер жүйесінде бір жеке шоты болады.
20. Жеке шотқа жеке нөмір беріледі. Жеке шот мынадай:
1) тіркелген тұлға;
2) бағалы қағаздардың саны, түрі және халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ІSІN коды);
3) эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары;
4) ауыртпалық салынған бағалы қағаздардың (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарының) саны;
5) пайдасына бағалы қағаздарға (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарына) ауыртпалық салу жүзеге асырылған және ауыртпалық салынған бағалы қағаздар бойынша құқықтар кімге тиесілі тұлғалар;
6) оқшауланған бағалы қағаздардың (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарының) саны;
7) осы жеке шот бойынша жүргізілген операциялар;
8) Орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленген көлемде сенімгерлік басқарушы;
9) сенімгерлік басқаруға берілген бағалы қағаздардың (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарының) саны туралы;
10) Орталық депозитарийдің қағидалар жинағында көзделген мәліметтерді қамтиды.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.21. Инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы лицензиясының қолданылуы тоқтатылған немесе одан айырылған жағдайда инвестициялық пай қорының жеке шоттарын басқару инвестициялық пай қорының кастодианына көшеді және орталық депозитарийдің қағидалар жинағында көзделген тәртіппен инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіне тиісті өзгерістер енгізу жолымен ресімделеді.
22. Жеке шотта жеке шот бойынша жүргізілген операциялар туралы мынадай ақпарат көрсетіледі:
1) операция түрі;
2) оның жүргізілген күні және уақыты;
3) операцияны жүргізу негізі;
4) операцияға қатысқан жеке шоттардың нөмірлері;
5) бағалы қағаздардың саны, түрі, халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ISIN - коды) немесе оларға қатысты операция жүргізілген эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарының саны және сәйкестендіргіші.
23. Тізілімдер жүйесінде меншік иегерлерінің және эмитенттің бірдей құқығы мен міндеттерін куәландыратын бағалы қағаздардың бір түрі бойынша есепке алу орталық депозитариймен жүзеге асырылады.
24. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік қатысушыларының тізілімін қалыптастыру, жүргізу және сақтау орталық депозитарийдің қағидалар жинағына және орталық депозитарийдің шаруашылық серіктестікпен жасаған шартына сәйкес жүзеге асырылады.
25. Орталық депозитарийге келіп түскен құжаттар кіріс құжаттарды тіркеу, эмитенттердің және тіркелген тұлғалардың бұйрықтарын есепке алу, сенімхаттарды есепке алу журналдарында тіркеледі. Орталық депозитарий құжатты қабылдағаннан кейін (ақпараттық жүйелерді пайдаланумен электрондық құжаттарды қабылдау жағдайларын қоспағанда) өтініш білдірген адамның сұрау салуы бойынша оған қабылдау күнін (уақытын) және құжатты қабылдаған орталық депозитарий қызметкерінің тегін, атын, әкесінің атын (ол бар болса) көрсете отырып, құжатты қабылдау фактісін растайтын құжат береді.
Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.09.2021 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.26. Орталық депозитарий берген құжаттар шығыс құжаттарының журналында тіркеледі.
27. Тізілімдер жүйесін құрайтын мәліметтердегі өзгерістер орталық депозитарийдің тиісті ішкі есеп журналдарында тіркеледі.
28. Орындалуы туралы белгісі бар құжаттар орталық депозитарийдің мұрағатына өткізіледі, олар мұрағат жүргізу журналында тіркеледі. Құжаттарды мұрағат жүргізу журналында тіркеу кезінде олардың тұтастығы, парақтары мен данасының саны, сондай-ақ олардың қосымшалары тексеріледі.
29. Тізілімдер жүйесін құрайтын электрондық және (немесе) қағаз тасымалдағыштардағы мәліметтер жоғалған немесе жойылған жағдайда орталық депозитарий:
1 (бір) жұмыс күні ішінде бұл туралы эмитентке, уәкілетті органға және орталық депозитарийге хабарлайды;
тізілімдер жүйесін құрайтын қағаз тасымалдағыштардағы мәліметтерді қалпына келтіру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында мүдделі тұлғалардың құжаттарды беру қажеттігі туралы ақпаратты жариялайды;
жоғалған немесе жойылған деректерді олардың жоғалған немесе жойылған күнінен бастап 14 (он төрт) күнтізбелік күн ішінде қалпына келтіреді.
30. Тіркеу жүйесін құрайтын құжаттарды сақтауды орталық депозитарий дербес немесе үшінші тараптардың қызмет көрсету келісімдері бойынша жүзеге асырады.
31. Алып тасталды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.32. Алып тасталды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
33. Трансфер-агенттің қызметтерін пайдаланған жағдайда, орталық депозитарийдің клиенттері аударма агенті осы клиентке дербес төлейтін трансфер-агенттік қызметтердің құнын қоспағанда, орталық депозитарийдің қызметтеріне жеке төлейді.
2-тарау. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру тәртібі
34. Бағалы қағаздармен (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарымен) мәмілелерді тізілімдер жүйесінде тіркеу жеке шоттар бойынша тиісті операцияларды жүргізу жолымен жасалады.
Айналыс мерзімі өткен және эмитент оларды өтеу бойынша міндеттемелерді орындамаған эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқығын есепке алу осы эмиссиялық бағалы қағаздардың халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ISIN- коды) көрсете отырып, орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленген тәртіпте орталық депозитарий беретін сәйкестендіргіш бойынша жүзеге асырады.
Тіркелген тұлғалардың жеке шоттарындағы эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқығының сандық мәні ("Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Атқарушылық iс жүргiзу туралы заң) сәйкес мемлекеттік органдардың, сондай-ақ осындай құқыққа ие тұлғалардың актілері негізінде оларды оқшаулау бойынша операциялар жүргізілген эмиссиялық бағалы қағаздарды қоспағанда) осы талап ету құқығы туындаған эмиссиялық бағалы қағаздардың санына сәйкес айқындалады.
35. Орталық депозитарий тізілімдер жүйесінде операциялардың мынадай түрлерін жүзеге асырады:
1) жеке шоттар бойынша операциялар;
2) ақпараттық операциялар.
36. Жеке шоттар бойынша операцияларға мыналар жатады:
1) жеке шот ашу;
2) тіркелген тұлға, инвестициялық пай қоры немесе инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы туралы мәліметтерді өзгерту;
3) бағалы қағаздарды тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (шоттарына) есептен шығару (есепке жазу);
4) эмитенттің орналастырылған акциялары (эмитент сатып алған акцияларды шегергенде) санының ұлғаюына байланысты тіркелген тұлғаның жеке шотында акциялар санының ұлғаюы туралы жазбаларды енгізу;
5) бағалы қағаздарға ауыртпалық салу (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарына) және ауыртпалық салуды алып тастау;
6) бағалы қағаздарды оқшаулау (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) және оқшаулауды алып тастау;
7) сенімгерлік басқарушы туралы жазбаны енгізу және сенімгерлік басқарушы туралы жазбаны алып тастау;
8) эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (шоттарына) есептен шығару (есепке жазу);
9) эмитенттің бағалы қағаздарын және өзге де ақшалай міндеттемелерін эмитенттің жай акцияларына айырбастау туралы жазбаларды енгізу;
10) эмитенттің бір түрдегі орналастырылған акцияларын осы эмитенттің басқа түрдегі акцияларына айырбастау туралы жазбаларды енгізу;
11) эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын жою;
12) бағалы қағаздарды өтеу;
13) жеке шотты жабу.
37. Ақпараттық операцияларға мыналар жатады:
1) белгілі бір күнге және уақытқа бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімін (акционерлер тізімін) жасау және беру;
2) жеке шоттан үзінді-көшірме жасау және беру;
3) белгілі бір күнге және уақытқа бағалы қағаздарды ұстаушылар туралы анықтама жасау және беру;
4) тиісті бұйрықтың немесе тіркелген тұлғаның (оның өкілінің) сұратуының негізінде ақпарат дайындау және беру.
Тізілімдер жүйесін жүргізуді бұрын жүзеге асырған ұйым тізілімдер жүйесін жүргізу күніне орталық депозитарий ұсынатын ақпарат пен құжаттар тізілімдер жүйесін жүргізуді бұрын жүзеге асырған ұйым берген құжаттарға сәйкес жасалады және олар бойынша өзгерістер соттың тиісті шешімінің негізінде ғана енгізіледі.
Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.38. Тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (жеке шоттарына) бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) есептен шығару (есепке алу) бұйрығында орталық депозитарийдің қағидалар жинағында көзделген мәліметтер қамтылады.
Тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (жеке шоттарына) бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) есептен шығару (есепке алу) бұйрығына мәмілеге қатысушы тұлға немесе оның өкілі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында белгіленген жағдайларда орталық депозитарий қол қояды. Бұйрық Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді пайдаланумен электрондық құжат нысанында немесе клиентті динамикалық және (немесе) биометриялық сәйкестендіруді пайдаланумен өзге де электрондық-цифрлық нысанда ұсынылады.
Инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (жеке шоттарына) пайларды есептен шығару (есепке алу) бұйрығына оның өкілі қол қояды, сондай-ақ инвестициялық пай қорының активтерін есепке алуды қамтамасыз ететін кастодиан бөлімшесінің басшысы қол қояды не кастодиан инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (жеке шоттарына) пайларды есептен шығару (есепке алу) бұйрығын өзінің жазбаша түрде немесе Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді пайдаланумен электрондық құжат нысанында немесе клиентті динамикалық және (немесе) биометриялық сәйкестендіруді пайдаланумен өзге де электрондық-цифрлық нысанда растауын орталық депозитарийге жіберу жолымен растайды.
