РҚАО-ның ескертпесі!
Осы қаулы 01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі
"Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілері құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Банктік емес қаржы ұйымдарын реттеу департаменті (Көшербаева А.М.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ж.Б. Құрмановқа жүктелсін.
6. Осы қаулы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Ұлттық Банк Төрағасы |
Д. Ақышев |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 249 қаулысымен бекітілді |
Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі (бұдан әрі - Бағалы қағаздар нарығы туралы заң) Қазақстан Республикасының заңына сәйкес әзірленді және бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесін (бұдан әрі - тізілімдер жүйесі) жүргізу жөніндегі орталық депозитарийдің қызметін жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
2. Қағидалардың мақсатында мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) айналыс мерзімі аяқталған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алуға арналған эмитенттің жеке шоты - айналыс мерзімі аяқталған және эмитент оларды өтеу бойынша міндеттемелерді орындамаған, осы бағалы қағаздарды ұстаушылардың жеке шоттарынан шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитентке тізілімдер жүйесінде ашылған жеке шот;
2) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі - бағалы қағаздарды ұстаушыларды, сондай-ақ оларға тиесілі бағалы қағаздардың түрін және санын (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) сәйкестендіруге мүмкіндік беретін белгілі бір күндегі осы ұстаушылар туралы мәліметтердің жиынтығы;
3) бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шоты - бағалы қағаздардың (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарының) меншік иесі және (немесе) болып табылатын тізілімдер жүйесінде тіркелген тұлғаға ашылған, мәмілелерді тіркеу мен эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтарды есепке алу жүзеге асырылатын жеке шот;
4) жарияланған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған эмитенттің жеке шоты - эмитентке тізілімдер жүйесінде ашылған, орналастырылмаған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу жүзеге асырылатын жеке шот;
5) жауапкершілігі шектеулі серіктестік қатысушыларының тізілімі - белгілі бір мерзімде жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар туралы мәліметтердің жиынтығы;
6) инвестициялық пай қорының пай ұстаушыларының тізілімі - пай ұстаушыларды, сондай-ақ оларға тиесілі пайлардың түрін және санын сәйкестендіруге мүмкіндік беретін белгілі бір күндегі осы ұстаушылар туралы мәліметтердің жиынтығы;
7) исламдық бағалы қағаздар - исламдық жалға беру сертификаттары мен исламдық қатысу сертификаттары;
8) ортақ өкілдің жеке шоты - бірнеше адамға меншік құқығында тиесілі бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарының) есепке алу жүзеге асырылатын тізілімдер жүйесіндегі ортақ меншік қатысушыларының ортақ өкіліне ашылған жеке шот;
9) тізілімдер жүйесіндегі операция - нәтижесі тізілімдер жүйесіне деректерді енгізу немесе оларды өзгерту және (немесе) тізілімдер жүйесінен ақпаратты дайындау және беру болып табылатын іс-әрекеттерінің жиынтығы;
10) уәкiлеттi орган – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган;
11) ұстаушылары талап етпеген орналастырылған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алуға арналған эмитенттің жеке шоты - ұстаушы (ұстаушылар) ақы төлеген, бірақ ұстаушы (ұстаушылар) тиісті бұйрықты (бұйрықтарды) ұсынбауына байланысты оның (олардың) жеке шотына (шоттарына) есепке алынбаған, орналастырылған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу үшін тізілімдер жүйесінде эмитентке ашылған жеке шот;
12) эмитенттің сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған жеке шоты - эмитентке тiзiлiмдер жүйесінде ашылған, бағалы қағаздардың қайталама нарығында эмитент сатып алған, сондай-ақ Қағидалардың 53 және 54-тармақтарына сәйкес осы шотқа аударылған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу жүзеге асырылатын жеке шот;
13) эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша сатып алынған талап ету құқықтарын есепке алуға арналған эмитенттің жеке шоты - айналыс мерзімі аяқталған және эмитент оларды өтеу бойынша міндеттемелерді орындамаған бағалы қағаздардың қайталама нарығында эмитент сатып алған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша оның міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын есепке алу үшін тізілімдер жүйесінде эмитентке ашылған жеке шот;
14) эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары - айналыс мерзімі аяқталған және эмитент оларды өтеу бойынша міндеттемелерді орындамаған эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2019 № 262 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. Тізілімдер жүйесін орталық депозитарий жүргізеді.
4. Тізілімдер жүйесінде бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) иеленушілерге, эмитенттерге және номиналды ұстаушыларға жеке шоттар ашылады.
Жеке шотты ашу орталық депозитарий "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрі - Кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы заң) көзделген тиісті тексеру шараларын қабылдағаннан кейін жүргізіледі.
Номиналды ұстау жүйесінде ашылған жеке шоттарда меншік құқығымен орталық депозитарийге тиесілі бағалы қағаздар (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары), сондай-ақ клиенттерінің (депоненттердің) номиналды ұстауындағы, депоненттердің клиенттерінің бағалы қағаздар (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары) есепке алынады.
5. Орталық депозитарийдің тiзiлiмдер жүйесін қалыптастыру бойынша iс-әрекетi эмитент, бұрын бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізген ұйымды және бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) ұстаушы ұсынған мәлiметтердi қабылдаудан, тексеруден, өңдеуден, тiзiлiмдер жүйесіне енгізуден тұрады.
6. Тізілімдер жүйесін мынадай құжаттар құрайды:
1) операцияларды жүргізу бұйрықтары;
2) бұйрықтардың орындалуы туралы есептер (жүргізілген операциялар туралы хабарламалар);
3) бұйрықтарды орындаудан бас тартулар;
4) жеке тұлға болып табылатын тіркелген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың не осы Қағидалардың 13-тармағының 2) және 3) тармақшаларында белгіленген, заңды тұлға болып табылатын тіркелген тұлға ұсынған құжаттардың көшiрмелерi;
5) мүлікті сенімгерлік басқару шарттарының көшірмелері оларға енгізілген барлық өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге;
6) тізілімдер жүйесінде операциялар жүргізілген Қағидалардың 10, 11, 12, 13, 14, 16, 40, 42, 43, 44, 45, 48, 49, 51, 52, 53, 54, 56, 59, 60, 61, 62, 63, 64, 65, 67, 68, 69, 70, 72, 73, 74, 75, 76, 77, 78, 79, 80, 81 және 82-тармақтарында көрсетілген құжаттар;
7) эмитенттен (бұрын бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізген ұйымнан) орталық депозитарий алған және орталық депозитарий шарттың қолданылу кезеңінде эмитентке жіберген құжаттар;
8) уәкілетті органның эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы (мемлекеттік емес облигацияларды, исламдық бағалы қағаздарды өтеу қорытындылары туралы) есептерді бекіту туралы хабарламаларының көшірмелері;
9) операцияларды тіркеу журналы;
10) кіріс құжаттарын тіркеу журналы;
11) шығыс құжаттарын тіркеу журналы;
12) мұрағатты жүргізу журналы;
13) бағалы қағаздар ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін құрайтын құжаттарды қабылдау-өткізу актілері.
7. Тізілімдер жүйесінде мынадай:
1) эмитент туралы, оның ішінде инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы, кастодиан және эмитенттің бағалы қағаздарының шығарылымдары туралы;
2) инвестициялық пай қорының атауы туралы;
3) тіркелген тұлғалар, олардың жеке шоттарының нөмірлері, бағалы қағаздарды ұстаушылар және олардың өкілдері туралы;
4) жеке шоттарда есепке алынатын бағалы қағаздардың түрі, саны, халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ISIN - коды) туралы;
5) эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары туралы;
6) бағалы қағаздар (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары) сенімгерлік басқаруға берілген тұлғалар туралы;
7) тізілімдер жүйесінде жүргізілетін операциялар және оларды жүргізу негіздері туралы;
8) тізілімдер жүйесін құрайтын құжаттарды қабылдау және өткізу туралы;
9) орталық депозитарий бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (шоттарына) есептен шығару (есепке жазу) бұйрығын орындаған жағдайда мәміленің сомасы туралы;
10) пайдасына бағалы қағаздарға (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) ауыртпалық салу жүзеге асырылған тұлғалар туралы және ауыртпалық салынған бағалы қағаздар бойынша оларға берілген құқықтар туралы мәліметтер қамтылады.
8. Тізілімдер жүйесінде эмитент туралы мынадай мәліметтер болады:
1) эмитенттің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі толық және қысқаша атауы;
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) жүзеге асырған мемлекеттік органның атауы, сондай-ақ мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) күні және бар болса нөмірі, эмитенттің бизнестік сәйкестендіру нөмірі (бар болса) (бұдан әрі - БСН);
3) орналасқан жері, пошталық мекенжайы;
4) телефон, факс нөмірлері және басқа байланыс құралдары;
5) эмитенттің атқарушы органы басшысының және бас бухгалтерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса).
9. Тізілімдер жүйесінде эмитенттің бағалы қағаздары туралы мынадай мәліметтер болады:
1) бағалы қағаздар шығарылымдарының мемлекеттік тіркелуі туралы куәліктің берілген күні мен нөмірі (бұрын берілген куәліктердің күндері мен нөмірлерін көрсете отырып) және бағалы қағаздардың шығарылымын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған тіркеуші органның атауы;
2) бағалы қағаздардың түрі, халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ISIN - коды), шығару нысаны, оның ішінде бағалы қағаздарды айырбастау туралы ақпарат;
3) инвестициялық пай қорының пайларын қоспағанда, жарияланған бағалы қағаздар саны;
4) орналастырылған бағалы қағаздар саны;
5) облигациялардың (исламдық бағалы қағаздардың) номиналдық құны;
6) облигациялардың (исламдық бағалы қағаздардың) айналыс мерзімі және оларды өтеу күні;
7) акцияларды және исламдық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы (мемлекеттік емес облигацияларды өтеу хабарламалары, исламдық бағалы қағаздарды өтеу қорытындылары туралы) есептер бекітілген күн, акцияларды және исламдық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептер бекітілген күн (есепті кезең аяқталған күн).
Тізілімдер жүйесін құрайтын мәліметтерге өзгерістер мен толықтыруларды эмитенттің тиісті құжаттарына оларды енгізген және (немесе) уәкілетті органнан бағалы қағаздардың шығарылымына, айналысына, өтелуіне және (немесе) жойылуына қатысты жаңа құжаттар алған күннен кейін күнтізбелік 10 (он) күн ішінде эмитент орталық депозитарийге береді.
Эмитент тізілімдер жүйесін құрайтын, облигацияларды өтеу күні туралы мәліметтерге толықтыруларды облигациялардың осы шығарылымының проспектісінде облигацияларды өтеудің нақты күні болмаған жағдайда, облигацияларды өтеу күні айқындалғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн ішінде орталық депозитарийге береді.
