Мемлекеттiк нормативтердi әзiрлеу, келiсу, бекiту, тiркеу және қолданысқа енгiзу (қолданылуын тоқтата тұру, күшiн жою) қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 890 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 23 қаңтарда № 16270 болып тіркелді.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-30) тармақшасына және 28-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.09.2020 № 510 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттiк нормативтердi әзiрлеу, келiсу, бекiту, тiркеу және қолданысқа енгiзу (қолданылуын тоқтата тұру, күшiн жою) қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ________________ Б. Сұлтанов

      2017 жылғы 26 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ________________ Т. Сүлейменов

      2017 жылғы "___" ___________

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрінің

      Міндетін атқарушы

      ________________ С. Жұманғарин

      2018 жылғы 5 қаңтар

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2017 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 890 бұйрығымен
бекітілген

Мемлекеттiк нормативтердi әзiрлеу, келiсу, бекiту, тiркеу және қолданысқа енгiзу (қолданылуын тоқтату, күшiн жою) қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттiк нормативтерді әзiрлеу, келісу, бекiту, тiркеу және қолданысқа енгізу (қолдануын тоқтату, күшiн жою) қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 28-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленген және мемлекеттік нормативтерді әзірлеу, келісу, бекіту, тіркеу және қолданысқа енгізу, қолдануын тоқтату және күшін жою тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидалардың ережелері мемлекеттік нормативтерді әзірлеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің субъектілеріне қолданылады.

      3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) әзірлеуші – мемлекеттік нормативтерді әзірлеуді жүзеге асыратын ұйым;

      2) ғылыми-техникалық кеңес (бұдан әрі – ҒТК) – уәкілетті органның ведомствосында құрылған, құрылыс саласын дамытудың, сәулет, қала құрылысы, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыста баға белгілеу саласында ғылыми-техникалық саясат жүргізудің, сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асырудың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында нормативтік-құқықтық жобаларды және мемлекеттік нормативтерді дайындайтын және қарайтын консультативтік-кеңесші орган;

      3) жобалау және құрылыс салу жөніндегі қағидалар жинағын – ерікті түрде қолданылатын нормативтік техникалық құжаттар;

      4) құрылыс нормалары –техникалық регламенттердің (ғимараттардың, құрылыстардың, олардың кешендерінің, коммуникациялардың) талаптарына сәйкес өнімнің жекелеген түрлеріне және (немесе) олардың өмірлік циклінің процестеріне қойылатын міндетті қауіпсіздік талаптарын белгілейтін нормативтік техникалық құжаттар;

      5) құрылыстағы басшылыққа алынатын құжаттар – сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы субъектілердің қызметін ұйымдастыруға қойылатын міндетті талаптарды белгілейтін және өзара қарым-қатынастарын реттейтін нормативтік құқықтық актілер

      6) мемлекеттік нормативтер (мемлекеттік нормативтік құжаттар) –адамның тұратын ортасына және тіршілік етуіне қолайлы, қауіпсіз және басқа да қажетті жағдайларды қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық актілердің, қала құрылыстық және техникалық регламенттердің, нормативтік-техникалық құжаттардың, өзгеде міндетті талаптардың, шарттар мен шектеулердің жүйесі;

      7) мемлекеттік нормативтерді әзірлеу – жаңа мемлекеттік нормативтер әзірлеу және қолданыстағыларын өңдеу жөніндегі қызмет;

      8) мемлекеттік нормативтерді өзектендіру (жаңарту) – нормативтік құқықтық актілердің өзгеруіне, басқа да нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес келтіруге байланысты және техникалық шешімдерді жетілдіру бойынша ғылым мен техниканың дамуына байланысты белгілі бір қызмет саласында қолданыстағы мемлекеттік нормативтердің мазмұнына қажетті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу

      9) нормативтік-техникалық құжат – техникалық және технологиялық нормалардан тұратын нормативтік құжат;

      10) пікір – әзірленген мемлекеттік нормативтердің жобаларын қарау нəтижелері бойынша ұсынылған жазбаша құжат;

      11) сәулет, қала құрылысы және құрылыс каталогы (бұдан әрі – каталог) –сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік техникалық құжаттар және кәсіпорындардың, ғимараттар мен құрылыстардың үлгілік жобалары мен үлгілік жобалық шешімдерінің, құрылыс конструкцияларының, бұйымдар мен құрылыс материалдарының, жұмыс жүргізу технологияларының және құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттардың жүйеленген тізбесі;

      12) тапсырыс беруші – мемлекеттік нормативтерді әзірлеуді ұйымдастыруды жүзеге асыратын заңды тұлға;

      13) уәкілетті органның ведомствосы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы құзыреті шегінде бақылау және іске асыру функцияларын жүзеге асыратын орталық мемлекеттік органның ведомствосы.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 20.02.2020 № 79 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Мемлекеттік нормативтерді әзірлеу, қарау, және келісу тәртібі
1-параграф. Мемлекеттік нормативтерді әзірлеуді ұйымдастыру

      4. Мемлекеттік нормативтерді әзірлеуді ұйымдастыру мыналарды қамтиды:

      мемлекеттік нормативтерді әзірлеуге жататын перспективалық номенклатураны (тізбені) үш жыл мерзімге қалыптастыру;

      әзірленетін мемлекеттік нормативтердің жылдық тізбесін қалыптастыру.

      5. Үш жыл мерзімге мемлекеттік нормативтерді әзірлеуге жататын перспективалық номенклатураны (тізбені) қалыптастыруға ұсыныстарды сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің субъектілері уәкілетті органның ведомствосына тиісті жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірмей, еркін нысанда ресімделген өтінім түрінде жібереді.

      6. Мемлекеттiк нормативтерді әзiрлеу жөніндегі өтiнiмде қажеттiлiктiң негiздемесi, мақсаттар мен мiндеттер, орындау мерзiмiдері және болжамды көлемi (парақтар саны) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің құрылымына сәйкес көрсетiледi.

      7. Ұсынылған өтінімді уәкілетті органның ведомствосы 30 күнтізбелік күн ішінде өтінім берілген құжатты мемлекеттік нормативтерді әзірлеуге жататын перспективалық номенклатураға (тізбеге) енгізу қажеттілігін белгілеу үшін қарайды.

