Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 18 наурыздағы № 139 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 25 сәуірде № 13622 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Нормативтік құқықтық актілер» туралы 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 43-1-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бұйрықтарының тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеленгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімдік баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесіне жолдауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде алғаннан күннен бастап бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкiне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурстарында жариялануды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                           Б. Сұлтанов

Қазақстан Республикасы  
Қаржы министірінің    
2015 жылғы 18 наурыздағы 
№ 139 бұйрығымен     
бекітілген        

Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бұйрықтарының тізбесі

      1. «Кеден органдарының лауазымды тұлғасы болып табылмайтын сарапшыларды (мамандарды) кедендік сараптама жүргізуге тартудың ережеcін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 391 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6431 болып тіркелді, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 8 қыркүйектегі № 235 (26296) жарияланды):
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғасы болып табылмайтын сарапшыларды (мамандарды) кедендік сараптама жүргізуге тартудың қағидасын бекіту туралы»;
      1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғасы болып табылмайтын сарапшыларды (мамандарды) кедендік сараптама жүргізу үшін тарту туралы қағидасы бекітілсін.»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кеден органының лауазымды тұлғасы болып табылмайтын сарапшыларды (мамандарды) кедендік сараптама жүргізуге тартудың қағидасы осы өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бұйрықтарының тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
      2. «Кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысының және кеден органының кедендік сараптаманы тағайындау туралы шешімінің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 392 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6387 болып тіркелді, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 4 қыркүйек № 233 (26294) жарияланды):
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысының және мемлекеттік кірістер органының кедендік сараптаманы тағайындау туралы шешімінің нысандарын бекіту туралы»;
      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органының кедендік сараптаманы тағайындау туралы шешімінің нысаны бекітілсін.»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, кедендік сарапшының қорытындысының нысаны, осы Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, кеден органының кедендік сараптаманы тағайындау туралы нысаны, осы Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
      3. «Үй-жайлар мен аумақтарды қарауға арналған ұйғарымның (нұсқаудың) нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 17 тамыздағы № 415 бұйрығында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6454 болып тіркелді, «Егемен қазақстан» 2010 жылғы 7 қазан № 264 (26325) жарияланды):
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген үй-жайлар мен аумақтарды қарауға арналған ұйғарымның (нұсқаудың) нысаны, осы Тізбеге 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
      4. «Сәйкестендіру құралдарын қолдану ережесі мен оларды дайындауға қойылатын талаптар» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2010 жылғы 27 тамыздағы № 428 бұйрығында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6498 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 11 қазанда № 303-305 (26364-26366) жарияланған):
      бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Сәйкестендіру құралдарын қолдану қағидасы мен оларды дайындауға қойылатын талаптар»
      бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоса беріліп отырған Сәйкестендіру құралдарын қолдану қағидасы мен оларды дайындауға қойылатын талаптар»;
       Қоса беріліп отырған Сәйкестендіру құралдарын қолдану ережесі мен оларды дайындауға қойылатын талаптар мынадай редакцияда жазылсын:
      «Сәйкестендіру құралдарын қолдану қағидасы мен оларды дайындауға қойылатын талаптар»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Қағида сәйкестендіру құралдарын қолдану тәртібі мен оларды дайындауға қойылатын талаптарды айқындайды.»;
      4-тармақта:
      бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Мемлекеттік кірістер органдары сәйкестендіру құралдары ретінде:»;
      бірінші тармақшаның екінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Сәйкестендірудің механикалық құралдары осы Қағидада белгіленген талаптарға сәйкес келеді;»;
      3) тармақшасының бесінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Пакеттерді ресімдеу мен қабылдауды Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғалары жүргізеді.»;
      6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Сәйкестендірудің механикалық құралдарын мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғалары кедендік бақылауда тұрған тауарларды өткізу кезінде жүк бөлімшелерінің бекіту тораптарына қояды. Сәйкестендірудің механикалық құралдарын орнату кедендік бақылау мен кедендік ресімдеу уақытында жүргізіледі.
      «7. Пломбалау құралдарымен сәйкестендірілген жүк бөлімшелерін бақылау, сондай-ақ осы құралдарды өзгертуді, алып тастауды немесе жоюды Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғалары жүзеге асырады. Сәйкестендіру құралдары өзгертілген, алып тасталған немесе жойылған кезде мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғалары 2010 жылғы 20 мамырдағы № 260 Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленген нысан бойынша акт жасайды.»;
      13-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «13. Желімделген Пакеттің оң жақ бетінде мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасы қаламсаппен:»;
      26 тармақта:
