Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 29.04.2022 № 240 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
РҚАО-ның ескертуі!
Осы бұйрық 29.06.2018 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.
"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің 28 бабаының 2-тамағына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 16-бабы 3-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 18.09.2025 № 373 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Ұйымдармен тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде елішілік құндылықты есептеу бойынша Бірыңғай әдістемесі бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 18.09.2025 № 373 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі |
Ж. Қасымбек |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_____________ Б. Сұлтанов
2018 жылғы "___" _______
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің төрағасы
____________ Н. Айдапкелов
2018 жылғы "___" ________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
_____________ Қ. Бозымбаев
2018 жылғы "___" ________
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 260 бұйрығымен бекітілген |
Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде елішілік құндылықты есептеуінің бірыңғай әдістемесі
Ескерту. Әдістеме жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 18.09.2025 № 373 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Осы ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде елішілік құндылықты есептеудің бірыңғай әдістемесі (бұдан әрі - бірыңғай әдістеме) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 28 - бабының 2-тармағына (бұдан әрі-Кодекс) және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Осы бірыңғай Әдістемеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жұмыстар-заттай нәтижесі бар қызмет, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жұмыстарға жатқызылған өзге де қызмет;
2) қызметтер-Тапсырыс берушінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған, заттай нәтижесі жоқ қызмет;
3) тауарлар – қатты, сұйық немесе газ тәрізді күйдегі заттар (заттар), оның ішінде жартылай фабрикаттар немесе шикізат, электр және жылу энергиясы, зияткерлік меншік құқығының объектілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сатып алу-сату мәмілелерін жасауға болатын заттық құқықтар.
3. Бірыңғай әдістеме тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде елішілік құндылықты есептеуге арналған:
1) дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындар, заңды тұлғалар және "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыратын олармен үлестес заңды тұлғаларға;
2) ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға және олардың тікелей не жанама түрде елу және одан да көп пайыз дауыс беруші акциялары (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері) тиесілі ұйымдарға, сондай-ақ әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға, бірақ ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияларға тиесілі дауыс беруші акциялардың (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы жеке тұлғаларға немесе кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілген мемлекеттік емес заңды тұлғаларға сенімгерлік басқаруға берілген заңды тұлғаларды қоспағанда;
3) жер қойнауын пайдаланушылар және (немесе) жер қойнауын пайдаланушылар кодекске сәйкес тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруға уәкілеттік берген адамдарға;
4) жүйе құраушы кәсіпорындарға;
5) табиғи монополия субъектілеріне, бірақ шағын қуатты табиғи монополия субъектілерін қоспағанда, тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде елішілік құндылықты есептеуіне арналған.
4. Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезіндегі елішілік құндылықты есептеу:
1) елішілік құндылық бөлігінде сатып алу жөніндегі міндеттемелердің сақталуын мониторингтеу және (немесе) бақылау;
2) отандық кәсіпорындардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жеткізуге тартылу дәрежесін айқындау;
3) отандық өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілік деңгейін бағалау.
5. Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген табиғи монополия саласына қатысты қызмет түрі бойынша табиғи монополиялар субъектілерімен жасалған шарттар бойынша елішілік құндылықты есептеу кезінде Жі және Кj коэффициенті бірлікке теңестіріледі.
6. Көрсеткіштерді қалыптастыру мерзімі тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында жасалған шарттың талаптарына байланысты.
7. Ақпарат көзі тапсырыс берушілерден және (немесе) өнім берушілерден келіп түсетін мәліметтер болып табылады.
