"Нормативтік құқықтық актілер" туралы 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 43-1-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бұйрықтарының тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеленгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімдік баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесіне жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде алғаннан күннен бастап бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкiне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурстарында жариялануды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Б. Сұлтанов |
Қазақстан Республикасы Қаржы министірінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 139 бұйрығымен бекітілген |
Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бұйрықтарының тізбесі
1. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 29.01.2018 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 19.02.2018 № 228 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 01.02.2018 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
4. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 15.03.2018 № 374 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
5. "Кеден ісін жетілдіру мәселелері бойынша консультативтік кеңестер туралы үлгілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2010 жылғы 17 қыркүйектегі № 463 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6580 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 30.10.2010 ж., № 288-289 (26349-26350) жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кеден ісін жетілдіру мәселелері бойынша консультативтік кеңестер туралы үлгілік ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Үлгілік ереже кеден ісі саласындағы уәкілетті органның, кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің және кедендердің (бұдан әрі – мемлекеттік кірістер органы) жанында құрылатын кеден ісі саласындағы мәселелер бойынша консультативтік кеңестердің (бұдан әрі - консультативтік кеңес) қызметін ұйымдастыру, өкілеттігін айқындау мақсатында әзірленді.";
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Консультативтік кеңестің құрамы мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғаларынан, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан, кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардан, сондай-ақ өзге мүдделі тұлғалардан, оның ішінде олардың ұсынымдары бойынша қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдардан қалыптастырылады.
"5. Консультативтік кеңестің құрамы мемлекеттік кірістер органының бірінші басшысының шешімімен бекітіледі.";
6-тармақтың 1) және 3) тармақшлары мынадай редакцияда жазылсын:
"1) мемлекеттік кірістер органдарының Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеуді жетілдіру бойынша ұсыныстарды және оны іске асыру механизмін пысықтауы;
3) тауарларды кедендік тазартуды және кедендік бақылауды жетілдіру мен оңайлату, Еуразиялық экономикалық одағының кедендік аумағы арқылы тауар айналымын жеделдетуге ықпал ететін жағдайларды жасау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы субъектілерінің, ұйымдары мен азаматтарының сыртқы экономикалық байланыстарын дамыту бойынша ұсыныстарды әзірлеу;";
7-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік кірістер органдарынан, өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ ұйымдар мен тұлғалардан консультативтік кеңестің міндеттерін орындау үшін қажетті материалдарға сұрау салады және алады;
3) мемлекеттік кірістер органдары кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын алу үшін біліктілік емтихандарын өткізген кезде қатысуға құқылы";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Консультативтік кеңесті мемлекеттік кірістер органының басшысы болып табылатын консультативтік кеңестің Төрағасы басқарады.".
6. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 09.02.2018 № 153 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. "Биоотың айналымы саласындағы құқық бұзушылықтарды жою туралы хабарлама нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 256 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6988 болып тіркелді, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2011 жылғы, № 6 (14.09.2011 ж.) жарияланды):
Биоотын айналымы саласындағы құқық бұзушылықтарды жою туралы хабарлама нысаны осы Тізбеге 7-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
8. "Мұнай өнімдерінің айналымы саласында бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2011 жылғы 19 қыркүйектегі № 479 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7200 болып тіркелді, "Заң газетінде" 2011 жылғы 13 қазандағы № 149 (2139) жарияланды):
Мұнай өнімдерінің айналымы саласында бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның нысаны осы Тізбеге 8-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
9. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 01.02.2018 № 98 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. "Уақытша әкімшіні, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушыларды есепке алу, оңалтуды және банкроттықты басқарушыларды тағайындау және шеттету қағидаларын, сондай-ақ уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 189 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9478 болып тіркелді, "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 2 шілдеде жарияланды):
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті.
Уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша мемлекттік кірістер департаменттері жатады.".
