Сот сарапшыларын аттестаттау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 336 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 25 сәуірде № 15033 болып тіркелді.

Қолданыстағы
      "Сот-сараптама қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Сот сарапшыларын аттестаттау қағидалары бекітілсін.
      2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмелерін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Министр М. Бекетаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Ақпарат және коммуникациялар министрі
      ____________ Д. Абаев
      2017 жылғы 30 наурыз
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      ____________ Т. Сүлейменов
      2017 жылғы 30 наурыз

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2017 жылғы 30 наурыздағы
№ 336 бұйрығына
1-қосымша

Сот сарапшыларын аттестаттау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сот сарапшыларын аттестаттау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сот-сараптама қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-бабы 18) тармақшасына сәйкес әзірленді және сот сараптамасы органының қызметкері болып табылатын сот сарапшыларын, сондай-ақ лицензия негізінде сот-сараптама қызметімен айналысатын адамдарды (бұдан әрі – сот сарапшылары) аттестаттау, оның ішінде кезектен тыс аттестаттау (бұдан әрі – аттестаттау) тәртібін айқындайды.
      2. Заңның 20-бабында белгіленген біліктілік талаптарына сот сарапшысының сәйкес келмеу фактілері анықталған кезде оны кезектен тыс аттестаттайды.
      Кезектен тыс аттестацияны өткізу туралы шешімді белгіленген тәртіпте Қағидалардың 11-тармағымен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органының басшысымен (бұдан әрі - Министрлік) қабылданады.
      3. Бала күтімі демалысындағы сот сарапшылар жұмысқа шыққан соң, кемiнде алты айдан кейiн аттестатталады.
      4. Аттестаттауға жататын, лицензия негізінде сот-сараптама қызметімен айналысатын адамдардың тізімі Қазақстан Республикасы Әділет министрінің не оны алмастыратын адамның бұйрығымен бекітіледі.
      5. Аттестаттауға жататын сот сарапшыларының тізімі мен аттестаттаудан өту кестесін Министрліктің сот сараптамалары органының басшысы не оны алмастарытын адам бекітеді.
      6. Министрліктің сот сараптамалары органы аттестаттауға жіберілген сот сарапшыларын аттестаттауды өткізудің орны, уақыты, тәртібі туралы оны өткізу басталғанға дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей жазбаша хабардар етеді.
      7. Аттестаттауға жататын сот сарапшылары, сот сарапшыларын аттестаттау, оның ішінде кезектен тыс аттестаттау жөніндегі комиссияға (бұдан әрі – Комиссия) құжаттарын жазбаша хабарламаны алған кезден бастап аттестаттау өткізілетін күнге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей жолдайды.
      8. Сот сарапшылары аттестаттаудан өту үшін сот сараптамасы органының кеңсесі немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы (электрондық түрде) Комиссияға мынадай құжаттарды:
      1) осы Қағидаларға 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішті (бұдан әрі – өтініш);
      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органы аумақтық бөлімшесінің басшысы не оны алмастыратын адам қол қойған, сот сарапшысының кәсіптік даярлығы деңгейін көрсететін мінездемені;
      3) соңғы жылдағы сот сарапшысының қорытындыларына рецензияларды;
      4) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәліметтерді.
      9. Сот-сараптама қызметімен лицензия негізінде айналысатын сот сарапшылары аттестаттаудан өту үшін Комиссияға осы Қағидалардың 8-тармағының 1), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

