Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 16-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына және "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қамаққа алу түріндегі жазаны орындауды жүзеге асыратын арнаулы мекемелердің қызметі мен ішкі тәртіптемесін ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.
2. "Қамаққа алу түріндегі жазаны орындауды жүзеге асыратын арнаулы мекемелердің қызметі мен ішкі тәртіптемесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 8 қыркүйектегі № 575 бұйрығының (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9771 болып тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2014 жылғы 30 қазанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (А.Х. Базылбеков) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Б.Б. Бисенқұловқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне (А.Х. Базылбеков) жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі |
Қ. Қасымов |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 504 бұйрығымен бекітілді |
Қамаққа алу түріндегі жазаны орындауды жүзеге асыратын арнаулы мекемелердің қызметі мен ішкі тәртіптемесін ұйымдастыру қағидалары
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қамаққа алу түріндегі жазаны орындауды жүзеге асыратын арнаулы мекемелердің қызметі мен ішкі тәртіптемесін ұйымдастыруды қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің (бұдан әрі – ҚАК) 83-87 баптарына сәйкес әзірленді және қамаққа алу түріндегі жазаны орындауды жүзеге асыратын арнаулы мекемелердің қызметі мен ішкі тәртіптемесін белгілейді.
2. Қамаққа алу түріндегі жазаны орындау заңды күшіне енген сот үкімі негізінде қамаққа алу түріндегі қылмыстық жазаны өтеуге арналған сотталған жері бойынша арнаулы қабылдау орындарында (бұдан әрі– АҚО) немесе тергеу изоляторларының оқшаулау учаскелерінде (бұдан әрі – ТИ) жүзеге асырылады.
2 тарау. Сотталғандарды АҚО-ға немесе ТИ-ға қабылдау тәртібі
3. Сотталғандарды АҚО-ға немесе ТИ-ға қабылдау АҚО-ның арнайы есепке алу қызметі мен медицина бөлімі қызметкерлерінің міндетті қатысуымен АҚО немесе ТИ басшысының кезекші көмекшісі жүзеге асырады.
4. Сотталғандарды қабылдау кезінде кезекші қамаққа алу түріндегі жазаны орындауға негіз болып табылатын процессуалдық құжаттардың болуын тексереді, жеке басын куәландыратын құжаттардың негізінде олардың келген сотталғандарға тиістілігін белгілейді.
5. Сотталғанның фотосуреті, сотталғаннан жауап алу кезінде алынған, сот үкімінде көрсетілген сауалнама деректері, жеке басын растайтын құжаттар сәйкес келмеген жағдайда, арнайы есепке алу қызметінің қызметкері кезекшімен бірлесіп, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша акті жасайды және оны шаралар қабылдау үшін үкім шығарған сотқа жолдайды.
6. Осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген деректерді тексергеннен кейін АҚО немесе ТИ қызметкерлері арнайы жабдықталған үй-жайда сотталғандарға тінту, ал оларға тиесілі заттарға тексеру жүргізіледі.
Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес толық тінту мен тексеру жүргізуден бұрын сотталғандарға өзімен бірге және заттардың арасында сақталуы мен қолданылуы көзделмеген нәрселер, заттар, бұйымдар, сондай-ақ сотталғандарға өздерiмен алып жүруге, сауқатпен, сәлемдемемен, бандерольмен және АҚО немесе ТИ дүкенiнен алуға рұқсат етiлген заттар мен бұйымдар (бұдан әрі – Тізбе) тiзбесінде көрсетілмеген заттар, бұйымдар, құжаттар және тамақ өнiмдерiн ерікті түрде өткізу ұсынылады. Рұқсат етілмеген заттарды ерікті түрде бірден өткізген жағдайда, сотталғандарға тәртіптік жазалау шаралары қолданылмайды.
7. АҚО-ға немесе ТИ-ға қабылданған адамдар келген күні, алайда бір тәуліктен кешіктірілмей алғашқы медициналық куәландырудан және санитарлық өңдеуден өтеді. Медициналық куәландыру нәтижелері медициналық амбулаторлық картаға енгізіледі. Бұл ретте медицина қызметкері сотталғанның денесіндегі жарақат, тері және жұқпалы ауруларды анықтау мақсатында сыртқы тексеру жүргізеді. Дене жарақатын табу фактісі туралы жазбаша түрде дереу жоғары тұрған орган мен қадағалаушы прокурорға хабарланады.
АҚО немесе ТИ-ға дәрігерінің қорытындысы бойынша дереу станционарлық емді қажет ететін адамдар айдауылмен денсаулық сақтау органдарының медициналық мекемелеріне жіберіледі.
Бұдан кейін сотталғандар карантин бөлiмшесіне орналастырылады (қамаққа сотталғандар үшін ТИ-да оқшаулау учаскелерінде), онда ұзақтығы 15 тәулiкке дейiн медициналық бақылау белгіленеді. Осы кезеңде жұқпалы аурумен ауыратындар анықталған кезде, олар шұғыл түрде оқшауланады, мекемеде эпидемияға қарсы кешенді іс-шаралар өткізіледі.
8. АҚО немесе ТИ психологтары жаңадан келген сотталғандардың жеке басын зерделеу, оларды жаңа жағдайларға бейімдеу жөніндегі жұмысты жүргізеді. Өзіне өзі қол жұмсауға, өзіне және өзгелерге қасақана құқыққа қайшы зақымдар келтіруге бейім адамдар анықталады. Зерделеу нәтижелері бойынша жаңа келген сотталғанның әрқайсысына психологиялық портрет жасалады, олармен жұмыс істеу бойынша АҚО-ның немесе ТИ-дің тиісті қызметіне ұсынымдар енгізіледі.
9. Карантин үй-жайында болған кезінде сотталғандар ҚАК 9 баптың 6 тармақтың талабына сәйкес жазасын өтеу тәртiбімен және шарттарымен, өздерiнiң құқықтарымен және мiндеттерiмен қол қоя отырып, танысады, жазасын өтеудің белгіленген тәртібін бұзғаны үшiн қолданылатын жауапкершiлiк туралы ескертiледi. Оларға Қазақстан Республикасының 2011 жылдың 11 қаңтарында шыққан "Құқық қорғау қызметі" туралы заңынын 59, 60, 61, 62 баптырына сәйкес АҚО-да немесе ТИ-да ұстау режимін сақтау үшін қадағалау және күзеттің техникалық құралдары, ал заң тәртібінде белгіленген дене күшін, арнайы құралдар, қару қолданылатыны түсiндiрiледi.
Кейiн осындай ақпаратты сотталғандарға жеке қабылдау, камераларды аралау кезiнде радио арқылы АҚО немесе ТИ бастығы және оған өкiлеттi қызметкер жеткізеді.
АҚО-да немесе ТИ-да ұсталатын сотталғандардың негізгі құқықтары мен міндеттері туралы мемлекеттік және орыс тілдеріндегі ақпарат әрбір камераның қабырғасында ілінеді.
10. Сотталғандар кереуетпен және төсек жабдықтарымен қамтамасыз етіледі, жатын орындары ауыстырылмайды және онда перде ілінбейді.
11. Сотталғанның АҚО-ға немесе ТИ-ға келуі туралы арнайы есепке алу қызметі екі жұмыс күні ішінде сотталғанның қалауы бойынша туысқандарының бiрiне не заңды өкіліне АҚО-ның немесе ТИ-дің пошталық мекенжайын, сотталғандардың сауқат, сәлемдемелер мен бандерольдер арқылы және мекеменің дүкендерінен алуға, өздерінде болуға рұқсат етiлетiн тiзбенi, хат алысу, ақша алу мен жiберу, шығуларға, кездесулерге рұқсат ету тәртiбiнiң негiзгi талаптарын, сотталғанның телефон арқылы сөйлесу құқығын көрсете отырып, жазбаша хабарлама жiбередi.
Сотталған шетелдік азаматтардың және қамаққа алынғанға дейін шетелде тұрақты тұрған азаматтығы жоқ адамдардың келуі туралы дипломатиялық өкілдіктер мен осы адамдардың мүдделерін Қазақстан Республикасында қорғайтын консулдық мекемелерге хабарлама жолданады.
3 тарау. Сотталғандарды жете тексеру мен тінту жүргізу тәртібі
12. Сотталғандарды жеке тінту толық тінту және жартылай жеке тінту болып бөлінеді. Жеке тiнтудi тінтілушімен жынысы бiр адам жүргiзедi. Сотталғандарды жеке толық тінту келесі жағдайларда жүргізіледі:
1) АҚО-ға немесе ТИ-ға келген және кеткен кезде;
2) тәртіптік изоляторға (бұдан әрі–ТИЗО) қамау және одан босату кезінде;
3) кездесу жүргізу алдында және аяқталған соң;
4) ұстау режимін бұзған, мекемелерден қашып шыққан және басқа да қылмыс жасаған сотталғанды ұстау кезінде жүргізіледі.
13. Толық тінту мынадай ретпен жүргізіледі:
1) осы Қағидалардың 6-тармағынасәйкес сотталғандарға тінту жүргізіледі. Содан соң кезекпен бас киімін, аяқ киімін және іш киіміне дейін қоса алғанда, шешу ұсынылады;
2) қол, аяқ саусақтарының аралығы, құлақ қалқаны мен ауыз қуысы, сондай-ақ медициналық таңулар мен аяқ-қол протездері тексеріледі. Медициналық таңулар мен аяқ-қол протездері медицина қызметкерінің қатысуымен тексеріледі;
3) сотталғанға тиесілі киімі, бас киімі, аяқ киімі және заттары тексеріледі. Киімінің жамаулары, тігісі, жағасы және астары ұстап қаралады. Қажет болған жағдайда киімнің жекелеген жерлерін бізбен тесіп қарайды және сөгеді. Аяқ киім сыртқы және ішкі жағынан қаралады және міндетті түрде бүгіліп тексеріледі;
4) сондай-ақ ақша, есірткі заттары және басқа да АҚО-да немесе ТИ-да пайдалануға және сақтауға тыйым салынған заттар жасырылатын жамаулар, тақалар, табандар мен басқа да орындар тексеріледі.
Толық тінту бақылау-өткізу пунктінде (бұдан әрі – БӨП) орналасқан арнаулы немесе оған жақын жерде жабдықталған үй-жайда жүргізіледі.
14. Сотталғандарды АҚО немесе ТИ камераларынан шектен тыс шыққан жағдайда (дәрігерге, серуенге, санитарлық өңдеуге, басқа камераға ауыстырғанда, тінту іс-шараларын өткізгенде) жүргізеді.
15. Толық емес тінту кезінде киімдер мұқият ұстап қаралады. Бұл ретте жеңінде, жағасында, астарында және шалбарында шабуыл жасайтын құралдар (пышақ, істік және сол сияқты түйрегіш-кескіш заттар) немесе өзге де тыйым салынған заттардың жасырылмағандығы тексеріледі. Бұдан соң қалтасы, бас киімі мен аяқ киімі тексеріледі. Тінтілуші күдік туғызған жағдайда толық тінту жүргізіледі.
16. Тінту кезінде жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзған немесе қылмыс жасаған сотталғанға қолдарын жоғары көтеруін, аяғын иығының тұсына қою ұсынылады. Тінтуші тінтілуішінің артқы жағына тұрып, ретімен жоғарыдан төмен қарай тінту жүргізеді.
Тінту нәтижелері осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес қамаққа сотталғанды жеке тінту хаттамамен ресімделеді.
4 тарау. Үй-жайларды тінту және тұрғын аймақтар мен өндірістік объектілердің аумақтарын тексеру
17. АҚО-ның немесе ТИ-дің камера үй-жайларында тінту кемінде айына төрт рет тінту кестесіне сәйкес жүргізіледі. ТИЗО мен АҚО немесе ТИ камераларын техникалық тексеру күн сайын жүргізіледі.
18. АҚО немесе ТИ камераларындағы үй-жайларда тінту жүргізу кезінде қабырғалар тоқылдатып көріледі, жасырын жерлердің болу мүмкіндігі тексеріледі. Жасырын шығу жолдарын, үңгулердің және онда сотталғандарға қолдануға тыйым салынған заттарды сақтауға болатын орындарды табу мақсатында жатын орындары мен еден тексеріледі.
Терезе торларының беріктігі ішкі және сыртқы жағынан, есіктер мен құлыптардың түзулігі тексеріледі. Камерадағы сотталғандарға толық жеке тінту, ал олардың заттарына тексеру жүргізіледі.
