"Сот-сараптама қызметімен, соның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 242 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 мамырда № 11188 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 9 сәуірдегі № 546 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Әділет министрінің 09.04.2018 № 546 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 01.03.2017 № 217 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Сот-сараптама қызметімен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 01.03.2017 № 217 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің орынбасары Ж.Б. Ешмағамбетовке жүктелсін.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 01.03.2017 № 217 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Б. Имашев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Инвестициялар және даму министрі

      ____________ А. Исекешев

      13 мамыр 2015 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрі

      _____________ Е. Досаев

      5 мамыр 2015 жыл



  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 242 бұйрығымен
бекітілген

"Сот-сараптама қызметімен, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға лицензия беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 01.03.2017 № 217 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. "Сот-сараптама қызметімен, соның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға лицензия беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 01.03.2017 № 217 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi (бұдан әрi – Министрлiк) әзiрледi.

      3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтi берушi) жүзеге асырады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініштер қабылдау мен қызмет нәтижелерін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) www.egov.kz "электрондық үкiмет" веб-порталы арқылы немесе www.elicense.kz "Е-лицензиялау" веб-порталы (бұдан әрi – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

      4. Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi көрсету мерзiмi:

      1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгiнген кезде:

      лицензия беру кезiнде – 15 (он бес) жұмыс күнi;

      лицензияны қайта ресiмдеу кезiнде – 3 (үш) жұмыс күнi;

      лицензияның телнұсқасын беру кезiнде – 2 (екi) жұмыс күнi.

      Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметті беруші мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметті алушының құжаттарын алған сәтінен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті.

      Ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартады;

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқсат берiлетiн ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

      3) қызмет көрсету үшiн рұқсат берiлетiн ең ұзақ уақыт – 15 (он бес) минут.

      5. Мемлекеттiк қызмет көрсету электрондық нысаны.

      6. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi – сот-сараптама қызметімен, соның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру не осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негiздер бойынша мемлекеттiк қызметтер көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап беру.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызмет нәтижесі үшін қағаз тасығышта жүгінген жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының қолымен және мөрімен куәландырылады.

      Порталда мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) жолданады.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Әділет министрінің 01.03.2017 № 217 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Мемлекеттiк қызмет ақылы түрде көрсетiледi.

      Сот-сараптама қызметімен, соның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру үшін қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым алынады, ол "Салық және бюджетке төленетiн өзге де мiндеттi төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 471-бабына сәйкес мынаны:

      1) лицензия беру кезiнде 6 (алты) айлық есептiк көрсеткiштi (бұдан әрi – АЕК);

      2) лицензияның телнұсқасын беру үшiн лицензияны беру кезiндегi мөлшерлеменiң 100 %-ын;

      3) лицензияны қайта ресiмдеу үшiн лицензияны беру кезiндегi мөлшерлеменiң 10 %-ын құрайды, алайда 4 АЕК-тен аспайды.

      Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол және қолма-қол ақшасыз төлем түрiнде екiншi деңгейдегi банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.

      Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алуға портал арқылы электрондық сұрау салу берiлген жағдайда, төлем "электрондық үкiметтiң" төлем шлюзi (бұдан әрi – ЭҮТШ) арқылы немесе екiншi деңгейдегi банктер арқылы жүзеге асырылуы мүмкiн.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Әділет министрінің 01.03.2017 № 217 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Жұмыс кестесi:

      1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен, дүйсенбiден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет кезек тәртiбiнде, алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге өтінішті қабылдау және нәтижелерін беру 13-00 ден 14-30 дейінгі түскі үзіліс уақытымен 9-00 ден 17-30-ға дейін жүзеге асырылады.

      2) порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мереке күндерi, қызмет алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін мемлекеттік қызметке жүгінген кезде, мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтінішті қабылдау және нәтижесін тапсыру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

      9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы (не нотариалды куәландырылған сенiмхат бойынша оның өкiлi) жүгiнген жағдайда мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:

      көрсетiлетiн қызметтi берушiге:

      1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің осы стандартының 1-қосымшасына сәйкес, жеке тұлғаның лицензия және (немесе) лицензияға қосымша алуға өтiнiшi;

      2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің осы стандартының 2-қосымшаға сәйкес, қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптары туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны;

      3) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесiн;

      4) наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жерi бойынша, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағы бойынша мәліметтерді көрсете отырып, оларды көрсетiлетiн қызметтi берушiге ұсынғанға дейін бір айдан аспайтын мерзімде берiлген анықтамалар;

      5) еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының көшірмесі, жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығару туралы бұйрықтардың үзіндісі не атқарған қызмет тізімі; академиялық дәреже, ғылыми атақ беру туралы дипломның көшірмесі;

      6) жоғары білімі туралы дипломның көшірмесі, дипломға қосымшасының көшірмесі.