      8. Өтінімді қарау нәтижелері бойынша уәкілетті органның ведомствосы мемлекеттік нормативтерді әзірлеудің басым деңгейі, қаржыландыру мерзімдері мен көлемі қамтылған мемлекеттік нормативтерді әзірлеудің перспективалық номенклатурасын қалыптастырады.

      Әзірленген мемлекеттік нормативтердің перспективалық номенклатурасын (тізбесін) ҒТК-ның қарауы және бекітуі тиіс

      9. Мемлекеттiк нормативтерді әзiрлеудiң жылдық тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыстардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерді әзірлеу жөніндегі тақырыптық жоспары түрiндегі мемлекеттiк нормативтерді әзiрлеудiң перспективалық номенклатурасына (тiбесіне) енгiзiлген басым және өзектi тақырыптардан қалыптасады.

      Қалыптасқан тақырыптық жоспарды уәкілетті органның ведомствосы бекітеді және қаржы бөлу мақсатында республикалық бюджеттік бағдарламаларға енгізіледі.

      10. Уәкілетті органның ведомствосы жазбаша растаған жағдайда сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің субъектілері ғылыми және (немесе) мамандандырылған ұйымдарды тарта отырып, өз есебінен мемлекеттік нормативтерді әзірлеуді жүзеге асыруы мүмкін.

      11. Мемлекеттік нормативтерді әзірлеуді мынадай сатыларға бөлуге болады:

      1-саты – мемлекеттік нормативті әзірлеуді ұйымдастыру;

      2-саты – мемлекеттік нормативтің жобасын бірінші редакцияда (қажеттілікке қарай келесі, аралық редакцияларда) әзірлеу, нормалаудың тиісті бағыты бойынша (тапсырыс беруші айқындайды) пікірлер алу, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің қорытындыларын алу;

      3-саты – әзірлеушінің түпкілікті редакциясында мемлекеттік нормативтің жобасын дайындау, тапсырыс берушімен келісу және оған ұсыну;

      4-саты – мемлекеттік нормативті қарау, қабылдау (бекіту немесе мақұлдау) және тіркеу (қажет болған жағдайда);

      5-саты – мемлекеттік нормативті қолданысқа енгізу.

      Сатыларды біріктіруге немесе саты құрамында жекелеген кезеңдерді бөлуге болады.

      12. Мемлекеттік нормативтерді әзірлеушіні таңдау рәсімі Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының нормаларына сәйкес жүзеге асырылады.

2-параграф. Мемлекеттік нормативтерді әзірлеу, қарау және келісу

      13. Әзірлеуші түсіндірме жазбасы бар мемлекеттік нормативтің жобасын тапсырыс беруші тиісті пікір алу мақсатында шартта белгіленген ұйымға жібереді. "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар мемлекеттік нормативтердің жобаларын тапсырыс беруші қарау үшін мүдделі мемлекеттік органдарға тікелей жібереді. Мемлекеттік нормативтің жобасы бойынша пікір әзірлеушіге жоба қарауға келіп түскен күннен бастап 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей беріледі.

      Ұйым көрсетілген мерзімде пікір бермеген жағдайда мемлекеттік нормативтерді әзірлеу шарт бойынша тапсырыс беруші белгілеген мерзімдерге сәйкес жалғасады, ал егер шартта өзгеше көзделмесе, мемлекеттік нормативтің жобасы осы ұйыммен келісілген болып есептеледі.

      Ұсынылған пікірлер бойынша келіспеушіліктерді қарау қажет болған жағдайда әзірлеуші мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерімен отырыс өткізеді. Отырыста қабылданған шешімдер хаттамамен ресімделеді және жиынтық кестеде ескертулер мен ұсыныстар көрсетіледі.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 20.02.2020 № 79 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Түсіндірме жазбамен бірге бірінші редакцияда әзірленетін мемлекеттік нормативтің жобасы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес әзірленген мемлекеттік нормативтің ісіне кіретін құжаттардың тізбесіне сәйкес оны уәкілетті органның ведомствосына қарау және істі қалыптастыру үшін жіберіледі.

      15. Әзірлеуші мемлекеттік нормативтің жобасын түпкілікті редакцияға енгізгенге дейін мемлекеттік нормативтің жобасын техникалық тапсырмада айқындалған тиісті мемлекеттік органдардың қарауын ұйымдастыруды жүзеге асырады.

      Бұл ретте, мемлекеттік нормативтің жобасы тиісті мемлекеттік органдарға бұрын қабылданған пікірлерді ескере отырып, қаралған редакциясында қарау үшін жіберіледі.

      16. Мемлекеттік нормативтің жобасын түпкілікті редакцияға дайындау тиісті мемлекеттік органдардан алынған пікірлерді ескере отырып жүзеге асырылады.

      17. Мемлекеттiк нормативтің түпкілікті редакциядағы жобасының әр парағына әзiрлеушi ұйымның басшысы қол қояды, егер шартта өзгеше көзделмесе, ілеспе хатпен және мынадай қосымшаларымен бірге тапсырыс берушiге қағаз және электрондық жеткізгіштерде мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде екi данада берiледi:

      1) мыналар қамтылған мемлекеттік нормативтің жобасына түсіндірме жазба:

      мемлекеттік нормативті әзірлеу мен қолданудың экономикалық тиімділігінің негіздемесі;

      мемлекеттік нормативті әзірлеу үшін негіздеме;

      қарау және пікірлер алу үшін мемлекеттік нормативтің жобасын ұйымдарға жіберуі туралы мәлімет;

      мемлекеттік нормативтің жобасын әзірлеу кезінде пайдаланылған нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік-техникалық құжаттар туралы ақпарат;

      әзірлеуші туралы деректер;

      2) мемлекеттік норматив жобасының бірінші редакциясы жіберілген ұйымдардың тізбесі;

      3) бірінші редакциядағы мемлекеттік нормативтің жобасына алынған пікірлердің түпнұсқалары;

      4) бірінші редакциядағы мемлекеттік нормативтің жобасы бойынша ескертулер мен ұсыныстардың жиынтық кестесі;

      5) тиiстi мемлекеттiк органдардың (егер мемлекеттiк нормативті әзiрлеу жөніндегі шартта келісу талап етілсе) ескертулері мен ұсыныстары бойынша қалыптастырылған жиынтық кестесi бар жобаның қаралғанын растайтын төлнұсқа құжаттар;

      6) қолданыстағы мемлекеттік нормативтердің күшін жою туралы немесе жаңа мемлекеттік нормативтердің қолданысқа енгізілуіне байланысты оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар.