19. Сотталғандарды уақытша және қысқа мерзімді өндіріс объектілеріне кіргізер алдында АҚО немесе ТИ әкімшілігінің бақылаушысы, өкілі объектіні тексеруі тиіс.
Камераны және онда ұсталынатын адамдарға техникалық тексеру және жоспарлы тінтулерді кезекші ауысыммен режим бөлімі қызметкерлері жүргізеді.
Әрбір камераны техникалық тексеріс күн сайын онда сотталған адам болмаған кезеңде жүргізіледі, осы үшін оларды серуенгешығару, санитарлық тазалау уақыты пайдаланылады. Тексеріс жүргізу кезінде терезенің торлары, жалюзилер, қабырғалар, едендер, төбелер мұқият тексеріледі. Төсектер, үстелдер, орындықтар, қол жуғыштың бекітілетін жерлері, санитарлық техникалық және су құбырлары тексеріледі. Қашып шығуға дайындалуға көрсететін белгілер: жердің, кірпіштің, төсектердің астында, унитазда құрылыс қоқыстарының болуы анықталады.
20. Сотталғандардан, сондай-ақ мекеме аумағынан табылған, кімге тиесілі екенін анықтау мүмкін болмаған ақшаны, бағалы қағаздарды өзге де құндылықтарды АҚО немесе ТИ әкімшілігі ҚАК-тің 98-бабына сәйкес алып қояды және сот қаулысы бойынша мемлекет кірісіне айналдыруға жатады.
Осы Қағидаларда көзделмеген, режимдік талаптар белгіленген, сондай-ақ сотталған адамнан алынған, АҚО немесе ТИ аумағы мен оған іргелес аумақтарда табылған нәрселер, құжаттар, заттар, бұйымдар, заттектер, азық түлік мекеме әкімшілігінің комиссиялық шешімімен сотталғандардың туыстарына немесе сотталғандардың заттарын (белгілі уақытқа дейін сақтауды талап ететін азық түліктерден басқа) сақтауға арналған қоймаға уақытша сақтауға не АҚО немесе ТИ басшысының қаулысы бойынша жойылады, ол туралы 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша акт жасалады.
Алынған ақша мен бағалы заттар оларды алған лауазымды адамның актісі немесе баянаты бойынша тәуліктік мерзімнен кешіктірілмей (демалыс және мереке күндерін қоспағанда) кезекші, 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, сотталғандардан алынған ақша мен бағалы заттарды есепке алу журналына қол қойғыза отырып, АҚО немесе ТИ басшылығының тапсырмасына сәйкес тексеру материалдарын жинауды жүзеге асыратын қызметкерге береді.
21. Сотталғандардың сауқаттар, сәлемдемелер және бандерольдер арқылы және мекеменің дүкендерінен алуға, өздерінде болуға рұқсат етiлетiн заттар, бірақ осы Қағидаларда Тізбеде белгіленген нормадан асатын нәрселер мен заттар тәркіленіп алынады.
Бұндай жағдайда заттар қоймаға сақтауға өткізіледі, ал сотталған адамның қолына олардың саны мен атауын көрсете отырып, заттарды сақтауға қабылдау туралы түбіртек беріледі.
Жете тексеру мен тінту жүргізу нәтижесінде жасалатын немесе жасалған қылмыс не әкімшілік құқық бұзушылық белгілері байқалған кезде одан әрі жете тексеру мен тінту тиісінше Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481 бабына сәйкес немесе Қазақстан Республикасы ҚАК-де көзделген тәртіппен жүргізіледі.
5 тарау. Сотталғандар мен АҚО немесе ТИ қызметкерінің өзара қарым-қатынасы
22. АҚО немесе ТИ қызметкерлермен және мекемеге баратын басқа лауазымды адамдармен кездесу кезінде сотталғандар орындарынан тұрады және амандасады.
23. Сотталғандар АҚО немесе ТИ қызметкерлерiмен "Сiз" деп сөйлеседі, оларды атағы, сондай-ақ аты және әкесінің аты бойынша атайды.
24. АҚО немесе ТИ қызметкерлері сотталғандарға "Сiз" деп сөйлеуі және оларды сотталған азамат сотталған азаматша сотталған деп, бұдан әрi тегi бойынша атаулары тиіс.
25. Мекеме қызметкерлеріне сотталғандармен және олардың туыстарымен қызмет мүддесіне қатысты емес қандай да бір қатынасқа түсуіне, сондай-ақ олардың қылмыстық-атқару заңнамасы мен осы Қағидаларда регламенттелген қызметтерді пайдалануына жол берілмейді.
6-тарау. Күн тәртібі
26. Сотталғандардың осы немесе өзге де құрамымен жүргізілетін жұмыстың ерекшелігін, жыл мезгілін, жергілікті жағдайларды және басқа да нақты мән-жайларды есепке ала отырып, әрбір АҚО-да немесе ТИ-да АҚО немесе ТИ бастығы бекіткен қатаң регламенттелген күн тәртібі (тергеу изоляторларында – қамауда отырған адамдардан басқа) ұйымдастырылады.
27. Күн тәртібіне ұйқыдан тұру уақыты, тексеру, ұйқыға жату, дәретхана, дене жаттығуы, тамақтану, сейілдеу, тәрбие-алдын алу іс-шараларын өткізуі, кездесу бөлмелерінің, дүкеннің, медициналық-санитарлық бөлімшенің жұмыстары, телефонмен сөйлесу кіреді. Күн тәртібінде сотталғандардың үздіксіз сегіз сағаттық ұйқысы мен оларға жеке уақыттың берілуі көзделеді. Сотталғандардың аптасына кемінде бір рет жуынуы қарастырылады. Жуыну күні мен уақыты камера бойынша АҚО немесе ТИ бастығы не оның міндетін атқарушы адам бекіткен кестемен анықталады.
28. Осы Қағидаларға 6-қосымшада көрсетілген сотталғандардың үлгілік күн тәртібіне қарай әзірленген күн тәртібі стенд түрінде ресімделеді және көрінетін жерге (камераларда, карантин бөлімшелерінде) орнатылады немесе ілінеді және мекеме қызметкерлері мен сотталғандардың назарына жеткізіледі.
7-тарау. Тамақтану
29. Сотталғандар үш уақыт ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Сотталғандар тамақты камерада ішеді. Сотталғандарға тамақ дайындауды және беруді күн тәртібінде белгіленген сағатта, камера есігінің желкөздері арқылы АҚО немесе ТИ қызметкерлерінің бақылауымен АҚО-ның немесе ТИ-дің асхана қызметкерлері жүзеге асырады.
30. АҚО немесе ТИ-да ұсталатын сотталғандар және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің балалар үйлеріндегі балалардың тамақ құндылығы мен қуаттылығы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 1255 қаулысымен бекітілген тамақтандырудың заттай нормалары сәйкес болуы тиіс және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды ескере отырып, дайындалады және берiледi.
8-тарау. Сотталғандардың АҚО және ТИ шегінде қозғалу тәртібі
31. Сотталғандардың АҚО немесе ТИ аумағында қозғалуы тек АҚО немесе ТИ қызметкерлерінің айдауылымен жүзеге асырылады.
32. Сотталғандар айдауылмен немесе АҚО немесе ТИ қызметкерлерінің еріп жүруімен қозғалуы кезінде сотталғандар қолын артқа, арқасына ұстап жүреді. Айдауылдау уақытында тоқтаған кезде АҚО немесе ТИ қызметкерінің талабы бойынша тоқтайды және қабырғаға қарай бұрылып тұрады.
9-тарау. Сотталғандардың мінез-құлық қағидалары
33. АҚО-да немесе ТИ-да ұсталатын сотталғандар:
1) осы Қағидалармен белгіленген ұстау тәртібін сақтайды;
2) АҚО немесе ТИ әкімшілігінің заңды талаптарын орындайды;
3) гигиеналық және санитарлық талаптарды сақтайды,
4) күнделікті сейілдеуге шығады (сейілдеуден босатуды медицина қызметкерінің қорытындысы бойынша АҚО немесе ТИ бастығы жүзеге асырады);
5) өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтайды;
6) АҚО немесе ТИ мүлкіне ұқыптылықпен қарайды;
7) кезектілік ретімен камераларда және басқа да үй-жайларда жинастыру жүргізеді;
8) АҚО немесе ТИ қызметкерлерінің, сотталғандардың, сондай-ақ өзге де адамдардың намысына тиетін әрекеттер жасамайды;
9) АҚО немесе ТИ қызметкерлеріне олардың қызметтік міндеттерді орындауда, сондай-ақ қамауда ұстау тәртібін қамтамасыз ететін өзге де адамдарға қарсылық көрсетпейді;
10) осы Қағидамен белгіленген күн тәртібін сақтайды;
11) АҚО немесе ТИ қызметкерлері камераға кірген кезде олардың командасы бойынша орындарынан тұрады және көрсетілген орынға сапқа тұрады;
12) сыртқы пішініне ұқыпты қарайды;
13) АҚО немесе ТИ қызметкерлерінің, өзге де лауазымды адамдардың талабы бойынша өзінің тегін, атын, әкесінің атын (болған кезде), Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚК) қай бабы бойынша сотталғанын, мерзімін, басталу мен аяқталу мерзімін хабарлайды;
14) ретімен камерада кезекшілік етеді.
34. Камера бойынша кезекші (сотталған):
1) АҚО немесе ТИ қызметкері камераға кірген кезде камерадағы сотталғандардың саны туралы баяндайды;
2) камералық мүкаммалдың, жабдықтың және басқа да мүліктің сақталуын қадағалайды;
3) камерада ұсталатын адамдар үшін ыдыс алады және оны өткізеді;
4) камерадағы тазалыққа қарайды;
5) камерада еден сыпырады және жуады, камерадағы санитарлық торапты, сейілдеу аяқталған соң сейілдеу ауласын жинайды.
35. Сотталғандарға тиым салынады:
1) АҚО-ның немесе ТИ-дің күн тәртібін бұзуға;
2) сөйлесулер жүргізуге, басқа камераларда немесе АҚО-ның өзге де үй-жайларында ұсталатын адамдарға қандай да бір заттар беруге, тықылдатуға, хат жазысуға, олармен кез келген тәсілмен байланыс орнатуға;
3) сөйлесулер жүргізудің, қандай да бір заттарды берудің және бостандықтағы немесе бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуші адамдармен хат жазысудың белгіленген тәртібін бұзуға;
4) әкімшіліктің рұқсатынсыз камерадан немесе басқа үй-жайлардан шығу;
5) күзет объектілері, не АҚО немесе ТИ аумағының шекарасы желісін бұзуға;
6) рұқсат етілмеген заттарды сатып алуға, жасауға, қолдануға және сақтауға;
7) карта ойнауға, сондай-ақ материалдық немесе өзге де пайда табу мақсатында, үстел ойындарын ойнауға;
8) өзіне немесе өзге де адамдардың денесіне сурет салуға;
9) әкімшіліктің рұқсатынсыз жатын орындарына перде ілу және жатын орндарын ауыстыруға;
10) қолдан жасалған электр құрылғыларын пайдалануға;
11) электр құрылғыларын әкімшіліктің рұқсатынсыз пайдалануға;
12) камерада от жағуға;
13) тамақ дайындауға;
14) камераларда арнайы тағайындалмаған орында және уақытта (темекі тарту орынын АҚО немесе ТИ әкімшілігі анықтайды) темекі тартуға;
15) медициналық алдын алу тексеруден өтуден бас тарту және жалтаруға;
16) жануарлар, құстар, балықтар, жәндіктерді ұстауға;
17) АҚО немесе ТИ әкімшіліктің рұқсатынсыз сантехникалық, жарықтандыруға және басқа да құралдарды жөндеу жүргізуге немесе жарықты ретке келтіруге;
18) камерадағы санитарлық торапты әдейі ластауға;
19) камерада киім, аяқ киім және іш киімдерді жууға;
20) АҚО-да немесе ТИ-де ұсталатын сотталғандардың негізі құқықтары мен міндеттері туралы ақпаратты камера қабырғасынан алып тастауға;
21) қабырғаларға, камералық мүкаммалға қағаздар, фотосуреттер, суреттер, газет, журналдар қиындыларын жапсыру, оларға жазу және сурет салуға;
22) камера есігіндегі көзшеден қарауға, АҚО немесе ТИ аумағы бойынша қозғалу кезінде дабыл сигнализациясының түймесін басуға;
23) қандай да бір затты терезеден тастауға, терезенің алдына шығуға, желкөзден қарауға, есіктің "көзшесіне" жақын тұруға, "көзшені" жабуға;
24) медицина қызметкерінің ұсынуымен АҚО немесе ТИ бастығының рұқсатынан басқа күн тәртібінде ол үшін бөлінбеген уақытта жатын орынында болуға;
25) АҚО-да немесе ТИ-да жеке пайдаланатын заттарды сатуға, сыйға тартуға немесе өзге де тәсілдермен иеліктен шығаруға.