      Портал арқылы:

      1) көрсетiлетiн қызметтi алушының электронды цифрлық қолы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрауы;

      2) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi;

      3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес, қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптары туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер электрондық нысаны;

      4) наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жерi бойынша, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағы бойынша мәліметтерді көрсете отырып, оларды көрсетiлетiн қызметтi берушiге ұсынғанға дейін бір айдан аспайтын мерзімде берiлген анықтамалардың электрондық көшiрмесi;

      5) еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының көшірмесі, жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығару туралы бұйрықтардың үзіндісі не атқарған қызмет тізімі; академиялық дәреже, ғылыми атақ беру туралы дипломның электрондық көшірмесі;

      6) жоғары білімі туралы дипломның электрондық көшірмесі, дипломға электрондық қосымшасының көшірмесі.

      Лицензияны қайта ресiмдеу жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған кезде) өзгерген кезде жүзеге асырылады.

      Қайта ресiмдеу туралы өтiнiштi көрсетiлетiн қызметтi алушы жеке куәлiгiн ауыстырған сәтінен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде бередi.

      Лицензияны қайта ресiмдеу үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушылар көрсетiлетiн қызметтi берушiге:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған жеке тұлғаның өтiнiші;

      2) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесiн;

      3) наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жерi бойынша, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағы бойынша мәліметтерді көрсете отырып, оларды көрсетiлетiн қызметтi берушiге ұсынғанға дейін бір айдан аспайтын мерзімде берiлген анықтамаларды;

      4) тегінің, атының және әкесінің атының ауысуын растайтын құжаттың көшiрмесi (түпнұсқасы берiлмеген жағдайда салыстыру үшiн нотариалды куәландырылған) ұсынады.

      Қағаз нысанында ресімделген осыған дейін берілген лицензия қайтарылуға жатады.

      Портал арқылы:

      1) ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында сұрау салу;

      2) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi;

      3) тегінің, атының және әкесінің атының ауысуын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (электронды жүйеде мәліметтер болмаған жағдайда);

      4) наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жерi бойынша, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағы бойынша мәліметтерді көрсете отырып, оларды көрсетiлетiн қызметтi берушiге ұсынғанға дейін бір айдан аспайтын мерзімде берiлген анықтамалардың электрондық көшiрмесiн ұсынады.

      Қағаз нысанында ресімделген осыған дейін берілген лицензия қайта ресімделгенге дейін қайтарылуға жатады.

      Лицензия жоғалған, бүлiнген кезде көрсетiлетiн қызметтi алушы лицензияның телнұсқасын алу үшiн (егер осыған дейінгі берілген лицензия қағаз нысанында ресімделген болса):

      көрсетiлетiн қызметтi берушiге:

      1) лицензияның телнұсқасын беру туралы өтiнiштi;

      2) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;

      3) мерзiмдi баспасөз басылымдарында лицензияның жоғалғаны туралы жарияланымды растайтын құжаттың көшiрмесi;

      4) наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жерi бойынша, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағы бойынша мәліметтерді көрсете отырып, оларды көрсетiлетiн қызметтi берушiге ұсынғанға дейін бір айдан аспайтын мерзімде берiлген анықтамаларды ұсынады.

      Қағаз нысанында ресімделген осыған дейін берілген лицензия қайтарылуға жатады.

      Портал арқылы:

      1) ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында сұрау салуды;

      2) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесiн;

      3) мерзiмдi баспасөз басылымдарында лицензияның жоғалғаны туралы жарияланымды растайтын құжаттың электрондық көшірмесін;

      4) наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жерi бойынша, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағы бойынша мәліметтерді көрсете отырып, оларды көрсетiлетiн қызметтi берушiге ұсынғанға дейін бір айдан аспайтын мерзімде берiлген анықтамалардың электрондық көшірмесін ұсынады.

      Қағаз нысанында ресімделген осыған дейін берілген лицензия, оны қайта ресімдегенге дейін қайтарылуға жатады.

