Қаржылық есептілік депозитарийінің, қор биржасының интернет-ресурстарында корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді, акционерлік қоғамдардың үлестес тұлғаларының тізімдерін, сондай-ақ жыл қорытындысы бойынша атқарушы органның мүшелеріне берілген сыйақының жиынтық мөлшері туралы ақпаратты орналастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 26 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 11 наурызда № 13438 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы және «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қаржылық есептілік депозитарийінің, қор биржасының интернет-ресурстарында корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді, акционерлік қоғамдардың үлестес тұлғаларының тізімдерін, сондай-ақ жыл қорытындысы бойынша атқарушы органның мүшелеріне берілген сыйақының жиынтық мөлшері туралы ақпаратты орналастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.
      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық бөліктерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін қадағалау департаменті (Хаджиева М.Ж.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:
      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;
      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;
      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                            Д. Ақышев

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрлігі
      Министр Б. Сұлтанов
      ____________________
      2016 жылғы 10 ақпан

Қазақстан Республикасы  
Ұлттық Банкі Басқармасының 
2016 жылғы 28 қаңтардағы  
№ 26 қаулысымен      
бекітілген        

Қаржылық есептілік депозитарийінің, қор биржасының интернет-ресурстарында корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді, акционерлік қоғамдардың үлестес тұлғаларының тізімдерін, сондай-ақ жыл қорытындысы бойынша атқарушы органның мүшелеріне берілген сыйақының жиынтық мөлшері туралы ақпаратты орналастыру қағидалары