10. Орталық депозитарий инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы ұсынған келесі құжаттардың негізінде қызмет көрсету үшін инвестициялық пай қорының пайларын қабылдайды:
басқарушы компаниясының жарғысының көшірмесі (бар болса);
инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының жеке шот ашуға бұйрығы;
пайлардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
инвестициялық пай қоры қағидаларының көшірмесі;
инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе куәліктің көшірмесі;
жеке шоттар бойынша операциялар мен ақпараттық операцияларды жүргізуге арналған құжаттарға қол қою құқығы бар басқарушы компания өкілдерінің нотариат куәландырған қол қою үлгілері бар құжаттар, ол құжаттарда мынадай мәліметтер болады:
инвестициялық пай қорының атауы;
құжатқа қол қоюға құқық беретін басқарушы компанияның атауы;
басқарушы компания өкілінің лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), жеке басын куәландыратын құжат деректері;
осы құжатта бар қол қою үлгілері тіркелген тұлғаның тізілімдер жүйесінде ашылған жеке шоты бойынша операцияларды және ақпараттық операцияларды жүзеге асыру кезінде міндетті болып саналатынына нұсқау;
жеке шоттар бойынша операциялар мен ақпараттық операцияларды жүргізуге арналған құжаттарды растау құқығы бар кастодиан өкілдерінің нотариат куәландырған қол қою үлгілері бар құжаттар, ол құжаттарда мынадай мәліметтер болады:
инвестициялық пай қорының атауы;
басқарушы компанияның атауы;
инвестициялық пай қорының активтерін есепке алуды жүзеге асыратын кастодианның атауы;
кастодиан өкілінің лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), жеке басын куәландыратын құжат деректері;
осы құжатта бар қол қою үлгілері тіркелген тұлғаның тізілімдер жүйесінде ашылған жеке шоты бойынша операцияларды және ақпараттық операцияларды растау кезінде міндетті болып саналатынына нұсқау.
11. Жарияланған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмиссиялық бағалы қағаздарды эмитенттің жеке шотына есепке алуды орталық депозитарий эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің көшірмесі мен бағалы қағаздар шығарылымы проспектісінің көшірмесі немесе бағалы қағаздарды шығару проспектісіне енгізілген өзгерістер мен (немесе) толықтырулар негізінде жүзеге асырады.
12. Тізілімдер жүйесінде жеке тұлғаға жеке шот ашуды орталық депозитарий мынадай құжаттар негізінде жүзеге асырады:
1) жеке шот ашу бұйрығы;
2) жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі (құжаттар пошта байланысымен немесе курьер арқылы ұсынылған жағдайда) немесе инвестициялық пай қорының пайларын иеленуге өтінімнің көшірмесі қоса беріле отырып жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (басқарушы компания пайларды иеленуге өтінім берген жеке тұлғаның атынан құжаттар берген жағдайда).
Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып жеке тұлғаға электрондық құжат нысанында жеке шот ашуға бұйрықты беру кезінде жеке тұлғаның электрондық бұйрығына осы жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі қоса беріледі.
13. Заңды тұлғаға жеке шот ашуды мынадай құжаттар негізінде жүзеге асырады:
1) жеке шотты ашуға бұйрық;
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе куәліктің көшірмесі;
3) жеке шоттар бойынша операциялар мен ақпараттық операцияларды жүргізуге арналған құжаттарға қол қоюға құқығы бар заңды тұлға өкілдерінің нотариалды куәландырылған қол қою үлгілері бар құжат, ол құжатта мынадай мәліметтер болады:
заңды тұлғаның атауы;
заңды тұлға өкілінің лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), жеке басын куәландыратын құжат деректері;
осы құжатта бар қол қою үлгілері заңды тұлғаның жеке шоты бойынша операцияларды және ақпараттық операцияларды жүзеге асыру кезінде міндетті болып саналатынына нұсқау.
14. Жеке тұлға немесе оның өкілі Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген жеке шот ашуға арналған құжаттарды орталық депозитарийге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделген сенімхат негізінде ұсынады не пошта байланысымен немесе курьер арқылы жібереді.
Заңды тұлғаның бірінші басшысы және (немесе) оның өкілі Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген жеке шот ашуға арналған құжаттарды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес ресімделген сенімхат негізінде ұсынады не пошта байланысымен немесе курьер арқылы жібереді.
Басқарушы компанияға пайларды иеленуге өтінім берген тұлғаға жеке шот ашылған жағдайда, егер инвестициялық пай қорының қағидаларында көзделген болса, Қағидалардың 12 және 13-тармақтарында көрсетілген құжаттарды орталық депозитарийге беруді басқарушы компания жүзеге асырады.
15. Қағидалардың 12 және 13-тармақтарының талаптары:
1) бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) иеленуші - тіркелген тұлғаға, номиналды ұстау жүйесінде осы тұлғаға тиесілі бағалы қағаздар (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары) есепке алынған номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы лицензиясынан айырылған жағдайда, номиналды ұстаушының жеке шотты ашу жөніндегі бұйрығының және номиналды ұстаушыға оның клиенті номиналды ұстаудың есебін жүргізу жүйесінде жеке шотты ашу үшін ұсынған құжаттардың түпнұсқалары негізінде жеке шот ашқан кезде;
2) орталық депозитарий соттың атқару парағын орындау мақсатында тіркелген тұлғаға жеке шот ашқан кезде;
3) қаржы ұйымдары қайта ұйымдастырылған жағдайда тіркелген тұлғаға жеке шот ашқан кезде қолданылмайды.
Осы тармақтың ережелері тіркелген тұлғаның тізілімдер жүйесінде ашылған жеке шоты болмаған жағдайда қолданылады.
16. Егер бағалы қағаздарға меншік құқығы бірнеше тұлғаға тиесілі болса, тізілімдер жүйесіндегі жеке шот олардың ортақ өкілінің жеке шот ашуға бұйрығы негізінде ортақ меншіктің барлық қатысушыларының оны сайлау туралы жазбаша келісімін қоса бере отырып ашылады.
17. Жеке шотты ашу (жабу) бұйрығына жеке тұлға немесе оның өкілі не заңды тұлғаның, оның ішінде инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының өкілі қол қояды және онда мынадай мәліметтер болады:
1) заңды тұлғаның атауы (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса);
2) инвестициялық пай қорының атауы;
3) жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың атауы және деректемелері;
4) жеке тұлғаның туған күні;
5) заңды тұлғаны (инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясын) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың күні немесе заңды тұлғаны (инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясын) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің күні және нөмірі;
6) заңды тұлғаның (инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының) орналасқан жері, пошталық мекенжайы, БСН (бар болса), банк деректемелері;
7) жеке тұлғаның тұрғылықты жері, пошталық мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса) (бұдан әрі - ЖСН), банктік деректемелері;
8) жеке тұлғаның салық резиденттігі туралы мәліметтер.
18. Қағидалардың 15-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген номиналды ұстаушының бұйрығында Қағидалардың 17-тармағының 1), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген мәліметтері қамтылады.
19. Эмитентті және ортақ меншік қатысушыларының ортақ өкілін қоспағанда, тіркелген тұлғаның тізілімдер жүйесінде бір жеке шоты болады.
20. Жеке шотқа жеке нөмір беріледі. Жеке шотта:
1) жеке шотты ашу бұйрығына сәйкес тіркелген тұлға;
2) бағалы қағаздардың саны, түрі және халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ISIN - коды);
3) эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары;
4) ауыртпалық салынған бағалы қағаздардың саны (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары);
5) пайдасына бағалы қағаздарына ауыртпалық салынған (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары) және ауыртпалық салынған бағалы қағаздар жөніндегі құқық тиесілі тұлғалар;
6) бұғатталған бағалы қағаздар саны (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары);
7) осы жеке шот бойынша жүргізілген операциялар;
8) орталық депозитарийдің қағидалар жиынтығында белгіленген көлемдегі сенімгерлік басқарушы;
9) сенімгерлік басқаруға берілген бағалы қағаздар саны (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары) туралы мәліметтер болады.
21. Инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы лицензиясының қолданылуы тоқтатылған немесе одан айырылған жағдайда инвестициялық пай қорының жеке шоттарын басқару инвестициялық пай қорының кастодианына көшеді және орталық депозитарийдің қағидалар жинағында көзделген тәртіппен инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіне тиісті өзгерістер енгізу жолымен ресімделеді.
22. Жеке шотта жеке шот бойынша жүргізілген операциялар туралы мынадай ақпарат көрсетіледі:
1) операция түрі;
2) оның жүргізілген күні және уақыты;
3) операцияны жүргізу негізі;
4) операцияға қатысқан жеке шоттардың нөмірлері;
5) бағалы қағаздардың саны, түрі, халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ISIN - коды) немесе оларға қатысты операция жүргізілген эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарының саны және сәйкестендіргіші.
23. Тізілімдер жүйесінде меншік иегерлерінің және эмитенттің бірдей құқығы мен міндеттерін куәландыратын бағалы қағаздардың бір түрі бойынша есепке алу орталық депозитариймен жүзеге асырылады.
24. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік қатысушыларының тізілімін қалыптастыру, жүргізу және сақтау орталық депозитарийдің қағидалар жинағына және орталық депозитарийдің шаруашылық серіктестікпен жасаған шартына сәйкес жүзеге асырылады.
25. Орталық депозитарийге келіп түскен құжаттар кіріс құжаттарды тіркеу, эмитенттердің және тіркелген тұлғалардың бұйрықтарын есепке алу, сенімхаттарды есепке алу журналдарында тіркеледі. Орталық депозитарий құжатты қабылдағаннан кейін (ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып электрондық құжаттар қабылдау жағдайларын қоспағанда) өтініш білдірген тұлғаның сұрауы қабылдаған күнін (уақытын) және құжатты қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырған орталық депозитарий қызметкерінің тегін, атын, әкесінің атын (ол бар болса) көрсете отырып, оны қабылдау фактісін растайтын құжат береді.
26. Орталық депозитарий берген құжаттар шығыс құжаттарының журналында тіркеледі.
27. Тізілімдер жүйесін құрайтын мәліметтердегі өзгерістер орталық депозитарийдің тиісті ішкі есеп журналдарында тіркеледі.
28. Орындалуы туралы белгісі бар құжаттар орталық депозитарийдің мұрағатына өткізіледі, олар мұрағат жүргізу журналында тіркеледі. Құжаттарды мұрағат жүргізу журналында тіркеу кезінде олардың тұтастығы, парақтары мен данасының саны, сондай-ақ олардың қосымшалары тексеріледі.
29. Тізілімдер жүйесін құрайтын электрондық және (немесе) қағаз тасымалдағыштардағы мәліметтер жоғалған немесе жойылған жағдайда орталық депозитарий:
1 (бір) жұмыс күні ішінде бұл туралы эмитентке, уәкілетті органға және орталық депозитарийге хабарлайды;
тізілімдер жүйесін құрайтын қағаз тасымалдағыштардағы мәліметтерді қалпына келтіру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында мүдделі тұлғалардың құжаттарды беру қажеттігі туралы ақпаратты жариялайды;
жоғалған немесе жойылған деректерді олардың жоғалған немесе жойылған күнінен бастап 14 (он төрт) күнтізбелік күн ішінде қалпына келтіреді.