10-тарау. Камераларға орналастыруды ұйымдастыру, қамаққа сотталғандардың бар-жоғын тексеру тәртібі
36. Сотталғандарды камераларға орналастыру АҚО немесе ТИ бастығы не оны алмастыратын адам бекіткен осы Қағиданың 7-қосымшасына сәйкес камералар бойынша орналастыру жоспары негізінде Қазақстан Республикасы ҚАК-тің 85-бабының талаптарына сәйкес жедел және медициналық қызметкерлердiң келiсiмi бойынша жүзеге асырылады. Сотталғандарды камера бойынша орналастыруды кезекші жүргізеді.
37. Науқас сотталғандарды орналастыру медицина қызметкерлерінiң келісімі бойынша жүргізіледі. Жұқпалы ауруының болуына күдікті адамдар карантинге бөлiнген камераларға орналастырылады. Карантин мерзiмi медициналық көрсеткiштер бойынша белгiленедi. Жұқпалы аурумен ауыратын немесе ерекше медициналық күтiмдi және қадағалауды қажет ететiн аурулар басқа сотталғандардан бөлек орналастырылады.
38. Ерлер, әйелдер, сондай-ақ бұрын жазасын өткерген және соттылығы бар адамдар бөлек ұсталады. Сотталған соттар, құқық қорғау, арнайы мемлекеттік органдардың бұрынғы қызметкерлері, сотталғандардың мінез-құлқына бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті адамдар басқа сотталғандардан оқшау ұсталады.
39. Сотталғандар осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес жалпы камераларды жабдықтауға қойылатын талаптарға сәйкес құлыппен жабылатын жабдықталған жалпы камераларда ұсталады. Сотталғандарды бір адамдық камераларға орналастыру прокурормен санкцияланған АҚО немесе ТИ бастығының дәлелдi қаулысы бойынша осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша:
1) заңнамада көрсетiлген бөлек орналастыру талаптарын сақтауды қамтамасыз етудiң өзге мүмкiндiгi болмаған;
2) өмiр сүру және денсаулық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуде мүдделі сотталушының жедел қызмет қол қойған жеке ұстау туралы жазбаша өтiнiш болғанжағдайларда жол беріледі.
40. Осы Қағидалардың 37, 38-тармақтарында көрсетiлген оқшаулау тәртiбi сотталғандардың барлық орын ауыстыруы, оның ішінде АҚО және ТИ аумағы бойынша қозғалу, тінту іс-шараларын жүргізу, сейілдеу, санитарлық өңдеу, адвокатпен кездесу кезінде қамтамасыз етiлуi тиіс.
41. АҚО-да немесе ТИ-да сотталғандардың бар-жоғын тексеруді камералар бойынша кезекші күн тәртібінде белгіленген уақытта күн сайын таңертең және кешке жүзеге асырады. Сотталғанның жоқтығына күдік туған жағдайда қосымша тексерулер жүргізіледі.
42. Тексеріс әрбір сотталған адамға ашылған, фотосуреті бар осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша камералық карточкамен жүргізіледі, онда тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, сотты болған Қылмыстық кодексінің баптары, қамауға алу түріндегі жаза мерзімі, мерзімінің басталуы мен аяқталуы, АҚО-ға немесе ТИ-ға келген күні көрсетіледі.Картотеканы кезекші жүргізеді және сақтайды.
Профилактикалық есепке қойылған сотталғандардың тексеру камералық қарточкаларына ажырату жолақтары: қызыл түс – қашуға бейім сотталғандар үшін; қара түс – профилактикалық есепке алудың қалған түрлері үшін қойылады.
43. Қашуға бейім ретінде профилактикалық есепте тұрған сотталғандарды тегі бойынша карточкалық тексеру қосымша әрбір екі сағат сайын жүзеге асырылады.
11-тарау. Сотталғандарды сейілдеуге шығару
44. Сотталғандар күнделікті ұзақтығы бір жарым сағаттан аспайтын сейілдеуді пайдаланады. Сейілдеу ұзақтығын күн тәртібін, ауа райын, АҚО немесе ТИ сыйымдылығын және басқа да мән-жайларды ескере отырып, АҚО немесе ТИ әкімшілігі белгілейді.
45. Сейілдеу сотталғандарға көбіне тәуліктің жарық уақытында беріледі. Әртүрлі камераларда ұсталатын адамдарды сейілдеуге шығару уақыты жылжымалы кесте бойынша белгіленеді.
46. Сейілдеу аулаларының аумағында жүргізіледі, оларды жабдықтауға қойылатын талаптар осы Қағидаларға 11-қосымшада көрсетілген. Сейілдеу аулалары отыруға арналған орындықтармен және жауыннан қорғайтын бастырмалармен жабдықталады.
47. Сейілдеуді мерзiмiнен бұрын тоқтату үшін сотталғандар сейілдеуді өткізуге жауапты адамға тиісті өтінішпен жүгінеді, ол АҚО немесе ТИ бастығына немесе оның орынбасарына жеткізеді. Көрсетілген лауазымды адам өтініштің мәні бойынша шешім қабылдайды.
12-тарау. Хат алмасуды, ақша аударымдарын ресімдеуді жүзеге асыру тәртібі
48. Сотталғандар өз қаражаты есебінен айына бір рет хаттар мен жедел хаттар алады және жібереді. Хат-хабарларды алу мен беру тек АҚО немесе ТИ әкімшілігі арқылы жүргізіледі.
49. Сотталғандарға ұсыныстар, арыздар және шағымдар жазу үшін олардың өтініштері бойынша жазу керек-жарақтар (қағаз, қаламсап) беріледі.
50. АҚО немесе ТИ қызметін бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға жолданған хаттар мен өтініштерді қоспағанда, хаттар мен өтініштер АҚО немесе ТИ әкімшілігінің өкіліне жабылмаған түрде беріледі, олар цензураға жатпайды және бiр тәулiк мерзімнен кешiктiрiлмей (демалыс және мереке күндерiн қоспағанда) тиесiлігi бойынша жiберiледi.
51. Сотталғандар жеделхат бланкілерін толтырғаннан кейін, оларды әкiмшiлiк келесi күннен кешiктiрмей жолдауды жүзеге асырады. Жеделхаттарды жiбергені үшiн ақша төленгенi туралы түбіртек сотталғанның жеке iсiне ол оған қол қойған соң тiгiледi.
52. Сотталғандардың хат алысуы цензураға жатады. Сотталғандардың өзге шарттылықтарды немесе сотталғандарға тән лексиканы қолдана отырып, құпия жазулармен, шифрмен жазылған, сондай-ақ арсыз сипаттағы не мемлекеттiк, қызметтiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi қамтитын хаттары және олардың атына келген хаттар адресатқа жiберiлмейдi және сотталғанға берiлмейдi. Бұл туралы сотталғанға қол қойғыза отырып, хабарланады және хат-хабарлар жойылады. Осы тәртiп осыған ұқсас мазмұндағы жеделхаттарға да қолданылады.
53. Сотталғандарға келiп түскен ақша аударымдары олардың жеке шоттарына аударылады.
54. Өтiнiштерді қарау нәтижелері бойынша келіп түскен жауаптар сотталғандарға келіп түсуіне қарай, бірақ үш жұмыс күндік мерзімнен кешіктірілмей қол қойғыза отырып, хабарланады және олардың жеке iстерiне тiркеледi.
13-тарау. Сотталғандарды жеке қабылдау тәртібі
55. Сотталғандарды жеке қабылдауды АҚО бастығы немесе оны алмастыратын не оларға уәкiлеттi адамдар демалыс және мереке күндерiнен басқа уақытта күн сайын жұмыс уақытында АҚО-ның немесе ТИ-дің бастығы бекіткен кесте бойынша жүзеге асырады.
Қабылдауға алынған сотталғандарды олар өтініш жасаған мәселелерді және оларды қарау нәтижелерін көрсете отырып, есепке алу осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сотталғандар мен өзге де адамдарды жеке мәселелер бойынша қабылдау журналында жүргізіледі, оның мазмұнымен АҚО немесе ТИбастығы күн сайын танысады.
56. Жеке қабылдау сотталғандардың алдын ала өтiнiші бойынша жүзеге асырылады.
Қабылдау туралы өтiнiш АҚО немесе ТИ бастығының немесе оны алмастыратын адамның атына жазбаша немесе ауызша беріледі және оларды беру кезектілігі тәртiбiмен жеке қабылдау журналына сотталушы өтінішпен жүгінген лауазымды адамды көрсете отырып, тіркеледі. Қабылдау өтiнiштердiң берiлу кезектiлiгі тәртiбiмен жүргізіледі. Қабылдау аяқталған соң жеке қабылдау туралы өтiнiште оның нәтижесi тіркеледі. Өтiнiш сотталғанның жеке iсiне тiгiледi.
57. Жоғары тұрған қылмыстық-атқару жүйесі органдарының қызметкерлері АҚО-ға немесе ТИ-ға бару кезінде олардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша сотталғандарды қабылдауды жүргізеді. Көрсетілген адамдар қабылдайтын сотталғандарды есепке алу журналдың екінші бөлігінде жүргізіледі.
58. АҚО немесе ТИ бастығы немесе оларға уәкілетті адам қабылдау кезінде қабылданған шешімдердің орындалуын кемінде айына бір рет тексереді.
59. АҚО немесе ТИ бастығы, оның орынбасарлары сотталғандардың туыстарын немесе өзге адамдарды жеке қабылдауды келушiлер бөлмесiне iлiнетiн кесте бойынша жүргізеді. Сотталғандардың туыстарын немесе өзге азаматтарды жеке қабылдау нәтижелерi журналда белгiленедi.
14-тарау. Кездесулер, телефон арқылы сөйлесулер беру тәртібі
60. Сотталғандарға білікті заң көмегін алулары үшін олардың жазбаша немесе ауызша өтініштері бойынша адвокаттарымен санын, ұзақтығын шектеусіз және оның құпиялылығын қамтамасыз ететін жағдайларда кездесулерұсынылады. Адвокаттың жеке басын куәландыратын құжаты, адвокатураға қатысын растайтын лицензиясы болған жағдайда сотталғанмен кездесу беріледі. Кездесу АҚО немесе ТИқызметкеріне сотталған мен адвокатты көретіндей, бірақ оларды естімейтіндей жағдайда жүргізіледі.
61. Сотталғандармен кездесуге рұқсат алған адамдарға тексеру жүргізіледі, оларға АҚО-ға немесе ТИ-ға техникалық байланыс құралдарын, компьютерлерді, кино-, фото-, аудио-, бейне- және көбейту аппаратураларын алып кiруге және оларды кездесу кезiнде пайдалануға жол берілмейді.
62. Сотталғанға қандай да бiр нәрселер, заттар, азық-түлік беруге не одан алуға әрекет ету, сондай-ақ адвокатқа қылмыс және өзге де құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін мәлiметтерді қамтитын қандайда бір заттар беруге не одан алуға әрекет еткен кезде кездесу мерзімінен бұрын тоқтатылады.
63. Кездесу мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда АҚО-ның немесе ТИ-діңоның жүргізілуіне жауапты қызметкері кездесуді тоқтау себебін көрсете отырып, АҚО немесе ТИбастығына жазбаша түрде баяндайды.
64. Сотталғандармен кездесу тоқтатылған жағдайда (эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізуге, ерекше жағдай режимін енгiзуге байланысты және басқа себептер бойынша) АҚО немесе ТИ бастығы бұл туралы АҚО-да немесе ТИ-дазаңдылықтың сақталуын қадағалаудыжүзеге асыратын прокурорға хабарлайды, келуші адамдар үшiн қабылдау бөлмесiне хабарлама iлiнедi.
65. Жұбайы (зайыбы), жақын туысы қайтыс болған немесе науқастың өміріне қатер төндіретіндей қатты ауырған, оның отбасына айтарлықтай материалдық залал келтірген дүлей зілзала болған жағдайларда және жеке сипаттағы өзге де айрықша мән-жайларда өзінің жеке қаражаты есебінен жұбайымен (зайыбымен), жақын туыстарымен телефон арқылы сөйлесу беріледі.
