Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 03.05.2023 № 314 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-30) тармақшасына және 28-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.09.2020 № 510 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерді әзiрлеу, келiсу, бекiту, тiркеу және қолданысқа енгiзу (қолданылуын тоқтату, күшiн жою) қағидалары.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 03.05.2023 № 314 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі |
Ж. Қасымбек |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
________________ Б. Сұлтанов
2017 жылғы 26 желтоқсан
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
________________ Т. Сүлейменов
2017 жылғы "___" ___________
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрінің
Міндетін атқарушы
________________ С. Жұманғарин
2018 жылғы 5 қаңтар |
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 890 бұйрығымен бекітілген |
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерді әзiрлеу, келiсу, бекiту, тiркеу және қолданысқа енгiзу (қолданылуын тоқтату, күшiн жою) қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 03.05.2023 № 314 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттiк нормативтерді әзiрлеу, келісу, бекiту, тiркеу және қолданысқа енгізу (қолдануын тоқтату, күшiн жою) қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленген және мемлекеттік нормативтерді әзірлеу, келісу, бекіту, тіркеу және қолданысқа енгізу, қолдануын тоқтату және күшін жою тәртібін анықтайды.
2. Осы Қағидалардың ережелері мемлекеттік нормативтерді әзірлеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің субъектілеріне қолданылады.
3. Осы Қағидаларда келесі ұғымдар пайдаланылады:
1) әзірлеуші – мемлекеттік нормативтерді әзірлеуді жүзеге асыратын ұйым;
2) ғылыми-техникалық кеңес (бұдан әрі – ҒТК) – уәкілетті органның ведомствосында құрылған, құрылыс саласын дамытудың, сәулет, қала құрылысы, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыста баға белгілеу саласында ғылыми-техникалық саясат жүргізудің, сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асырудың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстарды, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында нормативтік құқықтық жобалар мен мемлекеттік нормативтерді дайындайтын және қарайтын консультативтік-кеңесші орган;
3) қағидалар жинағы (бұдан әрі – ҚЖ) – ғимараттар мен имараттарды жобалау, салу, монтаждау, техникалық қызмет көрсету немесе пайдалану бойынша қолайлы шешімдерді қамтитын ерікті түрде қолдануды таңдаудың нормативтік-техникалық құжаты;
4) қайта өңдеу – мемлекеттік норматив мазмұнының едәуір өзгеруімен (көлемінің 35 %-дан астамы), құрылымының және (немесе) атауының өзгеруімен, өзектілендірілуімен, сондай-ақ оған жаңа және (немесе) неғұрлым прогрессивті ережелердің енгізілуімен қайта қарау;
5) қолайлы шешім – ол ерікті қолданудың нормативтік техникалық құжаттарында келтірілген, нәтижелі талапты қанағаттандырудың нормативтік бекітілген әдісі;
6) құрылыс нормалары (бұдан әрі – ҚН) – техникалық регламенттердің талаптарын нақтылайтын және сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы субъектілердің қолдануы үшін міндетті нәтижелі талаптарды қамтитын нормативтік техникалық құжат;
7) құрылыстағы басшылық құжаттар (бұдан әрі - ҚБҚ) – жобалау және құрылыс жөніндегі қызметті ұйымдастыруға міндетті талаптарды белгілейтін және сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы субъектілердің өзара қарым-қатынастарын реттейтін нормативтік құқықтық актілер;
8) мемлекеттік нормативтерді әзірлеу – жаңа мемлекеттік нормативтер әзірлеу және қолданыстағыларды қайта өңдеу жөніндегі қызмет;
9) мемлекеттік нормативтерді техникалық түзету – нормативтік талаптар мен ережелердің қосарланған немесе әртүрлі түсіндірілуін болдырмау, қайталанулар мен қайшылықтарды, сондай-ақ оларды цифрлық форматқа одан әрі аудару мүмкіндігімен өзекті емес нормативтік сілтемелерді жою жолымен мемлекеттік норматив мәтінін редакциялау;
10) мемлекеттік нормативтерді цифрлық форматқа көшіру – құрылыс объектілерінің ақпараттық моделдерінің нормативтік талаптарға сәйкестігіне автоматтандырылған сараптама жүргізу мақсатында компьютерлік өңдеуге (түсіндіруге) жататын, мемлекеттік норматив талаптарын құру;
11) мемлекеттік нормативтің ережесі – талаптар, қағидалар, ұсынымдар мен ескертпелер формасы бар нормативтік-техникалық құжат мазмұнының құрылымдық элементі;
12) мемлекеттік нормативтің ұсынатын ережесі – кеңес немесе нұсқауды қамтитын ереже;
13) нәтижелі талаптар – объектінің пайдалану және жұмыс сипаттамаларына қойылатын, оларды қанағаттандыру тәсілдерін немесе шешімдерін белгілемейтін және ҚН мен ҚБҚ ережелерінде келтірілген, міндетті сипаттағы ең аз қажетті талаптар;
14) нәтижелі шешім – нәтижелі талапты қанағаттандыратын, қолайлы шешімге балама әдіс. Нәтижелі шешімдер, нәтижелі талапты толық қанағаттандыратын, ғылыми негізделген және тәжірибелік-эксперименттік сынақтан өткен шешімдерге негізделеді;
15) нормалаудың ұйғарымды әдісі – белгілі бір көлемді жайғастыру, құрылмалық және өзге де шешімдерді, материалдарды, бұйымдарды, жабдықтарды, жұмыс сипаттамаларын, дайындау, монтаждау әдістерін, пайдалану жағдайларын, қабылдау тәртібін және мақсатқа жетудің басқа да құралдарын белгілейтін құрылыс объектілерінің элементтік сипаттамасын көздейтін әдіс;
16) нормативтік техникалық құжат (нормативтік-техникалық құжат) – техникалық және технологиялық нормалардан тұратын нормативтік құжат;
17) нормативтік-техникалық құжаттарды жетілдіру – халықаралық тәжірибені, ғылыми-зерттеу жұмыстарын ескере отырып, техникалық деңгейді және өзекті талаптарды қолдау мақсатында мемлекеттік нормативтерді жаңарту (әзірлеу, техникалық түзету, цифрлық форматқа көшіру);
18) пікір – мемлекеттік нормативтердің жобаларын қарау нəтижелері бойынша ұсынылған жазбаша құжат;
19) сәулет, қала құрылысы және құрылыс каталогы (бұдан әрі – каталог) – сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік техникалық құжаттардың, кәсіпорындардың, ғимараттар мен имараттардың типтік жобалары мен типтік жобалау шешімдерінің, құрылыс құрылмаларының, бұйымдары мен құрылыс материалдарының, жұмыстарды жүргізу технологияларының және құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттардың жүйеленген тізбелері;
20) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер (мемлекеттік нормативтер) – адамның тұратын ортасына және тіршілік етуіне қолайлы, қауіпсіз және басқа да қажетті жағдайларды қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық актілердің, қала құрылыстық және техникалық регламенттердің, нормативтік-техникалық құжаттардың, өзгеде міндетті талаптардың, шарттар мен шектеулердің жүйесі;
21) талаптың ресімделетін бөлігі – ақпараттық моделдерді тексерудің ақпараттық жүйесінде қолдануға арналған ережелер жиынтығы түрінде оларды машинада оқылатын форматқа түрлендіруге болатын талаптардың сандық және (немесе) есептелетін сапалық сипаттамалары белгілі және айқындалған мемлекеттік нормативтегі талаптың бөлігі;
22) тапсырыс беруші-мемлекеттік нормативтерді әзірлеуді, техникалық түзетуді және (немесе) цифрлық форматқа ауыстыруды ұйымдастыруды жүзеге асыратын заңды тұлға;
23) тиімді нормалау әдісі – бұл ұйғарымдық процестерге, әдістер мен процедураларға емес, қажетті, өлшенетін нәтижелерге бағытталған нормалау тәсілі. Бұл нормалау әдісі, осы нәтижелердің қалай алынғаны туралы нақты нұсқауларсыз, нәтижелікке (белгілі бір нәтижелерге қол жеткізуге) негізделген;
24) уәкілетті органның ведомствосы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы құзыреті шегінде бақылау және іске асыру функцияларын жүзеге асыратын орталық мемлекеттік органның ведомствосы;
25) цифрлық формат – бағдарламалық қамтамасыз ету немесе ақпараттық жүйелер арқылы сақтауға және өңдеуге арналған цифрлар тізбегі түріндегі деректер (құжаттар, кескіндер және сол сияқтылар).