      18. Мемлекеттік нормативтер жобасының түпкілікті редакциясы "қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар құжаттарды қоспағанда, ҒТК-ның қарауына енгізіледі.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 20.02.2020 № 79 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. Мемлекеттік нормативтерді жасау, мазмұндау және ресімдеу осы Қағидалардың талаптары мен "Қазақстан Республикасының техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесі. Стандарттарды жасауға, мазмұндауға, рәсімдеуге және мазмұнына қойылатын жалпы талаптар" ҚР СТ 1.5 белгіленген талаптарына сәйкес жүргізіледі.

      Халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттарды қолдану негізінде әзірленетін нормативтік техникалық құжаттарды жасау, мазмұндау, ресімдеу және белгілеу тәртібі "Қазақстан Республикасын техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесі. Шет мемлекеттердің халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттарын, Қазақстан Республикасындағы стандарттау жөніндегі өзге нормативтік құжаттарды қолдану тәртібі" ҚР СТ 1.9 талаптарына сәйкес жүргізіледі.

      20. ҚР ҚБҚ және ҚН мәтіні "Нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 қаулысының және "Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, олардың келісілу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 569 қаулысының (бұдан әрі – Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 568 және № 569 қаулылары) талаптарына сәйкес рәсімделеді.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 20.02.2020 № 79 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. Мемлекеттік нормативтер мемлекеттік және орыс тілдерінде шығарылады.

      22. Мемлекеттік нормативтер мұқабасының нысаны құрылыстағы басшылық құжаттарды қоспағанда, осы Қағидаларға 4-қосымшада келтірілген нысанға сәйкес ресімделеді.

      23. Мемлекеттік нормативтерге арналған "Алғы сөз" құрылымдық элементінің үлгісі құрылыстағы басшылық құжаттарды қоспағанда, осы Қағидаларға 5-қосымшада көрсетілген.

      24. Мемлекеттік нормативтік құжаттың мемлекеттік мен орыс тілдеріндегі шмуцтитулы (бірінші беті) құрылыстағы басшылық құжаттарды қоспағанда, осы Қағидаларға 6-қосымшада келтірілген нысанға сәйкес ресімделеді.

      25. Құрылыстағы басшылық құжаттарды қоспағанда, мемлекеттік нормативтердегі "Нормативтік сілтемелер" деген құрылымдық элементте нормативтік құқықтық актілердің және нормативтік-техникалық құжаттардың тізбесі бар, онда құжаттың мәтінінде сілтемелер беріледі (берілген). Сілтемелер тізбесі "Осы құрылыс нормаларын (нормативтік-техникалық құралды, қағидалар жинақтарын және тағы басқа) қолдану үшін мынадай сілтемелер пайдаланылады" деген сөздерден басталады.

      Тараудың соңында мынадай мазмұндағы ескертпе көрсетілуі қажет:

      Ескертпе - Пайдаланған кезде ағымдағы жағдай бойынша жыл сайын жасалатын және ай сайын шығарылатын, ағымдағы жылы жарияланған ақпараттық бюллетеньдерге – журналдар мен стандарттардың ақпараттық көрсеткіштеріне сәйкес келетін "Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің және нормативтік-техникалық құжаттардың тізбесі", "Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың сілтемесі" және "Стандарттау жөніндегі мемлекетаралық нормативтік құжаттардың сілтемесі" деген ақпараттық каталогтар бойынша сілтемелік құжаттардың қолданылуын тексерген орынды. Егер сілтемелік құжат ауысқан (өзгерген) болса, онда осы нормативті пайдалану кезінде ауысқан (өзгерген) құжатты басшылыққа алған жөн. Егер сілтемелік құжат ауыспай күші жойылған болса, онда оған сілтеме жасалған ережелер осы сілтемені қозғамайтын бөлікте қолданылады.

      Нормативтік сілтемелер тізбесіне нормативтік құқықтық актілердің және нормативтік-техникалық құжаттардың толық белгілері мен атауы мынадай ретте белгілердің тіркеу нөмірлерінің (болған жағдайда) өсу тәртібінде енгізіледі:

      заңнамалық және заңға тәуелді актілер, техникалық регламенттер, нормативтік құқықтық актілердің сатыларына заңдық күшіне байланысты бұйрықтар;

      құрылыстағы басшылық құжаттар;

      мемлекетаралық құрылыс нормалары және техникалық-экономикалық ақпараттың сыныптамасы;

      халықаралық, мемлекетаралық құрылыс нормалары мен техникалық-экономикалық ақпараттың сыныптамасы;

      құрылыс нормалары мен техникалық-экономикалық ақпараттың сыныптамасы;

      нормативтік-техникалық құралдар мен қағидалар жинақтары;

      Қазақстан Республикасының аумағында қолдану үшін рұқсат етілген халықаралық, өңірлік стандарттар, шет мемлекеттердің ұлттық стандарттары;

      ұлттық стандарттар.

      Ескерту. 25-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 20.02.2020 № 79 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Мемлекеттiк нормативтердi бекiту, тiркеу және қолданысқа енгiзу
(қолданылуын тоқтату, күшiн жою) тәртібі

      26. 100 нөмірінен басталатын жобалау және құрылыс салу жөніндегі қағидалар жинақтарын (бұдан әрі – ҚР ҚЖ) қоспағанда, мемлекеттік нормативтерді тіркеу (есепке алу) нөмірі 00 (01) нөмірінен басталады.

      27. Мемлекеттік нормативтің шифры салалық сыныптамаға біріктірілген барлық деңгейдегі құжаттар белгілерінің есепке алу-тіркеу бірлігін қамтамасыз етеді және сәулет, қала құрылысы мен құрылыс саласындағы нормативтік база туралы ақпаратты тиімді сақтауға, қолдануға және пайдалануға арналған қажетті жағдайларды жасайды.

      Шифр құрылымына берілген схемаға сәйкес "нүкте" және "дефис" белгілерімен ажыратылатын, белгілеудің әріптік және сандық (Х) элементтері кіреді.

