Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 2 қарашадағы № 197 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 30 қарашада № 16032 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Банктік емес қаржы ұйымдарын реттеу департаменті (Шайқақова Г.Ж.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ж.Б. Құрмановқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Д. Ақышев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2017 жылғы 2 қарашадағы
№ 197 қаулысына
қосымша

Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. "Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру кезде бөлінген активтердің құрамына кіретін ақшаны инвестициялауды жүзеге асыруға қойылатын талаптарды және бөлінген активтер есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 13 ақпандағы № 38 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7475 тіркелген, 2012 жылғы 24 мамырда "Егемен Қазақстан" газетінде № 261-266 (27340) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақта:

      1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) қор биржасының ресми тізіміне енгізілген және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15175 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 54 қаулысымен бекітілген Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын қаулысына (бұдан әрі - № 54 талаптар) сәйкес келетін борыштық бағалы қағаздар;

      2) қор биржасының ресми тізіміне енгізілген және № 54 талаптарда көзделген талаптарға сәйкес келетін акциялар;";

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) мынадай халықаралық қаржы ұйымдары шығарған борыштық бағалы қағаздар:

      Халықаралық қайта құру және даму банкі;

      Еуропалық қайта құру және даму банкi;

      Америкааралық даму банкi;

      Халықаралық есеп айырысу банкi;

      Азиялық даму банкi;

      Африкалық даму банкi;

      Халықаралық қаржылық корпорация;

      Ислам даму банкi;

      Еуропалық инвестициялық банк;

      Еуразиялық даму банкi;

      Еуропалық Кеңестің Даму Банкі;

      Скандинавия инвестициялық банкі;";

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) базалық активі мыналар:

      шетелдік және ұлттық валюта;

      валюталық индекстер;

      Лондондық қымбат металдар нарығының қауымдастығы (London billion market association) қабылдаған халықаралық сапа стандарттарына сай келетiн және осы қауымдастықтың құжаттарында "Лондондық сапалы жеткiзiлiм" ("London good delivery") стандарты ретiнде белгіленген тазартылған қымбат металдар;

      қор биржасының ресми тізіміне енгізілген және № 54 талаптарда көзделген талаптарға сәйкес келетін бағалы қағаздар;

      осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Есептік көрсеткіштердің (индекстердің) тізбесінде айқындалған есептік көрсеткіштер (индекстер);

      көрсетілген тауар активтерінің нақты жеткізілуін жүзеге асырмай, осы қаулыға 2-қосымшада Тауар активтерінің тізбесінде айқындалған тауар активтері, сондай-ақ тауар активтерінің индекстері болып табылатын туынды қаржы құралдары және туынды бағалы қағаздар;".

      2. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 249 (01.01.2019 қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. "Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелерді бағалы қағаздарды номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркеу, номиналды ұстаушының бағалы қағаздарды номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 210 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9876 тіркелген, 2014 жылғы 28 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Номиналды ұстауға берілген, ұйымдастырылған немесе ұйымдастырылмаған нарықта эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді номиналды ұстау жүйесінде (орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде) тіркеу, номиналды ұстаушының есепке алу жүйесінде және (немесе) орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының өзiнiң номиналды ұстауындағы бағалы қағаздары бар клиенттер туралы ақпаратты тіркеушінің, орталық депозитарийдің және эмитенттің талап етуі бойынша табыс ету қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Номиналды ұстауға берілген, ұйымдастырылған немесе ұйымдастырылмаған нарықта эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді номиналды ұстау жүйесінде (орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде) тіркеу, номиналды ұстаушының есепке алу жүйесінде және (немесе) орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының өзiнiң номиналды ұстауындағы бағалы қағаздары бар клиенттер туралы ақпаратты тіркеушінің, орталық депозитарийдің және эмитенттің талап етуі бойынша табыс ету қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелерді бағалы қағаздарды номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркеу, номиналды ұстаушының бағалы қағаздарды номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу қағидаларында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Номиналды ұстауға берілген, ұйымдастырылған немесе ұйымдастырылмаған нарықта эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді номиналды ұстау жүйесінде (орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде) тіркеу, номиналды ұстаушының есепке алу жүйесінде және (немесе) орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының өзiнiң номиналды ұстауындағы бағалы қағаздары бар клиенттер туралы ақпаратты тіркеушінің, орталық депозитарийдің және эмитенттің талап етуі бойынша табыс ету қағидалары";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Номиналды ұстауға берілген, ұйымдастырылған немесе ұйымдастырылмаған нарықта эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді номиналды ұстау жүйесінде (орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде) тіркеу, номиналды ұстаушының есепке алу жүйесінде және (немесе) орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының өзiнiң номиналды ұстауындағы бағалы қағаздары бар клиенттер туралы ақпаратты тіркеушінің, орталық депозитарийдің және эмитенттің талап етуі бойынша табыс ету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі (бұдан әрі - Бағалы қағаздар нарығы туралы заң), "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және номиналды ұстауға берілген, ұйымдастырылған немесе ұйымдастырылмаған нарықта эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді номиналды ұстау жүйесінде (орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде) тіркеу тәртібін, номиналды ұстаушының есепке алу жүйесінде және (немесе) орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотынан үзінді көшірмені беру талаптары мен тәртібін, сондай-ақ номиналды ұстаушының өзiнiң номиналды ұстауындағы бағалы қағаздары бар клиенттер туралы ақпаратты тіркеушінің, орталық депозитарийдің және эмитенттің талап етуі бойынша табыс ету тәртібін белгілейді.";