2-тарау. Мемлекеттік нормативтерді әзірлеу тәртібі
4. Мемлекеттік нормативтерді әзірлеу, техникалық түзету және цифрлық форматқа көшіру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру келесілерді қалыптастыруды қамтиды:
әзірлеуге, техникалық түзетуге және цифрлық форматына көшіруге мемлекеттік нормативтердің жататын үш жыл мерзімге перспективтік номенклатураны (бұдан әрі - Перспективтік номенклатура);
әзірлеуге, техникалық түзетуге және цифрлық форматқа көшіруге жататын мемлекеттік нормативтердің жылдық тізбесін.
5. Әзірлеу, техникалық түзетуге және цифрлық форматқа көшіруге жататын мемлекеттік нормативтерді қалыптастырушы Перспективтік номенклатураға үш жыл мерзімге енгізу жөніндегі ұсыныстарды сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерімен уәкілетті органның ведомствосына еркін нысанда ресімделген өтінім түрінде ұсынылады.
6. Өтінімде нормативтік-техникалық құжаттарды жетілдіру қажеттілігінің негіздемесі, орындау мерзімдері және қажет болған кезде болжамды көлемі (парақтар саны) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің құрылымына сәйкес көрсетiледi.
7. Ұсынылған өтінімді уәкілетті органның ведомствосы, мәлімделген құжатты Перспективтік номенклатураға енгізудің орындылығын анықтау үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдер туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген сәттен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде қарайды.
8. Өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша уәкілетті органның ведомствосы, тақырыптардың басымдығы мен өзектігін, сондай-ақ жұмыстарды жылдар бойынша орындау мерзімдерін ескере отырып, Перспективтік номенклатура қалыптастырады.
9. Әзірлеуге, техникалық түзетуге және цифрлық форматқа көшіруге жататын мемлекеттік нормативтердің жылдық тізбесі, осы Ережелердің 2-қосымшасына сәйкес форма бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерді әзірлеу, техникалық түзету және цифрлық форматқа көшіру жөніндегі жұмыстардың тақырыптық жоспары түрінде Перспективтік номенклатураға енгізілген басымды және өзекті тақырыптардан қалыптастырылады.
Қалыптастырылған тақырыптық жоспарды уәкілетті органның ведомствосының басшылығы бекітеді және қаржыландыруды бөлу мақсатында республикалық бюджеттік бағдарламаға енгізіледі.
10. Сәулет, елдімекен құрылысы және құрылыс қызметінің субъектілері уәкілетті органның ведомствосы жазбаша растаған кезде, ғылыми және (немесе) мамандандырылған ұйымдарды тарта отырып, өз қаражаты есебінен мемлекеттік нормативтердің бастамашылық әзірленуін жүзеге асырады.
11. Мемлекеттік нормативтер:
1) ғылыми зерттеулер, эксперименттер, сынақтар және өлшеулер нәтижелерін;
2) халықаралық, өңірлік стандарттарды, ұйымдардың стандарттарын, шет мемлекеттердің стандарттарын және ғимараттар мен имараттарды жобалау, салу және пайдалану процестеріне қойылатын талаптарды белгілейтін өзге де құжаттарды;
3) жаңа технологиялар мен құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрылмаларын қолдану тәжірибесін ескере отырып әзірленеді.
12. Құрылыс құрылмаларын есептеу жөніндегі нормативтерді, сондай-ақ жобалау мен құрылыстың ұйымдастырушылық-әдістемелік мәселелері жөніндегі ережелерді қоспағанда, әртүрлі мақсаттағы мемлекеттік нормативтер техникалық түзетуге жатады.
13. Мемлекеттік нормативтерді әзірлеу бір күнтізбелік жыл ішінде жүзеге асырылады. Техникалық түзетумен және цифрлық форматқа көшірумен мемлекеттік нормативтерді әзірлеу жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру барысында, сондай-ақ бір шарт шеңберінде ғылыми зерттеулер жүргізу қажет болған жағдайда, жұмыстардың көлемін жылдар бойынша бөле отырып, әзірлеу мерзімі ұлғаяды.
14. Мемлекеттік нормативтерді әзірлеуді, техникалық түзетуді және цифрлық форматқа көшіру жұмыстарын ұйымдастыруды төменде келтірілген сатылар деп бөледі.
Мемлекеттік нормативтерді әзірлеу бойынша:
1-кезең – мемлекеттік нормативті әзірлеуді (қайта өңдеуді) ұйымдастыру;
2-кезең – мемлекеттік нормативтің бірінші редакцияда жобасын (қажеттілікке қарай келесі аралық редакцияларда) әзірлеу (қайта өңдеу), нормалаудың тиісті бағыты бойынша Мемлекеттік органдардың пікірлері мен жауаптарын алу (тапсырыс беруші анықтайды), Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының және жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің қорытындыларын алу;
3-кезең – әзірлеушінің түпкілікті редакциясында мемлекеттік норматив жобасын дайындау, келісу және оны тапсырыс берушіге ұсыну;
4-кезең – мемлекеттік нормативті қарау, қабылдау (бекіту немесе құптау) және тіркеу (қажет болған жағдайда);
5-кезең – мемлекеттік нормативті қолданысқа енгізу.
Мемлекеттік нормативтерді техникалық түзету бойынша: мемлекеттік нормативтерді әзірлеу жөніндегі кезеңдерге ұқсас.
Мемлекеттік нормативтерді цифрлық форматқа көшіру бойынша:
1-кезең-мемлекеттік нормативті цифрлық форматқа көшіруді ұйымдастыру;
2-кезең-мемлекеттік нормативтер талаптарының ресімделетін бөлігінен автоматтандырылған тексерулердің тестілік модельдерін жасау;
3-кезең-мемлекеттік нормативтер талаптарының ресімделетін бөлігінен автоматтандырылған тексерулердің тестілік үлгілерін көрсету және тапсырысшыға атқарылған жұмысты ұсыну;
4-кезең-тапсырыс берушінің жұмыстарды қарауы, қабылдауы (құптауы).
Мемлекеттік нормативтерді әзірлеу, техникалық түзету және цифрлық форматқа көшіру кезінде сатыларды біріктіруге немесе саты құрамында орындалатын жекелеген жұмыстарды бөлуге жол беріледі.
15. Осы Қағидалардың 10-тармағына сәйкес бастамашылық тәртіппен мемлекеттік нормативтерді әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру шарттың талаптарына сәйкес орындалады.
Сонымен бірге, мемлекеттік норматив жобасы бекітілгенге және қолданысқа енгізілгенге дейін ҒТК құптауын алуға тиіс.
16. Мемлекеттік нормативтердің әзірлеушісін таңдау рәсімі Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 41-бабының нормалары немесе "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-тарауын сақтай отырып жүзеге асырылады.
17. Мемлекеттік нормативтерді әзірлеу шартта белгіленген талапшарттар мен мерзімдерге, сондай-ақ осы Қағидалардың ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
18. Мемлекеттік нормативтерді әзірлеу барысында олардың мазмұны келесі талаптарды ескере отырып жазылады:
1) мемлекеттік нормативтердің ережелері міндетті және ұсынылатын болып бөлінеді.
Міндетті ережелер ең төменгі қажетті немесе ең жоғары рұқсат етілген деңгейде белгіленеді, ұсынылатын ережелер озық жетістіктерді ескере отырып, экономикалық негізделген және тәжірибеде дәлелденген шешімдер деңгейінде белгіленеді.
Міндетті ережелерге мемлекеттік нормативтердің қағидаттарына сәйкес сөзсіз сақталуы тиіс ережелер жатады.
