Қамаққа алу түріндегі жазаны орындауды жүзеге асыратын арнаулы мекемелердің қызметі мен ішкі тәртіптемесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 8 қыркүйектегі № 575 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 1 қазанда № 9771 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 504 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ішкі істер министрінің 26.07.2017 № 504 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 16-бабы 1-бөлігінің 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қамаққа алу түріндегі жазаны орындауды жүзеге асыратын арнаулы мекемелердің қызметі мен ішкі тәртіптемесін ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (Б.М. Бердалин):

      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты белгіленген тәртіпте "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде және ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция полковнигі Б.Б. Бисенқұловқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне (Б.М. Бердалин) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық жариялануға жатады және қолданысқа 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізіледі.

Министр


полиция генерал-лейтенанты

Қ. Қасымов


  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 8 қыркүйектегі
№ 575 бұйрығымен
бекітілді

Қамаққа алу түріндегі жазаны орындауды жүзеге асыратын арнаулы
мекемелердің қызметі мен ішкі тәртіптемесін ұйымдастыру
қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қамаққа алу түріндегі жазаны орындауды жүзеге асыратын арнаулы мекемелердің қызметі мен ішкі тәртіптемесін ұйымдастыруды қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің (бұдан әрі - ҚАК) 83-87 баптарына сәйкес әзірленді және қамаққа алу түріндегі жазаны орындауды жүзеге асыратын арнаулы мекемелердің қызметі мен ішкі тәртіптемесін белгілейді.

      2. Қамаққа алу түріндегі жазаны орындау заңды күшіне енген сот үкімі негізінде қамаққа алу түріндегі қылмыстық жазаны өтеуге арналған сотталған жері бойынша арнаулы қабылдау орындарында (бұдан әрі- АҚО) жүзеге асырылады.

2. Сотталғандарды АҚО-ға қабылдау тәртібі

      3. Сотталғандарды АҚО-ға қабылдау АҚО-ның арнайы есепке алу қызметі мен медицина бөлімі қызметкерлерінің міндетті қатысуымен АҚО басшысының кезекші көмекшісі жүзеге асырады.

      4. Сотталғандарды қабылдау кезінде кезекші қамаққа алу түріндегі жазаны орындауға негіз болып табылатын құжаттардың болуын тексереді, жеке басын куәландыратын құжаттардың негізінде олардың келген сотталғандарға тиістілігін белгілейді.

      5. Сотталғанның фотосуреті, сотталғаннан жауап алу кезінде алынған, сот үкімінде көрсетілген сауалнама деректері, жеке басын растайтын құжаттар сәйкес келмеген жағдайда, арнайы есепке алу қызметінің қызметкері кезекшімен бірлесіп осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша акті жасайды және оны шаралар қабылдау үшін үкім шығарған сотқа жолдайды.

      6. Осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген деректерді тексергеннен кейін АҚО қызметкерлері арнайы жабдықталған үй-жайда сотталғандарға тінту, ал оларға тиесілі заттарға тексеру жүргізіледі.

      Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес толық тінту мен тексеру жүргізуден бұрын сотталғандарға өзімен бірге және заттардың арасында сақталуы мен қолдынылуы көзделмеген нәрселер, заттар, бұйымдар, сондай-ақ сотталғандарға өздерiмен алып жүруге, сауқатпен, сәлемдемемен, бандерольмен және мекеме дүкенiнен алуға рұқсат етiлген заттар мен бұйымдар (бұдан әрі – Тізбе) тiзбесінде көрсетілмеген заттар, бұйымдар, құжаттар және тамақ өнiмдерiн ерікті түрде өткізу ұсынылады. Рұқсат етілмеген заттарды ерікті түрде бірден өткізген жағдайда, сотталғандарға тәртіптік жазалау шаралары қолданылмайды.

      7. АҚО-ға қабылданған адамдар келген күні, алайда бір тәуліктен кешіктірілмей алғашқы медициналық куәландырудан және санитарлық өңдеуден өтеді. Медициналық куәландыру нәтижелері медициналық амбулаторлық картаға енгізіледі. Бұл ретте медицина қызметкері сотталғанның денесіндегі жарақат, тері және жұқпалы ауруларды анықтау мақсатында сыртқы тексеру жүргізеді. Дене жарақатын табу фактісі туралы жазбаша түрде дереу жоғары тұрған орган мен қадағалаушы прокурорға хабарланады.

      АҚО дәрігерінің қортындысы бойынша дереу станционарлық емді қажет ететін адамдар айдауылмен денсаулық сақтау органдарының медициналық мекемелеріне жіберіледі.

      Бұдан кейін сотталғандар карантин бөлiмшесіне орналастырылады, онда ұзақтығы 15 тәулiкке дейiн медициналық бақылау белгіленеді. Осы кезеңде жұқпалы аурумен ауыратындар анықталған жағдайда, олар шұғыл түрде оқшауланады, мекемеде эпидемияға қарсы кешенді шаралар өткізіледі.

      8. АҚО психологтары жаңадан келген сотталғандардың жеке басын зерделеу, оларды жаңа жағдайларға бейімдеу жөніндегі жұмысты жүргізеді. Өзіне өзі қол жұмсауға, өзіне және өзгелерге қасақана құқыққа қайшы зақымдар келтіруге бейім адамдар анықталады. Зерделеу нәтижелері бойынша жаңа келген сотталғанның әрқайсысына психологиялық портрет жасалады, олармен жұмыс істеу бойынша АҚО-ның тиісті қызметіне ұсынымдар енгізіледі.

      9. Карантин үй-жайында болған кезінде сотталғандар жазасын өтеу тәртiбімен және шарттарымен, өздерiнiң құқықтарымен және мiндеттерiмен қол қоя отырып, танысады, жазасын өтеудің белгіленген тәртібін бұзғаны үшiн қолданылатын жауапкершiлiк туралы ескертiледi. Оларға АҚО-да ұстау режимін сақтау үшін қадағалау және күзеттің техникалық құралдары, ал жекелелеген жағдайларда дене күшін, арнайы құралдар, қару қолданылатыны түсiндiрiледi.

      Кейiн осындай ақпаратты сотталғандарға жеке қабылдау, камераларды аралау кезiнде радио арқылы АҚО бастығы және оған өкiлеттi қызметкер жеткізеді.

      АҚО-да ұсталатын сотталғандардың негізгі құқықтары мен міндеттері туралы мемлекеттік және орыс тілдеріндегі ақпарат әрбір камераның қабырғасында ілінеді.

      10. Сотталғандар кереуетпен және төсек жабдықтарымен қамтамасыз етіледі, жатын орындары ауыстырылмайды және онда перде ілінбейді.

      11. Сотталғанның АҚО-ға келуі туралы арнайы есепке алу қызметі екі жұмыс күні ішінде сотталғанның қалауы бойынша туысқандарының бiрiне не заңды өкіліне АҚО-ның пошталық мекенжайын, Тiзбенi, хат алысу, ақша алу мен жiберу, шығуларға, кездесулерге рұқсат ету тәртiбiнiң негiзгi талаптарын, сотталғанның телефон арқылы сөйлесу құқығын көрсете отырып, жазбаша хабарлама жiбередi.

      Сотталған шетелдік азаматтардың және қамаққа алынғанға дейін шетелде тұрақты тұрған азаматтығы жоқ адамдардың келуі туралы дипломатиялық өкілдіктер мен осы адамдардың мүдделерін Қазақстан Республикасында қорғайтын консулдық мекемелерге хабарлама жолданады.

3. Сотталғандарды жете тексеру мен тінту тәртібі

      12. Сотталғандарды жеке тінту толық тінту және жартылай жеке тінту болып бөлінеді. Жеке тiнтудi тінтілушімен жынысы бiр АҚО қызметкерi жүргiзедi. Сотталғандарды жеке толық тінту міндетті түрде мынадай жағдайларда:

      1) АҚО-ға келген және кеткен кезде;

      2) тәртіптік изоляторға (бұдан әрі-ТИЗО) қамау және одан босату кезінде;

      3) кездесу жүргізу алдында және аяқталған соң;

      4) ұстау режимін бұзған, мекемелерден қашып шыққан және басқа да қылмыс жасаған сотталғанды ұстау кезінде жүргізіледі.

      13. Толық тінту мынадай ретпен жүргізіледі:

      1) осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес сотталғандарға тінту жүргізіледі. Содан соң кезекпен бас киімін, аяқ киімін және іш киіміне дейін шешу ұсынылады;

      2) қол, аяқ саусақтарының аралығы, құлақ қалқаны мен ауыз қуысы, сондай-ақ медициналық таңулар мен аяқ-қол протездері тексеріледі. Медициналық таңулар мен аяқ-қол протездері медицина қызметкерінің қатысыуымен тексеріледі;

      3) сотталғанның киімі, бас киімі, аяқ киімі және заттары тексеріледі. Киімінің жамаулары, тігісі, жағасы және астары ұстап қаралады. Қажет болған жағдайда киімнің жекелеген жерлерін бізбен тесіп қарайды және сөгеді. Аяқ киім сыртқы және ішкі жағынан қаралады және міндетті түрде бүгіліп тексеріледі;

      4) сондай-ақ ақша, есірткі заттары және басқа да АҚО-да сақтау мен қолдануға тыйым салынған заттар жасырылатын жамаулар, тақалар, табандар мен басқа да орындар тексеріледі.

      Толық тінту бақылау-өткізу пунктінде (бұдан әрі-БӨП) орналасқан арнаулы немесе оған жақын жерде жабдықталған үй-жайда жүргізіледі.

      14. Сотталғандарды АҚО камераларынан шектен тыс шыққан жағдайда (дәрігерге, серуенге, санитарлық-өңдеуге, басқа камераға ауыстырғанда, тінту шараларын өткізгенде) жүргізеді.

      15. Киімдері мұқият ұстап қаралады. Бұл ретте жеңінде, жағасында, астарында және шалбарында шабуыл жасайтын құралдар (пышақ, істік және сол сияқты) немесе өзге де тыйым салынған заттардың жасырылмағандығы тексеріледі. Бұдан соң қалтасы, бас киімі мен аяқ киімі тексеріледі. Тінтуші күдік туғызған жағдайда толық тінту жүргізіледі.

      16. Тінту кезінде жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзған немесе қылмыс жасаған сотталғанға қолдарын жоғары көтеруін, аяғын иығының тұсына қою ұсынылады. Тінтуші тінтілуішінің артқы жағына тұрып, ретімен жоғарыдан төмен қарай тінту жүргізеді. Қажет болған жағдайда тінтілуші тінтушінің нұсқауы бойынша қабырғаны қолымен тіреп тұрады.

      Тінту нәтижелері осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес қамаққа сотталғанды жеке тінту хаттамамен ресімделеді.

4. Үй-жайларды тінту және тұрғын аймақтар мен өндірістік
объектілердің аумақтарын тексеру

      17. АҚО-ның камера үй-жайларында тінту кемінде айына төрт рет тінту кестесіне сәйкес жүргізіледі. ТИЗО мен АҚО камераларын техникалық тексеру күн сайын жүргізіледі.

      18. АҚО камераларындағы үй-жайларда тінту жүргізу кезінде қабырғалар тоқылдатып көріледі, жасырын жерлердің болу мүмкіндігі тексеріледі. Жасырын шығу жолдарын, үңгулердің және онда пышақ және басқа да тыйым салынған заттарды сақтауға болатын орындарды табу мақсатында жатын орындары мен еден тексеріледі. Терезе торларының беріктігі ішкі және сыртқы жағынан, есіктер мен құлыптардың түзулігі тексеріледі. Камерадағы сотталғандарға толық жеке тінту, ал олардың заттарына тексеру жүргізіледі.