Орталық депозитарийге ұсынылатын бұйрықтардың, сондай-ақ басқарушы компанияның бұйрығын кастодиан растауының нысаны мен мазмұны орталық депозитарийдің қағидалар жинағына сәйкес айқындалады.
Қауіпсіздік рәсімдерін ескере отырып, бұйрықтарды электрондық құжат нысанында немесе клиентті динамикалық және (немесе) биометриялық сәйкестендіруді пайдаланумен өзге де электрондық-цифрлық нысанда беру тәртібі мен талаптары, сондай-ақ олардың форматтары, наразылықтарды ұсыну тәртібі және бұйрықтарды қабылдау кезінде туындайтын даулы жағдайларды шешу тәсілдері орталық депозитарийдің қағидалар жинағында айқындалады.
Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.09.2021 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.39. Орналастырылған акциялардың (эмитент сатып алған акцияларды шегергенде) саны ұлғайған кезде тіркелген тұлғалардың жеке шоттары бойынша жарияланған акцияларды бөлу бұйрығында мынадай мәліметтер қамтылады:
1) бұйрықтың нөмірі және тіркелген күні;
2) бағалы қағаздар эмитентінің атауы;
3) тіркелген тұлға туралы мәліметтер;
4) тіркелген тұлғаның жеке шотының нөмірі;
5) бағалы қағаздардың түрі, халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ISIN- коды);
6) орналастырылған акциялар (эмитент сатып алған акцияларды шегергенде) санының ұлғаюына байланысты жүргізілген операция нәтижесінде пайда болған аталған жеке шоттардағы орналастырылған акциялар (эмитент сатып алған акцияларды шегергенде)санына тіркелген тұлғалардың жеке шоттары бойынша бөлінетін жарияланған акциялар санының арақатынасы;
7) операция жүргізуге арналған бағалы қағаздар саны;
8) орналастырылған акциялардың (эмитент сатып алған акцияларды шегергенде) санын ұлғайтуға арналған нұсқау;
9) бағалы қағаздар бойынша құқықтарға қатысты мәліметтер.
Орналастырылған акциялардың (эмитент сатып алған акцияларды шегергенде) саны ұлғайған кезде тіркелген тұлғалардың жеке шоттарына жарияланған акцияларды бөлу бұйрығына эмитенттің уәкілетті адамы қол қояды.
40. Ортақ меншікке қатысушылардың ортақ өкілінің жеке шоты бойынша операциялар жүргізілген жағдайда орталық депозитарийге Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, қағаз түрінде немесе электрондық құжат нысанында немесе клиентті динамикалық және (немесе) биометриялық сәйкестендіруді пайдалана отырып өзге де электрондық-цифрлық нысанда операция жүргізуге ортақ меншікке барлық қатысушылардың келісімі беріледі.
Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.09.2021 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.41. Жеке шоттар бойынша операция жүргізу кезінде орталық депозитарий бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдері жүйесінің деректеріне қарай мәмілеге қатысушылардың бұйрықтары мазмұнының Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкестігін тексереді және бұйрықтарға қойылған қолдардың жеке шоттар бойынша операциялар мен ақпараттық операцияларды тіркеуге арналған құжаттарға қол қоюға құқығы бар заңды тұлға өкілдерінің нотариат куәландырған қол қою үлгілері, заңды тұлғаның құжатта немесе мәміле тарабы не сенімхат бойынша өкілдері болып табылатын жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатта (түпнұсқасында немесе нотариат куәландырған көшірмесінде) көрсетілген қолдарға сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады.
Орталық депозитарий электрондық құжат нысанында берілген бұйрықтар, өкімдер негізінде жеке шоттар бойынша операциялар жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес электрондық цифрлық қолтаңбаларды тексереді.
Өзге де электрондық-цифрлық нысанда берілген бұйрықтар, өкімдер негізінде жеке шоттар бойынша операциялар жүргізу кезінде орталық депозитарий клиентті динамикалық және (немесе) биометриялық сәйкестендіруді жүзеге асырады.
Заңды тұлғаның жеке шоттары бойынша операциялар жүргізу кезінде электрондық құжат нысанында немесе өзге де электрондық-цифрлық нысанда берілетін бұйрықтарға, өкімдерге қол қоюды заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе орталық депозитарийге ұсынылған мәліметтер негізінде осындай құжаттарға қол қоюға құқығы бар тұлғалар жүзеге асырады.
Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.09.2021 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.42. Қағидалардың 15-тармағына сәйкес ашылған жеке шоттар бойынша Қағидалардың 36-тармағының 2), 3), 5), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген операциялар (мұраға қалдырған немесе заңды тұлға таратылған кезде бағалы қағаздар бойынша меншік құқығы ауысқан жағдайда бағалы қағаздарды бір жеке шоттан басқа жеке шотқа аударуды, басқарушы компанияның инвестициялық пай қоры қызметін тоқтатқан кезде пайларды есептен шығаруын қоспағанда) жеке тұлға болып табылатын тіркелген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатты не, егер тіркелген тұлға заңды тұлға болып табылған жағдайда, Қағидалардың 13-тармағының 2) және 3) тармақшаларында белгіленген құжаттарды орталық депозитарийге бергенге дейін жүргізілмейді.
43. Тіркелген тұлға орталық депозитарийге:
1) жеке басын куәландыратын құжатты (жеке тұлға үшін);
2) Қағидалардың 13-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды (заңды тұлға үшін) ұсынғанға дейін Қағидалардың 15-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ашылған жеке шот бойынша тіркелген тұлғаның жеке шотына бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) есепке алу операцияларын қоспағанда, Қағидалардың 36-тармағының 2), 3), 5), 7) тармақшаларында көрсетілген операциялар жүргізілмейді.
44. Жеке шотта қамтылған тіркелген тұлға, инвестициялық пай қоры немесе инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы туралы мәліметтерді өзгерту операциясын орталық депозитарий осы өзгерістерді растайтын құжаттар және (немесе) тіркелген тұлғадан, инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясынан алынған ақпарат негізінде орталық депозитарийдің қағидалар жинағында айқындалған тәртіппен жүргізеді.
Жеке шотта қамтылған пайларды ұстаушы болып табылатын тіркелген тұлға туралы мәліметтерді (жеке тұлға тегінің, атының, әкесі атының (ол бар болса) және (немесе) заңды тұлға атауының өзгергені туралы мәліметтерді қоспағанда) өзгерту операциясы, егер ол инвестициялық пай қорының қағидаларында орталық депозитарийдің қағидалар жинағында айқындалған тәртіппен көзделсе, осы өзгерістерді растайтын, басқарушы компания орталық депозитарийге берген тіркелген тұлғаның құжаттары негізінде жүзеге асырылады.
Осы тармақтың талаптары Қағидалардың 4-1-тармағында көзделген тіркелген тұлға, инвестициялық пай қоры немесе инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы туралы мәліметтер өзгерген жағдайларға қолданылмайды.
Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 21.09.2020 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.45. Орталық депозитарий бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (жеке шоттарына) есептен шығару (есепке алу) жөніндегі операцияларды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілені тіркеу туралы қарсы бұйрықтарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) және Қағидалардың 47, 49, 51, 52, 53, 54, 55, 56, 58, 59, 60, 61, 62, 63, 64, 73, 74 және 77-тармақтарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, Қағидаларға және бағалы қағаздар нарығы туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы операцияны жүргізу үшін қажетті өзге де құжаттарды алған кезде жүргізеді.
Егер Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 72-1-бабына, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-1-бабына, "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына сәйкес мәміле тараптарының біріне оны жасау үшін осындай келісімді (рұқсатты) беруге уәкілетті мемлекеттік органның келісімі (рұқсаты) талап етілсе, орталық депозитарий осындай келісімнің (рұқсаттың) болуын растайтын құжатты сұратады.
Осы тармақтың екінші бөлігінің талабы бағалы қағаздарды сенімгерлік басқаруға беру кезінде тізілімдер жүйесінде орталық депозитарий жүргізетін операцияларға да қолданылады.
Ескерту. 45-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.46. Орталық депозитарий номиналды ұстаушының клиентіне бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдер жүйесінде жеке шот ашу үшін номиналды ұстаушының бұйрығын алған күннен бастап күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде және номиналды ұстаудың есебін жүргізу жүйесінде жеке шотты ашу үшін номиналды ұстаушыға оның клиенті ұсынған құжаттарды және нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9876 тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 210 қаулысымен бекітілген Эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді, эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі эмитенттердің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын беруді орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде тіркеу, орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркелген тұлғаның жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының номиналды ұстауындағы бағалы қағаздары бар клиенттер туралы ақпаратты орталық депозитарийдің және эмитенттің талап етуі бойынша табыс ету қағидаларының 36-тармағында көрсетілген номиналды ұстаушының клиенті болып табылатын бағалы қағаздардың меншік иесіне жеке шотты ашу жөніндегі бұйрықты жібереді.
Орталық депозитарий номиналды ұстаушының бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдер жүйесінде номиналды ұстаушының клиентіне ашылған жеке шотқа кейіннен есепке алуы мақсатында орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ашылған номиналды ұстаушының шотынан бағалы қағаздарды есептен шығару (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) жөніндегі бұйрығын алған күннен бастап күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде номиналды ұстаушының клиенті болып табылатын бағалы қағаздардың меншік иесіне бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдер жүйесінде ашылған жеке шотқа есепке алуға және бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдер жүйесінде тұрған бағалы қағаздарға (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) ашылған орталық депозитарийдің жеке шотынан есептен шығаруға арналған бұйрықтарды жібереді.
