Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 11.05.2018 № 325 (29.06.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Инвестициялар және даму | |
министрі | Ә. Исекешев |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
______________ Б. Сұлтанов
2016 жылғы 24 ақпан
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_______________ Е. Досаев
2016 жылғы 15 наурыз
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
_______________ В. Школьник
2016 жылғы 23 ақпан
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 30 қаңтардағы № 138 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. Күші жойылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 20.04.2018 № 260 (29.06.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. Күші жойылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.05.2018 № 355 (29.06.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3. "Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың шарттарына енгізілетін, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі ең аз жергілікті қамтуды есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 464 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11117 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс шарттарына енгiзiлетiн жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде жұмыстардағы (көрсетiлетiн қызметтердегi) ең аз жергілікті қамтымды есептеу қағидаларын бекiту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса берiлiп отырған Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс шарттарына енгiзiлетiн жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде жұмыстардағы (көрсетiлетiн қызметтердегi) ең аз жергілікті қамтымды есептеу қағидалары бекiтiлсiн.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың шарттарына енгiзiлетiн, жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде, жұмыстардағы (көрсетілетін қызметтердегi) ең аз жергілікті қамтымды есептеудiң қағидалары осы тізбеге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған
конкурстың шарттарына енгізілетін, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жұмыстардағы (көрсетілетін қызметтердегі) ең аз жергілікті қамтымды есептеу қағидалары
1. Жалпы ереже
1. Осы Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың шарттарына енгізілетін, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жұмыстардағы (көрсетілетін қызметтердегі) ең аз жергілікті қамтымды есептеу қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 19-бабының 21) тармақшасына сәйкес әзiрленген және жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың шарттарына енгізілетін, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жұмыстардағы (көрсетілетін қызметтердегі) ең аз жергілікті қамтымды есептеу тәртiбiн айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдалы қазбалар тобы деп қатты пайдалы қазбалар, көмiрсутек шикiзаты және кең таралған пайдалы қазбалар ұғынылады.
2. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың шарттарына енгiзiлетiн, жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде жұмыстардағы (көрсетілетін қызметтердегi) ең аз жергілікті қамтымды есептеу тәртібі
3. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың шарттарына енгiзiлетiн, жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде жұмыстардағы (көрсетілетін қызметтердегi) ең аз жергілікті қамтымды есептеу жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурсты өткiзу кезiнде құзыреттi орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы жүзеге асырады.
4. Құзыреттi орган жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың шарттарына енгiзiлетiн, жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде жұмыстардағы (көрсетілетін қызметтердегi) ең аз жергілікті қамтымды есептеу үшiн пайдалы қазбалар топтары бойынша бөлiнген жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс өткiзілетін жылдың алдындағы жылға жұмыс iстеп тұрған жер қойнауын пайдаланушылардың жұмыстарындағы (көрсетілетін қызметтерiндегi) жергілікті қамтымның нақты үлесi бойынша деректердi пайдаланады.
5. Құзыреттi орган жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың шарттарына енгiзiлетiн, жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде жұмыстардағы (көрсетілетін қызметтердегi) ең аз жергілікті қамтымды мынадай формула бойынша есептейдi:
ni=1(Жi х ЖҚi)
ЖҚmin= —--—--—--—--—-,
ni=1Жі
ЖҚmin - жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың шарттарына енгiзілетiн, жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде жұмыстардағы (көрсетілетін қызметтердегi) ең аз жергілікті қамтым (бірақ 50%-дан артық емес);
Жi - жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың пайдалы қазбалар тобына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс өткiзiлетiн жыл алдындағы i-шi жер қойнауын пайдаланушының жұмыстарын (көрсетілетін қызметтерiн) сатып алу көлемi, мың теңге;
ЖҚi - жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың пайдалы қазбалар тобына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс өткiзiлетiн жыл алдындағы i-шi жер қойнауын пайдаланушының жұмысындағы (көрсетілетін қызметiндегi) жергілікті қамтымның нақты үлесi;
n - есептеуде пайдаланылатын жер қойнауын пайдаланушылардың жалпы саны.
6. Жергiлiктi атқарушы орган жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың шарттарына енгiзiлетiн, жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде жұмыстардағы (көрсетілетін қызметтердегi) ең аз жергілікті қамтымды мынадай формула бойынша есептейдi:
мұндағы:
ЖҚmin- жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың шарттарына енгiзілетiн, жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде жұмыстардағы (көрсетілетін қызметтердегi) ең аз жергілікті қамту (бірақ 50%-дан артық емес);
Жtotal - жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың пайдалы қазбалар тобына сәйкес жер қойнауын пайдаланушының жұмыстарын (көрсетілетін қызметтерін) сатып алуың жалпы көлемi мың теңге;
Kжқ – жергілікті қамту коэффициенті (0,5 артық емес).
7. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурсты өткізу жөнiндегi комиссия жер қойнауын пайдалану құқығын беруге конкурс Заңның 53-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда өтпедi деп таныған кезде Заңның 47-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген талаптарға барлық ұсынылған конкурстық ұсынымдардың сәйкес келмеу себебi бойынша құзыреттi орган немесе облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы Заңның 54-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген тәртiпте осы Қағидаларда көзделген тәртiпте есептелген жұмыстардағы (көрсетілетін қызметтердегi) ең аз жергілікті қамтым мөлшерін жиырма бес пайызға азайту бөлiгiнде конкурстық құжаттамаға өзгерiстер енгiзе алады.