Ұсынылған ережелерге тұтынушының нақты қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне немесе өндіріс жағдайларына сәйкес өзгеретін ережелерді жатқызады;
2) ҚБҚ өнімнің жекелеген түрлеріне және (немесе) олардың өмірлік циклінің процестеріне қойылатын міндетті талаптарды белгілейтін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірленетін нормативтік құқықтық актілердің туынды түріне жатады;
3) ҚН нормалаудың нәтижелі әдісінің негізінде әзірленеді және нормалаудың мақсаттарын және техникалық реттеу объектілеріне қойылатын міндетті нәтижелі, пайдалану талаптарын анықтайтын ережелерден тұрады.
ҚН техникалық реттеудің әртүрлі объектілеріне қатысты қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламенттердің талаптарын, құрылыс объектілері сапасының қажетті деңгейін, құрылысқа, жобалауға және құрылысқа арналған инженерлік ізденістер бойынша жалпы техникалық талаптарды, сондай-ақ жоспарлау мен құрылысқа, ғимараттар мен имараттарға, құрылыс құрылмаларына, инженерлік жабдықтың негіздері мен жүйелеріне қойылатын талаптарды, сондай-ақ құрылыс өнімінің пайдалану сипаттамаларын нақтылайтын ережелерді қамтиды.
ҚН құрамында келесілер көзделеді:
құрылыс өнімінің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз етуге бағытталған, оны өндіру және пайдалану процестерін ұйымдастыру мен жүргізу әдістеріне қойылатын талаптар;
қолайлы және қауіпсіз тіршілік ортасын қалыптастыру нормалары мен ережелері;
ғимараттарға, имараттарға, олардың құрылмалық элементтеріне және инженерлік жабдықтар жүйелеріне, сондай-ақ жекелеген үй-жайларға қойылатын нәтижелі талаптар;
құрылыста қолдануға жарамдылығын және құрылыс құрылмалары мен инженерлік жүйелердің беріктігін қамтамасыз ететін материалдардың қасиеттеріне қойылатын талаптар;
өрт және түтін таралуының алдын алу, адамдарды эвакуациялауды, құрылмалардың отқа төзімділігін, өрт сөндіру командаларының қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету бойынша өрт қауіпсіздігі талаптары;
техникалық регламенттер мен санитариялық қағидалардың гигиеналық және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарын қанағаттандыру үшін қажетті сипаттамалар;
ғимараттар мен имараттарды пайдалану барысында материалдық және энергетикалық ресурстарды ұтымды жұмсауды, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететін талаптар.
Техникалық регламенттің мақсаттарына қол жеткізу үшін және пайдалану сипаттамаларын тікелей нормалау мүмкін болмаған жағдайда, оның ішінде бақылау әдістерінің болмауына байланысты қажет болған жағдайларды қоспағанда, ҚН құрылмалық және көлемді жайғастыру шешімдеріне, материалдардың нақты түрлері мен маркаларын қолдануға қатысты нормалаудың ұйғарымды әдісінің ережелерін қамтымайды. Осы сипаттамалар нормалаудың ұйғарымды әдісінің тиісті ережелерін белгілеу арқылы жанама түрде реттеледі.
ҚН, ғимараттар немесе имараттар арналған өндірістің технологиялық процестеріне қойылатын талаптарды қамтымайды.
ҚН-да қолданудың ерікті таңдау құжаттарына сілтемелер жоқ;
4) жобалау және құрылыс жөніндегі ҚЖ - да ресми танылғандар ретінде ұсынылған, тәжірибеде өзін-өзі ақтаған ережелер-техникалық регламенттер мен ҚН талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қолайлы шешімдер, сондай-ақ "Қосымша талаптар" бөлімі түрінде ҚН-мен регламенттелмеген жекелеген мәселелер бойынша ережелер қажетті толықтығымен келтіріледі.
ҚЖ, атап айтқанда, келесілерді қамтиды:
инженерлік ізденістер жүргізу және жобалау бойынша жұмыстарды орындау қағидалары, әзірленетін жобалық және технологиялық құжаттаманың құрамы мен нысандары;
ғимараттар мен имараттарды салу және пайдалану барысында өндірісті ұйымдастыру жөніндегі ережелер, жұмыстарды жүргізу тәсілдері мен әдістері;
қала құрылысы және типологиялық шешімдерді, сондай-ақ әлеуметтік нормативтерді қолдану жөніндегі ұсынымдар;
құрылыс құрылмаларын, ғимараттар мен имараттардың негіздерін және олардың инженерлік жүйелерін есептеу және жобалау, қызмет ету мерзімін болжау, ғимараттардың, имараттардың және олардың элементтерінің ұзақ мерзімділігі мен жөндеуге жарамдылығын қамтамасыз ету;
ғимараттардың, имараттардың және олардың бөліктерінің көлемдік-жоспарлау және құрылмалық шешімдерін таңдау жөніндегі ұсынымдар;
пайдалану режимінің әр түрлі сипаттамалары бар және әртүрлі климаттық жағдайларда ғимараттар мен имараттарды салу кезінде құрылыс құрылмаларының элементтерін, инженерлік жүйелерді, бұйымдар мен материалдарды қолдану ережелері.
ҚЖ нормативінде осы ережелер жинақтары әзірленген техникалық регламенттердің, ҚН-ның ережелерін қайталауға жол берілмейді;
5) жобалаудың еуропалық стандарттарына (Еурокодтарға) ұқсас ережелер жинағы – ҚР ҚЖ EN, Еуропалық стандарттау комитеті (CEN) шығарған Еурокодтың толық мәтінін (қосымшаларды қоса алғанда) қамтиды.
ҚР ҚЖ EN нормативіне Ұлттық қосымшасы Еурокодта ұлттық деңгейде шешім қабылдау үшін ашық қалдырылған параметрлер туралы ақпаратты ғана қамтиды. Ұлттық деңгейде (NDP) белгіленетін бұл параметрлер Қазақстан Республикасындағы ғимараттар мен инженерлік құрылыстарды жобалауға ғана қолданылады.
ҚР ҚЖ EN нормативіне тіреу құрылмалардың, сондай-ақ жеке конструктивтік элементтердің параметрлерін жобалаудың, есептеудің және анықтаудың жалпы қағидаттары мен қағидаларын белгілейді. Олар дәстүрлі құрылыс әдістеріне де, инновациялық қолдану аспектілеріне де қатысты, бірақ стандартты емес құрылмалар ережелері немесе балама шешімдерді әзірлеу үшін сарапшыларды тарту қажет арнайы шешімдер жоқ;
6) нормативтік техникалық құралдар (ҒТҚ) түріндегі нормативтік техникалық құжаттар, технологиялық жобалау нормалары, технологиялық карталар, құрылыстың әдістемелік құжаттары техникалық регламенттер мен ҚН талаптарын, сондай-ақ ҚЖ-нің қолайлы шешімдерін іске асыру үшін практикамен тексерілген ережелерді (есептеулер, мысалдар, технологиялық және техникалық сипаттамалар мен түсіндірмелер, әдістемелер және басқасы) қамтиды.
19. Мемлекеттік нормативтерді жасау, мазмұндау және ресімдеу осы Қағидалардың талаптары мен "Қазақстан Республикасының техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесі. Стандарттарды жасауға, мазмұндауға, рәсімдеуге және мазмұнына қойылатын жалпы талаптар" ҚР СТ 1.5 белгіленген талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттарды қолдану негізінде әзірленетін нормативтік техникалық құжаттарды жасау, мазмұндау, ресімдеу және белгілеу тәртібі "Қазақстан Республикасын техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесі. Шет мемлекеттердің халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттарын, Қазақстан Республикасындағы стандарттау жөніндегі өзге нормативтік құжаттарды қолдану тәртібі" ҚР СТ 1.9 талаптарына сәйкес жүргізіледі.
20. ҚБҚ мәтіні "Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 қаулысының және "Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, олардың келісілу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 569 қаулысының (бұдан әрі – Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 568 және № 569 қаулылары) талаптарына сәйкес рәсімделеді.
21. Мемлекеттік нормативтер мемлекеттік және орыс тілдерінде шығарылады.
22. Мемлекеттік нормативтер мұқабасының нысаны ҚБҚ-ны қоспағанда, осы Қағидаларға 3-қосымшада келтірілген нысанға сәйкес ресімделеді.
