Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 260 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 28 мамырда № 16942 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертуі!
      Осы бұйрық 29.06.2018 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Кодексінің 28-бабының 2-тармағына және "Мемлекеттiк статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңы 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесі бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _____________ Б. Сұлтанов

      2018 жылғы "___" _______

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      Статистика комитетінің төрағасы

      ____________ Н. Айдапкелов

      2018 жылғы "___" ________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрі

      _____________ Қ. Бозымбаев

      2018 жылғы "___" ________

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің 2018 жылғы
20 сәуірдегі № 260 бұйрығымен
бекітілген

Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесі

      1. Осы Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесі (бұдан әрі – Бірыңғай әдістеме) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Кодексінің 28-бабы 2-тармағына (бұдан әрі – Кодекс) және "Мемлекеттiк статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Бірыңғай әдістеме:

      1) "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардың, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың;

      2) ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, олардың еншілес және аффилиирленген компанияларының, мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың;

      3) жер қойнауын пайдаланушылардың және (немесе) Кодекске сәйкес жер қойнауын пайдаланушылар тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруға уәкілеттік берген тұлғалардың;

      4) "Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуы қазақстандық қамтудың мониторингіне жататын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 366 қаулысына сәйкес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуы жергілікті қамтудың мониторингіне жататын ұйымдардың;

      5) концессионерлердің тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтудың есептеуіне арналған.

      3. Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтуды есептеу мынадай мақсаттарда жүргізіледі:

      1) жергілікті қамту бөлігінде сатып алу бойынша міндеттемелердің сақталу мониторингі және/немесе оны бақылау;

      2) тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жеткізудегі отандық кәсіпорындардың тартылу дәрежесін айқындау;

      3) отандық өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілік деңғейін бағалау.

      4. Тауарларды жеткізуге арналған шарттағы жергілікті қамтуды (ЖҚт) есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:



      мұндағы:

      n–тауарларды жеткізуге арналған шартты орындау мақсатында жеткізуші жеткізетін тауарлар атауының жалпы саны;

      і-тауарды жеткізуге арналған шартты орындау мақсатында жеткізуші жеткізетін тауардың реттік нөмірі;

      ТҚі-і-тауардың құны;

      Жі-Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 9 қаңтардағы № 6 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10235 болып тіркелген) бекітілген "СТ-КZ" нысанының тауардың шығу тегі туралы сертификатта көрсетілген тауардағы жергілікті қамтудың үлесі (бұдан әрі-"СТ-КZ" нысанының тауардың шығу тегі туралы сертификаты);

      Егер Бірыңғай әдістемесінің 9-тармағында өзгеше белгіленбесе, "СТ-КZ" нысанының тауардың шығу тегі туралы сертификаты болмаған жағдайда Жi=0;

      S-шарттың жалпы құны.

      5. 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар немесе қолданыс мерзімі 2015 жылғы 1 қаңтардан кейін өзгертілген келісімшарттар шеңберінде сатып алынатын жұмыстарды орындауға (қызметтерді көрсетуге) арналған шарттағы келісімшарттар шеңберінде сатып алынатын жұмыстарды орындауға (қызметтерді көрсетуге) арналған шарттарды қоспағанда, жұмыстарды орындауға (қызметтерді көрсетуге) арналған шарттағы жергілікті қамтуды есептеу (бұдан әрі - ЖҚж/қ) мынадай формула бойынша жүргізіледі:



      мұндағы:

      m-тапсырыс беруші мен мердігер арасындағы шартты, мердігерлер мен қосалқы мердігерлер арасындағы шарттарды қоса алғанда, жұмысты орындау (қызмет көрсету) мақсатында жасалған шарттардың жалпы саны;

      j-жұмысты орындау (қызмет көрсету) мақсатында жасалған шарттың реттік нөмірі;

      ШҚj-j-шартының құны;

      ТҚj-j-шартын орындау мақсатында жеткізуші немесе қосалқы мердігер сатып алған тауарлардың жиынтық құны;

      ШЖҚj-j-шартын орындау мақсатында жасалған қосалқы мердігерлік шарттардың жиынтық құны;