47. Орталық депозитарий кепілге қойылған бағалы қағаздар бойынша меншік құқығының (эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары) басқа тұлғаға өтуін тіркеу операциясын жүргізген жағдайда, Қағидалардың 45-тармағында көзделген құжаттардан басқа, пайдасына бағалы қағаздарға (эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарына) ауыртпалық салынған кепіл ұстаушының оларды иеліктен алуға келісімі ұсынылады.
Егер ұсынылған кепіл ұстаушының бағалы қағаздарды (эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) иеліктен алуға келісімінде кепілді сақтап қалу талабы қамтылатын болса, осындай бағалы қағаздарды (эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) есептен шығару, есепке жазу және ауыртпалық салу операциялары кепілге ауыртпалық салудың туындауын немесе басқа тұлғаға өтуін растайтын құжат қосымша ұсынылған жағдайда жүргізіледі.
48. Тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан оларға тиесілі, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Банктер және банк қызметі туралы заң) 16-бабының 6-тармағына сәйкес мәжбүрлеп сатып алуға жататын екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі – банктер) акцияларын есептен шығару және осы акцияларды уәкілетті органның шотына есепке жазу операциялары Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18669 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 2 мамырдағы № 70 қаулысымен бекітілген Банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және оларды кейіннен инвесторларға міндетті түрде сату қағидаларында белгіленген тәртіппен қабылданған уәкілетті органның шешімі негізінде тіркеледі.
Ескерту. 48-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2019 № 262 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.49. Эмитенттің бағалы қағаздарын және эмитенттің кредиторлары алдындағы өзге де ақшалай міндеттемелерін оның жай акцияларына айырбастау туралы жазбалар енгізу жөніндегі операцияны орталық депозитарий эмитент уәкілетті органның эмитент жүргізген айырбастау туралы хабарламасының көшірмесін және мынадай құжаттардың бірінің көшірмесін ұсынған кезде жүргізеді:
1) эмитенттің жай акцияларына айырбасталатын эмитенттің бағалы қағаздары шығарылымының проспектісі;
2) Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген тәртіппен қабылданған банкті қайта құрылымдау жоспары;
3) егер эмитент дәрменсіз борышкер болып табылса, Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен қабылданған оңалту жоспары.
Орталық депозитарий тіркелген тұлғаларға тиесілі эмитенттің бағалы қағаздарын оның жай акцияларына айырбастау туралы жазбалар енгізу жөніндегі операцияны тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан бағалы қағаздарды есептен шығару және оларды сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттің жеке шотына есепке алу және жарияланған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттің жеке шотынан жай акцияларды есептен шығару және эмитенттің бағалы қағаздарды айырбастау туралы жазбалар енгізуге арналған бұйрығы негізінде оларды тіркелген тұлғалардың жеке шоттарына есепке алу арқылы жүргізеді.
Орталық депозитарий эмитенттің кредиторлары алдындағы ақшалай міндеттемелерін оның жай акцияларына айырбастау туралы жазбаларды енгізу жөніндегі операцияны жарияланған немесе сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттің жеке шотынан жай акцияларды есептен шығару және оларды Қағидалардың 12 және 13-тармақтарына сәйкес эмитенттің ақша міндеттемелерін айырбастау туралы жазбаларды енгізуге арналған бұйрығының негізінде эмитенттің жеке шоттарына есепке алу жолымен жүргізеді.
Бағалы қағаздарды және эмитенттің кредиторлары алдындағы ақшалай міндеттемелерді оның жай акцияларына айырбастауға байланысты жеке шот бойынша операциялар жүргізілгеннен кейін орталық депозитарий 1 (бір) жұмыс күні ішінде оған бұл туралы хабарлама жібереді.
Орталық депозитарий эмитенттің сатып алынған бағалы қағаздардың айырбасталуына байланысты оларды есепке алу үшін жеке шотына есепке алынған облигациялардың күшін облигациялар шығарылымының күшін жою туралы куәліктің көшірмесі негізінде жояды.
Ескерту. 49-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.50. Эмитенттің бағалы қағаздарын және кредиторлары алдындағы өзге ақшалай міндеттемелерін оның жалғыз ұстаушысы уәкілетті органның қызметі екінші деңгейдегі банктердің орнықтылығын арттыруға бағытталған еншілес ұйымы (бұдан әрі - Ұйым) болып табылатын бағалы қағаздар бойынша жай акцияларына конвертациялау туралы жазбаларды енгізу бойынша операция Ұйымның хабарламасы негізінде жүргізіледі.
Эмитенттің бағалы қағаздарын және кредиторлары алдындағы өзге ақшалай міндеттемелерін оның жай акцияларына конвертациялау Қағидалардың 49-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылмайды.
51. Тіркелген тұлғаның Қағидалардың 15-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ашылған жеке шотына бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) есепке алу операцияларын орталық депозитарий бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) есептен шығару және жеке шотына есепке алуға арналған Қағидалардың 15-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген номиналды ұстаушының бұйрығының негізінде жүргізеді.
52. Эмитенттің орналастырылған акцияларының бір түрін осы эмитент акцияларының басқа түріне айырбастау туралы жазбаларды енгізу жөніндегі операцияны орталық депозитарий эмитент ұсынған эмитент акционерлерінің жалпы жиналысының орналастырылған акциялардың бір түрін акциялардың басқа түріне айырбастау туралы шешімінің көшірмесі, айырбастаудың талаптары, мерзімі мен тәртібі айқындалған акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың көшірмелері, жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы жаңа куәліктің және эмитенттің орналастырылған акциялардың бір түрін басқа түрге айырбастау туралы жазбаларды:
1) айырбастауға жататын акцияларды тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан және сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттің жеке шотынан есептен шығару және оларды жарияланған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттің жеке шотына есепке алу;
2) орналастырылған акцияларды айырбастау жүргізілетін акцияларды оған сәйкес айырбастау жүзеге асырылатын пропорцияда есептен шығару, жарияланған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттің жеке шотынан және (немесе) сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алу үшін жеке шотынан акциялары айырбастауға жататын тіркелген тұлғалардың жеке шоттарына, сондай-ақ эмитент сатып алған акцияларды айырбастау жүргізілетін акцияларды жарияланған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттің жеке шотынан айырбастау жүзеге асырылатын пропорцияда есептен шығару және оларды сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттің жеке шотына есепке алу жолымен жүргізеді.
Эмитенттің бір түрдегі орналастырылған акцияларын осы эмитенттің басқа түрдегі акцияларына айырбастауға байланысты жеке шот бойынша операциялар жүргізілгеннен кейін орталық депозитарий 1 (бір) жұмыс күні ішінде эмитентке бұл туралы хабарлама жібереді.
Ескерту. 52-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.53. Эмитенттің жеке шоты бойынша ұстаушылары талап етпеген орналастырылған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу үшін мынадай операциялар жүзеге асырылады:
1) эмитент ұсынатын бұйрық және талап етілмеген эмиссиялық бағалы қағаздар орналастырылған тұлғалардың тізімі негізінде ұстаушылары талап етпеген орналастырылған бағалы қағаздарды есепке жазу;
2) бұрын ұсынылған тізімге сәйкес эмитенттің және жеке шотына бағалы қағаздар есепке жазылатын тұлғаның қарсы бұйрықтары негізінде эмиссиялық бағалы қағаздарды есептен шығару және бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотына есепке жазу;
3) Банктер және банк қызметі туралы заңға сәйкес қайта құрылымдауды жүзеге асырған эмитенттің бұйрығы және эмитент жүргізген қайта құрылымдау шеңберінде ұстаушылары талап етпеген бағалы қағаздарға эмитенттің меншік құқығын (егер мұндай құқық эмитенттің қайта құрылымдау жоспарында көзделмеген болса) тану туралы тиісті сот шешімі негізінде эмиссиялық бағалы қағаздарды есептен шығару және сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттің жеке шотына есепке жазу.
54. Егер эмитент Банктер және банк қызметі туралы заңға сәйкес жүргізілген қайта құрылымдау процесін аяқтаса, онда осы қайта құрылымдау шеңберінде шығарылған және ұстаушылары қайта құрылымдау процесі аяқталғанға дейін талап етпеген эмитенттің бағалы қағаздарын сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттің жеке шотына есепке жазу операциясын орталық депозитарий эмитенттің бұйрығы және осы бағалы қағаздарға эмитенттің меншік құқығын (егер мұндай құқық эмитенттің қайта құрылымдау жоспарында көзделмеген болса) тану туралы тиісті сот шешімі негізінде жүргізеді.
55. Банктер және банк қызметі туралы заңға сәйкес жүзеге асырылатын эмитентті қайта құрылымдау шеңберінде шығарылған бағалы қағаздарды ұстаушылардың жеке шоттарына есепке жазу операциясы эмитенттің осы эмитентті қайта құрылымдау процесін жүзеге асыруға байланысты жойылған эмитенттің бағалы қағаздарын ұстаушылардың жеке шоттарынан есептен шығарылғаннан кейін эмитенттің қайта құрылымдау жоспары болған кезде эмитенттің бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.
