Қаржы ұйымдарының, арнайы қаржы компанияларының, исламдық арнайы қаржы компанияларының, микроқаржы ұйымдарының, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының және инвестициялық қорлардың қаржылық есептілігінің нысандарын, сондай-ақ оларды ұсыну қағидала

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 мамырдағы № 130 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 12 шілдеде № 8571 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 41 бұйрығымен

      «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 23) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Білім беру қызметінде білім беру ұйымдары пайдаланатын қатаң есептегі құжаттардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4991 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру қызметінде білім беру ұйымдары пайдаланатын қатаң есептегі құжаттардың нысандарында:
      ұлттық бірыңғай тестілеу мен талапкерлерді кешенді тестілеуге қатысу өтінішінің нысаны 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу өтінішінің нысаны 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      ұлттық бірыңғай тестілеу мен талапкерлерді кешенді тестілеуге арналған жауап парағының нысаны 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Ф.Н. Жақыпова):
      1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау білім және ғылым вице-министрі М.Қ. Орынхановқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                          Б. Жұмағұлов

Қазақстан Республикасы  
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 27 мамырдағы 
№ 199 бұйрығына 1-қосымша

Қазақстан Республикасы  
Білім және ғылым министрінің
2007 жылғы 23 қазандағы 
№ 502 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы  
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 27 мамырдағы 
№ 199 бұйрығына 2-қосымша

Қазақстан Республикасы  
Білім және ғылым министрінің
2007 жылғы 23 қазандағы 
№ 502 бұйрығымен бекітілген

     

Қазақстан Республикасы  
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 27 мамырдағы 
№ 199 бұйрығына 3-қосымша

Қазақстан Республикасы  
Білім және ғылым министрінің
2007 жылғы 23 қазандағы 
№ 502 бұйрығымен бекітілген