Сотталған адам еркін нысанда телефонмен сөйлесуге рұқсат өтiнiш жазады, онда абоненттiң мекенжайы, телефон нөмірi, негізі (жеделхат, хат) және сөйлесу ұзақтығы 15 минутқа дейін көрсетiледi. Қалааралық телефон сөйлесулерiнiң төлемi сотталғандардың жеке есеп шотында қолма-қол ақшалайқаражат болған кезде қолданыстағы тарифтер бойынша жүзеге асырылады. Таксофон бойынша телефонмен сөйлесулердің төлемі сотталғанның таксофондық карточкасымен жүргізіледі. Сотталған камерадан АҚО-ның немесе ТИ-діңбақылаушысының айдауылы арқылы телефон немесе таксофондық аппаратқа шығарылады және телефон сөйлесулері АҚО немесе ТИәкімшілігінің бақылуымен өткізілетіні туралы ескертіледі.
66. Телефонмен сөйлесу өткізілгеннен кейін АҚО-ның немесе ТИ-діңсөйлесуді өткізуге жауапты қызметкері өтінішке болған не қандай да бір себеппен болмаған телефонмен сөйлесулер туралы белгі қояды. Одан кейін өтініш тіркеу және тиісті номенклатуралық іске енгізу үшін кездесу бөлменің бақылаушысына беріледі. Егер сөйлесулерді кезекші кешкі уақытта (сағат 19-дан 20-ға дейін) өткізген жағдайда, өтініш кездесу бөлмесіне келесі күні тапсырылады.
67. Қылмыстық-атқару жүйесінің басқа мекемелерiнде ұсталатын сотталғандармен телефон арқылы сөйлесуге рұқсат етілмейді.
68. Сөйлесу, телефон немесе таксофон аппаратын пайдаланудың көрсетілген тәртібі бұзылған жағдайда сөйлесулер дереу тоқтатылады.
15-тарау. Сотталғандарға көтермелеу мен жазалау шараларын қолдану
69. Міндеттерін үлгілі орындағаны, жазаны өтеудің белгіленген тәртібін сақтағаны үшін және ҚАК 128-бабына сәйкес сотталғандарға көтермелеу шаралары қолданылады.
70. Көтермелеу АҚО немесе ТИ бастығының дәлелді қаулысымен қолданылады.
71. Қамаққа алу түріндегі жазаны өтеу кезінде белгіленген тәртіпті бұзғаны үшін АҚО немесе ТИ бастығының дәлелді қаулысымен осы Қағидағаларға 13-қосымшаға сәйкес сотталғанға жаза қолданылады және қамаққа алу түріндегі жазаға сотталғандардың жазаларын есепке алу журналында осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысана бойынша тіркеледі. Жазалау қолдану туралы материалдар сотталғандардың жеке істеріне тігіледі.Айыпталушы сотталғанға сол бір заң бұзушылық үшiн біреуден артық жаза қолданылмайды.
72. Заңда және осы Қағидаларда белгіленген талаптарды орындамағаны үшін сотталғандарға ҚАК 131-бабына сәйкес жазалау шаралары қолданылуы мүмкін.
73. Жаза сотталғанның заң бұзушылық жасау мән-жайын және сотталғанның мінез-құлқын ескере отырып қолданылады. Жаза заң бұзушылық анықталған күннен бастап он тәуліктен кешіктірілмей, ал егер оған байланысты тексеру жүргізілсе – ол аяқталған күннен бастап, бірақ заң бұзушылық жасалған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей қолданылады. Жаза дереу орындалады, ал оны дереу қолдану мүмкін болмаған кезде – оны қолданған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қолданылады.
74. Жазалау шараларын қолдануға дейін сотталғаннан жазбаша түсініктеме алынады, түсініктемені беруден бас тартқан жағдайда ол туралы тиісті акт жасалады.
16-тарау. Сотталғандарға бас бостандығынан айыру орындарының шегінен тыс жерге шығулар беру тәртібі
75. АҚО немесе ТИ шегінен тысқа шығуға рұқсатты сотталғанның жазбаша өтініші негізінде АҚО немесе ТИ бастығы береді.
76. Қысқа мерзімді шығуға рұқсат туралы өтінішке ҚАК-тің 86-бабында көрсетілген айрықша жеке мән-жайлардың болуын растайтын құжаттар қоса беріледі: денсаулық сақтау органдарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының анықтамасы мен олардың берілген орны бойынша ішкі істер органдары куәландырған басқа да ресми құжаттар.
77. Қысқа мерзімді шығуға рұқсат алған сотталғанға осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша куәлік беріледі, оған шығу тәртібі түсіндіріледі.Жазаны өтеуден жалтарғаны үшін Қазақстан Республикасы ҚК-нің 427-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік туралы ескертіледі, ол туралы осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ол қолхат береді.
Жолға шығуға байланысты шығыстарды өз қаражаты есебінен төлеуге сотталғанның жазбаша өтініші негізінде АҚО немесе ТИ бухгалтериясы береді.
78. Жол жүру билетін сотталғанның өзі алады, мұндай мүмкіндік болмаған жағдайда АҚО немесе ТИ әкімшілігі оған көмек көрсетеді.
79. Межелі жерге жеткен сотталған тәулік ішінде ішкі істер органының кезекші бөліміне, ал ауылдық жерлерде – полицияның учаскелік инспекторына келеді, келгені туралы белгі үшін куәлік береді, келген мақсатын, мерзімі мен келген жерін, кету уақытын хабарлайды. Қысқа мерзімді шығу аяқталған кезде сотталған ішкі істердің сол органына АҚО-даннемесе ТИ-дың орналасқан жеріне кетуі туралы белгі үшін куәлік ұсынады. АҚО-ға немесе ТИ-ға кету кезінде түнгі немесе таңертең ерте уақыт белгі кетерден бір күн уақытта қойылады. Келу және кету уақыты туралы белгі ішкі істер органының мөрімен куәландырылады.
80. АҚО-ға немесе ТИ-ға қайтып оралғаннан кейін сотталған куәлігі мен жол жүру билетін көрсетеді. Сотталған адамның белгiленген мерзiмде шығуын қиындататын күтпеген мән-жайлар туындаған жағдайда, сотталған адам орны бойынша iшкi iстер органы бастығының қаулысымен АҚО-ға немесе ТИ-ға оралу мерзiмi АҚО немесе ТИ әкiмшiлiгiн бұл туралы міндетті түрде дереу хабардар ете отырып, бес тәулiкке дейiн ұзартылады.
81. Шығу кезінде сотталған ауырып қалған және емдеуге жату қажет болған жағдайда сотталған немесе оның жұбайы, ата-анасы немесе жақын туыстары сотталған жазасын өтеп жатқан АҚО немесе ТИ әкімшілігіне және болған жері бойынша ішкі істер органына бұл туралы сол күні хабарлайды. Мұндай жағдайда сотталған денсаулық сақтау органының ең жақын орналасқан медициналық мекемесіне жіберіледі. Емдеу аяқталған соң және шығарғаннан кейін сотталған жазасын өтеу орнына барады.
82. Есі дұрыстығын жоққа шығармайтын психикасының бұзылуынан (ауыруынан) зардап шегетін сотталғандарға АҚО немесе ТИ шегінен тыс жерге шығуға туыстарының еріп жүруімен рұқсат етіледі.
17-тарау. Қамаққа алу түріндегі сотталғандарды тәртіптік изоляторларда ұстау жағдайлары
83. Тәртіптік изоляторға жабу АҚО немесе ТИ бастығының қаулысы және сотталғанның тәртіптік изоляторда болу мүмкіндігі туралы медицина қызметкерінің қорытындысы негізінде жүзеге асырылады.
84. Сотталғандары тәртіптік изоляторда ұстау жалғыз адамдық. Тәртіптік изоляторда сотталғандар жеке жатын орынмен және тек ұйықтар кезде белгіленген уақытқа төсек жабдықтарымен қамтамасыз етіледі. Сотталғандарға тәртіптік изоляторда ұстауда болған кезеңінде хат алмасу, тамақ өнiмдерi мен бiрiншi кезекте қажеттi заттарды сатып алуға, хаттар, сәлемдемелер, сауқаттар, бандерольдар алуға, үстел ойындарымен, кітап, газет, журнал және басқа әдебиеттерді пайдалануға тыйым салынады. Сауқаттар, сәлемдемелер мен бандерольдар сотталғандарға тәртіптік изоляторда болу мерзімі аяқталғаннан кейін беріледі.
Сотталғандарды тәртіптік изолятордан мерзімінен бұрын босатуға медициналық көрсеткіштер немесе прокурордың талабы бойынша босатылған жағдайларды қоспағанда жол беріледі.
85. Тәртіптік изоляторға қамалған сотталғандарға өзімен бірге сүлігіден, сабын, тіс ұнтағы, пастасы, тіс щеткасы, табак өнімері мен сіріңкеден басқа тамақ өнімдерін, жеке заттарын алып жүруге рұқсат етілмейді. Тәртіптік изоляторда ұсталатын сотталғандар тек сейілдеу уақытында ғана темекі шегеді. Сотталғандардың тәртіптік изолятор камераларында темекі шегуіне жол берілмейді. Табак өнімдері, оттық, сіріңке күн тәртібіне сәйкес сотталғандарды сейілдеуге шығару кезінде беріледі және тәртіптік изолятордың сақтау камераларындағы арнайы жабдықталған шкафта (жәшікте) сақталады.
86. Сотталғандардың тамақ өнімдері қоймаға өткізіледі және жазалау шараларын өтеп болған соң беріледі. АҚО немесе ТИ әкімшілігі олардың сақталуына қажетті шаралар қабылдайды, алайда табиғи себептерге байланысты тамақ өнімдері ұзақ сақтау нәтижесінде бұзылса, бұл туралы комиссиялық акт жасалады (ерікті нысанда) және олар жойылады.
87. Сотталғандарды тәртіптік изоляторға және бір адамдық камераларға қабылдау кезінде толық тінту жүргізіледі, содан соң осы үй жайларға бекітілген киімдерді киеді.
88. Сотталғандардың тамақтануы тәртіптік изолятордың камераларында жүргізіледі.
89. Тәртіптік изоляторларда ұсталатын сотталғандарды медициналық тексеру мен амбулаторлық емдеу арнайы жабдықталған үй-жайларда жүзеге асырылады. Санитарлық өңдеу басқа сотталғандардан бөлек жүргізіледі.
90. Тәртіптік изоляторға жабылған сотталғандарға төсек жабдықтары ұйықтау кезінде ғана беріледі.
91. Тәртіптік изоляторларды жинау және кезекшілік әрбір сотталғанға кезегімен жүктеледі. Кезекшінің міндеттерін АҚО немесе ТИ әкімшілігі белгілейді. Бір адамдық камераларды жинауды онда ұсталатын адамдар жүзеге асырады.
92. АҚО немесе ТИ бастығы болмаған кезде жасалған қылмыстыңнемесе режимді қасақана бұзудың жолын кесу мүмкін болмаған жағдайда, сотталғандар бірақ АҚО немесе ТИ бастығы келгенге дейін кезекшінің қаулысымен тәртіптік изоляторларға,бірақ 24 сағаттан артық емес орналастырылады. Мұндай изоляция тәртіптік жаза болып табылмайды.
18-тарау. Сотталғанның жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету
93. Сотталғандар мен басқа да адамдардың тарапынан сотталған адамның өміріне, денсаулығына не қадір-қасиетіне қауіп туындағаны туралы сотталған жазбаша немесе ауызша өтініш жасаған жағдайда АҚО немесе ТИ бастығы қатерді жою үшін, оның ішінде сотталғанды қауіпсіз жерге ауыстыру немесе алып жүру арқылы дереу шаралар қабылдайды.
Сотталған адамның өміріне, денсаулығына не қадір-қасиетіне қауіп туындағаны анықталған кезде оның келісіміне қарамастан АҚО немесе ТИ әкімшілігі оны жою бойынша оның ішінде сотталғанды қауіпсіз орынға ауыстыру арқылы дереу шаралар қабылдайды.
94. Екі және одан көп сотталған адамға қауіп туындағаны анықталған жағдайда, АҚО немесе ТИ әкімшілігі қауіп көзін оның келісіміне қарамастан, қауіпсіз орынға ауыстыру бойынша дереу шаралар қолданады.
95. Сотталған адамды қауіпсіз орынға ауыстыру АҚО немесе ТИ бастығының қаулысы бойынша отыз тәулікке дейінгі мерзімге жүргізіледі.
Бастық болмаған жағдайда, сотталған адамды қауіпсіз орынға ауыстыру туралы шешімді кезекші ол келгенге дейін қабылдайды, бірақ жиырма төрт сағаттан аспауы тиіс.