      19. Сотталғандарды уақытша және қысқа мерзімді өндіріс объектілеріне кіргізер алдында АҚО әкімшілігінің бақылаушысы, өкілі объектіні тексеруі тиіс.

      20. Сотталғандардан, сондай-ақ мекеме аумағынан табылған ақша, бағалы қағаздар мен құндылықтардың кімге тиіесілігін белгілеу мүмкін болмаған жағдада ҚАК 98-бабына сәйкес және соттың қаулысы бойынша мемлекет кірісіне жіберілуі тиіс.

      Осы Қағидаларда көзделмеген, режимдік талаптар белгіленген, сондай-ақ АҚО аумағы мен оған іргелес аумақтан табылған нәрселер, құжаттар, заттар, бұйымдар, заттектер мен тамақ өнімдері мекеме әкімшілігінің комиссиялық шешімімен сотталғандардың туыстарына не сақтауға беріледі немесе АҚО басшысының қаулысы бойынша жойылады, ол туралы осы Қағидаларға 4-қосымшасыда көрсетілген нысан бойынша акт жасалады.

      Алынған ақша мен бағалы заттар оларды алған лауазымды тұлғаның актісі немесе баянаты бойынша тәуліктік мерзімнен кешіктірілмей (демалыс және мереке күндерін қоспағанда) кезекші, 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша,сотталғандардан алынған ақша мен бағалы заттарды есепке алу журналына қол қойғыза отырып, АҚО басшылығының тапсырмасына сәйкес тексеру материалдарын жинауды жүзеге асыратын қызметкерге береді.

      21. Сотталғандарда сақтауға рұқсат етілген Тізбесінде белгіленген нормадан асып кететін нәрселер мен заттар да алынады.

      Аталған жағдайда заттар қоймаға сақтауға өткізіледі, сотталғанның қолына олардың саны мен атауын көрсете отырып, заттарды сақтауға қабылдау туралы түбіртек беріледі.Тексеру мен тінту нәтижесінде жасалатын немесе жасалған қылмыс белгілері немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері болған жағдайда одан әрі тінту мен тексеру тиісінше Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі мен Қылмыстық-атқару кодексінде көзделген тәртіпте жүргізіледі.

5. Сотталғандар мен АҚО қызметкерінің өзара қарым-қатынасы

      22. АҚО қызметкерлері мен мекемеге баратын басқа лауазымды адамдармен кездесу кезінде сотталғандар орындарынан тұрады және амандасады.

      23. Сотталғанар АҚО қызметкерлеріне "мырза" немесе "офицер мырза" деп, әрі қарай атағы, сондай-ақ аты мен әкесінің аты бойынша, "Сіз" деп сөйлеседі.

      24. АҚО қызметкерлері сотталғандарға "Сiз" деп айтуға және оларды сотталған азамат немесе азаматша немесе сотталған деп, бұдан әрi тегi бойынша атаулары тиіс.

      25. Мекеме қызметкерлеріне сотталғандармен және олардың туыстарымен қызмет мүддесіне қатысты емес қандай да бір қатынасқа түсуіне, сондай-ақ олардың қылмыстық-атқару заңнамасы мен осы Қағидаларда реттелмеген қызметтерді қолдануына жол берілмейді.

6. Күн тәртібі

      26. Сотталғандардың осы немесе басқа да құрамымен жүргізілетін жұмыстың ерекшелігін, жыл мезгілін, жергілікті жағдайлар мен нақты жағдайларды есепке ала отырып, әрбір АҚО-да АҚО бастығы бекіткен қатаң реттелген күн тәртібі ұйымдастырылады.

      27. Күн тәртібіне ұйқыдан тұру уақыты, тексеру, ұйқыға жату, дәретхана, дене жаттығуы, тамақтану, сейілдеу, тәрбие-алдын алу іс-шараларын өткізуі, кездесу бөлмелерінің, дүкеннің, медициналық-санитарлық бөлімшенің жұмыстары, телефонмен сөйлесу кіреді. Күн тәртібінде сотталғандардың үздіксіз сегіз сағаттық ұйқысы мен оларға жеке уақыттың берілуі көзделеді. Сотталғандардың аптасына кемінде бір рет жуынуы қарастырылады. Жуыну күні мен уақыты АҚО бастығы немесе оның міндетін атқарушы лауазымды тұлға бекіткен кестемен камера бойынша анықталады.

      28. Осы Қағидаларға 6-қосымшада көрсетілген сотталғандарың үлгілік күн тәртібіне қарай әзірленген күн тәртібі стенд түрінде ресімделеді және көрінетін жерге (камераларда, карантин бөлімшелерінде) орнатылады немесе ілінеді, персонал мен сотталғандарға жеткізіледі.

7. Тамақтану

      29. Сотталғандар камераларда тамақтанады. Сотталғандарға тамақ дайындауды және беруді АҚО қызметкерлерінің бақылуымен АҚО-ның асхана қызметкерлері жүзеге асырады.

      30. Тамақ құнарлылық және калориялық қасиеті бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген күдіктілер, айыпталушылар мен сотталғандар үшін табиғи тамақтандырудың заттай нормасына сәйкес болуы тиіс, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес дайындалады және беріледі.

8. Сотталғандардың АҚО шегінде қозғалу тәртібі

      31. Сотталғандардың АҚО аумағында қозғалуы тек АҚО қызметкерлерінің айдауылымен жүзеге асырылады.

      32. Сотталғандар айдауылмен немесе АҚО қызметкерлерінің еріп жүруімен қозғалуы кезінде сотталғандар қолын артқа ұстап жүреді. Айдауылдау уақытында тоқтаған кезде АҚО қызметкерінің талабы бойынша тұрады және қабырғаға қарай бұрылып тұрады.

9. Сотталғандардың мінез-құлық қағидалары

      33. АҚО-да ұсталатын сотталғандар:

      1) осы Қағидалармен белгіленген ұстау тәртібін сақтайды;

      2) АҚО әкімшілігінің заңды талаптарын орындайды;

      3) гигиеналық және санитарлық талаптарды сақтайды,

      4) күнделікті сейілдеуге шығады (сейілдеуден босатуды медицина қызметкерінің қорытындысы бойынша АҚО бастығы жүзеге асырады);

      5) өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтайды;

      6) АҚО мүлкіне ұқыптылықпен қарайды;

      7) кезектілік ретімен камераларда және басқа да үй-жайларда жинастыру жүргізеді;

      8) АҚО қызметкерлерінің, сотталғандардың, сондай-ақ басқа да адамдардың намысына тиетін әрекеттер жасамайды;

      9) олардың қызметтік міндеттерді орындауда АҚО қызметкерлеріне, қамауда ұстау тәртібін қамтамасыз ететін басқа да адамдарға қарсылық көрсетпейді;

      10) белгіленген күн тәртібін сақтайды;

      11) АҚО қызметкерлері камераға кірген кезде команда бойынша орындарынан тұрады және көрсетілген орынға сапқа тұрады;

      12) сыртқы пішініне ұқыпты қарайды;

      13) АҚО қызметкерлерінің және басқа да лауазымды адамдардың талабы бойынша өзінің тегін, атын, әкесінің атын (болса), ҚР қылмыстық кодексінің (бұдан әрі - ҚК) қай бабы бойынша сотталғанын, мерзімін, басталу мен аяқталу мерзімін хабарлайды;

      14) көршілес камералармен айқайлап сөйлеспейді;

      15) кезек ретімен камерада кезекшілік етеді.

      34. Камера бойынша кезекші:

      1) АҚО қызметкері камераға кірген кезде камерадағы сотталғандардың санын баяндайды;

      2) камералық мүкаммалдың, жабдықтың және басқа да мүліктің сақталуын қадағалайды;

      3) камерада ұсталатын адамдарға ыдыс алады және оны өткізеді;

      4) камерадағы тазалыққа қарайды;

      5) камераның еденін сыпырады және жуады, камерадағы санитарлық торапты, сейілдеу аяқталған соң сейілдеу ауласын жинайды.

      35. Сотталғандардың мінез-құлық қағидаларын бұзу:

      1) АҚО-ның күн тәртібін бұзу;

      2) сөйлесулер жүргізу, басқа камераларда немесе АҚО-ның басқа үй-жайларында ұсталатын адамдарға қандай да бір заттар беру, тықылдатып сөйлесу, хат алысу, олармен кез келген тәсілмен байланыс орнату;

      3) сөйлесулер жүргізудің, қандай да бір затты берудің және бостандықтағы немесе бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуші адамдармен хат жазысудың белгіленген тәртібін бұзу;

      4) әкімшіліктің рұқсатынсыз камерадан немесе басқа үй-жайлардан шығу;

      5) күзет объектілері мен АҚО аумағының шекарасы желісін бұзу;

      6) рұқсат етілмеген заттарды сатып алу, жасау, қолдану және сақтау;

      7) материалдық және басқа да пайда табу мақсатында ойналатын карта, үстел ойындарын ойнау;

      8) өзіне және басқа адамдардың денесіне сурет салу;

      9) әкімшіліктің рұқсатынсыз жатын орындарына перде ілу және ауыстыру;

      10) қолдан жасалған электр құрылғыларын пайдалану;

      11) электр құрылғыларын әкімшіліктің рұқсатынсыз пайдалану;

      12) камерада от жағу;

      13) тамақ дайындау;

      14) камераларда арнайы тағайындалмаған орында және уақытта (темекі тарту орынын АҚО әкімшілігі анықтайды) темекі тарту;

      15) медициналық алдын алу тексеруден өтуден бас тарту және жалтару;

      16) жануарлар, құстар, балықтар, жәндіктерді ұстау;

      17) әкімшіліктің рұқсатынсыз сантехникалық, жарықтандыру немесе басқа да құралдарды жөндеу және қалыпына келтіру;

      18) камерадағы санитарлық торапты ластау;

      19) камерада киім, аяқ киім және іш киімдерді жуу;

      20) АҚО-да ұсталатын сотталғандардың негізі құқықтары мен міндеттері туралы ақпаратты қабырғадан алып тастау;

      21) қабырғаларға, камералық мүкаммалға қағаздар, фотосуреттер, суреттер, газет, журнал қиындыларын жапсыру, оларға жазу және сурет салу;

      22) камера есігіндегі көзшеден қарау, қандай да бір затты көтеру, АҚО аумағында қозғалу барысында дабыл сигнализациясының түймесін басу;

      23) қандай да бір затты терезеден тастау, терезенің алдына шығу, желкөзден қарау, есіктің "көзшесіне" жақын тұру, "көзшені" жабу;

      24) медицина қызметкерінің ұсынуымен АҚО бастығының рұқсатынсыз күн тәртібінде ол үшін тағайындалмаған уақытта жатын орынында болу;

      25) АҚО-да жеке пайдаланатын заттарды сату, сыйға тарту немесе басқа да тәсілдермен иеліктен шығару болып табылады.

10. Камераларға орналастыруды ұйымдастыру, қамаққа
сотталғандардың бар-жоғын тексеру тәртібі

      36. Сотталғандарды камераларға орналастыру АҚО бастығы немесе оның орнындағы адам бекіткен камералар бойынша орналастыру жоспары негізінде осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес ҚР ҚАК 85-бабының талаптарына сәйкес жедел және медициналық қызметкерлердiң келiсiмi бойынша жүзеге асырылады. Сотталғандарды камера бойынша кезекші орналастырады.

