Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 29.04.2022 № 240 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
РҚАО-ның ескертуі!
Осы бұйрық 29.06.2018 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.
"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 28-бабының 2-тармағына және "Мемлекеттiк статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 29.04.2022 № 240 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде елішілік құндылықты есептеуінің бірыңғай әдістемесі бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 29.04.2022 № 240 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі |
Ж. Қасымбек |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_____________ Б. Сұлтанов
2018 жылғы "___" _______
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің төрағасы
____________ Н. Айдапкелов
2018 жылғы "___" ________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
_____________ Қ. Бозымбаев
2018 жылғы "___" ________
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 260 бұйрығымен бекітілген |
Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде елішілік құндылықты есептеуінің бірыңғай әдістемесі
Ескерту. Әдістеме жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 29.04.2022 № 240 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Осы Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде елішілік құндылықты есептеуінің бірыңғай әдістемесі (бұдан әрі – Бірыңғай әдістеме) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің 28-бабы 2-тармағына (бұдан әрі – Кодекс) және "Мемлекеттiк статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Осы Бірыңғай әдістемеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жұмыстар – заттық нәтижесi бар қызмет, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жұмыстарға жатқызылған өзге де қызмет;
2) көрсетілетін қызметтер – тапсырыс берушінің қажеттіліктерiн қанағаттандыруға бағытталған, заттық нәтижесi жоқ қызмет;
3) тауарлар – нәрселер (заттар), оның iшiнде жартылай фабрикаттар немесе қатты, сұйық немесе газ тәрiздес күйдегi шикiзат, электр және жылу энергиясы, зияткерлiк меншік құқығының объектілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сатып алу-сату мәмiлелерiн жасасуға болатын заттық құқықтар.
3. Бірыңғай әдістеме:
1) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардың, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың;
2) ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, олардың еншілес және аффилиирленген компанияларының, мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың;
3) жер қойнауын пайдаланушылардың және (немесе) Кодекске сәйкес жер қойнауын пайдаланушылар тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруға уәкілеттік берген тұлғалардың;
4) "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 35) тармақшасына сәйкес бекітілетін тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуы елішілік құндылықтың мониторингіне жататын ұйымдардың;
5) концессионерлердің тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде елішілік құндылықты есептеуіне арналған.
4. Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде елішілік құндылықты есептеу мынадай мақсаттарда жүргізіледі:
1) елішілік құндылық бөлігінде сатып алу бойынша міндеттемелердің сақталу мониторингі және (немесе) оны бақылау;
2) тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жеткізудегі отандық кәсіпорындардың тартылу дәрежесін айқындау;
3) отандық өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілік деңгейін бағалау.
5. Тауарларды жеткізуге арналған шарттағы елішілік құндылықты (ЕІҚТ) есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:
мұндағы:
n–тауарларды жеткізуге арналған шартты орындау мақсатында жеткізуші жеткізетін тауарлар атауының жалпы саны;
і-тауарды жеткізуге арналған шартты орындау мақсатында жеткізуші жеткізетін тауардың реттік нөмірі;
ТҚі-і-тауардың құны;
Жі- "Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою, тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сертификаттың нысанын белгілеу жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 13 шілдедегі № 454-НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23514 болып тіркелген) бекітілген "СТ-КZ" нысанының тауардың шығу тегі туралы сертификатта көрсетілген елішілік құндылықтың үлесі (бұдан әрі - "СТ-КZ" нысанының тауардың шығу тегі туралы сертификаты);
Егер Бірыңғай әдістемесінің 10-тармағында өзгеше белгіленбесе, "СТ-КZ" нысанының тауардың шығу тегі туралы сертификаты болмаған жағдайда Жi=0;
S-шарттың жалпы құны.
6. 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар немесе қолданыс мерзімі 2015 жылғы 1 қаңтардан кейін өзгертілген келісімшарттар шеңберінде сатып алынатын жұмыстарды орындауға (қызметтерді көрсетуге) арналған шарттағы келісімшарттар шеңберінде сатып алынатын жұмыстарды орындауға (қызметтерді көрсетуге) арналған шарттарды қоспағанда, жұмыстарды орындауға (қызметтерді көрсетуге) арналған шарттағы елішілік құндылықты есептеу (бұдан әрі - ЕІҚж/қ) мынадай формула бойынша жүргізіледі:
мұндағы:
m-тапсырыс беруші мен мердігер арасындағы шартты, өнім беруші мен қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) арасындағы шарттарды қоса алғанда, жұмысты орындау (қызмет көрсету) мақсатында жасалған j-шарттардың жалпы саны;
j-жұмысты орындау (қызмет көрсету) мақсатында жасалған шарттың реттік нөмірі;
ШҚj-j-шартының құны;
ТҚj-j-шартын орындау мақсатында өнім беруші немесе қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) сатып алған тауарлардың жиынтық құны;
ШЖҚj-j-шартын орындау мақсатында жасалған қосалқы мердігерлік (бірлесіп орындаушы) шарттардың жиынтық құны;
Rj-j-шартын орындайтын өнім беруші немесе қосалқы мердігердің қызметкерлерге еңбекақы төлеудің жалпы қорындағы қазақстандық кадрларға еңбекақы төлеу қорының үлесі;
n-j-шартын орындау мақсатында өнім беруші және қосалқы мердігерлер (бірлесіп орындаушы) сатып алатын тауарлар атауының жалпы саны;
і-j-шартын орындау мақсатында өнім беруші немесе қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) сатып алған тауардың реттік нөмірі;
ТҚі-i-тауардың құны;
Жі- "СТ-КZ" нысанының тауардың шығу тегі туралы сертификатта көрсетілген тауардағы елішілік құндылық үлесі.