96. Сотталған адамның қауіпсіз орында болуын отыз тәулікке дейінгі мерзімге ұзарту АҚО немесе ТИ бастығының прокурормен келісілген қаулысы бойынша жүзеге асырылады.
97. Қауіп сақталған кезде осы Қағидалардың 93 және 94-тармақтарында көрсетілген АҚО немесе ТИ әкімшілігі сотталған адамды жазасын одан әрі өтеуі үшін өзге АҚО-ға немесе ТИ-ға жіберу бойынша шаралар қабылдайды.
98. Қауіпсіз орынға ауыстырылған сотталған адам оны қауіпсіз орынға ауыстырылғанға дейін өзіне айқындалған ұстау жағдайларында жазасын өтейді.
99. АҚО немесе ТИ бастығы қауіпсіздік шараларын қолдану туралы шешімді қабылдайтын және оларды қылмыстық сот ісін жүргізудің қатысушысы болып табылатын сотталған адамға қатысты жүзеге асыратын органдарға жәрдем көрсетеді.
19-тарау. Материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету
100. Сотталғандарды киім-кешек мүлітерімен, төсек мүліктерімен және материалдық-тұрмыстық жағдайлармен қамтамасыз ету айыпталушыларды, сотталғандарды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 1255 қаулысымен бекітілген "Сотталғандарды және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің балалар үйлеріндегі балаларды материалдық-тұрмыстық жағдайдларымен, арнайы киім үлгісімен және тегін жол жүру, жол жүру кезінде азықпен қамтамасыз ету Ережелеріне" сәйкес жүзеге асырылады.
Сотталғандар заттай мүлікпен қамтамасыз етілмейді, оларға бір түсті қара, қою көк, қою қоңыр,қою жасыл немесе сұр түсті азаматтық үлгідегі заттай мүлікке рұқсат етілген.
101. Сотталғандарға апта сайын ауыстырылатын төсек жабдықтары беріледі, сондай-ақ апта сайын сотталғандарға ұзақтығы 30 минут моншада жуыну мүмкiндiгі берiледi.
102. Сотталғандардың қырынатын құралдарын сақтау мен есепке алуды АҚО немесе ТИ әкімшілігі жүзеге асырады, оларды сотталғандарға беру күн тәртібінде белгіленген уақытта жүргізіледі.
103. Үстел ойындары бiр камераға бiр жинақ есебінен берiледi.
104. АҚО немесе ТИ кiтапханасынан газеттер олардың келiп түсуіне қарай бiр камераға бiр газеттен берiледi. АҚО-ның немесе ТИ-дің кiтапханасынан кiтап және журнал айырбастау аптасына бiр рет жүргiзiледi.
105. Тамақ өнімдерін, бірінші кезекте қажет заттар мен өндiрiс тауарларды сатып алғысы келетiн адамдар АҚО немесе ТИ бастығының атына осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш жазады.
АҚО немесе ТИ дүкенінiң қызметкерi тауар сатып алғысы келген сотталғандардың жеке есеп шоттарында ақшасының бар-жоғын қаржымен қамтамасыз ету қызметінен тексередi. Сатып алынған тауарлар камераларға таратылады және қол қойғыза отырып берiледi.
106. Жұмыс күні аяқталғаннан кейін дүкен қызметкері аванстық есеп жасайды және өтініштермен қоса оны есеп шоттардан ақша алу үшін қаржымен қамтамасыз ету қызметіне тапсырады.
Тамақ өнімдерін және бірінші кезекте қажет заттарды алуға арналған өтiнiштiң және қолхаттың негiзiнде олардың бағасы сотталғандардың жеке шоттарынан шегеріледі.
АҚО немесе ТИ әкiмшiлiгi сотталғандардың тамақ өнімдері мен бірінші кезекте қажет заттарды сатып алуға жұмсаған ақшаның саны туралы оның жеке iсiне белгi қояды.
20-тарау. Сотталғандарға сауқаттар, сәлемдемелер мен бандерольдар қабылдау және беру тәртібі
107. Сотталғандарға жолданған сауқаттар, сәлемдемелер мен бандерольдарды қабылдау осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес жиһаздар тізбесіне және сәлемдемелерді қабылдау бөлмелерінің мүккамалына сәйкес жабдықталған АҚОнемесе ТИ үй-жайында жүзеге асырылады.
108. Сотталғандарға ҚАК 86-бабына сәйкес айына бір рет бірінші кезекте қажетті заттар мен маусым бойынша киім салынған сауқаттар, сәлемдемелер, бандерольдар алуға рұқсат етіледі, олардың салмағы Қазақстан Республикасының Ақпарат және Комуникация Министірінің 2016 жылдың 29 шілде айындағы № 65 бұйрығына сәйкес (Мемлекеттік тіркеу реестірінде нормативтік құқықтық актілерді тіркеу реестірінің № 14370) көзделген нормадан аспауы тиіс. Сәлемдемелер келушілердің кезек тәртібімен қабылданады. Тізбе сәлемдеме қабылдайтын үй-жайда мемлекеттік және ресми түрде пайдаланылатын орыс тілдерінде ілінеді.
109. Сәлемдемелерді жеткізуші адамдар осы Қағидаларға 19-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада өтініш толтырады және қол қояды. Өтініштің екі данасы да, сәлемдемелер, сәлемдемені жеткізушінің жеке басын куәландыратын құжат АҚО немесе ТИ қызметкеріне беріледі.
110. Сәлемдеменің ішіндегілердің бар-жоғын, салмағын салыстыру мен тексеру осы Қағидаларға 20-қосымшаға сәйкес тамақ және заттай сәлемдемелер мен сауқаттарды тексеру тәртібіне сәйкес сәлемдемені жеткізушінің қатысуымен жүзеге асырылады. Сәлемдеме мен сауқаттардың ішіне салынатын заттардың тізбесі мен салмағы тексеріледі және өтініште белгіленеді. Жеке басын куәландыратын құжат сәлемдемені салыстырып тексеру не ішіндегілерді тексеру аяқталған соң қайтарылады.
111. Сауқатты қабылдаған соң АҚО немесе ТИ қызметкері келушілерге жеке құжаттарын және қабылдап өтініштің бірінші данасынқабылдап алғаны туралы қолхатпен қайтарады, ал екінші данасын сотталған сәлемдемені қабылдап, қол қойған соң оның жеке ісіне тігеді. Анықтама карточкасында осы адамға сәлемдемелерді қабылдағаны туралы белгі қойылады. Сотталған өтінішке қол қоюдан бас тартқан жағдайда онда бұл туралы тиісті белгі қойылады.
112. Сауқаттар келесі жағдайларда берілмейді және әкелушіге қайтарылады.
1) адресат босатылған;
2) сотталған қайтыс болған;
3) сауқаттардың салмағы 2016 жылғы 29 шілдедегі № 65 Пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларында көзделген норма бойынша сәйкес келмеген;
4) сауқатты жеткізуші адам жеке басын куәландыратын құжаты көрсетпеген;
5) сауқаттарды қабылдау өтінішін дұрыс ресімдемеген;
6) сотталғанның өзіне жолданған сауқатты қабылаудан жазбаша бас тартуы болған жағдайларда қабылданбайды немесе келушіге қайтарылады.
113. АҚО-да немесе ТИ-да немесе ауруханада емдеу курсынан өткен адамдарға жолданған сауқаттардың ішіндегіні қабылдау кезінде емдеуші дәрігерлердің ұсынысы ескеріледі.
114. Сауқаттарды ашып және ішіндегіні салыстырып тексерген соң:
1) екі данада тізімдеме жасалады, онда заттар мен өнімдердің атауы мен тізбесі
2) сыртқы белгілері, сапасы,
3) оның ішіндегілерден нақты ненің алынғаны немесеолардың сақтауға берілгені көрсетіледі.
Сақтауға рұқсат етілген заттар, заттектер мен тамақ өнімдері тізілімдемеге қол қоя отырып, сотталғанға беріледі, бірінші данасы оның жеке ісіне, екіншісі номенклутаралық іске тігіледі
115. Анықталған сотталғандардың сақтауына және пайдалануына тыйым салынған заттар, құралдар мен тамақ өнімдерін қайтару себебін көрсете отырып, жеткізуші адамға қайтарылады. Сауқаттан табылған ақша және бағалы заттар Қазақстан Республикасының ҚАК-нің 98 бабының 6 тармағының талабына сай мемлекет кірісіне алынады.
116. Осы Қағидалардың 112-тармағының 1,2,3,4,5,6 тармақшаларында көрсетілген жағдайдаларда сәлемдемелер мен бандерольдар жолдаушыларға "қайтарылуы тиіс" деген белгісі бар төлеммен пошта арқылы қайтарылады.
117. Тәртіптік изоляторларға жабылған адамдардыңмекенжайына келіп түскен сәлемдемелерсауқаттар және бандерольдар қоймаға сақтау үшін өткізіледі және сотталғандарға олардыңтәртіптік изолятордағы мерзімі аяқталған соң тапсырылады.
118. Сотталғандарға одан әрі табыстау үшін сотталғандардың туыстарына не өзге де адамдарға АҚО-ның немесе ТИ-дің қаржымен қамтамасыз ету қызметі арқылы АҚО-ның немесе ТИ-дің дүкенінде сатылымда бар тамақ өнімдері, бірінші кезекте қажетті заттар мен басқа да өндірістік тауарлардың құнын төлеуге мүмкіндікбереді.
Мұндай жағдайда сотталғандардың туысы немесе өзге де адам АҚО-ның немесе ТИ-дің қаржымен қамтамасыз ету қызметіне өзге екі данада өтініш береді, онда тамақ өнімдері мен басқа тауарлардың саны мен салмағы, ол төлегісі келетін құны көрсетіледі және қажетті соманы енгізеді. Сотталғандар сатып алынған тауарды алған соң оның қол қойғыза отырып, бірінші данасы тауардың құнын төлеген адамға, екіншісі данасы сотталғанның жеке істеріне тігіледі. Анықтамалық картотекаға тиісті белгі жасалады.
119. АҚО немесе ТИ әкімшілігі сауқаттардың, сәлемдемелер мен бандерольдардың ішіндегілердің сақталуын қамтамасыз етеді, бірақ бұл заттардың ұзақ сақталуы нәтижесінде табиғи бұзылуына және тексеру кезінде тауарлық түрінің жоғалуына жауап бермейді.
120. Сәлемдемелер, сауқаттар және бандерольдар қабылданғаннан кейін сотталғанға бір тәуліктен кешіктірілмей, ал сотталған қысқа мерзімді демалысқа, емделуге жатуға не тәртіптік изоляторға жабылған жағдайда, ол қайтып келген соң не жазалау шараларын өтеп болған соң табысталады.
121. Сәлемдемелердi, бандерольдарды және хат-хабарларды жеткізуге жауапты АҚО немесе ТИ қызметкері оларды пошта бөлімшесінен алған кезде орамалардың, конверттердің, тапсырыс хаттарының тұтастығын мұқият тексереді. Зақымдар анықталған кезде, екі данада акті жасайды, онда зақымның сипатын жазады және пошта бөлімшесі қызметкеріне қол қойғызады. Бір данасын пошта бөлімшесінде қалдырады, екіншісін жинақтама папкіге тігеді.
21-тарау. Сотталғандарды медициналық-санитариялық қамтамасыз ету тәртібі
122. АҚО немесе ТИ медициналық бөлiмшесiнде сотталғандарды қабылдау АҚО немесе ТИ медициналық бөлiмшесiнiң жұмыс режимiне сәйкес алдын-ала жазба бойынша және медициналық көрсеткіштер бойынша жүргiзiледi. Шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда қабылдау кестеден тыс және кез келген уақытта жүзеге асырылады, сондай-ақ шұғыл жағдайларда сотталғандар денсаулық сақтау органдарының аумақтық емдеу-профилактикалық мекемесіне жіберіледі.
123. Сотталғанның туысқандарынан алынған медициналық препараттарды қабылдау қатаң медициналық көрсеткiштер бойынша және тек АҚО немесе ТИ медицина қызметкерлерiнiң қатаң бақылауымен жүзеге асырылады және медициналық бөлімшеде сақталады.
124. Үздіксіз ем қабылдауды қажет ететін аурумен науқастанған сотталғандар тағайындалған медициналық препараттардың бір тәуліктік нормасын өзімен бірге сақтай алады.
Осы препараттарды сотталғанның қолына тәулікке бөлу туралы мәселені шешу сақтауға арнайы рұқсатты ресімдей отырып, дәрігердің тағайындауына сәйкес қабылданады.