56. Орналастырылған акциялардың (эмитент сатып алған акцияларды шегергенде) санын ұлғайту операциясын орталық депозитарий эмитенттің берген жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірмелері мен уәкілетті органның эмитентке берген, жарияланған акциялардың санын ұлғайту орналастырылған акциялардың (эмитент сатып алған акцияларды шегергенде) санын ұлғайту есебінен жүргізілгендігіне сілтеме жасалған ілеспе хат, сондай-ақ тіркелген тұлғалардың жеке шоттарына жарияланған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған эмитенттің жеке шотынан акцияларды аудару жолымен акцияларды эмитенттің тіркелген тұлғалардың жеке шоттарына жарияланған акцияларды бөлу бұйрығы негізінде жүргізеді.
Орналастырылған акциялардың (эмитенттің сатып алған акцияларын қоспағанда) санын көбейту операциясы эмитенттің кепілге салынған және (немесе) сенімгерлікпен қамтамасыз етілген акцияларының санын тиісті үлесті ұлғайтуды көздейді.
57. Алып тасталды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.58. Акционерлік қоғамдарды қайта ұйымдастыру кезінде тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (жеке шоттарына) бағалы қағаздарды есептен шығару (есепке жазу) операциясы Қағидалардың 59, 60, 61 және 62 айқындалған тәртіппен жүргізіледі.
Акционерлік қоғамдарды қайта ұйымдастыру кезінде құқықтарына ауыртпалық салынған және (немесе) сенімгерлік басқарудағы тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (жеке шоттарына) бағалы қағаздарды есептен шығару (есепке жазу) операциясы ауыртпалықты алу және (немесе) сенімгерлік басқарушы туралы жазбаны алып тастау операцияларын жүргізу талабымен жүргізіледі.
59. Акционерлік қоғамдарды біріктіру нысанында қайта ұйымдастыру кезінде бағалы қағаздарды тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (шоттарына) есептен шығару (есепке жазу) операциясын орталық депозитарий қайта ұйымдастырылатын акционерлік қоғамдардың:
1) акционерлері жалпы жиналысының шешімі;
2) біріктіру туралы шарт;
3) егер осындай қайта ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасының банктік заңнамасына, Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі, бағалы қағаздар нарығы, зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес уәкілетті органның рұқсаты талап етілетін болса, акционерлік қоғамды ерікті түрде қайта ұйымдастыру жүргізуге уәкілетті органның рұқсаты;
4) жаңадан құрылған акционерлік қоғамның бұйрығы негізінде жарияланған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттің жеке шотынан акцияларды есептен шығару және оларды қайта ұйымдастырылған акционерлік қоғамдардың тіркелген тұлғаларының жеке шоттарына есепке жазу жолымен жүргізеді.
60. Акционерлік қоғамды басқа акционерлік қоғамға қосу нысанында акционерлік қоғамдарды қайта ұйымдастыру кезінде бағалы қағаздарды тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (жеке шоттарына) есептен шығару (есепке жазу) операциясын орталық депозитарий қайта ұйымдастырылатын акционерлік қоғамдардың акционерлері жалпы жиналысының шешімі, қосу туралы шарт, егер осындай қайта ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасының банктік заңнамасына, Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі, бағалы қағаздар нарығы, зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес уәкілетті органның рұқсаты талап етілетін болса, акционерлік қоғамды ерікті түрде қайта ұйымдастыру жүргізуге уәкілетті органның рұқсаты және қосу жүзеге асырылатын акционерлік қоғамының бұйрығы негізінде:
қосылатын акционерлік қоғамының акцияларын кейіннен оларды жоя отырып тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан есептен шығару және оларды қосу жүзеге асырылатын акционерлік қоғамның жеке шотына есепке жазу;
қосу жүзеге асырылатын акционерлік қоғамның акцияларын жарияланған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттің жеке шотынан және (немесе) сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттің жеке шотынан есептен шығару және оларды қосылатын акционерлік қоғамның акцияларын ұстаушылары бұрын болған тіркелген тұлғаларының жеке шоттарына есепке жазу жолымен жүргізеді.
61. Акционерлік қоғамды бөлу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде бағалы қағаздарды тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (жеке шоттарына) есептен шығару (есепке жазу) операциясын орталық депозитарий:
1) акционерлердің жалпы жиналысының шешімі;
2) бөлу балансы;
3) егер осындай қайта ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасының банктік заңнамасына, Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі, бағалы қағаздар нарығы, зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес уәкілетті органның рұқсаты талап етілетін болса, акционерлік қоғамды ерікті түрде қайта ұйымдастыру жүргізуге уәкілетті органның рұқсаты;
4) бөлу нәтижесінде құрылған акционерлік қоғамдардың бұйрықтары негізінде жарияланған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттердің жеке шотынан акцияларды есептен шығару және оларды қайта ұйымдастырылатын қоғамның тіркелген тұлғаларының жеке шоттарына есепке жазу жолымен жүргізеді.
62. Акционерлік қоғамды бөліп шығару нысанында қайта ұйымдастыру кезінде тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (жеке шоттарына) бағалы қағаздарды есептен шығару (есепке жазу) операциясын орталық депозитарий:
1) акционерлердің жалпы жиналысының бөліп шығару туралы шешімі;
2) бөлу балансы, егер осындай қайта ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасының банктік заңнамасына, Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі, бағалы қағаздар нарығы, зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес уәкілетті органның рұқсаты талап етілетін болса, акционерлік қоғамды ерікті түрде қайта ұйымдастыру жүргізуге уәкілетті органның рұқсаты;
3) жаңадан құрылған акционерлік қоғамның (акционерлік қоғамдардың) бұйрығы (бұйрықтары) негізінде жүргізеді.
63. Қазақстан Республикасының Үкіметі не ұлттық басқарушы холдинг банктің жарияланған акцияларын сатып алу туралы шешім қабылдаған жағдайда орталық депозитарий:
1) уәкілетті органның банктің жарияланған акцияларының санын өсіру туралы хабарламасы және мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі негізінде жарияланған акцияларды есепке алу үшін эмитенттің жеке шотына бағалы қағаздарды есепке жазу операциясын;
2) жарияланған акцияларды есепке алу үшін эмитенттің шотынан жарияланған акцияларды есептен шығару операциясын және Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық мемлекеттік меншік иелігіне уәкілеттік берген мемлекеттік органның немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің көшірмесі негізінде ұлттық басқарушы холдингтің шотына осы акцияларды есепке жазу операциясын жүргізеді.
64. Бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) мұраға алу жағдайында орталық депозитарий тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (жеке шоттарына) бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) есептен шығару (есепке алу) операциясын мұрагер немесе оның өкілі берген тиісті бұйрығы, мұраға құқығы туралы куәліктің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі, мұрагер өкілінің өкілеттілігін растайтын құжаттар және тізілімдер жүйесінде мұрагердің жеке шоты болмаған жағдайда, Қағидалардың 12 және 13-тармақтарында көрсетілген құжаттар негізінде жүргізеді.
65. Қағидалардың 47, 67 және 77-тармақтарында көзделген операцияларды қоспағанда, бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) ұстаушының міндеттемесіне байланысты бағалы қағаздар (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары) бойынша құқықтарды шектеуді орталық депозитарий бағалы қағаздарына (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарына) ауыртпалық салынған бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) ұстаушының және пайдасына оларға ауыртпалық салу жүргізілетін тіркелген тұлғаның ауыртпалығы туралы қарсы бұйрықтары және бағалы қағаздарға ауыртпалық салу көзделетін шарттың түпнұсқасы немесе көшірмесі негізінде ауыртпалық салу операцияларын жүргізу арқылы жүзеге асырады.
Қағидалардың 67 және 77-тармақтарында көзделген операцияларды қоспағанда, орталық депозитарий тізілімдер жүйесіндегі бағалы қағаздарға (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарына) ауыртпалықты алып тастау операциясын мәмілеге қатысқан тұлғалардың ауыртпалықты алып тастау туралы қарсы бұйрықтары негізінде жүргізеді.
66. Қазақстан Республикасының заңнамасында және кепіл шартында көзделген жағдайларда көрсетілген бағалы қағаздар бойынша талап ету құқықтарын беру нәтижесінде кепілге берілген бағалы қағаздарға құқықтардың (эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары) өзге тұлғаға өтуін тіркеу бойынша операция орталық депозитариймен мынадай құжаттар негізінде жүзеге асырылады:
1) кепіл ұстаушының бағалы қағаздар бойынша талап ету құқықтарын (эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары) беруді тіркеу бұйрығы;
2) жаңа кепіл ұстаушының бағалы қағаздар бойынша талап ету құқықтарын (эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары) беруді тіркеу бұйрығы;
3) кепілге берілген бағалы қағаздар бойынша талап ету құқықтарының (эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарының) жаңа кепіл ұстаушыға берілгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
4) егер мұндай келісімнің болуы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде немесе кепіл шартына көзделген болса, Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, қағаз түрінде немесе электрондық құжат нысанында немесе клиентті динамикалық және (немесе) биометриялық сәйкестендіруді пайдалана отырып өзге де электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған кепілге салынған бағалы қағаздар бойынша талап ету құқықтарының (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарының) өтуіне кепіл берушінің келісімі.
Ескерту. 66-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.09.2021 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.67. Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында және кепіл туралы шартта көзделген жағдайларда кепіл беруші эмиссиялық бағалы қағаздар (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары) бойынша құқық кепілімен қамтамасыз етілген міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған кезде кепілге салынған бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) соттан тыс сату рәсімдерін жүргізу үшін кепіл ұстаушы (кепіл ұстаушының сенім білдірілген адамы) орталық депозитарийге кепіл берушінің міндеттемелерді орындамағаны туралы хабарлама береді.