      Rj-j-шартын орындайтын жеткізушінің немесе қосалқы мердігердің қызметкерлерге еңбекақы төлеудің жалпы қорындағы қазақстандық кадрларға еңбекақы төлеу қорының үлесі;

      n-j-шартын орындау мақсатында жеткізуші және қосалқы мердігерлер сатып алатын тауарлар атауының жалпы саны;

      і-j-шартын орындау мақсатында жеткізуші немесе қосалқы мердігер сатып алған тауардың реттік нөмірі;

      ТҚі-i-тауардың құны;

      Жі-"СТ-КZ" нысанының тауардың шығу тегі туралы сертификатта көрсетілген тауардағы жергілікті қамтуды үлесі;

      Егер Бірыңғай әдістемесінің 9-тармағында өзгеше белгіленбесе "СТ-КZ" нысанының тауардың шығу тегі туралы сертификаты болмаган жағдайда Жi=0;

      S-шарттың жалпы құны;

      6. Rj-j-шартын орындайтын жеткізушінің немесе қосалқы мердігердің қызметкерлерге еңбекақы төлеудің жалпы қорындағы қазақстандық кадрларға еңбекақы төлеу қорының үлесін есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:



      мұндағы:

      ҚРЕТҚ–j-шартының қолдану кезеңінде j-шартын орындайтын жеткізушінің немесе қосалқы мердігердің қазақстандық кадрларының еңбекақысын төлеу қоры;

      ЕЖҚ–j-шартының қолдану кезеңінде j-шартын орындайтын жеткізушінің немесе қосалқы мердігердің жұмысшыларының еңбекақысын төлеудің жалпы қоры.

      Заңды тұлғалардың филиалдары (өкілдіктері) жеткізушілер немесе қосалқы мердігерлер болып табылмайды.

      Егер j-шартының тарапы заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) болған жағдайда, Rj коэффициентін есептеу кезінде мұндай заңды тұлғаның қызметкерлерінің жалпы саны көрсетіледі.

      7. 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар немесе қолданыс мерзімі 2015 жылғы 1 қаңтардан кейін өзгертілген келісімшарттар шеңберінде сатып алынатын жұмыстарды орындауға (қызметтерді көрсетуге) арналған шарттағы ЖҚж/қ есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:



      мұндағы:

      n–тапсырыс беруші мен мердігер арасындағы шартты, мердігерлер мен қосалқы мердігерлер арасындағы шарттарды қоса алғанда, жұмысты орындау (қызмет көрсету) мақсатында жасалған j-шарттарының жалпы саны;

      j–жұмыстарды (қызметтерді көрсету) орындау мақсатында жасалған шарттың реттік нөмірі;

      ШҚj-j-шартының құны;

      ШЖҚj-j-шартын орындау шеңберінде жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің қазақстандық өндірушілері болып табылмайтын ұйымдармен жасалған қосалқы мердігерлік шарттардың жиынтық құны;

      Kj-егер j-шарты жұмыстар мен қызметтердің қазақстандық өндірушісі орындайтын болса, 1-ге тең коэффициент, басқаша 0-ге тең болады;

      S-жұмыстарды/көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарттың жалпы құны.

      8. Есепті кезеңде тапсырыс берушінің сатып алуындағы жергілікті қамтуды (ЖҚ) есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:



      мұндағы:

      n–сатып алу туралы шарттардың жалпы саны;

      і–сатып алу туралы шарттың реттік нөмірі;

      ЖҚі–сатып алу туралы і-шарты бойынша жергілікті қамту;

      ШҚі–сатып алу туралы жасалған і-шарттың құны;

      S–шарттың жалпы құны.

      9. Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген табиғи монополия саласына қатысты қызмет түрі бойынша табиғи монополиялар субъектілерімен жасалған шарттар бойынша жергілікті қамтуды есептеу кезінде Жі және Кj коэффициенті бірлікке теңестіріледі.

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің 2018 жылғы
20 сәуірдегі № 260 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің күші жойылды деп тануға жататын кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 87 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10711 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      2. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 30 қаңтардағы № 138 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13629 болып тіркелген, 2016 жылғы 17 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) 1-тармағы;

      3. "Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 87 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 30 қыркүйектегі № 671 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16005 болып тіркелген, 2017 жылғы 4 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).