      бірінші бөлімнің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Пакеттің сыртқы түрі осы Қағиданың қосымшасына сәйкес нысанда ресімделеді;»;
      он екінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
      «11-позиция – «Қазақстан Республикасы» «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті» деген жазу ашық жолдың көк фонына ақ бояумен басылған, жазудың үстіне ақпараттық ашық жолдың ортасында Қазақстан Республикасы кеден органдарының гербінің суреті салынған.».
      Қағидаларға қосымша осы Тізбеге 5-қосымшаға сәйкес редакцияда өзгертілсін.
      5. «Кеден ісін жетілдіру мәселелері бойынша консультативтік кеңестер туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2010 жылғы 17 қыркүйектегі № 463 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6580 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 30.10.2010 ж., № 288-289 (26349-26350) жарияланған):
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кеден ісін жетілдіру мәселелері бойынша консультативтік кеңестер туралы үлгілік ережеде:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Үлгілік ереже кеден ісі саласындағы уәкілетті органның, кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің және кедендердің (бұдан әрі – мемлекеттік кірістер органы) жанында құрылатын кеден ісі саласындағы мәселелер бойынша консультативтік кеңестердің (бұдан әрі - консультативтік кеңес) қызметін ұйымдастыру, өкілеттігін айқындау мақсатында әзірленді.»;
      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Консультативтік кеңестің құрамы мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғаларынан, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан, кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардан, сондай-ақ өзге мүдделі тұлғалардан, оның ішінде олардың ұсынымдары бойынша қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдардан қалыптастырылады.
      «5. Консультативтік кеңестің құрамы мемлекеттік кірістер органының бірінші басшысының шешімімен бекітіледі.»;
      6-тармақтың 1) және 3) тармақшлары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) мемлекеттік кірістер органдарының Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеуді жетілдіру бойынша ұсыныстарды және оны іске асыру механизмін пысықтауы;
      3) тауарларды кедендік тазартуды және кедендік бақылауды жетілдіру мен оңайлату, Еуразиялық экономикалық одағының кедендік аумағы арқылы тауар айналымын жеделдетуге ықпал ететін жағдайларды жасау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы субъектілерінің, ұйымдары мен азаматтарының сыртқы экономикалық байланыстарын дамыту бойынша ұсыныстарды әзірлеу;»;
      7-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік кірістер органдарынан, өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ ұйымдар мен тұлғалардан консультативтік кеңестің міндеттерін орындау үшін қажетті материалдарға сұрау салады және алады;
      3) мемлекеттік кірістер органдары кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын алу үшін біліктілік емтихандарын өткізген кезде қатысуға құқылы»;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Консультативтік кеңесті мемлекеттік кірістер органының басшысы болып табылатын консультативтік кеңестің Төрағасы басқарады.».
      6. «Резидент еместі салық төлеуші ретінде тіркеу туралы куәлігінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 28 сәуірдегі № 232 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6980 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2011 жылғы 23 маусымдағы № 88 (2078) жарияланған):
      Резидент еместі салық төлеуші ретінде тіркеу туралы тіркеу куәліктің нысанын осы Тізбеге 6-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
      7. «Биоотың айналымы саласындағы құқық бұзушылықтарды жою туралы хабарлама нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 256 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6988 болып тіркелді, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2011 жылғы, № 6 (14.09.2011 ж.) жарияланды):
      Биоотын айналымы саласындағы құқық бұзушылықтарды жою туралы хабарлама нысаны осы Тізбеге 7-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
      8. «Мұнай өнімдерінің айналымы саласында бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2011 жылғы 19 қыркүйектегі № 479 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7200 болып тіркелді, «Заң газетінде» 2011 жылғы 13 қазандағы № 149 (2139) жарияланды):
      Мұнай өнімдерінің айналымы саласында бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның нысаны осы Тізбеге 8-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
      9. «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсіпкерлердің салық есебін ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 15 наурыздағы № 137 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8423 болып тіркелді):
      18-тармақтың бірінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
      «18. Салық есептілігі салық төлеушінің (салық агентінің) Салық кодексінде белгіленген тәртіпке сәйкес мемлекеттік кірістер органдарына табыс етілетін, салық төлеуші туралы, салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы, сондай-ақ салық міндеттемелерін, міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды есептеу туралы мәліметтерді қамтитын құжаты болып табылады.»;
      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «20. Салықтық өтініш Салық кодексінде белгіленген жағдайларда салық төлеушінің (салық агентінің) өз құқықтарын іске асыру және міндеттерін орындау мақсатында мемлекеттік кірістер органына табыс ететін құжаты болып табылады.».
      10. «Уақытша әкімшіні, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушыларды есепке алу, оңалтуды және банкроттықты басқарушыларды тағайындау және шеттету қағидаларын, сондай-ақ уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 189 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9478 болып тіркелді, «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 2 шілдеде жарияланды):
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті.
      Уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша мемлекттік кірістер департаменттері жатады.».