      Жеке басын куәландыратын құжат туралы, тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасағандығы туралы мәліметтердің болуы не жоқтығы туралы, лицензиясы туралы мәліметті көрсетілген қызметті беруші "электронды үкімет" шлюзі арқылы тиісті ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілген қызметті беруші мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпиялардың қатарына кіретін мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметтерді алушының келісімін, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, алады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсыру барысында:

      мемлекеттік қызметті берушіге (арнайы немесе пошта байланысы арқылы) – құжаттардың толық пакетін қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы оның көшірмесіне белгі салу - өтінішті қағаз тасымалдағышта қабылдауды растау болып табылады;

      көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұраудың қабылданғандығы туралы мінбе "статус", сонымен қатар мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу мерзімі мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      10. Бас тарту негіздемелері:

      1) субъектілердің осы санатына Қазақстан Республикасының заңдарымен қызмет түрімен айналысуға тыйым салынса;

      2) қызмет түріне лицензия беруге өтінішті берген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алым төленбесе;

      3) мемлекеттік қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмесе;

      4) мемлекеттік қызметті алушыға қатысты қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне қатысты сот шешімі болса;

      5) сот орындаушысының ұсынысы негізінде мемлекеттік қызметті алушының лицензияны беруге уақытша тыйым салса.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 01.03.2017 № 217 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Көрсетiлетiн қызметтi берушiлердің және (немесе) олардың
лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелерi
бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне)
шағымдану тәртiбi

      11. Көрсетiлетiн қызметтi берушiлердiң және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану:

      шағым көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысының атына 010000, Астана қаласы, Есiл ауданы, Мәңгілік Ел көшесі, № 8-үй, "Министрлiктер үйi" ғимараты, 13-кiреберiс мекен-жайы бойынша беріледі.

      Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы қолма-қол, сондай-ақ портал арқылы қабылданады.

      Шағымда жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), пошталық мекен-жайы көрсетіледі.

      Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орны көрсетiле отырып, оны тiркеу (мөртабан, кiрiс нөмiрi және күнi) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы ол тiркелген күннен кейiн бес жұмыс күнi iшiнде қаралуға тиiс. Шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға пошта байланысы арқылы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде қолма-қол берiледi.

      Портал арқылы жүгіну кезінде шағымдану реті туралы ақпаратты бірегей байланыс-орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

      Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінен" портал арқылы шағымды жіберу кезінде көрсетілетін қызметті берушінің өтініштерді (жеткізілу, тіркелу, орындалу туралы белгі, қарастыру жөніндегі немесе қарастырудан бас тарту туралы жауап) өңдеу кезінде жаңартылатын өтініштер туралы ақпаратты алуға мүмкіндік беріледі.

      Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау мен бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.

      Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау мен бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнінен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қаралуға тиiс.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Әділет министрінің 01.03.2017 № 217 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа шағымдануға құқығы бар.

4. Мемлекеттiк көрсетiлетiн, оның iшiнде электрондық нысанда
көрсетiлетiн қызмет ерекшелiктерi ескерiлiп қойылатын өзге де
талаптар

      13. Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң www.adilet.gov.kz, интернет-ресурсында орналастырылған.

      14. ЭЦҚ бар болған жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкiндiгi бар.

      15. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызмет көрсетудiң тәртiбi және мәртебесi туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинет", сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы арқылы 1414, 8 800 080 7777 қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде алу мүмкiндiгi бар.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 01.03.2017 № 217 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi жөнiндегi анықтама қызметтерiнiң байланыс телефондары мыналар: 8 (7172) 24-07-49, 24-12-91, мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы: 1414.

  "Сот-сараптама қызметімен,
соның ішінде сот-медициналық,
сот-наркологиялық және
сот-психиатриялық
сараптамалармен
айналысуға лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша
  Нысан

Жеке тұлғаның лицензия және (немесе) лицензияға қосымша алуға
өтiнiшi

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 01.03.2017 № 217 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      _______________________________________________________________________________

                              (лицензиардың толық атауы)

      _______________________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендiру нөмiрi)

      ________________________________________________________________________________

            (қызметтiң түрi және (немесе) кiшi түрiнің(-лерi) толық атауы көрсетiлсiн)

      жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз тасығышта________

      (лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек) беруiңiздi

      сұраймын.