125. Туберкулезден зардап шегетін немесе венерологиялық аурудан емделуден толық курсынан өтпеген сотталғандар, сондай-ақ ЖИТС-пен ауыратын сотталғандар Қазақстан Ресупбликасының Ішкі істер Министірінің 2015 жылдың 7 сәуір күнгі шыққан № 314 бұйрығымен бектілген Тәртібіне сәйкес (Мемлекеттік тіркеу реестірінде нормативтік құқықтық актілерді тіркеу реестірінің № 11206) АҚО-ның немесе ТИ-дің медициналық комиссиясының шешімі бойынша міндетті түрде ем қабылдайды.
126. Сотталғандар өздерiнiң қалаулары бойынша бар ауруына сәйкес денсаулық сақтау органдары қызметкерлері көрсететін ақылы, қосымша емдеу-профилактикалық көмегін алуға болады.
Бұл үшін сотталған АҚО немесе ТИ бастығына тиісті өтінішпен жүгінеді, онда ол алғысы келген қосымша емдеу-профилактикалық көмегінің түрін көрсетеді.
Медициналық маман АҚО-ға немесе ТИ-ге келген кезде сотталғанның сырқатының тиісті түрін емдеуге медициналық қызметпен айналысуға құқығын растайтын құжатты көрсетеді.
Қосымша емдеу-профилактикалық көмегінің түрі және оның көлемі Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министірінің міндетін атқарушының 2010 жылдың 23 қарашасында шыққан № 907 бұйрығына сәйкес (Мемлекеттік тіркеу реестірінде нормативтік құқықтық актілерді тіркеу реестірінің № 6697) сотталғанның медициналық картасында тіркеледі.
Қосымша емдеу-профилактикалық көмектi төлеудi сотталғанның жеке есеп шотынан ақшаны сотталғанның өтiнiшiнде көрсетiлген сомада медициналық мекеменiң не медицина қызметкерiнiң мекенжайына пошта арқылы аудару жолымен АҚО немесе ТИ әкiмшiлiгi жүзеге асырады.
Сотталғандардың қосымша емдеу-профилактикалық көмектің төлемiн өзге адамдар жүзеге асыруы мүмкін.
22-тарау. АҚО-да немесе ТИ-да қайтыс болған сотталғандардың денесін беру тәртібі
127. Сотталғанның қайтыс болғаны туралы АҚО немесе ТИ әкімшілігі оның жақын туыстарына, осы факті бойынша тексеру жүргізетін прокурорға, сондай-ақ басқарманың жоғары тұрған органына дереу жазбаша түрде хабарлайды.
Егер қайтыс болған адамның туыстары АҚО немесе ТИ орналасқан елді мекенде тұрмайтын болса, хабарлама телеграфпен жіберіледі.
Шетелдік азаматтардың қайтыс болғаны туралы Бас прокуратураға, Сыртқы істер министрлігіне, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, сондай-ақ Ішкі істер министрлігінің басшылығына дереу хабарланады. Бұдан басқа қамауда ұстау орындарында заңдардың қолданылуын қадағалауды жүзеге асыратын прокурорға, сондай-ақ қайтыс болған адам азаматты болып табылатын елшілік немесе өзге де мемлекет өкілдігіне жазбаша түрде хабарланады.
128. Қайтыс болған адамның мәйіті патологоанатомиялық зерттеуден, сондай-ақ заңнамада көзделген іс-әрекеттер жүргізілгеннен кейін оны сұраған адамдарға беріледі.Мәйіті сұралмаған қайтыс болған адамды жерлеу мемлекет есебінен жүзеге асырылады.
129. Қайтыс болғанның туыстары мен өзге де адамдарға қайтыс болғаны туралы куәліктіалу тәртібі түсіндіріледі. Жерлеу жабдықтарымен денені сұраған адамдар қамтамасыз етеді. Жерлеу оның есебінен жүзеге асырылады.
130. Егер қайтыс болғанның туыстары немесе өзге адамдар денені алып кетуге уақтылы келе алмайтын болса, олар ол туралы хабарлауы және оны белгіленген мерзімінен тыс сақтағаны үшін құнын төлеуі тиіс.
Қамаққа алу түріндегі жазаны орындауды жүзеге асыратын арнаулы мекемелердің қызметі мен ішкі тәртіптемесін ұйымдастыру қағидаларына 1-қосымша |
|
нысан |
АКТ
20___ж. "___"________________ ____________________________ облысы бойынша
ҚАЖ департаментінің (бұдан әрі - ҚАЖД) арнайы қабылдау орны
Бiз төменде қол қойғандар ___________________________________________________
(лауазымы, атағы, тегі, аты-жөні)
__________________________________________________________________________
Сотталған _________________________________________________________________
(тегі,аты, әкесінің аты, туған жылы, бабы, мерзімі)
__________________________________________________________________________
______________________________ облысы бойынша ҚАЖД арнайы қабылдау орнына
__________________________________________________________________________
(сотталғанның фотосуретінің, сауалнама деректерінің, жеке басын
__________________________________________________________________________
растайтын құжаттардың сәйкес келмейтінін көрсету)
__________________________________________________________________________
қабылдау кезінде осы актіні жасадық.
_______________________________ ___________________________________________
(лауазымы, атағы) (лауазымы, атағы)
_______________________________ ___________________________________________
(тегі,аты-жөні) (тегі,аты-жөні)
Ескерту: акт үш дана жасалады, бірінші данасы сотталғанға үкім шығарған сотқа, екінші данасы ____________ облысы бойынша ҚАЖД-ге жолданады, үшінші данасы сотталғанның жеке ісіне тігіледі.
Қамаққа алу түріндегі жазаны орындауды жүзеге асыратын арнаулы мекемелердің қызметі мен ішкі тәртіптемесін ұйымдастыру қағидаларына 2-қосымша |
Қамаққа алуға сотталғандарға өздерiмен бiрге ұстауға, сауқаттармен, сәлемдемелермен, бандерольдермен алуға және арнайы қабылдау дүкендерiнен сатып алуға рұқсат етiлетiн заттар мен бұйымдардың тізбесі
Қамаққа алуға сотталғандар өздерімен бірге сақтай, жөнелтілімдерден, сәлемдемелерден ала және АҚО немесе ТИ дүкендерінен сатып ала алады:
1) жылытуды талап ететін және сақтау мерзімі өткен тез бұзылатын тамақ өнімдерінен, сондай-ақ ашытқы, алкоголь ішімдіктер мен сырадан басқа тамақ өнімдерін. Тамақ өнімдерінің тізбесі санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің нұсқамасы бойынша шектелуі мүмкін. Сотталғанның өзімен бірге сақталуына болатын тамақ өнімдерінің, бірінші кезекте қажет заттардың, аяқ киімдердің, киімдердің және басқа өндірістік тауарлардың жалпы салмағы 35 килограмнан, оның ішінде кофе мен шай 2 килограмнан аспауы тиіс;
2) Темекi бұйымдары (табак 2 килограмнан, сигарет немесе папирос 20 қораптан аспауы тиіс), сiрiңкелер;
3) бір жиынтықта белбеусіз киім (бір түсті қара, қою көк, қою қоңыр, қою жасыл немесе сұр түсті), иық бау, галстук, сондай-ақ бас киім, маусым бойынша аяқ киім (ұлтарақсыз, метал нәлсіз);
4) бір жиынтықта спорттық костюмдер немесе әйелдер үшін үй халатары (белгіленген үлгідегі киімдерді алған күдіктілер мен айыпталушылардан басқа);
5) іш киiм;
6) шұлық;
7) шұлық немесе шұлықдамбал (әйелдер үшін);
8) қолғап немесе биалай;
9) бет орамалдар;
10) үйге киетiн немесе спорттық аяқ киiм (бір жұбын);
11) тазалық жабдықтары (иiс, шаруашылық сабындары, сұйық сабын немесе шампунь (АҚО немесе ТИ дәрігерінің тағайындауы бойынша), тіс пастасы, тіс щеткасы, сабын мен тіс щеткасына арналған пластмасса құты, кремдер, тарақ);
12) Қалта айна (камерада айна болмаған кезде), электрлiк немесе болмаса біржолғы қауiпсiз ұстара;
13) зат салатын қап немесе сөмке;
14) көзілдірік және көзілдірікке арналған пластмасса қап;
15) үш бұрышты орамал, рейтуздар, белдіктер, бюстгальтер дәкі, шаш қыстырғыш, гигиеналық мақта, косметикалық бұйымдар (әйелдерге арналған);
16) балдақ, ағаш қолтаяқ, протездер, мүгедектер коляскалары, оправасы қымбат емес темірден жасалған көзілдіріктер, көзге салынатын линзалары және оларды күтіп-баптау құралдары (дәрігердің рұқсаты бойынша);
17) зауытта жасалған тұрмыстық электрлі су қайнатқыш;
18) жөке немесе ысқыш;
19) авто қаламсап, оған өзектер, қарындаштар;
20) хат жазатын қағаз, оқушы дәптерi, пошта конверттері, ашық хат, пошта маркасы;
21) тергеу изоляторы дүкенінен (ларектан) сатып алынған дәретхана қағазы;
22) бір жинақта төсек жабдықтары бір қалыпты ақ түсті (екі жайма және жастық қап), сүлгі;
23) көркем және өзге де әдебиеттер, сондай-ақ АҚО немесе ТИ кітапханасынан не оның өзге де әкімшілігі арқылы сауда желісінде алынған мерзімді баспа басылымдары;
24) екіден аспайтын фотокарточкалар;
25) үстел ойындары (дойбы, шахматтар, домино, нардылар);
26) балаларды күтуге арналған заттар (дәрігердің рұқсатымен үш жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге);
27) АҚО немесе ТИ дәрігерлерінің тағайындауы бойынша дәрілік препараттар.
Санамаланғандардан басқа күдіктілер мен жәбірленушілерге құжаттар мен қылмыстық істерге қатысты не олардың құқықтары мен мүдделеріне қатысты мәселелердің іске асырылуына қатысты жазбалар, сондай-ақ пошталық жолдамалардың бланктерін, ақша, құндылықтар мен құжат және басқаларды өткізуде берілген түбіртектерді өзімен бірге алып жүруге және сақтауға рұқсат етіледі.
Осы Қағидаларда көзделмеген нәрселер мен заттар тыйым салынған болып табылады.
Қамаққа алу түріндегі жазаны орындауды жүзеге асыратын арнаулы мекемелердің қызметі мен ішкі тәртіптемесін ұйымдастыру қағидаларына 3-қосымша |
|
нысан |
Қамаққа сотталғанды жеке тінту
хаттамасы
________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
___________________________ жылы туған арнайы қабылдау орнына 20 ____
жылдың "__" _____________жеткізілген
Тінту кезінде барлық жеке заттары қаралды. Бұл ретте:
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________алынды
Тінту бойынша өтініштер мен наразылықтар __________________________________________
________________________________________________________________________________
(егер түссе оның мәні қысқаша мазмұндалсын, ал егер түспесе –
________________________________________________________________________________
"Түскен жоқ" деп көрсетілсін)
________________________________________________________________________________
Тінту кезінде алынғандар хаттамаға толығымен енгізілсін.
Жазбаның дұрыстығын растаймын __________________________________________________
(қамаққа сотталған адамның қолы)
Тінтуді жүргізді: _________________________________________________________________
(тінту жүргізген адамдардың лауазымы, Т.А.Ә.)
________________________________________________________________________________
20___жылғы "__" __________
________________________________________________________________________________
(тінтуді жүргізген адамдардың қолы)
Ескертпе: хаттама екі данада жасалады, бірінші данасы сотталғанның жеке ісіне тігіледі, екінші данасы қамаққа сотталғанға беріледі.
Қамаққа алу түріндегі жазаны орындауды жүзеге асыратын арнаулы мекемелердің қызметі мен ішкі тәртіптемесін ұйымдастыру қағидаларына 4-қосымша |
|
нысан |
Акт
Бiз төменде қол қойғандар комиссия құрамында _______________________________________
(лауазымы, атағы, тегi, аты-жөнi, әкесiнiң аты)
сотталғаннан ____________________________________________________________________
(сақтауға алдық) жүргiздiк (тегi, аты-жөнi, әкесiнiң аты)
(______) _________________________ ақша, бағалы
______________________________________________ азық-түлiктер ҚАК 98-бабына сәйкес
санамаланып көрсетіледі.