23. Мемлекеттік нормативтерге арналған "Алғы сөз" құрылымдық элементінің үлгісі ҚБҚ-ны қоспағанда, осы Қағидаларға 4-қосымшада көрсетілген.
24. Мемлекеттік нормативтік құжаттың мемлекеттік мен орыс тілдеріндегі шмуцтитулы (бірінші беті) құрылыстағы басшылық құжаттарды қоспағанда, осы Қағидаларға 5-қосымшада келтірілген нысанға сәйкес ресімделеді.
25. Құрылыстағы басшылық құжаттарды қоспағанда, мемлекеттік нормативтердегі "Нормативтік сілтемелер" деген құрылымдық элементте нормативтік құқықтық актілердің және нормативтік-техникалық құжаттардың тізбесі бар, онда құжаттың мәтінінде сілтемелер беріледі (берілген). Сілтемелер тізбесі "Осы құрылыс нормаларын (нормативтік-техникалық құралды, қағидалар жинақтарын және тағы басқа) қолдану үшін келесі сілтемелер пайдаланылады" деген сөздерден басталады.
Тараудың соңында келесі мазмұндағы ескертпе көрсетілуі қажет:
"Ескертпе – Осы мемлекеттік нормативті пайдаланған кезде "Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік техникалық құжаттар тізбесі", "ҚР Ұлттық стандарттары мен ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерінің каталогы" және "Мемлекетаралық стандарттар каталогы" ақпараттық каталогтары бойынша жыл сайын жасалатын анықтамалық құжаттардың қолданылуын ағымдағы жылғы жағдай бойынша және ай сайын шығарылатын тиісті ақпараттық бюллетеньдерге - ағымдағы жылы жарияланған стандарттардың журналдары мен ақпараттық көрсеткіштері бойыншатексерген орынды. Егер сілтемелік құжат ауыстырылған (өзгертілген) болса, онда осы нормативті пайдаланған кезде ауыстырылған (өзгертілген) стандартты басшылыққа алған жөн, егер сілтемелік құжат ауыстырусыз жойылған болса, онда оған сілтеме берілген ереже осы сілтемені қозғамайтын бөлігінде қолданылады.".
Нормативтік сілтемелер тізбесіне нормативтік құқықтық актілердің және нормативтік-техникалық құжаттардың толық белгілері мен атауы келесі ретте белгілердің тіркеу нөмірлерінің (болған жағдайда) өсу тәртібінде енгізіледі:
заңнамалық және заңға тәуелді актілер, техникалық регламенттер, нормативтік құқықтық актілердің сатыларына заңдық күшіне байланысты бұйрықтар;
ҚБҚ;
ҚН;
мемлекетаралық құрылыс нормаларын;
ҚЖ;
НТҚ;
құрылыстағы халықаралық және мемлекетаралық стандарттар;
Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген ұлттық стандарттар, сондай-ақ шет мемлекеттердің стандарттары.
3-тарау. Мемлекеттік нормативтерді келiсу тәртібі
26. Әзірлеуші, шартта тапсырыс беруші анықтаған ұйымдарға, тиісті сын-пікір алу мақсатында түсіндірме жазбасы бар әзірленген мемлекеттік норматив жобасын жібереді. Мемлекеттік нормативтің жобасы бойынша сын-пікір әзірлеушіге жобаны қарауға алған күннен бастап, күнтізбелік 30 күннен кешіктірілмей беріледі.
Ұйым көрсетілген мерзімде сын-пікірді ұсынбаған жағдайда, егер шартта өзгеше көзделмесе, мемлекеттік нормативтерді әзірлеу шартта белгіленген мерзімдерге сәйкес жалғасады, ал мемлекеттік нормативтің жобасы осы ұйыммен келісілген болып есептеледі.
Қажет болған жағдайда әзірлеуші ұсынылған сын-пікірлер жөнінен келіспеушіліктерді қарау бойынша мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерімен кеңес өткізеді. Кеңесте қабылданған шешімдер хаттамамен ресімделеді және ескертулер мен ұсыныстардың жиынтық кестесінде көрсетіледі.
27. "Қызметтік пайдалану үшін" деген белгісі бар мемлекеттік нормативтердің жобалары тапсырыс берушінің тікелей сын-пікір алуы үшін мүдделі мемлекеттік органдардың қарауына жіберіледі.
28. Түсіндірме жазбамен бірге бірінші редакцияда әзірленетін мемлекеттік нормативтің жобасы осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес әзірленген мемлекеттік нормативтің ісіне кіретін құжаттардың тізбесіне сәйкес оны уәкілетті органның ведомствосына қарау және істі қалыптастыру үшін жіберіледі.
29. Әзірлеуші, мемлекеттік нормативтің жобасы түпкілікті редакцияда ұсынылғанға дейін, шартта анықталған тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мемлекеттік нормативтің жобасын қайта қарауын ұйымдастыруды жүзеге асырады.
Сонымен бірге, мемлекеттік норматив жобасы тиісті мемлекеттік органдарға бұрын алынған сын-пікірлер ескеріле отырып, пысықталған редакцияда қарауға жіберіледі.
30. Мемлекеттік норматив жобасын түпкілікті редакцияда дайындау тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдардан алған жауаптары ескеріле отырып жүзеге асырылады.
31. Мемлекеттік норматив жобасы түпкілікті редакцияда тапсырыс берушіге мемлекеттік және орыс тілдерінде, қағаз және электрондық жеткізгіштерде және шартта, ілеспе хатта және қосымшаларда анықталған мөлшерде беріледі:
1) төмендегілер қамтылған мемлекеттік норматив жобасына түсіндірме жазба:
мемлекеттік норматив әзірлеу мен қолданудан экономикалық тиімділіктің негіздемелері;
мемлекеттік норматив әзірлеу үшін негіздер;
мемлекеттік норматив жобасын ұйымдардың қарауына жіберу және сын-пікір алу туралы мәліметтер;
мемлекеттік норматив жобасын әзірлеу барысында пайдаланылған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік техникалық құжаттар туралы ақпарат;
әзірлеуші туралы деректер;
2) мемлекеттік норматив жобасы бірінші редакцияда жіберілген ұйымдардың тізбесі;
3) мемлекеттік норматив жобасы бірінші (аралық) және түпкілікті редакцияда қарауға жіберілген мемлекеттік органдар мен ұйымдардан алынған сын-пікір;
4) бірінші (аралық) және түпкілікті редакциядағы мемлекеттік норматив жобасы бойынша ескертулер мен ұсыныстардың қалыптастырылған жиынтық кестесі;
5) қолданыстағы мемлекеттік нормативтердің күшін жою туралы немесе жаңа мемлекеттік нормативтердің қолданысқа енгізілуіне байланысты оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар.
32. Мемлекеттік нормативтер жобасының түпкілікті редакциясы "қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар құжаттарды қоспағанда, ҒТК-ның қарауына енгізіледі.
33. Мемлекеттік норматив жобасын келісу бойынша жұмыстардың құрамы, ол бойынша техникалық түзету жүргізілген, мемлекеттік нормативтерді әзірлеу жөніндегі жұмыстарға ұқсас.
34. Мемлекеттік нормативтің цифрланған жобасы шартта анықталған мемлекеттік органдармен және ұйымдармен келісіледі.
4-тарау. Мемлекеттiк нормативтердi бекiту, тiркеу және қолданысқа енгiзу (қолданылуын тоқтату, күшiн жою) тәртібі
35. 100 нөмірінен басталатын жобалау және құрылыс салу жөніндегі ҚЖ қоспағанда, мемлекеттік нормативтерді тіркеу (есепке алу) нөмірі 00 (01) нөмірінен басталады.
36. Мемлекеттік нормативтің шифры салалық сыныптамаға біріктірілген барлық деңгейдегі құжаттар белгілерінің есепке алу-тіркеу бірлігін қамтамасыз етеді және сәулет, қала құрылысы мен құрылыс саласындағы нормативтік база туралы ақпаратты тиімді сақтауға, қолдануға және пайдалануға арналған қажетті жағдайларды жасайды.
