Сот-сараптама қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 18) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік маңызы бар қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.04.2026 № 404 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Сот сарапшыларын аттестаттау қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмелерін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Министр | М. Бекетаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
____________ Д. Абаев
2017 жылғы 30 наурыз
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
____________ Т. Сүлейменов
2017 жылғы 30 наурыз
| Қазақстан Республикасының Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 336 бұйрығымен бекітілген |
Сот сарапшыларын аттестаттау қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 12.02.2026 № 160 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Сот сарапшыларын аттестаттау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сот-сараптама қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Сот-сараптама қызметі туралы Заң) 12-бабының 18) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заң) сәйкес әзірленді және "Сот сарапшыларын аттестаттау" және "Сот-медициналық, сот-психиатриялық, сот-наркологиялық сарапшылардын аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызметтерін көрсету тәртібін анықтайды (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызметтер).
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.04.2026 № 404 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Қағидаларда мына негізгі ұғымдар қарастырылған:
1) Бірыңғай байланыс орталығы (бұдан әрі – байланыс орталығы) – мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган айқындаған, көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік және өзге де қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөніндегі ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініші жасауынсыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі немесе олардың жиынтығы;
3) көрсетілетін қызметті беруші – "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – ССО);
4) сот сарапшысын кезектен тыс аттестаттау – сот сарапшысының біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі және (немесе) сот-сараптама қызметімен айналысу кезінде Сот-сараптама қызметі туралы Заңның талаптарын бұзу фактілері анықталған, сот сарапшысының біліктілігінің жеткіліксіздігін айғақтайтын жағдайларда жүргізілетін рәсім;
5) сот сарапшысын аттестаттау (бұдан әрі – аттестаттау) – сот сарапшысының оның біліктілігінің сәйкестігін айқындау бойынша кезекті және кезектен тыс аттестаттауды қамтитын рәсім;
6) сот сарапшысы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) – іске мүдделі емес, арнаулы ғылыми білімі бар және Сот-сараптама қызметі туралы Заңда белгіленген өзге де талаптарға сәйкес келетін, сот сараптамасын жүргізу тапсырылған тұлға;
7) сот сарапшысын кезекті аттестаттау – сот-сараптама қызметін жиырма жылдан астам жүзеге асыратын адамдарды қоспағанда, әр бес жыл сайын кезең-кезеңімен өткізілетін рәсім;
8) тестілеу операторы (бұдан әрі – Оператор) – мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай цифрлық деректер базасының (цифрлық жүйенің) тестілеу рәсімдерін және үздіксіз жұмыс істеуін техникалық қамтамасыз ету жөніндегі оператор;
9) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы);
10) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – Портал)– мемлекеттік органдар және мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, нормативтік құқықтық базағаны қоса алғанда, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесін" білдіретін цифрлық объект.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 30.04.2026 № 404 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі); 31.08.2026 № 862 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.3. Бала күтімі демалысында болған, сот-сараптамалары органының қызметкерлері болып табылатын, сот сарапшылары қызметке шыққаннан кейін үш айдан кейін не алты айдан кешіктірілмей аттестаттауға жатады.
Лицензиясының қолданысы үш жылдан астам тоқтатыла тұрған, лицензия негізінде сот-сараптама қызметімен айналысатын адамдар лицензияның қолданысы қайта қалпына келтірілген күннен бастап үш айдан кейін және алты айдан кешіктірілмей аттестаттауға жатады.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) белгіленген тәртіпте мемлекеттік көрсетілетін көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтерін көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
Осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелген күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібіне өзгерістер енгізу туралы ақпаратты байланыс орталығына және "цифрлық үкіметтің" операторына жібереді".
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.04.2026 № 404 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Сот сарапшысы біліктілігін беруден өту үшін мүгедектігі бар адамдарға (көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған) "Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32922 болып тіркелген) бекітілген мүгедектікті белгілеу туралы мәліметті өтініштерді берудің қабылдаудың бағдарламалық жасақтамасына жүктейді және көру, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған мүгедектігі бар адамдар үшін сот сарапшысы болып табылмайтын көмекшіні ұсыну қажет екенін қосымша көрсетеді.
2-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету тәртібі
6. ССО Операторды және аттестаттауға жататын көрсетілген қызметті алушыларды аттестаттауды өткізу туралы оны өткізу басталғанға дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей хабардар етеді.
7. ССО аттестаттауға жататын сот сарапшыларының тізбесін қалыптастырады және оны Операторға жібереді.
8. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар осы Қағидаларға 1, 2-қосымшаларға сәйкес 1,2 Тізбесінде (бұдан әрі -1,2 Тізбе) баяндалған.
9. Аттестаттауға жататын көрсетілетін қызметті алушылар ССО-ға аттестаттаудан өту күніне дейін 3 (үш) жұмыс күні бұрын осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініштер Портал арқылы жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім береді.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзімі 7 (жеті) жұмыс күнін құрайды.
ССО өтініш түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.
Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
ССО құжаттар тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған мәліметтердің толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді ССО тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олар нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, 1, 2-тізбеге сәйкес құжаттар топтамасы толық емес ұсынылған жағдайларда ССО өтініштерді цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.
Бұл ретте ССО мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін 2 (екі) жұмыс күніне тоқтата тұрады және көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұру туралы хабарлама жібереді.
Кемшіліктер жойылған жағдайда мемлекеттік қызметті алуға көрсетілетін қызметті алушы алғаш жүгінген күн өтініш және (немесе) құжаттар қабылданған күн болып есептеледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған сәттен бастап қайта басталады.
Анықталған кемшіліктер мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру мерзімі өткеннен кейін жойылмаған жағдайда ССО осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіздер болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға оның абоненттік нөміріне қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы немесе Портал арқылы "жеке кабинетіне" аттестаттау өтетін орын, күн, уақыт және оны өткізу тәртібі туралы хабарланады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 31.08.2026 № 862 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Лицензия негізінде сот-сараптама қызметімен айналысатын адамдарды кезектен тыс аттестаттауды өткізу туралы шешімді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) сот-сараптамалық қызметті лицензиялау жөніндегі комиссиясы қабылдайды, ал сот сараптамалары органдарының қызметкерлері болып табылатын сот сарапшылары бойынша ССО басшысы қабылдайды.
11. Сот сарапшысы аттестаттау 1 (бір) сараптамалық мамандық бойынша өткізіледі.
12. Аттестаттау көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша екі кезеңде 1 (бір) жұмыс күні ішінде қазақ немесе орыс тілінде өткізіледі:
1) заңнаманы білуге арналған компьютерлік тестілеу (100 сұрақ);
2) практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге арналған компьютерлік тестілеу.
Аттестаттау тестілеріне енгізілетін сұрақтар тізбесін ғылыми дәрежесі бар не сараптамалық мамандық бойынша кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар ССО-ның бас сарапшылары қалыптастырады.
Аттестаттау сұрақтары және олардың жауаптары құпия ақпарат болып табылады және таратылуға жатпайды.
ССО Тестілеу операторына аттестаттау сұрақтары мен олардың жауаптарын электрондық тасымалдағыш арқылы береді.
Аттестаттау сұрақтары мен олардың жауаптарын ашық байланыс түрлерінің техникалық арналары (телефон, радиобайланыс, спутниктік және ұялы (жылжымалы) байланыс, Интернет желісі) арқылы беруге жол берілмейді.
Аттестаттау сұрақтары мен олардың жауаптарын өңдеу, пайдалану, сақтау, есепке алу және жою есептеу техникасы құралдарында (бұдан әрі – ЕТҚ) жүктеп алу, құжатты қайта жіберу және Интернетке қосу мүмкіндігінсіз жүзеге асырылуы тиіс. Тестілеу өткізілетін ЕТҚ-ға магниттік тасығыштарға қолжетімділік бұғатталуы тиіс.
13. Көрсетілетін қызметті алушылар тестілеуге жеке басын куәландыратын құжатты немесе "электрондық құжаттар" сервисінен алынған электрондық құжатты көрсеткен кезде жіберіледі.
Заңнаманы білуге арналған тестілеу уақыты – 90 минутты, практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге арналған тестілеу – 30 (отыз) минутты (белгілі бір мамандық бойынша 2 (екі) кейсті, әр кейс бойынша 5 (бес) тапсырма) құрайды.
Аттестаттау өткізу кезінде көрсетілетін қызметті алушыға қағаз, электрондық немесе өзге де тасымалдағыштардағы анықтамалық, арнаулы және өзге әдебиеттерді, сондай-ақ электрондық қабылдау-тарату құрылғыларды (оның ішінде ұялы телефондар мен өзге де электрондық жабдықтар) пайдалануға жол берілмейді.
Аталған құрылғылар тестілеу кезеңінде жүргізу уақытына арнайы ұяшықтары бар шкафтарда сақтауға орналастырылады. Көрсетілген талаптар бұзылған жағдайда Тестілеу операторы көрсетілетін қызметті алушыны ағымдағы аттестаттаудан шеттете отырып, бұзушылық туралы акт жасайды.
