"Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң аттестаттау комиссияларының сот сарапшысын аттестаттауын жүргiзу қағидасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 2015 жылғы 27 ақпандағы № 119 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 375 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 4 шілдеде № 13874 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 336 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Әділет министрінің 30.03.2017 № 336 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметi туралы" 2010 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң аттестаттау комиссияларының сот сарапшысын аттестаттауын жүргiзу қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 2015 жылғы 27 ақпандағы № 119 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10490 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 27 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      осы бұйрықтың атауы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аттестаттау комиссияларының сот сарапшысын аттестаттауын жүргізу, оның ішінде кезектен тыс жүргізу қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аттестаттау комиссияларының сот сарапшысын аттестаттауын жүргізу, оның ішінде кезектен тыс жүргізу қағидалары бекітілсін.";

      жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң аттестаттау комиссияларының сот сарапшысын аттестаттауын жүргізу, оның ішінде кезектен тыс жүргiзу қағидаларында:

      атауы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң аттестаттау комиссияларының сот сарапшысын аттестаттауын жүргізу, оның ішінде кезектен тыс жүргiзу қағидалары";

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң аттестаттау комиссияларының сот сарапшысын аттестаттауын жүргізудің, оның ішінде кезектен тыс жүргiзудің осы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы" 2010 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 14-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аттестаттау комиссияларының (бұдан әрі – Комиссиялар) сот сарапшыларын аттестаттауын жүргізу, оның ішінде кезектен тыс аттестаттауын жүргізу тәртібін айқындайды.";

      4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "Аттестаттауға, оның ішінде кезектен тыс аттестаттауға жататын сот сарапшыларының тізімі Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен бекітіледі, аттестаттаудан өту кестесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органдарының басшылары бекітеді.";

      5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "5. Сот сарапшысы аттестаттаудан, оның ішінде кезектен тыс аттестаттаудан өту үшін Комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш (бұдан әрі – өтініш);

      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органы аумақтық бөлімшелерінің басшылары қол қойған, сот сарапшысының кәсіптік даярлығының деңгейін көрсететін сот сарапшысына мінездеме;

      3) жоғары білімі туралы дипломның көшірмесі қосымшаларымен (ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы болған жағдайда – дипломдарының көшірмелері қосымшаларымен);

      4) сот сарапшысының қорытындыларына соңғы бес жылдағы рецензиялар;

      5) соңғы бес жылдағы көтермелеулер мен тәртіптік жазалар (болған жағдайда) туралы бұйрықтардың көшірмелері;

      6) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы мәліметтер.";

      6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "6. Сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензия негізінде сот-сараптама қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғалар аттестаттаудан, оның ішінде кезектен тыс аттестаттаудан өту үшін Комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) өтініш;

      2) жоғары білімі туралы дипломның көшірмесі қосымшаларымен (ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы болған жағдайда – дипломдарының көшірмелері қосымшаларымен);

      3) сот сарапшысының қорытындыларына соңғы бес жылдағы рецензиялар;

      4) біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мәліметтер.";

      7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "7. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органдары аттестатталушы сот сарапшыларын аттестаттаудан, оның ішінде кезектен тыс аттетстаттаудан өткізу мерзімдері туралы оны өткізу басталғанға дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей хабардар етеді.";

      8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "8. Аттестаттауға, оның ішінде кезектен тыс аттестаттауға жататын сот сарапшылары аттестаттау материалдарын Комиссияға оның отырысы басталғанға дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей жолдайды";

      24-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "24. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аттестаттау комиссияларының сот сарапшысын аттестаттауын, оның ішінде кезектен тыс аттестаттауын жүргізуі кезінде туындайтын даулар сот тәртібімен шешіледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығының" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Әділет министрі

Б. Имашев