"Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 260 бұйрығына өзгерісте

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 240 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 7 мамырда № 27954 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 260 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16942 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде елішілік құндылықты есептеуінің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы";

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 28-бабының 2-тармағына және "Мемлекеттiк статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде елішілік құндылықты есептеуінің бірыңғай әдістемесі бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін атқарушы
М. Карабаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттiгi
Ұлттық статистика бюросы
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін
атқарушының
2022 жылғы 29 сәуірдегі
№ 240 бұйрыққа қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің
2018 жылғы 20 сәуірдегі
№ 260 бұйрығымен
бекітілген

Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде елішілік құндылықты есептеуінің бірыңғай әдістемесі

      1. Осы Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде елішілік құндылықты есептеуінің бірыңғай әдістемесі (бұдан әрі – Бірыңғай әдістеме) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің 28-бабы 2-тармағына (бұдан әрі – Кодекс) және "Мемлекеттiк статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Осы Бірыңғай әдістемеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жұмыстар – заттық нәтижесi бар қызмет, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жұмыстарға жатқызылған өзге де қызмет;

      2) көрсетілетін қызметтер – тапсырыс берушінің қажеттіліктерiн қанағаттандыруға бағытталған, заттық нәтижесi жоқ қызмет;

      3) тауарлар – нәрселер (заттар), оның iшiнде жартылай фабрикаттар немесе қатты, сұйық немесе газ тәрiздес күйдегi шикiзат, электр және жылу энергиясы, зияткерлiк меншік құқығының объектілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сатып алу-сату мәмiлелерiн жасасуға болатын заттық құқықтар.

      3. Бірыңғай әдістеме:

      1) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардың, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың;

      2) ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, олардың еншілес және аффилиирленген компанияларының, мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың;

      3) жер қойнауын пайдаланушылардың және (немесе) Кодекске сәйкес жер қойнауын пайдаланушылар тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруға уәкілеттік берген тұлғалардың;

      4) "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 35) тармақшасына сәйкес бекітілетін тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуы елішілік құндылықтың мониторингіне жататын ұйымдардың;

      5) концессионерлердің тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде елішілік құндылықты есептеуіне арналған.

      4. Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде елішілік құндылықты есептеу мынадай мақсаттарда жүргізіледі:

      1) елішілік құндылық бөлігінде сатып алу бойынша міндеттемелердің сақталу мониторингі және (немесе) оны бақылау;

      2) тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жеткізудегі отандық кәсіпорындардың тартылу дәрежесін айқындау;

      3) отандық өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілік деңгейін бағалау.

      5. Тауарларды жеткізуге арналған шарттағы елішілік құндылықты (ЕІҚТ) есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:



      мұндағы:

      n–тауарларды жеткізуге арналған шартты орындау мақсатында жеткізуші жеткізетін тауарлар атауының жалпы саны;

      і-тауарды жеткізуге арналған шартты орындау мақсатында жеткізуші жеткізетін тауардың реттік нөмірі;

      ТҚі-і-тауардың құны;

      Жі- "Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою, тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сертификаттың нысанын белгілеу жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 13 шілдедегі № 454-НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23514 болып тіркелген) бекітілген "СТ-КZ" нысанының тауардың шығу тегі туралы сертификатта көрсетілген елішілік құндылықтың үлесі (бұдан әрі - "СТ-КZ" нысанының тауардың шығу тегі туралы сертификаты);

      Егер Бірыңғай әдістемесінің 10-тармағында өзгеше белгіленбесе, "СТ-КZ" нысанының тауардың шығу тегі туралы сертификаты болмаған жағдайда Жi=0;

      S-шарттың жалпы құны.

      6. 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар немесе қолданыс мерзімі 2015 жылғы 1 қаңтардан кейін өзгертілген келісімшарттар шеңберінде сатып алынатын жұмыстарды орындауға (қызметтерді көрсетуге) арналған шарттағы келісімшарттар шеңберінде сатып алынатын жұмыстарды орындауға (қызметтерді көрсетуге) арналған шарттарды қоспағанда, жұмыстарды орындауға (қызметтерді көрсетуге) арналған шарттағы елішілік құндылықты есептеу (бұдан әрі - ЕІҚж/қ) мынадай формула бойынша жүргізіледі:



      мұндағы:

      m-тапсырыс беруші мен мердігер арасындағы шартты, өнім беруші мен қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) арасындағы шарттарды қоса алғанда, жұмысты орындау (қызмет көрсету) мақсатында жасалған j-шарттардың жалпы саны;

      j-жұмысты орындау (қызмет көрсету) мақсатында жасалған шарттың реттік нөмірі;