      1. Осы Қаржылық есептілік депозитарийінің, қор биржасының интернет-ресурстарында корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді, акционерлік қоғамдардың үлестес тұлғаларының тізімдерін, сондай-ақ жыл қорытындысы бойынша атқарушы органның мүшелеріне берілген сыйақының жиынтық мөлшері туралы ақпаратты орналастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Акционерлік қоғамдар туралы заң) 79-бабына және «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Бағалы қағаздар нарығы туралы заң) 102-бабына сәйкес әзірленген және акционерлік қоғамдардың және акционерлік қоғамдар болып табылмайтын эмитенттердің Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына сәйкес белгіленген қаржылық есептілік депозитарийінің (бұдан әрі - қаржылық есептілік депозитарийі, тізіміне акционерлік қоғам не акционерлік қоғам болып табылмайтын эмитент шығарған бағалы қағаздар енгізілген қор биржасының интернет-ресурстарында корпоративтік оқиғалар туралы, бағалы қағаздарды ұстаушылардың мүдделерін қозғайтын қызметіндегі өзгерістер туралы ақпаратты, қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді, акционерлік қоғамдардың үлестес тұлғаларының тізімдерін, сондай-ақ жыл қорытындысы бойынша атқарушы органның мүшелеріне сыйақының жиынтық мөлшері туралы ақпаратты орналастыру тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.
      2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) бағдарламалық қамтамасыз ету – қаржылық есептілік депозитарийін жүргізуді жүзеге асыратын ұйым әзірлеген және шаблондар түрінде бағдарламалық қамтамасыз етуінде ұсынылған есептіліктің және ақпараттың әр түрлі нысандарын дайындауға арналған «Есептілікті берудің бірыңғай жүйесі» (ЕББЖ) бағдарламалық қамтамасыз ету;
      2) қаржылық есептілік депозитарийін жүргізуді жүзеге асыратын ұйым - Қазақстан Республикасының Үкіметі қаржылық есептілік депозитарийін жүргізу қызметін жүзеге асыруға уәкілетті «Ақпараттық-есепке алу орталығы» акционерлік қоғамы;
      3) қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсы - «www.dfo.kz» мекенжайы бойынша Интернет желісінде орналасқан бұқаралық ақпарат құралы;
      4) қор биржасының интернет-ресурсы - «www.kase.kz» мекенжайы бойынша Интернет желісінде орналасқан бұқаралық ақпарат құралы;
      5) шығарылымы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген эмиссиялық бағалы қағаздар айналысының кезеңі:
      акциялар үшін – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы шешім қабылдаған күннен бастап және осы акциялар шығарылымын жою күніне дейінгі бағалы қағаздардың қайталама нарығында акциялармен азаматтық-құқықтық мәмілелер жасалатын кезең;
      облигациялар үшін – облигациялар шығарылымы проспектісімен белгіленген бағалы қағаздардың қайталама нарығында облигациялармен азаматтық-құқықтық мәмілелер жасалатын кезең;
      пайлар үшін – уәкілетті орган пайлар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы шешім қабылдаған күннен бастап және инвестициялық пай қоры жұмысын тоқтату күніне дейінгі бағалы қағаздардың қайталама нарығында пайлармен азаматтық-құқықтық мәмілелер жасалатын кезең;
      өзге де эмиссиялық бағалы қағаздар үшін – эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымның талаптарымен белгіленген бағалы қағаздардың қайталама нарығында осы бағалы қағаздармен азаматтық-құқықтық мәмілелер жасалатын кезең;
      6) электрондық есеп – куәландыратын орталық берген электрондық цифрлық қолтаңба қойылатын жылдық және (немесе) тоқсан сайынғы қаржылық есептіліктің нысандарымен, Қағидалардың 4, 6 және 9-тармақтарында көрсетілген ақпаратпен қамтамасыз етудің толтырылған тиісті шаблоны.
      3. Эмиссиялық бағалы қағаздар айналысының кезеңінде бағалы қағаздары қор биржасының тізіміне енгізілген, акционерлік қоғам болып табылатын эмитент қор биржасына тізбесі Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 102-бабының 2-тармағында айқындалған бағалы қағаздарды ұстаушылардың мүдделерін қозғайтын осы эмитенттің қызметіндегі өзгерістер туралы, Қағидалардың 1-қосымшасында (бұдан әрі – 1-қосымша) көрсетілген Акционерлік қоғамның корпоративтік оқиғалары туралы, бағалы қағаздарды ұстаушылардың мүдделерін қозғайтын, қаржылық есептілік депозитарийінің және қор биржасының интернет-ресурстарында орналастырылатын акционерлік қоғам қызметіндегі өзгерістер туралы ақпараттың мазмұнына қойылатын Талаптарға сәйкес жасалған, тізбесі Акционерлік қоғамдар туралы заңның 79-бабының 1-тармағында айқындалған корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, сондай-ақ жылдық және тоқсан сайынғы қаржылық есептілікті, аудиторлық есептерді қор биржасының ішкі құжаттарымен белгіленген тәртіппен интернет-ресурсында жариялау үшін ұсынады.
      Эмиссиялық бағалы қағаздар айналысының кезеңінде бағалы қағаздары қор биржасының тізіміне енгізілген, акционерлік қоғам болып табылатын эмитент қор биржасына Қағидалардың 2-қосымшасында (бұдан әрі – 2-қосымша) көрсетілген Акционерлік қоғамның корпоративтік оқиғалары туралы, бағалы қағаздарды ұстаушылардың мүдделерін қозғайтын, қаржылық есептілік депозитарийінің және қор биржасының интернет-ресурстарында орналастырылатын акционерлік қоғам қызметіндегі өзгерістер туралы ақпараттың мазмұнына қойылатын Талаптарға сәйкес жасалған, тізбесі Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 102-бабының 2-тармағында айқындалған бағалы қағаздарды ұстаушылардың мүдделерін қозғайтын осы эмитенттің қызметіндегі өзгерістер туралы ақпаратты, сондай-ақ жылдық және тоқсан сайынғы қаржылық есептілікті, аудиторлық есептерді қор биржасының ішкі құжаттарымен белгіленген тәртіппен интернет-ресурсында жариялау үшін ұсынады.
      4. Акционерлік қоғам қаржылық есептілік депозитарийдің интернет-ресурсында, тізбесі Акционерлік қоғамдар туралы заңның 79-бабының 1-тармағында айқындалған корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты және олардың эмиссиялық бағалы қағаздар айналысының кезеңінде:
      1) корпоративтік оқиғалар туындаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қағидаларға 1-қосымшаның 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 10, 12, 13 және 24-тармақтарына;
      2) бағалы қағаздарды ұстаушылардың мүдделерін қозғайтын акционерлік қоғамның қызметінде өзгерістер туындаған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде Қағидаларға 1-қосымшаның 9, 11, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22 және 23-тармақтарына;
      3) акционерлік қоғам корпоративтік дау жөнiндегi азаматтық іс бойынша тиiстi сот хабарламасын (шақыруын) алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні iшiнде Қағидаларға 1-қосымшаның 14-тармағына сәйкес жасалған, тізбесі Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 102-бабының 2-тармағында айқындалған бағалы қағаздарды ұстаушылардың мүдделерін қозғайтын эмитенттің қызметіндегі өзгерістер туралы ақпаратты орналастыруды қамтамасыз етеді.
      5. Акционерлік қоғамның қызметінде корпоративтік оқиғалардың және (немесе) Қағидаларға 1-қосымшаның 2, 3, 4, 9, 10, 11, 13, 15, 17, 19 және 21-тармақтарында көрсетілген бағалы қағаздарды ұстаушылардың мүдделерін қозғайтын өзгерістердің туындау күні акционерлік қоғамның осындай оқиғалардың және (немесе) өзгерістердің туындағанын растайтын тиісті құжаттарды алған күні болып табылады.
      Корпоративтік оқиғалардың және (немесе) акционерлік қоғамның қызметіндегі бағалы қағаздарды ұстаушылардың мүдделерін қозғайтын, Қағидаларға 1-қосымшаның 7-тармағында көрсетілген өзгерістердің туындау күні:
      кепілі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес тіркелуге жататын мүлікке қатысты – акционерлік қоғамның кепілге қою (қайта кепілге қою) туралы шартты тіркеуді растайтын құжаттарды алған күні;
      кепілі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес тіркелуге жатпайтын мүлікке қатысты – акционерлік қоғамның мүлікті кепіл ұстаушыға беруді растайтын құжаттарды алу күні, ал егер ол берілуге жатпайтын болса, онда кепілге қою (қайта кепілге қою) туралы шарт жасаған күні болып табылады.
      Заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру (қосылуды қоспағанда) нәтижесінде немесе қосылған заңды тұлғаның қызметін тоқтату туралы мәліметтерді Ұлттық бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің тізіліміне енгізу сәтінен бастап не тарату кезінде заңды тұлғаны Ұлттық бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің тізілімінен шығару сәтінен бастап акционерлік қоғам жаңадан туындаған заңды тұлғалардың тіркелуін растайтын тиісті құжаттарды алған күн Қағидаларға 1-қосымшаның 18-тармағында көрсетілген, акционерлік қоғамның еншілес ұйымдарын және оның тәуелді акционерлік қоғамдарын ерікті түрде қайта ұйымдастыруға немесе ерікті түрде таратуға байланысты корпоративтік оқиғаның туындаған күні болып табылады.
      Корпоративтік оқиғалардың және (немесе) акционерлік қоғамның қызметінде бағалы қағаздарды ұстаушылардың мүдделерін қозғайтын, Қағидаларға 1-қосымшаның 22-тармағында көрсетілген, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 9, 18-2 және 31-баптарына сәйкес тіркелуге жататын акционерлік қоғамның эмиссиялық бағалы қағаздары шығарылымының проспектісіндегі мәліметтердің өзгерістерімен байланысты өзгерістердің туындау күні акционерлік қоғамның эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісіне өзгерістердің тіркелуін растайтын құжаттарды алған күні болып табылады.
      6. Эмиссиялық бағалы қағаздар айналысының кезеңінде акционерлік қоғам болып табылмайтын эмитент Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес жасалған, тізбесі Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 102-бабының 2-тармағында айқындалған бағалы қағаздарды ұстаушылардың мүдделерін қозғайтын осы эмитенттің қызметіндегі өзгерістер туралы ақпаратты қаржылық есептілік депозитарийіне ұсыну арқылы осындай өзгерістер туындаған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етеді.
      7. Акционерлік қоғам болып табылмайтын эмитенттің қызметінде Қағидаларға 2-қосымшаның 2, 4, 6 және 8-тармақтарында көрсетілген бағалы қағаздарды ұстаушылардың мүдделерін қозғайтын өзгерістердің туындау күні осы эмитенттің осындай өзгерістердің туындағанын растайтын тиісті құжаттарды алған күні болып табылады.
      Заңды тұлғаны ерікті қайта ұйымдастыру (қосылуды қоспағанда) нәтижесінде немесе қосылған заңды тұлғаның қызметін тоқтату туралы мәліметтерді Ұлттық бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің тізіліміне енгізу сәтінен бастап не ерікті тарату кезінде заңды тұлғаны Ұлттық бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің тізілімінен шығару сәтінен бастап соттың эмитентті және (немесе) оның еншілес ұйымдарын, тәуелді акционерлік қоғамдарын мәжбүрлеп тарату немесе мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру туралы тиісті шешімін алған күн немесе эмитент жаңадан туындаған заңды тұлғалардың тіркелуін растайтын тиісті құжаттарды алған күн Қағидаларға 2-қосымшаның 2-тармағында көрсетілген, эмитентті мәжбүрлеп қайта ұйымдастыруға немесе мәжбүрлеп таратуға, эмитенттің еншілес ұйымдарын және оның тәуелді акционерлік қоғамдарын қайта ұйымдастыруға немесе таратуға байланысты корпоративтік оқиғаның туындаған күні болып табылады.
      Акционерлік қоғам болып табылмайтын эмитенттің қызметіндегі бағалы қағаздарды ұстаушылардың мүдделерін қозғайтын, Қағидаларға 2-қосымшаның 5-тармағында көрсетілген өзгерістердің туындау күні:
      кепілі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес тіркелуге жататын мүлікке қатысты – эмитенттің кепілге қою (қайта кепілге қою) туралы шартты тіркеуді растайтын құжаттарды алған күні;
      кепілі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес тіркелуге жатпайтын мүлікке қатысты – эмитенттің мүлікті кепіл ұстаушыға беруді растайтын құжаттарды алу күні, ал егер ол берілуге жатпайтын болса, онда кепілге қою (қайта кепілге қою) туралы шарт жасаған күні болып табылады.
      Эмитенттің қызметіндегі бағалы қағаздарды ұстаушылардың мүдделерін қозғайтын, Қағидаларға 2-қосымшаның 9-тармағында көрсетілген, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 918-231-баптарына сәйкес тіркелуге жататын эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары шығарылымының проспектісіндегі мәліметтердің өзгерістерімен байланысты өзгерістің туындау күні эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісіне өзгерістер мен толықтырулардың тіркелгенін растайтын құжаттарды алу күні болып табылады.
      8. Акционерлік қоғам жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 31 тамызынан кешіктірмей қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсына жыл қорытындылары бойынша акционерлік қоғамның атқарушы органының мүшелеріне сыйақының жиынтық мөлшері туралы ақпаратты орналастыруды қамтамасыз етеді.
      Жыл қорытындылары бойынша акционерлік қоғамның атқарушы органының мүшелеріне сыйақының жиынтық мөлшері туралы ақпаратта акционерлік қоғам есепті кезеңде олардың атқарушы органның құрамында болу кезеңінде атқарушы органның мүшелеріне төлеген жалақының және ақшалай нысандағы марапаттаулардың барлық түрлерінің жиынтық мөлшері туралы мәліметтерді қоса алғанда, акционерлік қоғам есепті кезеңде атқарушы орган мүшелерінің пайдасына төлеген барлық төлемдердің жиынтық мөлшері туралы мәліметтерді қамтиды.