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрықтарына өзгерістер енгізілетін Тізбеге 1 Қосымша |
Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 29.01.2018 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрықтарына өзгерістер енгізілетін Тізбеге 2 Қосымша |
Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 19.02.2018 № 228 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрықтарына өзгерістер енгізілетін Тізбеге 3 Қосымша |
Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 19.02.2018 № 228 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрықтарына өзгерістер енгізілетін Тізбеге 4 Қосымша |
Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 01.02.2018 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрықтарына өзгерістер енгізілетін Тізбеге 5 Қосымша |
Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 15.03.2018 № 374 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрықтарына өзгерістер енгізілетін Тізбеге 6 Қосымша |
Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 09.02.2018 № 153 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрықтарына өзгерістер енгізілетін Тізбеге 7 Қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 19 мамырда № 256 бұйрығымен бекітілген |
Нысан
Биоотын айналымы саласындағы құқық бұзушылықтарды жою
туралы хабарлама
20__ жылғы "___" __________ № _______
____________________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органының атауы)
"Биоотын өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 2010 жылғы
15 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Сізге
_____________________________________________________________________
(салық төлеушінің аты-жөні бар болған жағдайда немесе атауы)
ЖСН (БСН)____________________________
(болған кезде толтыруға жатады)
биоотын айналымы саласында 20___жылдың "___"______
анықталған бұзушылықтар туралы ______________________________________
(бұзушылықтың мазмұны)
_________________________________________________________ хабарлайды.
Осы хабарламаны берілген күннен кейінгі күннен бастап 30 жұмыс
күн ішінде орындамаған жағдайда Сіздің банк шоттарыңыз бойынша
аталған мерзімнен кейін 5 жұмыс күні өткен соң шығыс операциялары
тоқтата тұрылатын болады.
Салық кодексінің 686-бабына сәйкес жоғарыда аталған
хабарламамен келіспеген жағдайда салық төлеушінің немесе оның
уәкілетті өкілінің жоғары тұрған мемекеттік кірістер комитетіне
немесе сотқа мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының
әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдануға құқығы бар.
Анықталған бұзушылықтардың сипаттамасы бар қосымша ___ парақта.
Мемлекеттік кірістер органының басшысы
(Басшысының орынбасары)____________________________ _________________
(Аты-жөні, бар болған жағдайда) (қолы)
М.О.
Хабарламаны алдым ___________________________________________________
(салық төлеушінің аты-жөні, бар болған
жағдайда қолы, күні)
Хабарлама салық төлеушіге тапсырылды
_____________________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасының аты-жөні бар
болған жағдайда, қолы, күні)
Хабарлама салық төлеушіге жіберілді _________________________________
(жіберу және алу фактісі туралы растайтын құжат)
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрықтарына өзгерістер енгізілетін Тізбеге 8 Қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 19 қыркүйектегі № 479 бұйрығына қосымша |
Нысан
Мұнай өнімдерінің айналымы саласында бұзушылықтарды жою туралы Хабарлама
"__" 20____________ жылы № _____
_____________________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органының атауы)
Қазақстан Республикасының 2011 жылдағы 20 шілдедегі "Мұнай
өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын
мемлекеттік реттеу туралы" Заңына сәйкес, Сізге хабарлайды
_____________________________________________________________________
(салық төлеушінің аты-жөні немесе атауы (салық агенті))
ЖСН (БСН) ______________________________СТН _________________________
(2012 жылғы 1 қаңтардан бастап міндетті толықтыруға жатқызылады)
мұнай өнімдерінің айналымы саласында камералдық бақылау нәтижелері
бойынша "__"______20_____жылда, анықталған бұзушылықтар туралы
_____________________________________________________________________
(бұзушылықтың мазмұны)
_____________________________________________________________________
Хабарламаны беру күнінен кейінгі күнінен бастап күнтізбелік 30
күннің ішінде хабарламаны орындамау мақсатында, Сізге әкімшілік құқық
бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес
әкімшілік өндіріп алу шаралары қолданылатын болады.
Салық кодексінің 686 бабына сәйкес жоғарыда аталған
хабарламамен келіспеу жағдайында салық төлеушінің немесе оның
уәкілетті өкілінің жоғары тұрған салық қызметі органына немесе сотқа
салық қызметі органдары лауазымды адамдарының әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағым жасауға құқығы бар.
Анықталған бұзушылықтарды сипаттаумен қосымша____парақта(-рда).
Мемлекетті кірістер органының басшысы
(Басшысының орынбасары)
_______________________________ ____________________
(Аты-жөні, бар болған жағдайда) (қолы)
М.О.
Хабарламаны алған
_____________________________________________________________________
(салық төлеушінің (салық агентінің) аты-жөні, бар болған жағдайда,
қолы, күні)
Хабарлама салық төлеушіге (салық агентіне) тапсырылған
_____________________________________________________________________
(салық қызметі органының лауазымды тұлғасының аты-жөні, қолы, күні)
Хабарлама салық төлеушіге (салық агентіне) жолданған
_____________________________________________________________________
(жолдау және (немесе) алу фактісі туралы дәлелдейтін құжат)