30. Тіркеу жүйесін құрайтын құжаттарды сақтауды орталық депозитарий дербес немесе үшінші тараптардың қызмет көрсету келісімдері бойынша жүзеге асырады.
31. Орталық депозитарий Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген акциялар мен исламдық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есепті уәкілетті органға ұсыну мерзімі өткенге дейін күнтізбелік 20 (жиырма) күннен кешіктірмей көрсетілген есептерді уәкілетті органға ұсыну қажеттілігі туралы хабарламаны қызмет көрсетілетін эмитенттерге жібереді.
32. Эмитент уәкілетті органға акцияларды немесе исламдық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есепті жолдаған соң 3 (үш) жұмыс күні ішінде орталық депозитарийге бұл туралы хабарлама жібереді.
Егер акцияларды немесе исламдық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есепті уәкілетті органға ұсыну мерзімі өткеннен кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң орталық депозитарийге эмитент осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген хабарламаны ұсынбаса, орталық депозитарий келесі жұмыс күні ішінде бұл туралы уәкілетті органды хабардар етеді.
33. Трансфер-агенттің қызметтерін пайдаланған жағдайда, орталық депозитарийдің клиенттері аударма агенті осы клиентке дербес төлейтін трансфер-агенттік қызметтердің құнын қоспағанда, орталық депозитарийдің қызметтеріне жеке төлейді.
2-тарау. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру тәртібі
34. Бағалы қағаздармен (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарымен) мәмілелерді тізілімдер жүйесінде тіркеу жеке шоттар бойынша тиісті операцияларды жүргізу жолымен жасалады.
Айналыс мерзімі өткен және эмитент оларды өтеу бойынша міндеттемелерді орындамаған эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқығын есепке алу осы эмиссиялық бағалы қағаздардың халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ISIN- коды) көрсете отырып, орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленген тәртіпте орталық депозитарий беретін сәйкестендіргіш бойынша жүзеге асырады.
Тіркелген тұлғалардың жеке шоттарындағы эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқығының сандық мәні ("Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Атқарушылық iс жүргiзу туралы заң) сәйкес мемлекеттік органдардың, сондай-ақ осындай құқыққа ие тұлғалардың актілері негізінде оларды оқшаулау бойынша операциялар жүргізілген эмиссиялық бағалы қағаздарды қоспағанда) осы талап ету құқығы туындаған эмиссиялық бағалы қағаздардың санына сәйкес айқындалады.
35. Орталық депозитарий тізілімдер жүйесінде операциялардың мынадай түрлерін жүзеге асырады:
1) жеке шоттар бойынша операциялар;
2) ақпараттық операциялар.
36. Жеке шоттар бойынша операцияларға мыналар жатады:
1) жеке шот ашу;
2) тіркелген тұлға, инвестициялық пай қоры немесе инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы туралы мәліметтерді өзгерту;
3) бағалы қағаздарды тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (шоттарына) есептен шығару (есепке жазу);
4) эмитенттің орналастырылған акциялары (эмитент сатып алған акцияларды шегергенде) санының ұлғаюына байланысты тіркелген тұлғаның жеке шотында акциялар санының ұлғаюы туралы жазбаларды енгізу;
5) бағалы қағаздарға ауыртпалық салу (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарына) және ауыртпалық салуды алып тастау;
6) бағалы қағаздарды оқшаулау (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) және оқшаулауды алып тастау;
7) сенімгерлік басқарушы туралы жазбаны енгізу және сенімгерлік басқарушы туралы жазбаны алып тастау;
8) эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (шоттарына) есептен шығару (есепке жазу);
9) эмитенттің бағалы қағаздарын және өзге де ақшалай міндеттемелерін эмитенттің жай акцияларына айырбастау туралы жазбаларды енгізу;
10) эмитенттің бір түрдегі орналастырылған акцияларын осы эмитенттің басқа түрдегі акцияларына айырбастау туралы жазбаларды енгізу;
11) эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын жою;
12) бағалы қағаздарды өтеу;
13) жеке шотты жабу.
37. Ақпараттық операцияларға мыналар жатады:
1) белгілі бір күнге және уақытқа бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімін (акционерлердің тізімін) жасау және беру;
2) жеке шоттан үзінді-көшірмелер жасау және беру;
3) белгілі бір күнге және уақытқа эмитенттің ірі акционерлері туралы анықтама жасау және беру;
4) есептер, хабарламалар мен анықтамалар дайындау және беру.
Бұрын бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізген ұйым бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесін жүргізген күнге орталық депозитарий беретін ақпарат пен құжаттар бұрын бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізген ұйым берген құжаттарға сәйкес жасалады және тек қана сот шешімінің негізінде өзгертілуі мүмкін.
38. Тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (жеке шоттарына) бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) есептен шығару (есепке алу) бұйрығында орталық депозитарийдің қағидалар жинағында көзделген мәліметтер қамтылады.
Тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (жеке шоттарына) бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) есептен шығару (есепке алу) бұйрығына мәмілеге қатысушы тұлға немесе оның өкілі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында белгіленген жағдайларда орталық депозитарий қол қояды. Бұйрық Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, электронды құжат түрінде ұсынылады.
Инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (жеке шоттарына) пайларды есептен шығару (есепке алу) бұйрығына оның өкілі қол қояды, сондай-ақ инвестициялық пай қорының активтерін есепке алуды қамтамасыз ететін кастодиан бөлімшесінің басшысы қол қояды не кастодиан инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (жеке шоттарына) пайларды есептен шығару (есепке алу) бұйрығын өзінің жазбаша түрде немесе Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып электрондық құжат нысанында растауын орталық депозитарийге жіберу жолымен растайды.
Орталық депозитарийге ұсынылатын бұйрықтардың, сондай-ақ басқарушы компанияның бұйрығын кастодиан растауының нысаны мен мазмұны орталық депозитарийдің қағидалар жинағына сәйкес айқындалады.
Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып электрондық құжат нысанында бұйрықтарды беру тәртібі мен талаптары, сондай-ақ олардың форматтары орталық депозитарийдің қағидалар жинағында айқындалады.
39. Орналастырылған акциялардың (эмитент сатып алған акцияларды шегергенде) саны ұлғайған кезде тіркелген тұлғалардың жеке шоттары бойынша жарияланған акцияларды бөлу бұйрығында мынадай мәліметтер қамтылады:
1) бұйрықтың нөмірі және тіркелген күні;
2) бағалы қағаздар эмитентінің атауы;
3) тіркелген тұлға туралы мәліметтер;
4) тіркелген тұлғаның жеке шотының нөмірі;
5) бағалы қағаздардың түрі, халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ISIN- коды);
6) орналастырылған акциялар (эмитент сатып алған акцияларды шегергенде) санының ұлғаюына байланысты жүргізілген операция нәтижесінде пайда болған аталған жеке шоттардағы орналастырылған акциялар (эмитент сатып алған акцияларды шегергенде)санына тіркелген тұлғалардың жеке шоттары бойынша бөлінетін жарияланған акциялар санының арақатынасы;
7) операция жүргізуге арналған бағалы қағаздар саны;
8) орналастырылған акциялардың (эмитент сатып алған акцияларды шегергенде) санын ұлғайтуға арналған нұсқау;
9) бағалы қағаздар бойынша құқықтарға қатысты мәліметтер.
Орналастырылған акциялардың (эмитент сатып алған акцияларды шегергенде) саны ұлғайған кезде тіркелген тұлғалардың жеке шоттарына жарияланған акцияларды бөлу бұйрығына эмитенттің уәкілетті адамы қол қояды.
40. Ортақ меншік қатысушыларының ортақ өкілінің жеке шоты бойынша операциялар жүргізілген жағдайда орталық депозитарийге ортақ меншіктің барлық қатысушыларының операция жүргізуге жазбаша келісімі ұсынылады.
41. Жеке шоттар бойынша операция жүргізу кезінде орталық депозитарий бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдері жүйесінің деректеріне қарай мәмілеге қатысушылардың бұйрықтары мазмұнының Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкестігін тексереді және бұйрықтарға қойылған қолдардың жеке шоттар бойынша операциялар мен ақпараттық операцияларды тіркеуге арналған құжаттарға қол қоюға құқығы бар заңды тұлға өкілдерінің нотариат куәландырған қол қою үлгілері, заңды тұлғаның құжатта немесе мәміле тарабы не сенімхат бойынша өкілдері болып табылатын жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатта (түпнұсқасында немесе нотариат куәландырған көшірмесінде) көрсетілген қолдарға сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады.
Орталық депозитарий электрондық құжат нысанында берілген бұйрықтар, өкімдер негізінде жеке шоттар бойынша операциялар жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес электрондық цифрлық қолтаңбаларды тексереді.
42. Қағидалардың 15-тармағына сәйкес ашылған жеке шоттар бойынша Қағидалардың 36-тармағының 2), 3), 5), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген операциялар (мұраға қалдырған немесе заңды тұлға таратылған кезде бағалы қағаздар бойынша меншік құқығы ауысқан жағдайда бағалы қағаздарды бір жеке шоттан басқа жеке шотқа аударуды, басқарушы компанияның инвестициялық пай қоры қызметін тоқтатқан кезде пайларды есептен шығаруын қоспағанда) жеке тұлға болып табылатын тіркелген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатты не, егер тіркелген тұлға заңды тұлға болып табылған жағдайда, Қағидалардың 13-тармағының 2) және 3) тармақшаларында белгіленген құжаттарды орталық депозитарийге бергенге дейін жүргізілмейді.
43. Тіркелген тұлға орталық депозитарийге:
1) жеке басын куәландыратын құжатты (жеке тұлға үшін);
2) Қағидалардың 13-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды (заңды тұлға үшін) ұсынғанға дейін Қағидалардың 15-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ашылған жеке шот бойынша тіркелген тұлғаның жеке шотына бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) есепке алу операцияларын қоспағанда, Қағидалардың 36-тармағының 2), 3), 5), 7) тармақшаларында көрсетілген операциялар жүргізілмейді.
44. Жеке шотта қамтылған тіркелген тұлға, инвестициялық пай қоры немесе инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы туралы мәліметтерді өзгерту операциясын орталық депозитарий осы өзгерістерді растайтын құжаттар және (немесе) тіркелген тұлғадан, инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясынан алынған ақпарат негізінде орталық депозитарийдің қағидалар жинағында айқындалған тәртіппен жүргізеді.
Жеке шотта қамтылған, пайларды ұстаушы болып табылатын тіркелген тұлға туралы мәліметтерді (жеке тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын (ол бар болса) және (немесе) заңды тұлғаның атауын өзгерту туралы мәліметтерді қоспағанда) өзгерту операциясы, егер ол инвестициялық пай қорының қағидаларында орталық депозитарийдің қағидалар жинағында айқындалған тәртіппен көзделсе, осы өзгерістерді растайтын, басқарушы компания орталық депозитарийге берген тіркелген тұлғаның құжаттары негізінде жүзеге асырылады.
45. Тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (жеке шоттарына) бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) есептен шығару (есепке жазу) операцияларын орталық депозитарий эмиссиялық бағалы қағаздармен (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарымен) мәмілелерді тіркеу туралы қарсы бұйрықтарды және Қағидалардың 47 , 49, 51, 52, 53, 54, 55, 56, 58, 59, 60, 61, 62, 63, 64, 73, 74 және 77-тармақтарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, Қағидаларға және Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес осы операцияны жүргізу үшін қажетті өзге құжаттарды алған кезде жүргізеді.
Егер мәміле тараптарының біріне оны жасау үшін осындай келісімді (рұқсатты) беруге уәкілеттік берілген мемлекеттік органның рұқсаты (келісімі) талап етілетін болса, орталық депозитарий осындай келісімнің болуын растайтын құжатты сұратады.
Осы тармақтың екінші бөлігінің талабы бағалы қағаздар сенімгерлік басқаруға берілген кезде орталық депозитарий бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесінде жүргізетін операцияларға қатысты да қолданылады.
46. Орталық депозитарий номиналды ұстаушының клиентіне бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдер жүйесінде жеке шот ашу үшін номиналды ұстаушының бұйрығын алған күннен бастап күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде және номиналды ұстаудың есебін жүргізу жүйесінде жеке шотты ашу үшін номиналды ұстаушыға оның клиенті ұсынған құжаттарды және нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9876 тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 210 қаулысымен бекітілген Эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді, эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі эмитенттердің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын беруді орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде тіркеу, орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркелген тұлғаның жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының номиналды ұстауындағы бағалы қағаздары бар клиенттер туралы ақпаратты орталық депозитарийдің және эмитенттің талап етуі бойынша табыс ету қағидаларының 36-тармағында көрсетілген номиналды ұстаушының клиенті болып табылатын бағалы қағаздардың меншік иесіне жеке шотты ашу жөніндегі бұйрықты жібереді.
Орталық депозитарий номиналды ұстаушының бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдер жүйесінде номиналды ұстаушының клиентіне ашылған жеке шотқа кейіннен есепке алуы мақсатында орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ашылған номиналды ұстаушының шотынан бағалы қағаздарды есептен шығару (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) жөніндегі бұйрығын алған күннен бастап күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде номиналды ұстаушының клиенті болып табылатын бағалы қағаздардың меншік иесіне бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдер жүйесінде ашылған жеке шотқа есепке алуға және бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдер жүйесінде тұрған бағалы қағаздарға (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) ашылған орталық депозитарийдің жеке шотынан есептен шығаруға арналған бұйрықтарды жібереді.
47. Орталық депозитарий кепілге қойылған бағалы қағаздар бойынша меншік құқығының (эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары) басқа тұлғаға өтуін тіркеу операциясын жүргізген жағдайда, Қағидалардың 45-тармағында көзделген құжаттардан басқа, пайдасына бағалы қағаздарға (эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарына) ауыртпалық салынған кепіл ұстаушының оларды иеліктен алуға келісімі ұсынылады.
Егер ұсынылған кепіл ұстаушының бағалы қағаздарды (эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) иеліктен алуға келісімінде кепілді сақтап қалу талабы қамтылатын болса, осындай бағалы қағаздарды (эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) есептен шығару, есепке жазу және ауыртпалық салу операциялары кепілге ауыртпалық салудың туындауын немесе басқа тұлғаға өтуін растайтын құжат қосымша ұсынылған жағдайда жүргізіледі.
48. Тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан оларға тиесілі, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Банктер және банк қызметі туралы заң) 16-бабының 6-тармағына сәйкес мәжбүрлеп сатып алуға жататын екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі – банктер) акцияларын есептен шығару және осы акцияларды уәкілетті органның шотына есепке жазу операциялары Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18669 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 2 мамырдағы № 70 қаулысымен бекітілген Банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және оларды кейіннен инвесторларға міндетті түрде сату қағидаларында белгіленген тәртіппен қабылданған уәкілетті органның шешімі негізінде тіркеледі.
Ескерту. 48-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2019 № 262 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.49. Орталық депозитарий эмитенттің бағалы қағаздарын және кредиторлар алдындағы өзге де ақшалай міндеттемелерін оның жай акцияларына айырбастау туралы жазбаларды енгізу операциясын эмитент уәкілетті органның эмитент жүргізген айырбастау туралы хабарламасының көшірмесін және мынадай құжаттардың бірінің:
1) эмитенттің жай акцияларына айырбасталатын эмитенттің бағалы қағаздар шығарылымы проспектісінің;
2) Қазақстан Республикасының банктік заңнамасында көзделген тәртіппен қабылданған банкті қайта құрылымдау жоспарының;
3) егер эмитент дәрменсіз борышкер болса, Қазақстан Республикасының банкроттық және оңалту туралы заңнамасында көзделген тәртіппен қабылданған оңалту жоспарының көшірмесін ұсынған кезде жүргізеді.
Орталық депозитарий эмитенттің тіркелген тұлғаларға тиесілі бағалы қағаздарын оның жай акцияларына айырбастау туралы жазбаларды енгізу операциясын тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан бағалы қағаздарды есептен шығару мен оларды сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған эмитенттің жеке шотына есепке жазу және жай акцияларды жарияланған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған эмитенттің жеке шотынан есептен шығару мен оларды тіркелген тұлғалардың жеке шоттарына есепке жазу жолымен эмитенттің бағалы қағаздарды айырбастау туралы жазбаларды енгізу бұйрығы негізінде жүргізеді.
Эмитенттің кредиторлары алдындағы ақшалай міндеттемелерді оның жай акцияларына конвертациялау туралы жазбаларды енгізу бойынша операцияны орталық депозитарий эмитенттің жай акцияларды жарияланған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған жеке шотынан есептен шығару және оларды осы Қағидалардың 12 және 13-тармақтарына сәйкес эмитенттің кредиторларына ашылған жеке шоттарға есепке жазу арқылы эмитенттің ақшалай міндеттемелерді конвертациялау туралы жазбаларды енгізу бұйрығы негiзiнде жүргізеді.
Жеке шоты бойынша эмитенттің бағалы қағаздарын және кредиторлар алдындағы өзге де ақшалай міндеттемелерін оның жай акцияларына айырбастауға байланысты операцияларды жүргізгеннен кейін орталық депозитарий 1 (бір) жұмыс күні ішінде оған бұл туралы хабарламаны және тізілімдер жүйесіндегі жеке шотынан көшірмені жібереді.
Орталық депозитарий олардың айырбасталуына байланысты сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған эмитенттің жеке шотына есепке жазылған облигацияларды облигациялардың шығарылымын жою туралы куәліктің көшірмесі негізінде жояды.
50. Эмитенттің бағалы қағаздарын және кредиторлары алдындағы өзге ақшалай міндеттемелерін оның жалғыз ұстаушысы уәкілетті органның қызметі екінші деңгейдегі банктердің орнықтылығын арттыруға бағытталған еншілес ұйымы (бұдан әрі - Ұйым) болып табылатын бағалы қағаздар бойынша жай акцияларына конвертациялау туралы жазбаларды енгізу бойынша операция Ұйымның хабарламасы негізінде жүргізіледі.
Эмитенттің бағалы қағаздарын және кредиторлары алдындағы өзге ақшалай міндеттемелерін оның жай акцияларына конвертациялау Қағидалардың 49-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылмайды.
51. Тіркелген тұлғаның Қағидалардың 15-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ашылған жеке шотына бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) есепке алу операцияларын орталық депозитарий бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) есептен шығару және жеке шотына есепке алуға арналған Қағидалардың 15-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген номиналды ұстаушының бұйрығының негізінде жүргізеді.
52. Орталық депозитарий эмитенттің бір түрдегі орналастырылған акцияларын осы эмитенттің басқа түрдегі акцияларына айырбастау туралы жазбаларды енгізу операциясын эмитент ұсынған бір түрдегі орналастырылған акцияларды басқа түрдегі акцияларға айырбастау туралы эмитент акционерлерінің жалпы жиналысы шешімінің көшірмесі, айырбастау талаптары, мерзімі және тәртібі анықталған ақциялар шығару проспектісіне өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың, жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы жаңа куәліктің көшірмесі және эмитенттің орналастырылған акцияларды айырбастау туралы жазбаларды енгізу бұйрығының көшірмесі негізінде мынадай жолмен жүргізеді:
1) айырбасталуға тиіс акцияларды тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан және эмитенттің сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған жеке шотынан есептен шығару және оларды жарияланған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттің жеке шотына есепке алу;
2) орналастырылған акциялар айырбасталатын акцияларды жарияланған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттің жеке шотынан және (немесе) сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алу үшін жеке шоттан айырбасталуы жүзеге асырылуға сай пропорцияда акциялары айырбасталуға тиіс тіркелген тұлғалардың жеке шоттарына есептен шығару, сондай-ақ эмитент сатып алған акциялар айырбасталатын акцияларды жарияланған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттің жеке шотынан айырбасталуы жүзеге асырылуға сай пропорцияда акцияларды есептен шығару және оларды сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттің жеке шотына есепке алу.
Орталық депозитарийдің жеке шоты бойынша эмитенттің бір түрдегі орналастырылған акцияларын осы эмитенттің басқа түрдегі акцияларына айырбастауға байланысты операцияларды жүргізгеннен кейін орталық депозитарий 1 (бір) жұмыс күні iшiнде тiзiлiмдер жүйесiндегi орталық депозитарийдің жеке шотынан үзінді көшiрменi қоса бере отырып, эмитентке бұл туралы хабарламаны жібереді.
53. Эмитенттің жеке шоты бойынша ұстаушылары талап етпеген орналастырылған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу үшін мынадай операциялар жүзеге асырылады:
1) эмитент ұсынатын бұйрық және талап етілмеген эмиссиялық бағалы қағаздар орналастырылған тұлғалардың тізімі негізінде ұстаушылары талап етпеген орналастырылған бағалы қағаздарды есепке жазу;
2) бұрын ұсынылған тізімге сәйкес эмитенттің және жеке шотына бағалы қағаздар есепке жазылатын тұлғаның қарсы бұйрықтары негізінде эмиссиялық бағалы қағаздарды есептен шығару және бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотына есепке жазу;
3) Банктер және банк қызметі туралы заңға сәйкес қайта құрылымдауды жүзеге асырған эмитенттің бұйрығы және эмитент жүргізген қайта құрылымдау шеңберінде ұстаушылары талап етпеген бағалы қағаздарға эмитенттің меншік құқығын (егер мұндай құқық эмитенттің қайта құрылымдау жоспарында көзделмеген болса) тану туралы тиісті сот шешімі негізінде эмиссиялық бағалы қағаздарды есептен шығару және сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттің жеке шотына есепке жазу.
54. Егер эмитент Банктер және банк қызметі туралы заңға сәйкес жүргізілген қайта құрылымдау процесін аяқтаса, онда осы қайта құрылымдау шеңберінде шығарылған және ұстаушылары қайта құрылымдау процесі аяқталғанға дейін талап етпеген эмитенттің бағалы қағаздарын сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттің жеке шотына есепке жазу операциясын орталық депозитарий эмитенттің бұйрығы және осы бағалы қағаздарға эмитенттің меншік құқығын (егер мұндай құқық эмитенттің қайта құрылымдау жоспарында көзделмеген болса) тану туралы тиісті сот шешімі негізінде жүргізеді.