      9. Тұрақтандыру банкін қоспағанда, акционерлік қоғам Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті жылдың 1 қаңтарындағы, 1 сәуіріндегі, 1 шілдесіндегі және 1 қазанындағы жағдай бойынша акционерлік қоғамның үлестес тұлғаларының тізімін тиісінше есепті жылдың 31 қаңтарынан, 30 сәуірінен, 31 шілдесінен және 31 қазанынан кеш емес мерзімде қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етеді.
      10. Жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 31 тамызынан кешіктірмей қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсына жылдық қаржылық есептілікті және аудиторлық есепті, ал еншілес ұйымы болған жағдайда – мыналарға:
      1) акционерлік қоғам (қаржы ұйымын, «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамын, арнайы қаржы компаниясын және исламдық арнайы қаржы компаниясын қоспағанда) үшін – Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10641 тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Жария мүдделі ұйымдардың жариялауы үшін (қаржы ұйымдарынан басқа) жылдық қаржылық есептіліктің тізбесін және нысандарын бекіту туралы» 2015 жылғы 27 ақпандағы № 143 бұйрығымен (бұдан әрі – № 143 бұйрық) бекітілген тізбеге және нысандарға;
      2) қаржы ұйымы, арнайы қаржы компаниясы және исламдық арнайы қаржы компаниясы үшін – Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8571 тіркелген «Қаржы ұйымдарының, арнайы қаржы компанияларының, исламдық арнайы қаржы компанияларының, микроқаржы ұйымдарының, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының және инвестициялық қорлардың қаржылық есептілігінің нысандарын, сондай-ақ оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 мамырдағы № 130 қаулысына (бұдан әрі – № 130 қаулы);
      3) бағалы қағаздары қор биржасының тізіміне енгізілген және акционерлік қоғам болып табылмайтын эмитент үшін – қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына (бұдан әрі – ҚЕХС);
      4) шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркелген, бағалы қағаздары Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының тізіміне енгізілген эмитент үшін – ҚЕХС немесе Америка Құрама Штаттарында қолданылатын қаржылық есептілік стандарттарына (General Accepted Accounting Principles - GAAP) сәйкес жасалған жеке жылдық қаржылық есептілікті, жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті және жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есепті орналастыру жүзеге асырылады.
      11. Бағалы қағаздары Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының тізіміне енгізілген және шет мемлекеттің аумағында жұмыс істейтін қор биржасының алаңында айналыста болмайтын эмитент қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың соңғы күнтізбелік күнінен кешіктірмей тоқсан сайынғы шоғырландырылмаған қаржылық есептілікті және мыналардан тұратын өзге ақпаратты орналастыруды қамтамасыз етеді:
      1) қаржы ұйымын, «Қазақстан Даму банкі» акционерлік қоғамын, арнайы қаржы компаниясын және исламдық арнайы қаржы компаниясын қоспағанда, акционерлік қоғам үшін – № 143 бұйрықпен бекітілген нысандарға сәйкес жасалған бухгалтерлік баланс және пайда мен зияндар туралы есеп;
      2) екiншi деңгейдегi банкті қоспағанда, қаржы ұйымы болып табылатын акционерлік қоғам үшін – № 130 қаулымен бекітілген нысандарға сәйкес жасалған бухгалтерлік баланс және пайда мен зияндар туралы есеп;
      3) екінші деңгейдегі банк болып табылатын эмитент үшін – Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11160 тіркелген «Екінші деңгейдегі банктердің және ипотекалық ұйымдардың баланстық және баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар туралы есептіліктің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 74 қаулысымен бекітілген нысандарға сәйкес жасалған баланстық шоттардағы қалдықтар туралы есеп және баланстан тыс шоттардағы қалдықтар туралы есеп;
      4) арнайы қаржы компаниясы және исламдық арнайы қаржы компаниясы болып табылатын акционерлік қоғам үшін – ҚЕХС сәйкес жасалған бухгалтерлік баланс және меншікті қаражат бойынша пайда мен зияндар туралы есеп;
      5) акционерлік қоғам болып табылмайтын эмитент үшін – ҚЕХС сәйкес жасалған бухгалтерлік баланс және пайда мен зияндар туралы есеп.
      12. Бағалы қағаздары Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының тізіміне енгізілген және шет мемлекеттің аумағында жұмыс істейтін қор биржасының алаңында айналыстағы эмитент қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында тоқсан сайынғы қаржылық есептілікті, ал осы эмитенттің еншілес ұйымы болған жағдайда – ҚЕХС сәйкес жасалған тоқсан сайынғы шоғырландырылған қаржылық есептілікті эмитенттің бағалы қағаздары тізіміне енгізілген, Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленген мерзімдерде орналастыруды қамтамасыз етеді.
      Бағалы қағаздары Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының тізіміне енгізілген және шет мемлекеттің аумағында жұмыс істейтін қор биржасының алаңында айналыстағы, екiншi деңгейдегі банк болып табылатын эмитент Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген ақпаратқа қосымша эмитенттің бағалы қағаздары тізіміне енгізілген, Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленген мерзімдерде Қағидалардың 11-тармағының 3) тармақшасында көзделген ақпаратты да ұсынады.
      13. Бағалы қағаздары Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының тізіміне енгізілген эмитент орналастыруға тиіс қаржылық есептілік, аудиторлық есептер және өзге де ақпарат эмитенттің бағалы қағаздары тізіміне енгізілген қор биржасының Қағидаларында және ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен қор биржасының интернет-ресурстарында орналастыру күнінен бұрын бұқаралық ақпарат құралдарының басқа көздері арқылы жариялануға (орналастырылуға) жатпайды.
      Қағидаларға 4-қосымшада көрсетілген халықаралық қаржы ұйымдары, шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркелген, бағалы қағаздары Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізіміне енгізілген эмитенттер қаржылық есептілік депозитарийіне және шығарылған бағалы қағаздары тізіміне енгізілген қор биржасына интернет-ресурсында орналастыру үшін қаржылық есептілікті және бағалы қағаздар ұстаушылардың мүдделерін қозғайтын өз қызметіндегі өзгерістер туралы ақпаратты халықаралық қаржы ұйымдарының, шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркелген эмитенттердің бағалы қағаздары сауда жүйелерінде айналыстағы шет мемлекеттің аумағында жұмыс істейтін қор биржаларына көрсетілген ақпараттың ұсынылуына ұқсас көлемде және мерзімде ұсынады.
      14. Акционерлік қоғамдар және акционерлік қоғамдар болып табылмайтын эмитенттер қаржылық есептілік депозитарийіне ұсыну үшін корпоративтік оқиғалар туралы, бағалы қағаздар ұстаушылардың мүдделерін қозғайтын өз қызметіндегі өзгерістер туралы ақпаратты, тоқсан сайынғы және жылдық және қаржылық есептілікті, Қағидалардың 11-тармағының 3) тармақшасында көзделген ақпаратты, сондай-ақ акционерлік қоғамдардың үлестес тұлғаларының тізімдерін қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы қалыптастырады.
      Акционерлік қоғамдар қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында жылдық қаржылық есептіліктің шаблоны бөлімінде орналастыру мақсатында жыл қорытындылары бойынша атқарушы органның мүшелеріне сыйақының жиынтық мөлшері туралы ақпаратты жария етеді.
      15. Қағидалардың 4 және 6-тармақтарында көрсетілген, қазақ және орыс тілдерінде, сондай-ақ ақпарат құрастырушының бастамасы бойынша ағылшын тілінде жасалған ақпарат, тоқсан сайынғы қаржылық есептілік және қазақ және (немесе) орыс тілдерінде, сондай-ақ ақпарат құрастырушының бастамасы бойынша ағылшын тілінде жасалған Қағидалардың 11-тармағының 3) тармақшасында көзделген ақпарат, акционерлік қоғамның үлестес тұлғаларының тізімі мынадай тәртіппен қаржылық есептілік депозитарийін жүргізуді жүзеге асыратын ұйымға ұсынылады:
      1) шаблон толтырылады;
      2) шаблонды толтыру нәтижесінде электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрондық есеп қалыптастырылады;
      3) электрондық есепке қол қойғанға дейін оған:
      Қағидалардың 4 және 6-тармақтарында көрсетілген ақпаратты орналастыру кезінде – PDF электрондық форматында эмитенттің сканирленген өтінімі (бірінші басшы немесе осыған уәкілетті лауазымды тұлға қол қойған не шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркелген эмитент үшін – осындай іс-әрекеттерге уәкілетті тұлға қол қойған және корпоративтік оқиға немесе бағалы қағаздар ұстаушылардың мүдделерін қозғайтын өз қызметіндегі өзгеріс бар ақпараттық хабарламаның мәтінін қазақ және орыс тілдерінде бағдарламалық қамтамасыз ету шаблонында теру нәтижесінде басып шығарылған өтінімнің қағаз нұсқасының мөрмен расталған сканирленген көшірмесі);
      эмитенттер Акционерлік қоғамдар туралы заңның және Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның талаптарына сәйкес немесе өзінің бастамасы бойынша жария ететін, қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында эмитенттің «электрондық досье» қосымша бетінде орналастырылатын PDF электрондық форматындағы сканирленген құжаттар қоса тіркеледі;
      4) электрондық есепті қаржылық есептілік депозитарий құрылымына (эмитентте интернетке шығу болған кезде) немесе қаржылық есептілік депозитарийін жүргізуді жүзеге асыратын ұйымының өңірлік бөлімшесіне (ақпаратты электрондық тасымалдағыштарда) жіберу және енгізу үшін бағдарламалық қамтамасыз етудегі сервис арқылы қаржылық есептілік депозитарийінің серверіне электрондық есеп жіберіледі.
      16. Қаржылық есептілік депозитарийін жүргізуді жүзеге асыратын ұйымның электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрондық есепті өңдеу нәтижелері туралы электрондық хабарлама тоқсан сайынғы қаржылық есептілік нысандарымен және Қағидалардың 11-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген ақпаратпен бірге басып шығарылуға және бірінші басшы мен бас бухгалтер қол қоюға тиіс және эмитентте сақталады.
      Қаржылық есептілік депозитарийін жүргізуді жүзеге асыратын ұйымның электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрондық есепті өңдеу нәтижелері туралы электрондық хабарлама Қағидалардың 4, 6 және 9-тармақтарында көрсетілген ақпаратпен бірге басып шығарылуға және бұған уәкілетті лауазымды тұлға қол қоюға тиіс және эмитентте сақталады.
      17. Эмитенттің Қағидаларда көрсетілген талаптарды сақтамауы қаржылық есептілік депозитарийін жүргізуді жүзеге асыратын ұйымның электрондық есепті қабылдаудан бас тартуына негіз болып табылады.
      18. Эмитент Қағидаларға 1-қосымшаның 1, 5, 6, 7, 8, 11 және 22-тармақтарына және Қағидаларға 2-қосымшаның 4, 5, 7 және 9-тармақтарына сәйкес бұдан бұрын болған оқиғалардың салдары болып табылатын оқиғалар туралы ақпаратты ұсыну кезінде қаржылық есептілік депозитарийінің серверіне жіберілетін электрондық есепте осы оқиға салдары болып табылатын бұдан бұрын жарияланған бастапқы оқиға бойынша қаржылық есептілік депозитарийінің серверіне келіп түскен электрондық есепті өңдеу нәтижелері туралы электрондық хабарламаның нөмірін көрсетеді.
      Егер бастапқы оқиға туралы ақпарат оның туындау сәтінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсына орналастыруға жатпаған болса, осы оқиғаның алдындағы оқиға бойынша қаржылық есептілік депозитарийінің серверіне келіп түскен электрондық есепті өңдеу нәтижелері туралы электрондық хабарламаның нөмірі көрсетіледі.
      19. Акционерлік қоғам, бағалы қағаздары акционерлік қоғам болып табылмайтын қор биржасының тiзiмiне енгiзiлген эмитент қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастырылуға тиіс жылдық қаржылық есептілікті қаржылық есептілік депозитарийіне «Қаржылық есептілікті депозитарийге беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қазандағы № 1173 қаулысына сәйкес ұсынады.
      Жылдық қаржылық есептілікті орналастыру кезінде PDF электрондық форматындағы аудиторлық есеп (қол қойылған және аудиторлық ұйымының мөрімен (бар болса) расталған қағаз нұсқасының сканирленген көшірмесі) қоса тіркеледі, акционерлік қоғам акционерлердің жалпы жиналысының жылдық қаржылық есептілікті бекіту туралы сканирленген шешімін (акционерлердің жалпы жиналысының хаттамасынан сканирленген үзінді-көшірмені немесе жалғыз акционердің шешімінен үзінді-көшірмені) қосымша қоса тіркейді.
      20. Акционерлік қоғамдар мен акционерлік қоғамдар болып табылмайтын эмитенттер қаржылық есептiлiк депозитарийіне және қор биржасына ұсынатын жылдық және тоқсан сайынғы қаржылық есептiлiктерді, Қағидалардың 11-тармағының 3) тармақшасында көзделген ақпаратты және аудиторлық есептерді қаржылық есептiлiк депозитарийін жүргізуді жүзеге асыратын ұйым және қор биржасы оларды алған күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өздерінің интернет-ресурстарына орналастырады.
      Акционерлік қоғамдар мен акционерлік қоғамдар болып табылмайтын эмитенттер қаржылық есептiлiк депозитарийіне және қор биржасына ұсынатын корпоративтік оқиғалар туралы және эмитенттің қызметіндегі өзгерістер туралы ақпаратты қаржылық есептiлiк депозитарийін жүргізуді жүзеге асыратын ұйым және қор биржасы оларды алған күні өздерінің интернет-ресурстарына орналастырады.
      21. Қаржылық есептiлiк депозитарийiнiң және қор биржасының интернет-ресурстарында орналастырылатын ақпарат және қаржылық есептілік әрбір эмитент бөлігінде қалыптастырылады.

