Биоотын айналымы саласындағы құқық бұзушылықтарды жою туралы хабарлама нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 256 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылы 1 маусымда № 6988 тіркелді.

      "Биоотын өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 2010 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 5) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берілген биоотын айналымы саласындағы құқық бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ерғожин Д.Е.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министр Б. Жәмішев

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2011 жылғы 19 мамырда
№ 256 бұйрығымен бекітілген
  нысан

Биоотын айналымы саласындағы құқық бұзушылықтарды жою туралы хабарлама

      Ескерту. Нысан жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 23.10.2018 № 936 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20__ жылғы "___" __________                                     № _____

      __________________________________________________________________

                              (мемлекеттік кірістер органының атауы)

      "Биоотын өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы"

      2010 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң)

      сәйкес Сізге ___________________________________________________ ___________

      ____________________________________________ хабарлайды.

      (биоотын нарығының қатысушысының Т.А.Ә. (ол бар болса) немесе атауы)

      ЖСН (БСН) _______________________________________________________________

      биоотын айналымы саласында 20___жылғы "___"_____________ анықталған бұзушылықтар туралы ___________________________________ хабарлайды.

      (бұзушылықтың мазмұны)

      Заңның 22-бабына сәйкес биоотын нарығының қатысушысы, осы хабарламаны

      берілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде орындауға

      міндетті. Анықталған бұзушылықтардың сипаттамасы бар қосымша ___ парақта.

      Мемлекеттік кірістер

      органының басшысы

      (Басшысының орынбасары)___________________________ ____________________

                                    (Т.А.Ә. (ол бар болса))                   (қолы)

      Мөр орны

      Хабарламаны алдым

      _________________________________________________________________________

      (биоотын нарығының қатысушысының Т.А.Ә. (ол бар болса) немесе атауы, қолы, күні)

      Хабарлама тапсырылды

      _________________________________________________________________________

      (биоотын нарығының қатысушысының Т.А.Ә. (ол бар болса) немесе атауы, қолы, күні)

      ___________________________________________________ ____________________

                        (мемлекеттік кірістер органының                   (қолы, күні)

      лауазымды тұлғасының Т.А.Ә. (ол бар болса))

      Хабарлама биоотын нарығының қатысушысына жіберілді

      Мекен-жай: ______________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

                        (жіберу және (немесе) алу фактісі туралы растайтын құжат)