Қазақстан Республикасы  
Қаржы министрінің    
бұйрықтарына өзгерістер 
енгізілетін Тізбеге 1  
Қосымша         

Қазақстан Республикасы  
Қаржы министрінің    
2010 жылғы 3 тамыздағы  
№ 391 бұйрығымен     
бекітілді        

Мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасы болып табылмайтын сарапшыларды (мамандарды) кедендік сараптама жүргізуге тартудың Қағидасы

      1. Осы Қағида мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғасы болып табылмайтын сарапшыларды (мамандарды) кедендік сараптама жүргізу үшін тартудың тәртібін айқындайды және «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 229-бабына сәйкес әзірленді.
      2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар қолданылады:
      1) мемлекеттік кірістер орган болып табылмайтын кедендік сараптама жүргізуге уәкілетті ұйым – кедендік мақсат үшін тауарларға сараптама жүргізетін ұйым (бұдан әрі – уәкілетті ұйым);
      2) мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасы болып табылмайтын сарапшы (маман) – сарапшы қорытындысын (бұдан әрі – сарапшы) беру үшін арнайы және (немесе) ғылыми танымдарға ие уәкілетті ұйымның маманы;
      3) сарапшы қорытындысы – жүргізілген зерттеулердің нәтижесі және арнайы және (немесе) ғылыми танымдарды қолдана отырып қойылған сұрақтарға жауап түрінде кедендік сарапшының қорытындысы бар құжат.
      3. Тәртіп сараптама қызметін ұйымдастыру үшін кедендік мақсатта тауарларды зерттеу аумағында тәуелсіз, кәсіби пікір алу үшін қолданылады.
      4. Уәкілеттік ұйымдарда кедендік сараптама жүргізудің негізгі міндеттері:
      кедендік сараптама бойынша кәсіби пікір білдіру мақсатында ұсынылған материалдарға, құжаттарға, сынамаларға және үлгілерге жан–жақты, толық және кешендік талдауды жүзеге асыру;
      объективті және тәуелсіз сарапшы қорытындысын ұсыну болып табылады.
      5. Мемлекеттік кірістер органы мұндай сараптаманы кедендік сарапшылар жүргізу мүмкін болмаған жағдайда ғана кедендік сараптаманы уәкілетті ұйымдарда тағайындайды. Кедендік сараптаманы жүргізу мүмкін болмаған жағдайда кедендік сараптама жүргізуге уәкілетті мемлекеттік кірістер органы кедендік сараптаманы тағайындаған мемлекеттік кірістер органын кедендік сараптама жүргізу үшін материалдарды алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша түрде бұл туралы хабардар етеді.
      6. Кедендік сараптама тағайындаған мемлекеттік кірістер органы кедендік сараптама жүргізетін уәкілетті ұйыммен немесе сарапшымен кедендік сараптама жүргізу шарттары белгіленген шарт жасасады.
      7. Кедендік сараптаманы жүргізуге арналған шығыстар кедендік сараптаманы тағайындаған мемлекеттік кірістер органының бюджет қаражаты есебінен өтеледі.
      8. Сарапшы кедендік сараптаманы тағайындаған мемлекеттік кірістер органына сарапшы қорытындысын беру үшін арнайы және (немесе) ғылыми танымының бар екендігін растайтын құжаттарын ұсынады.