55. Банктер және банк қызметі туралы заңға сәйкес жүзеге асырылатын эмитентті қайта құрылымдау шеңберінде шығарылған бағалы қағаздарды ұстаушылардың жеке шоттарына есепке жазу операциясы эмитенттің осы эмитентті қайта құрылымдау процесін жүзеге асыруға байланысты жойылған эмитенттің бағалы қағаздарын ұстаушылардың жеке шоттарынан есептен шығарылғаннан кейін эмитенттің қайта құрылымдау жоспары болған кезде эмитенттің бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.
56. Орналастырылған акциялардың (эмитент сатып алған акцияларды шегергенде) санын ұлғайту операциясын орталық депозитарий эмитенттің берген жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірмелері мен уәкілетті органның эмитентке берген, жарияланған акциялардың санын ұлғайту орналастырылған акциялардың (эмитент сатып алған акцияларды шегергенде) санын ұлғайту есебінен жүргізілгендігіне сілтеме жасалған ілеспе хат, сондай-ақ тіркелген тұлғалардың жеке шоттарына жарияланған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған эмитенттің жеке шотынан акцияларды аудару жолымен акцияларды эмитенттің тіркелген тұлғалардың жеке шоттарына жарияланған акцияларды бөлу бұйрығы негізінде жүргізеді.
Орналастырылған акциялардың (эмитенттің сатып алған акцияларын қоспағанда) санын көбейту операциясы эмитенттің кепілге салынған және (немесе) сенімгерлікпен қамтамасыз етілген акцияларының санын тиісті үлесті ұлғайтуды көздейді.
57. Орналастырылған акциялардың (эмитент сатып алған акцияларды шегергенде) санын ұлғайтуға байланысты операцияларды жүргізгеннен кейін орталық депозитарий 1 (бір) жұмыс күні ішінде тізілімдер жүйесіндегі жеке шотынан көшірмені жібереді.
58. Акционерлік қоғамдарды қайта ұйымдастыру кезінде тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (жеке шоттарына) бағалы қағаздарды есептен шығару (есепке жазу) операциясы Қағидалардың 59, 60, 61 және 62 айқындалған тәртіппен жүргізіледі.
Акционерлік қоғамдарды қайта ұйымдастыру кезінде құқықтарына ауыртпалық салынған және (немесе) сенімгерлік басқарудағы тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (жеке шоттарына) бағалы қағаздарды есептен шығару (есепке жазу) операциясы ауыртпалықты алу және (немесе) сенімгерлік басқарушы туралы жазбаны алып тастау операцияларын жүргізу талабымен жүргізіледі.
59. Акционерлік қоғамдарды біріктіру нысанында қайта ұйымдастыру кезінде бағалы қағаздарды тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (шоттарына) есептен шығару (есепке жазу) операциясын орталық депозитарий қайта ұйымдастырылатын акционерлік қоғамдардың:
1) акционерлері жалпы жиналысының шешімі;
2) біріктіру туралы шарт;
3) егер осындай қайта ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасының банктік заңнамасына, Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі, бағалы қағаздар нарығы, зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес уәкілетті органның рұқсаты талап етілетін болса, акционерлік қоғамды ерікті түрде қайта ұйымдастыру жүргізуге уәкілетті органның рұқсаты;
4) жаңадан құрылған акционерлік қоғамның бұйрығы негізінде жарияланған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттің жеке шотынан акцияларды есептен шығару және оларды қайта ұйымдастырылған акционерлік қоғамдардың тіркелген тұлғаларының жеке шоттарына есепке жазу жолымен жүргізеді.
60. Акционерлік қоғамды басқа акционерлік қоғамға қосу нысанында акционерлік қоғамдарды қайта ұйымдастыру кезінде бағалы қағаздарды тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (жеке шоттарына) есептен шығару (есепке жазу) операциясын орталық депозитарий қайта ұйымдастырылатын акционерлік қоғамдардың акционерлері жалпы жиналысының шешімі, қосу туралы шарт, егер осындай қайта ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасының банктік заңнамасына, Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі, бағалы қағаздар нарығы, зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес уәкілетті органның рұқсаты талап етілетін болса, акционерлік қоғамды ерікті түрде қайта ұйымдастыру жүргізуге уәкілетті органның рұқсаты және қосу жүзеге асырылатын акционерлік қоғамының бұйрығы негізінде:
қосылатын акционерлік қоғамының акцияларын кейіннен оларды жоя отырып тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан есептен шығару және оларды қосу жүзеге асырылатын акционерлік қоғамның жеке шотына есепке жазу;
қосу жүзеге асырылатын акционерлік қоғамның акцияларын жарияланған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттің жеке шотынан және (немесе) сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттің жеке шотынан есептен шығару және оларды қосылатын акционерлік қоғамның акцияларын ұстаушылары бұрын болған тіркелген тұлғаларының жеке шоттарына есепке жазу жолымен жүргізеді.
61. Акционерлік қоғамды бөлу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде бағалы қағаздарды тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (жеке шоттарына) есептен шығару (есепке жазу) операциясын орталық депозитарий:
1) акционерлердің жалпы жиналысының шешімі;
2) бөлу балансы;
3) егер осындай қайта ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасының банктік заңнамасына, Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі, бағалы қағаздар нарығы, зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес уәкілетті органның рұқсаты талап етілетін болса, акционерлік қоғамды ерікті түрде қайта ұйымдастыру жүргізуге уәкілетті органның рұқсаты;
4) бөлу нәтижесінде құрылған акционерлік қоғамдардың бұйрықтары негізінде жарияланған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттердің жеке шотынан акцияларды есептен шығару және оларды қайта ұйымдастырылатын қоғамның тіркелген тұлғаларының жеке шоттарына есепке жазу жолымен жүргізеді.
62. Акционерлік қоғамды бөліп шығару нысанында қайта ұйымдастыру кезінде тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (жеке шоттарына) бағалы қағаздарды есептен шығару (есепке жазу) операциясын орталық депозитарий:
1) акционерлердің жалпы жиналысының бөліп шығару туралы шешімі;
2) бөлу балансы, егер осындай қайта ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасының банктік заңнамасына, Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі, бағалы қағаздар нарығы, зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес уәкілетті органның рұқсаты талап етілетін болса, акционерлік қоғамды ерікті түрде қайта ұйымдастыру жүргізуге уәкілетті органның рұқсаты;
3) жаңадан құрылған акционерлік қоғамның (акционерлік қоғамдардың) бұйрығы (бұйрықтары) негізінде жүргізеді.
63. Қазақстан Республикасының Үкіметі не ұлттық басқарушы холдинг банктің жарияланған акцияларын сатып алу туралы шешім қабылдаған жағдайда орталық депозитарий:
1) уәкілетті органның банктің жарияланған акцияларының санын өсіру туралы хабарламасы және мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі негізінде жарияланған акцияларды есепке алу үшін эмитенттің жеке шотына бағалы қағаздарды есепке жазу операциясын;
2) жарияланған акцияларды есепке алу үшін эмитенттің шотынан жарияланған акцияларды есептен шығару операциясын және Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық мемлекеттік меншік иелігіне уәкілеттік берген мемлекеттік органның немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің көшірмесі негізінде ұлттық басқарушы холдингтің шотына осы акцияларды есепке жазу операциясын жүргізеді.
64. Бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) мұраға алу жағдайында орталық депозитарий тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (жеке шоттарына) бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) есептен шығару (есепке алу) операциясын мұрагер немесе оның өкілі берген тиісті бұйрығы, мұраға құқығы туралы куәліктің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі, мұрагер өкілінің өкілеттілігін растайтын құжаттар және тізілімдер жүйесінде мұрагердің жеке шоты болмаған жағдайда, Қағидалардың 12 және 13-тармақтарында көрсетілген құжаттар негізінде жүргізеді.
65. Қағидалардың 47, 67 және 77-тармақтарында көзделген операцияларды қоспағанда, бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) ұстаушының міндеттемесіне байланысты бағалы қағаздар (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары) бойынша құқықтарды шектеуді орталық депозитарий бағалы қағаздарына (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарына) ауыртпалық салынған бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) ұстаушының және пайдасына оларға ауыртпалық салу жүргізілетін тіркелген тұлғаның ауыртпалығы туралы қарсы бұйрықтары және бағалы қағаздарға ауыртпалық салу көзделетін шарттың түпнұсқасы немесе көшірмесі негізінде ауыртпалық салу операцияларын жүргізу арқылы жүзеге асырады.
Қағидалардың 67 және 77-тармақтарында көзделген операцияларды қоспағанда, орталық депозитарий тізілімдер жүйесіндегі бағалы қағаздарға (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарына) ауыртпалықты алып тастау операциясын мәмілеге қатысқан тұлғалардың ауыртпалықты алып тастау туралы қарсы бұйрықтары негізінде жүргізеді.
66. Қазақстан Республикасының заңнамасында және кепіл шартында көзделген жағдайларда көрсетілген бағалы қағаздар бойынша талап ету құқықтарын беру нәтижесінде кепілге берілген бағалы қағаздарға құқықтардың (эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары) басқа тұлғаға өтуін тіркеу бойынша операция орталық депозитариймен мынадай құжаттар негізінде жүзеге асырылады:
1) бағалы қағаздардан ауыртпалықты алуға (эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары) кепіл ұстаушының бұйрығы;
2) бағалы қағаздарға ауыртпалық салуға (эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары) жаңа кепіл ұстаушының бұйрығы;
3) кепілге берілген бағалы қағаздар бойынша талап ету құқықтарының (эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарының) жаңа кепіл ұстаушыға берілгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
4) егер көрсетілген келісімнің болуы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде немесе кепіл шартында көзделген жағдайда, кепілге берілген бағалы қағаздар бойынша талап ету құқықтарының (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарының) өтуіне кепіл ұстаушының жазбаша келісімі.
67. Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында және кепіл туралы шартта көзделген жағдайларда кепіл беруші эмиссиялық бағалы қағаздар (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары) бойынша құқық кепілімен қамтамасыз етілген міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған кезде кепілге салынған бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) соттан тыс сату рәсімдерін жүргізу үшін кепіл ұстаушы (кепіл ұстаушының сенім білдірілген адамы) орталық депозитарийге кепіл берушінің міндеттемелерді орындамағаны туралы хабарлама береді.
Кепіл беруші хабарламадан туындайтын талаптарды қанағаттандырмаған жағдайда, бірақ оны кепіл берушіге жіберу кезінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен ерте емес мерзімде кепіл ұстаушы (кепіл ұстаушының сенім білдірілген адамы) орталық депозитарийге кепілге салынған бағалы қағаздарға (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарына) сауда-саттық туралы хабарлама береді.