      37. Науқас сотталғандарды орналастыру медицина қызметкерлерінiң келісімі бойынша жүргізіледі. Жұқпалы ауруының болуына сезiктi адамдар карантинге бөлiнген камераларға орналастырылады. Карантин мерзiмi медициналық көрсеткiштер бойынша белгiленедi. Жұқпалы аурумен ауыратын немесе ерекше медициналық күтiмдi және қадағалауды қажет ететiн аурулар басқа сотталғандардан бөлек орналастырылады.

      38. Ерлер, әйелдер, сондай-ақ бұрын жазасын өткерген және соттылығы бар адамдар бөлек ұсталады. Сотталған сот, құқық қорғау, арнайы органдардың бұрынғы қызметкерлері, сотталғандардың мінез-құлқына бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын өкілетті адамдар басқа сотталғандардан оқшау ұсталады.

      39. Сотталғандар осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес жабдықталған құлыппен жабылатын жалпы камераларда ұсталады. Сотталғандарды бір адамдық камераларға орналастыру АҚО бастығының дәлелдi қаулысы бойынша осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша:

      1) заңнамада көрсетiлген бөлек орналастыру талаптарын сақтауды қамтамасыз етудiң өзге мүмкiндiгi болмаған;

      2) өмiр сүру және денсаулық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуде сотталушы жеке ұстау туралы жазбаша өтiнiш берген жағдайда жол беріледі.

      40. Осы Қағидалардың 37, 38-тармақтарында көрсетiлген оқшаулау тәртiбi сотталғандардың барлық орын ауыстыруы, оның ішінде АҚО аумағында қозғалу, сейілдеу, тінту санитарлық өңдеу, адвокатпен кездесу іс-шараларын жүргізу кезінде қамтамасыз етiлуi тиіс.

      41. АҚО-да сотталғандардың бар-жоғын тексеруді кезекеші камералар бойынша күн тәртібінде белгіленген уақытта күн сайын таңертең және кешке жүргізеді. Сотталғанның жоқтығына күдік туған жағдайда қосымша тексерулер жүргізіледі.

      42. Тексеріс әрбір сотталған адамға арналған фотосуреті бар камералық карточка бойынша жүргізіледі, онда тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚР ҚК) баптары, қамақ түріндегі жаза мерзімі, мерзімінің басталуы мен аяқталуы, АҚО-ға келген күні көрсетіледі. Картотеканы кезекші жүргізеді және сақтайды.

      Профилактикалық есепке қойылған сотталғандардың тексеру қаротчкаларына ажырату жолақтары: қызыл түс – қашуға бейім сотталғандар үшін; қара түс – профилактикалық есепке алудың қалған түрлері үшін.

      43. Қашуға бейім ретінде профилактикалық есепте тұрған сотталғандарды тегі бойынша карточкалық тексеру қосымша әрбір екі сағат сайын жүзеге асырылады.

11. Сотталғандарды сейілдеуге шығару

      44. Сотталғандар күнделікті ұзақтығы бір жарым сағаттан аспайтын сейілдеуді пайдаланады. Сейілдеу ұзақтығын күн тәртібін, ауа райын, АҚО сыймдылығын және басқа да жағдайларды ескере отырып, АҚО әкімшілігі белгілейді.

      45. Сейілдеу сотталғандарға көбіне күндізгі уақытта беріледі. Әртүрлі камераларда ұсталатын адамдарды сейілдеуге шығару уақыты жылжымалы кесте бойынша белгіленеді.

      46. Сейілдеу аулаларының аумағында жүргізіледі, оларды жабдықтауға қойылатын талаптар осы Қағидаларға 10-қосымшада көрсетілген. Сейілдеу аулалары орындықтармен және жауыннан қорғайтын бастырмалармен жабдықталады.

      47. Сейілдеуді мерзiмiнен бұрын тоқтату үшін сотталғандар сейілдеуді өткізуге жауапты адамға тиісті өтінішпен жүгінеді, ол АҚО бастығына немесе оның орынбасарына жеткізеді. Көрсетілген лауазымды тұлға өтініштің мәні бойынша шешім қабылдайды.

12. Хат алмасуды, ақша аударымдарын ресімдеуді жүзеге асыру тәртібі

      48. Сотталғандар өз қаражаты есебінен айына бір рет хаттар мен жедел хаттар алады және жібереді. Хат-хабарларды алу мен беру тек АҚО әкімшілігі арқылы жүргізіледі.

      49. Сотталғандарға ұсыныстар, арыздар, шағымдар жазу үшін олардың өтініштері бойынша жазу керек-жарақтар (қағаз, қаламсап) беріледі.

      50. АҚО қызметін бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға жолданған хаттар мен өтініштерді қоспағанда, хаттар мен өтініштер АҚО әкімшілігінің өкіліне жабылмаған түрде беріледі, олар цензураға жатпайды және бiр тәулiкік мерзімнен кешiктiрiлмей (демалыс және мереке күндерiн қоспағанда) тиесiлігi бойынша жiберiледi.

      51. Сотталғандар жеделхат бланкілерін толтырғаннан кейін, оларды АҚО әкiмшiлiгi келесi күннен кешiктiрмей жiбередi. Жеделхаттарды жiбергені үшiн ақша төленгенi туралы түбіртек сотталғанның жеке iсiне ол оған қол қойған соң тiгiледi.

      52. Сотталғандардың хат алысуы цензураға жатады. Сотталғандардың өзге шарттылықтарды немесе сотталғандарға тән лексиканы қолдана отырып, құпия жазулармен, шифрмен жазылған, сондай-ақ арсыз сипаттағы немесе мемлекеттiк, қызметтiк құпияларды құрайтын мәлiметтерi бар хаттары және олардың атына келген хаттар адресатқа жiберiлмейдi және сотталғанға берiлмейдi. Бұл туралы сотталғанға қол қойғыза отырып, хабарланады және хат-хабарлар жойылады. Осы тәртiп осыған ұқсас мазмұндағы жеделхаттарға да қолданылады.

      53. Сотталғандарға келiп түскен ақша аударымдары олардың жеке шоттарына аударылады.

      54. Өтiнiштерді қарау нәтижелері бойынша келіп түскен жауаптар сотталғандарға келіп түсуіне қарай, бірақ үш жұмыс күндік мерзімнен кешіктірілмей қол қойғыза отырып, хабарланады және жеке iстерiне тiркеледi.

13. Жеке қабылдау тәртібі

      55. Сотталғандарды АҚО бастығы немесе оны алмастыратын не оның уәкiлi демалыс және мереке күндерiнен басқа уақытта күн сайын жұмыс уақытында АҚО-ның бастығы бекіткен кесте бойынша жеке қабылдайды.

      Қабылдауға алынған сотталғандарды олар өтінім жасаған мәселелерді және оларды қарау нәтижелерін көрсете отырып, есепке алу осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сотталғандар мен өзге де адамдарды қабылдау журналында жүргізіледі, оның мазмұнымен АҚО бастығы күн сайын танысады.

      56. Жеке қабылдау сотталғандардың алдын ала өтiнiші бойынша жүзеге асырылады.

      Қабылдау туралы АҚО бастығының немесе оның орнындағы адамның атына өтiнiш жазбаша немесе ауызша беріледі және оларды беру кезектілігі тәртiбiмен жеке қабылдау журналына сотталғанның қабылдауында болғысы келетін лауазымды тұлғаны көрсете отырып, тіркеледі. Қабылдау өтiнiштiң берiлу кезектiлiгі тәртiбiмен өткiзiледi. Қабылдау аяқталған соң жеке қабылдау туралы өтiнiште оның нәтижесi туралы белгі қойылады. Өтiнiш сотталғанның жеке iсiне тiгiледi.

      57. Жоғары тұрған қылмыстық-атқару жүйесі органдарының қызметкерлері АҚО-ға бару кезінде олардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қабылдау жүргізеді. Аталған адамдар қабылдайтын сотталғандарды есепке алу журналдың екінші бөлігінде жүргізіледі.

      58. АҚО бастығы немесе уәкілетті адам қабылдау кезінде қабылданған шешімдердің орындалуын кемінде айына бір рет тексереді.

      59. АҚО бастығы, оның орынбасарлары сотталғандардың туыстарын немесе басқа адамдарды жеке қабылдауды келушiлер бөлмесiне iлiнетiн кесте бойынша жүргізеді. Осы үй-жайда азаматтарды жеке қабылдауға жазу жүргiзiледi. Сотталғандардың туыстарын және басқа адамдарды жеке қабылдау нәтижелерi журналда белгiленедi.

14. Кездесулер мен телефон арқылы сөйлесулер беру тәртібі

      60. Сотталғандарға білікті заң көмегін алу үшін олардың өтініштері бойынша адвокаттарымен кездесу беріледі. Адвокаттың жеке басын куәландыратын құжаты, адвокатураға қатысын растайтын лицензия болған жағдайда сотталғанмен кездесуге рұқсат беріледі. Кездесу АҚО қызметкеріне сотталған мен адвокатты көретіндей, бірақ оларды естімейтіндей жағдайында жүргізіледі.

      61. Сотталғандармен кездесуге рұқсат алған адамдарға тексеру жүргізіледі, оларға АҚО-ға техникалық байланыс құралдарын, кино-, фото-, аудио-, видео- және көбейту аппаратураларын алып кiруге және оларды кездесу кезiнде пайдалануға жол берілмейді.

      62. Сотталғанға қандай да бiр нәрселер, заттар, тамақ өнімін беруге немесе одан алуға әрекет ету, сондай-ақ адвокатқа қылмыс немесе өзге де құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін мәлiметтері бар қандайда бір заттар беруге немесе одан алуға әрекет еткен кезде кездесу мерзімінен бұрын тоқтатылады.

      63. Кездсеу мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда АҚО-ның оның жүргізілуіне жауапты қызметкері кездесуді тоқтау себебін көрсете отырып, АҚО бастығына жазбаша түрде баяндайды.

      64. Сотталғандармен кездесуі тоқтатылған жағдайда (эпидемияға қарсы шараларды өткізуге, ерекше жағдай режимін енгiзуге байланысты және басқа себептермен) АҚО бастығы бұл туралы АҚО-да заңдылықтың сақталуын қадағалайтын прокурорға хабарлайды, келуші адамдар үшiн қабылдау бөлмесiне хабарлама iлiнедi.

      65. Жұбайы (зайыбы), жақын туысы қайтыс болған немесе науқастың өміріне қатер төндіретіндей қатты ауырған, оның отбасына айтарлықтай материалдық залал келтірген дүлей зілзала болған жағдайларда және жеке сипаттағы өзге де айрықша мән-жайларда өзінің жеке қаражаты есебінен жұбайымен (зайыбымен), жақын туыстарымен телефон арқылы сөйлесу беріледі.

      Телефонмен сөйлесуге рұқсат сотталғандардың жазбаша өтiнiшi бойынша берiледi, онда мекен жайы, абоненттiң телефон нөмірi, себебі (жеделхат, хат) және сөйлесу ұзақтығы көрсетiледi, бiрақ ол 15 минуттан аспауы тиіс. Қалааралық телефон сөйлесулерiнiң төлемi сотталғандардың жеке есеп шотында қолма-қол ақша болған кезде қолданыстағы тариф бойынша жүзеге асырылады. Сотталғанның таксофон бойынша телефонмен сөйлсеу төлемі таксофондық карточкамен жүргізіледі. Сотталған камерадан АҚО-ның бақылаушысының айдауылы арқылы телефон немесе таксофондық аппаратқа шығарылады және телефон сөйлесулері АҚО әкімшілігінің бақылуымен өткізілетіні жөнінде ескертіледі.