Шифр құрылымына берілген схемаға сәйкес "нүкте" және "дефис" белгілерімен ажыратылатын, белгілеудің әріптік және сандық (Х) элементтері кіреді.
ХХ ХХ – мемлекеттік нормативтердің аббревиатурасы;
Х. – кешен;
ХХ – шағын кешен;
- ХХ – тіркеу (есепке алу) нөмірі;
- ХХХ – бекіту жылы.
Мысал – ҚР ҚН 1.02-03-2011, ҚР ҚЖ 1.02-106-2013.
Өзгерістерімен қайта шығарылған мемлекеттік нормативтің шифрына <*> элементі қосылады, мысалы: ҚР ҚН 1.02-03-2011*, ҚР ҚЖ 1.02-106-2013*.
Мемлекеттік нормативтің өзгертілген тармақтары сондай-ақ жұлдызшамен белгіленеді.
37. Мемлекеттік нормативтер, сондай-ақ оларға енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар уәкілетті орган ведомствосының бұйрығымен бекітіледі.
38. Мемлекеттік нормативті қабылдау барысында қажеттілігіне қарай, оның орнына ол әзірленген нормативтің күші жойылады.
39. Мемлекеттік нормативтердің ережелеріне енгізілетін, өзгертулер мен толықтырулар негізделуі тиіс, ғылыми-техникалық негіздемесі болуы тиіс, әлемдік тәжірибені талдауға және қажет болған жағдайда қаржылық-экономикалық есептеуге ие болуы тиіс.
Мемлекеттік нормативтердің ережелеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар негізделуі, ғылыми-техникалық негізі, әлемдік тәжірибені талдауы және қажет болған жағдайда қаржылық-экономикалық есебі болуы тиіс
Құрылыс материалдары және бұйымдары бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 қарашадағы № 1202 қаулысымен бекітілген "Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентінің 13-тармағына сәйкес ілеспе құжаттамалар ұсынылады.
40. "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар құжаттарды қоспағанда, мемлекеттік нормативке өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу туралы ұсыныс ҒТК-нің қарауына және құптауына енгізіледі.
41. Мемлекеттік нормативтерді, сондай-ақ оларға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізу күні бейімделу кезеңі ескеріле отырып, бірақ олар бекітілген күннен бастап кемінде 6 (алты) айдан кейін белгіленеді.
Төтенше жағдайлардың салдарларының алдын алу немесе жою, жоғары тұрған мемлекеттік органдардың тапсырмаларын орындау қажет болған жағдайларда, сондай-ақ ҒТК отырысында осындай ұсынымдар мақұлданған жағдайларда, сондай-ақ уәкілетті орган ведомствосының шешімі бойынша мемлекеттік нормативтерді, оларға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды қолданысқа енгізу мерзімін қысқартуға жол беріледі.
42. Мемлекеттік нормативтің немесе оның жекелеген нормаларының қолданылуы белгілі бір мерзімге тоқтатылуы мүмкін. Мемлекеттік нормативтердің немесе оның жекелеген нормаларының қолданылуын тоқтату жеке бұйрықпен жүзеге асырылады.
43. Мемлекеттік нормативтерді бекіту, күшін жою, олардың қолданылуын тоқтата тұру, сондай-ақ оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы ақпарат салалық баспа басылымдарында жарияланады, сондай-ақ уәкілетті орган ведомствосының сайтында орналастырылады.
44. ҚБҚ-ң мемлекеттік тіркелуі Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 568 және № 569 қаулыларына сәйкес жүзеге асырылады.
45. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қолданыстағы мемлекеттік нормативтер туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 701 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12423 болып тіркелген) Сәулет, қала құрылысы және құрылыс каталогтарын қалыптастыру және жүргізу қағидаларына сәйкес уәкілетті органның ведомствосы қалыптастыратын "Қазақстан Республикасының аумағында қолданыстағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік құқықтық актілердің және нормативтік техникалық құжаттардың тізбесі" және "Қазақстан Республикасының аумағында қолданыстағы құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттар тізбесі" каталогтарға орналастырылады.
46. Мемлекеттік нормативтерді белгіленген мерзімде уәкілетті органның ведомствосы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 944 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18090 болып тіркелген) Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорын қалыптастыру, жүргізу және қолдап отыру, сондай-ақ нормативтік техникалық құжаттардың, ресми басылымдардың көшірмелерін тарату қағидаларына сәйкес нормативтік-техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорына жібереді.
47. Жаңадан әзірленген және қолданысқа енгізілген мемлекеттік нормативтердің ережелері, сондай-ақ қолданыстағы мемлекеттік нормативтерге өзгерістер мен (немесе) толықтырулар, бұрын қолданыста болған нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес жобаланған және салынған қолданыстағы ғимараттар мен имараттарға қолданылмайды.
Қолданыстағы ғимараттар мен имараттарды өзгерту (реконструкциялау, кеңейту, жаңғырту, қайта жабдықтау, техникалық қайта жарақтандыру, реставрациялау, күрделі жөндеу) барысында осы Қағидалардың 45-тармағында көрсетілген, каталогтарға енгізілген қолданыстағы мемлекеттік нормативтердің ережелері қолданылады.
48. Қолданудың ерікті таңдауының нормативтік техникалық құжаттарында белгіленген ережелер, нәтижелі шешімдер (баламалы құжаттар) болмаған жағдайда объектілерді жобалау және салу барысында міндетті түрде сақталуға жатады.
49. Әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік нормативтерде қайшылықтар болған жағдайда жоғарырақ деңгейдегі құжаттың нормалары қолданылады.
Бір деңгейдегі мемлекеттік нормативтерде қайшылықтар болған жағдайда, қолданысқа кейінірек енгізілген құжаттың нормасы, немесе қолданысқа кейінірек енгізілген құжатқа сәйкес келетін норма қолданылады.