Қаржылық есептілік депозитарийінің,      
қор биржасының интернет-ресурстарында      
корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты,   
қаржылық есептілікті және аудиторлық      
есептерді, акционерлік қоғамдардың үлестес   
тұлғаларының тізімдерін, сондай-ақ жыл     
қорытындысы бойынша атқарушы органның      
мүшелеріне берілген сыйақының жиынтық      
мөлшері туралы ақпаратты орналастыру қағидаларына
1-қосымша                    

Акционерлік қоғамның корпоративтік оқиғалары туралы, бағалы қағаздарды ұстаушылардың мүдделерін қозғайтын, қаржылық есептілік депозитарийінің және қор биржасының интернет-ресурстарында орналастырылатын акционерлік қоғам қызметіндегі өзгерістер туралы ақпараттың мазмұнына қойылатын талаптар

Ақпарат түрі

Ақпарат мазмұны

1

2

3

1.

Ақпаратты акционерлік қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес акционерлерге және инвесторларға жіберетін мәселелердің тізбесі бойынша акционерлердің жалпы жиналысында және директорлар кеңесі қабылданған шешімдер туралы ақпарат

1) директорлар кеңесі өткізілетін күн;
2) директорлар кеңесі отырысының күн тәртібіне енгізілген мәселенің (мәселелердің) мазмұны, ол туралы ақпарат акционерлердің және инвесторларға акционерлік қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес жіберіледі;
3) директорлар кеңесінің осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген мәселелер бойынша қабылдаған шешімі (шешімдері);
4) акционерлік қоғамның шешімі бойынша өзге мәліметтер.

2.

Акционерлік қоғамының акцияларды және басқа бағалы қағаздарды шығаруы туралы ақпарат

1) бағалы қағаздар шығарылымын тіркеуді жүзеге асырған органның атауы, бағалы қағаздар шығарылымын тіркеу күні;
2) шығаруға жарияланған бағалы қағаздардың түрі, саны, бағалы қағаздарға берілген (ұлттық сәйкестендіру нөмірі және (немесе) бағалы қағаздар шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған жағдайда халықаралық сәйкестендіру коды (ISIN)) сәйкестендіру коды;
3) облигацияларды шығарған жағдайда номиналды құны, айналысқа жіберу мерзімі қосымша көрсетіледі;
4) акционерлік қоғамның эмиссиялық бағалы қағаздарының шығарылымы проспектісінің сканерленген көшірмесі;
5) акционерлік қоғам шет мемлекеттің аумағында эмиссиялық бағалы қағаздарды шығаруға және (немесе) орналастыруға уәкілетті органнан рұқсат алған жағдайда:
уәкілетті органның осындай рұқсатының берілген күні және нөмірі;
шығарудың негізгі параметрлері: бағалы қағаздың түрі, халықаралық сәйкестендіру коды (ISIN), шығару валютасы және нысаны, шығарудың жалпы көлемі, номиналды құны, айналыс және орналастыру мерзімі; эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша сыйақы туралы мәліметтер (төлемдердің мөлшері және кезеңділігі) өтеу тәртібі және болжалды мерзімі.

3.

Уәкілетті органының акционерлік қоғамның бағалы қағаздарын орналастыру қорытындылары туралы есептерді, органының акционерлік қоғамның бағалы қағаздарын өтеудің қорытындылары туралы есептерді, бекіту туралы ақпарат

1) акционерлік қоғамның бағалы қағаздарын орналастыру қорытындылары туралы есепті немесе акционерлік қоғамның бағалы қағаздарын өтеудің қорытындылары туралы есептерді бекіту күні.
2) акционерлік қоғамның бағалы қағаздарын орналастырудың есепті кезеңі (бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту туралы ақпаратты орналастыру);
3) есепті кезеңде орналастырылған (өтелген бағалы қағаздардың саны және түрі).

4.

Уәкілетті орган акционерлік қоғамның бағалы қағаздар шығарылымын жою туралы ақпарат

1) бағалы қағаздар шығарылымын жою күні;
2) шығарылымы жойылған бағалы қағаздар ұлттық сәйкестендіру нөмірі;
3) акционерлік қоғамның бағалы қағаздары шығарылымын жою үшін негіздемесі.

5.