2-тарау. Сот сарапшыларын аттестаттауды өткізу тәртібі

      10. Комиссия аттестаттауды аттестатталатын сот сарапшысының қатысуымен өткізеді.
      11. Аттестаттау 2 кезеңде, сот сарапшысының таңдауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде өткізіледі:
      1) тестілеу: сот сарапшылары үшін 100 сұрақ, сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық мамандықтарының сот сарапшылары үшін 50 сұрақ;
      сот сарапшылары үшін – қылмыстық-процестік құқық бойынша (20 сұрақ), азаматтық-процестік құқығ бойынша (20 сұрақ), криминалистика бойынша (20 сұрақ), әкімшілік құқық бойынша (20 сұрақ), Заң бойынша (20 сұрақ);
      сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық мамандықтарының сот сарапшылары үшін - игеретін мамандықтары бойынша (50 сұрақ);
      2) білімін тексеру: сот сарапшылары үшін – сот сараптамасының белгілі бір түрі ауызша әңгімелесу (мамандығы бойынша 5 сұрақтан көп емес):
      сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық мамандықтарының сот сарапшылары үшін - сот сараптамасының белгілі бір түрі бойынша емтихан билеттері (үш теориялық және бір ахуалдық сұрақ).
      12. Сот сарапшылары тестілеуге жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде жіберіледі.
      Сот сарапшылары үшін тестілеу уақыты 90 минутты құрайды.
      Сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық мамандықтарының сот сарапшылары үшін тестілеу уақыты 50 минутты құрайды.
      Тестілеу кезінде сот сарапшылары бір-бірімен сөйлесе алмайды. Сот сарапшыларының қосалқы құжаттарды (анықтамалық, арнайы әдебиеттерді), байланыс құралдары мен электрондық тасмалдағыштағы жазбаларды пайдалануына жол берілмейді. Сот сарапшысы аталған тармақты бұзған жағдайда ауызша түрде ескертілетін болады, егер бұзушылықтар қайталанған жағдайда сот сарапшысы атестаттауға жататын сот сарапшылар тізімінен шығарылатын болады.
      13. Сот сарапшылары мен сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық мамандықтары бойынша сот сарапшылары үшін тестілеуден өтудің шекті деңгейі қойылған сұрақтардың жалпы санынан дұрыс жауаптың 70% құрайды.
      Тестілеудің нәтижелерін есептеу автоматты түрде, компьютерлік бағдарлама арқылы жүргізіледі.
      Нәтижелер екі данада басылып шығарылып, түпнұсқалығы мен нақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Министрліктің сот сараптамалары органының тиісті мөрімен куәландырылады. Оның біреуі сот сарапшысына беріледі, ал екіншісіне сот сарапшысының қолы қойылып сот сарапшысының аттестаттау ісінде сақталады.
      14. Егер тестілеудің нәтижелері белгіленген шекті деңгейден төмен болса, аттестаттауға жататын сот сарапшысы аттестаттаудың келесі кезеңіне жіберілмейді.
      15. Білімін тексеру сарапшылық мамандықтың белгілі бір түрі бойынша өтеді және сот сарапшысының кәсіптік деңгейі бағаланады.
      Сот сарапшылары үшін ауызша әңгімелесу нысанындағы білімдерін тексеру барысында, берілген сұрақтың 2/3 дұрыс жауап берген кезде, сот сарапшысы аттестаттаудан өткен болып есептеледі.
      Сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық мамандықтарының сот сарапшылары үшін емтихандық билеттер бойынша білімдерін тексеру барысында екі не одан көп сұраққа дұрыс жауап берген кезде сот сарапшысы аттестаттаудан өткен болып есептеледі.
      16. Осы Қағидалардың 8 және 9-тармақтарында көрсетілген құжаттарды қарап, сондай-ақ аттестаттаудың өткізілген екі кезеңінің нәтижелері бойынша, Комиссия мынадай шешімдердің біреуін қабылдайды:
      1) аттестатталды;
      2) қайта аттестатталуға жатады.
      Аттестаттаудың нәтижелері аттестаттау өткізілген күні жарияланады және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Сот сарапшыларын аттестаттау, оның ішінде кезектен тыс аттестаттауды жөніндегі комиссия отырысының хаттамасында (бұдан әрі – хаттама) көрсетіледі.
      17. Аттестаттауда аттестатталмаған сот сарапшысы бір рет қана қайта аттестатталуға жатады.
      18. Қайта аттестаттау осы Қағидалардың 11-тармағында айқындалған тәртіппен бастапқы аттестаттау өткізілген күннен бастап үш айдан кейін өткізіледі.
      19. Қайта аттестаттау кезінде бастапқы аттестаттауда тестілеудің деңгейінен өткен сот сарапшысы әңгімелесуге қайтадан тест тапсырмай жіберіледі.
      Сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық мамандықтары бойынша сот сарапшылары қайта аттестаттауға кем дегенде 108 сағатты құрайтын мамандығы бойынша біліктілігін арттырудан өткеннен кейін жіберіледі.
      Сот сарапшысы қайта аттестаттаудан өткен кезде Комиссия мынадай шешімдердің біреуін қабылдайды:
      1) аттестатталды;
      2) аттестатталмады.
      20. Аттестаттаудың нәтижелері хаттамада көрсетіледі.
      21.Аттестаттау Комиссиясының шешімі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Сот сарапшыларын аттестаттау, оның ішінде кезектен тыс аттестаттау жөніндегі комиссия отырысының қорытындысы (бұдан әрі - қорытынды) түрінде бір данада ресімделеді.
      22. Қорытынды сот сарапшысына аттестаттау өткізілген күнінен бастап бесінші жұмыс күні беріледі.