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерді әзірлеу, келісу, бекіту, тіркеу және қолданысқа енгізу (қолданысын тоқтату, күшін жою) қағидаларына 1-қосымша |
Мемлекеттік нормативтердің құрылымы
1. Ұйымдастыру-әдістемелік нормативтік құжаттар | |
1.01 Стандарттау, нормалау, сертификаттау | Құрылыстағы стандарттау, нормалау және сертификаттау бойынша жұмыстардың мақсаттары, міндеттері, объектілері, әдіснамасы және ұйымдастырылуы. |
1.02 Құрылысқа арналған инженерлік іздестірулер және жобалау | Құрылыс, жобалау алдындағы және жобалау жұмыстарына арналған инженерлік іздестірулердің құрамы, жалпы талаптары және оны жүргізу тәртібі. Жобаларды келісу, сараптама жүргізу және бекіту тәртібі. Қала құрылысы және жобалау-сметалық құжаттаманың түрлері, мазмұны және ресімделуі. |
1.03 Өндіріс | Құрылысты ұйымдастыру, технологиялық дайындау және құрылысты жүргізудің жалпы қағидалары, құрылысты механизациялау, құрылыс процесіндегі еңбек қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету. Сапасын бақылау және құрылысы аяқталған объектілерді қабылдау. Құрылыс бұйымдары және материалдарының өндірісін ұйымдастыру. Технологиялық және атқарушылық құжаттаманың түрлері, мазмұны және ресімделуі. |
1.04 Пайдалану | Ғимараттар мен имараттардың құрылыс құрылмаларына және инженерлік жабдықтары жүйелеріне техникалық қызмет көрсетудің, зерттеп-қараудың және жөндеудің жалпы қағидалары. Жөндеу-пайдалану құжаттамаларының түрлері, мазмұны және ресімделуі. |
1.05 Сәулет және қала құрылысы қызметі | Сәулет және қала құрылысы органдарының бірыңғай жүйесінің құрылымын және функцияларын анықтайтын ұйымдастыру-әдістемелік ережелер. Оған қатысушылардың сәулет қызметін жүзеге асыру қағидалары әдістері. |
2. Жалпы нормативтік-техникалық құжаттар | |
2.01 Құрылыс ғимараттарының сенімділігінің негізгі ережелері | Құрылыс ғимараттарының, инженерлік жүйелердің, құрылмалардың және материалдардың қауіпсіздігін, пайдалануға жарамдылығын және ұзақтығын қамтамасыз етудің жалпы қағидаттары. Сенімділіктің негізгі ұғымдары, құрылыс ғимараттарын жауапкершілік дәрежелері, жүктемелері және алуан түрлердің әсерлері бойынша жіктеу. Іркілістерді жіктеу, есептеме моделдерінің параметрлері және құрылыс ғимараттары, құрылмалар және негіздер сенімділігі бойынша нормативтік талаптарды белгілеу қағидаттары. Құрылыстағы статистикалық қабылдау бақылауының негіздері. |
2.02 Өрт қауіпсіздігі | Қала құрылысы, көлемді-жоспарлау, конструктивтік міндеттерді шешу кезіндегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жалпы қағидаттары, отқа төзімділігі және өрт қауіптілігі бойынша ғимараттарды, құрылыстарды және олардың элементтерін жіктеу, эвакуация жолдары және қауіпсіздік аймақтары. Құрылыс құрылмалары, материалдары мен бұйымдарының өрт-техникалық көрсеткіштері, есептеудің, бақылау әдістерінің және сынақтардың қағидаттары. |
2.03 Қауіпті геофизикалық әсерлерден қорғану | Қауіпті геофизикалық әсерлердің (сейсмика, лайкөшкіндер, опырылулар, қар көшкіні, сел, төзу, қазбалы, карстық, су басатын, су астында қалатын аумақтар және басқалар) негізгі сипаттамалары және олардан инженерлік қорғану қағидаттары. Құрылысқа арналған инженерлік іздестірулерге, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қала құрылысы, көлемдік-жайғастыру, құрылмалық және құрылыс-технологиялық іс-шараларға, сондай-ақ инженерлік қорғаныс имараттарын пайдалануға қойылатын талаптар. |
2.04 Ішкі климат және зиянды әсерлерден қорғау | Үй-жайлардың жылу, ауалық-ылғалдық, акустикалық және жарықтық режимін қамтамасыз етудің жалпы қағидаттары. Қоршаған орта әсерінің сипаттамалары (соның ішінде климаттық әсерлер, вибрация, шу, сәуле шығару, уытты бөліністер және басқалар). Осы әсерлерден адамдардың денсаулығын қорғаудың есептік әдістері және құрылмалық қамтамасыз ету, бақылау және сынау әдістері. |
2.05 Біркелкі өзара алмасушылық және үйлесімдік | Құрылыстағы біркелкі өзара алмасушылықты және үйлесімдікті қамтамасыз етудің жалпы қағидаттары, мөлшерді үйлестіру ережелері, геометриялық параметрлердің рұқсат етілуі. Өлшемдер және дәлдікті бақылау әдістері. |
3. Қала құрылысы, ғимараттар мен имараттар бойынша нормативтік-техникалық құжаттар | |
3.01 Қала құрылысы | Өндірістік күштерді таратып орналастыру, орналастырудың, аумақтардың ауыларалық, инженерлік және көліктік инфрақұрылымын дамытудың негізгі ережелері, аумақтарды, қоныстарды және олардың жекелеген бөліктерін жоспарлау және салу. |
3.02 Тұрғын, қоғамдық және өндірістік ғимараттар мен имараттар | Тұрғын, қоғамдық, өндірістік және қоймалық ғимараттар, құрылыстар мен олардың бөліктерін жіктеу және оларға қойылатын техникалық талаптар. Жұмыстарды жүргізудің негізгі ережелері, қабылдау ережелері, бақылау мен сынау әдістері. |
3.03 Көлік құрылыстары | Автомобиль және темір жолдарының, метрополитен, теңіз, өзен, әуе, өндірістік және қала көлігінің құрылыстары мен элементтерін жіктеу, жүктемелер және әсер етулер, геометриялық параметрлер және оларға қойылатын техникалық талаптар. Есептеу, жобалау және жұмыстарды жүргізу бойынша негізгі ережелер, қабылдау ережелері, бақылау мен сынау әдістері. |
3.04 Гидротехникалық және мелиоративтік құрылыстар | Тоғандарға, арналарға, бөгеттерге, жағаны бекіту және өзге құрылыстарды жіктеу, жүктемелер және әсер етулер, геометриялық параметрлер және оларға қойылатын негізгі талаптар. Есептеу, жобалау және жұмыстарды жүргізу бойынша негізгі ережелер, қабылдау ережелері, бақылау мен сынау әдістері. |
3.05 Магистральдық және кәсіпшілік құбырлар | Құбырлар мен газ, мұнай және мұнай өнімдеріне арналған қоймаларды жіктеу, жүктемелер және әсер етулер, геометриялық параметрлер және оларға қойылатын негізгі талаптар. Есептеу, жобалау және жұмыстарды жүргізу бойынша негізгі ережелер, қабылдау ережелері, бақылау мен сынау әдістері. |
3.06 Мүгедектер мен халықтың өзге де әлеуметтік қорғалатын топтарына қолайлы өмір сүру ортасын қамтамасыз ету | Мүгедектер мен халықтың өзге де әлеуметтік қорғалатын топтарына қолайлы өмір сүру ортасын қамтамасыз ету бойынша негізгі ережелер мен жалпы талаптар. |
4. Ғимараттар мен имараттарды, сыртқы желілерді инженерлік қамтамасыз етуге арналған нормаланған құжаттар | |
4.01 Сумен жабдықтау және канализация | Жүйелер мен тұтынушыларды жіктеу, сыртқы желілерге, құрылыстарға және олардың орналасуына, ішкі жүйелеріне қойылатын техникалық талаптар. Су тұтыну нормалары, суды даярлау және қалдық суларды тазалау. Жобалау және жұмыстарды жүргізу, пайдалану режимі бойынша негізгі ережелер. Санитариялық-техникалық жабдықтар, арматура, аспаптар және канализация құбырлары. Қабылдау ережелері, бақылау және сынау әдістері. |
4.02 Жылумен жабдықтау, жылыту, ауаны желдету және ауабаптағыш орнату | Жүйелер мен тұтынушыларды жіктеу, сыртқы желілерге, құрылыстарға және олардың орналасуына, торапты суға, ішкі жүйелері мен жабдықтарына қойылатын техникалық талаптар. Жылуды тұтыну нормалары, шығарындыларды тазалау, қосалқы жылу ресурстарын қолдану. Жобалау, және жұмыстарды жүргізу, пайдалану режимі бойынша негізгі ережелер. Жылыту аспаптары, арматура, ауа арналары. Қабылдау ережелері, бақылау және сынау әдістері. |
4.03 Газбен қамту | Жүйелерді жіктеу, газ құбырларына, жабдықтарына және сөндіретін құрылғыларға техникалық талаптар. Газды тұтыну нормалары. Жұмыстарды жобалау және жүргізу, пайдалану режимі бойынша негізгі ережелер. |