      ХХ ХХ – мемлекеттік нормативтердің аббревиатурасы;

      Х – кешен;

      ХХ – шағын кешен;

      - ХХ – тіркеу (есепке алу) нөмірі;

      - ХХХ – бекіту жылы.

      Мысалы – ҚР ҚЖ 1.02-106-2013.

      Ерікті түрде қолдануға арналған өзгерістері бар қайта шығарылған мемлекеттік нормативтердің шифрына <*> элементі қосылады, мысалы ҚР ҚЖ 1.02-106-2013*

      Жұлдызшамен ерікті түрде қолдануға арналған мемлекеттік нормативтердің өзгертілген тармақтары да белгіленеді.

      28. Мемлекеттік нормативтер Заңның 20-бабының 23-16) тармақшасына сәйкес бекітіледі.

      Мемлекеттік нормативті қабылдаған кезде, қажет болған жағдайда оның орына әзірленген нормативтің күші жойылады.

      29. Мемлекеттік нормативтің немесе оның жекелеген нормаларының қолданылуы белгілі бір мерзімге тоқтатылуы мүмкін. Мемлекеттік нормативтердің немесе оның жекелеген нормаларының қолданылуын тоқтату жеке бұйрықпен жүзеге асырылады.

      30. Ерікті түрде қолданылатын мемлекеттік нормативтерді бекіту, күшін жою, қолданылуын тоқтату мен оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы ақпарат салалық басылымдарда жарияланады, сондай-ақ уәкілетті орган ведомствосының веб-сайтында орналастырылады.

      31. Міндетті талаптарды белгілейтін мемлекеттік нормативтерді мемлекеттік тіркеу тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 568 және № 569 қаулыларымен сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 20.02.2020 № 79 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      32. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қабылданған мемлекеттік нормативтер туралы мәлімет Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 701 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12423 болып тіркелген) Сәулет, қала құрылысы және құрылыс каталогтарын қалыптастыру және жүргізу қағидаларына сәйкес уәкілетті органның ведомствосы қалыптастыратын "Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің және нормативтік-техникалық құжаттардың тізбесі" және уәкілетті органның ведомствосы құрған "Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын құрылыста баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттар тізбесі" каталогтарында орналастырылады.

      33. Мемлекеттік нормативтерді белгіленген мерзімде уәкілетті органның ведомствосы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 944 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 18090 болып тіркелген) Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорын қалыптастыру, жүргізу және қолдап отыру, сондай-ақ нормативтік техникалық құжаттардың, ресми басылымдардың көшірмелерін тарату қағидаларына сәйкес нормативтік-техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорына жібереді.

      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 20.02.2020 № 79 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      34. Уәкілетті органның ведомствосы қолданыстағы мемлекеттік нормативтерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді көздейтін бұйрықтарды дайындауды мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

      1) мемлекеттік нормативтерді өзектендіру;

      2) ұсынылған өзгерістер және (немесе) толықтырулар және әлемдік тәжірибені (бар болса) талдау бойынша тиісті ақпараты бар өтініш берушінің жазбаша өтініші бойынша.

      Құрылыс материалдары және бұйымдары бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 қарашадағы № 1202 қаулысымен бекітілген "Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентінің 13-тармағына сәйкес ілеспе құжаттамалар ұсынылады.

      "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар құжаттарды қоспағанда, мемлекеттік нормативке өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныс ҒТК-ның қарауына және мақұлдауына енгізіледі.

      Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 20.02.2020 № 79 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Мемлекеттік нормативтерді
әзірлеу, келісу, бекіту, тіркеу
және қолданысқа енгізу
(қолданысын тоқтату, күшін
жою) қағидаларына
1-қосымша

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің
құрылымы

Актілер кешені

Стандартау мен нормалаудың негізгі бағыттары

1. Ұйымдастыру-әдістемелік нормативтік құжаттар

1.01 Стандарттау, нормалау, сертификаттау

Құрылыстағы стандарттау, нормалау және сертификаттау бойынша жұмыстардың мақсаттары, міндеттері, объектілері, әдіснамасы және ұйымдастырылуы.

1.02 Құрылысқа арналған инженерлік іздестірулер және жобалау

Құрылыс, жобалау алдындағы және жобалау жұмыстарына арналған инженерлік іздестірулердің құрамы, жалпы талаптары және оны жүргізу тәртібі. Жобаларды келісу, сараптама жүргізу және бекіту тәртібі. Қала құрылысы және жобалау-сметалық құжаттаманың түрлері, мазмұны және ресімделуі.

1.03 Өндіріс

Құрылысты ұйымдастыру, технологиялық дайындау және құрылысты жүргізудің жалпы қағидалары, құрылысты механизациялау, құрылыс процесіндегі еңбек қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету. Сапасын бақылау және құрылысы аяқталған объектілерді қабылдау. Құрылыс бұйымдары және материалдарының өндірісін ұйымдастыру. Технологиялық және атқарушылық құжаттаманың түрлері, мазмұны және ресімделуі.

1.04 Пайдалану

Ғимараттар мен құрылыстардың құрылыс конструкцияларына және инженерлік жабдықтары жүйелеріне техникалық қызмет көрсетудің, зерттеп-қараудың және жөндеудің жалпы қағидалары. Жөндеу-пайдалану құжаттамаларының түрлері, мазмұны және ресімделуі.

1.05 Сәулет және қала құрылысы қызметі

Сәулет және қала құрылысы органдарының бірыңғай жүйесінің құрылымын және функцияларын анықтайтын ұйымдастыру-әдістемелік ережелер. Оған қатысушылардың сәулет қызметін жүзеге асыру қағидалары әдістері.

2. Жалпы нормативтік-техникалық құжаттар

2.01 Құрылыс ғимараттарының сенімділігінің негізгі ережелері

Құрылыс ғимараттарының, инженерлік жүйелердің, конструкциялардың және материалдардың қауіпсіздігін, пайдалануға жарамдылығын және ұзақтығын қамтамасыз етудің жалпы қағидаттары.
Сенімділіктің негізгі ұғымдары, құрылыс ғимараттарын жауапкершілік дәрежелері, жүктемелері және алуан түрлердің әсерлері бойынша жіктеу. Іркілістерді жіктеу, есептеме моделдерінің параметрлері және құрылыс ғимараттары, конструкциялар және негіздер сенімділігі бойынша нормативтік талаптарды белгілеу қағидаттары. Құрылыстағы статистикалық қабылдау бақылауының негіздері.