8. Есептеуге жататын әкімшілік көрсеткіштердің тізбесі
р/с | Әкімшілік көрсеткіштің атауы | Өлшем бірлігі | Әкімшілік нысанның атауы/ақпараттың жүйесі |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Тауарларды жеткізуге арналған шарттағы елішілік құндылықты (ЕІҚТ) есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі | % | Елішілік құндылық саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан, "Сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер жайлы ақпарат" |
2. | 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар немесе қолданыс мерзімі 2015 жылғы 1 қаңтардан кейін өзгертілген келісімшарттар шеңберінде сатып алынатын жұмыстарды орындауға (қызметтерді көрсетуге) арналған шарттағы келісімшарттар шеңберінде сатып алынатын жұмыстарды орындауға (қызметтерді көрсетуге) арналған шарттарды қоспағанда, жұмыстарды орындауға (қызметтерді көрсетуге) арналған шарттағы елішілік құндылықты есептеу (бұдан әрі - ЕІҚж/қ) мынадай формула бойынша жүргізіледі | % | Елішілік құндылық саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан, "Сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер |
3. | Rj-j-шартын орындайтын жеткізушінің немесе қосалқы мердігердің қызметкерлерге еңбекақы төлеудің жалпы қорындағы қазақстандық кадрларға еңбекақы төлеу қорының үлесін есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі | % | Елішілік құндылық саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан, "Сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер жайлы ақпарат" |
4. | 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар және қолданыс мерзімі 2015 жылғы 1 қаңтардан кейін өзгертілген келісімшарттар шеңберінде сатып алынатын жұмыстарды орындауға (қызметтерді көрсетуге) арналған шарттағы ЕІҚж/қ есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі | % | Елішілік құндылық саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан, "Сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер жайлы ақпарат" |
5. | Есепті кезеңде тапсырыс берушінің сатып алуындағы елішілік құндылықты (ЕІҚ) есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі: | % | Елішілік құндылық саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан, "Сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер жайлы ақпарат" |
9. Әкімшілік көрсеткіштерді есептеу алгоритмі
1) "Тауарларды жеткізуге арналған шарттағы елішілік құндылықты (ЕІҚТ) есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі"
1. | Әкімшілік көрсеткіштің анықтамасы (ұғымдар аппараты) |
Елішілік құндылық – бұл өндірілген тауардың, орындалған жұмыс пен көрсетілген қызметтің жалпы көлеміндегі ішкі нарықта өндірілген тауарлардың, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің пайыздық үлесі. |
2. | Әкімшілік көрсеткіш бойынша жедел, алдын ала және есепті деректерді қалыптастыру кезеңділігі мен мерзімдері | Тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей, жинақтық қорытындымен. |
3. | Әкімшілік көрсеткіш бойынша есепті деректерді орналастыру орны мен ақпараттық жүйеге сілтемені көрсете отырып ақпарат дереккөздері (веб-сайтқа және ақпараттық жүйеге сілтемені көрсете отырып) | "Ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді саттып алудағы жергілікті қамту жөніндегі ақпаратты беру нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 25 қазандағы № 331 бұйрығымен бекітілген, елішілік құндылық саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан, https://www.gov.kz/memleket/entities/mps Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсында жарияланады |
4. | Өлшем бірлігін көрсете отырып, есептеудің нақты және анық реттілігін көрсететін әкімшілік көрсеткіштің алгоритмі | мұндағы: n–тауарларды жеткізуге арналған шартты орындау мақсатында жеткізуші жеткізетін тауарлар атауының жалпы саны, бірлік; і-тауарды жеткізуге арналған шартты орындау мақсатында жеткізуші жеткізетін тауардың реттік нөмірі, бірлік; ТҚі-і-тауардың құны, теңге; Жі- қазақстандық тауар өндірушілер тізілімі үзіндісінің/"СТ-КZ" нысанының тауардың шығу тегі туралы сертификатта көрсетілген елішілік құндылықтың үлесі (бұдан әрі – "СТ-КZ" нысанының тауардың шығу тегі туралы сертификаты), пайыз; Егер Бірыңғай әдістемесінің 10-тармағында өзгеше белгіленбесе, Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінің/ "СТ-КZ" нысанының тауардың шығу тегі туралы сертификаты болмаған жағдайда Жi=0; S-шарттың жалпы құны, теңге. Тауардың шығу тегі туралы "СТ-KZ" нысанындағы сертификат 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін күшінде қалады. |
2) "2015 жылғы 1 қаңтардан бастап жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар немесе қолданыс мерзімі 2015 жылғы 1 қаңтардан кейін өзгертілген келісімшарттар шеңберінде сатып алынатын жұмыстарды орындауға (қызметтерді көрсетуге) арналған шарттағы келісімшарттар шеңберінде сатып алынатын жұмыстарды орындауға (қызметтерді көрсетуге) арналған шарттарды қоспағанда, жұмыстарды орындауға (қызметтерді көрсетуге) арналған шарттағы елішілік құндылықты есептеу (бұдан әрі - ЕІҚж/қ) мынадай формула бойынша жүргізіледі"