Кепілге салынған бағалы қағаздарға құқықты (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқығын) соттан тыс сату нәтижесінде ауысуын тіркеу операциясын орталық депозитарий Қағидалардың осы тармағының бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген хабарламалар болған жағдайда мынадай құжаттар негізінде жүзеге асырады:
кепіл ұстаушының (кепіл ұстаушының сенім білдірілген адамының) ауыртпалықты алу бұйрығы;
кепіл ұстаушының (кепіл ұстаушының сенім білдірілген адамының) бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) кепіл берушінің жеке шотынан есептен шығару және сатып алушының өзінің жеке шотына бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) есепке жазу жөніндегі қарсы бұйрықтары;
сауда-саттық өтпеді деп танылған жағдайда кепіл заты болып табылатын бағалы қағаздар эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары) кепіл ұстаушының меншігіне айналған кезде кепіл ұстаушының (кепіл ұстаушының сенім білдірілген адамының) бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) кепіл берушінің жеке шотына есепке жазу бұйрығы;
сауда-саттық туралы хабарландырудың Қазақстан Республикасының аумағына таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жариялануын растайтын құжаттың көшірмесі;
жоғарыда көрсетілген хабарламалардың кепіл берушіге тапсырылуын немесе олардың тапсырыс хаттармен кепіл шартында көрсетілген мекенжай бойынша жіберілуін растайтын құжаттардың көшірмесі;
сауда-саттық өткізу қорытындылары туралы (сауда-саттық өтпеді деп тану туралы) құжаттың көшірмесі.
68. Бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) оқшаулау және оқшаулауды алып тастау операциясын орталық депозитарий тізілімдер жүйесінде мемлекеттік органдардың, сондай-ақ осындай құқыққа ие тұлғалардың актілері негізінде Атқарушылық iс жүргiзу туралы заңына сәйкес жүргізеді.
Кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы заңмен көзделген жағдайларда орталық депозитарий тізілімдер жүйесінде бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) оқшаулау және оқшаулауды алып тастау операциясын терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесі негізінде жүргізеді.
Кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы заңмен көзделген негіздер бойынша бұғаттауды жүзеге асыру кезінде хабарлама қаржы мониторингін жүзеге асыратын және Кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы заңға сәйкес қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша өзге де шаралар қабылдайтын мемлекеттік органға жіберіледі.
69. Орталық депозитарий айналыс мерзімі аяқталған және эмитент оларды өтеу міндеттемелерін орындамаған эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша міндеттемелері немесе эмитенттің міндеттемелерді орындауы бойынша талап ету құқықтарын беруді тіркеу операциясын талап ету құқықтарын беретін тіркелген тұлғаның жеке шотынан осы бағалы қағаздар бойынша эмитенттің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын есептен шығару және пайдасына осы бағалы қағаздар бойынша эмитенттің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын беру жүргізілетін тұлғаның жеке шотына немесе эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша сатып алынған талап ету құқықтарын есепке алу үшін эмитенттің жеке шотына есепке жазу операциясын жүргізу жолымен мәмілеге қатысатын тұлғалардың қарсы бұйрықтары негізінде жүзеге асырады. Эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын тіркелген тұлғалардың шоттарынан (шоттарына) есептен шығару (есепке алу) бұйрығында Қағидалардың 38-тармағында көзделген мәліметтер қамтылады.
Орталық депозитарий тізілімдер жүйесінде эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын беру бойынша операциялар жүргізілгеннен кейін не номиналды ұстау жүйесінде эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын тіркеу бойынша жүргізілген операциялар туралы мәміле алғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде эмитентке пайдасына талап ету құқықтарын беру жүргізілген тіркелген тұлға туралы мәліметтерді көрсете отырып, жүргізілген операциялар туралы хабарламаны жібереді.
70. Сенімгерлік басқарушы туралы жазбаны енгізу операциясын орталық депозитарий сенімгерлік басқару құрылтайшысының және сенімгерлік басқарушының сенімгерлік басқарушы туралы жазбаны орталық депозитарий сенімгерлік басқару құрылтайшысының жеке шотына енгізу туралы қарсы бұйрықтары және сенімгерлік басқару шарты негізінде жүргізеді.
Сенімгерлік басқарушы туралы жазбаны алып тастауды орталық депозитарий мыналарға байланысты мүлікті сенімгерлік басқару шарты тоқтатылған жағдайларды қоспағанда, сенімгерлік басқару құрылтайшысы мен сенімгерлік басқарушы берген сенімгерлік басқарушы туралы жазбаны алып тастау туралы қарсы бұйрықтары негізінде жүргізеді:
сенімгерлік басқарушы - азаматтың қайтыс болуына, ол қайтыс болды деп жариялануға, ол әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі, хабарсыз жоғалып кетті деп танылуға; сенімді басқарушы заңды тұлғаның таратылуына байланысты - сенімгерлік басқару құрылтайшысының хабарламасының негізінде;
сенімгерлік басқарушының сеніп тапсырылған мүлікті өзі басқаруының мүмкін болмауына байланысты сенімгерлік басқару құрылтайшысының бас тартуына байланысты - сенімгерлік басқару құрылтайшысының хабарламасының негізінде;
сенімгерлік басқарушының сеніп тапсырылған мүлікті өзі басқаруының мүмкін болмауына байланысты сенімгерлік басқарушының бас тартуына байланысты - сенімгерлік басқарушының хабарламасының негізінде;
сенімгерлік басқарушыға, егер ол шартта көзделсе, шығындар мен сыйақыны төлеу талабымен құрылтайшының шартты орындаудан бас тартуына байланысты - сенімгерлік басқарушының хабарламасының негізінде;
сенімгерлік басқарушыға, егер ол шартта көзделсе, оған сыйақы төлей отырып, кепілмен ауыртпалық салынған мүлік басқаруға берілгені туралы оған хабарланбаған жағдайда сенімгерлік басқарушының бас тартуына байланысты - сенімгерлік басқарушының хабарламасының негізінде.
Сенімгерлік басқарушы туралы жазбаларды енгізу немесе алып тастау операциясын орталық депозитарий инвестициялық пай қорының орналастырылған пайларын есепке алуға арналған инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының жеке шоты бойынша жүргізбейді.
71. Мүлікті сенімгерлік басқару шартының қолданыс мерзімі аяқталған кезде (егер өзгесі мүлікті сенімгерлік басқару шартында немесе Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделмесе) сенімгерлік басқарушы туралы жазбаны алып тастауды орталық депозитарий сенімгерлік басқару құрылтайшысының немесе мүлікті меншік иесінің хабарламасы мен мүлікті сенімгерлік басқару шартының негізінде жүргізеді.
72. Банктер және банк қызметі туралы заңның 47-1-бабының 3-тармағында, "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Сақтандыру қызметі туралы заң) 53-4-бабының 3-тармағында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 72-3-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда қаржы ұйымының акцияларын сенімгерлік басқару тағайындалған кезде орталық депозитарий қаржы ұйымы акцияларының меншік иесі болып табылатын тіркелген тұлғаның жеке шотына сенімгерлік басқарушы туралы жазбаны енгізу операциясын қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органының қаржы ұйымының акцияларын сенімгерлік басқаруды тағайындау туралы шешімі және сенімгерлік басқарушының сенімгерлік басқарушы туралы жазбаны осы тіркелген тұлғаның жеке шотына енгізу туралы бұйрығы негізінде жүргізеді.
Сенімгерлік басқаруға берілген қаржы ұйымының акциялары сатылған жағдайда, орталық депозитарий осы акцияларды олардың меншік иесі болған тіркелген тұлғаның жеке шотынан есептен шығару және осы акцияларды сатып алушының жеке шотына (жеке шоттарына) есепке жазу операциясын сенімгерлік басқарушының бұйрығы және Банктер және банк қызметі туралы заңның 17-1-бабында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 26-бабында және Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 72-1-бабында көзделген жағдайларда қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қаржы ұйымының ірі қатысушысы (банктік не сақтандыру холдингі) мәртебесін иеленуге келісімін растайтын құжат негізінде жүргізеді.
Орталық депозитарий сенімгерлік басқаруға берілген қаржы ұйымы акцияларының меншік иесі болып табылатын тіркелген тұлғаның жеке шотынан сенімгерлік басқарушы туралы жазбаны алып тастау операциясын сенімгерлік басқарушының сенімгерлік басқарушы туралы жазбаны осы тұлғаның жеке шотынан алып тастау туралы бұйрығы негізінде жүргізеді.
73. Акциялар шығарылымы жойылған кезде орталық депозитарий уәкілетті органның акциялар шығарылымының жойылғаны туралы хабарламасын алғаннан кейін акцияларды олардың ұстаушыларының жеке шоттарынан және эмитенттің жеке шоттарынан бір мезгілде есептен шығару операцияларын жүргізеді.
Акциялар шығарылымы жойылған, эмитент таратылған не қайта ұйымдастырылған жағдайда, тізілімдер жүйесін жүргізу тоқтатылады.
74. Облигацияларды (исламдық бағалы қағаздарды) өтеу кезінде орталық депозитарий облигацияларды (исламдық бағалы қағаздарды) оларды ұстаушылардың шоттарынан есептен шығару және оның облигацияларды (исламдық бағалы қағаздарды) өтеу бойынша өз міндеттемелерін орындағанын растайтын эмитенттің (оригинатордың) хабарламасы негізінде сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алу бойынша эмитенттің жеке шотына есепке алу операциясын жүргізеді.
75. Орталық депозитарий жеке шотты жабу бойынша операцияны жеке шотты жабуға бұйрықтың негізінде жүргізеді. Жеке шот жабылған кезде клиентке орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленген нысанда тиісті хабарлама жіберіледі.
Оларға қатысты банкроттық немесе тарату рәсімі аяқталған заңды тұлғалардың жеке шоттарын жабу бойынша операция және ондай жеке шоттарда бағалы қағаздар болмаған жағдайда, заңды тұлға қызметінің тоқтатылғанын растайтын Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінің мәліметтері негізінде жүзеге асырылады.
Қайтыс болған деп танылған немесе қайтыс болған деп жарияланған жеке тұлғалардың жеке шоттарын жабу бойынша операция және ондай жеке шоттарда бағалы қағаздар болмаған жағдайда, қайтыс болғаны туралы куәліктің және (немесе) тиісті сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.
76. Эмитент орталық депозитарийге эмиссиялық бағалы қағаздарды өтеу міндеттемелерін осы бағалы қағаздар шығарылымының проспектісінде айқындалған орындау күнінен кейін 3 (үш) жұмыс күні өткен соң эмитенттің осы шығарылымның эмиссиялық бағалы қағаздарын өтеу бойынша өзінің барлық міндеттемелерін орындағанын растайтын хабарламаны ұсынбаған кезде орталық депозитарий эмитентке эмитенттің осы шығарылымның эмиссиялық бағалы қағаздарын өтеу бойынша өзінің барлық міндеттемелерін орындағанын (орындамағанын) растай отырып тиісті хабарлама ұсыну туралы сұрату жібереді.