Кепіл беруші хабарламадан туындайтын талаптарды қанағаттандырмаған жағдайда, бірақ оны кепіл берушіге жіберу кезінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен ерте емес мерзімде кепіл ұстаушы (кепіл ұстаушының сенім білдірілген адамы) орталық депозитарийге кепілге салынған бағалы қағаздарға (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарына) сауда-саттық туралы хабарлама береді.
Кепілге салынған бағалы қағаздарға құқықты (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқығын) соттан тыс сату нәтижесінде ауысуын тіркеу операциясын орталық депозитарий Қағидалардың осы тармағының бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген хабарламалар болған жағдайда мынадай құжаттар негізінде жүзеге асырады:
кепіл ұстаушының (кепіл ұстаушының сенім білдірілген адамының) ауыртпалықты алу бұйрығы;
кепіл ұстаушының (кепіл ұстаушының сенім білдірілген адамының) бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) кепіл берушінің жеке шотынан есептен шығару және сатып алушының өзінің жеке шотына бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) есепке жазу жөніндегі қарсы бұйрықтары;
сауда-саттық өтпеді деп танылған жағдайда кепіл заты болып табылатын бағалы қағаздар эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары) кепіл ұстаушының меншігіне айналған кезде кепіл ұстаушының (кепіл ұстаушының сенім білдірілген адамының) бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) кепіл берушінің жеке шотына есепке жазу бұйрығы;
сауда-саттық туралы хабарландырудың Қазақстан Республикасының аумағына таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жариялануын растайтын құжаттың көшірмесі;
жоғарыда көрсетілген хабарламалардың кепіл берушіге тапсырылуын немесе олардың тапсырыс хаттармен кепіл шартында көрсетілген мекенжай бойынша жіберілуін растайтын құжаттардың көшірмесі;
сауда-саттық өткізу қорытындылары туралы (сауда-саттық өтпеді деп тану туралы) құжаттың көшірмесі.
68. Бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) оқшаулау және оқшаулауды алып тастау операциясын орталық депозитарий тізілімдер жүйесінде мемлекеттік органдардың, сондай-ақ осындай құқыққа ие тұлғалардың актілері негізінде Атқарушылық iс жүргiзу туралы заңына сәйкес жүргізеді.
Кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы заңмен көзделген жағдайларда орталық депозитарий тізілімдер жүйесінде бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) оқшаулау және оқшаулауды алып тастау операциясын терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесі негізінде жүргізеді.
Кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы заңмен көзделген негіздер бойынша бұғаттауды жүзеге асыру кезінде хабарлама қаржы мониторингін жүзеге асыратын және Кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы заңға сәйкес қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша өзге де шаралар қабылдайтын мемлекеттік органға жіберіледі.
69. Орталық депозитарий айналыс мерзімі аяқталған және эмитент оларды өтеу міндеттемелерін орындамаған эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша міндеттемелері немесе эмитенттің міндеттемелерді орындауы бойынша талап ету құқықтарын беруді тіркеу операциясын талап ету құқықтарын беретін тіркелген тұлғаның жеке шотынан осы бағалы қағаздар бойынша эмитенттің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын есептен шығару және пайдасына осы бағалы қағаздар бойынша эмитенттің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын беру жүргізілетін тұлғаның жеке шотына немесе эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша сатып алынған талап ету құқықтарын есепке алу үшін эмитенттің жеке шотына есепке жазу операциясын жүргізу жолымен мәмілеге қатысатын тұлғалардың қарсы бұйрықтары негізінде жүзеге асырады. Эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын тіркелген тұлғалардың шоттарынан (шоттарына) есептен шығару (есепке алу) бұйрығында Қағидалардың 38-тармағында көзделген мәліметтер қамтылады.
Орталық депозитарий тізілімдер жүйесінде эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын беру бойынша операциялар жүргізілгеннен кейін не номиналды ұстау жүйесінде эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын тіркеу бойынша жүргізілген операциялар туралы мәміле алғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде эмитентке пайдасына талап ету құқықтарын беру жүргізілген тіркелген тұлға туралы мәліметтерді көрсете отырып, жүргізілген операциялар туралы хабарламаны жібереді.
70. Сенімгерлік басқарушы туралы жазбаны енгізу операциясын орталық депозитарий сенімгерлік басқару құрылтайшысының және сенімгерлік басқарушының сенімгерлік басқарушы туралы жазбаны орталық депозитарий сенімгерлік басқару құрылтайшысының жеке шотына енгізу туралы қарсы бұйрықтары және сенімгерлік басқару шарты негізінде жүргізеді.
Сенімгерлік басқарушы туралы жазбаны алып тастауды орталық депозитарий мыналарға байланысты мүлікті сенімгерлік басқару шарты тоқтатылған жағдайларды қоспағанда, сенімгерлік басқару құрылтайшысы мен сенімгерлік басқарушы берген сенімгерлік басқарушы туралы жазбаны алып тастау туралы қарсы бұйрықтары негізінде жүргізеді:
сенімгерлік басқарушы - азаматтың қайтыс болуына, ол қайтыс болды деп жариялануға, ол әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі, хабарсыз жоғалып кетті деп танылуға; сенімді басқарушы заңды тұлғаның таратылуына байланысты - сенімгерлік басқару құрылтайшысының хабарламасының негізінде;
сенімгерлік басқарушының сеніп тапсырылған мүлікті өзі басқаруының мүмкін болмауына байланысты сенімгерлік басқару құрылтайшысының бас тартуына байланысты - сенімгерлік басқару құрылтайшысының хабарламасының негізінде;
сенімгерлік басқарушының сеніп тапсырылған мүлікті өзі басқаруының мүмкін болмауына байланысты сенімгерлік басқарушының бас тартуына байланысты - сенімгерлік басқарушының хабарламасының негізінде;
сенімгерлік басқарушыға, егер ол шартта көзделсе, шығындар мен сыйақыны төлеу талабымен құрылтайшының шартты орындаудан бас тартуына байланысты - сенімгерлік басқарушының хабарламасының негізінде;
сенімгерлік басқарушыға, егер ол шартта көзделсе, оған сыйақы төлей отырып, кепілмен ауыртпалық салынған мүлік басқаруға берілгені туралы оған хабарланбаған жағдайда сенімгерлік басқарушының бас тартуына байланысты - сенімгерлік басқарушының хабарламасының негізінде.
Сенімгерлік басқарушы туралы жазбаларды енгізу немесе алып тастау операциясын орталық депозитарий инвестициялық пай қорының орналастырылған пайларын есепке алуға арналған инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының жеке шоты бойынша жүргізбейді.
71. Мүлікті сенімгерлік басқару шартының қолданыс мерзімі аяқталған кезде (егер өзгесі мүлікті сенімгерлік басқару шартында немесе Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделмесе) сенімгерлік басқарушы туралы жазбаны алып тастауды орталық депозитарий сенімгерлік басқару құрылтайшысының немесе мүлікті меншік иесінің хабарламасы мен мүлікті сенімгерлік басқару шартының негізінде жүргізеді.
72. Банктер және банк қызметі туралы заңның 47-1-бабының 3-тармағында, "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Сақтандыру қызметі туралы заң) 53-4-бабының 3-тармағында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 72-3-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда қаржы ұйымының акцияларын сенімгерлік басқару тағайындалған кезде орталық депозитарий қаржы ұйымы акцияларының меншік иесі болып табылатын тіркелген тұлғаның жеке шотына сенімгерлік басқарушы туралы жазбаны енгізу операциясын қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органының қаржы ұйымының акцияларын сенімгерлік басқаруды тағайындау туралы шешімі және сенімгерлік басқарушының сенімгерлік басқарушы туралы жазбаны осы тіркелген тұлғаның жеке шотына енгізу туралы бұйрығы негізінде жүргізеді.
Сенімгерлік басқаруға берілген қаржы ұйымының акциялары сатылған жағдайда, орталық депозитарий осы акцияларды олардың меншік иесі болған тіркелген тұлғаның жеке шотынан есептен шығару және осы акцияларды сатып алушының жеке шотына (жеке шоттарына) есепке жазу операциясын сенімгерлік басқарушының бұйрығы және Банктер және банк қызметі туралы заңның 17-1-бабында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 26-бабында және Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 72-1-бабында көзделген жағдайларда қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қаржы ұйымының ірі қатысушысы (банктік не сақтандыру холдингі) мәртебесін иеленуге келісімін растайтын құжат негізінде жүргізеді.
Орталық депозитарий сенімгерлік басқаруға берілген қаржы ұйымы акцияларының меншік иесі болып табылатын тіркелген тұлғаның жеке шотынан сенімгерлік басқарушы туралы жазбаны алып тастау операциясын сенімгерлік басқарушының сенімгерлік басқарушы туралы жазбаны осы тұлғаның жеке шотынан алып тастау туралы бұйрығы негізінде жүргізеді.
73. Акциялар шығарылымы жойылған кезде орталық депозитарий уәкілетті органның акциялар шығарылымының жойылғаны туралы хабарламасын алғаннан кейін акцияларды олардың ұстаушыларының жеке шоттарынан және эмитенттің жеке шоттарынан бір мезгілде есептен шығару операцияларын жүргізеді.
Акциялар шығарылымы жойылған, эмитент таратылған не қайта ұйымдастырылған жағдайда, тізілімдер жүйесін жүргізу тоқтатылады.