1. | Әкімшілік көрсеткіштің анықтамасы (ұғымдар аппараты) |
Елішілік құндылық – бұл өндірілген тауардың, орындалған жұмыс пен көрсетілген қызметтің жалпы көлеміндегі ішкі нарықта өндірілген тауарлардың, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің пайыздық үлесі. |
2. | Әкімшілік көрсеткіш бойынша жедел, алдын ала және есепті деректерді қалыптастыру кезеңділігі мен мерзімдері | Тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей, жинақтық қорытындымен. |
3. | Әкімшілік көрсеткіш бойынша есепті деректерді орналастыру орны мен ақпараттық жүйеге сілтемені көрсете отырып ақпарат дереккөздері (веб-сайтқа және ақпараттық жүйеге сілтемені көрсете отырып) | "Ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді саттып алудағы жергілікті қамту жөніндегі ақпаратты беру нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 25 қазандағы № 331 бұйрығымен бекітілген, елішілік құндылық саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан, https://www.gov.kz/memleket/entities/mps Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсында жарияланады |
4. | Өлшем бірлігін көрсете отырып, есептеудің нақты және анық реттілігін көрсететін әкімшілік көрсеткіштің алгоритмі | мұндағы: m-тапсырыс беруші мен мердігер арасындағы шартты, өнім беруші мен қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) арасындағы шарттарды қоса алғанда, жұмысты орындау (қызмет көрсету) мақсатында жасалған j-шарттардың жалпы саны6 бірлік; j-жұмысты орындау (қызмет көрсету) мақсатында жасалған шарттың реттік нөмірі; ШҚj-j-шартының құны, теңге; ТҚj-j-шартын орындау мақсатында өнім беруші немесе қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) сатып алған тауарлардың жиынтық құны, теңге; ШЖҚj-j-шартын орындау мақсатында жасалған қосалқы мердігерлік (бірлесіп орындаушы) шарттардың жиынтық құны, теңге; Rj-j-шартын орындайтын өнім беруші немесе қосалқы мердігердің қызметкерлерге еңбекақы төлеудің жалпы қорындағы қазақстандық кадрларға еңбекақы төлеу қорының үлесі, пайыз; n-j-шартын орындау мақсатында өнім беруші және қосалқы мердігерлер (бірлесіп орындаушы) сатып алатын тауарлар атауының жалпы саны; і-j-шартын орындау мақсатында өнім беруші немесе қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) сатып алған тауардың реттік нөмірі, бірлік; ТҚі-i-тауардың құны, теңге; Жі- Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімі үзіндісінің/"СТ-КZ" нысанының тауардың шығу тегі туралы сертификатта көрсетілген тауардағы елішілік құндылық үлесі, пайыз. Егер Бірыңғай әдістемесінің 10-тармағында өзгеше белгіленбесе Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінің/"СТ-КZ" нысанының тауардың шығу тегі туралы сертификаты болмаган жағдайда Жi=0; S-шарттың жалпы құны, теңге. Тауардың шығу тегі туралы "СТ-KZ" нысанындағы сертификат 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін күшінде қалады. |
3) "Rj-j-шартын орындайтын жеткізушінің немесе қосалқы мердігердің қызметкерлерге еңбекақы төлеудің жалпы қорындағы қазақстандық кадрларға еңбекақы төлеу қорының үлесін есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі"
1. | Әкімшілік көрсеткіштің анықтамасы (ұғымдар аппараты) |
Елішілік құндылық – бұл өндірілген тауардың, орындалған жұмыс пен көрсетілген қызметтің жалпы көлеміндегі ішкі нарықта өндірілген тауарлардың, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің пайыздық үлесі. |
2. | Әкімшілік көрсеткіш бойынша жедел, алдын ала және есепті деректерді қалыптастыру кезеңділігі мен мерзімдері | Тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей, жинақтық қорытындымен. |
3. | Әкімшілік көрсеткіш бойынша есепті деректерді орналастыру орны мен ақпараттық жүйеге сілтемені көрсете отырып ақпарат дереккөздері (веб-сайтқа және ақпараттық жүйеге сілтемені көрсете отырып) | "Ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді саттып алудағы жергілікті қамту жөніндегі ақпаратты беру нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 25 қазандағы № 331 бұйрығымен бекітілген, елішілік құндылық саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан, https://www.gov.kz/memleket/entities/mps Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсында жарияланады |
4. | Өлшем бірлігін көрсете отырып, есептеудің нақты және анық реттілігін көрсететін әкімшілік көрсеткіштің алгоритмі | мұндағы: ҚРЕТҚ–j-шартының қолдану кезеңінде j-шартын орындайтын жеткізушінің немесе қосалқы мердігердің қазақстандық кадрларының еңбекақысын төлеу қоры, теңге; ЕЖҚ–j-шартының қолдану кезеңінде j-шартын орындайтын жеткізушінің немесе қосалқы мердігердің жұмысшыларының еңбекақысын төлеудің жалпы қоры, теңге. Заңды тұлғалардың филиалдары (өкілдіктері) жеткізушілер немесе қосалқы мердігерлер болып табылмайды. Егер j-шартының тарапы заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) болған жағдайда, Rj коэффициентін есептеу кезінде мұндай заңды тұлғаның қызметкерлерінің жалпы саны көрсетіледі. |
