Сот сарапшыларын аттестаттау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 336 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 25 сәуірде № 15033 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Сот-сараптама қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Сот сарапшыларын аттестаттау қағидалары бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмелерін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр М. Бекетаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      ____________ Д. Абаев

      2017 жылғы 30 наурыз

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ____________ Т. Сүлейменов

      2017 жылғы 30 наурыз

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2017 жылғы 30 наурыздағы
№ 336 бұйрығына
1-қосымша

Сот сарапшыларын аттестаттау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сот сарапшыларын аттестаттау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сот-сараптама қызметі туралы" 2017 жылғы 10 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-бабының 18) тармақшасына сәйкес әзірленді және сот сараптамасы органының қызметкерлері болып табылатын сот сарапшыларын, сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық мамандықтарының сот сарапшыларын, сондай-ақ лицензия негізінде сот-сараптама қызметімен айналысатын адамдарды (бұдан әрі – сот сарапшылары) аттестаттау, оның ішінде кезектен тыс аттестаттау (бұдан әрі – аттестаттау) тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 04.12.2017 № 1513 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Заңның 20-бабында белгіленген біліктілік талаптарына сот сарапшысының сәйкес келмеу фактілері анықталған кезде оны кезектен тыс аттестаттайды.

      Кезектен тыс аттестацияны өткізу туралы шешімді Қағиданың 11-тармағымен белгіленген тәртіпте "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының (бұдан әрі – Орталық) басшысы қабылдайды.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 25.01.2018 № 130 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Бала күтімі демалысындағы сот сарапшылар жұмысқа шыққан соң, кемiнде алты айдан кейiн аттестатталады.

      4. Аттестаттауға жататын, лицензия негізінде сот-сараптама қызметімен айналысатын адамдардың тізімі Қазақстан Республикасы Әділет министрінің не оны алмастыратын адамның бұйрығымен бекітіледі.

      5. Аттестаттауға жататын сот сарапшыларының тізімі мен аттестаттаудан өту кестесін Орталықтың басшысы не оны алмастыратын адам бекітеді.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 25.01.2018 № 130 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Орталық аттестаттауға жіберілген сот сарапшыларын аттестаттауды өткізудің орны, уақыты, тәртібі туралы оны өткізу басталғанға дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей жазбаша хабардар етеді.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 25.01.2018 № 130 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Аттестаттауға жататын сот сарапшылары, Сот сарапшыларын аттестаттау, оның ішінде кезектен тыс аттестаттау жөніндегі комиссияға (бұдан әрі – Комиссия) құжаттарын жазбаша хабарламаны алған кезден бастап аттестаттау өткізілетін күнге дейін он бір жұмыс күнінен кешіктірмей жолдайды.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 25.01.2018 № 130 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Сот сарапшылар аттестаттаудан өту үшін "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы арқылы Комиссияға мынадай құжаттарды:

      1) осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      2) Орталықтың аумақтық бөлімшесінің басшысы не оны алмастыратын адам қол қойған, сот сарапшысының кәсіптік даярлығы деңгейін көрсететін мінездеменің электрондық көшірмесі;

      3) соңғы жылдағы сот сарапшысының қорытындыларына рецензиялардың электрондық көшірмесі;

      4) осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мәліметтерді ұсынады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 25.01.2018 № 130 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Сот-сараптама қызметімен лицензия негізінде айналысатын сот сарапшылары аттестаттаудан өту үшін Комиссияға осы Қағидалардың 8-тармағының 1), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

2-тарау. Сот сарапшыларын аттестаттауды өткізу тәртібі

      10. Комиссия аттестаттауды аттестатталатын сот сарапшысының қатысуымен өткізеді.

      11. Аттестаттау сот сарапшысының таңдауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде 2 кезеңде өткізіледі:

      1) тестілеу: сот сарапшылары үшін 100 сұрақ;

      сот сарапшылары үшін – қылмыстық-процестік құқық бойынша (20 сұрақ), азаматтық-процестік құқық бойынша (20 сұрақ), криминалистика бойынша (20 сұрақ), әкімшілік құқық бойынша (20 сұрақ), Заң бойынша (20 сұрақ);

      2) білімін тексеру: сот сараптамасының белгілі бір түрі бойынша ауызша әңгімелесу (мамандығы бойынша 5 сұрақтан көп емес).

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 04.12.2017 № 1513 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Сот сарапшылары тестілеуге жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде жіберіледі.

      Сот сарапшылары үшін тестілеу уақыты 90 минутты құрайды.

      Сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық мамандықтарының сот сарапшылары үшін тестілеу уақыты 50 минутты құрайды.