77. Орталық депозитарий Қағидалардың 76-тармағында көрсетілген шығарылған бағалы қағаздарды өтеу бойынша міндеттемелерді орындамағаны туралы мәліметтерді алғаннан кейін осы шығарылымның эмиссиялық бағалы қағаздарын оларды ұстаушылардың барлық жеке шоттарынан есептен шығаруды (Атқарушылық іс жүргізу туралы заңына сәйкес мемлекеттік органдардың және осындай құқыққа ие тұлғалардың актілері негізінде тізілімдер жүйесінде оқшаулау операциясы жүргізілген эмиссиялық бағалы қағаздарды қоспағанда) және айналыс мерзімі аяқталған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу үшін ашылған эмитенттің жеке шотына есепке алуды жүзеге асырады. Осымен қатар орталық депозитарий эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын айналыс мерзімі аяқталған және олар бойынша эмитент осы бағалы қағаздар бойынша туындаған міндеттемелерді (ауыртпалық, сенімгерлік басқару) сақтай отырып оларды өтеу бойынша міндеттемелерін орындамаған эмиссиялық бағалы қағаздар есептен шығарылатын ұстаушылардың жеке шоттарына есепке алуды жүзеге асырады.
Эмитенттің номиналды ұстаушының есепке алу жүйесінде ашылған жарияланған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған және сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған жеке шоттарында айналыс мерзімі аяқталған эмиссиялық бағалы қағаздар болған жағдайда, орталық депозитарий оларды эмитенттің бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде ашылған жарияланған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған және сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған жеке шоттарына есепке алуды жүзеге асырады.
78. Қағидалардың 77-тармағында көрсетілген барлық операциялар жүргізілген күннен кейін күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде орталық депозитарий эмитентке, сенімгерлік басқарушыларға, сондай-ақ пайдасына айналыс мерзімі аяқталған және эмитент оларды өтеу бойынша міндеттемелерін орындамаған бағалы қағаздарға ауыртпалық салу жүзеге асырылған тұлғаларға тиісті хабарламалар (есептер) жібереді.
Егер эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын ұстаушылардың саны отыздан астам болса, орталық депозитарий Қағидалардың 77-тармағында көрсетілген осындай ұстаушылардың жүргізілген операциялары туралы хабарлауды осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген мерзімде өзінің ресми интернет-ресурсында тиісті ақпарат орналастыру арқылы жүзеге асырады.
79. Егер орталық депозитарий айналыс мерзімі аяқталған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша бұдан бұрын Атқарушылық іс жүргізу туралы заңына сәйкес мемлекеттік органдардың, сондай-ақ осындай құқыққа ие тұлғалардың актілері негізінде оларды оқшаулау операциясын жүргізген жағдайда, орталық депозитарий эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарына тиісті сәйкестендіргіш алған күннен бастап күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде актісі негізінде бағалы қағаздарды оқшаулау операциялары жүргізілген тиісті мемлекеттік органға осы бағалы қағаздар бойынша айналыс мерзімінің аяқталғаны және эмитент оларды өтеу бойынша міндеттемелерін орындамағаны және осы бағалы қағаздар эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқығына ауыстырылуға жататыны туралы хабарлама жібереді.
Бұл ретте орталық депозитарий Атқарушылық іс жүргізу туралы заңына сәйкес осындай құқыққа ие мемлекеттік органдардың актілері негізінде эмиссиялық бағалы қағаздардан оқшаулауды алып тастау операциясын жүргізгеннен кейін осындай эмиссиялық бағалы қағаздарды оларды ұстаушылардың жеке шоттарынан есептен шығару және айналыс мерзімі аяқталған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу үшін ашылған эмитентің жеке шотына есепке алу, сондай-ақ эмитенттің осындай эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын оларды ұстаушылардың жеке шоттарына есепке алу операцияларын жүргізеді.
Орталық депозитарий Атқарушылық іс жүргізу туралы заңына сәйкес осындай құқыққа ие мемлекеттік органдардың актілері негізінде номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде эмиссиялық бағалы қағаздардан оқшаулауды алып тастау туралы хабарламаны алғаннан кейін осындай эмиссиялық бағалы қағаздарды номиналды ұстаушының жеке шотынан есептен шығару және айналыс мерзімі аяқталған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу үшін ашылған эмитентің жеке шотына есепке алу, сондай-ақ осындай эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын номиналды ұстаушының жеке шотына есепке алу операциясын жүргізеді.
80. Эмитент айналыс мерзімі аяқталған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша талап ету құқықтарын ұстаушы алдындағы міндеттемелерді орындаған кезде орталық депозитарий эмитенттің осындай бағалы қағаздар бойынша талап ету құқықтары бойынша міндеттемелерді орындағанын растайтын хабарламасы болған кезде Қағидалардың 45-тармағында белгіленген тәртіпте осындай бағалы қағаздар бойынша талап ету құқықтарын оларды ұстаушылардың жеке шотынан есептен шығару және эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша сатып алынған талап ету құқықтарын есеп алу бойынша эмитенттің жеке шотына есепке алу операциясын жүргізеді.
81. Облигациялар шығарылымы жойылған кезде, орталық депозитарий уәкілетті органның облигациялар шығарылымының жойылғаны туралы куәлігінің көшірмесін алғаннан кейін эмитенттің жеке шоттарынан осындай облигацияларды біржолғы есептен шығару операцияларын жүргізеді.
Айналыс мерзімі аяқталған облигациялар шығарылымы жойылған кезде орталық депозитарий уәкілетті орган берген осындай облигациялар шығарылымын жою туралы куәліктің көшірмесін алғаннан кейін айналыс мерзімі аяқталған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттің жеке шотынан облигацияларды және эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын есепке алу үшін эмитенттің жеке шотынан осындай облигациялар бойынша талап ету құқықтарын біржолғы есептен шығару операцияларын жүргізеді.
82. Ақпараттық операцияны жүргізуді орталық депозитарий эмитенттің жазбаша бұйрығы немесе тапсырысы, тіркелген тұлғаның, инвестициялық пай қоры кастодианының бұйрығы немесе Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында көзделген жағдайларда, мемлекеттік органдардың сұратулары негізінде жүзеге асырады.
Орталық депозитарийдің қағидалар жинағында көзделген жағдайларда эмитенттің өкімі, тіркелген тұлғаның бұйрығы Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелер пайдаланыла отырып электрондық құжат нысанында жасалады және беріледі.
83. Миноритарлық акционердің өтініш беру және орталық депозитарийдің акционерлердің жалпы жиналысына қарауға енгізілген мәселелер бойынша шешімдер қабылдау кезінде миноритарлық акционерлер басқа акционерлермен біріккен жағдайдағы осы акционерлік қоғамның басқа миноритарлық акционерлеріне ақпарат тарату тәртібі орталық депозитарийдің басқа миноритарлық акционерлерді хабардар ету мерзімі және хабардар ету тәсілдері қамтылатын орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленеді.
84. Бағалы қағаздар бойынша кірістерді есептеу, акционерлердің жалпы жиналысын өткізу, акциялардың он және одан көп пайызына ие ұстаушылар туралы анықтаманы дайындау үшін бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімін немесе акционерлердің тізімін жасауды орталық депозитарий эмитенттің өкімінде көрсетілген күннің басында (00 сағат 00 минут) жүзеге асырады. Өзге жағдайларда бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімін, акционерлердің тізімін жасауды және (немесе) тізілімдер жүйесінен кез келген басқа ақпаратты дайындауды орталық депозитарий Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес осындай ақпаратты алу құқығы бар тұлғалардың жазбаша сұратуы (электрондық құжат) негізінде, сұратуда көрсетілген күні және уақытта жүзеге асырады.
Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімін, акционерлердің тізімін жасау немесе жеке шоттан үзінді-көшірме жасау кезінде, сондай-ақ тізілімдер жүйесінен өзге ақпаратты берген кезде орталық депозитарийдің бас офисі орналасқан сағаттық белдеудің уақыты қолданылады.
85. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі орталық депозитарийдің қағидалар жинағында көзделген нысан бойынша жасалады және онда мынадай мәліметтер болады:
1) эмитенттің мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі атауы, оның орналасқан жері, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі, БСН (бар болса);
2) инвестициялық пай қорының атауы;
3) жарияланған бағалы қағаздардың саны;
4) орналастырылған бағалы қағаздардың саны;
5) эмитент сатып алған бағалы қағаздардың саны (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары);
6) егер тізілім эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелер бойынша талап ету құқықтары бойынша жасалатын болса, эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарының саны;
7) бағалы қағаздардың түрі және халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ISIN - коды), эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын сәйкестендіргіш;
8) депозитарлық қолхаттарды ұстаушыларды қосқандағы мынадай мәліметтері бар орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде олар туралы мәліметтер ашып көрсетілген бағалы қағаздарды ұстаушылар тізімі:
заңды тұлғалар - бағалы қағаздарды ұстаушылардың мемлекеттік тіркелу (қайта тіркелу) нөмірі мен күнін көрсете отырып, олардың атауы;
жеке тұлға - бағалы қағаздарды ұстаушының жеке басын куәландыратын құжаттың атауын және деректемелерін көрсете отырып, бағалы қағаздарды ұстаушылардың (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқығын) тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса);
ауыртпалық салынған және (немесе) оқшауланған және (немесе) сенімгерлік басқаруға берілген бағалы қағаздардың (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқығының) санын көрсете отырып, оларды ұстаушыға тиесілі бағалы қағаздардың (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқығының) саны;
бағалы қағаздарды ұстаушыға тиесілі бағалы қағаздар санының эмитенттің орналастырылған және (немесе) дауыс беретін бағалы қағаздарының санына пайыздық арақатынасы;
9) бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі жасалған күні мен уақыты.
Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізіліміне орталық депозитарийдің қағидалар жинағында айқындалған уәкілетті тұлғалар қол қояды және орталық депозитарийдің қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар мөртабанымен расталады.
86. Орталық депозитарий Қағидалардың 85, 88, 89 және 90-тармақтарында көрсетілген құжаттарды Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып электрондық құжат нысанында жасауына және беруіне жол беріледі.
87. Инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылар тізілімінде Қағидалардың 85-тармағының 3) және 5) тармақшаларында аталған мәліметтер көрсетілмейді.
88. Эмитенттің ірі акционерлері туралы анықтама орталық депозитарийдің қағидалар жинағына сәйкес жасалады және мынадай мәліметтерді қамтиды:
1) эмитенттің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі атауы, оның орналасқан жері, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі, БСН (бар болса);
2) жарияланған акциялардың саны;
3) орналастырылған акциялардың саны;
4) эмитент сатып алған акциялардың саны;
5) акциялардың түрі және халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ISIN- коды);
6) депозитарлық қолхаттарды ұстаушыларды қоса алғанда, мынадай мәліметтерді қамтитын акционерлік қоғамның дауыс беретін акцияларының 10 (он) және одан астам пайызы тиесілі орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде олар туралы мәліметтер ашып көрсетілген акцияларды ұстаушылардың тізімі:
заңды тұлғалар - акцияларды ұстаушылардың мемлекеттік тіркелу (қайта тіркелу) нөмірін және күнін көрсете отырып, олардың атауы;
жеке тұлға - акцияларды ұстаушының жеке басын куәландыратын құжаттың атауын және деректемелерін көрсете отырып, акциялар ұстаушылардың тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса);
ауыртпалық салынған және (немесе) оқшауланған және (немесе) сенімгерлік басқаруға берілген бағалы қағаздардың санын көрсете отырып, акцияларды ұстаушыға тиесілі акциялардың саны;
акцияларды ұстаушыға тиесілі акциялар санының эмитенттің орналастырылған акцияларының санына пайыздық арақатынасы;
акцияларды ұстаушыға тиесілі акциялар санының эмитенттің дауыс беретін акцияларының санына пайыздық арақатынасы;
7) ірі акционерлер туралы анықтама жасалған күні мен уақыты.