Қазақстан Республикасы  
Қаржы министрінің    
бұйрықтарына өзгерістер 
енгізілетін Тізбеге 2  
Қосымша         

Қазақстан Республикасы  
Қаржы министрінің    
2010 жылғы 3 тамыздағы  
№ 392 бұйрығына     
1-қосымша        

Нысан

Кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысы

_____________________________________________________________________
           (кедендік сараптаманы өткізетін ұйымның атауы)
_____________________________________________________________________
                            (өткізу орыны)
                 № _________ «____» __________20__ж.
Кедендік сараптаманы жүргізу үшін негіз _____________________________
_____________________________________________________________________
   (Кедендік сараптаманы тағайындау туралы мемлекеттік кірістер
                  органының шешімінің №, күні)
Кедендік сарапшылар (сарапшы) _______________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты бар болған жағдайда, лауазымы, біліктілігі)
 
Сарапшы біле тұра жалған қорытынды берген үшін «Әкімшілік құқық
бұзушылықтар туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы
Кодексінің 659-бабы және 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақастан
Республикасының Қылмыстық кодексінің 420-бабына сәйкес жауапкершілік
туралы ескертілді
_____________________________________________________________________
    (мекеменің мөрімен расталған кедендік сараптама жүргізген
             кедендік сарапшының (сарапшының) қолы)
Тауарды жөнелтуші: __________________________________________________
Тауарды алушы: ______________________________________________________
Тауардың атауы: _____________________________________________________
Кедендік сарапшының (сарапшы) алдына қойылған сұрақтар
_____________________________________________________________________
Ұсынылған құжаттар, материалдар, сынамалар мен үлгілер ______________
Зерттеу _____________________________________________________________
      (зерттеуде қолданылған әдістерді, пайдаланылған сынамалар мен
          жабдықтар, зерттеу нәтижелерінің мазмұны және бағасы)
Қорытындылар ________________________________________________________
Кедендік сарапшылар (сарапшы) ________________ _________________ М.О.
          (кедендік сараптама жүргізген ұйымның Т.А.Ә. бар болған
                            жағдайда, қолы)
мөрімен расталған
Басышысы
(жетекші) ___________________________________________________________
(кедендік сараптама жүргізген ұйымның мемлекеттік кірістер органының
            бөлімінің және Т.А.Ә. бар болған жағдайда, қолы)

Қазақстан Республикасы  
Қаржы министрінің    
бұйрықтарына өзгерістер 
енгізілетін Тізбеге 3  
Қосымша         

Қазақстан Республикасы  
Қаржы министрінің    
2010 жылғы 3 тамыздағы  
№ 392 бұйрығына     
2-қосымша        