      Тестілеу кезінде сот сарапшылары бір-бірімен сөйлесе алмайды. Сот сарапшыларының қосалқы құжаттарды (анықтамалық, арнайы әдебиеттерді), байланыс құралдары мен электрондық тасмалдағыштағы жазбаларды пайдалануына жол берілмейді. Сот сарапшысы аталған тармақты бұзған жағдайда ауызша түрде ескертілетін болады, егер бұзушылықтар қайталанған жағдайда сот сарапшысы атестаттауға жататын сот сарапшылар тізімінен шығарылатын болады.

      13. Сот сарапшылары мен сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық мамандықтары бойынша сот сарапшылары үшін тестілеуден өтудің шекті деңгейі қойылған сұрақтардың жалпы санынан дұрыс жауаптың 70% құрайды.

      Тестілеудің нәтижелерін есептеу автоматты түрде, компьютерлік бағдарлама арқылы жүргізіледі.

      Нәтижелер екі данада басылып шығарылып, түпнұсқалығы мен нақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Министрліктің сот сараптамалары органының тиісті мөрімен куәландырылады. Оның біреуі сот сарапшысына беріледі, ал екіншісіне сот сарапшысының қолы қойылып сот сарапшысының аттестаттау ісінде сақталады.

      14. Егер тестілеудің нәтижелері белгіленген шекті деңгейден төмен болса, аттестаттауға жататын сот сарапшысы аттестаттаудың келесі кезеңіне жіберілмейді.

      15. Білімін тексеру сарапшылық мамандықтың белгілі бір түрі бойынша өтеді және сот сарапшысының кәсіптік деңгейі бағаланады.

      Сот сарапшылары үшін ауызша әңгімелесу нысанындағы білімдерін тексеру барысында, берілген сұрақтың 2/3 дұрыс жауап берген кезде, сот сарапшысы аттестаттаудан өткен болып есептеледі.

      Сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық мамандықтарының сот сарапшылары үшін емтихандық билеттер бойынша білімдерін тексеру барысында екі не одан көп сұраққа дұрыс жауап берген кезде сот сарапшысы аттестаттаудан өткен болып есептеледі.

      16. Осы Қағидалардың 8 және 9-тармақтарында көрсетілген құжаттарды қарап, сондай-ақ аттестаттаудың өткізілген екі кезеңінің нәтижелері бойынша, Комиссия мынадай шешімдердің біреуін қабылдайды:

      1) аттестатталды;

      2) қайта аттестатталуға жатады.

      Аттестаттаудың нәтижелері аттестаттау өткізілген күні жарияланады және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Сот сарапшыларын аттестаттау, оның ішінде кезектен тыс аттестаттауды жөніндегі комиссия отырысының хаттамасында (бұдан әрі – хаттама) көрсетіледі.

      17. Аттестаттауда аттестатталмаған сот сарапшысы бір рет қана қайта аттестатталуға жатады.

      18. Қайта аттестаттау осы Қағидалардың 11-тармағында айқындалған тәртіппен бастапқы аттестаттау өткізілген күннен бастап үш айдан кейін өткізіледі.

      19. Қайта аттестаттау кезінде бастапқы аттестаттауда тестілеудің деңгейінен өткен сот сарапшысы әңгімелесуге қайтадан тест тапсырмай жіберіледі.

      Сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық мамандықтары бойынша сот сарапшылары қайта аттестаттауға кем дегенде 108 сағатты құрайтын мамандығы бойынша біліктілігін арттырудан өткеннен кейін жіберіледі.

      Сот сарапшысы қайта аттестаттаудан өткен кезде Комиссия мынадай шешімдердің біреуін қабылдайды:

      1) аттестатталды;

      2) аттестатталмады.

      20. Аттестаттаудың нәтижелері хаттамада көрсетіледі.

      21. Аттестаттау комиссиясының шешімі:

      сот сарапшыларға – осы Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша аттестаттау комиссиясының қорытындысы (бұдан әрі – қорытынды) түрінде;

      сот–медициналық, сот–наркологиялық, сот–психиатриялық мамандықтарының сот сарапшыларына – осы Қағиданың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша аттестаттау куәлігі (бұдан әрі – куәлік) түрінде ресімделеді.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 25.01.2018 № 130 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Қорытынды немесе куәлік сот сарапшысына аттестаттау өткізілген күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде беріледі.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 25.01.2018 № 130 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Сот сарапшыларын
аттестаттау қағидаларына
1-қосымша
  нысан
  Сот сарапшыларын аттестаттау,
оның ішінде кезектен тыс
аттестаттау жөніндегі
комиссия төрағасының
орынбасарына

Өтініш

      Сізден мені сот сарапшыларын аттестаттаудан, оның ішінде кезектен тыс

      аттестаттаудан өтуге жіберуіңізді сұраймын.