      66. Телефонмен сөйлесу өткізілгеннен кейін АҚО-ның сөйлесуді өткізуге жауапты қызметкері өтінішке болған не қандай да бір себеппен болмаған телефонмен сөйлесулер туралы белгі қояды. Одан кейін өтініш тіркеу және тиісті номенклатуралық іске енгізу үшін кездесу бөлменің бақылаушысына беріледі. Егер сөйлесулерді кезекші кешкі уақытта (сағат 19-дан 20-ға дейін) өткізген жағдайда, өтініш кездесу бөлмесіне келесі күні тапсырылады.

      67. Қылмыстық-атқару жүйесінің басқа мекемелерiнде ұсталатын сотталғандармен телефон арқылы сөйлесуге тыйым салынады.

      68. Сөйлесу, телефон немесе таксофон аппаратын пайдаланудың көрсетілген тәртібі бұзылған жағдайда сөйлесулер дереу тоқтатылады.

15. Сотталғандарға көтермелеу мен жазалау шараларын қолдану

      69. Міндеттерін үлгілі орындағаны, жазаны өтеудің белгіленген тәртібін сақтағаны үшін сотталғандарға көтермелеу шаралары қолданылады:

      1) мереке күндерi тамақ өнiмдерi мен бiрiншi кезекте қажеттi заттарды сатып алуға бiр айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi сомада қосымша ақша жұмсауға рұқсат беру;

      2) бұрын белгіленген жазаны мерзiмiнен бұрын алып тастау.

      70. Көтермелеу АҚО бастығының дәлелді қаулысымен қолданылады.

      71. Қамаққа алу түріндегі жазаны өтеу кезінде белгіленген тәртіпті бұзғаны үшін АҚО бастығының дәлелді қаулысымен осы Қағидағаларға 12-қосымшаға сәйкес сотталғанға жаза қолданылады. Айыпталушыға бiр тәртіп бұзушылық үшiн біреуден артық жаза қолданылмайды.

      72. Заңда және осы Қағидаларда белгіленген талаптарды орындамағаны үшін сотталғандарға:

      1) ескерту

      2) сөгiс;

      3) он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге тәртіптік изоляторға жабу жазалау шаралары қолданылуы мүмкін.

      73. Жаза сотталғанның тәртіп бұзушылық жасау мән-жайын және сотталғанның мінез-құлқын ескере отырып қолданылады. Жаза тәртіп бұзушылық анықталған күннен бастап он тәуліктен кешіктірілмей, ал егер оған байланысты тексеру жүргізілсе – ол аяқталған күннен бастап, бірақ тәртіп бұзушылық жасалған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қолданылады. Жаза дереу орындалады, ал оны дереу қолдану мүмкін болмаған кезде – оны қолданған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қолданылады.

      74. Жазалау шараларын қолдануға дейін сотталғаннан жазбаша түсініктеме алынады, түсініктемені беруден бас тартқан жағдайда ол туралы тиісті акт жасалады.

16. Сотталғандарға бас бостандығынан айыру орындарының шегінен
тыс жерге шығулар беру тәртібі

      75. АҚО шегінен тысқа шығуға рұқсатты сотталғанның жазбаша өтініші негізінде АҚО бастығы береді.

      76. Қысқа мерзімді шығуға рұқсат туралы өтінішке ҚАК 86-бабында көрсетілген жеке жағдайларды растайтын құжаттар қоса беріледі: денсаулық сақтау органдарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының анықтамасы мен берілген орны бойынша ішкі істер органдары куәландырған өзге де ресми құжаттар.

      77. Қысқа мерзімді шығуға рұқсат алған сотталғанға осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оған куәлік беріледі, шығу тәртібі түсіндіріледі және жазаны өтеуден жалтарғаны үшін ҚК-нің 427-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік туралы ескертіледі, ол туралы осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді.

      Өз қаражаты есебінен жолға шығуға байланысты шығын сотталғанның жазбаша өтініші негізінде АҚО бухгалтериясы береді.

      78. Жол жүру билетін сотталғанның өзі алады, ондай мүмкіндігі болмаған жағдайда АҚО әкімшілігі көмек көрсетеді.

      79. Межелі жерге жеткен сотталған тәулік ішінде ішкі істер органының кезекші бөліміне, ал ауылдық жерлерде – полицияның учаскелік инспекторына келеді, келгені туралы куәлікке белгі қойғызады, келген мақсатын, мерзімі мен келген жерін, кету уақытын хабарлайды. Шығу уақыты біткен кезде сотталған ішкі істердің сол органына АҚО-ға кетуі туралы куәлікке белгі қойғызады. АҚО-ға кету мерзімі түнгі немесе таңғы уақыт болған жағдайда, белгі кетерден бір күні бұрын қойылуы тиіс. Келу және кету уақыты туралы белгі ішкі істер органының мөрімен куәландырылады.

      80. АҚО-ға келісімен сотталған куәлігі мен жол жүру билетін көрсетеді. Сотталған адамның белгiленген мерзiмде шығуын қиындататын күтпеген мән-жайлар туындаған жағдайда, сотталған адам болған жердегi iшкi iстер органы бастығының қаулысымен АҚО-ға оралу мерзiмi АҚО әкiмшiлiгiн дереу хабардар ете отырып, бес тәулiкке дейiн ұзартылады.

      81. Шығу кезінде сотталған ауырып қалған және емдеуге жату қажет болған жағдайда сотталған немесе оның жұбайы, ата-анасы, жақын туыстары сотталғанның жазасын өтеп жатқан АҚО әкімшілігіне және келген жеріндегі ішкі істер органына сол күні хабарлайды. Мұндай жағдайда сотталған денсаулық сақтау органының ең жақын орналасқан медициналық мекемесіне жіберіледі. Емдеу аяқталған соң және шығарғаннан кейін сотталған жазасын өтеу орнына барады.

      82. Есі дұрыстығын жоққа шығармайтын психикасының бұзылуынан (ауыруынан) зардап шегетін сотталғандарға АҚО шегінен тыс жерге шығуға туыстарының еріп жүруімен рұқсат етіледі.

17. Қамаққа алу түріндегі сотталғандарды тәртіптік
изоляторларда ұстау жағдайлары

      83. Тәртіптік изолторға жабу АҚО бастығының қаулысы және сотталғанның тәртіптік изоляторда болу мүмкіндігі туралы медицина қызметкерінің қортыныдысы негізінде жүзеге асырылады.

      84. Сотталғандары тәртіптік изоляторда ұстау жалғыз адамдық. Тәртіптік изолятрда сотталғандар жеке жатын орынмен және тек ұйықтар кезде белгіленген уақытқа төсек жабдықтарымен қамтамасыз етіледі. Сотталғандарға тәртіптік изоляторда ұстауда болған кезеңінде хат алмасу, тамақ өнiмдерi мен бiрiншi кезекте қажеттi заттарды сатып алуға, хат, сәлемдемелер, сауқаттар, бандерольдар алуға, үстел ойындарымен, кітап, газет, журнал және басқа әдебиеттерді пайдалануға тыйым салынады. Сауқаттар, сәлемдемелер мен бандерольдар сотталғандарға тәртіптік изоляторда болу мерзімі аяқталғаннан кейін беріледі.

      Сотталғандары тәртіптік изоляторынан мерзімінен бұрын босатуға медициналық көрсеткіштер не прокурордың талабы бойынша босатылған жағдайларды қоспағанда жол беріледі.

      85. АҚО бастығының немесе оны алмастыратын адамның сотталғандарға жазалау шараларын қолдану туралы қаулысы осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді және жазалауларды есепке алу журналында осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысана бойынша тіркеледі. Жазалау шаралары туралы материалдар сотталғандардың жеке істеріне тігіледі.

      86. Тәртіптік изоляторларға жабылған сотталғандарға өзімен бірге сүлігіден, сабын, тіс ұнтағы, пастасы, тіс щеткасы, табак өнімері мен сіріңкеден басқа тамақ өнімдерін, жеке заттарын алып жүруге рұқсат етілмейді. Тәртіптік изоляторда ұсталатын сотталғандар тек сейілдеу уақытында ғана темекі шегеді. Сотталғандардың тәртіптік изолятор камераларында темекі шегуіне жол берілмейді. Табак өнімдері, оттық, сіріңке күн тәртібіне сәйкес сотталғандарды сейілдеуге шығару кезінде беріледі және тәртіптік изолятордың сақтау камераларындағы арнайы жабдықталған шкафта (жәшікте) сақталады.

      87. Сотталғандардың тамақ өнімдері қоймаға өткізіледі және жазалау шараларын өтеп болған соң беріледі. АҚО әкімшілігі олардың сақталуына қажетті шаралар қабылдайды, алайда табиғи себептерге байланысты тамақ өнімдері ұзақ сақтау нәтижесінде бұзылса, акт жасалады (ерікті нысанда) және олар жойылады.

      88. Сотталғандарды тәртіптік изоляторға және бір адамдық камераларға қабылдау кезінде толық тінту жүргізіледі, содан соң осы үй жайларға бекітілген киімдерді киеді.

      89. Сотталғандардың тамақтануы тәртіптік изолятордың камераларында жүргізіледі.

      90. Тәртіптік изоляторларда ұсталатын сотталғандарды медициналық тексеру мен амбулаторлық емдеу арнайы жабдықталған үй-жайларда жүзеге асырылады. Санитарлық өңдеу басқа сотталғандардан бөлек жүргізіледі. Науқас сотталғандар медициналық көрсеткіштер бойынша бөлек камараларға орналастырылады.

      91. Тәртіптік изоляторға жабылған сотталғандарға төсек жабдықтары ұйықтау кезінде ғана беріледі.

      92. Тәртіптік изоляторларды жинау және кезекшілік әрбір сотталғанға кезегімен жүктеледі. Кезекшінің міндеттерін АҚО әкімшілігі белгілейді. Бір адамдық камераларды жинауды онда ұсталатын адамдар жүзеге асырады.

      93. АҚО бастығы болмаған кезде жасалған қылмыс пен қаскөйлікпен жасалған тәртіп бұзушылықтың жолын кесу мүмкін болмаған жағдайда, сотталғандар 24 сағаттан артық емес, бірақ АҚО бастығы келгенге дейін кезекшінің қаулысымен тәртіптік изоляторларға орналастырылады. Мұндай изоляция тәртіптік жаза болып табылмайды.

18. Сотталғанның жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету

      94. Сотталғандар мен басқа да адамдардың тарапынан сотталған адамның өміріне, денсаулығына не қадір-қасиетіне қатер төнген жағдайлар туралы сотталған жазбаша өтініш жасаған жағдайда АҚО бастығы қатерді жою үшін, оның ішінде сотталғанды қауіпсіз жерге ауыстыру немесе алып жүру арқылы дереу шаралар қолданады.

      Сотталған адамның өміріне, денсаулығына не қадір-қасиетіне қатер төнген жағдай белгіленген кезде оның келісіміне қарамастан АҚО бастығы оны жою үшін, оның ішінде сотталғанды қауіпсіз орынға ауыстыру немесе алып жүру секілді дереу шаралар қолданады.