Нысан

Кедендік сараптаманы тағайындау туралы
мемлекеттік кірістер органының
Шешімі

№ ______                                       «___» ________ 20___ж
Кедендік сараптаманы тағайындаған мемлекеттік кірістер органының атауы ___
_____________________________________________________________________
Кедендік сараптаманы жүргізу үшін негіз _____________________________
«Қазақстан Республикасындағы Кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30
маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 227-бабының 5-тармағына
сәйкес ШЕШЕЛДІ:
кедендік сараптама тағайындалсын ___________________________________;
                                   (бастапқы, қайта немесе қосымша)
жүргізу уәкілеттік берілсін _________________________________________
              (Т.А.Ә. (болған кезде) кедендік сарапшының (сарапшының)
немесе кедендік сараптама жүргізуге уәкілетті ұйымның
атауы)______________________________________________________________;
кедендік сарапшы біле тұра жалған қорытынды берген үшін «Әкімшілік
құқық бұзушылықтар туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан
Республикасы Кодексінің 659-бабы және 2014 жылғы 3 шілдедегі
Қазақастан Республикасының Қылмыстық кодексінің 420-бабына сәйкес
жауапкершілік туралы ескертілсін кедендік сараптаманы шешуге арналған
сұрақтарды қою:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Тауардың атауы ______________________________________________________
Кедендік сарапшыға (сарапшыға) ұсынылған материалдар мен құжаттар
тізбесі
_____________________________________________________________________
                (тауарға ілеспе құжаттар)
Тауардың сынамалары мен үлгілері, олардың мөлшері
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Кедендік сараптаманы тағайындаған мемлекеттік кірістер органының басшысы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органының атауы) (қолы) (тегі, аты-жөні бар
                         болған жағдайда)

Қазақстан Республикасы  
Қаржы министрінің    
бұйрықтарына өзгерістер 
енгізілетін Тізбеге 4  
Қосымша         

Қазақстан Республикасы  
Қаржы министрінің    
2010 жылғы 17 тамыздағы  
№ 415 бұйрығымен     
бекітілген        

Нысан

Үй-жайлар мен аумақтарды қарауға арналған ұйғарымның (нұсқаудың) №

1. __________________________________________________________________
      (қарауды жүзеге асырушы мемлекеттік кірістер органының атауы)
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30
маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 208-бабының 5-тармағына
сәйкес үй-жайлар мен аумақтарға қарау жүргізілсін
2. __________________________________________________________________
   (қаралатын субъектінің атауы, (ЖСН), заңды және нақты мекенжайы)
3. __________________________________________________________________
                      (қарауды өткізудің мақсаты)
4. __________________________________________________________________
      (лауазымы, қарауды жүргізуге уәкілетті мемлекеттік кірістер
     органдары лауазымды адамдарының Т.А.Ж. бар болған жағдайда)
5. __________________________________________________________________
                 (қарауды өткізудің мерзімі)
6. __________________________________________________________________
   (үй-жайлар мен аумақтарды қарау актісінің нөмірі (қарау өткізілген
                 нәтижесі бойынша толтырылады)
Аумақтық мемлекеттік кірістер органы
басшысының қолы ______________________
М.О.

Қазақстан Республикасы  
Қаржы министрінің    
бұйрықтарына өзгерістер 
енгізілетін Тізбеге 5  
Қосымша         

Сәйкестендіру құралдарын 
қолдану қағидасы мен   
оларды дайындауға қойылатын 
талаптар қосымша     

Нысан

Сейф – пакеттің бет жағы

Сейф – пакеттің артқы беті

Внимание!