Акционерлік қоғамы ірі мәмілелерді жасағаны туралы ақпарат

1) мәміле жасалған күні;
2) мәміле мәні, мәміле тараптарының атауы;
3) акционерлік қоғам органы мәміле жасау туралы шешім қабылдаған күні мәміле мәні болып табылатын мүліктің құны;
4) акционерлік қоғам органы мәміле жасау туралы шешім қабылдаған күні;
5) ақша және (немесе) алғашқы нарықта шығарылатын (орналастырылатын) бағалы қағаздар мәміле мәні болып табылған жағдайларды қоспағанда мәміле мәні болып табылатын мүлікті соңғы бағалау күні;
6) мәміле мәні болып табылатын мүлік құнының акционерлік қоғам органы мәміле жасау туралы шешім қабылдаған күні осы акционерлік қоғам органының активтерінің жалпы құнына пайыздық арақатысы.
Егер шарт акционерлік қоғам ірі мәміле жасау шартында банктік құпия, сақтандыру құпиясын, бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық құпияны және Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге құпияны құрайтын ақпарат болса, акционерлік қоғам ірі мәміле жасау туралы ақпаратты орналастырғанда тек шарттың күні және нөмірі (бар болса), сондай-ақ акционерлік қоғамның шешімі бойынша ақпарат жарияланады.
Егер акционерлік қоғамның жасалған мәміле бір мезгілде ірі мәміле болса және жасалуында қоғамның мүдделілігі бар болса мұндай мәміле туралы ақпарат осы қосымшаның 5-тармағына сәйкес бұл туралы көрсетумен орналастырылады.

6.

Акционерлік қоғамның ірі мәмілелерді және (немесе) қоғамның оларды жасауға мүдделілігі бар мәмілелерді жасағаны туралы ақпарат

1) мәміле жасалған күн;
2) мәміле мәні, мәміле тараптарының атауы;
3) акционерлік қоғам органының мәміле жасау туралы шешімді қабылдау күні;
Акционерлік қоғамның оларды жасауға мүдделілігі бар мәмілелерді жасау туралы шартта банк құпиясын, сақтандыру құпиясын, бағалы қағаздар нарығында коммерциялық құпияны және Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын акционерлік қоғамның ірі мәмілелерді және (немесе) қоғамның оларды жасауға мүдделілігі бар мәмілелерді жасау туралы ақпаратты орналастырған кезде шарттың күні және нөмірі (бар болса), сондай-ақ акционерлік қоғамның шешімі бойынша өзге де ақпарат жарияланады.
Бір жұмыс күні ішінде олардың жасалуында акционерлік қоғамның мүдделілігі бар бірнеше мәміле жасау кезінде, осындай мәмілелер бойынша ақпаратты акционерлік қоғам осындай бірнеше мәміле бойынша ақпараты бар бір өтінімді ұсыну арқылы ақпаратты ұсыну рұқсат етіледі.

7.

Акционерлік қоғамның мүлкін осы акционерлік қоғам активтерінің бес және одан да артық пайызын құрайтын сомаға кепілге (қайта кепілге) беру туралы ақпарат

1) акционерлік қоғамның органы акционерлік қоғамның мүлкін кепілге беру (қайта кепілге беру) туралы шешімді қабылдаған күн;
2) акционерлік қоғамның мүлкін кепілге беру (қайта кепілге беру) тағайындалған күні, атап айтқанда:
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес кепілі тіркелуі тиіс мүлік – кепілге беру (қайта кепілге беру) шартын тіркеу күні;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес кепілі тіркелмеуі тиіс мүлік – кепіл ұстаушыға осы мүлікті беру кезінен, ал егер берілмейтін болса кепілге беру (қайта кепілге беру) шартын жасау сәтінен бастап;
3) акционерлік қоғамның кепілге берілетін (қайта кепілге берілетін) мүлкінің құны;
4) акционерлік қоғамның кепілге берілетін (қайта кепілге берілетін) мүлкін соңғы бағалау күні егер мұндай бағалауды жүргізу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілсе);
5) акционерлік қоғамның органы акционерлік қоғамның мүлкін кепілге беру (қайта кепілге беру) туралы шешімді қабылдау күнінде кепілге берілетін (қайта кепілге берілетін) мүлік құнының осы акционерлік қоғам активтерінің жалпы құнына пайыздық арақатынасы.

8.

Акционерлік қоғамның меншікті капиталы мөлшерінің жиырма бес және одан да артық пайызын құрайтын мөлшердегі қарызды акционерлік қоғамның алуы туралы ақпарат

1) акционерлік қоғам органының қарызды алу туралы шешімді қабылдаған күні;
2) акционерлік қоғамның қарызды алу күні туралы шарттың жасалған күні;
3) акционерлік қоғам алған қарыздың шартта белгіленген жалпы мөлшері;
4) акционерлік қоғамның қарызды алу күні және шартта белгіленген сома мөлшерінде қарыз алудың мөлшері;
5) акционерлік қоғам қарызды алу мақсаты;
6) акционерлік қоғам алған қарыздың мөлшеріне акционерлік қоғам органының қарызды алу туралы шешімді қабылдаған күні акционерлік қоғамның меншікті капиталының мөлшеріне пайыздық арақатынасы;
Акционерлік қоғам екінші деңгейдегі банкпен қарыз алушының өзіне кредит алу уақытын белгілеуге мүмкіндік беретін талаптармен қарыз алушыны кредиттейтін банк міндеттемелерін көздейтін банктік қарыз шартын жасаған кезде осы шартпен белгіленген сома және уақыт шегінде акционерлік қоғам осы шартқа сәйкес ашылған кредиттік желі шеңберінде әрбір қарыз алу кезінде осы тармаққа сәйкес ақпаратты орналастырады.
Акционерлік қоғамның қарызды алу бойынша жасалған мәмілесі бір мезгілде ірі мәміле және (немесе) оны жасау кезінде акционерлік қоғам мүдделілігі бар мәміле болып табылса, мұндай мәміле туралы ақпарат бұл туралы көрсетумен осы қосымшаның 8-тармағына сәйкес ғана орналастырылады.

9.

Акционерлік қоғамның қызметтің қандай да бір түрлерін жүзеге асыруға, қоғамның қызметтің қандай да бір түрін (іс-әрекеттерді) жүзеге асыруға бұрын алған лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы ақпарат

1) рұқсат берген, рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру, тоқтату туралы шешім қабылдаған рұқсат беру органының атауы;
2) рұқсат берілген күні, нөмірі, рұқсаттың қолданылу мерзімі;
3) жүзеге асыру үшін рұқсаттың болуы талап етілетін қызмет түрінің (іс-әрекеттің) атауы;
4) рұқсат беру органның рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру (тоқтата тұру мерзімі), қолданылуын жаңарту күні туралы шешімді қабылдаған күні;
5) рұқсатты тоқтата тұруға (жаңартуға) негіздеме;
6) жүзеге асырылуына рұқсаты тоқтата тұрған (жаңартылған) қызмет түрінің атауы;
7) рұқсат беру органының рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру туралы шешімді қабылдаған күні;
8) рұқсаттың қолданылуын тоқтатуға негіздеме;
9) жүзеге асырылуына рұқсаты тоқтатылған қызмет (әрекет) түрінің атауы.

10.

Акционерлік қоғамның заңды тұлғаны құруға қатысуы туралы ақпарат

1) акционерлік қоғамның заңды тұлғаны құру (акционерлік қоғамның мекемеге қатысуы туралы) туралы шешім қабылдаған күн, шешім қабылдаған акционерлік қоғам органының атауы;
2) құрылатын заңды тұлғаның толық атауы, орналасқан жері.

11.

Акционерлік қоғамның мүлкіне тыйым салу туралы ақпарат

1) акционерлік қоғамның мүлкіне тыйым салу туралы шешімнің күні, нөмірі, қоғамның мүлкіне тыйым салу туралы шешім қабылдаған мемлекеттік органның атауы, тыйым салудың негіздемесі;
2) акционерлік қоғамның тыйым салынған мүлкінің атауы және оның қоғам активтерінің жалпы құнына пайыздық арақатынасы;
Банктердегі, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы борышкердің ақшасына тыйым салынған жағдайда - тыйым салынған ақша сомасын көрсету. Бағалы қағаздарға тыйым салынған жағдайда - тыйым салынған бағалы қағаздардың жалпы саны, олардың түрлері, сәйкестендіру нөмірі, осы бағалы қағаздардың эмитенті туралы мәліметтер;
3) тыйым салуды алған жағдайда - акционерлік қоғамның мүлкіне тыйым салуды алу туралы шешім қабылдаған мемлекеттік орган шешімінің күні, нөмірі.