      Жеке тұлғаның тұрғылықты мекенжайы __________________________________________

                                          (пошталық индексi, облысы, қаласы, ауданы,

      ____________________________________________________________________

                  (елдi мекені, көше атауы, үй/ғимараттың нөмiрi)

      Электрондық пошта ___________________________________________________

      Телефондары_________________________________________________________

      Факс ________________________________________________________________

      Банк шоты ___________________________________________________________

                        (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)

      Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы

      ____________________________________________________________________

            (пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат

                              (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

      ______ парақта қоса беріліп отыр.

      Осымен:

      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері

      бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы; өтініш берушіге қызметтің

      лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;

      қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып

      табылатындығы расталады; өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға

      қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны

      құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді; өтініш

      беруші халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті электрондық цифрлік

      қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүгінген

      жағдайда).

      Жеке тұлға __________________________________________________________

                        (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)

      Мөр орны       Толтыру күні:                        20__ жылғы "__" _________________

  "Сот-сараптама қызметімен,
соның ішінде сот-медициналық,
сот-наркологиялық және
сот-психиатриялық
сараптамалармен
айналысуға лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 2-қосымша
  Нысан

Қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптары туралы
ақпаратты қамтитын мәліметтер

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 01.03.2017 № 217 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      ЖСН _____________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ________________________________________________________________________________

      Мынадай нормативтік құқықтық актілер бойынша біліктілік емтихандарын

      тапсырғанын растайтын біліктілік куәлігінің болуы: Қазақстан Республикасының

      Қылмыстық-процестік кодексі, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі,

      Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, "Қазақстан

      Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы:

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі берген біліктілік куәлігінің/ біліктілік куәлігіне қосымшаның нөмірі

Біліктілік куәлігінің/ біліктілік куәлігінің қосымшасының берілген күні

Сот сараптамасы бойынша мамандығы (біліктілік куәлігі)































  "Сот-сараптама қызметімен,
соның ішінде сот-медициналық,
сот-наркологиялық және
сот-психиатриялық
сараптамалармен
айналысуға лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 3-қосымша
  Нысан

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны
қайта ресімдеуге арналған жеке тұлғаның өтiнiші

      _______________________________________________________________________________

                              (лицензиардың толық атауы)

      _______________________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)

      ________________________________________________________________________________

            (қызметтiң түрi және (немесе) кіші түрінің(-лері) толық атауы)

      __________________________________________________________________ жүзеге асыруға

      20___ жылғы " " ______ № ________, _______________ берілген, (лицензияны және (немесе)

      лицензияға қосымшаның(лардың) нөмірі(лері), берілген күні, лицензияны және (немесе)

      лицензияға қосымшаны(ларды) берген лицензиардың атауы) лицензияны және (немесе)

      лицензияға қосымшаны (керектің асты сызылсын) қағаз тасығышта ___ (лицензияны қағаз

      тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек) мынадай негіз(дер) бойынша

      (тиісті жолға Х қою қажет):

      1) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгеруі

      _________________________________________________________________

      2) жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы өзгеруі _____________

      3) жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның заңды мекенжайы өзгеруі ____________

      4) егер лицензияның иеліктен шығарылатындығы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы"

      Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада көзделген жағдайларда, лицензиат үшінші

      тұлғалардың пайдасына объектімен бірге "объектілерге берілетін рұқсаттар" класы бойынша

      берілген лицензияны иеліктен шығаруы____________________________________________

      5) "объектілерге берілетін рұқсаттар" класы бойынша берілген лицензия үшін немесе

      лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның

      орналасқан жерінің мекенжайы өзгеруі _____________________________________________

      6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда

      ________________________________________________________________________________

      7) қызмет түрінің атауы өзгеруі _________________________________________

      8) қызметтің кіші түрінің атауы өзгеруі __________________ қайта ресімдеуіңізді сұраймын.

      Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы

      ________________________________________________________________________________

                  (пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,

                                          үй/ғимарат нөмірі)

      Электрондық пошта ___________________________________________________

      Телефондары_________________________________________________________

      Факс ________________________________________________________________

      Банк шоты ___________________________________________________________

                        (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)

      Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің

      мекенжайы______________________________________________________________________

            (пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,

                              үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар нөмірі)

      _________________________________________________________ парақта қоса беріліп отыр.

      Осымен:

      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және

      оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту

      мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы; өтініш берушіге

      қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым

      салмайтыны; қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды

      болып табылатындығы расталады; өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға

      қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны

      құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді;өтініш

      беруші халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті электрондық цифрлік

      қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүгінген

      жағдайда).

      Жеке тұлға ____________________________________________________

                        (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)

      Мөр орны       Толтыру күні:       20__ жылғы "__" ___________