Аттестаттаудан шеттетілген қызмет алушы шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) ай өткен соң аттестаттауға жіберу туралы өтінішті қайта береді. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары (табиғи апаттар, соғыс қимылдары), сондай-ақ техникалық ақаулар салдарынан тестілеуді жалғастыру мүмкін болмаған жағдайда, тестілеу тоқтатылады және тестілеу рәсімін тоқтату туралы акт ресімделеді.
Бұл жағдайда қызмет алушы аттестаттаудан қайта өтеді.
14. Мүгедектігі бар адамдың қатарынан сот сарапшысы біліктілігін беру олардың жеке ерекшеліктері мен тіршілік әрекетіндегі шектеулерді ескере отырып, теңдік, қолжетімділік және кемсітпеу принциптерін сақтай отырып қажетті жағдайларды қамтамасыз ете отырып жүргізіледі.
Мүгедектігі бар адамға аттестаттаудан өту үшін мынадай арнайы жағдайлар жасалады:
1) тестілеуден өтуге бөлінген уақытты ұлғайту;
2) тестілеу процесінде жалпы ұзақтығы 30 (отыз) минут болатын қосымша үзілістер беріледі;
3) тестілеу процесіне араласпайтын көмекшінің (ілесіп жүруші тұлғаның) қатысуына рұқсат беру.
Заңнаманы білуге арналған тестілеу уақыты мүмкіндігі шектеулі адамдарға (қажет болған жағдайда) – 120 (жүз жиырма) минутты, практикалық дағдылардың қажетті деңгейін тексеруге арналған тестілеу – 60 (алпыс) минутты, белгілі бір мамандық бойынша 2 (екі) кейсті, әр кейс бойынша 5 (бес) тапсырма құрайды.
15. Заңнаманы білуге арналған тестілеуден өтудің шекті деңгейі сұрақтардың жалпы санынан дұрыс жауаптардың 70 %-ын құрайды.
Тестілеу нәтижелерін есептеу Тестілеу операторы пайдаланатын компьютерлік бағдарламаның көмегімен автоматты түрде жүргізіледі.
16. Заңнаманы білуге арналған тестілеу нәтижелері белгіленген шекті деңгейден төмен болған жағдайда, аттестаттауға жататын көрсетілетін қызметті алушы аттестаттаудың келесі кезеңіне жіберілмейді.
17. Практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге арналған тестілеуден өтудің шекті деңгейі әр кейс бойынша белгілі бір мамандық бойынша дұрыс жауаптардың 70 %-ын құрайды. Тестілеу нәтижелерін есептеу Тестілеу операторы пайдаланатын компьютерлік бағдарламаның көмегімен автоматты түрде жүргізіледі.
ССО 2 (екі) жұмыс күні ішінде аттестаттау куәлігін ресімдейді және 1 (бір) жұмыс күні ішінде қол қояды.
Аттестаттау куәлігі көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Аттестаттаудан өтпеген көрсетілетін қызметті алушы бір реттен артық емес қайта аттестаттауға жатады.
Қайта аттестаттау өткізілген күннен бастап бір айдан ерте емес және үш айдан кешіктірілмей жүргізіледі.
18. Қайта аттестаттау кезінде заңнаманы білуге арналған тестілеу бойынша шекті деңгейден өткен көрсетілетін қызметті алушы практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге арналған тестілеуге жіберіледі. ССО 1 (бір) жұмыс күні ішінде аттестаттаудан өткені/өтпегені туралы шешімді электрондық форматта ресімдейді, ол көрсетілетін қызметті алушыға Портал арқылы "жеке кабинетіне" осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес ССО басшысының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі. Аттестаттаудан өту туралы шешім шығарылған күнінен бастап 5 (бес) жыл бойы жарамды болып табылады. Сот сараптамасы органдарының қызметкерлері болып табылатын сот сарапшылары қайта аттестаттаудан өтпеген жағдайда, олармен жасалған еңбек шарты Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес бұзылады.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 31.08.2026 № 862 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.19. Аттестаттауға дәлелді себептермен (ауру, жақын туысының қайтыс болуы, еңсерілмейтін күш мән-жайлары) келмеген көрсетілетін қызметті алушы өтініш пен растайтын құжаттарды ұсынған кезде ССО белгілеген басқа күні тестілеуден өте алады. Бұл ретте өтініш тестілеуді өткізіп алған күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей берілуі тиіс. Дәлелді себепсіз келмеген көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуден бас тартылады. Бұл жағдайда көрсетілген қызметті алушы аттестаттауға жіберу туралы өтінішті қайта береді. Көрсетілетін қызметті алушы сот-сараптамасы қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын білу деңгейін тексеру және аттестаттаудан өтуге дайындалу мақсатында сынақ аттестаттаудан өтуге құқылы. Сынақ тестілеуінің нәтижелері аттестаттау/аттестаттамау туралы дәлелді шешім қабылдауға негіз болып табылмайды.