      Сонымен қатар, аттестаттаудан, оның ішінде кезектен тыс аттестаттаудан өту үшін

      мынадай құжаттарды жолдаймын:

      1. ____________________________________

      2. ____________________________________

      3. ____________________________________

      Ақпараттық жүйелердегі қамтылған, заңмен қорғалған құпияларды құрайтын

      мәліметтерді пайдалануға келісемін:

      ________________________________________________________________________________

      қолы (Т.А.Ә. (болған кезде)

  Сот сарапшыларын
аттестаттау қағидаларына
2-қосымша

Мәліметтер нысаны

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 25.01.2018 № 130 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Өтінім бойынша деректер

      1. Өтініш нөмірі ______________

      2. Қалыптастыру күні ______________

      Негізгі мәліметтер

      3. Ғылыми дәрежесі, атағы ______________

      4. Ғылыми еңбектері мен жаңалықтары ______________

      5. Соңғы бес жылда жүргізілген сараптамаларының саны _____

      Жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер

      6. ЖСН ______________

      7. Тегі ______________

      8. Аты ______________

      9. Әкесінің аты (ол болған жағдайда) ______________

      10. Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі ______________

      11. Нөмірі ______________

      12. Сериясы ______________

      13. Берілген күні ______________

      14. Аяқталу күні ______________

      15. Берген орган ______________

      Жоғары кәсіптік білімі туралы дипломы

      16. Білімі ______________

      17. Дипломның нөмірі

      18. Дипломның сериясы

      19. Үміткердің оқыған елі ______________

      20. Түскен жылы ______________

      21. Бітірген жылы ______________

      22. Диплом бойынша мамандығы ______________

      23. Диплом бойынша біліктілігі ______________

      24. Дипломның нострификациясы (қажет болған жағдайда) ______________

      Соңғы бес жылда біліктілік даярлығын (біліктілік арттыру) өткендігі туралы мәліметтер

      25. Сот сарапшыларының біліктілігін даярлаудың (біліктілігін арттырудың) өту орны _____________

      26. Мамандығы_____________

      27. Сот сарапшыларының біліктілігін даярлаудың (біліктілігін арттырудың) басталу күні _____________

      28. Сот сарапшыларының біліктілігін даярлаудың (біліктілігін арттырудың) аяқталған күні _____________

      29. Сот сарапшыларының біліктілігін даярлау (біліктілігін арттыру) өткен уақытта зерделеген материалдар _____________

      30. Сот сарапшыларының біліктілігін даярлау (біліктілігін арттыру) басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы_____________

      31. Сот сарапшыларының біліктілігін даярлау (біліктілігін арттыру) өткендігі туралы есеп _____________

      Қызметті жүзеге асыруы туралы мәліметтер

      32. Сот сараптама қызметін жүзеге асырудың өз тәсіліңізді таңдаңыз

      -көрсетілетін қызметті берушінің, Орталықтың қызметкері

Біліктілік куәлігі (оған қосымшасымен бірге) номері

Рұқсат беру құжатының мерзімі

Мамандығы




      -сот-сараптама қызметін лицензия негізінде жүзеге асыратын адам

Лицензия нөмірі

Лицензия берген күні



      Қазіргі уақыттағы жұмыс орны туралы мәліметтер:

      33. Мәлімделген мамандық бойынша еңбек өтілі (жылы, айы, күні) _____________

      34. Жалпы еңбек өтілі (жылы, айы, күні) _____________

      35. Қазіргі уақыттағы жұмыс орны _____________

      36. Атқаратын лауазымы _____________

      37. Осы лауазымға тағайындалған күні _____________

      Мәлімделген мамандық бойынша еңбек өтілі

Жұмысқа қабылданған күні

Жұмыстан босатылған күні

Жұмыс орны

Атқаратын қызметі

Жұмысы туралы мәліметтер

Бұйрықтың №

Бұйрықтың шығарылған күні








      Тәртіптік, әкімшілік жазалар, көтермелеу туралы мәліметтер (соңғы алты айда)

      Тәртіптік жазалардың болуы туралы мәліметтер (қажеттісінің астын сызу)

      1) Ескерту

      2) Сөгіс

      3) Қатаң сөгіс

      4) Еңбек шартын бұзу

      Көтермелеу _____________

      Мекенжайы

      38. Пошталық индексі ______________

      39. Ел, облысы, ауданы, елді мекені ______________

      40. Көшенің аты ______________

      41. Үйдің, ғимараттың нөмірі ______________

      42. Пәтердің, кеңсенің нөмірі ______________

      Телефондардың нөмірі ______________

      Электрондық пошта _____________

  Сот сарапшыларын
аттестаттау қағидаларына
3-қосымша
  нысан

Сот сарапшылары аттестаттау, оның ішінде кезектен тыс аттестаттау жөніндегі комиссия отырысының № хаттамасы

      20___жылғы " ____ " _________________

      _____________________ қаласы

      Төраға             ____________________________________

      Комиссия мүшелері      ____________________________________

      Хатшы             ____________________________________

      Қазақстан Республикасы Әділет министрінің (не оны алмастыратын адамның) 20__

      жылғы "__"_______ № ____ бұйрығы негізінде әрекет ететін комиссияның қарауына

      ______________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), лауазымы)

      құжаттары ұсынылды.