2.02 Өрт қауіпсіздігі

Қала құрылысы, көлемді-жоспарлау, сындарлы міндеттерді шешу кезіндегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жалпы қағидаттары, отқа төзімділігі және өрт қауіптілігі бойынша ғимараттарды, құрылыстарды және олардың элементтерін жіктеу, эвакуация жолдары және қауіпсіздік аймақтары. Құрылыс конструкциялары, материалдары мен бұйымдарының өрт-техникалық көрсеткіштері, есептеудің, бақылау әдістерінің және сынақтардың қағидаттары.

2.03 Қауіпті геофизикалық әсерлерден қорғану

Қауіпті геофизикалық әсерлердің (сейсмика, көшкіндер, опырылулар, қар көшкіні, сел, төзу, қазбалы, карстық, су басатын, су астында қалатын аумақтар және басқалар) негізгі сипаттамалары және олардан инженерлік қорғану қағидаттары. Құрылысқа арнаған инженерлік іздестірулерге, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қала құрылысы, көлемді-жоспарлау, сындарлы және құрылыс-технологиялық іс-шараларға, сонымен қатар инженерлік қорғаныс құрылыстарын пайдалануға қойылатын талаптар.

2.04 Ішкі климат және зиянды әсерлерден қорғау

Үй-жайлардың жылу, ауалық-ылғалдық, акустикалық және жарықтық режимін қамтамасыз етудің жалпы қағидаттары. Қоршаған орта әсерінің сипаттамалары (соның ішінде климаттық әсерлер, вибрация, шу, сәуле шығару, уытты бөліністер және басқалар). Осы әсерлерден адамдардың денсаулығын қорғаудың есептік әдістері және сындарлы қамтамасыз ету, бақылау және сынау әдістері.

2.05 Біркелкі өзара алмасушылық және үйлесімдік

Құрылыстағы біркелкі өзара алмасушылықты және үйлесімдікті қамтамасыз етудің жалпы қағидаттары, мөлшерді үйлестіру ережелері, геометриялық параметрлердің рұқсат етілуі. Өлшемдер және дәлдікті бақылау әдістері.

3. Қала құрылысы, ғимараттар мен құрылыстар бойынша нормативтік-техникалық құжаттар

3.01 Қала құрылысы

Өндірістік күштерді таратып орналастыру, орналастырудың, аумақтардың ауыларалық, инженерлік және көліктік инфрақұрылымын дамытудың негізгі ережелері, аумақтарды, қоныстарды және олардың жекелеген бөліктерін жоспарлау және салу.

3.02 Тұрғын, қоғамдық және өндірістік ғимараттар мен құрылыстар

Тұрғын, қоғамдық, өндірістік және қоймалық ғимараттар, құрылыстар мен олардың бөліктерін жіктеу және оларға қойылатын техникалық талаптар. Жұмыстарды жүргізудің негізгі ережелері, қабылдау ережелері, бақылау мен сынау әдістері.

3.03 Көлік құрылыстары

Автомобиль және темір жолдарының, метрополитен, теңіз, өзен, әуе, өндірістік және қала көлігінің құрылыстары мен элементтерін жіктеу, жүктемелер және әсер етулер, геометриялық параметрлер және оларға қойылатын техникалық талаптар. Есептеу, жобалау және жұмыстарды жүргізу бойынша негізгі ережелер, қабылдау ережелері, бақылау мен сынау әдістері.

3.04 Гидротехникалық және мелиоративтік құрылыстар

Тоғандарға, арналарға, бөгеттерге, жағаны бекіту және өзге құрылыстарды жіктеу, жүктемелер және әсер етулер, геометриялық параметрлер және оларға қойылатын негізгі талаптар.
Есептеу, жобалау және жұмыстарды жүргізу бойынша негізгі ережелер, қабылдау ережелері, бақылау мен сынау әдістері.

3.05 Магистральдық және кәсіпшілік құбырлар

Құбырлар мен газ, мұнай және мұнай өнімдеріне арналған қоймаларды жіктеу, жүктемелер және әсер етулер, геометриялық параметрлер және оларға қойылатын негізгі талаптар. Есептеу, жобалау және жұмыстарды жүргізу бойынша негізгі ережелер, қабылдау ережелері, бақылау мен сынау әдістері.

3.06 Мүгедектер мен халықтың өзге де әлеуметтік қорғалатын топтарына қолайлы өмір сүру ортасын қамтамасыз ету

Мүгедектер мен халықтың өзге де әлеуметтік қорғалатын топтарына қолайлы өмір сүру ортасын қамтамасыз ету бойынша негізгі ережелер мен жалпы талаптар.

4. Ғимараттар мен құрылыстарды, сыртқы желілерді инженерлік қамтамасыз етуге арналған нормаланған құжаттар

4.01 Сумен жабдықтау және кәріз

Жүйелер мен тұтынушыларды жіктеу, сыртқы желілерге, құрылыстарға және олардың орналасуына, ішкі жүйелеріне қойылатын техникалық талаптар. Су тұтыну нормалары, суды даярлау және қалдық суларды тазалау. Жобалау және жұмыстарды жүргізу, пайдалану режимі бойынша негізгі ережелер. Санитарлық-техникалық жабдықтар, арматура, аспаптар және кәріздік құбырлар. Қабылдау ережелері, бақылау және сынау әдістері.

4.02 Жылумен жабдықтау, жылыту, ауаны желдету және кондиционер орнату

Жүйелер мен тұтынушыларды жіктеу, сыртқы желілерге, құрылыстарға және олардың орналасуына, торапты суға, ішкі жүйелері мен жабдықтарына қойылатын техникалық талаптар. Жылуды тұтыну нормалары, шығарындыларды тазалау, қосалқы жылу ресурстарын қолдану. Жобалау, және жұмыстарды жүргізу, пайдалану режимі бойынша негізгі ережелер. Жылыту аспаптары, арматура, ауа арналары. Қабылдау ережелері, бақылау және сынау әдістері.

4.03 Газбен жабдықтау

Жүйелерді жіктеу, газ құбырларына, жабдықтарына және сөндіретін құрылғыларға техникалық талаптар. Газды тұтыну нормалары. Жұмыстарды жобалау және жүргізу, пайдалану режимі бойынша негізгі ережелер.