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Номиналды ұстаушы клиентпен номиналды ұстау туралы шарт жасасқаннан кейін клиентке номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде жеке шот және орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде және (немесе) шетелдік есеп айырысу ұйымында клиенттің қосалқы шотын ашады.

      Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде қосалқы шотты ашу үшін номиналды ұстаушы орталық депозитарийге Қағидалардың 5-тармағының талаптарына сәйкес оны ашу үшін қажетті барлық деректемелерді көрсете отырып, клиент туралы мәліметтер береді.

      Жасырын жеке шоттарды және қосалқы шоттарды, сондай-ақ ойдан шығарылған аттарға жеке шоттарды және қосалқы шоттарды ашуға жол берілмейді.

      Осы Қағидалардың мақсатында шетелдік есеп айырысу ұйымы болып мыналар ұғынылады:

      Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-" төмен емес ұзақмерзімді кредиттік рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының резиденті емес-банк;

      Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ" төмен емес ұзақмерзімді кредиттік рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 59-бабының 1-тармағында белгіленген міндеттерді жүзеге асыратын номиналды ұстаушының функцияларына ұқсас функцияларды жүзеге асыратын шетелдік ұйым;

      Бағалы қағаздарға қызмет көрсету мәселелері жөніндегі халықаралық қауымдастықтың (International Securities Services Association) мүшесі болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес-ұйым.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Номиналды ұстаушының жеке шоты номиналды ұстаушыларға орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде немесе кастодианның есепке алу жүйесінде немесе шетелдік есеп айырысу ұйымында олар шетелдік бағалы қағаздарға қатысты немесе басқа шетелдік есеп айырысу ұйымдарға номиналды ұстау қызметін көрсету кезінде жеке шотты ашуға бұйрықтың және орталық депозитарийдің қағидалар жинағында немесе кастодианның немесе шетелдік есеп айырысу ұйымдарының ішкі құжатында айқындалған құжаттар негізінде ашылады.";

      17 және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Резервтік көшірмелерді сақтау сейфтік операцияларды жүзеге асыратын, номиналды ұстаушымен үлестес емес ұйымда сыртқы тасымалдағыштарда (CD-R, CD-RW, Flash-Drive) жүзеге асырылады.

      Резервтік көшірмелерді сақтау үшін сейфтік операцияларды жүзеге асыратын ұйыммен шарт жасалған (бұзылған) сәттен бастап күнтізбелік он күн ішінде номиналды ұстаушы шарт жасалған (бұзылған) ұйымның атауын, сондай-ақ жасалған шарттың күні мен нөмірін көрсете отырып, уәкілетті органды бұл туралы хабардар етеді.

      Резервтік көшірмелер жаңартылған резервтік көшірмелермен ауыстырылғанға дейін сақталады.

      Осы тармақ номиналды ұстаушылар болып табылатын екінші деңгейдегі банктерге қолданылмайды.

      18. Сейфтік операцияларды жүзеге асыратын ұйыммен жасалатын шартта уәкілетті органға сақтаулы тұрған резервтік көшірмелердің нақты қолда бары мен сақталу жайын тексеруге мүмкіндік беретін талаптар көзделеді.

      Осы тармақ номиналды ұстаушылар болып табылатын екінші деңгейдегі банктерге қолданылмайды.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Номиналды ұстауға берілген, ұйымдастырылған немесе ұйымдастырылмаған нарықта эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді номиналды ұстау жүйесінде (орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде) тіркеу тәртібі. Номиналды ұстаушының есепке алу жүйесінде және (немесе) орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотынан үзінді көшірмені беру талаптары мен тәртібі";

      19-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Номиналды ұстауға берілген, ұйымдастырылған немесе ұйымдастырылмаған нарықта эмиссиялық бағалы қағаздармен (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқығымен) жасалған мәмілелерді номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркеу жеке шоттар бойынша тиісті операцияларды жүргізу арқылы жасалады.";

      22-тармақтың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Орталық депозитарийден жеке шоттар бойынша операциялар жүргізілгені жөнінде растау алған күні номиналды ұстаушы мұндай операцияны номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде көрсетеді.";