      1._________________________

      2._________________________

      3._________________________

      (ұсынылған құжаттар)

      1 кезеңнің (компьютерлік тестілеу өткізу) нәтижелері:

      _______ балл, екінші кезеңге: "жіберіледі"/"жіберілмейді".

      Сот сараптамасының белгілі бір түрі бойынша өткізілген ауызша

      әңгімелесудің/емтихан билетінің қысқаша мазмұны:

      1. ___________________________________________________________

      2. ___________________________________________________________

      Комиссиясы мүшелерінің шешім қабылдау бойынша дауыс беру нәтижелері:

      "қолдаған" ______, "қарсы" _______ дауыс.

      Комиссия былай деп шешті:

      1) _______________________ аттестатталды

      Т.А.Ә. (болған кезде)

      2) _______________________ қайта аттестаттауға жатады

      Т.А.Ә. (болған кезде)

      3) ________________________ аттестатталмады

      Т.А.Ә. (болған кезде)

      Комиссия төрағасы:      ___________________________________

                              (қолы)      Т.А.Ә. (болған кезде)

      Комиссия мүшелері:      ___________________________________

                              (қолы)      Т.А.Ә. (болған кезде)

                        ___________________________________

                              (қолы)      Т.А.Ә. (болған кезде)

                        ___________________________________

                              (қолы)      Т.А.Ә. (болған кезде)

      Комиссия хатшысы:      ___________________________________

                              (қолы)      Т.А.Ә. (болған кезде)

  Сот сарапшыларын
аттестаттау қағидаларына
4-қосымша
Нысан

Аттестаттау комиссиясының қорытындысы №___

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 25.01.2018 № 130 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20___жылғы " ____ " _________________

      ____________________ қаласы

      Қазақстан Республикасы Әділет министрінің (не болмаса оны алмастыратын адамның) 20__ жылғы "__"_______№ ____ бұйрығы негізінде әрекет ететін комиссиясы құрамында:

      Төраға ____________________________________________________________________

      Комиссия мүшелері _________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Хатшы ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________ құжаттарын қарастырып,

      (Тегі, аты, әкесінің аты, (ол болған жағдайда),

      сот сарапшысының лауазымы және жұмыс орны)

      Былай деп шешті: _______________________

      (аттестаттаудың нәтижесі)

      __________________________________________________________________________

      (Комиссия төрағасының қолы немесе ЭЦҚ)

  Сот сарапшыларын
аттестаттау қағидаларына
5-қосымша
Нысан

Аттестаттау куәлігі №___

      Ескерту. Қағида 5-қосымшамен толықтырылды – ҚР Әділет министрінің 25.01.2018 № 130 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20___жылғы " ____ " _________________

      ____________________ қаласы

      Қазақстан Республикасы Әділет министрінің (не болмаса оны алмастыратын адамның)

      20__ жылғы "__"_______№ ____ бұйрығы негізінде әрекет ететін комиссиясы құрамында:

      Төраға ____________________________________________________________________

      Комиссия мүшелері ________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Хатшы ___________________________________________________________________

      ____________________________________________________ құжаттарын қарастырып,

      (Тегі, аты, әкесінің аты, (ол болған жағдайда),

      сот сарапшысының лауазымы және жұмыс орны)

      Былай деп шешті: __________________________________________________________

      (аттестаттаудың нәтижесі)

      __________________________________________________________________________

      (Комиссия төрағасының қолы немесе ЭЦҚ)

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2017 жылғы 30 наурыздағы
№ 336 бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізімі

      1. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аттестаттау комиссияларының сот сарапшысын аттестаттауын жүргізу, оның ішінде кезектен тыс жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 119 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10490 тіркелген, 2015 жылғы 27 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аттестаттау комиссиясының сот сарапшысының аттестаттауын жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 119 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 2 қазандағы № 522 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12281 тіркелген, 2015 жылғы 18 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аттестаттау комиссиясының сот сарапшысының аттестаттауын жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 119 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 375 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13874 болып тіркелген, 2016 жылғы 13 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      4. "Қазақстан Республикасы Әділет органдарының азаматтық қызметшілерін аттестаттаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндеттін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 660 бұйрығы 1 тармағының 2) тармақшасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12783 болып тіркелген, 2016 жылғы 20 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).