      95. Екі және одан көп сотталған адамға қатер төнгені анықталған жағдайда, АҚО әкімшілігі қатер көзін оның келісіміне қарамастан, қауіпсіз орынға ауыстыру бойынша дереу шаралар қолданады.

      96. Сотталған адамды қауіпсіз орынға ауыстыру АҚО бастығының қаулысы бойынша отыз тәулікке дейінгі мерзімге жүргізіледі.

      Бастық болмаған жағдайда, сотталған адамды қауіпсіз орынға ауыстыру туралы шешімді кезекші АҚО бастығы келгенге дейін қабылдайды, бірақ жиырма төрт сағаттан аспауы тиіс.

      97. Сотталған адамның қауіпсіз орында болуын отыз тәулікке дейінгі мерзімге ұзарту АҚО бастығының прокурормен келісілген қаулысы бойынша жүзеге асырылады.

      98. Осы Қағидалардың 94 және 95-тармақтарында көрсетілген қатер сақталған кезде, АҚО әкімшілігі сотталған адамды жазасын одан әрі өтеуі үшін өзге АҚО-ға жіберу жөнінде шаралар қолдануға міндетті.

      99. Қауіпсіз орынға ауыстырылған сотталған адам оны қауіпсіз орынға ауыстырылғанға дейін өзіне айқындалған ұстау жағдайларында жазасын өтейді.

      100. АҚО бастығы қауіпсіздік шараларын қолдану туралы шешімді қабылдайтын және оларды қылмыстық сот ісін жүргізудің қатысушысы болып табылатын сотталған адамға қатысты жүзеге асыратын органдарға жәрдем көрсетуге міндетті.

19. Материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету

      101. Сотталғандарды Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету жазасын жалпы режимдегi түрмелерде өтеушi адамдар үшiн белгiленген нормаларға сәйкес жүзеге асырылады. Сотталғандар заттай мүлікпен қамтамасыз етілмейді, оларға бір түсті қара, қою көк не қою қоңыр түсті азаматтық үлгідегі заттай мүлікке рұқсат етілген.

      102. Сотталғандарға апта сайын ауыстырылатын төсек жабдықтары беріледі, сондай-ақ сотталғандарға ұзақтығы 30 минут моншада жуыну мүмкiндiгі берiледi.

      103. Сотталғандардың қырынатын құралдарын сақтау мен есепке алуды АҚО әкімшілігі жүзеге асырады, оларды сотталғандарға беру күн тәртібінде белгіленген уақытта жүргізіледі.

      104. Үстел ойындары бiр камераға бiр жинақ есебінен берiледi.

      105. АҚО кiтапханасынан газеттер олардың келiп түсуіне қарай бiр камераға бiр газеттен берiледi. АҚО-ның кiтапханасынан кiтап және журнал айырбастау аптасына бiр рет жүргiзiледi.

      106. Тамақ өнімдерін, бірінші кезекте қажет заттар мен өндiрiс тауарларды сатып алғысы келетiн адамдар АҚО бастығының атына осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш жазады.

      АҚО дүкенінiң қызметкерi тауар сатып алғысы келген сотталғандардың жеке есеп шотында ақшасының бар-жоғын қаржы бөлiмiнен тексередi. Сатып алынған тауарлар камераларға таратылады және қол қойғыза отырып берiледi.

      107. Жұмыс күні аяқталғаннан кейін дүкен жұмысшысы аванстық есеп жасайды және өтініштермен қоса оны есеп шоттардан ақша алу үшін қаржы бөліміне тапсырады.

      Тамақ өнімдерін және бірінші кезекте қажет заттарды алуға арналған өтiнiштiң және қолхаттың негiзiнде олардың бағасы сотталғандардың жеке шотынан шегеріледі.

      АҚО әкiмшiлiгi сотталғандардың тамақ өнімдері мен бірінші кезекте қажет заттарды сатып алуға жұмсаған ақшаның саны туралы оның жеке iсiне белгi қояды.

20. Сотталғандарға сауқаттар, сәлемдемелер мен бандерольдар
қабылдау және беру тәртібі

      108. Сотталғандарға жолданған сауқаттар, сәлемдемелер мен бандерольдарды қабылдау осы Қағидаларға 17-қосымшадағы талаптарға сәйкес жабдықталған АҚО үй-жайында жүзеге асырылады.

      109. Сотталғандарға ҚАК 86-бабына сәйкес айына бір рет салмағы 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 72 қаулысымен бекітілген Пошта байланысы қызметтерін көрсету қағидаларында көзделген нормадан аспайтын бірінші кезекте қажетті заттар мен маусым бойынша киім салынған сауқаттар, сәлемдемелер, бандерольдар алуға рұқсат етіледі. Сәлемдемелер келушілердің кезек тәртібімен қабылданады. Тізбе сәлемдеме қабылдайтын үй-жайда мемлекеттік және орыс тілдерінде ілінеді.

      110. Сәлемдемелерді жеткізуші адамдар осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада өтініш толтырады және қол қояды. Өтініштің екі данасы да, сәлемдемелер, жеке басын куәландыратын құжат АҚО қызметкеріне беріледі.

      111. Сәлемдеменің ішіндегілердің бар-жоғын, салмағын салыстыру мен тексеру осы Қағидаларға 19-қосымшаға сәйкес тамақ және заттай сәлемдемелер мен сауқаттарды тексеру тәртібіне сәйкес сәлемдемені жеткізуішінің қатысуымен жүзеге асырылады. Сәлемдеме мен сауқаттардың ішіне салынатын заттардың тізбесі мен салмағы тексеріледі және өтініште белгіленеді. Жеке басын куәландыратын құжат сәлемдемені салыстырып тексеру немесе ішіндегілерді тексеру аяқталған соң қолхатпен кері қайтарылады.

      112. Сауқатты қабылдаған соң АҚО қызметкері қабылдап алғаны туралы өтініштің бір данасын және келушілерге жеке құжаттарын қайтарады, ал екінші данасын сотталған қабылдап, қол қойған соң оның жеке істеріне тігеді. Анықтама карточкасында осы адамға сәлемдемелерді қабылдағаны туралы белгі қойылады. Сотталған өтінішке қол қоюдан бас тартқан жағдайда онда тиісті белгі қойылады.

      113. Сауқаттар мынадай жағдайларда:

      1) адресат босатылған;

      2) сотталған қайтыс болған;

      3)сауқаттардың салмағы 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 72 қаулысымен бекітілген Пошта байланысы қызметтерін көрсету қағидаларында көзделген нормаға сәйкес келмеген;

      4) сауқатты жеткізуші адам жеке басын куәландыратын құжаты көрсетпеген;

      5) сауқаттарды қабылдау өтінішін дұрыс ресімдемеген;

      6)сотталғанның өзіне жолданған сауқатты қабылаудан бас тартқан жағдайда қабылданбайды немесе келушіге қайтарылады.

      114. АҚО-да немесе ауруханада емдеу курсынан өткен адамдарға жолданған сауқаттардың ішіндегіні қабылдау кезінде емдеуші дәрігерлерің ұсынысы ескеріледі.

      115. Сауқаттарды ашып және ішіндегіні салыстырып тексерген соң екі данада тізімдеме жасалады. Онда заттар мен өнімдердің атауы мен тізбесі, сыртқы белгілері, сапасы, оның ішінідегілерден нақты ненің алынғаны және сақтауға берілгені көрсетіледі. Сақтауға рұқсат етілген заттар, заттектер мен тамақ өнімдері тізілімдемеге қол қоя отырып, сотталғанға беріледі, бірінші данасы оның жеке ісіне, екіншісі номенклутаралық іске тігіледі

      116. Анықталған сотталғандардың пайдалануына және сақтауына тыйым салынған заттар, заттектер мен тамақ өнімдерін қайтару себебін көрсете отырып, жеткізуші адамға қайтарылады. Сауқаттан табылған ақша, бағалы заттар мемлекет кірісіне алынады.

      117. Осы Қағидалардың 113-тармағының 1), 2), 6) тармақшаларында аталған жағдайдаларда сәлемдемелер мен бандерольдар жолдаушыларға "қайтарылуы тиіс" деген белгісі бар төлеммен пошта арқылы қайтарылады.

      118. Тәртіптік изоляторларға жабылған адамдарға жоданған сәлемдемелер, сауқаттар және бандерольдар қоймаға өткізіледі және сотталғандарға тәртіптік изоляторлардағы мерзімі аяқталған соң табысталады.

      119. Сотталғандарға одан әрі табыстау үшін сотталғандардың туыстарына немесе басқа адамдарға АҚО-ның қаржылық қамтамасыз ету қызметі арқылы АҚО-ның дүкенінде сатылымда бар тамақ өнімдері, бірінші кезекте қажетті заттар мен басқа да тауарлардың құнын төлей алады.

      Мұндай жағдайда сотталғандардың туысы немесе басқа адам АҚО-ның қаржылық қамтамасыз ету қызметіне онда екі данада өтініш береді тамақ өнімдері мен басқа тауарлардың саны мен салмағы, құны және қажетті сома көрсетіледі. Сотталғандар сатып алынған тауарды алған соң оның қол қойғыза отырып, бірінші данасы тауардың құнын төлеген адамға, екіншісі сотталғанның жеке істеріне тігіледі. Анықтамалық картотекаға тиісті белгі жасалады.

      120. АҚО әкімшілігі сауқаттардың, сәлемдемелер мен бандерольдардың ішіндегілердің сақталуын қамтамасыз етеді, бірақ бұл заттардың ұзақ сақталуы нәтижесінде табиғи бұзылуы және тексеру кезінде тауарлық түрінің жоғалуына жауап бермейді.

      121. Сәлемдемелер, сауқаттар және бандерольдар қабылданғаннан кейін сотталғанға бір тәуліктен келшіктірілмей, ал сотталған қысқа мерзімді демалысқа, емделуге жатуға немесе тәртіптік изолтярға жабылған жағдайда, ол қайтып келген соң немесе жазалау шараларын өтеп болған соң беріледі.

      122. Сәлемдемелердi, бандерольдарды және хат-хабарларды жеткізуге жауапты АҚО қызметкері оларды пошта бөлімшесінен алған кезде орамалардың, конверттердің, тапсырыс хаттарының тұтастығын тексереді. Зақымдар анықталған кезде, екі данада акті жасайды, онда зақымның сипатын жазады және пошта бөлімшесі қызметкеріне қол қойғызады. Бір данасын поштада қалдырады, екіншісін жинақтама папкіге тігеді.

21. Медициналық-санитариялық қамтамасыз ету тәртібі

      123. АҚО медициналық бөлiмшесiнде сотталғандарды қабылдау АҚО медициналық бөлiмшесiнiң жұмыс режимiне сәйкес алдын-ала жазба бойынша және медициналық көрсеткіштер бойынша жүргiзiледi. Шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда қабылдану кестеден тыс және кез келген уақытта жүзеге асырылады, денсаулық сақтау органдарының аумақтық емдеу-алдын-алу мекемесіне жіберіледі.

      124. Сотталғанның туысқандарынан алынған медициналық дәрi-дәрмектердi қабылдауы қатаң медициналық көрсеткiштер бойынша және тек АҚО медицина қызметкерлерiнiң қатаң бақылауымен жүзеге асырылады.

      125. Үздіксіз ем қабылдауды қажет ететін аурумен науқастанған сотталғандар тағайындалған медициналық дәрі-дәрмектердің бір тәуліктік нормасын өзімен бірге сақтай алады.