      31-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінен алынған тiркелген операциялар туралы есептің негізінде жүзеге асырылатын акционерлік қоғамдарды қайта ұйымдастыру кезінде бағалы қағаздарды ұстаушылардың жеке шоттарынан (жеке шоттарына) бағалы қағаздарды есептен шығару (есепке жазу) операциялары;";

      35-тармақтың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Егер номиналды ұстаушы клиентінің жеке шотында мәмілелер жүргізуге шектеулер белгіленген бағалы қағаздар (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқығы) тұрса, онда Қағидалардың осы тармағында көрсетілген іс-әрекеттер салынған мұндай шектеулер туралы мәліметтерді орталық депозитарийге бір мезгілде берумен, оларды мұндай бағалы қағаздар (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқығы) есепке жазылатын жеке шотта міндетті түрде көрсетумен және ол шектеулерді салған адамға ол бойынша салынған шектеулермен мұндай бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқығы) одан әрі есепке алу жүзеге асырылатын жеке шоттың жаңа деректемелерін көрсетумен жүргізілген операциялар туралы бір мезгілде хабарлай отырып жүзеге асырылады.";

      37-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде операцияның орындалғаны туралы орталық депозитарийден растама алған күні тіркеушіге кастодиан растаған, басқарушы компанияның бұйрығында көрсетілген санда пайлардың есепке жазылғаны туралы бұйрық жібереді.";

      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Жеке шоттар бойынша операцияны жүргізуге бағалы қағаздарды ұстаушылардың бұйрықтарында мынадай мәліметтер қамтылады:

      1) бұйрықты тіркеу нөмірі, күні және уақыты;

      2) эмитенттің немесе инвестициялық пай қорының атауы;

      3) мәмілеге қатысатын тұлғалар туралы мәліметтер;

      4) мәмілеге қатысатын тұлғалардың жеке шоттарының нөмірлері;

      5) бағалы қағаздардың ұлттық сәйкестендіру нөмірі, түрі (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарының сәйкестендіргіші);

      6) операцияны жүргізуге арналған бағалы қағаздардың (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарының) саны;

      7) бағалы қағаздарға қатысты мәмілелер (операциялар) түріне берілген нұсқау;

      8) кепіл мәмілесін тіркеу кезінде кепіл ұстаушыға берілетін бағалы қағаздар (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары) бойынша құқықтарға қатысты мәліметтер;

      9) мәміле мәні болып табылатын бір бағалы қағаздың (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқығының) бағасы туралы мәліметтер;

      10) номиналды ұстаушының ішкі құжаттарында көзделген өзге де мәліметтер.";

      40-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Банктер туралы заңға сәйкес қайта құрылымдау жүргізілген олардың біреуіне қатысты қосылу нысанында банктерді қайта ұйымдастырған кезде тіркелген тұлғалардың жеке шотынан (шоттарынан) шотына (шоттарына) бағалы қағаздарды есепке алу (есептен шығару) бойынша операциялар жүргізген кезде ауыртпалық бойынша және ауыртпалықты алып тастау жөніндегі операциялар орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде жеке шотынан (қосалқы шотынан) үзінді көшірменің негізінде Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 37-1-бабында белгіленген тәртіпте жүргізіледі.";

      47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "47. Бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотын жабу жөніндегі операцияны номиналды ұстаушы:

      1) клиенттің жеке шотты жабуға бұйрығының негізінде;

      2) егер осы клиентпен номиналды ұстау туралы шартпен өзге мерзім белгіленбесе соңғы он екі айда осы жеке шотта бағалы қағаздар (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары) болмаған жағдайда;

      3) номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы лицензиясынан айырылған жағдайда клиентке активтер қайтарылған кезде жүргізеді.

      Оларға қатысты банкроттық және тарату рәсімі аяқталған заңды тұлғалардың жеке шоттарын жабу бойынша операция және ондай жеке шоттарда бағалы қағаздар болмаған жағдайда, заңды тұлға қызметінің тоқтатылғанын растайтын Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінің мәліметтері негізінде жүзеге асырылады.

      Қайтыс болған деп танылған немесе қайтыс болған деп жарияланған жеке тұлғалардың жеке шоттарын жабу бойынша операция және ондай жеке шоттарда бағалы қағаздар болмаған жағдайда, қайтыс болғаны туралы куәліктің және (немесе) тиісті сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.

      Бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шоты жабылған кезде клиентке номиналды ұстаушының ішкі құжатында белгіленген нысанда тиісі хабарлама жіберіледі.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Номиналды ұстаушының өзiнiң номиналды ұстауындағы бағалы қағаздары бар клиенттер туралы ақпаратты тіркеушінің, орталық депозитарийдің және эмитенттің талап етуі бойынша табыс ету тәртібі".