Барлығы берiлгенi: _______ бағалы заттардың атауы, ______ ақша,
Азық-түлiктiң, заттардың атауы ____________________________________________________
(саны)
бердiм: __________________ (тегi, аты, қолы)
Қабылдадым: ____________________ (тегi, аты, қолы)
Қатысқандар: ___________________ (тегi, аты, қолы)
20___ жылғы "___" ________
Қамаққа алу түріндегі жазаны орындауды жүзеге асыратын арнаулы мекемелердің қызметі мен ішкі тәртіптемесін ұйымдастыру қағидаларына 5-қосымша |
|
нысан |
Сотталғандардан алынған ақшаны және бағалы заттарды, есепке алу журналы
_______________________________________________
(мекеме атауы)
20__ жылғы _____________басталды
20__ жылғы _____________ аяқталды
№ | Ақша (бағалы зат) алынған сотталғанның тегі, аты-жөні және оларды алудыңмән-жайы | Алынды: ақша (сомасы жазумен және валюта атауы), бағалы зат (сипаты) | Алу күні | Ақша (бағалы зат) алған адамның лауазымы, тегі, аты-жөні | Кезекшінің ақшаны (бағалы зат және алу туралы кесім) қабылдаған күні, қолы | Ақшаны (бағалы зат) АҚО немесе ТИ бухгалтериясына өткізу күні және түбіртек нөмірі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Кестенің жалғасы
Алу туралы актіні және тапсырылған ақшаға (бағалы зат) түбіртекті алған күні және жұмыскердің қолы | Сотталғанның жеке шотына аударылды | АҚО немесе ТИ шотына аударылды |
Тергеу нәтижелері бойынша шешім | ||
8 | 9 |
Ескертпе:
1) журналда сотталғандардан алынған, сондай-ақ АҚО немесе ТИ аумағынан қызметкерлер тапқан ақша мен бағалы заттар есепке алынады;
2) АҚОБКК журналдың уақтында толтырылуы бойынша бақылау жүргізуді қадағалайды.
Қамаққа алу түріндегі жазаны орындауды жүзеге асыратын арнаулы мекемелердің қызметі мен ішкі тәртіптемесін ұйымдастыру қағидаларына 6-қосымша |
Қамаққа сотталғандардың үлгі күн тәртіптемесі
Ұйқыдан тұру – таңғы сағат 7-ден кешікпей.
Дене жаттығу (ерікті түрде) – 15 минутқа дейін.
Дәретхана, төсекті жинау – 20 минутқа дейін.
Таңғы және кешкі тексеру – 40 минутқа дейін.
Таңғы ас – 30 минутқа дейін.
Сейілдеу, медициналық рәсімдерге шығару – 1,5 сағатқа дейін.
Түскі ас – 1 сағатқа дейін.
Жуыну – 2 сағатқа дейін.
Кешкі ас – 30 минутқа дейін.
Жеке уақыты – күн тәртіптемесінде көрсетілмеген іс-шаралардан бос уақытта.
Ұйқыға дайындық – 15 минутқа дейін.
Ұйықтау (үздіксіз) – 8 сағат.
Ескертпе:
1. Күн тәртіптемесі жергілікті жағдайларға, күннің ұзақтығын, жыл мезгілдерін қарамай әрбір АҚО-да немесе ТИ-да жасалады.
2. Карантин бөлімшесінде, тәртіптік изоляторда ұсталатын қамаққа сотталғандардың күн тәртіптемесі бөлек жасалады.
Қамаққа алу түріндегі жазаны орындауды жүзеге асыратын арнаулы мекемелердің қызметі мен ішкі тәртіптемесін ұйымдастыру қағидаларына 7-қосымша |
|
нысан |
Бекiтемiн
Арнайы қабылдау орнының бастығы
___________________________
(атағы, қолы, тегі)
20 __жылғы "___" ________________.
Камера бойынша орналастыру жоспары
Бөлек ұсталады | Камера № | Камерадағы орын саны | Ескерту |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. Сотталған ер адамдар:
а) бірінші рет сотталғандар;
б) бұрын бас бостандығынан айыру орындарында отырғандар (қылмыс құрамына қарамастан) және соттылығы болғандар;
в) сотталғандар сот, құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың бұрынғы қызметкерлері, сотталғандардың мінез-құлқын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға уәкілетті адамдар
2. Сотталған әйелдер:
а) бірінші рет сотталғандар;
б) бұрын бас бостандығынан айыру орындарында отырғандар (қылмыс құрамына қарамастан) және сотты болғандар;
в) сотталғандар сот, құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың бұрынғы қызметкерлері, сотталғандардың мінез-құлқын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға уәкілетті адамдар
3. Тәртіптік изоляторларда ұсталатын сотталғандар.
4. АҚО немесе ТИ медициналық бөлімшесінде жатқан науқас сотталғандар.
5. Жиынтық бөлімше камераларында ұсталатын сотталғандар.
Ескертпе: Камера бойынша орналастыру жоспары кезекші бөлімінде, арнайы қабылдау орны бастығының кабинетінде, жедел бөлімде, арнайы есепке алу, сондай-ақ, режим және күзет бөлiмдерiнде болуы тиiс. Арнайы қабылдау орнының бастығы ___________________________
(атағы, қолы, тегі)
Қамаққа алу түріндегі жазаны орындауды жүзеге асыратын арнаулы мекемелердің қызметі мен ішкі тәртіптемесін ұйымдастыру қағидаларына 8-қосымша |
Жалпы камераларды жабдықтауға қойылатын талаптар
Қамаққа алу түріндегі жазаға сотталғандар ұсталатын камералардың құрылымы сыртқы қоршаған ортадан және бiрiккен үй-жайлардан сенiмдi оқшаулауды қамтамасыз етуi тиiс. Камералардың жоспарлық нысаны есiктiң "көзшесi" арқылы анағұрлым жақсы көрiлуiн қамтамасыз етуi тиiс.
Камералардың есiктерi мөлшері 90 х 200 сантиметр (бұдан әрi - см) екi жақты болады. Есік үш жазықтықтағы жабу механизімінің көмегімен жабылады. Есікке рұқсатсыз енуге тосқауыл қоюға арналған құлып орнатылады. Есіктің сыртқы жағына жабу тетігін қамтамасыз ететін техникалық люк орналастырылады. Қарау қондырғысы камерадан дәліз көрінбеу үшін, еденнен 150 см биіктікте, камераның ішкі жағынан өлшемі 14 x 24 см, дәлізден 3,5 x 4 см сопақша ойық арқылы орнатылады.
Ішкі есіктер шекті дөңгелек және жолақты болат темірден жасалады. Еден деңгейінен 95 см биiктiкте тамақ үлестiруге арналған 18 x 22 cм шағын терезе орнатылады. Шағын терезенің есігі дәліз жаққа ашылуы, көлденең кронштейндер арқылы бекітілуі тиіс.
Есікті жабу үшін аспалы құлыппен бекітілетін ысырманы пайдалану керек. Ысырма болаттан жасалған қорапта орнатылады және жабу кезінде сыртқы есікке тығыз қысылады.
Есіктер камералардың ортасына орналастырылады, камералардың көрінуін жақсарту үшін есік қорабы мен есік қабырғаның ішкі жағына жақынырақ орнатылады. Камералардың есіктері дәліз жағына ашылады, есікте дәліз жағынан қапсырма шеге көзделеді.
Есіктің ашылу бұрышы камераға бір уақытта бір адам кіретіндей етіп орнатылуы тиіс. Осы мақсатта дәліз жағынан есіктің белгілі бір бұрышқа ашылуын қамтамасыз ететін шектеуіш орнатылады. Камералардың есік-құлыптары жапсырмалы-қорапты болуы тиіс. Бұранда құлыптар орнатуға болмайды. Құлып кілтпен үш айналымға, ал есік жабылған кезде автоматты түрде бір айналымға жабылуы тиіс.
Терезелердің көлемі: ені 130-140 см, биіктігі 110-120 метр. Терезе жақтауларын екі жақты (фрамуга) етіп жасау керек. Терезелердің жармаларын және фрамугаларды сенімді бекітілетін құлыптармен жабдықтау керек. Жармаларды терезе қораптарына жасырын бүршігі бар бұрандалы шегемен бекітеді. Терезе ойығының төменгі жағын еден деңгейінен кемінде 160 см биіктікте жасау керек.
Терезе алдының орнына терезе ойықтарында бұрыштары дөңес етіп жасалады. Қызметтік және қосымша үй-жайлардың, камералардың, стационарлық палаталардың барлық терезелеріне сыртқы жағынан металл торлар орнатылады. Бөлу торларының көлемі 12 х 20 см дөңгелек және болат жолақты сым темірден жасалады. Диаметрі 0,2 см кем емес болат дөңгелек сым тордың тік элементтеріне, ал қалыңдығы 0,60 х 0,12 см жолақты болат көлденең элементтерге және торды орауға қолданылады. Тордың дөңгелек сымнан жасалған элементтері жолақ сымның арасына өткізіледі, барлық түйіскен жерлері мықтап дәнекерленеді. Камера жағынан терезеге қол жетпейтіндей, терезе рамасынан кемінде 50 см қашықтықта ішкі жақтан дөңес металл торлар қондырылады.
Жалпы камералар габариттік өлшемі 188 х 65 см екі қабатты темір кереуетпен, бір адамға 40 метр есебінен алынған ағаш үстелдермен және орындықтармен, бір қума метрге 5 орын есебінен алынған киім ілетін шкафпен және жеке қолданылатын тумбалармен жабдықталады. Камералардың барлық жабдықтары еденге бекітілуі тиіс.
Әрбір камерада қолжуғыш пен унитаздан тұратын, камералардың қоршау конструкцияларына мықтап бекітілген санитарлық торап жабдықталады. Ұзындығы 140 см санитарлық торап тұтас қалқамен бөлініп, есікпен жабдықталады.
Барлық камераларда тақтайдан жасалған сырланған едендер жүргізіледі.
Қамаққа алу түріндегі жазаны орындауды жүзеге асыратын арнаулы мекемелердің қызметі мен ішкі тәртіптемесін ұйымдастыру қағидаларына 9-қосымша |
|
нысан |
20___ жылғы "___"______________
Сотталғанды бір адамдық камераға ауыстыру туралы
қаулы
Сотталған_________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
________________________________________________________________________________
(бір адамдық камерада ұстауға негіз болған
________________________________________________________________________________
мән-жайлары көрсетіледі)
________________________________________________________________________________
Қаулы етті:
Сотталған _______________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
одан әрі бір адамдық камераға ауыстырылсын.
_____________ облысы бойынша ҚАЖД ___________ арнайы қабылдау
орнының немесе тергеу изоляторының бастығы
________________________________________________________________________________
(атағы) (қолы) (тегі)
20___жылғы "___" ___________
Қамаққа алу түріндегі жазаны орындауды жүзеге асыратын арнаулы мекемелердің қызметі мен ішкі тәртіптемесін ұйымдастыру қағидаларына 10-қосымша |
|
нысан |
Камералық карточка
№ ____ жеке іс
№ _____ оқшаулау тізімі Бұрын бас бостандығынан айыру
орындарында жазасын өтеген бе
1. Тегі ___________________________________ (иә, жоқ)_______________________________
2. Аты __________________________________________________________________________
3. Әкесінің аты (бар болған жағдайда)________________________________________________
4. Туған жылы _______________________ (Ауыстырылуы туралы мәлімет)
5. ҚР ҚК-нің ___________ бабы бойынша
________________________________________________________________________________
тартылған камераның № _______ Күні қолы
6. Бұрын ________ рет __________________________________________________
_____________________ баптары бойынша ___________________________________________
сотталған __________________________________________________
7. АҚО немесе ТИ келген күні ____________________________________________
_____________________________________ __________________________________________
8. "__" ____ 20__ жылы _____ мерзімге
сотталған _____________________________
9. Сотпен анықталған колонияның _______________________________________
түрі ___________________________________ _________________________________________
10. Қабылдау кезінде жеке тінтуді ____________________________________________
жүргізді __________________________________ ______________________________________
(Тінтуді жүргізген қызметкердің ______________________________________________
Т.А.Ә.) _____________________________
_____________________________________
(қолы)
№ __________ камераға орналастырылсын
___________________________________
(нұсқау берген адамның қолы)
Сақтауға өткізілген заттарға (бағалы заттарға)
№ _________________ түбіртек берілген
Қашан және қайда кетті ______________
Қамаққа сотталған адамда келіптүскен кезде өзімен бірге болған және сәлем-сауқаттармен және сәлемдемелермен алған, камерада сақтауға рұқсат етілген жеке заттарының тізімі.