      Осы дәрі-дәрмектерді сотталғанның қолына тәулікке бөлу туралы мәселені шешу сақтауға арнайы рұқсатты ресімдей отырып, дәрігердің тағайындауына сәйкес қабылданады.

      126. Туберкулезбен ауыратын немесе созылмалы аурудың толық курсынан өтпеген сотталғандар, сондай-ақ ЖИТС-пен ауыратын сотталғандар АҚО-ның медициналық комиссиясының шешімі бойынша міндетті түрде ем қабылдайды.

      127. Сотталғандар өздерiнiң қалаулары бойынша денсаулық сақтау органдары қызметкерлері көрсететін ақылы, қосымша емдеу-алдын-алу көмегін алуға болады.

      Бұл үшін сотталған АҚО бастығына тиісті өтінішпен жүгінеді, онда ол алғысы келген қосымша емдеу-алдын-алу көмегінің түрін көрсетеді.

      Медициналық маман АҚО-ға келген кезде сотталғанның сырқатының тиісті түрін емдеуге медициналық қызметпен айналысуға құқығын растайтын құжатты көрсетеді. Қосымша емдеу алдын-алу көмегінің түрі және оның көлемі сотталғанның медициналық картасында көрсетіледі.

      Қосымша емдеу-алдын алу көмегiнің төлемi сотталғанның өзінің жеке есеп шотындағы ақшадан сотталғанның өтiнiшiнде көрсетiлген соманы медициналық мекеменiң не медицина қызметкерiнiң мекенжайына пошта арқылы аудару жолымен АҚО әкiмшiлiгi жүзеге асырады.

      Сотталғандардың қосымша емдеу-алдын алу көмегiнің төлемi басқа тұлғалар да жүзеге асыруы мүмкін.

22. АҚО-да қайтыс болған сотталғандардың денесін беру тәртібі

      128. Сотталғанның қайтыс болғаны туралы АҚО әкімшілігі оның жеке ісінде көрсетілген жақын туыстарына, осы факті бойынша тексеру жүргізетін прокурорға, сондай-ақ басқарманың жоғары тұрған органына хабарлайды.

      Егер қайтыс болған адамның туыстары АҚО орналасқан елді мекенде тұрмайтын болса, хабарлама телеграфпен жіберіледі.

      Шетелдік азаматтардың қайтыс болғаны туралы Бас прокуратураға, Сыртқы істер министрлігіне, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, сондай-ақ Ішкі істер министрлігінің басшылығына хабарланады. Бұдан басқа қамауда ұстау орындарында заңдардың қолданылуын қадағалауды жүзеге асыратын прокурорға, сондай-ақ қайтыс болған адам азаматты болып табылатын елшілік пен өзге де мемелекет өкілдігіне жазбаша түрде хабарланады.

      129. Қайтыс болған адамның мәйіті патологоанатомиялық зерттеуден, сондай-ақ заңнамада көзделген іс-әрекеттер жүргізілгеннен кейін оны сұраған адамдарға беріледі.Мәйіті сұралмаған қайтыс болған адамды жерлеу мемлекет есебінен жүзеге асырылады.

      130. Қайтыс болғанның туыстары мен басқа адамдарға қайтыс болғаны туралы куәлікті алу тәртібі түсіндіріледі. Жерлеу жабдықтарымен денені сұраған адамдар қамтамасыз етеді. Жерлеу оның есебінен жүзеге асырылады.

      131. Егер қайтыс болғанның туыстары немесе басқа адамдар денені алып кетуге уақытылы келе алмайтын болса, ол туралы хабарлауы және оны белгіленген мерзімінен тыс сақтағаны үшін оның құнын төлеуі тиіс.

  Қамаққа алу түріндегі жазаны
орындауды жүзеге асыратын
арнаулы мекемелердің қызметі мен
ішкі тәртіптемесін ұйымдастыру
қағидаларына
1-қосымша
нысан

АКТ

      20___ж. "___"__________ _____________________ облысы бойынша

      ҚАЖ департаментінің (бұдан әрі - ҚАЖД) арнайы қабылдау орыны

      Бiз төменде қол қойғандар _____________________________________

      (лауазымы, атағы, тегі, аты-жөні)

      _______________________________________________________________

      Сотталған _____________________________________________________

      (тегі,аты, әкесінің аты, туған жылы, бабы, мерзімі)

      _______________________________________________________________

      __________________ облысы бойынша ҚАЖД арнайы қабылдау орынына

      _______________________________________________________________

      (сотталғанның фотосуретінің, сауалнама деректерінің, жеке басын

      _______________________________________________________________

      растайтын құжаттардың сәйкес келмейтінін көрсету)

      _______________________________________________________________

      қабылдау кезінде осы актіні жасадық.

      _______________________________ _______________________________

      (лауазымы, атағы) (лауазымы, атағы)

      _______________________________ _______________________________

      (тегі,аты-жөні) (тегі,аты-жөні)

      Ескерту: акт үш дана жасалады, бірінші данасы сотталғанға үкім шығарған сотқа, екінші данасы ____________ облысы бойынша ҚАЖД-ге жолданады, үшінші данасы сотталғанның жеке ісіне тігіледі.

  Қамаққа алу түріндегі жазаны
орындауды жүзеге асыратын
арнаулы мекемелердің қызметі мен
ішкі тәртіптемесін ұйымдастыру
қағидаларына
2-қосымша
нысан

Сотталғандарға өздерiмен бiрге болуға, сауқаттармен,
сәлемдемелермен, бандерольдермен алуға арнайы қабылдау
орындарының дүкендерiнен сатып алуға рұқсат етiлетiн заттар мен
бұйымдардың ТІЗБЕСІ

      Қамаққа алуға сотталғандар:

      1) жылытуды талап ететін және сақтау мерзімі өткен тез бұзылатын тамақ өнімдерінен, сондай-ақ ашытқы, алкоголь ішімдігі мен сырадан басқа тамақ өнімдерін. Тамақ өнімдерінің тізбесі санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің нұсқамасы бойынша шектелуі мүмкін. Сотталғанның өзімен бірге сақталуына болатынт тамақ өнімдерінің, бірінші кезекте қажет заттардың, аяқ киімдердің, киімдердің және басқа өндірістік тауарлардың жалпы салмағы 35 килограмнан, оның ішінде кофе мен шай 2 килограмнан аспауы тиіс;

      2) Темекi бұйымдары (табак 2 килограмнан, сигарет пен папирос 20 қораптан аспауы тиіс), сiрiңкелер;

      3) белбеусіз киім (бір түсті қара, қою көк не қою қоңыр, қою жасыл немесе сұр түсті), иық бау, галстук, сондай-ақ бас киім, маусым бойынша аяқ киім (ұлтарақсыз, метал нәлсіз);

      4) бір жинақтағы спорт костюмі немесе әйелдер халаты;

      5) іш киiм;

      6) шұлық;

      7) шұлық пен шұлықдамбал (колготки);

      8) қолғап немесе биалай;

      9) бет орамалдар;

      10) үйге киетiн, спорттық аяқ киiм (бір жұбын);

      11) тазалық жабдықтары (иiс, шаруашылық сабындары, сұйық сабын немесе шампунь, сабын мен тіс щеткасына арналған пластмасса құты, тiс щеткасы, тiс ұнтағы, тiс пастасы, кремдер, тарақ);

      12) Қалта айна (камерада айна болмаған кезде), электрлiк не болмаса біржолғы қауiпсiз ұстара (тек қолдану кезінде беріледі);

      13) зат салатын қап немесе сөмке;

      14) көзілдірік және көзілдірікке арналған пластмасса қап;

      15) үш бұрышты орамал, рейтуздар, белдіктер, бюстгальтер дәкі, шаш қыстырғыш, гигиеналық мақта, косметикалық бұйымдар, пластамасса бигудилер (әйелдерге);

      16) балдақ, ағаш қолтаяқ, протездер (дәрігердің рұқсаты бойынша);

      17) зауытта жасалған тұрмыстық электрлі су қайнатқыш,

      18) жөке немесе ысқыш;

      19) авто қаламсап, оған өзектер, қарындаш;

      20) хат жазатын қағаз, оқушы дәптерi, пошта конверттері, ашық хат, пошта маркасы;

      21) АҚО дүкенінен сатып алынған дәретхана қағазы;

      22) ішкі немесе қалтаға салынып алып жүретін діни ғибадатқа арналған заттар;

      23) төсек жабдықтары бір жинақта (екі жайма және жастық қап);

      24) көркем және басқа да әдебиеттер, сондай-ақ АҚО кітапханасынан немесе оның әкімшілігі арқылы сауда желісінде алынған мерзіміді басылымдар;

      25) екіден аспайтын фотокарточкалар;

      26) үстел ойындары (дойбы, шахматтар, домино, нард);

      27) балаларды күтуге арналған заттар (дәрігердің рұқсатымен үш жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге);

      28) АҚО дәрігерінің тағайындауымен емдік дәрі-дәрмектер өздерiмен бiрге болуға, сауқаттармен, сәлемдемелермен, бандерольдермен алуға және арнайы қабылдау орындарының дүкендерiнен сатып алуына болады.

      Атлағандардан бөлек қамаққа алынған сотталғандарға құжаттар мен қылмыстық істерге қатысты немесе олардың құқықтары мен мүдделеріне қатысты мәселелердің іске асырылуына қатысты жазбалар, сондай-ақ пошталық жолдамалардың бланктерін, ақша, құндылықтар мен құжат және басқаларды өткізуде берілген түбіртектерді өзімен бірге алып жүруге және сақтауға рұқсат етіледі.

      Осы Қағидаларда көзделмеген нәрселер мен заттар тыйым салынған болып табылады.

  Қамаққа алу түріндегі жазаны
орындауды жүзеге асыратын
арнаулы мекемелердің қызметі мен
ішкі тәртіптемесін ұйымдастыру
қағидаларына
3-қосымша
нысан

Қамаққа сотталғанды жеке тінту хаттамасы

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты)

      ___________________________ жылы туған арнайы қабылдау орнына 20 ____

      жылдың "__" _____________жеткізілген

      Тінту кезінде барлық жеке заттары қаралды. Онда алынғаны:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Тінту бойынша өтініштер мен наразылықтар ____________________________

      _____________________________________________________________________

      (егер түссе оның мәні қысқаша мазмұндалсын, ал егер түспесе -

      _____________________________________________________________________

      "Түскен жоқ" деп көрсетілсін)

      _____________________________________________________________________

      Тінту кезінде алынғандар хаттамаға толығымен енгізілсін.

      Жазбаның дұрыстығын растаймын _______________________________________

      (қамаққа сотталған адамның қолы)

      Тінтуді жүргізді: _____________________________________________

      (тінту жүргізген адамдардың лауазымы, Т.А.Ә.)

      _____________________________________________________________________

      20___жылғы "__" __________

      _____________________________________________________________________

      (тінтуді жүргізген адамдардың қолы)

      Ескертпе: хаттама екі данада жасалады, бірінші данасы сотталғанның жеке ісіне тігіледі, екінші данасы сотталғанға беріледі.