4.04 Электрмен жабдықтау

Желілер және тұтынушыларды жіктеу. Жұмыстарды жобалау және жүргізу бойынша негізгі ережелер. Электр қондырғыларының ережелері.

4.05 Қоқысты жою

Қоқысты жою жүйелеріне, жабдықтарға, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, жою және кәдеге жарату жүйелерін ұйымдастыруға қойылатын техникалық талаптар. Жобалау, монтаждау және пайдалану бойынша негізгі ережелер.

5. Құрылыс конструкцияларына және бұйымдарына арналған нормативтік-техникалық құжаттар

5.01 Ғимараттар мен құрылыстардың негіздері және іргетастары

Жер қабаттарын жіктеу және олардың есептік сипаттамалары. Негіздер мен қадалық іргетастарды есептеу және жобалау әдістері. Жұмыстарды жүргізу, пайдалану режимі және жай-күйін болжау бойынша негізгі ережелер. Қабылдау ережелері, бақылау және сынау әдістері.

5.02 Тас және арматураланған тас конструкциялары

Ғимараттар мен құрылыстардың тасқа және арматураланған тас конструкцияларына жалпы талаптар. Конструкциялар мен олардың қосындыларын есептеу және жобалау әдістері, конструкцияларды тұрғызу, пайдалану режимі және жай-күйін болжау бойынша негізгі ережелер. Қабылдау ережелері, бақылау және сынау әдістері.

5.03 Темiрбетон және бетон конструкциялар

Монолиттік, құрама және құрама-монолиттік бетон және темірбетон конструкцияларға қойылатын жалпы талаптар. Конструкциялар мен олардың қосылыстарын есептеу және жобалау әдістері, конструкцияларды әзірлеу және тұрғызу, тоттанудан қорғау, пайдалану режимі және жай-күйін болжау бойынша негізгі ережелер.
Зауытта әзірленген темірбетон және бетон конструкциялар. Қабылдау ережелері, бақылау және сынау әдістері.

5.04 Металл конструкциялар

Тиімді жылытқышы барды қоса алғанда, болат және алюминий қоспаларынан жасалған тіреу және қоршау конструкцияларына қойылатын жалпы талаптар. Конструкциялар мен олардың қосылыстарын есептеу және жобалау әдістері, конструкцияларды әзірлеу және тұрғызу, тоттанудан қорғау, пайдалану режимі және жай-күйін болжау бойынша негізгі ережелер. Зауытта дайындалған металл конструкциялар. Қабылдау ережелері, бақылау және сынау әдістері.

5.05 Ағаш конструкциялар

Ғимараттар мен құрылыстардың ағаш конструкцияларына қойылатын жалпы талаптар.
Конструкциялар мен олардың қосылыстарын есептеу және жобалау әдістері, конструкцияларды әзірлеу және тұрғызу, тоттанудан қорғау, пайдалану режимі және жай-күйін болжау бойынша негізгі ережелер. Ағаш конструкциялар және зауытта жасалған бұйымдар. Қабылдау ережелері, бақылау және сынау әдістері.

5.06 Басқа материалдардан жасалған конструкциялар

Асбестцементті және басқа материалдардан жасалған конструкцияларға қойылатын жалпы талаптар. Конструкциялар мен олардың қосылыстарын есептеу және жобалау әдістері, конструкцияларды әзірлеу және тұрғызу, тоттанудан қорғау, пайдалану режимі және жай-күйін болжау бойынша негізгі ережелер. Зауытта дайындалған конструкциялар. Қабылдау ережелері, бақылау және сынау әдістері.

5.07 Терезелер, есiктер, қақпалар мен олардың аспаптары

Бұйымдарға қойылатын жалпы талаптар. Бұйымдар және жабдықтаушы бөлшектерге арналған техникалық шарттар. Қабылдау ережелері, бақылау және сынау әдістері.

6. Құрылыс материалдары және бұйымдарына арналған
нормативтік құжаттар

6.01 Қабырғалық қалау материалдары

Кірпішке және түрлі материалдардан қабырғалық тастарға жалпы талаптар. Нақты түрлеріне, типтеріне, маркілеріне арналған техникалық шарттар. Қабылдау ережелері, бақылау және сынау әдістері.

6.02 Минералды тұтқыр заттар

Цементке және басқа тұтқыр заттарға қойылатын жалпы талаптар. Нақты түрлеріне, типтеріне, маркілеріне арналған техникалық шарттар. Қабылдау ережелері, бақылау және сынау әдістері.

6.03 Бетондар және ерітінділер

Әртүрлі бетондарға, бетон қоспаларына, құрылыс ерітінділеріне қойылатын жалпы талаптар. Нақты бір түрлеріне арналған техникалық шарттар. Қабылдау ережелері, бақылау және сынау әдістері.

6.04 Қиыршықтас, малтатас және құрылыс жұмыстарына арналған құм

Қиыршықтасқа, малтатасқа, құмға жасанды және табиғи кеуекті толтырғыштарға қойылатын жалпы талаптар. Нақты бір түрлеріне арналған техникалық шарттар. Қабылдау ережелері, бақылау және сынау әдістері.

6.05 Жылуды оқшаулайтын, дыбыс оқшаулайтын және дыбыс сіңіргіш материалдар

Минералды мақта бұйымдарына ұяшықты бетоннан жасалған бұйымдарға, пенопласт негізіндегі тақталарға және өзге жылуды оқшаулайтын материалдарға қойылатын жалпы талаптар. Нақты бір түрлеріне арналған техникалық шарттар. Қабылдау ережелері, бақылау және сынау әдістері.

6.06 Шатыр, гидрооқшаулағыш және герметикаландырғыш материалдар және бұйымдар

Орама шатыр материалдарына, шатыр мастикаларына, оқшаулайтын және қымтайтын материалдарға қойылатын жалпы талаптар. Нақты бір түрлеріне арналған техникалық шарттар. Қабылдау ережелері, бақылау және сынау әдістері.

6.07 Әрлеу және қаптау материалдары

Полимерлік, керамикалық, ағаш және басқа да әрлеу және қаптау материалдар мен бұйымдарына қойылатын талаптар. Қабылдау ережелері, бақылау және сынау әдістері.

6.08 Асбестцемент бұйымдары

Асбестоцементті тегіс және толқынды табақтарға, құбырларға, экструзия бұйымдарына қойылатын талаптар. Қабылдау ережелері, бақылау және сынау әдістері.