4) "2015 жылғы 1 қаңтардан бастап жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар және қолданыс мерзімі 2015 жылғы 1 қаңтардан кейін өзгертілген келісімшарттар шеңберінде сатып алынатын жұмыстарды орындауға (қызметтерді көрсетуге) арналған шарттағы ЕІҚж/қ есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі"
1. | Әкімшілік көрсеткіштің анықтамасы (ұғымдар аппараты) |
Елішілік құндылық – бұл өндірілген тауардың, орындалған жұмыс пен көрсетілген қызметтің жалпы көлеміндегі ішкі нарықта өндірілген тауарлардың, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің пайыздық үлесі. |
2. | Әкімшілік көрсеткіш бойынша жедел, алдын ала және есепті деректерді қалыптастыру кезеңділігі мен мерзімдері | Тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей, жинақтық қорытындымен. |
3. | Әкімшілік көрсеткіш бойынша есепті деректерді орналастыру орны мен ақпараттық жүйеге сілтемені көрсете отырып ақпарат дереккөздері (веб-сайтқа және ақпараттық жүйеге сілтемені көрсете отырып) | "Ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді саттып алудағы жергілікті қамту жөніндегі ақпаратты беру нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 25 қазандағы № 331 бұйрығымен бекітілген, елішілік құндылық саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан, https://www.gov.kz/memleket/entities/mps Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсында жарияланады |
4. | Өлшем бірлігін көрсете отырып, есептеудің нақты және анық реттілігін көрсететін әкімшілік көрсеткіштің алгоритмі | мұндағы: n–тапсырыс беруші мен мердігер арасындағы шартты, мердігерлер мен қосалқы мердігерлер арасындағы шарттарды қоса алғанда, жұмысты орындау (қызмет көрсету) мақсатында жасалған j-шарттарының жалпы саны, бірлік; j–жұмыстарды (қызметтерді көрсету) орындау мақсатында жасалған шарттың реттік нөмірі; ШҚj-j-шартының құны, теңге; ШЖҚj-j-шартын орындау шеңберінде жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің қазақстандық өндірушілері болып табылмайтын ұйымдармен жасалған қосалқы мердігерлік шарттардың жиынтық құны, теңге; Kj-егер j-шарты жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің қазақстандық өндірушісі орындайтын болса, 1-ге тең коэффициент, басқаша 0-ге тең болады; S-жұмыстарды/көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарттың жалпы құны, теңге. |
5) "Есепті кезеңде тапсырыс берушінің сатып алуындағы елішілік құндылықты (ЕІҚ) есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі"
1. | Әкімшілік көрсеткіштің анықтамасы (ұғымдар аппараты) |
Елішілік құндылық – бұл өндірілген тауардың, орындалған жұмыс пен көрсетілген қызметтің жалпы көлеміндегі ішкі нарықта өндірілген тауарлардың, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің пайыздық үлесі. |
2. | Әкімшілік көрсеткіш бойынша жедел, алдын ала және есепті деректерді қалыптастыру кезеңділігі мен мерзімдері | Тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей, жинақтық қорытындымен. |
3. | Әкімшілік көрсеткіш бойынша есепті деректерді орналастыру орны мен ақпараттық жүйеге сілтемені көрсете отырып ақпарат дереккөздері (веб-сайтқа және ақпараттық жүйеге сілтемені көрсете отырып) | "Ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді саттып алудағы жергілікті қамту жөніндегі ақпаратты беру нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 25 қазандағы № 331 бұйрығымен бекітілген, елішілік құндылық саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан, https://www.gov.kz/memleket/entities/mps Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсында жарияланады |
4. | Өлшем бірлігін көрсете отырып, есептеудің нақты және анық реттілігін көрсететін әкімшілік көрсеткіштің алгоритмі | мұндағы: n–сатып алу туралы шарттардың жалпы саны, бірлік; і–сатып алу туралы шарттың реттік нөмірі, бірлік; ЕІҚі–сатып алу туралы і-шарты бойынша елішілік құндылық, пайыз; ШҚі–сатып алу туралы жасалған і-шарттың құны, теңге; S–шарттың жалпы құны, теңге. |
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 260 бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің күші жойылды деп тануға жататын кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 87 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10711 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 30 қаңтардағы № 138 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13629 болып тіркелген, 2016 жылғы 17 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) 1-тармағы;
3. "Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 87 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 30 қыркүйектегі № 671 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16005 болып тіркелген, 2017 жылғы 4 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).