  Қамаққа алу түріндегі жазаны
орындауды жүзеге асыратын
арнаулы мекемелердің қызметі мен
ішкі тәртіптемесін ұйымдастыру
қағидаларына
4-қосымша
нысан

Акт

      Бiз төменде қол қойған комиссия құрамында _____________________

      (лауазымы, атағы, тегi, аты-жөнi, әкесiнiң аты)

      сотталғаннан ________________________________________________________

      (сақтауға алдық) жүргiздiк (тегi, аты-жөнi, әкесiнiң аты)

      (______) _________________________ ақша, бағалы

      ______________________________________________ азық-түлiктер алдық.

      Барлығы берiлгенi: _______ бағалы заттардың атауы, ______ ақша,

      Азық-түлiктiң, заттардың атауы ______________________________________

      (саны)

      бердiм: __________________ (тегi, аты-жөнi, әкесiнiң аты, қолы)

      қабылдадым: ____________________ (тегi, аты-жөнi, әкесiнiң аты, қолы)

      қатысқандар: ___________________ (тегi, аты-жөнi, әкесiнiң аты, қолы)

      20___ жылғы "___" ________

  Қамаққа алу түріндегі жазаны
орындауды жүзеге асыратын
арнаулы мекемелердің қызметі мен
ішкі тәртіптемесін ұйымдастыру
қағидаларына
5-қосымша
нысан

      ______________

      (АҚО-ның атауы)

Сотталғандардан алынған бағалы заттарды, ақшаны есепке алу журналы

      Басталды: 20__ жылғы _____________

      Аяқталды: 20__ жылғы _____________

Р/с

Ақша (бағалы зат) алынған сотталғанның тегі, аты-жөні және алу жағдайы

Алынды: ақша (мөлшері жазбаша), бағалы зат (сипаты)

Алу күні

Ақша (бағалы зат) алған тұлғаның лауазымы, тегі, аты-жөні

Кезекшінің ақшаны (бағалы зат және алу туралы кесім) қабылдаған күні, қолы

Ақшаның (бағалы зат) АҚО есеп бөліміне өткізілген күні және түбіртек нөмірі

1

2

3

4

5

6

7


      Кестенің жалғасы

Тапсырылған ақшаның (бағалы зат) түбіртегін және алу туралы актіні алғаны туралы жұмыскердің қолы және алған күні

Сотталғанның жеке шотына аударылды

АҚО шотына аударылды

Тексеру нәтижесі бойынша шешім

8

9


      Ескертпе:

      1) журналда сотталғандардан алынған және АҚО аумағынан қызметкерлер тапқан ақша мен бағалы заттар тіркеуге алынады;

      2) АҚОБКК журналдың уақытында толтырылуын қадағалайды.

  Қамаққа алу түріндегі жазаны
орындауды жүзеге асыратын
арнаулы мекемелердің қызметі мен
ішкі тәртіптемесін ұйымдастыру
қағидаларына
6-қосымша

Қамаққа сотталғандардың үлгі күн тәртіптемесі

      Ұйқыдан тұру – таңғы сағат 7-ден кешікпей.

      Дене жаттығу (ерікті түрде) – 15 минутқа дейін.

      Дәретхана, төсекті жинау – 20 минутқа дейін.

      Таңғы және кешкі тексеру – 40 минутқа дейін.

      Таңғы ас – 30 минутқа дейін.

      Сейілдеу, медициналық процедураларға шығару – 1,5 сағатқа дейін.

      Жуыну – 2 сағатқа дейін.

      Кешкі ас – 30 минутқа дейін.

      Жеке уақыты – күн тәртіптемесінде көрсетілмеген іс-шаралардан бос уақытта.

      Ұйқыға дайындық – 15 минутқа дейін.

      Ұйықтау (үздіксіз) – 8 сағат.

      Ескерту:

      1. Күн тәртіптемесі жергілікті жағдайларға, күннің ұзақтығын, жыл мезгілдерін қарамай әрбір АҚО-да жасалады.

      2. Карантин бөлімшесінде, тәртіптік изоляторда ұсталатын қамаққа сотталғандардың күн тәртіпмесі бөлек жасалады.

  Қамаққа алу түріндегі жазаны
орындауды жүзеге асыратын
арнаулы мекемелердің қызметі мен
ішкі тәртіптемесін ұйымдастыру
қағидаларына
7-қосымша
нысан

      Бекiтемiн

      Арнайы қабылдау орнының бастығы

      ___________________________

      (атағы, қолы, тегі)

      __жылғы "___"________________.

Камера бойынша орналастыру жоспары

Бөлек ұсталады

Камера №

Камерадағы орын саны

Ескерту






      1. Сотталған ер адамдар:

      а) бірінші рет сотталғандар;

      б) бұрын бас бостандығынан айыру орындарында отырғандар (қылмыс құрамына қарамастан) және соттылығы болғандар;

      в) сотталған сот, құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың бұрынғы қызметкерлері, сотталғандардың мінез-құлқын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға уәкілетті адамдар

      2. Сотталған әйелдер:

      а) бірінші рет сотталғандар;

      б) бұрын бас бостандығынан айыру орындарында отырғандар (қылмыс құрамына қарамастан) және сотты болғандар;

      в) сотталған сот, құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың бұрынғы қызметкерлері, сотталғандардың мінез-құлқын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға уәкілетті адамдар

      3. Тәртіптік изоляторларда ұсталатын сотталғандар.

      4. АҚО медициналық бөлімшесінде жатқан науқас сотталғандар.

      5. Жиынтық бөлімше камераларында ұсталатын сотталғандар.

      Ескерту: Камера бойынша орналастыру жоспары кезекші бөлімінде, арнайы қабылдау орны бастығының кабинетінде, жедел бөлімде, арнайы есепке алу, сондай-ақ, режим және күзет бөлiмдерiнде болуы тиiс. Арнайы қабылдау орнының бастығы ___________________________

      ( атағы, қолы, тегі)

  Қамаққа алу түріндегі жазаны
орындауды жүзеге асыратын
арнаулы мекемелердің қызметі мен
ішкі тәртіптемесін ұйымдастыру
қағидаларына
8-қосымша

Жалпы камераларды жабдықтауға қойылатын талаптар

      Қамаққа алу түріндегі жазаға сотталғандар ұсталатын камералардың құрылымы сыртқы қоршаған ортадан және бiрiккен үй-жайлардан сенiмдi оқшаулауды қамтамасыз етуi тиiс. Камералардың жоспарлық нысаны есiктiң "көзшесi" арқылы анағұрлым жақсы көрiлуiн қамтамасыз етуi тиiс.

      Камералардың есiктерi 90 х 200 сантиметр (бұдан әрi - см) екi жақты болады. Есік үш жазықтықтағы жабу механизімінің көмегімен жабылады. Есікке рұқсатсыз енуге тосқауыл қоюға арналған құлып орнатылады. Есіктің сыртқы жағына жабу тетігін қамтамасыз ететін техникалық люк орналастырылады. Қарау қондырғысы камерадан дәліз көрінбеу үшін, еденнен 150 см биіктікте, камераның ішкі жағынан өлшемі 14 x 24 см, дәлізден 3,5 x 4 см сопақша ойық арқылы орнатылады.

      Ішкі есіктер шекті дөңгелек және жолақты болат темірден жасалады. Еден деңгейінен 95 см биiктiкте тамақ үлестiруге арналған 18 x 22 cм шағын терезе орнатылады. Шағын терезенің есігі дәліз жаққа ашылуы, көлденең кронштейндер арқылы бекітілуі тиіс.

      Есікті жабу үшін аспалы құлыппен бекітілетін ысырманы пайдалану керек. Ысырма болаттан жасалған қорапта орнатылады және жабу кезінде сыртқы есікке тығыз қысылады.

      Есіктерді камералардың ортасына орналастырылады, камералардың көрінуін жақсарту үшін есік қорабы мен есік қабырғаның ішкі жағына жақынырақ орнатылады. Камералардың есіктері дәліз жағына ашылады, есікте дәліз жағынан қапсырма шеге көзделеді.

      Есіктің ашылу бұрышы камераға бір уақытта бір адам кіретіндей етіп орнатылуы тиіс. Осы мақсатта дәліз жағынан есіктің белгілі бір бұрышқа ашылуын қамтамасыз ететін шектеуіш орнатылады. Камералардың есік-құлыптары жапсырмалы-қорапты болуы тиіс. Бұранда құлыптар орнатуға болмайды. Құлып кілтпен үш айналымға, ал есік жабылған кезде автоматты түрде бір айналымға жабылуы тиіс.

      Терезелердің көлемі: ені 130-140 см, биіктігі 110-120 метр. Терезе жақтауларын екі жақты (фрамуга) етіп жасау керек. Терезелердің жармаларын және фрамугаларды сенімді бекітілетін құлыптармен жабдықтау керек. Жармаларды терезе қораптарына жасырын бүршігі бар бұрандалы шегемен бекітеді. Терезе ойығының төменгі жағын еден деңгейінен кемінде 160 см биіктікте жасау керек.

      Терезе алдының орнына терезе ойықтарында бұрыштары дөңес етіп жасалады. Қызметтік және қосымша үй-жайлардың, камералардың, стационарлық палаталардың барлық терезелеріне сыртқы жағынан металл торлар орнатылады. Бөлу торларының көлемі 12 х 20 см дөңгелек және болат жолақты сым темірден жасалады. Диаметрі 0,2 см кем емес болат дөңгелек сым тордың тік элементтеріне, ал қалыңдығы 0,60 х 0,12 см жолақты болат көлденең элементтерге және торды орауға қолданылады. Тордың дөңгелек сымнан жасалған элементтері жолақ сымның арасына өткізіледі, барлық түйіскен жерлері мықтап дәнекерленеді. Камера жағынан терезеге қол жетпейтіндей, терезе рамасынан кемінде 50 см қашықтықта ішкі жақтан дөңес металл торлар қондырылады.

      Жалпы камералар габариттік өлшемі 188 х 65 см екі қабатты темір кереуетпен, бір адамға 40 метр есебінен алынған ағаш үстелдермен және орындықтармен, бір қума метрге 5 орын есебінен алынған киім ілетін шкафпен және жеке қолданылатын тумбалармен жабдықталады. Камералардың барлық жабдықтары еденге бекітілуі тиіс.

      Әрбір камерада қолжуғыш пен унитаздан тұратын, камералардың қоршау конструкцияларына мықтап бекітілген санитарлық торап жабдықталады. Ұзындығы 140 см санитарлық торап тұтас қалқамен бөлініп, есікпен жабдықталады.

      Барлық камераларда тақтайдан жасалған сырланған едендер жүргізіледі.

  Қамаққа алу түріндегі жазаны
орындауды жүзеге асыратын
арнаулы мекемелердің қызметі мен
ішкі тәртіптемесін ұйымдастыру
қағидаларына
9-қосымша
нысан

      20___ жылғы "___"______________

      Сотталғанды бір адамдық камераға ауыстыру туралы

Қаулы

      Сотталған ___________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты)

      _____________________________________________________________________

      (бір адамдық камерада ұстауға негіз болған

      _____________________________________________________________________

      мән-жайлары көрсетіледі)

      _____________________________________________________________________

      Қаулы етті:

      Сотталған ___________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты)

      одан әрі бір адамдық камераға ауыстырылсын.

      _____________ облысы бойынша ҚАЖД _____________ АҚО бастығы

      _________________________________________________________________

      (атағы) (қолы) (тегі)

      20___жылғы "___"___________

  Қамаққа алу түріндегі жазаны
орындауды жүзеге асыратын
арнаулы мекемелердің қызметі мен
ішкі тәртіптемесін ұйымдастыру
қағидаларына
10-қосымша

Сейілдеу аулаларын жабдықтауға талаптар

      Әдетте, сейілдеу аулаларын режимдік корпустардың жоғарғы қабаттарына орналастырылады. Мүмкін болмаған жағдайда олар режимдік аулада орналастырады және жерасты немесе жерүсті өткелдерімен жалғасуы немесе шектесуі тиіс.