6.09 Жол материалдары

Асфальтобетонға, асфальтобетонды қоспаларға және басқа да жол материалдарына қойылатын талаптар. Қабылдау ережелері, бақылау және сынау әдістері.

6.10 Құрылыстық шыны

Құрылысқа арналған табақ шынысына және шыныдан жасалынған бұйымдарына қойылатын талаптар. Қабылдау ережелері, бақылау және сынау әдістері.

7. Құрылыс ұйымдарын жабдықтау құралдарына арналған нормативтік құжаттары

7.01 Мобильді ғимараттар мен құрылыстар

Жіктеу және жалпы техникалық талаптар. Ғимараттар мен құрылыстардың нақты түрлеріне арналған техникалық шарттар. Қабылдау ережелері, бақылау және сынау әдістері.

7.02 Құрылыс ұйымдарын жабдықтау

Мінбе және мінбе сатыларға, бетон жұмыстарға арналған қалыптарға, монтаж жабдығына және бекiткiштерге, қол құралына, пакеттеу және контейнерлеу құралдарына қойылатын жалпы техникалық талаптар. Қабылдау қағидалары, бақылау және сынау әдiстерi.

7.03 Құрылыс индустриясы кәсіпорындарының мамандандырылған жабдығы

Жабдыққа, жабдық және қалыптар үшін майлауға қойылатын жалпы техникалық талаптар. Қабылдау ережелері, бақылау және сынау әдістері.

8. Баға белгілеу мен сметалар бойынша нормативтік құжаттар

8.01 Құрылыстағы баға белгілеу бойынша ұйымдастыру-әдістемелік құжаттар

Баға белгілеу мәселелері бойынша ұйымдастыру-әдістемелік ережелер.

8.02 Инвестицияларды жоспарлау кезеңіндегі баға белгілеу және сметалар

Жобалау алдындағы құжаттама құрамында құрылыстың, реконструкциялаудың құнын айқындау қағидалары мен әдістері.

8.03 Жобалау және іздестіру жұмыстарына арналған баға белгілеу және сметалар

Құрылыстағы жобалау және іздестіру жұмыстарының құнын айқындау қағидалары мен әдістері.

8.04 Жаңа құрылысқа, реконструкциялауға арналған баға белгілеу және сметалар

Жобалау құжаттамасы құрамындағы құрылыстың, реконструкциялаудың құнын айқындау қағидалары мен әдістері. Күрделі жұмсалымдарға қажеттілікті айқындауға арналған сметалық нормативтік база.

8.05 Ғимараттар мен құрылыстарды күрделі жөндеуге арналған баға белгілеу және сметалар

Жобалау құжаттамасы құрамында ғимараттар мен құрылыстарды күрделі жөндеу бойынша жұмыстардың құнын айқындау қағидалары мен әдістері. Күрделі жұмсалымдарға қажеттілікті айқындауға арналған сметалық нормативтік база.

8.06 Ғимараттар мен құрылыстарды жоюға арналған баға белгілеу және сметалар

Жобалау құжаттамасы құрамында жою жұмыстарының құнын айқындау қағидалары мен әдістері. Күрделі жұмсалымдарға қажеттілікті айқындауға арналған сметалық нормативтік база.

8.07 Сметалық баға белгілеудің ресурстық-технологиялық базасы

Құрылыс үшін материалдық және отын-энергетикалық ресурстары шығысының нормативтік көрсеткіштерін әзірлеудің және қолданудың қағидалары мен әдістемелері.
Құрылыс өнімі элементтерінің еңбек сыйымдылығын айқындаудың қағидалары мен әдістері. Іске асырылған жобалардың электрондық дерекқоры.

9. Мемлекеттiк қала құрылысы кадастрын жүргiзу жөнiндегi нормативтiк құжаттар

9.01 Қала құрылысы кадастры

Қала құрылысы кадастрын құрудың және жүргізудің жалпы қағидалары. Қала құрылысы кадастры құжаттамаларының түрлері, мазмұны және ресімделуі.

10. Сәйкестікті бағалау және мемлекеттiк бақылау мен қадағалау органдарының нормативтiк құжаттары

10.01 Сәйкестікті бағалау, бақылау, қадағалау

Ұйымдастыру-әдістемелік, құрамы, жалпы талаптар, жүргізу тәртібі, ұйымдастыру құрылымы

11. Құрылыстағы мердiгерлiк жұмыстарға конкурстар (тендерлер) ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы нормативтiк құжаттар

  Мемлекеттік нормативтерді
әзірлеу, келісу, бекіту, тіркеу
және қолданысқа енгізу
(қолданысын тоқтату, күшін
жою) қағидаларына
2-қосымша
  Нысаны
20 жылғы " " _____
№ бұйрығымен бекітілген

________________________________________________ бөлімі бойынша
(бюджеттік бағдарламаның бөлімі және атауы)
сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерді
әзірлеу жөніндегі тақырыптық жұмыс жоспары

Р/с №

Нормативтік-техникалық құжаттың атауы

___жылға арналған жоспар

Тоқсандық жоспарлық игеру, мың теңге

Аяқталу мерзімі

I

II

III

IV

"Нормативтік құжаттарды, жобалық ұсыныстарды, техникалық шешімдерді әзірлеу" _____ бөлімі

________іс-шара


Іс-шара бойынша барлығы















  Мемлекеттік нормативтерді
әзірлеу, келісу, бекіту, тіркеу
және қолданысқа енгізу
(қолданысын тоқтату, күшін
жою) қағидаларына
3-қосымша

Әзірленген мемлекеттік норматив ісіне кіретін құжаттардың тізбесі

      1. Бірінші/түпкілікті редакцияларда мемлекеттік нормативтің жобасын ұсыну туралы әзірлеушінің хаты.

      2. Әзірленген мемлекеттік нормативтің жобасына түсіндірме жазба.

      3. Бірінші редакцияда әзірленген мемлекеттік нормативтің жобасы.

      4. Пікірлер алу үшін (пікір алу туралы белгісімен) әзірленген мемлекеттік нормативтің жобасы жіберілетін ұйымдардың тізбесі.

      5. Бірінші редакцияда әзірленген мемлекеттік нормативтің жобасы бойынша алынған пікірлер (ескертулер мен ұсыныстар) түпнұсқасы.