74. Облигацияларды (исламдық бағалы қағаздарды) өтеу кезінде орталық депозитарий облигацияларды (исламдық бағалы қағаздарды) оларды ұстаушылардың шоттарынан есептен шығару және оның облигацияларды (исламдық бағалы қағаздарды) өтеу бойынша өз міндеттемелерін орындағанын растайтын эмитенттің (оригинатордың) хабарламасы негізінде сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алу бойынша эмитенттің жеке шотына есепке алу операциясын жүргізеді.
75. Орталық депозитарий жеке шотты жабу бойынша операцияны жеке шотты жабуға бұйрықтың негізінде жүргізеді. Жеке шот жабылған кезде клиентке орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленген нысанда тиісті хабарлама жіберіледі.
Оларға қатысты банкроттық немесе тарату рәсімі аяқталған заңды тұлғалардың жеке шоттарын жабу бойынша операция және ондай жеке шоттарда бағалы қағаздар болмаған жағдайда, заңды тұлға қызметінің тоқтатылғанын растайтын Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінің мәліметтері негізінде жүзеге асырылады.
Қайтыс болған деп танылған немесе қайтыс болған деп жарияланған жеке тұлғалардың жеке шоттарын жабу бойынша операция және ондай жеке шоттарда бағалы қағаздар болмаған жағдайда, қайтыс болғаны туралы куәліктің және (немесе) тиісті сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.
76. Эмитент орталық депозитарийге эмиссиялық бағалы қағаздарды өтеу міндеттемелерін осы бағалы қағаздар шығарылымының проспектісінде айқындалған орындау күнінен кейін 3 (үш) жұмыс күні өткен соң эмитенттің осы шығарылымның эмиссиялық бағалы қағаздарын өтеу бойынша өзінің барлық міндеттемелерін орындағанын растайтын хабарламаны ұсынбаған кезде орталық депозитарий эмитентке эмитенттің осы шығарылымның эмиссиялық бағалы қағаздарын өтеу бойынша өзінің барлық міндеттемелерін орындағанын (орындамағанын) растай отырып тиісті хабарлама ұсыну туралы сұрату жібереді.
77. Орталық депозитарий Қағидалардың 76-тармағында көрсетілген шығарылған бағалы қағаздарды өтеу бойынша міндеттемелерді орындамағаны туралы мәліметтерді алғаннан кейін осы шығарылымның эмиссиялық бағалы қағаздарын оларды ұстаушылардың барлық жеке шоттарынан есептен шығаруды (Атқарушылық іс жүргізу туралы заңына сәйкес мемлекеттік органдардың және осындай құқыққа ие тұлғалардың актілері негізінде тізілімдер жүйесінде оқшаулау операциясы жүргізілген эмиссиялық бағалы қағаздарды қоспағанда) және айналыс мерзімі аяқталған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу үшін ашылған эмитенттің жеке шотына есепке алуды жүзеге асырады. Осымен қатар орталық депозитарий эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын айналыс мерзімі аяқталған және олар бойынша эмитент осы бағалы қағаздар бойынша туындаған міндеттемелерді (ауыртпалық, сенімгерлік басқару) сақтай отырып оларды өтеу бойынша міндеттемелерін орындамаған эмиссиялық бағалы қағаздар есептен шығарылатын ұстаушылардың жеке шоттарына есепке алуды жүзеге асырады.
Эмитенттің номиналды ұстаушының есепке алу жүйесінде ашылған жарияланған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған және сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған жеке шоттарында айналыс мерзімі аяқталған эмиссиялық бағалы қағаздар болған жағдайда, орталық депозитарий оларды эмитенттің бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде ашылған жарияланған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған және сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған жеке шоттарына есепке алуды жүзеге асырады.
78. Қағидалардың 77-тармағында көрсетілген барлық операциялар жүргізілген күннен кейін күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде орталық депозитарий эмитентке, сенімгерлік басқарушыға, сондай-ақ айналыс мерзімі өткен және олар бойынша эмитент оларды өтеу жөніндегі міндеттемелерді орындамаған бағалы қағаздарға ауыртпалық салу пайдасына жүзеге асырылған тұлғаларға тиісті хабарламалар (есептер) жібереді.
Ұстаушыларға Қағидалардың 77-тармағында көрсетілген жүргізілген операциялары туралы хабарлауды орталық депозитарий осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген мерзімде өзінің ресми интернет-ресурсында тиісті ақпарат орналастыру арқылы жүзеге асырады.
Ескерту. 78-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.79. Егер орталық депозитарий айналыс мерзімі аяқталған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша бұдан бұрын Атқарушылық іс жүргізу туралы заңына сәйкес мемлекеттік органдардың, сондай-ақ осындай құқыққа ие тұлғалардың актілері негізінде оларды оқшаулау операциясын жүргізген жағдайда, орталық депозитарий эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарына тиісті сәйкестендіргіш алған күннен бастап күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде актісі негізінде бағалы қағаздарды оқшаулау операциялары жүргізілген тиісті мемлекеттік органға осы бағалы қағаздар бойынша айналыс мерзімінің аяқталғаны және эмитент оларды өтеу бойынша міндеттемелерін орындамағаны және осы бағалы қағаздар эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқығына ауыстырылуға жататыны туралы хабарлама жібереді.
Бұл ретте орталық депозитарий Атқарушылық іс жүргізу туралы заңына сәйкес осындай құқыққа ие мемлекеттік органдардың актілері негізінде эмиссиялық бағалы қағаздардан оқшаулауды алып тастау операциясын жүргізгеннен кейін осындай эмиссиялық бағалы қағаздарды оларды ұстаушылардың жеке шоттарынан есептен шығару және айналыс мерзімі аяқталған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу үшін ашылған эмитентің жеке шотына есепке алу, сондай-ақ эмитенттің осындай эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын оларды ұстаушылардың жеке шоттарына есепке алу операцияларын жүргізеді.
Орталық депозитарий Атқарушылық іс жүргізу туралы заңына сәйкес осындай құқыққа ие мемлекеттік органдардың актілері негізінде номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде эмиссиялық бағалы қағаздардан оқшаулауды алып тастау туралы хабарламаны алғаннан кейін осындай эмиссиялық бағалы қағаздарды номиналды ұстаушының жеке шотынан есептен шығару және айналыс мерзімі аяқталған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу үшін ашылған эмитентің жеке шотына есепке алу, сондай-ақ осындай эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын номиналды ұстаушының жеке шотына есепке алу операциясын жүргізеді.
80. Эмитент айналыс мерзімі аяқталған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша талап ету құқықтарын ұстаушы алдындағы міндеттемелерді орындаған кезде орталық депозитарий эмитенттің осындай бағалы қағаздар бойынша талап ету құқықтары бойынша міндеттемелерді орындағанын растайтын хабарламасы болған кезде Қағидалардың 45-тармағында белгіленген тәртіпте осындай бағалы қағаздар бойынша талап ету құқықтарын оларды ұстаушылардың жеке шотынан есептен шығару және эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша сатып алынған талап ету құқықтарын есеп алу бойынша эмитенттің жеке шотына есепке алу операциясын жүргізеді.
81. Облигациялар шығарылымы жойылған кезде, орталық депозитарий уәкілетті органның облигациялар шығарылымының жойылғаны туралы куәлігінің көшірмесін алғаннан кейін эмитенттің жеке шоттарынан осындай облигацияларды біржолғы есептен шығару операцияларын жүргізеді.
Айналыс мерзімі аяқталған облигациялар шығарылымы жойылған кезде орталық депозитарий уәкілетті орган берген осындай облигациялар шығарылымын жою туралы куәліктің көшірмесін алғаннан кейін айналыс мерзімі аяқталған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттің жеке шотынан облигацияларды және эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын есепке алу үшін эмитенттің жеке шотынан осындай облигациялар бойынша талап ету құқықтарын біржолғы есептен шығару операцияларын жүргізеді.
82. Ақпараттық операцияны жүргізуді орталық депозитарий эмитенттің жазбаша бұйрығы немесе тапсырысы, тіркелген тұлғаның, инвестициялық пай қоры кастодианының бұйрығы немесе Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында көзделген жағдайларда, мемлекеттік органдардың сұратулары негізінде жүзеге асырады.
Орталық депозитарийдің қағидалар жинағында көзделген жағдайларда эмитенттің өкімі, тіркелген тұлғаның бұйрығы Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелер пайдаланыла отырып электрондық құжат нысанында немесе клиентті динамикалық және (немесе) биометриялық сәйкестендіруді пайдалана отырып өзге де электрондық-цифрлық нысанда жасалады және беріледі.
Ескерту. 82-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.09.2021 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.83. Миноритарлық акционердің өтініш беру және орталық депозитарийдің акционерлердің жалпы жиналысына қарауға енгізілген мәселелер бойынша шешімдер қабылдау кезінде миноритарлық акционерлер басқа акционерлермен біріккен жағдайдағы осы акционерлік қоғамның басқа миноритарлық акционерлеріне ақпарат тарату тәртібі орталық депозитарийдің басқа миноритарлық акционерлерді хабардар ету мерзімі және хабардар ету тәсілдері қамтылатын орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленеді.
84. Бағалы қағаздар бойынша кірістерді есептеу, акционерлердің жалпы жиналысын өткізу, акциялардың он және одан көп пайызына ие ұстаушылар туралы анықтаманы дайындау үшін бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімін немесе акционерлердің тізімін жасауды орталық депозитарий эмитенттің өкімінде көрсетілген күннің басында (00 сағат 00 минут) жүзеге асырады. Өзге жағдайларда бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімін, акционерлердің тізімін жасауды және (немесе) тізілімдер жүйесінен кез келген басқа ақпаратты дайындауды орталық депозитарий Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес осындай ақпаратты алу құқығы бар тұлғалардың жазбаша сұратуы (электрондық-цифрлық нысандағы құжат) негізінде, сұратуда көрсетілген күні және уақытта жүзеге асырады.
Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімін, акционерлердің тізімін жасау немесе жеке шоттан үзінді-көшірме жасау кезінде, сондай-ақ тізілімдер жүйесінен өзге ақпаратты берген кезде орталық депозитарийдің бас офисі орналасқан сағаттық белдеудің уақыты қолданылады.
Ескерту. 84-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.09.2021 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.85. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі орталық депозитарийдің қағидалар жинағында көзделген нысан бойынша жасалады және онда мынадай мәліметтер болады:
1) эмитенттің мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі атауы, оның орналасқан жері, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі, БСН (бар болса);
2) инвестициялық пай қорының атауы;
3) жарияланған бағалы қағаздардың саны;
4) орналастырылған бағалы қағаздардың саны;
5) эмитент сатып алған бағалы қағаздардың саны (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары);
6) егер тізілім эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелер бойынша талап ету құқықтары бойынша жасалатын болса, эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарының саны;
7) бағалы қағаздардың түрі және халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ISIN - коды), эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын сәйкестендіргіш;
8) депозитарлық қолхаттарды ұстаушыларды қосқандағы мынадай мәліметтері бар орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде олар туралы мәліметтер ашып көрсетілген бағалы қағаздарды ұстаушылар тізімі:
заңды тұлғалар - бағалы қағаздарды ұстаушылардың мемлекеттік тіркелу (қайта тіркелу) нөмірі мен күнін көрсете отырып, олардың атауы;
жеке тұлға - бағалы қағаздарды ұстаушының жеке басын куәландыратын құжаттың атауын және деректемелерін көрсете отырып, бағалы қағаздарды ұстаушылардың (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқығын) тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса);
ауыртпалық салынған және (немесе) оқшауланған және (немесе) сенімгерлік басқаруға берілген бағалы қағаздардың (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқығының) санын көрсете отырып, оларды ұстаушыға тиесілі бағалы қағаздардың (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқығының) саны;
бағалы қағаздарды ұстаушыға тиесілі бағалы қағаздар санының эмитенттің орналастырылған және (немесе) дауыс беретін бағалы қағаздарының санына пайыздық арақатынасы;
9) бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі жасалған күні мен уақыты.
Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізіліміне орталық депозитарийдің қағидалар жинағында айқындалған уәкілетті тұлғалар қол қояды және орталық депозитарийдің қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар мөртабанымен расталады.
86. Орталық депозитарий Қағидалардың 85, 88, 89 және 90-тармақтарында көрсетілген құжаттарды Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып электрондық құжат нысанында жасауына және беруіне жол беріледі.
87. Инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылар тізілімінде Қағидалардың 85-тармағының 3) және 5) тармақшаларында аталған мәліметтер көрсетілмейді.
88. Эмитенттің ірі акционерлері туралы анықтама орталық депозитарийдің қағидалар жинағына сәйкес жасалады және мынадай мәліметтерді қамтиды:
1) эмитенттің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі атауы, оның орналасқан жері, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі, БСН (бар болса);
2) жарияланған акциялардың саны;
3) орналастырылған акциялардың саны;
4) эмитент сатып алған акциялардың саны;
5) акциялардың түрі және халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ISIN- коды);
6) депозитарлық қолхаттарды ұстаушыларды қоса алғанда, мынадай мәліметтерді қамтитын акционерлік қоғамның дауыс беретін акцияларының 10 (он) және одан астам пайызы тиесілі орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде олар туралы мәліметтер ашып көрсетілген акцияларды ұстаушылардың тізімі:
заңды тұлғалар - акцияларды ұстаушылардың мемлекеттік тіркелу (қайта тіркелу) нөмірін және күнін көрсете отырып, олардың атауы;
жеке тұлға - акцияларды ұстаушының жеке басын куәландыратын құжаттың атауын және деректемелерін көрсете отырып, акциялар ұстаушылардың тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса);
ауыртпалық салынған және (немесе) оқшауланған және (немесе) сенімгерлік басқаруға берілген бағалы қағаздардың санын көрсете отырып, акцияларды ұстаушыға тиесілі акциялардың саны;
акцияларды ұстаушыға тиесілі акциялар санының эмитенттің орналастырылған акцияларының санына пайыздық арақатынасы;
акцияларды ұстаушыға тиесілі акциялар санының эмитенттің дауыс беретін акцияларының санына пайыздық арақатынасы;
7) ірі акционерлер туралы анықтама жасалған күні мен уақыты.
Эмитенттің ірі акционерлері туралы анықтамаға орталық депозитарийдің қағидалар жинағында көзделген уәкілетті тұлғалар қол қояды және орталық депозитарийдің қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар мөртабанымен расталады.
89. Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу үшін акционерлер тізімі орталық депозитарийдің қағидалар жинағын сәйкес жасалады және мынадай мәліметтерді қамтиды:
1) эмитенттің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі атауы, оның орналасқан жері, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі, БСН (бар болса);
2) жарияланған акциялардың саны;
3) орналастырылған акциялардың саны;
4) эмитент сатып алған акциялардың саны;
5) акциялардың түрі және халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ISIN- коды);
6) номиналды ұстаушы жүйесінде олар туралы мәліметтер ашып көрсетілген депозитарлық қолхаттар иегерлерін қоса алғанда, мыналар көрсетіле отырып, акционерлердің тізімі:
заңды тұлғалар - акционерлердің мемлекеттік тіркелу (қайта тіркелу) нөмірін және күнін көрсете отырып, олардың атаулары;
жеке тұлға - акционердің жеке басын куәландыратын құжаттың атауын және деректемелерін көрсете отырып, жеке тұлғалар - акционерлердің тегі, аты, әкесінің аты (олар бар болса);
ауыртпалық салынған және (немесе) оқшауланған акциялардың санын көрсете отырып, акционерге тиесілі акциялар саны;
акционерге тиесілі дауыс беретін жай акциялар саны;
акционерге тиесілі артықшылықты акциялар саны;
7) орталық депозитарий тізілімдерінің жүйесінде есепке алынатын, номиналды ұстаудағы және номиналды ұстаушының есепке алу жүйесінде ол туралы мәліметтер жоқ менш ік иегеріне тиесілі акциялар саны;
8) акционерлердің тізімін жасау мақсаты;
9) акционерлердің тізімі жасалған күні мен уақыты;
Бағалы қағаздар бойынша кірістерді есептеуге арналған акционерлер тізілімі орталық депозитарийдің қағидалар жинағына сәйкес жасалады және орталық депозитарийда осы мәліметтер болса, акционерлердің банктік деректемелері туралы мәліметтер мен "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес акционерге берілген салық салу бойынша жеңілдіктердің болуы туралы мәліметтерді қамтиды.
Акционерлер тізіміне өзге мақсаттар үшін эмитент сұрау жасайтын ақпарат қосымша енгізіледі.
Акционерлер тізіміне орталық депозитарийдің қағидалар жинағында айқындалған уәкілетті тұлғалар қол қояды және орталық депозитарийдің қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар мөртабанымен расталады.
90. Бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотынан үзінді - көшірме орталық депозитарийдің қағидалар жинағына сәйкес нысан бойынша жасалады, және айқындалған орталық депозитарийдің уәкілетті тұлғалар қол қояды.
91. Тізілімдер жүйесінде операция жүргізу мерзімі орталық депозитарий ұсынылған құжаттарды (трансфер-агент қызметін көрсететін ұйымнан алынған құжаттар) тіркеген күннен кейінгі күннен бастап есептеледі.
Осы тармақта көрсетілген құжаттарды тіркеу оларды орталық депозитарий алған күні жүзеге асырылады. Қатаң жүйелікпен орындауға (мұнда бір операцияны орындау басқа операцияны алдын ала жүргізусіз мүмкін емес) жататын бағалы қағазды ұстаушының бір жеке шоты шеңберінде бірнеше операциялар жүргізу үшін құжаттарды бір мезгілде қабылдаған жағдайда, кейінгі операцияны жүргізу мерзімі өткен операцияны орындаған сәттен бастап есептеледі.
Ескерту. 91-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.92. Мәмілені тізілімдер жүйесінде тіркеу уақыты орталық депозитарийдің бағалы қағаздармен мәмiлелердi тiркеу туралы бұйрықта көрсетiлген, оны орындаудан бас тарту үшiн негiздер болмаған кезде, іс-әрекеттерді жүзеге асыру уақыты болып табылады.
93. Мынадай операцияларды:
1) "Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы" 2004 жылғы 7 шілдедегі заңның 23-бабының 6-тармағында белгіленген мерзімде иеленушінің жеке шотына пайларды есепке алу;
2) Қағидалардың 84 және 94-тармақтарында көрсетілген;
3) жүргізілу талаптарын қосымша тексеру талап етілетін операцияларды жүргізуді қоспағанда, орталық депозитарий жеке шот бойынша операцияны және ақпараттық операцияны күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде жүргізеді.
Осындай операцияларды жүргізу 6 (алты) жұмыс күніне дейінгі мерзімде жүзеге асырылады.
94. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімін немесе акционерлер тізімін беруді орталық депозитарий, егер бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімін немесе акционерлер тізімін беруге бұйрық бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі немесе акционерлер тізімі жасалған күннен ерте емес берілу талабымен эмитенттен бұйрықты алған сәттен бастап жиырма төрт сағаттан кеш емес мерзімде жүзеге асырады.
Егер орталық депозитарий номиналды ұстаушыларға Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9876 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 22 қазандағы № 210 қаулысымен бекітілген Эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді, эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі эмитенттердің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын беруді орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде тіркеу, орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркелген тұлғаның жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының номиналды ұстауындағы бағалы қағаздары бар клиенттер туралы ақпаратты орталық депозитарийдің және эмитенттің талап етуі бойынша табыс ету қағидаларының 52-тармағына сәйкес олардың клиенттері туралы мәліметтерін жария ету туралы сұрау салса, бағалы қағаздар ұстаушылар тізілімін немесе акционерлердің жалпы жиналысын өткізу немесе бағалы қағаздары номиналды ұстауда тұрған акционерлер туралы өзге де ақпарат беру үшін акционерлердің тізімін беруді орталық депозитарий эмитенттің бұйрығын немесе уәкілетті органның сұратуын алған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде жүзеге асырады.
Егер эмитенттің сұратуында тізімді немесе тізілімді немесе акционерлер туралы өзге де ақпаратты қалыптастырудың болашақ күні көрсетілген жағдайда, мерзім бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі немесе акционерлердің тізімі жасалатын күннен бастап есептеледі.
Ескерту. 94-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.09.2021 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.95. Клиенттің бұйрығын орындаудан бас тартуға негіздер болмаған жағдайда орталық депозитарий Қағидалардың 93-тармағында белгіленген мерзімде бұйрықтың орындалуы туралы есепті қалыптастырады және оны шығыс құжаттар журналында тіркейді.
Бұйрықтардың орындалуы туралы есеп клиентке пошта арқылы жіберіледі не клиенттің немесе оның заңды өкілінің қолына беріледі не Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелер пайдаланыла отырып электрондық құжат нысанында жасалады және беріледі.
Бұйрықтардың орындалуы туралы есепке орталық депозитарийдің қағидалар жинағында айқындалған уәкілетті тұлғалар қол қояды және орталық депозитарийдің қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар мөртабанымен расталады.
96. Орталық депозитарий бұйрықты алған кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде мынадай жағдайларда:
1) бұйрықтардағы қойылған қолдардың жеке шоттар бойынша операцияларды және ақпараттық операцияларды тіркеу құжаттарына қол қою құқығына ие заңды тұлға өкілдерінің нотариат куәландырған қол қою үлгілері бар құжатта немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген қол қою үлгілеріне сәйкес келмегенде;
2) операция жасау бұйрығы алынған күннен бастап күнтізбелік 2 (екі) күн ішінде қарсы бұйрық ұсынылмағанда;
3) Қағидалардың 38-тармағында белгіленген тәртіппен басқарушы компанияның пайларды есептен шығару (есепке алу) бұйрығымен бір мезгілде (бір жұмыс күні ішінде) инвестициялық пай қорының активтерін есепке алуды қамтамасыз ететін кастодианның растауы ұсынылмағанда;
4) бұйрықтардың деректемелері орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленген деректемелерге немесе жеке шот деректемелеріне сәйкес келмегенде;
5) жеке шотта қажетті бағалы қағаздар саны болмағанда;
6) тізілімдер жүйесінің деректері негізінде мәміле жасау нәтижесінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғанда;
7) Қағидаларда көзделген жағдайларда клиент мәміленің тіркелуі үшін белгіленген мерзімде осындай мәмілені жасауға осындай келісімді (рұқсатты) беруге уәкілетті мемлекеттік органның берген келісімін (рұқсатын) растайтын құжатты ұсынбағанда;
8) тиісті мемлекеттік органдардың не соттың бағалы қағаздар айналысын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы шешімі болғанда;
9) Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 65-бабының 6-1-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, бұйрықта көрсетілген бағалы қағаздар және (немесе) жеке шот оқшауланғанда;
10) Қағидалардың 47, 66, 67 және 77-тармақтарында көзделген операцияларды жүргізуді қоспағанда, бұйрықта көрсетілген бағалы қағаздарға ауыртпалық салынған;
11) Кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы заңның 13-бабында көзделген жағдайларда;
12) орталық депозитарийдің қағидалар жинағында көзделген жағдайларда оның орындалмау себептерін көрсете отырып, жазбаша бас тартуды ресімдейді.
Орталық депозитарий Кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы заңның 13-бабында көзделген жағдайларда жағдайларда және тәртіпте эмитенттің бұйрығын орындаудан бас тартады.
Бұйрықты орындаудан бас тартуға бірінші басшы немесе оның орнындағы адам немесе орталық депозитарийдің қағидалар жинағына сәйкес тізілімдер жүйесін жүргізуді жүзеге асыратын тіркеушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы қол қояды және орталық депозитарийдің қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар мөртабанымен расталады не Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелер пайдаланыла отырып электрондық құжат нысанында жасалады және беріледі.
Жүргізілу талаптарын қосымша тексеру талап етілетін операцияларды жүзеге асыруға арналған бұйрықты орындаудан бас тартуды дайындау кезінде осындай бас тартуды дайындау 6 (алты) жұмыс күніне дейінгі мерзімде жүзеге асырылады.
Ескерту. 96-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.97. Номиналды ұстау жүйесіндегі кепіл мен сенімгерлік басқару операциялары депоненттердің тапсырыстары негізінде жүзеге асырылады.
98. Клиенттер трансфер-агенттің қызметін пайдаланған жағдайда орталық депозитарийге жеке шоттар бойынша ақпараттық операциялар мен операцияларды жүргізу үшін қажетті ақпаратты орталық депозитарийдің қағидалар жинағында айқындалған нысандары бойынша береді.
Қағидалардың 85, 89 және 90-тармақтарында көзделген ақпарат орталық депозитарийдің клиенттеріне орталық депозитарийдің қағидалар жинағында айқындалған нысандар бойынша ұсынылады.
99. Орталық депозитарийдің электрондық қызметтерді ұсынуы орталық депозитарийдің қағидалар жинағында және орталық депозитарийдің нормативтік құқықтық актілерін қамтамасыз ететін шартта белгіленген қауіпсіздік рәсімдеріне сәйкес жүргізіледі:
1) клиентті дұрыс сәйкестендіру және оның тиісті электрондық қызметтерді алу құқығы;
2) клиентке электрондық қызметтер көрсетуге негіз болатын электрондық құжаттардың мазмұнында бұрмаланулардың және (немесе) өзгерістердің болуын анықтау;
3) бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратқа рұқсатсыз қол жеткізуден және осы ақпараттың бүтіндігін қорғау;
4) электрондық қызметтерді көрсету кезінде электрондық құжаттарды, оның ішінде клиентке электрондық қызметтерді ұсынуға негіз болған хабарламаларды жіберу және (немесе) алу туралы растауды сақтау.
Ескерту. Қағида 99-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.09.2021 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.100. Клиентті бірдейлендіру клиенттің электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдалана отырып және (немесе) клиентті динамикалық және (немесе) биометриялық сәйкестендіру арқылы жүргізіледі.
Жеке кабинетке және (немесе) мобильді қосымшаға кіру үшін клиент рұқсат етілген бірдейлендіру құралдарын пайдаланады.
Клиентке электрондық қызметтер көрсету кезінде жеке шот бойынша операцияларды және ақпараттық операцияларды жүзеге асыру клиенттің электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдалана отырып және (немесе) клиентті динамикалық және (немесе) биометриялық сәйкестендіру арқылы клиенттің тапсырмасы негізінде жүргізіледі.
Ескерту. Қағида 100-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.09.2021 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.101. Клиент орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленген қауіпсіздік рәсімдерін орындамаған жағдайда, орталық депозитарий электрондық қызметтерді ұсынбайды.
Ескерту. Қағида 101-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.09.2021 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.102. Бағалы қағаздар нарығында коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратқа және Клиенттің дербес деректеріне санкцияланбаған қол жеткізу, олардың санкцияланбаған өзгеруі, санкцияланбаған сауда операцияларын, жеке шот бойынша операцияларды және электрондық қызметтерді ұсыну кезінде туындайтын ақпараттық операцияларды жүзеге асыру анықталған кезде Орталық депозитарий олардың себептерін жою үшін барлық қажетті шараларды дереу қабылдайды және бұл туралы клиентті олар анықталған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді.
Ескерту. Қағида 102-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.09.2021 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 249 қаулысына қосымша |
Күші жойылды деп танылған Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілері құрылымдық элементтерінің тізбесі
1. "Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізу жөніндегі тіркеуші қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 27 тамыздағы № 167 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9803 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі 2014 жылғы 18 қарашада жарияланған).
2. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 25 ақпандағы № 28 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10715 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі 2015 жылғы 5 мамырда жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 15-тармағы.
3. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қазандағы № 259 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14525 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 29 желтоқсанда жарияланған) бекітілген Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 7-тармағы.
4. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығы мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 72 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15221 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 26 маусымда жарияланған) бекітілген Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 3-тармағы.
5. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 11 қыркүйектегі № 169 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15875 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 23 қазанда жарияланған) бекітілген Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының банк қызметін реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 1-тармағы.
6. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 2 қарашадағы № 197 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16032 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 7 желтоқсанда жарияланған) бекітілген Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 2-тармағы.
7. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қаңтардағы № 11 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16643 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 3 сәуірде жарияланған) бекітілген Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 6-тармағы.