      В соответствии со статьей 328 Кодекса Республики Казахстан от 30 июня 2010 года «О таможенном деле в Республике Казахстан» при недоставке товаров и документов на них в таможенный орган назначения перевозчик несет ответственность в соответствии с административным и уголовным законодательством Республики Казахстан или законодательства государства-члена Евразийского экономического союза, таможенным органом которого товары помещены под таможенную процедуру таможенного транзита. Статьей 528 Кодекса Республики Казахстан от 5 июля 2014 года «Об административных правонарушениях» определена ответственность лица перед государственными органами:
      1. Выдача без разрешения органа государственных доходов Республики Казахстан, утрата или недоставление в орган государственных доходов Республики Казахстан товаров, транспортных средств и документов на них, находящихся под таможенным контролем, -
      влекут штраф в размере сорока месячных расчетных показателей с конфискацией товаров и транспортных средств, являющихся непосредственными предметами совершения административного правонарушения.
      2. Недоставление принятых для вручения органу государственных доходов таможенных или иных документов на товары и транспортные средства, находящиеся под таможенным контролем, –
      влекут штраф в размере двадцати месячных расчетных показателей.
      3. Несоблюдение установленного органом государственных доходов или таможенным органом государства-члена Евразийского экономического союза срока доставки товаров, транспортных средств и документов на них –
      влечет штраф в размере двадцати месячных расчетных показателей.
      Статьей 234 Уголовного кодекса Республики Казахстан от 3 июля 2014 года (Экономическая контрабанда) определено, что:
      То же деяние, совершенное:
      1) неоднократно;
      2) лицом с использованием своего служебного положения;
      3) с применением насилия к лицу, осуществляющему пограничный или таможенный контроль;
      4) в особо крупном размере;
      5) группой лиц по предварительному сговору, –
      наказывается штрафом в размере до трех тысяч месячных расчетных показателей либо исправительными работами в том же размере, либо ограничением свободы на срок до трех лет, либо лишением свободы на тот же срок, с конфискацией имущества.
      2. Деяния, предусмотренные частями первой или второй настоящей статьи, совершенные:
      1) лицом, уполномоченным на выполнение государственных функций, либо приравненным к нему лицом, либо должностным лицом, либо лицом, занимающим ответственную государственную должность, если они сопряжены с использованием им своего служебного положения;
      2) преступной группой, –
      наказываются лишением свободы на срок от трех до восьми лет с конфискацией имущества, а в случаях, предусмотренных пунктом 1), с пожизненным лишением права занимать определенные должности или заниматься определенной деятельностью.

Рекомендация государственным органам!

      В случае необходимости задержания данного транспортного средства, принимая во внимание, что его перемещение находится под контролем центра оперативного управления Комитет государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан и обеспечено электронными пломбами автоматизированной системы контроля доставки товаров содержащими информацию, рекомендуем доставлять транспортные средства и сопроводительные документы без вскрытия упаковки в ближайший орган государственных доходов Республики Казахстан, оснащенный системой считывания информации с электронных пломб автоматизированной системы контроля доставки товаров, после чего коллегиально, в присутствии работника органа государственных доходов вскрыть упаковку товаросопроводительных документов и составит протокол по форме, установленной решением Комиссии таможенного союза № 260 от 20 мая 2010 года.

Қазақстан Республикасы  
Қаржы министрінің    
бұйрықтарына өзгерістер 
енгізілетін Тізбеге 6  
Қосымша         

Қазақстан Республикасы  
Қаржы министрінің    
2011 жылғы 28 сәуірдегі  
№ 232 бұйрығымен     
бекітілген        

Нысан

Резидент еместі салық төлеуші ретінде тіркеу туралы
тіркеу куәлік

РЕЗИДЕНТ ЕМЕСТІ САЛЫҚ ТӨЛЕУШІ РЕТІНДЕ ТІРКЕУ ТУРАЛЫ

ТІРКЕУ КУӘЛІК

Берілген күні « » 20 жылғы
      МО _________________ мемлекетік кірістер органдарының басшысы

                                 Серия 00000                № 0000000

Қазақстан Республикасы  
Қаржы министрінің    
бұйрықтарына өзгерістер 
енгізілетін Тізбеге 7  
Қосымша         

Қазақстан Республикасы  
Қаржы министрінің    
2011 жылғы 19 мамырда   
№ 256 бұйрығымен     
бекітілген        

Нысан

Биоотын айналымы саласындағы құқық бұзушылықтарды жою
туралы хабарлама

20__ жылғы «___» __________                                 № _______
____________________________________________________________________
               (мемлекеттік кірістер органының атауы)

«Биоотын өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2010 жылғы
15 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Сізге
_____________________________________________________________________
    (салық төлеушінің аты-жөні бар болған жағдайда немесе атауы)
ЖСН (БСН)____________________________
      (болған кезде толтыруға жатады)
биоотын айналымы саласында 20___жылдың «___»______
анықталған бұзушылықтар туралы ______________________________________
                                   (бұзушылықтың мазмұны)
_________________________________________________________ хабарлайды.