3-тарау. Апелляциялық рәсім
20. Көрсетілетін қызметті алушылар аттестаттау нәтижелерімен келіспеген жағдайда апелляциялық комиссияға апелляция беруге құқылы.
21. Апелляцияға өтінішті көрсетілетін қызметті алушы ССО-ға еркін нысанда береді. Апелляцияға өтініштер тестілеуден өткеннен кейін екі жұмыс күні ішінде қабылданады және апелляциялық комиссия отырысында қаралады.
Апелляциялық комиссияның отырысы келіп түскен өтініштер санына байланысты қажеттілігіне қарай өткізіледі.
22. Апелляцияға өтініш көрсетілетін қызметті алушыдан мынадай шағымдану жағдайларында қабылданады:
1) нақты сұрақтардың дұрыстығы (тестілеу бойынша);
2) техникалық ақауларға сілтеме жасай отырып, тестілеу нәтижелері;
3) тестілеу қағидаларын бұзу туралы акті.
23. Апелляциялық комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Апелляциялық комиссияның шешімдері осы отырысқа қатысқан апелляциялық комиссияның барлық мүшелері қол қоятын хаттамалармен ресімделеді.
Апелляциялық комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде 2/3 (үштен екісі) қатысқан жағдайда заңды болып табылады.
Апелляциялық комиссия кемінде бес мүшеден, соның ішінде төрағадан тұрады.
24. Апеляцияға түскен өтінішті қарау нәтижелері бойынша апелляциялық комиссия апелляция түскен күннен бастап 1 (бір) күн ішінде келесі екі шешімнің бірін қабылдайды:
1) апелляцияны қанағаттандырусыз қалдыру;
2) көрсетілетін қызмет алушының апелляциясын қанағаттандыру және оны тестілеуді қайта тапсыруға жіберу.
4-тарау. тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымдық тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
25. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүзеге асырады.
Шағым ССО-ға және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігі) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
ССО, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жолдайды.
Бұл ретте, ССО шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам егер ол шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешімді немесе өзге әкімшілік әрекетті 3 (үш) жұмыс күні ішінде қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.
26. ССО-ға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.04.2026 № 404 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.27. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
28. Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ҚР ӘППК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа жүгіну сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
| Сот сарапшыларын аттестаттау қағидаларына 1-қосымша |
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 31.08.2026 № 862 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Сот сарапшысын аттестаттау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі | ||
1 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы | Сот сарапшысын аттестаттау |
2 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны |
3 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы (бар болса) | жоқ |
4 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері | www.egov.kz, www.elicense.kz "цифрлық үкіметтің" веб-порталы |
5 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі | көрсету мерзімі – 7 (жеті) жұмыс күні. |
6 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны | электрондық (ішінара цифрландырылған) |
7 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі | сот сарапшысының аттестаттаудан өткені/қайта аттестаттаудан өткені/аттестаттаудан өтпегені туралы аттестаттау куәлігі не Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту. |
8 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі |
9 | Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сай дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 8:00-ден 17:30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 12:00-ден 13:30-ға дейін. |
10 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін мәліметтер тізбесі |
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш; |
11 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің (мәліметтердің) Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; |
12 | Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар |
1) көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда Портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу мүмкіндігіне ие; |
| Сот сарапшыларын аттестаттау қағидаларына 2-қосымша |
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 31.08.2026 № 862 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Сот-медициналық, сот-психиатриялық, сот-наркологиялық сарапшыларды аттестаттау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі | ||
1 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы | Сот-медициналық, сот-психиатриялық, сот-наркологиялық сарапшыларды аттестаттау |
2 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны |
3 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы (бар болса) | жоқ |
4 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері | www.egov.kz, www.elicense.kz "цифрлық үкіметтің" веб-порталы |
5 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі | көрсету мерзімі – 7 (жеті) жұмыс күні. |
6 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны | электрондық (ішінара цифрландырылған) |
7 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі | сот сарапшысының аттестаттаудан өткені/қайта аттестаттаудан өткені/аттестаттаудан өтпегені туралы аттестаттау куәлігі не Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту. |
8 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі |
9 | Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сай дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 8:00-ден 17:30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 12:00-ден 13:30-ға дейін. |
10 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін мәліметтер тізбесі |
1)осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш; |
11 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің (мәліметтердің) Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; |
12 | Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар |
1) көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда Портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу мүмкіндігіне ие; |
| Сот сарапшысын аттестаттау қағидаларына 3-қосымша |
Өтініш
Мені келесі сараптамалық мамандық (мамандықтар) бойынша сот сарапшыларын аттестаттаудан (қайталама, кезектен тыс) өтуге жіберуіңізді сұраймын:
1. _____________________
2. _____________________
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
________________________________________________________________
[тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
| Сот сарапшыларын аттестаттау қағидаларына 4-қосымша |
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұру туралы ХАБАРЛАМА
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 31.08.2026 № 862 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
________________________________________
20__ жылғы "__" ________ № ____
Құрметті ____________________________!
Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға берген өтінішіңіз
"__________________________________________________________"
(мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы)
20__ жылғы "__" ________ № ________ болып тіркелген өтінішіңіз қаралды.
"Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-2-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету процесі тоқтатыла тұрды.
Тоқтата тұру негізі
(қажеттісін белгілеңіз):
☐ азамат қайтыс болған (оның ішінде қайтыс болды деп жарияланған) не заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, таратылған жағдайда, егер көрсетілетін қызметті алушылардың тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктерді алу құқықтары құқық мирасқорлығына жол беретін болса;
☐ азамат Қазақстан Республикасының Заңдарында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз және (немесе) әрекет қабілеті шектеулі деп танылуы;
☐ мемлекеттік органдар, сот қарайтын мәселелер шешілгенге дейін немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәртіппен мемлекеттік қызметті көрсету мүмкін болмауы;
☐ көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктердің анықталуы, олардың нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеуі, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіде көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасының толық ұсынылмауы.
Тоқтата тұру себебі
(көрсетілетін қызметті беруші толтырады):
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Тоқтата тұру себептерін жою мерзімі: 20__ жылғы "__" ________ дейін.
Тоқтата тұруға негіз болған себептер жойылмаған жағдайда, өтініш қарауға қабылданбаған болып есептеледі.
Көрсетілетін қызметті беруші: ____________________________
Лауазымы: _____________________________________________
Т.А.Ә. (бар болса): ______________________________________
Қолы: ___________
М.О. (бар болса)
| Сот сарапшыларын аттестаттау қағидаларына 5-қосымша |
"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Елтаңба | Республиканское государственное казенное предприятие "Центр судебных экспертиз Министерства юстиции Республики Казахстан" |
Уәжді бас тарту
Ескерту. Қағидалар 5-қосымшамен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 31.08.2026 № 862 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Сіздің (өтінім берілген күн) жылғы № (өтінім нөмірі) өтінішіңізді қарап, мынаны хабарлайды.
Бас тарту себебі
[Қол қоюшының лауазымы] [қол қоюшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)]
| Сот сарапшыларын аттестаттау қағидаларына 6-қосымша |
"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Елтаңба | Республиканское государственное казенное предприятие "Центр судебных экспертиз Министерства юстиции Республики Казахстан" |
Никад № |
Сот сарапшысының аттестаттаудан өткені/қайта аттестаттаудан өткені/аттестаттаудан өтпегені туралы аттестаттау куәлігі
Ескерту. Қағидалар 6-қосымшамен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 31.08.2026 № 862 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қала
Күні
_________________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
1. Аттестатталды (қайта аттестатталуға жатады, аттестатталмады)
[Қол қоюшының лауазымы] [қол қоюшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)]
| Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 336 бұйрығына 2-қосымша |
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізімі
1. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аттестаттау комиссияларының сот сарапшысын аттестаттауын жүргізу, оның ішінде кезектен тыс жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 119 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10490 тіркелген, 2015 жылғы 27 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
2. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аттестаттау комиссиясының сот сарапшысының аттестаттауын жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 119 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 2 қазандағы № 522 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12281 тіркелген, 2015 жылғы 18 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
3. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аттестаттау комиссиясының сот сарапшысының аттестаттауын жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 119 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 375 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13874 болып тіркелген, 2016 жылғы 13 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
4. "Қазақстан Республикасы Әділет органдарының азаматтық қызметшілерін аттестаттаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндеттін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 660 бұйрығы 1 тармағының 2) тармақшасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12783 болып тіркелген, 2016 жылғы 20 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).