  Сот сарапшыларын
аттестаттау қағидаларына
1-қосымша
  нысан
  Сот сарапшыларын аттестаттау,
оның ішінде кезектен тыс
аттестаттау жөніндегі
комиссия төрағасының
орынбасарына

Өтініш

      Сізден мені сот сарапшыларын аттестаттаудан, оның ішінде кезектен тыс
      аттестаттаудан өтуге жіберуіңізді сұраймын.
      Сонымен қатар, аттестаттаудан, оның ішінде кезектен тыс аттестаттаудан өту үшін
       мынадай құжаттарды жолдаймын:
      1. ____________________________________
      2. ____________________________________
      3. ____________________________________
      Ақпараттық жүйелердегі қамтылған, заңмен қорғалған құпияларды құрайтын
      мәліметтерді пайдалануға келісемін:
      ________________________________________________________________________________
      қолы (Т.А.Ә. (болған кезде)

  Сот сарапшыларын
аттестаттау қағидаларына
2-қосымша
  нысан

Мәліметтер нысаны

      Өтінім бойынша деректер
      1. Өтініш номері
      2. Құру күні
      Негізгі мәліметтер
      3. ЖСН
      4. Тегі
      5. Аты
      6. Әкесінің аты (болған кезде)
      Жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер
      7. Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі
      8. Нөмірі
      9. Сериясы
      10. Берілген күні
      11. Аяқталу күні
      12. Берген органы
      Мекен-жайы
      13. Пошталық индекс
      14. Ел, облыс, аудан, елді мекен
      15. Көшенің аты
      16. Үйдің, ғимараттың нөмірі
      17. Пәтердің, кеңсенің нөмірі
      18. Телефон нөмірі
      Жоғары білімі туралы мәлімет
      19. Білім беру ұйымының толық атауы
      20. Дипломның сериясы мен нөмірі
      21. Оқу орнына түскен жылы
      22. Оқу орнын бітірген жылы
      23. Диплом бойынша мамандығы
      24. Диплом бойынша біліктілігі
      25. Дипломның нострификациясы (қажет болған жағдайда)
      Көтермелеулер мен тәртіптік жазалар туралы (олар болған жағдайда) мәліметтер.
      26. Бұйрықтың нөмірі мен күні
      27. Бұйрықтың атауы
      28. Ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс (астын сызу қажет)
      Сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық мамандықтары бойынша сот сарапшылары үшін соңғы 5 жылдағы біліктілігін арттыруы туралы мәлімет
      29. Нөмірі
      30. Ұйымның атауы
      31. Кезеңнің атауы
      32. Сағаттар саны
      33. Берілген күні
      Қызметті жүзеге асыруы туралы мәліметтер
      34. Сот-сараптама қызметін жүзеге асырудың өз тәсіліңізді таңдаңыз:
      35. Сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығын беретін біліктілік куәлігі (қосымшаларымен бірге)

Біліктілік куәлігінің (қосымшаларымен бірге) нөмері

Рұқсат беру құжатының мерзімі

Мамандығы

      Лицензия негізінде сот сараптама қызметімен айналысатын адам
      36. Сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығын беретін біліктілік куәлігі (қосымшаларымен бірге)

Біліктілік куәлігінің (қосымшасымен бірге) номері

Рұқсат беру құжатының мерзімі

Мамандығы

 