      6. Әзірлеуші ұйымның келісу отырысының хаттамалары (өткізілген кезде).

      7. Бірінші редакцияда әзірленген мемлекеттік норматив бойынша алынған пікірлер жиынтығы.

      8. Түпкілікті редакцияда әзірленген мемлекеттік нормативтің жобасын қарау үшін (қарау туралы жауап алу бойынша белгісімен) жіберілген мемлекеттік органдардың тізбесі, олардың ескертулері мен ұсыныстар бойынша қалыптастырылған жиынтық кесте қоса беріледі.

      9. Тиiстi мемлекеттiк органдардың әзірленген мемлекеттік нормативтің жобасы қаралғанын растайтын төлнұсқа құжаттар.

      10. Қолданыстағы мемлекеттік нормативтердің күшін жою туралы немесе жаңа мемлекеттік нормативтердің қолданысқа енгізілуіне байланысты оларды өзгерту туралы ұсыныстар.

      11. Мемлекеттік нормативтің жобасын түпкілікті редакциясы.

      12. Уәкілетті орган ведомствосының ҒТК хаттамалары.

      13. ҒТК қаулысы.

  Мемлекеттік нормативтерді
әзірлеу, келісу, бекіту, тіркеу
және қолданысқа енгізу
(қолданысын тоқтату, күшін
жою) қағидаларына
4-қосымша
Нысаны

Мемлекеттік нормативтер мұқабасы


Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер (мемлекеттік/орыс тілдерінде)
__________________________________________________
(нормативтің түрі – құрылыс нормалары, нормативтік- техникалық құрал, қағидалар жинақтары және тағы сол сияқтылар) мемлекеттік/орыс тілдерінде


"Кереге" элементі бар
түрлі-түсті жолақ:
құрылыс нормалары –
қызыл түспен;
құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттар – жасыл түспен;
басқа мемлекеттік нормативтер – көк түспен

(нормативтің атауы) – мемлекеттік/орыс тілдерінде
__________________________________
(нормативті белгілеу) – мемлекеттік/орыс тілдерінде
Ресми басылым – мемлекеттік/орыс тілдерінде




(құжатты бекіткен уәкілетті органның ведомствосының атауы) – мемлекеттік/орыс тілдерінде (басылған жылы)

  Мемлекеттік нормативтерді
әзірлеу, келісу, бекіту, тіркеу
және қолданысқа енгізу
(қолданысын тоқтату, күшін
жою) қағидаларына
5-қосымша
Нысаны

АЛҒЫ СӨЗ

1 ӘЗІРЛЕГЕН:

____________(әзірлеген ұйымның атауы)

2 ҰСЫНҒАН:

_________(уәкілетті орган)

3 БЕКІТІЛГЕН ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛГЕН:

_________(уәкілетті органның) 20ХХ жылғы
"__" _______ бұйрығымен

ПРЕДИСЛОВИЕ


4 РАЗРАБОТАН:

__________(организация разработчик)

5 ПРЕДСТАВЛЕН:

_________(уполномоченный орган)

6 УТВЕРЖДЕН
И ВВЕДЕН
В ДЕЙСТВИЕ:

Приказом __________(уполномоченного органа)
от "__" _____ 20ХХ года

      Осы мемлекеттік нормативті уәкiлеттi органның ведомствосы рұқсатысыз ресми басылым ретінде толық немесе ішінара қайта басуға, көбейтуге және таратуға болмайды.

      Настоящий государственный норматив не может быть полностью или частично воспроизведен, тиражирован и распространен в качестве официального издания без разрешения ведомства уполномоченного органа в области архитектуры, градостроительства и строительства.

  Мемлекеттік нормативтерді әзірлеу, келісу, бекіту, тіркеу
және қолданысқа енгізу
(қолданысын тоқтату, күшін
жою) қағидаларына
6-қосымша
Нысаны

Мемлекеттік нормативтік құжаттың мемлекеттік/орыс тілдеріндегі шмуцтитулы
(бірінші беті)

ҚР ҚН/ Х.ХХ-ХХ-20ХХ

ҚР ҚЖ

СН РК/ Х.ХХ-ХХ-20ХХ

СП РК

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ/ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАҒИДАЛАР ЖИНАҚТАРЫ
СТРОИТЕЛЬНЫЕ НОРМЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН/ СВОДЫ ПРАВИЛ
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
________________________________________________________________________________
МЕМЛЕКЕТТІК НОРМАТИВТІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕГІ АТАУЫ
МЕМЛЕКЕТТІК НОРМАТИВТІҢ ОРЫС ТІЛІНДЕГІ АТАУЫ
________________________________________________________________________________

Қолданысқа енгізілген күні

20ХХ-ХХ-ХХ

Дата введения

20ХХ-ХХ-ХХ

1 ҚОЛДАНУ САЛАСЫ
1 ОБЛАСТЬ ПРИМЕНЕНИЯ М Ә Т І Н

      ________________________________________________________________________________

      Ресми басылым

      Издание официальное

ҚР ҚЖ EN нормативтік техникалық құралдың (НТҚ)
мемлекеттік/орыс тілдеріндегі
шмуцтитулы (бірінші беті)

ҚР НТҚ Х.ХХ-ХХ-20ХХ

НТП РК Х.ХХ-ХХ-20ХХ

      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ НОРМАТИВТІК-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛЫ

      НОРМАТИВНО-ТЕХНИЧЕСКОЕ ПОСОБИЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ______________________________________________________________________

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ НОРМАТИВТІК-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛЫ
МЕМЛЕКЕТТІК НОРМАТИВТІҢ МЕМЛЕКЕТТІК/ОРЫС ТІЛДЕРІНДЕГІ АТАУЫ
МЕМЛЕКЕТТІК НОРМАТИВТІҢ МЕМЛЕКЕТТІК/ОРЫС ТІЛДЕРІНДЕГІ АТАУЫ
МЕМЛЕКЕТТІК НОРМАТИВТІҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ
АТАУЫ

Қолданысқа енгізілген күні 20ХХ-ХХ-ХХ
Дата введения 20ХХ-ХХ-ХХ



1 ҚОЛДАНУ САЛАСЫ
1 ОБЛАСТЬ ПРИМЕНЕНИЯ М Ә Т І Н

      ________________________________________________________________________________

      Ресми басылым

      Издание официальное