4.04 Электрмен қамту | Желілер және тұтынушыларды жіктеу. Жұмыстарды жобалау және жүргізу бойынша негізгі ережелер. Электр қондырғыларының ережелері. |
4.05 Қоқысты жою | Қоқысты жою жүйелеріне, жабдықтарға, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, жою және кәдеге жарату жүйелерін ұйымдастыруға қойылатын техникалық талаптар. Жобалау, монтаждау және пайдалану бойынша негізгі ережелер. |
5. Құрылыс құрылмаларына және бұйымдарына арналған нормативтік-техникалық құжаттар | |
5.01 Ғимараттар мен имараттардың негіздері және іргетастары | Жер қабаттарын жіктеу және олардың есептік сипаттамалары. Негіздер мен қадалық іргетастарды есептеу және жобалау әдістері. Жұмыстарды жүргізу, пайдалану режимі және жай-күйін болжау бойынша негізгі ережелер. Қабылдау ережелері, бақылау және сынау әдістері. |
5.02 Тас және арматураланған тас құрылмалары | Ғимараттар мен имараттардың тасқа және арматураланған тас құрылмаларына жалпы талаптар. Құрылмалар мен олардың қосындыларын есептеу және жобалау әдістері, құрылмаларды тұрғызу, пайдалану режимі және жай-күйін болжау бойынша негізгі ережелер. Қабылдау ережелері, бақылау және сынау әдістері. |
5.03 Темiрбетон және бетон құрылмалар | Монолиттік, құрама және құрама-монолиттік бетон және темірбетон құрылмаларға қойылатын жалпы талаптар. Құрылмалар мен олардың қосылыстарын есептеу және жобалау әдістері, құрылмаларды әзірлеу және тұрғызу, тоттанудан қорғау, пайдалану режимі және жай-күйін болжау бойынша негізгі ережелер. Зауытта әзірленген темірбетон және бетон құрылмалар. Қабылдау ережелері, бақылау және сынау әдістері. |
5.04 Металл құрылмалар | Тиімді жылытқышы барды қоса алғанда, болат және алюминий қоспаларынан жасалған тіреу және қоршау құрылмаларына қойылатын жалпы талаптар. Құрылмалар мен олардың қосылыстарын есептеу және жобалау әдістері, құрылмаларды әзірлеу және тұрғызу, тоттанудан қорғау, пайдалану режимі және жай-күйін болжау бойынша негізгі ережелер. Зауытта дайындалған металл құрылмалар. Қабылдау ережелері, бақылау және сынау әдістері. |
5.05 Ағаш құрылмалар | Ғимараттар мен имараттардың ағаш құрылмаларына қойылатын жалпы талаптар. Құрылмалар мен олардың қосылыстарын есептеу және жобалау әдістері, құрылмаларды әзірлеу және тұрғызу, тоттанудан қорғау, пайдалану режимі және жай-күйін болжау бойынша негізгі ережелер. Ағаш құрылмалар және зауытта жасалған бұйымдар. Қабылдау ережелері, бақылау және сынау әдістері. |
5.06 Басқа материалдардан жасалған құрылмалар | Асбестцементті және басқа материалдардан жасалған құрылмаларға қойылатын жалпы талаптар. Құрылмалар мен олардың қосылыстарын есептеу және жобалау әдістері, құрылмаларды әзірлеу және тұрғызу, тоттанудан қорғау, пайдалану режимі және жай-күйін болжау бойынша негізгі ережелер. Зауытта дайындалған құрылмалар. Қабылдау ережелері, бақылау және сынау әдістері. |
5.07 Терезелер, есiктер, қақпалар мен олардың аспаптары | Бұйымдарға қойылатын жалпы талаптар. Бұйымдар және жабдықтаушы бөлшектерге арналған техникалық шарттар. Қабылдау ережелері, бақылау және сынау әдістері. |
6. Құрылыс материалдары және бұйымдарына арналған нормативтік құжаттар | |
6.01 Қабырғалық қалау материалдары | Кірпішке және түрлі материалдардан қабырғалық тастарға жалпы талаптар. Нақты түрге, типтеріне, маркілеріне арналған техникалық шарттар. Қабылдау ережелері, бақылау және сынау әдістері. |
6.02 Минералды тұтқыр заттар | Цементке және басқа тұтқыр заттарға қойылатын жалпы талаптар. Нақты түрге, типтеріне, маркілеріне арналған техникалық шарттар. Қабылдау ережелері, бақылау және сынау әдістері. |
6.03 Бетондар және ерітінділер | Әртүрлі бетондарға, бетон қоспаларына, құрылыс ерітінділеріне қойылатын жалпы талаптар. Нақты бір түрге арналған техникалық шарттар. Қабылдау ережелері, бақылау және сынау әдістері. |
6.04 Қиыршықтас, малтатас және құрылыс жұмыстарына арналған құм | Қиыршықтасқа, малтатасқа, құмға жасанды және табиғи кеуекті толтырғыштарға қойылатын жалпы талаптар. Нақты бір түрге арналған техникалық шарттар. Қабылдау ережелері, бақылау және сынау әдістері. |
6.05 Жылуды оқшаулайтын, дыбыс оқшаулайтын және дыбыс сіңіргіш материалдар | Минералды мақта бұйымдарына ұяшықты бетоннан жасалған бұйымдарға, пенопласт негізіндегі тақталарға және өзге жылуды оқшаулайтын материалдарға қойылатын жалпы талаптар. Нақты бір түрге арналған техникалық шарттар. Қабылдау ережелері, бақылау және сынау әдістері. |
6.06 Жаппа, гидрооқшаулағыш және герметикаландырғыш материалдар және бұйымдар | Орама жаппа материалдарына, жаппа мастикаларына, оқшаулайтын және қымтайтын материалдарға қойылатын жалпы талаптар. Нақты бір түрге арналған техникалық шарттар. Қабылдау ережелері, бақылау және сынау әдістері. |
6.07 Әрлеу және қаптау материалдары | Полимерлік, керамикалық, ағаш және басқа да әрлеу және қаптау материалдар мен бұйымдарына қойылатын талаптар. Қабылдау ережелері, бақылау және сынау әдістері. |
6.08 Асбестцемент бұйымдары | Асбестоцементті тегіс және толқынды табақтарға, құбырларға, экструзия бұйымдарына қойылатын талаптар. Қабылдау ережелері, бақылау және сынау әдістері. |
6.09 Жол материалдары | Асфальтобетонға, асфальтобетонды қоспаларға және басқа да жол материалдарына қойылатын талаптар. Қабылдау ережелері, бақылау және сынау әдістері. |
6.10 Құрылыстық шыны | Құрылысқа арналған табақ шынысына және шыныдан жасалынған бұйымдарына қойылатын талаптар. Қабылдау ережелері, бақылау және сынау әдістері. |
7. Құрылыс ұйымдарын жабдықтау құралдарына арналған нормативтік құжаттары | |
7.01 Мобилдік ғимараттар мен имараттар | Жіктеу және жалпы техникалық талаптар. Ғимараттар мен имараттардың нақты түрлеріне арналған техникалық шарттар. Қабылдау ережелері, бақылау және сынау әдістері. |
7.02 Құрылыс ұйымдарын жабдықтау | Мінбе және мінбе сатыларға, бетон жұмыстарға арналған қалыптарға, монтаж жабдығына және бекiткiштерге, қол құралына, пакеттеу және контейнерлеу құралдарына қойылатын жалпы техникалық талаптар. Қабылдау қағидалары, бақылау және сынау әдiстерi. |
7.03 Құрылыс индустриясы кәсіпорындарының мамандандырылған жабдығы | Жабдыққа, жабдық және қалыптар үшін майлауға қойылатын жалпы техникалық талаптар. Қабылдау ережелері, бақылау және сынау әдістері. |
8. Баға белгілеу мен сметалар бойынша нормативтік құжаттар | |
8.01 Құрылыстағы баға белгілеу бойынша ұйымдастыру-әдістемелік құжаттар | Баға белгілеу мәселелері бойынша ұйымдастыру-әдістемелік ережелер. |
8.02 Инвестицияларды жоспарлау кезеңіндегі баға белгілеу және сметалар | Жобалау алдындағы құжаттама құрамында құрылыстың, реконструкциялаудың құнын айқындау қағидалары мен әдістері. |
8.03 Жобалау және іздестіру жұмыстарына арналған баға белгілеу және сметалар | Құрылыстағы жобалау және іздестіру жұмыстарының құнын айқындау қағидалары мен әдістері. |
8.04 Жаңа құрылысқа, реконструкциялауға арналған баға белгілеу және сметалар | Жобалау құжаттамасы құрамындағы құрылыстың, реконструкциялаудың құнын айқындау қағидалары мен әдістері. Күрделі жұмсалымдарға қажеттілікті айқындауға арналған сметалық нормативтік база. |