Лицензия нөмірі

Лицензияны берген күні

  Сот сарапшыларын
аттестаттау қағидаларына
3-қосымша
  нысан

Сот сарапшылары аттестаттау, оның ішінде кезектен тыс аттестаттау жөніндегі комиссия отырысының № хаттамасы

      20___жылғы " ____ " _________________
      _____________________ қаласы
      Төраға             ____________________________________
      Комиссия мүшелері      ____________________________________
      Хатшы             ____________________________________
      Қазақстан Республикасы Әділет министрінің (не оны алмастыратын адамның) 20__
      жылғы "__"_______ № ____ бұйрығы негізінде әрекет ететін комиссияның қарауына
      ______________________________________________________________________________
      (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), лауазымы)
      құжаттары ұсынылды.
      1._________________________
      2._________________________
      3._________________________
       (ұсынылған құжаттар)
      1 кезеңнің (компьютерлік тестілеу өткізу) нәтижелері:
      _______ балл, екінші кезеңге: "жіберіледі"/"жіберілмейді".
      Сот сараптамасының белгілі бір түрі бойынша өткізілген ауызша
      әңгімелесудің/емтихан билетінің қысқаша мазмұны:
      1. ___________________________________________________________
      2. ___________________________________________________________
      Комиссиясы мүшелерінің шешім қабылдау бойынша дауыс беру нәтижелері:
      "қолдаған" ______, "қарсы" _______ дауыс.
      Комиссия былай деп шешті:
      1) _______________________ аттестатталды
      Т.А.Ә. (болған кезде)
      2) _______________________ қайта аттестаттауға жатады
      Т.А.Ә. (болған кезде)
      3) ________________________ аттестатталмады
      Т.А.Ә. (болған кезде)
      Комиссия төрағасы:      ___________________________________
                              (қолы)      Т.А.Ә. (болған кезде)
      Комиссия мүшелері:      ___________________________________
                              (қолы)      Т.А.Ә. (болған кезде)
                        ___________________________________
                              (қолы)      Т.А.Ә. (болған кезде)
                        ___________________________________
                              (қолы)      Т.А.Ә. (болған кезде)
      Комиссия хатшысы:      ___________________________________
                              (қолы)      Т.А.Ә. (болған кезде)

  Сот сарапшыларын
аттестаттау қағидаларына
4-қосымша
  нысан

Сот сарапшылары аттестаттау, оның ішінде кезектен тыс аттестаттау жөніндегі комиссия отырысының № қорытындысы

      20___жылғы " ____ " _________________
      ____________________ қаласы
      Қазақстан Республикасы Әділет министрінің (не оны алмастыратын адамның) 20__
      жылғы "__"_______ № ____ бұйрығы негізінде әрекет ететін комиссиясы құрамында:
      Төраға       ____________________________________________________________________
      Комиссия мүшелері        ________________________________________________________
                        __________________________________________________
                        __________________________________________________
      Хатшы             __________________________________________________
      __________________________________________________________________________
      (сот сарапшысының тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), лауазымы және жұмыс орны)
      ісін қарастырып,
      Былай деп шешті:___________________________________
       (аттестаттаудың нәтижесі)
      __________________________________________________
      (Комиссия төрағасының қолы немесе ЭЦҚ)

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2017 жылғы 30 наурыздағы
№ 336 бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізімі

      1. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аттестаттау комиссияларының сот сарапшысын аттестаттауын жүргізу, оның ішінде кезектен тыс жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 119 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10490 тіркелген, 2015 жылғы 27 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
      2. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аттестаттау комиссиясының сот сарапшысының аттестаттауын жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 119 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 2 қазандағы № 522 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12281 тіркелген, 2015 жылғы 18 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
      3. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аттестаттау комиссиясының сот сарапшысының аттестаттауын жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 119 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 375 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13874 болып тіркелген, 2016 жылғы 13 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
      4. "Қазақстан Республикасы Әділет органдарының азаматтық қызметшілерін аттестаттаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндеттін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 660 бұйрығы 1 тармағының 2) тармақшасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12783 болып тіркелген, 2016 жылғы 20 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).