12.

Баланстық құны қоғам активтерінің жалпы мөлшерінің он және одан астам пайызын құрайтын нәтижесінде акционерлік қоғамның мүлкі жойылған төтенше сипаттағы жағдайлардың басталуы туралы ақпарат

1) акционерлік қоғамның мүлкі жойылуын туындатқан төтенше сипаттағы жағдайлардың басталған күні;
2) акционерлік қоғамның төтенше сипаттағы жағдайлардың басталуына байланысты жойылған мүлкінің атауы;
3) акционерлік қоғамның төтенше сипаттағы жағдайлардың басталуына байланысты жойылған мүлкінің баланстық құны.

13.

Акционерлік қоғамды және оның лауазымды тұлғаларын әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы ақпарат

1) әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім шығарған мемлекеттік органның атауы;
2) мемлекеттік органның әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім шығарған күні, нөмірі (бар болса);
3) әкімшілік жауапқа тартылған акционерлік қоғам және (оның) лауазымды адамы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің бабының реттік нөмірі;
4) қоғамның лауазымды адамын әкімшілік жауапқа тартылған жағдайда, осы лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), сондай-ақ лауазымы қосымша көрсетілуі тиіс.

14.

Сотта корпоративтік дау бойынша іс қозғалуы туралы ақпарат

1) корпоративтік дау бойынша талапкердің, жауапкер туралы мәліметтер (жеке тұлға үшін) тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), толық атауы, орналасқан жері (заңды тұлға үшін);
2) талап арыз берген күн, шағым талаптардың қысқаша мазмұны;
3) корпоративтік дау бойынша талап арыз қаралатын соттың атауы.

15.

Акционерлік қоғамды, оның еншілес ұйымдарын және тәуелді акционерлік қоғамдарын мәжбүрлеп қайта құру туралы шешім жөніндегі ақпарат

1) акционерлік қоғамды, акционерлік қоғамның еншілес ұйымдарын және (немесе) тәуелді акционерлік қоғамын мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылданған күні;
2) акционерлік қоғамды, акционерлік қоғамның еншілес ұйымдарын және (немесе) тәуелді акционерлік қоғамын мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдаған мемлекеттік органның атауы;
3) акционерлік қоғамды, акционерлік қоғамның еншілес ұйымдарын және (немесе) тәуелді акционерлік қоғамды мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдау негіздемесі;
4) қайта ұйымдастырылатын акционерлік қоғамның еншілес ұйымдарын және (немесе) тәуелді акционерлік қоғамының орналасқан жері және атауы;
5) акционерлік қоғамды, акционерлік қоғамның еншілес ұйымдарын және (немесе) тәуелді акционерлік қоғамның нысаны және талаптары;
6) акционерлік қоғамды, акционерлік қоғамның еншілес ұйымдарын және (немесе) тәуелді акционерлік қоғамын мәжбүрлеп қайта ұйымдастырудың өзге талаптары.

16.

Акционерлік қоғам органы құрамының өзгеруі туралы ақпарат

1) сайлау (тағайындау) туралы шешім қабылдаған акционерлік қоғам органы атауын көрсетумен акционерлік қоғам органы құрамының өзгеруі туралы шешім қабылдаған күн;
2) құрамы сайланған (тағайындалған) не өзгерген акционерлік қоғам органының атауы;
3) акционерлік қоғамның органы құрамына өзгерістердің мәні: құрамынан алынған тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), орган құрамына сайланған (тағайындалған) алынған тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса);
4) акционерлік қоғам органының құрамына кіретін әрбір адамның тегін, атын, әкесінің атын (ол бар болса) көрсетумен акционерлік қоғам органына енгізілген өзгерістер ескерілген құрамы;
5) акционерлік қоғамның директорлар кеңесі сайланған (тағайындалған) мүшесіне тиесілі дауыс беруші акциялардың акционерлік қоғамның дауыс беруші акцияларының жалпы санына пайыздық арақатысы;
6) еншілес ұйымдардағы акционерлік қоғамның директорлар кеңесі сайланған (тағайындалған) мүшесіне тиесілі акциялардың (жарғылық капиталына қатысу үлесі) осы ұйымдардың орналастырылған акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлесі) жалпы санына пайыздық арақатысы.

17.

Акционерлік қоғамның дауыс беруші акцияларының он және одан артық пайызына ие акционерлерінің құрамын өзгерту туралы ақпарат

1) акционерлік қоғамның дауыс беруші акцияларының он және одан артық пайызына ие акционерлерінің құрамын өзгерту күні (бағалы қағаздарды ұстаушыларды тізілімі жүйесінде немесе номиналды ұстаушыларды есепке алу жүйесінде өзгерістерді тіркеу күні);
2) акционерлік қоғамның акционерлері құрамындағы өзгерістердің мәні:
жеке тұлғаға қатысты - акционерлердің құрамына енгізілген не акционерлердің құрамынан шығарылған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса):
заңды тұлғаға қатысты - акционерлердің құрамына енгізілген не акционерлердің құрамынан шығарылған заңды тұлғаның толық атауы және орналасқан жері.

18.

Акционерлік қоғамды, оның еншілес ұйымдарын және тәуелді акционерлік қоғамдарды ерікті қайта ұйымдастыру немесе ерікті тарату туралы ақпарат

1) акционерлік қоғамды ерікті қайта ұйымдастырған немесе ерікті таратқан жағдайда - акционерлік қоғам органының акционерлік қоғамды ерікті тарату немесе ерікті қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдаған күні, шешім қабылдаған органның атауын көрсетумен;
2) акционерлік қоғамның еншілес ұйымын және (немесе) тәуелді акционерлік қоғамды ерікті қайта ұйымдастырған немесе ерікті таратқан жағдай – ұйымдастыру органының (акционерлік қоғамның) ерікті тарату немесе ерікті қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдаған күні, шешім қабылдаған органның атауын көрсетумен, сондай-ақ қайта ұйымдастырылған немесе ерікті таратылған заңды тұлғаның орналасқан жері, атауы;
3) акционерлік қоғамды оның еншілес ұйымдарын және (немесе) тәуелді акционерлік қоғамды қайта ұйымдастыру нысандары және талаптары;
4) акционерлік қоғамды оның еншілес ұйымдарын және (немесе) тәуелді акционерлік қоғамды қайта ұйымдастыру немесе таратудың өзге талаптары.

19.

Акционерлік қоғамды, оның еншілес ұйымдарын және тәуелді акционерлік қоғамдарды мәжбүрлеп тарату туралы ақпарат

1) акционерлік қоғамды, оның еншілес ұйымдарын және тәуелді акционерлік қоғамдарды мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдаған мемлекеттік органның атауы, осындай шешім қабылдаған күн және негіздеме;
2) таратылатын акционерлік қоғамның еншілес ұйымын және тәуелді акционерлік қоғамдардың орналасқан жері;
3) акционерлік қоғамды, оның еншілес ұйымдарын және тәуелді акционерлік қоғамдарды таратудың өзге талаптары.

20.

Акционерлік қоғамның акционерлерінің жалпы жиналысымен қабылдаған шешімдері туралы ақпарат

1) акционерлік қоғамның акционерлерінің жалпы жиналысын өткізу күні, уақыты және орны;
2) акционерлік қоғамның акционерлерінің жалпы жиналысының күн тәртібіне енгізілген мәселелер;
3) акционерлік қоғамның акционерлерінің жалпы жиналысы қабылдаған шешімдер, дауыс берудің (нәтижелердің) қорытындысын көрсетумен;
4) акционерлік қоғамның шешімі бойынша өзге мәліметтер.

21.

Акционерлік қоғамның әрбір осындай ұйымдағы акцияларының (үлестерінің, пайларының) он және одан артық пайыздарына ие болатын ұйымның тізіміндегі өзгерту туралы ақпарат

1) акцияларының он және одан артық пайыздарына (үлестерін, пайларын) ие болатын ұйымның толық атауы;
2) осы ұйымның акциялары санының (үлестерінің, пайларының) акционерлік қоғамның әрбір осындай ұйымдағы акцияларының (үлестерінің, пайларының) он және одан артық пайыздарына ие болатын ұйымның тізімі өзгертілген күннен кейінгі күні ұйымның орналастырылған акцияларының (үлестерінің, пайларының) жалпы санына пайыздық арақатысты.

22.