      Сейілдеуге шығарылған қамаудағы әрбір сотталғанға сейілдеу ауласының 2,5-3 шаршы метрден келу керек. Сейілдеу ауласының ең кіші көлемі – 20 шаршы метр.

      Сейілдеу аулаларының жоғарғы жағына 17x17 сантиметрлік ұяшық металл торлар дәнекерленеді, тордың үстінен 5x5 сантиметр ұяшық метал рама тоқымалы металл тормен бекітіледі.

      Сейілдеу аулаларының есіктері камералық үлгідегідей, бірақ желкөзсіз жабдықталады. Әрбір сейідеу ауласының ортасында еденге мықтап бекітілген орындық орнатылады Сейілдеу аулаларының үсті бақылаушыға қарама-қарсы қабырғалардың бойымен қалыңдығы 1,2 метрге дейін жауын-шашыннан қорғайтын жеңіл бастырмалар орнатылады.

      Сейілдеу аулаларынан судың ағып кетуі қамтамасыз етілуі тиіс.

      Сейілдеу аулаларының үстіне сейілдеу аулаларында жүрген барлық қамаққа сотталғандарды ұдайы бақылауда ұстайтындай етіп бақылаушыға арналған тұғыр жабдықталады. Бақылаушының бекетінде күзет-дабыл сигнализациясы бар хабарлағыштар мен кезекшіге қосылған байланыс құралдары орнатылады.

  Қамаққа алу түріндегі жазаны
орындауды жүзеге асыратын
арнаулы мекемелердің қызметі мен
ішкі тәртіптемесін ұйымдастыру
қағидаларына
11-қосымша
нысан

Сотталғандарды және өзге адамдарды жеке мәселелері
бойынша қабылдау
журналы

      ______________________________________________________________

      (қабылдауды жүзеге асырушы лауазымды адамның лауазымы, атағы және тегі)

      Басталды _______________________

      Аяқталды _______________________

Қабылдау күні

Қабылдауға келген адамның Т.А.Ә.

Қойылған сұрақтардың мазмұны

Қабылданған шешім

Орындалғандығы туралы белгі

1

2

3

4

5







      Ескерту:

      Журнал екі бөлімнен тұрады, нөмірленген, бау өткізілген, мөрленген және АҚО кеңсе қызметкерінің қол қоюымен расталған болуы тиіс.

  Қамаққа алу түріндегі жазаны
орындауды жүзеге асыратын
арнаулы мекемелердің қызметі мен
ішкі тәртіптемесін ұйымдастыру
қағидаларына
12-қосымша
нысан

Сотталғанға жаза тағайындау туралы
ҚАУЛЫ

      Сотталған ___________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы)

      _____________________________________________________________________

      (тәртіп бұзушылықтың мәні жазылады)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      арқылы жаза өтеу режимін бұзды.

      Сотталған __________________ жазбаша жазған түсініктемесін және

      өзге тексеру материалдарын қарап, ҚР ҚАК-нің 133-бабын басшылыққа алып,

      ҚАУЛЫ ЕТТІ:

      Сотталған _____________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты)

      жаза өтеу режимін бұзғаны үшін________________________тағайындалсын.

      (жазаның түрі көрсетіледі)

      _______________ облысы бойынша ҚАЖД __________ арнайы қабылдау

      орнының бастығы

      __________________________________________________________________

      (атағы) (қолы) (тегі)

      20____жыл "___"___________

      Қаулы маған хабарланды ___________________________________

      (сотталғанның қолы және күні)

  Қамаққа алу түріндегі жазаны
орындауды жүзеге асыратын
арнаулы мекемелердің қызметі мен
ішкі тәртіптемесін ұйымдастыру
қағидаларына
13-қосымша
нысан

№__ куәлік

      ҚР ҚК__бабы бойынша 19__жылы __________ дүниеге келген

      сотталған __________________________________________________ берілді.

      (сотталғанның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Мерзімінің басы____, мерзімінің аяқталуы_______

      _____________________________________________________________________

      (ҚАК-нің 86-бабына сәйкес шығудың негіздемесін көрсетіу

      байланысты АҚО-дан қысқа мерзімді шығуға рұқсат етілді)

      ______________________

      (бару орны)

      __тәулікке, оның ішінде ____тәулік жолға кетеді.

      20__ жылдың ________ол

      _____________________________________ мекен-жайы бойынша

      Телефон, факс________________________

      арнаулы қабылдау орнындағы_____________________________________

      жазасын өтеу орнына келуге міндетті. (атауы)

      Фотосурет орны АҚО бастығы ___________________

      (тегі)

      Сотталғанның Ішкі істер органына келуі туралы белгі

      ТМ-нің елтаңбалық мөрі _____________________ келді

      үшін орын (күні, қолы, елтаңбалық мөр)

      сотталғанның қол қоятын орны _____________________ кетті.

      (күні, қолы, елтаңбалық мөр)

  Қамаққа алу түріндегі жазаны
орындауды жүзеге асыратын
арнаулы мекемелердің қызметі мен
ішкі тәртіптемесін ұйымдастыру
қағидаларына
14-қосымша
нысан

Қолхат

      Мен, сотталған ______________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты)

      Маған арнайы қабылдау орнының шегінен тыс жерге қысқа мерзімді шығуға

      бару тәртібінің түсіндірілген үшін осы қолхатты беремін.

      Маған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекінің 427-бабы

      бойынша жазаны өтеуден жалтарған жағдайда жауапкершілікте болатыным

      ескертілді.

      20__жылғы ____________ __________________

      (сотталғанның қолы)

      Қолхатты алдым ______________________

      (лауазымы, атағы, тегі)

      __________________

      (қолы)

  Қамаққа алу түріндегі жазаны
орындауды жүзеге асыратын
арнаулы мекемелердің қызметі мен
ішкі тәртіптемесін ұйымдастыру
қағидаларына
15-қосымша
нысан

Қазақстан Рсепубликасы Ішкі істер министрлігі

      (аумақтық органның атауы)

      Қамақа алу түріндегі жазаға сотталғандардың жазаларын есепке алу журналы

      Басталды "_____"___________20___ж.

      Аяқталды "_____"___________20___ж.

      Сақтау мерзімі __________________

      11-қосымшаның келесі беті

р/с№

Жарияланған жазалау күні

Сотталғанның тегі, аты, әкесінің аты

Сотталғанның жеке ісінің нөмірі

Не үшін жазаланды

Жазалау түрі

АҚО бастығының қолы

1

2

3

4

5

6

7

№__ Куәлік түбіртегі

      Тергеу мекемесі бастығының 20__ жылғы_______ №_

      _____________________________________ бұйрығы негізінде

      сотталған _______________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, ҚК бабы, мерзімі

      _____________________________________ мерзімінің басы мен аяқталуы)

      ______________________________________________________

      _______________________________________________ байланысты

      (ҚАК-тің 86-бабына сәйкес шығудың негіздемесін көрсету)

      ________________________________АҚО-дан қысқа мерзімді шығуға рұқсат

      етіледі

      (бару орны)

      Ұзақтығы ___ тәулік, оның ішінде ____ тәулік жолға кетеді.

      Куәлік 20 __ жылы __ ____________ берілді

      _____________________________________________________________________

      (сотталғанның қолы)

      20__ жылы _________ кетті.

      20__жылы ________ келді.

      Арнайы қабылдау орнының бастығы _____________________________

      (тегі)

      _____________________________________________________________________

      (қолы)

  Қамаққа алу түріндегі жазаны
орындауды жүзеге асыратын
арнаулы мекемелердің қызметі мен
ішкі тәртіптемесін ұйымдастыру
қағидаларына
16-қосымша
нысан

Жеке есеп шотта _____ теңге___тиын бар. № ___ түбiртек
Бухгалтер ________________ Сотталған _______________
20_____ж "___" ______________
ӨТІНІШ

      Маған төмендегідей тауарларды сатып алуға рұқсат етуіңізді сұраймын:

№ №

Тауардың атауы

Саны

Босатылған сома

Сомасы

1

2

3

4

5







      Жиыны: _______________________

      _______________________

      (Сотталғанның қолы)

Қолхат

      ___________________________________ сомаға тауар алдым.

      (жазумен)

      Осы соманы менің жеке есеп шотымнан шегеруді сұраймын.

      ________________________

      (Сотталғанның қолы)

      20___ жылғы ________________

  Қамаққа алу түріндегі жазаны
орындауды жүзеге асыратын
арнаулы мекемелердің қызметі мен
ішкі тәртіптемесін ұйымдастыру
қағидаларына
17-қосымша

Сауқаттарды қабылдау бөлмесіндегі мүкаммал мен жиһаз тізбесі

      1. Сауқаттарды тексеруге арналған үстел.

      2. Сауқаттарды қоюға арналған сөрелер.

      3. Ыдыс: себеттер, сауқаттарды камераларға жеткізуге арналған сөмкелер.

      4. Тоңазытқыш.

      5. пышақтар, қасықтар, ыдыстар мен сол секілділердің қажетті саны.

      6. Қолжуғыш, айна, сабын, сүлгі.

      7. Таразы, кір тасының жиынтығы.

      8. Бақылаушыларға арналғанақ халат пен бас киім.

  Қамаққа алу түріндегі жазаны
орындауды жүзеге асыратын
арнаулы мекемелердің қызметі мен
ішкі тәртіптемесін ұйымдастыру
қағидаларына
18-қосымша
нысан

ӨТІНІШ

      ____________________________________________________ мекен жайында

      (тұрғылықты мекен-жайы)

      тұратын азаматтан ___________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Сотталған ___________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған жылы)

      сауқат қабылдауыңызды сұраймын.

      Сауқаттағы тамақ,өнімдерінің (заттардың) тізілімі:

№п/п

тамақ өнімдері мен заттардың атауы

Салмағы(кило граммен, граммен)

Саны

Ескерту







      Өтініш берушінің қолы ________

      жылғы "___" ______________

      Сауқатты қабылдаған ______________________________________________

      (сауқатты қабылдаған қызметкердің қолы)

      Сауқатты алған ___________________________________________________

      (сауқатты алған сотталғанның қолы)

      жылғы "___" ______________

  Қамаққа алу түріндегі жазаны
орындауды жүзеге асыратын
арнаулы мекемелердің қызметі мен
ішкі тәртіптемесін ұйымдастыру
қағидаларына
19-қосымша
нысан

Заттай және тамақ өнімдері бар сауқаттар мен сәлемдемелерді тексеру тәртібі

      1. Нан өнімдері (бөлкелер, батондар) екі, үш бөлікке бөлінеді.

      2. Сұйық өнімдер АҚО-ның ыдыстарына құйылады.

      3. Консервілер ашылады және басқа ыдыстарға құйылады.

      4. Майшабақ екі, үш бөлікке бөлінеді.

      5. Шұжық өнімдері бірнеше бөлікке бөлінеді.

      6. Сусымалы заттар (қант, махорка) шашылады.

      7. Кәмпиттер орамасыз қабылданады.

      8. Хат-хабар мен тыйым салынған заттар жасыруға мүмкін тамақ өнімдерінің барлығы осы тәртіппен тексерілуі тиіс.Тексеру тамақ өнімдерінің сапасы бұзылмайтындай етіп жүргізіледі.

      9. Нәрселер мен заттар да мұқият тексерілуі тиіс. Қажет болған жағдайда іздеу құралдары қолданылады.