Атауы | Сипаты | Туыстарының сәлемдемелерімен келген заттар | Жеке тінтуді жүргізді (қолы, күні) |
1. Пальто | (күні) | ||
2. Пиджак | (күні) | ||
3. Етіктер | (күні) |
20__ жылғы "__" _______
Көрсетілген заттардан басқа заттар менде ______________________жоқ
(тұтқынға алынғанның
қолы)
АҚО немесе ТИ қамаққа алынған адамға пайдалануға берілген заттарының тізбесі
№ р/с | Заттардың атауы | Саны | Берілген күні | Корпус бойынша аға қызметкер |
1. | Матрац | |||
2. | Жастық | |||
3. | Көрпе | |||
және т.б. |
Көтермелеулер Жазалаулар
Қамаққа алу түріндегі жазаны орындауды жүзеге асыратын арнаулы мекемелердің қызметі мен ішкі тәртіптемесін ұйымдастыру қағидаларына 11-қосымша |
Сейілдеу аулаларын жабдықтауға талаптар
Әдетте, сейілдеу аулалары режимдік корпустардың жоғары қабаттарына орналастырылады. Мүмкін болмаған жағдайда оларды режимдік аулада орналастырады және жерасты немесе жерүсті өткелдерімен жалғасуы немесе шектесуі тиіс.
Сейілдеуге шығарылатын қамаудағы әрбір сотталғанға сейілдеу ауласының 2,5-3 шаршы метрден (бұдан әрі – м2) келу керек. Сейілдеу ауласының ең кіші көлемі – 20 шаршы метр.
Сейілдеу аулаларының жоғары жағына 17x17 сантиметрлік ұяшық металл торлар дәнекерленеді, тордың үстінен 5x5 сантиметр ұяшық метал рама тоқымалы металл тормен бекітіледі.
Сейілдеу аулаларының есіктері камералық үлгідегідей, бірақ желкөзсіз жабдықталады. Әрбір сейідеу ауласының ортасында еденге мықтап бекітілген орындық орнатылады. Сейілдеу аулаларының үсті бақылаушыға қарама-қарсы қабырғалардың бойымен қалыңдығы 1,2 метрге дейін жауын-шашыннан қорғайтын жеңіл бастырмалар орнатылады.
Сейілдеу аулаларынан судың ағып кетуі қамтамасыз етілуі тиіс.
Сейілдеу аулаларының үстіне сейілдеу аулаларында жүрген барлық қамаққа сотталғандарды ұдайы бақылауда ұстайтындай етіп бақылаушыға арналған тұғыр жабдықталады. Бақылаушының бекетінде күзет-дабыл сигнализациясы бар хабарлағыштар мен кезекшіге қосылған байланыс құралдары орнатылады.
Қамаққа алу түріндегі жазаны орындауды жүзеге асыратын арнаулы мекемелердің қызметі мен ішкі тәртіптемесін ұйымдастыру қағидаларына 12-қосымша |
|
нысан |
Сотталғандарды және өзге адамдарды жеке мәселелері бойынша қабылдау журналы
__________________________________________________________________________
(қабылдауды жүзеге асырушы лауазымды адамның лауазымы, атағы және тегі)
_______________________басталды
_______________________аяқталды
Қабылдау күні | Қабылдауға келген адамның Т.А.Ә. | Қойылған мәселелердіңмазмұны | Қабылданған шешім | Орындалғандығы туралы белгі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Ескертпе:
Журнал екі бөлімнен тұрады, нөмірленген, бауланған, мөрленген және арнайы қабылдау кеңсе қызметкерінің қол қоюымен куәландырған болуы тиіс.
Қамаққа алу түріндегі жазаны орындауды жүзеге асыратын арнаулы мекемелердің қызметі мен ішкі тәртіптемесін ұйымдастыру қағидаларына 13-қосымша |
|
нысан |
Сотталғанға жаза тағайындау туралы
ҚАУЛЫ
Сотталған_______________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы)
________________________________________________________________________________
(тәртіп бұзушылықтың мәні жазылады)
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
арқылы жаза өтеу режимін бұзды.
Сотталған __________________ жазбаша түсініктемесін және басқа да тексеру материалдарын
қарап, Қазақстан Республикасы ҚАК-нің 133-бабын басшылыққа алып,
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Сотталған_______________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
жазасын өтеу режимін бұзғаны
үшін________________________тағайындалсын.
(жазаның түрі көрсетіледі)
_______________ облысы бойынша ҚАЖД __________ арнайы қабылдау
орнының немесе тергеу изоляторының бастығы
________________________________________________________________________________
(атағы) (қолы) (тегі)
20____жыл "___" ___________
Қаулы маған хабарланды __________________________________________________________
(сотталғанның қолы және күні)
Қамаққа алу түріндегі жазаны орындауды жүзеге асыратын арнаулы мекемелердің қызметі мен ішкі тәртіптемесін ұйымдастыру қағидаларына 14-қосымша |
|
нысан |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
(аумақтық органның атауы)
Қамақа алу түріндегі жазаға сотталғандардың жазаларын
есепке алу журналы
20___ж. "_____" ___________басталды
20___ж. "_____" ___________аяқталды
Сақтау мерзімі __________________
11-қосымшаның сыртқы жағы
р/с№ | Салынған жазаның күні | Сотталғанның тегі, аты, әкесінің аты | Сотталғанның жеке ісінің нөмірі | Не үшін жазаланды | Жазалау түрі | Арнаулы қабылдау орынынемес тергеу изоляторы бастығының қолы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Қамаққа алу түріндегі жазаны орындауды жүзеге асыратын арнаулы мекемелердің қызметі мен ішкі тәртіптемесін ұйымдастыру қағидаларына 15-қосымша |
|
нысан |
№__ куәлік
Қазақстан Республикасы ҚК__бабы бойынша 19__жылы __________ дүниеге келген
сотталған ________________________________________________________________ берілді.
(сотталғанның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Мерзімінің басталуы____, мерзімінің аяқталуы_______, оған
________________________________________________________________________________
(ҚАК-нің 86-бабына сәйкес шығудың негіздемесін көрсету) байланысты АҚО-дан қысқа
мерзімді шығуға рұқсат етілді
________________________________________________________________________________
(бару орны)
__тәулікке, оның ішінде ____тәулік жолға кетеді.
20__ жылғы __________________ ол ______________________________ мекенжайы бойынша
телефон, факс____________________________________________________________________
арнаулы қабылдау орнындағы______________________________________________________
жазасын өтеу орнына келуге міндетті.
Фотосурет орны
арнайы қабылдау орнының немесе тергеу изоляторының бастығы
___________________
(Т.А.Ә)
__________________
(қолы)
Сотталғанның келгені туралы ішкі істер органы
бастығының белгі жасауы
ТМ-нің елтаңбалы мөр орыны Келді _________________________
(күні, қолы, елтаңбалы мөр)
Сотталғанның қол қоятын орны Кетті__________________________
(күні, қолы, елтаңбалы мөр)
№__ куәлік түбіртегі
Түзеу мекемесі бастығының 20__ жылғы_______ №_
_____________________________________________ бұйрығы негізінде
сотталған _______________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, ҚК бабы, мерзімі
__________________________________________________ мерзімінің басталуы мен аяқталуы)
________________________________________________________________________________
____________________________________________________ байланысты
(ҚАК-тің 86-бабына сәйкес шығудың негіздемесін көрсету)
________________________АҚО-дан қысқа мерзімді шығуға рұқсатетіледі
(бару орны)
Ұзақтығы ___ тәулік, оның ішінде ____ тәулік жолға кетеді.
Куәлік 20 __ жылы __ ____________ берілді
________________________________________________________________________________
(сотталғанның қолы)
20__ жылы _________ кетті.
20__жылы ________ келді.
Арнайы есепке алу бөлімінің бастығы _______________________________________________
(тегі)
_____________________
(қолы)
Қамаққа алу түріндегі жазаны орындауды жүзеге асыратын арнаулы мекемелердің қызметі мен ішкі тәртіптемесін ұйымдастыру қағидаларына 16-қосымша |
|
нысан |
Қолхат
Мен, сотталған ___________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
Маған арнайы қабылдау орнының шегінен тыс жерге қысқа мерзімді шығуға бару тәртібінің
түсіндірілгені туралы осы қолхатты беремін.
Маған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 427-бабы бойынша жазаны өтеуден
жалтарған жағдайда жауапкершілікте болатыным ескертілді.
20__жылғы ____________ __________________ (сотталғанның қолы)
Қолхатты алдым ______________________ (лауазымы, атағы, тегі)
__________________ (қолы)
Қамаққа алу түріндегі жазаны орындауды жүзеге асыратын арнаулы мекемелердің қызметі мен ішкі тәртіптемесін ұйымдастыру қағидаларына 17-қосымша |
|
нысан |
Жеке есеп шотта _____ теңге___тиын бар. № ___ түбiртек
Бухгалтер ________________ Сотталған _______________
20_____ж "___" ______________
ӨТІНІШ
Маған мынадай тауарларды сатып алуға рұқсат етуіңізді сұраймын:
№№ | Тауардың атауы | Саны | Босатылған сома | Сомасы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Жиыны: _______________________
_______________________
(Сотталғанның қолы)
Қолхат
___________________________________ сомаға тауар алдым.
(жазумен)
Осы соманы менің жеке есеп шотымнан шегеруді сұраймын.
________________________
(Сотталғанның қолы)
20___ жылғы ________________
Қамаққа алу түріндегі жазаны орындауды жүзеге асыратын арнаулы мекемелердің қызметі мен ішкі тәртіптемесін ұйымдастыру қағидаларына 18-қосымша |
Сауқаттарды қабылдау бөлмесіндегі мүкаммал мен жиһаз тізбесі
1. Сауқаттарды тексеруге арналған үстел.
2. Сауқаттарды қоюға арналған сөрелер.
3. Ыдыс: себеттер, сауқаттарды камераларға жеткізуге арналған сөмкелер.
4. Тоңазытқыш.
5. пышақтардың, қасықтардың, ыдыстар және сол секілділердің қажетті саны.
6. Қолжуғыш, айна, сабын, сүлгі.
7. Таразы, кір тасының жиынтығы.
8. Бақылаушыларға арналғанақ халат пен бас киім.
9. Заттектер мен заттар мұқият тексеріледі. Қажет болған жағдайда іздеу құралдары пайдаланылады.
Қамаққа алу түріндегі жазаны орындауды жүзеге асыратын арнаулы мекемелердің қызметі мен ішкі тәртіптемесін ұйымдастыру қағидаларына 19-қосымша |
|
нысан |
ӨТІНІШ
___________________________________________________________________ мекенжайында
(тұрғылықты мекенжайы)
тұратын азаматтан ________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Сотталған _______________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған жылы)
сауқат қабылдауыңызды сұраймын.
Сауқаттағы тамақөнімдерінің (заттардың) тізілімі:
№п/п | тамақ өнімдері мен заттардың атауы | Салмағы (кило граммен, граммен) | Саны | Ескерту |
Өтініш берушінің қолы ________жылғы "___" ______________
Сауқатты қабылдаған _____________________________________________________________
(сауқатты қабылдаған қызметкердің қолы)
Сауқатты алған __________________________________________________________________
(сауқатты алған сотталғанның қолы)
жылғы "___" ______________
Қамаққа алу түріндегі жазаны орындауды жүзеге асыратын арнаулы мекемелердің қызметі мен ішкі тәртіптемесін ұйымдастыру қағидаларына 20-қосымша |
|
нысан |
Заттай және тамақ өнімдері бар сауқаттар мен сәлемдемелерді тексеру тәртібі
1. Нан өнімдері (бөлкелер, батондар және соған ұқсар) екі, үш бөлікке бөлінеді.
2. Сұйық өнімдер АҚО-ның немес ТИ-дің ыдыстарына құйылады.
3. Консервілер ашылады және басқа ыдыстарға құйылады.
4. Майшабақ екі, үш бөлікке бөлінеді.
5. Шұжық өнімдері бірнеше бөлікке бөлінеді.
6. Сусымалы заттар (қант, махорка) шашылады.
7. Кәмпиттер орамасыз қабылданады.
8. Хат-хабар мен тыйым салынған заттар жасыруға мүмкін тамақ өнімдерінің барлығы осы тәртіппен тексерілуі тиіс.Тексеру тамақ өнімдерінің сапасы бұзылмайтындай етіп жүргізіледі.
9. Нәрселер мен заттар да мұқият тексерілуі тиіс. Қажет болған жағдайда іздеу құралдары пайдаланылады.