Егер Бірыңғай әдістемесінің 10-тармағында өзгеше белгіленбесе "СТ-КZ" нысанының тауардың шығу тегі туралы сертификаты болмаган жағдайда Жi=0;
S-шарттың жалпы құны.
7. Rj-j-шартын орындайтын жеткізушінің немесе қосалқы мердігердің қызметкерлерге еңбекақы төлеудің жалпы қорындағы қазақстандық кадрларға еңбекақы төлеу қорының үлесін есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:
мұндағы:
ҚРЕТҚ–j-шартының қолдану кезеңінде j-шартын орындайтын жеткізушінің немесе қосалқы мердігердің қазақстандық кадрларының еңбекақысын төлеу қоры;
ЕЖҚ–j-шартының қолдану кезеңінде j-шартын орындайтын жеткізушінің немесе қосалқы мердігердің жұмысшыларының еңбекақысын төлеудің жалпы қоры.
Заңды тұлғалардың филиалдары (өкілдіктері) жеткізушілер немесе қосалқы мердігерлер болып табылмайды.
Егер j-шартының тарапы заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) болған жағдайда, Rj коэффициентін есептеу кезінде мұндай заңды тұлғаның қызметкерлерінің жалпы саны көрсетіледі.
8. 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар және қолданыс мерзімі 2015 жылғы 1 қаңтардан кейін өзгертілген келісімшарттар шеңберінде сатып алынатын жұмыстарды орындауға (қызметтерді көрсетуге) арналған шарттағы ЕІҚж/қ есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:
мұндағы:
n–тапсырыс беруші мен мердігер арасындағы шартты, мердігерлер мен қосалқы мердігерлер арасындағы шарттарды қоса алғанда, жұмысты орындау (қызмет көрсету) мақсатында жасалған j-шарттарының жалпы саны;
j–жұмыстарды (қызметтерді көрсету) орындау мақсатында жасалған шарттың реттік нөмірі;
ШҚj-j-шартының құны;
ШЖҚj-j-шартын орындау шеңберінде жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің қазақстандық өндірушілері болып табылмайтын ұйымдармен жасалған қосалқы мердігерлік шарттардың жиынтық құны;
Kj-егер j-шарты жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің қазақстандық өндірушісі орындайтын болса, 1-ге тең коэффициент, басқаша 0-ге тең болады;
S-жұмыстарды/көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарттың жалпы құны.
9. Есепті кезеңде тапсырыс берушінің сатып алуындағы елішілік құндылықты (ЕІҚ) есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:
мұндағы:
n–сатып алу туралы шарттардың жалпы саны;
і–сатып алу туралы шарттың реттік нөмірі;
ЕІҚі–сатып алу туралы і-шарты бойынша елішілік құндылық;
ШҚі–сатып алу туралы жасалған і-шарттың құны;
S–шарттың жалпы құны.
10. Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген табиғи монополия саласына қатысты қызмет түрі бойынша табиғи монополиялар субъектілерімен жасалған шарттар бойынша елішілік құндылықты есептеу кезінде Жі және Кj коэффициенті бірлікке теңестіріледі.
11. Көрсеткіштерді қалыптастыру мерзімі тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында жасалған шарттың талаптарына байланысты.
12. Ақпарат көзі тапсырыс берушілерден және (немесе) өнім берушілерден келіп түсетін мәліметтер болып табылады.
13. Есеп көрсеткіштері Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму комитетінің ресми интернет-ресурсында жарияланатын елішілік құндылықтың жалпы елдегі көрсеткішін жинақтау үшін қолданылады.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 260 бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің күші жойылды деп тануға жататын кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 87 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10711 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 30 қаңтардағы № 138 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13629 болып тіркелген, 2016 жылғы 17 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) 1-тармағы;
3. "Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 87 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 30 қыркүйектегі № 671 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16005 болып тіркелген, 2017 жылғы 4 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).