Акционерлік қоғамның эмиссиялық бағалы қағаздары шығарылымы проспектісіндегі өзгерістер туралы ақпарат

1) акционерлік қоғамның эмиссиялық бағалы қағаздары шығарылымы проспектісіне өзгерістерді уәкілетті органның мемлекеттік тіркеу күні (егер эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымы проспектісіне осы өзгерістер және толықтырулар уәкілетті орган тіркелуге тиіс болғанда);
2) акционерлік қоғамның эмиссиялық бағалы қағаздары шығарылымы проспектісіндегі өзгерістердің сканерленген көшірмесі.

23.

Акционерлік қоғамның мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісімен көзделген талаптарды сақтамау, осы акционерлік қоғам жіберген дефолт фактілері туралы ақпарат

1) акционерлік қоғамның мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісімен көзделген талаптарды сақтамау туралы ақпарат;
2) орындалмаған міндеттемелердің көлемі, орындалмаған міндеттемелердің себебі.

24.

Акционерлік қоғамның жарғысына, сондай-ақ акционерлік қоғамның бағалы қағаздары шығарылымының проспектісіне сәйкес акционерлік қоғамның акционерлерінің және инвесторлардың мүддесіне қатысты өзге жағдайлары туралы ақпарат

Акционерлік қоғамның жарғысына, сондай-ақ акционерлік қоғамның бағалы қағаздары шығарылымының проспектісіне сәйкес акционерлік қоғамның акционерлерінің және инвесторлардың мүддесіне қатысты өзге де мәліметтер.

Қаржылық есептілік депозитарийінің,      
қор биржасының интернет-ресурстарында      
корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты,   
қаржылық есептілікті және аудиторлық      
есептерді, акционерлік қоғамдардың үлестес   
тұлғаларының тізімдерін, сондай-ақ жыл     
қорытындысы бойынша атқарушы органның      
мүшелеріне берілген сыйақының жиынтық      
мөлшері туралы ақпаратты орналастыру қағидаларына
2-қосымша                    

Қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастырылатын бағалы қағаздарды ұстаушылардың мүдделерсін қозғайтын эмитенттің (акционерлік қоғам болып табылмайтын) қызметіндегі өзгерістер туралы ақпараттың мазмұнына қойылатын талаптар

Ақпарат түрі

Ақпарат мазмұны

1

2

3

1.

Эмитент органдарының құрамын өзгерту туралы ақпарат

1) сайлау (тағайындау) туралы шешімді қабылдаған күн не шешім қабылдаған эмитент органының атауын көрсете отырып эмитент органының құрамын өзгерту;
2) құрамы өзгертілген эмитент органының атауы;
3) эмитент органының құрамындағы өзгерістердің мәні: орган құрамынан шығарылған тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса), орган құрамына сайланған (тағайындалған) тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса);
4) эмитент органының құрамына кіретін әрбір адамның тегін, атын, әкесінің атын (ол бар болса) көрсетумен эмитент органына енгізілген өзгерістерді ескерумен оның құрамы;
5) эмитент органының сайланған (тағайындалған) мүшесіне тиесілі жарғылық капиталына қатысу үлестерінің эмитенттің орналастырылған жарғылық капиталына қатысу үлестерінің жалпы санына пайыздық арақатысы;
6) еншілес ұйымдардағы эмитент органының сайланған (тағайындалған) мүшесіне тиесілі акциялардың (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) осы ұйымдардың орналастырылған акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) жалпы санына пайыздық арақатысы.

2.

Эмитент үлестерінің он және одан да артық пайызын иеленетін қатысушылары құрамын өзгерту туралы ақпарат

1) эмитенттің үлестерінің он және одан да артық пайызын иеленетін қатысушылар құрамын өзгерткен күн (бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілім жүйесінде немесе номиналды ұстаушыларды есепке алу жүйесінде өзгерістерді тіркеу күні);
2) эмитент қатысушыларының құрамын өзгертудің мәні:
жеке тұлға үшін - қатысушылардың құрамына енгізілген не қатысушылардың құрамынан шығарылған тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса):
заңды тұлға үшін - қатысушылардың құрамына енгізілген не қатысушылардың құрамынан шығарылған заңды тұлғаның толық атауы және орналасқан жері.

3.

Эмитенттің оның еншілес ұйымдарының және тәуелді акционерлік қоғамдарының қайта ұйымдастырылуы немесе таратылуы туралы ақпарат

1) эмитент, оның еншілес ұйымдары және (немесе) тәуелді акционерлік қоғамы мәжбүрлеп қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда - осындай қайта ұйымдастыру, тарату туралы шешім қабылдаған мемлекеттік органның атауы, қайта ұйымдастырылатын немесе таратылатын заңды тұлғаның орналасқан жерін, атауын көрсетіледі, және осы заңды тұлғаны тарату және, қайта ұйымдастырудың өзге талаптары;
2) эмитент, оның еншілес ұйымдары және (немесе) тәуелді акционерлік қоғам ерікті түрде қайта ұйымдастырылған, таратылған жағдайда - осындай ұйымдастыру, тарату туралы шешім қабылданған күн, қайта ұйымдастырылатын немесе таратылатын заңды тұлғаның орналасқан жері және атауы мен заңды тұлғаны ұйымдастыру немесе таратудың өзге талаптары көрсетіледі.

4.

Эмитенттің мүлкіне тыйым салу туралы ақпарат

1) тыйым салу туралы шешім қабылданған күн, нөмірі, эмитенттің мүлкіне тыйым салу туралы шешім қабылданған мемлекеттік органның атауы, тыйым салудың негіздемесі;
2) эмитенттің мүлкіне тыйым салу күні тыйым салынған мүліктің атауы және оның қоғам активтерінің жалпы құнына пайыздық арақатынасы.
Банктердегі, банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы борышкердің ақшасына тыйым салған жағдайда - тыйым салынған ақша сомасын көрсету.
Бағалы қағаздарға тыйым салынған жағдайда - тыйым салынған бағалы қағаздардың жалпы саны, олардың түрлері, сәйкестендіру нөмірі, осы бағалы қағаздардың эмитенті туралы деректер;
3) тыйым салудан босатқан жағдайда - эмитенттің мүлкін тыйым салудан босату туралы шешім қабылдаған мемлекеттік органның шешім қабылдаған күні, нөмірі.

5.

Осы эмитент активтерінің он және одан да артық пайыздарын құрайтын сомадағы эмитент мүлкін кепілге беру (қайта кепілге беру) жөніндегі ақпарат

1) эмитент органының эмитенттің мүлкін кепілге беру (қайта кепілге беру) туралы шешім қабылдаған күні;
2) акционерлік қоғамның мүлкін кепілге беру (қайта кепілге беру) тағайындалған күні, атап айтқанда:
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес кепілі тіркелуі тиіс мүлік – кепілге беру (қайта кепілге беру) шартын тіркеу күні;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес кепілі тіркелмеуі тиіс мүлік – кепіл ұстаушыға осы мүлікті беру кезінен, ал егер берілмейтін болса кепілге беру (қайта кепілге беру) шартын жасау сәтінен бастап;
3) эмитент кепілге берілетін (қайта кепілге берілетін) мүлкінің құны;
4) эмитенттің кепілге берілетін (қайта кепілге берілетін) мүлкін соңғы бағалау күні егер мұндай бағалауды жүргізу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілсе);
5) эмитенттің органы акционерлік қоғамның мүлкін кепілге беру (қайта кепілге беру) туралы шешімді қабылдау күнінде кепілге берілетін (қайта кепілге берілетін) мүлік құнының осы акционерлік қоғам активтерінің жалпы құнына пайыздық арақатынасы.

6.

Эмитенттің лицензияны алуы, оның қолданысын тоқтата тұру немесе айыру туралы ақпарат

1) рұқсатты берген, рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру, тоқтату туралы шешім қабылдаған рұқсат беру органының атауы;
2) рұқсат берілген күні, нөмірі, рұқсаттың қолданылу мерзімі;
3) рұқсатқа сәйке жүзеге асырылатын қызмет түрінің (іс-әрекеттің) атауы;
4) рұқсат беру органның рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру (тоқтата тұру мерзімі), қолданылуын жаңарту күні туралы шешімді қабылдаған күні;
5) рұқсатты тоқтата тұруға (жаңартуға) негіздеме;
6) жүзеге асырылуына рұқсаты тоқтата тұрған (жаңартылған) қызмет түрінің атауы;
7) рұқсат беру органының рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру туралы шешімді қабылдаған күні;
8) рұқсаттың қолданылуын тоқтатуға негіздеме;
9) жүзеге асырылуына рұқсаты тоқтатылған қызмет (әрекет) түрінің атауы.