      ШҚj-j-шартының құны;

      ТҚj-j-шартын орындау мақсатында өнім беруші немесе қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) сатып алған тауарлардың жиынтық құны;

      ШЖҚj-j-шартын орындау мақсатында жасалған қосалқы мердігерлік (бірлесіп орындаушы) шарттардың жиынтық құны;

      Rj-j-шартын орындайтын өнім беруші немесе қосалқы мердігердің қызметкерлерге еңбекақы төлеудің жалпы қорындағы қазақстандық кадрларға еңбекақы төлеу қорының үлесі;

      n-j-шартын орындау мақсатында өнім беруші және қосалқы мердігерлер (бірлесіп орындаушы) сатып алатын тауарлар атауының жалпы саны;

      і-j-шартын орындау мақсатында өнім беруші немесе қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) сатып алған тауардың реттік нөмірі;

      ТҚі-i-тауардың құны;

      Жі- "СТ-КZ" нысанының тауардың шығу тегі туралы сертификатта көрсетілген тауардағы елішілік құндылық үлесі.

      Егер Бірыңғай әдістемесінің 10-тармағында өзгеше белгіленбесе "СТ-КZ" нысанының тауардың шығу тегі туралы сертификаты болмаган жағдайда Жi=0;

      S-шарттың жалпы құны.

      7. Rj-j-шартын орындайтын жеткізушінің немесе қосалқы мердігердің қызметкерлерге еңбекақы төлеудің жалпы қорындағы қазақстандық кадрларға еңбекақы төлеу қорының үлесін есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:



      мұндағы:

      ҚРЕТҚ–j-шартының қолдану кезеңінде j-шартын орындайтын жеткізушінің немесе қосалқы мердігердің қазақстандық кадрларының еңбекақысын төлеу қоры;

      ЕЖҚ–j-шартының қолдану кезеңінде j-шартын орындайтын жеткізушінің немесе қосалқы мердігердің жұмысшыларының еңбекақысын төлеудің жалпы қоры.

      Заңды тұлғалардың филиалдары (өкілдіктері) жеткізушілер немесе қосалқы мердігерлер болып табылмайды.

      Егер j-шартының тарапы заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) болған жағдайда, Rj коэффициентін есептеу кезінде мұндай заңды тұлғаның қызметкерлерінің жалпы саны көрсетіледі.

      8. 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар және қолданыс мерзімі 2015 жылғы 1 қаңтардан кейін өзгертілген келісімшарттар шеңберінде сатып алынатын жұмыстарды орындауға (қызметтерді көрсетуге) арналған шарттағы ЕІҚж/қ есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:



      мұндағы:

      n–тапсырыс беруші мен мердігер арасындағы шартты, мердігерлер мен қосалқы мердігерлер арасындағы шарттарды қоса алғанда, жұмысты орындау (қызмет көрсету) мақсатында жасалған j-шарттарының жалпы саны;

      j–жұмыстарды (қызметтерді көрсету) орындау мақсатында жасалған шарттың реттік нөмірі;

      ШҚj-j-шартының құны;

      ШЖҚj-j-шартын орындау шеңберінде жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің қазақстандық өндірушілері болып табылмайтын ұйымдармен жасалған қосалқы мердігерлік шарттардың жиынтық құны;

      Kj-егер j-шарты жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің қазақстандық өндірушісі орындайтын болса, 1-ге тең коэффициент, басқаша 0-ге тең болады;

      S-жұмыстарды/көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарттың жалпы құны.

      9. Есепті кезеңде тапсырыс берушінің сатып алуындағы елішілік құндылықты (ЕІҚ) есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:



      мұндағы:

      n–сатып алу туралы шарттардың жалпы саны;

      і–сатып алу туралы шарттың реттік нөмірі;

      ЕІҚі–сатып алу туралы і-шарты бойынша елішілік құндылық;

      ШҚі–сатып алу туралы жасалған і-шарттың құны;

      S–шарттың жалпы құны.

      10. Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген табиғи монополия саласына қатысты қызмет түрі бойынша табиғи монополиялар субъектілерімен жасалған шарттар бойынша елішілік құндылықты есептеу кезінде Жі және Кj коэффициенті бірлікке теңестіріледі.

      11. Көрсеткіштерді қалыптастыру мерзімі тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында жасалған шарттың талаптарына байланысты.

      12. Ақпарат көзі тапсырыс берушілерден және (немесе) өнім берушілерден келіп түсетін мәліметтер болып табылады.

      13. Есеп көрсеткіштері Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму комитетінің ресми интернет-ресурсында жарияланатын елішілік құндылықтың жалпы елдегі көрсеткішін жинақтау үшін қолданылады.