8.05 Ғимараттар мен имараттарды күрделі жөндеуге арналған баға белгілеу және сметалар | Жобалау құжаттамасы құрамында ғимараттар мен имараттарды күрделі жөндеу бойынша жұмыстардың құнын айқындау қағидалары мен әдістері. Күрделі жұмсалымдарға қажеттілікті айқындауға арналған сметалық нормативтік база. |
8.06 Ғимараттар мен имараттарды жоюға арналған баға белгілеу және сметалар | Жобалау құжаттамасы құрамында жою жұмыстарының құнын айқындау қағидалары мен әдістері. Күрделі жұмсалымдарға қажеттілікті айқындауға арналған сметалық нормативтік база. |
8.07 Сметалық баға белгілеудің ресурстық-технологиялық базасы | Құрылыс үшін материалдық және отын-энергетикалық ресурстары шығысының нормативтік көрсеткіштерін әзірлеудің және қолданудың қағидалары мен әдістемелері. Құрылыс өнімі элементтерінің еңбек сыйымдылығын айқындаудың қағидалары мен әдістері. Іске асырылған жобалардың электрондық дерекқоры. |
9. Мемлекеттiк қала құрылысы кадастрын жүргiзу жөнiндегi нормативтiк құжаттар | |
9.01 Қала құрылысы кадастры | Қала құрылысы кадастрын құрудың және жүргізудің жалпы қағидалары. Қала құрылысы кадастры құжаттамаларының түрлері, мазмұны және ресімделуі. |
10. Сәйкестікті бағалау және мемлекеттiк бақылау мен қадағалау органдарының нормативтiк құжаттары | |
10.01 Сәйкестікті бағалау, бақылау, қадағалау | Ұйымдастыру-әдістемелік, құрамы, жалпы талаптар, жүргізу тәртібі, ұйымдастыру құрылымы |
11. Құрылыстағы мердiгерлiк жұмыстарға конкурстар (тендерлер) ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы нормативтiк құжаттар |
________________________________________________ бөлімі бойынша (бюджеттік бағдарламаның бөлімі және атауы) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерді әзірлеу, техникалық түзету және цифрлық форматқа көшіру бойынша жұмыстардың тақырыптық жоспары
Р/с | Нормативтік-техникалық құжаттың атауы | ___жылға арналған жоспар | Тоқсандық жоспарлық игеру, мың теңге | Аяқталу мерзімі | |||
I | II | III | IV | ||||
"Нормативтік құжаттарды, жобалық ұсыныстарды, техникалық шешімдерді әзірлеу" _____ бөлімі | |||||||
________іс-шара | |||||||
Іс-шара бойынша барлығы | |||||||
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерді әзірлеу, келісу, бекіту, тіркеу және қолданысқа енгізу (қолданысын тоқтату, күшін жою) қағидаларына 3-қосымша Нысан |
Мемлекеттік нормативтер мұқабасы
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер (мемлекеттік/орыс тілдерінде) | |
"Кереге" элементі бар түрлі-түсті жолақ: құрылыс нормалары – қызыл түспен; құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттар – жасыл түспен; басқа мемлекеттік нормативтер – көк түспен |
(нормативтің атауы) – мемлекеттік/орыс тілдерінде __________________________________ (нормативті белгілеу) – мемлекеттік/орыс тілдерінде |
(Құжатты бекіткен уәкілетті органның ведомствосының атауы) – мемлекеттік/орыс тілдерінде |
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерді әзірлеу, келісу, бекіту, тіркеу және қолданысқа енгізу (қолданысын тоқтату, күшін жою) қағидаларына 4-қосымша Нысан |
АЛҒЫ СӨЗ | |
1 ӘЗІРЛЕГЕН: | ____________ (әзірлеген ұйымның атауы) |
2 ҰСЫНҒАН: | _________ (уәкілетті орган) |
3 БЕКІТІЛГЕН ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛГЕН: | _________ (уәкілетті органның) 20ХХ жылғы "__" _______ бұйрығымен |
ПРЕДИСЛОВИЕ | |
1 РАЗРАБОТАН: | __________ (организация разработчик) |
2 ПРЕДСТАВЛЕН: | _________ (уполномоченный орган) |
3 УТВЕРЖДЕН И ВВЕДЕН В ДЕЙСТВИЕ: |
Приказом __________ (уполномоченного органа) от "__" _____ |
Осы мемлекеттік норматив сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы уәкілетті орган ведомствосының рұқсатынсыз ресми басылым ретінде толық немесе ішінара көшірілмейді, көбейтілмейді және таратылмайды.
Настоящий государственный норматив не может быть полностью или частично воспроизведен, тиражирован и распространен в качестве официального издания без разрешения ведомства уполномоченного органа в области архитектуры, градостроительства и строительства.
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерді әзірлеу, келісу, бекіту, тіркеу және қолданысқа енгізу (қолданысын тоқтату, күшін жою) қағидаларына 5-қосымша Нысан |
Мемлекеттік нормативтік құжаттың мемлекеттік/орыс тілдеріндегі шмуцтитулы (бірінші беті) ҚР ҚН/ Х.ХХ-ХХ-20ХХ ҚР ҚЖ СН РК/ Х.ХХ-ХХ-20ХХ СП РК ҚАЗАКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ/ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЕРЕЖЕЛЕРІНІҢ ЖИНАҒЫ СТРОИТЕЛЬНЫЕ НОРМЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН/ СВОДЫ ПРАВИЛ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
__________________________________________________________________________
МЕМЛЕКЕТТІК НОРМАТИВТІҢ АТАУЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ МЕМЛЕКЕТТІК НОРМАТИВТІҢ АТАУЫ ОРЫС ТІЛІНДЕ
__________________________________________________________________________
Енгізілген күні 20ХХ ХХ-ХХ |
1 ҚОЛДАНУ САЛАСЫ МӘТІН
__________________________________________________________________________
Ресми басылым
ҚР ҚЖ EN нормативтік техникалық құралдың (НТҚ) мемлекеттік/орыс тілдеріндегі шмуцтитулы (бірінші беті)
ҚР НТҚ Х.ХХ-ХХ-20ХХ | |
НТП РК Х.ХХ-ХХ-20ХХ |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ НОРМАТИВТІК-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛЫ НОРМАТИВНО-ТЕХНИЧЕСКОЕ ПОСОБИЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
__________________________________________________________________________
МЕМЛЕКЕТТІК НОРМАТИВТІҢ АТАУЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ МЕМЛЕКЕТТІК НОРМАТИВТІҢ АТАУЫ ОРЫС ТІЛІНДЕ
__________________________________________________________________________
Енгізілген күні 20ХХ ХХ-ХХ |
1 ҚОЛДАНУ САЛАСЫ МӘТІН
__________________________________________________________________________
Ресми басылым
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерді әзірлеу, келісу, бекіту, тіркеу және қолданысқа енгізу (қолданысын тоқтату, күшін жою) қағидаларына 6-қосымша |
Әзірленген мемлекеттік нормативтің ісіне кіретін құжаттардың тізбесі
1. Бірінші/түпкілікті редакцияларда мемлекеттік нормативтің жобасын ұсыну туралы әзірлеушінің хаты.
2. Әзірленген мемлекеттік нормативтің жобасына түсіндірме жазба.
3. Бірінші редакцияда әзірленген мемлекеттік нормативтің жобасы.
4. Сын-пікірлер алу үшін (сын-пікір алу туралы белгісімен) әзірленген мемлекеттік нормативтің жобасы жіберілетін ұйымдардың тізбесі.
5. Бірінші редакцияда әзірленген мемлекеттік нормативтің жобасы бойынша алынған сын-пікірлер (ескертулер мен ұсыныстар) түпнұсқасы.
6. Әзірлеуші ұйымның келісу отырысының хаттамалары (өткізілген жағдайда).
7. Бірінші редакцияда әзірленген мемлекеттік норматив бойынша алынған пікірлер жиынтығы.
8. Әзірленген мемлекеттік нормативтің жобасы түпкілікті редакцияда олардың ескертулері мен ұсыныстары бойынша қалыптастырылған жиынтық кестемен қарауға жіберілген мемлекеттік органдардың тізбесі (қарау туралы жауапты алғаны туралы белгімен).
9. Тиісті мемлекеттік органдармен әзірленетін мемлекеттік нормативтің жобасын қарауды растайтын түпнұсқа құжаттар.
10. Қолданыстағы мемлекеттік нормативтердің күшін жою туралы ұсыныстар немесе оларға жаңа мемлекеттік нормативтің енгізілуіне байланысты өзгерістер жобалары.
11. Мемлекеттік нормативтің түпкілікті редакциясы.
12. Уәкілетті орган ведомствосының ҒТК хаттамалары.
13. ҒТК қаулысы.