      Осы хабарламаны берілген күннен кейінгі күннен бастап 30 жұмыс
күн ішінде орындамаған жағдайда Сіздің банк шоттарыңыз бойынша
аталған мерзімнен кейін 5 жұмыс күні өткен соң шығыс операциялары
тоқтата тұрылатын болады.
      Салық кодексінің 686-бабына сәйкес жоғарыда аталған
хабарламамен келіспеген жағдайда салық төлеушінің немесе оның
уәкілетті өкілінің жоғары тұрған мемекеттік кірістер комитетіне
немесе сотқа мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының
әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдануға құқығы бар.
      Анықталған бұзушылықтардың сипаттамасы бар қосымша ___ парақта.
Мемлекеттік кірістер органының басшысы
(Басшысының орынбасары)____________________________ _________________
                    (Аты-жөні, бар болған жағдайда)       (қолы)
М.О.
Хабарламаны алдым ___________________________________________________
                         (салық төлеушінің аты-жөні, бар болған
                                   жағдайда қолы, күні)
Хабарлама салық төлеушіге тапсырылды
_____________________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасының аты-жөні бар
                  болған жағдайда, қолы, күні)
Хабарлама салық төлеушіге жіберілді _________________________________
(жіберу және алу фактісі туралы растайтын құжат)

Қазақстан Республикасы  
Қаржы министрінің    
бұйрықтарына өзгерістер 
енгізілетін Тізбеге 8  
Қосымша         

Қазақстан Республикасы  
Қаржы министрінің    
2011 жылғы 19 қыркүйектегі
№ 479 бұйрығына     
қосымша         

Нысан

Мұнай өнімдерінің айналымы саласында бұзушылықтарды жою туралы Хабарлама

«__» 20____________ жылы                                      № _____
_____________________________________________________________________
                 (мемлекеттік кірістер органының атауы)
      Қазақстан Республикасының 2011 жылдағы 20 шілдедегі «Мұнай
өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын
мемлекеттік реттеу туралы» Заңына сәйкес, Сізге хабарлайды
_____________________________________________________________________
    (салық төлеушінің аты-жөні немесе атауы (салық агенті))
ЖСН (БСН) ______________________________СТН _________________________
   (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап міндетті толықтыруға жатқызылады)
мұнай өнімдерінің айналымы саласында камералдық бақылау нәтижелері
бойынша «__»______20_____жылда, анықталған бұзушылықтар туралы
_____________________________________________________________________
                     (бұзушылықтың мазмұны)
_____________________________________________________________________
      Хабарламаны беру күнінен кейінгі күнінен бастап күнтізбелік 30
күннің ішінде хабарламаны орындамау мақсатында, Сізге әкімшілік құқық
бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес
әкімшілік өндіріп алу шаралары қолданылатын болады.
      Салық кодексінің 686 бабына сәйкес жоғарыда аталған
хабарламамен келіспеу жағдайында салық төлеушінің немесе оның
уәкілетті өкілінің жоғары тұрған салық қызметі органына немесе сотқа
салық қызметі органдары лауазымды адамдарының әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағым жасауға құқығы бар.
Анықталған бұзушылықтарды сипаттаумен қосымша____парақта(-рда).
Мемлекетті кірістер органының басшысы
(Басшысының орынбасары)
_______________________________                  ____________________
(Аты-жөні, бар болған жағдайда)                         (қолы)
М.О.

Хабарламаны алған
_____________________________________________________________________
(салық төлеушінің (салық агентінің) аты-жөні, бар болған жағдайда,
                        қолы, күні)
Хабарлама салық төлеушіге (салық агентіне) тапсырылған
_____________________________________________________________________
(салық қызметі органының лауазымды тұлғасының аты-жөні, қолы, күні)
Хабарлама салық төлеушіге (салық агентіне) жолданған
_____________________________________________________________________
 (жолдау және (немесе) алу фактісі туралы дәлелдейтін құжат)