Эмитенттің ірі акционерлері туралы анықтамаға орталық депозитарийдің қағидалар жинағында көзделген уәкілетті тұлғалар қол қояды және орталық депозитарийдің қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар мөртабанымен расталады.
89. Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу үшін акционерлер тізімі орталық депозитарийдің қағидалар жинағын сәйкес жасалады және мынадай мәліметтерді қамтиды:
1) эмитенттің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі атауы, оның орналасқан жері, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі, БСН (бар болса);
2) жарияланған акциялардың саны;
3) орналастырылған акциялардың саны;
4) эмитент сатып алған акциялардың саны;
5) акциялардың түрі және халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ISIN- коды);
6) номиналды ұстаушы жүйесінде олар туралы мәліметтер ашып көрсетілген депозитарлық қолхаттар иегерлерін қоса алғанда, мыналар көрсетіле отырып, акционерлердің тізімі:
заңды тұлғалар - акционерлердің мемлекеттік тіркелу (қайта тіркелу) нөмірін және күнін көрсете отырып, олардың атаулары;
жеке тұлға - акционердің жеке басын куәландыратын құжаттың атауын және деректемелерін көрсете отырып, жеке тұлғалар - акционерлердің тегі, аты, әкесінің аты (олар бар болса);
ауыртпалық салынған және (немесе) оқшауланған акциялардың санын көрсете отырып, акционерге тиесілі акциялар саны;
акционерге тиесілі дауыс беретін жай акциялар саны;
акционерге тиесілі артықшылықты акциялар саны;
7) орталық депозитарий тізілімдерінің жүйесінде есепке алынатын, номиналды ұстаудағы және номиналды ұстаушының есепке алу жүйесінде ол туралы мәліметтер жоқ менш ік иегеріне тиесілі акциялар саны;
8) акционерлердің тізімін жасау мақсаты;
9) акционерлердің тізімі жасалған күні мен уақыты;
Бағалы қағаздар бойынша кірістерді есептеуге арналған акционерлер тізілімі орталық депозитарийдің қағидалар жинағына сәйкес жасалады және орталық депозитарийда осы мәліметтер болса, акционерлердің банктік деректемелері туралы мәліметтер мен "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес акционерге берілген салық салу бойынша жеңілдіктердің болуы туралы мәліметтерді қамтиды.
Акционерлер тізіміне өзге мақсаттар үшін эмитент сұрау жасайтын ақпарат қосымша енгізіледі.
Акционерлер тізіміне орталық депозитарийдің қағидалар жинағында айқындалған уәкілетті тұлғалар қол қояды және орталық депозитарийдің қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар мөртабанымен расталады.
90. Бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотынан үзінді - көшірме орталық депозитарийдің қағидалар жинағына сәйкес нысан бойынша жасалады, және айқындалған орталық депозитарийдің уәкілетті тұлғалар қол қояды.
91. Тізілімдер жүйесінде операция жүргізу мерзімі орталық депозитарий немесе орталық депозитарийге трансфер - агент қызметтерін көрсететін ұйым ұсынылған құжаттарды тіркеген күннен кейінгі күннен бастап есептеледі.
92. Мәмілені тізілімдер жүйесінде тіркеу уақыты орталық депозитарийдің бағалы қағаздармен мәмiлелердi тiркеу туралы бұйрықта көрсетiлген, оны орындаудан бас тарту үшiн негiздер болмаған кезде, іс-әрекеттерді жүзеге асыру уақыты болып табылады.
93. Мынадай операцияларды:
1) "Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы" 2004 жылғы 7 шілдедегі заңның 23-бабының 6-тармағында белгіленген мерзімде иеленушінің жеке шотына пайларды есепке алу;
2) Қағидалардың 84 және 94-тармақтарында көрсетілген;
3) жүргізілу талаптарын қосымша тексеру талап етілетін операцияларды жүргізуді қоспағанда, орталық депозитарий жеке шот бойынша операцияны және ақпараттық операцияны күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде жүргізеді.
Осындай операцияларды жүргізу 6 (алты) жұмыс күніне дейінгі мерзімде жүзеге асырылады.
94. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімін немесе акционерлер тізімін беруді орталық депозитарий, егер бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімін немесе акционерлер тізімін беруге бұйрық бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі немесе акционерлер тізімі жасалған күннен ерте емес берілу талабымен эмитенттен бұйрықты алған сәттен бастап жиырма төрт сағаттан кеш емес мерзімде жүзеге асырады.
Егер бағалы қағаздар номиналды ұстауға берілсе, акционерлердің жалпы жиналысын өткізу немесе бағалы қағаздары номиналды ұстаудағы акционерлер туралы өзге ақпаратты ұсыну үшін бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімін немесе акционерлер тізімін беруді орталық депозитарий ол жасалған күннен бастап күнтізбелік 28 (жиырма сегіз) күннен кеш емес мерзімде жүзеге асырады.
95. Клиенттің бұйрығын орындаудан бас тартуға негіздер болмаған жағдайда орталық депозитарий Қағидалардың 93-тармағында белгіленген мерзімде бұйрықтың орындалуы туралы есепті қалыптастырады және оны шығыс құжаттар журналында тіркейді.
Бұйрықтардың орындалуы туралы есеп клиентке пошта арқылы жіберіледі не клиенттің немесе оның заңды өкілінің қолына беріледі не Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелер пайдаланыла отырып электрондық құжат нысанында жасалады және беріледі.
Бұйрықтардың орындалуы туралы есепке орталық депозитарийдің қағидалар жинағында айқындалған уәкілетті тұлғалар қол қояды және орталық депозитарийдің қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар мөртабанымен расталады.
96. Орталық депозитарий бұйрықты алған кезден бастап күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде мынадай жағдайларда:
1) бұйрықтардағы қойылған қолдардың жеке шоттар бойынша операцияларды және ақпараттық операцияларды тіркеу құжаттарына қол қою құқығына ие заңды тұлға өкілдерінің нотариалды куәландырылған қол қою үлгілері бар құжатта немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген қол қою үлгілеріне сәйкес келмегенде;
2) операция жасау бұйрығы алынған күннен бастап күнтізбелік 2 (екі) күн ішінде қарсы бұйрық ұсынылмағанда;
3) Қағидалардың 38-тармағында белгіленген тәртіппен басқарушы компанияның пайларды есептен шығару (есепке алу) бұйрығымен бір мезгілде (бір жұмыс күні ішінде) инвестициялық пай қорының активтерін есепке алуды қамтамасыз ететін кастодианның растауы ұсынылмағанда;
4) бұйрықтардың деректемелері орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленген деректемелерге немесе жеке шот деректемелеріне сәйкес келмегенде;
5) жеке шотта қажетті бағалы қағаздар саны болмағанда;
6) тізілімдер жүйесінің деректері негізінде мәміле жасау нәтижесінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғанда;
7) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда клиент мәміленің тіркелуі үшін белгіленген мерзімде осындай мәмілені жасауға осындай келісімді (рұқсатты) беруге уәкілетті мемлекеттік органның берген келісімін (рұқсатын) растайтын құжатты ұсынбағанда;
8) тиісті мемлекеттік органдардың не соттың бағалы қағаздар айналысын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы шешімі болғанда;
9) Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 65-бабының 6-1-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, бұйрықта көрсетілген бағалы қағаздар және (немесе) жеке шот оқшауланғанда;
10) Қағидалардың 47, 66, 67 және 77-тармақтарында көзделген операцияларды жүргізуді қоспағанда, бұйрықта көрсетілген бағалы қағаздарға ауыртпалық салынған;
11) Кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы заңның 13-бабында көзделген жағдайларда;
12) орталық депозитарийдің қағидалар жинағында көзделген жағдайларда оның орындалмау себептерін көрсете отырып, жазбаша бас тартуды ресімдейді.
Орталық депозитарий Кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы заңның 13-бабында көзделген жағдайларда жағдайларда және тәртіпте эмитенттің бұйрығын орындаудан бас тартады.
Бұйрықты орындаудан бас тартуға бірінші басшы немесе оның орнындағы адам немесе орталық депозитарийдің қағидалар жинағына сәйкес тiзiлiмдер жүйесiн жүргiзуді жүзеге асыратын тiркеушiнiң құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы қол қояды және орталық депозитарийдің қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар мөртабанымен расталады не Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелер пайдаланыла отырып электрондық құжат нысанында жасалады және беріледі.
Жүргізілу талаптарын қосымша тексеру талап етілетін операцияларды жүзеге асыруға арналған бұйрықты орындаудан бас тартуды дайындау кезінде осындай бас тартуды дайындау 6 (алты) жұмыс күніне дейінгі мерзімде жүзеге асырылады.
97. Номиналды ұстау жүйесіндегі кепіл мен сенімгерлік басқару операциялары депоненттердің тапсырыстары негізінде жүзеге асырылады.
98. Клиенттер трансфер-агенттің қызметін пайдаланған жағдайда орталық депозитарийге жеке шоттар бойынша ақпараттық операциялар мен операцияларды жүргізу үшін қажетті ақпаратты орталық депозитарийдің қағидалар жинағында айқындалған нысандары бойынша береді.
Қағидалардың 85, 89 және 90-тармақтарында көзделген ақпарат орталық депозитарийдің клиенттеріне орталық депозитарийдің қағидалар жинағында айқындалған нысандар бойынша ұсынылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 249 қаулысына қосымша |
Күші жойылды деп танылған Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілері құрылымдық элементтерінің тізбесі
1. "Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізу жөніндегі тіркеуші қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 27 тамыздағы № 167 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9803 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі 2014 жылғы 18 қарашада жарияланған).
2. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 25 ақпандағы № 28 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10715 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі 2015 жылғы 5 мамырда жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 15-тармағы.
3. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қазандағы № 259 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14525 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 29 желтоқсанда жарияланған) бекітілген Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 7-тармағы.
4. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығы мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 72 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15221 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 26 маусымда жарияланған) бекітілген Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 3-тармағы.
5. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 11 қыркүйектегі № 169 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15875 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 23 қазанда жарияланған) бекітілген Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының банк қызметін реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 1-тармағы.
6. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 2 қарашадағы № 197 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16032 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 7 желтоқсанда жарияланған) бекітілген Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 2-тармағы.
7. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қаңтардағы № 11 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16643 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 3 сәуірде жарияланған) бекітілген Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 6-тармағы.