7.

Эмитент қатысушыларының жалпы жиналысының шешімдері туралы ақпарат

1) эмитент қатысушыларының жалпы жиналысын өткізу күні, уақыты және орны;
2) эмитент қатысушыларының жалпы жиналысының күн тәртібіне енгізілген мәселелер;
3) эмитент қатысушыларының жалпы жиналысы дауыс берудің қорытындыларын (нәтижелерін) көрсетумен қабылданған шешімдері;
4) эмитент шешімі бойынша өзге мәліметтер.

8.

Эмитент әрбір осындай ұйым акцияларының он және одан астам пайызына ие (үлесі, пайлары) болатын ұйымдардың тізіміне өзгерту туралы ақпарат

1) акцияларының он және одан астам пайызына ие (үлесі, пайлары) болатын ұйымның толық атауы;
2) эмитент ұйым акцияларының он және одан астам пайызына ие (үлесі, пайлары) ұйымның тізімін өзгерту күнінен кейінгі күні ұйымның орналастырылған акцияларының жалпы санына (үлесі, пайлары) осы ұйымның акцияларының (үлесі, пайлары) санына пайыздық арақатынасы.

9.

Эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымы проспектісіндегі өзгертулер туралы ақпарат

1) уәкілетті органның эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді мемлекеттік тіркеу күні; (егер эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымы проспектісіне осы өзгерістер және толықтырулар уәкілетті орган тіркелуге тиіс болғанда);
2) өзгерістер енгізілген эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымы проспектісінің тармақтарының (бөлімдерінің) реттік нөмірлері, енгізілген өзгерістердің мазмұны (мәні).

10.

Эмитенттің мемлекеттік емес облигациялар шығарылу проспектісімен көзделген талаптарды орындамауы, осы эмитент жіберген дефолт фактілері туралы ақпарат

1) эмитенттің мемлекеттік емес облигациялар шығарылу проспектісімен көзделген талаптарды орындамауы туралы ақпарат көрсетіледі;
2) орындалмаған міндеттемелердің көлемі;
3) міндеттемелерді орындамау себебі.

Қаржылық есептілік депозитарийінің,      
қор биржасының интернет-ресурстарында      
корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты,   
қаржылық есептілікті және аудиторлық      
есептерді, акционерлік қоғамдардың үлестес   
тұлғаларының тізімдерін, сондай-ақ жыл     
қорытындысы бойынша атқарушы органның      
мүшелеріне берілген сыйақының жиынтық      
мөлшері туралы ақпаратты орналастыру қағидаларына
3-қосымша                    

Акционерлік қоғамның үлестес тұлғаларының тізімі

      Есепті кезең: _____ ж. ___.___.

      Индекс: үлестес тұлғалар тізімі
      Ақпарат ұсыну кезеңділігі: тоқсан сайын
      Нысанды ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есепті жылдың 31 қаңтарынан, 30 сәуірінен, 31 шілдесінен және 31 қазанынан кешіктірмей.

«__________________» акционерлік қоғамның үлестес тұлғаларының тізімі
(акционерлік қоғамның атауы)

Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізілімінің деректеріне сәйкес жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және (немесе) жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ауыстыру күні мен нөмірі

Үлестес тұлғалардың тізімі ұсынылатын күн

Жеке тұлғалар

Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

Туған күні, ЖСН

Үлестестілігін тану негіздері

Үлестестілігінің туындау күні

Ескерту

1

2

3

4

5

6







Заңды тұлғалар

Заңды тұлғаның толық атауы

Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелу күні мен нөмірі, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН), заңды тұлғаның почталық мекен-жайы және нақты орналасқан жері

Үлестестілігін тану негіздері

Үлестестілігінің туындау күні

Ескерту

1

2

3

4

5

6







Қаржылық есептілікті депозитарийінің интернет-ресурсында орналастыруға арналған «Акционерлік қоғамның үлестес тұлғаларының тізімі» нысанын толтыру бойынша түсіндірме

1. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) «Акционерлік қоғамның үлестес тұлғаларының тізімі» нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
      2. Нысанды акционерлік қоғам есепті жылдың 1 қаңтарындағы, 1 сәуіріндегі, 1 шілдесіндегі және 1 қазанындағы жағдай бойынша тоқсан сайын жасайды.

2. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      3. 3-бағанда акционерлік қоғамның жеке тұлғалар болып табылатын үлестес тұлғалары туралы мәліметтерді көрсету үшін туған күні – кк.аа.жж (күні/айы/жылы) форматында жеке жолдарға бөлусіз жеке сәйкестендіру нөмірімен бір бағанда көрсетіледі.
      4. 3-бағанда акционерлік қоғамның заңды тұлғалар болып табылатын үлестес тұлғалары туралы мәліметтерді көрсету үшін заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелу күні мен нөмірі, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН), заңды тұлғаның почталық мекен-жайы және нақты орналасқан жері жеке жолдарға бөлместен бір бағанда көрсетіледі.
      5. 4-бағанда «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабының 1 және 1-1-тармақтарының тиісті тармақшасына немесе 1995 жылғы 31 тамыздағы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-1-бабына екiншi деңгейдегi банктер үшін сілтеме жасау қажет.
      6. 5-бағанда үлестестілігінің туындау күні – кк.аа.жж (күні/айы/жылы) форматында көрсетіледі.
      7. 3 және 5-бағандарда күндер толығымен цифрлармен толтырылады және акционерлік қоғамның жарғысында белгіленген тәртіппен акционерлер және акционерлік қоғамның лауазымды тұлғалары ұсынған ақпарат негізінде белгіленеді.
      8. Жеке тұлға болып табылатын акционерлік қоғамның үлестес тұлғасының ЖСН, қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында ашық қол жеткізу арқылы жарияланады.

Қаржылық есептілік депозитарийінің,      
қор биржасының интернет-ресурстарында      
корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты,   
қаржылық есептілікті және аудиторлық      
есептерді, акционерлік қоғамдардың үлестес   
тұлғаларының тізімдерін, сондай-ақ жыл     
қорытындысы бойынша атқарушы органның      
мүшелеріне берілген сыйақының жиынтық      
мөлшері туралы ақпаратты орналастыру қағидаларына
4-қосымша                    

Халықаралық қаржы ұйымдарының тізбесі

      1) Азия даму банкi;
      2) Америкааралық даму банкi;
      3) Африка даму банкi;
      4) Еуразиялық даму банкi;
      5) Еуропа инвестициялық банкi;
      6) Еуропа қайта құру және даму банкi;
      8) Ислам даму банкi;
      9) Скандинавия инвестициялық банкi;
      10) Халықаралық есеп айырысу банкi;
      11) Халықаралық қайта құру және даму банкi;
      12) Халықаралық қаржы корпорациясы.

Қазақстан Республикасы   
Ұлттық Банкі Басқармасының 
2016 жылғы 28 қаңтардағы  
№ 26 қаулысына       
қосымша           

Күші жойылады деп танылатын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық бөліктерінің тізбесі

      1. «Қаржылық есептілік депозитарийінің, қор биржасының интернет-ресурсында корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді, сондай-ақ жыл қорытындылары бойынша атқарушылық орган мүшелері сыйақысының жиынтық мөлшері туралы ақпаратты орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 72 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7578 тіркелген, 2012 жылғы 24 мамырда «Егемен Қазақстан» газеті № 261-266 (27340) жарияланған).
      2. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қаржылық есептілік депозитарийінің, қор биржасының интернет-ресурсында корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді орналастыру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 72 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 ақпандағы № 111 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8507 тіркелген, 2013 жылғы 18 шілдеде «Заң газеті» газетінде № 105 (2306) жарияланған).
      3. «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар шығарылымы және айналысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 52 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9513 тіркелген, 2014 жылғы 25 маусымда «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) 2-тармағы.
      4. «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 109 қаулысымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9712 тіркелген, 2014 жылғы 23 қазанда «Заң газеті» газетінде № 160 (2554) жарияланған) Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 10-тармағы.
      5. «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 25 ақпандағы № 28 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10715 тіркелген, 2015 жылғы 6 мамырда «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 10-тармағы.
      6. «Акционерлік қоғамның үлестес тұлғаларының тізімін ұсыну туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 54 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11323 тіркелген, 2015 жылғы 26 маусымда «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).