Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 9 наурызда № 13418 болып тіркелді.

Жаңартылған

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 31.10.2018 № 609 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 43) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 31.10.2018 № 609 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылсын.

      3. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, халықаралық ынтымақтастық департаменті (С.М. Өмірбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
А.Сәрінжіпов

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 29 қаңтардағы
№ 122 бұйрығымен бекітілген

Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы

      Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 31.10.2018 № 609 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 31.10.2018 № 609 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Қағидалар "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5 - бабының 43) тармақшасына сәйкес әзірленген және еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру тәртібін белгілейді.

      Білікті жұмысшы кадрларды даярлауға бағытталған техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурстан тыс негізде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 31.10.2018 № 609 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы "Назарбаев зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымдарының мектепке дейінгі ұйымдарын қоспағанда, меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан білім беру ұйымдарында орналастырылады.

      "Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі - Стандарт) шеңберінде бір балаға есептегенде тәрбиелеу мен оқыту бойынша мектепке дейінгі ұйымның ағымдағы шығындары мемлекеттік білім беру тапсырысы көлемінде өтеледі.

      Жан басына қаржыландырылған кезде мемлекеттік білім беру тапсырысына тапсырыс беруші балаларға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған қызметтердің құнын мынадай жағдайда төлейді:

      1) қалмай мектепке дейінгі ұйымға үнемі баратын балаларға;

      2) ата-анасының біреуінің (баланың заңды тұлғасының) өтінішінің негізінде мектепке дейінгі ұйымда үш жұмыс күні ішінде жоқ болған балаларға;

      3) баланың ауруы, медициналық, санаториялық-курорттық және өзге де ұйымдарда емделуі, сауықтырылуы (анықтама берілгенде), ата-аналарының біреуіне (баланың заңды өкіліне) еңбек демалысының берілуі және баланың жаз уақытында екі айға дейінгі мерзімде сауықтырылуы (өтініші болған кезде) себептері бойынша жоқ болған балаларға.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 15.11.2016 № 659 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2-1. Орта білімге мемлекеттік білім беру тапсырысы мемлекеттік мекемелерді және "Назарбаев зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымдарын қоспағанда, меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан білім беру ұйымдарында орналастырылады.

      Ескерту. 1-тарау 2-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 29.09.2017 № 490 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы кадрларға салалық және өңірлік қажеттілікті ескере отырып, меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында орналастырылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.05.2018 № 231 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Экономиканың кадрларға болжамды қажеттілігін, оның ішінде салалық және өңірлік қажеттілігін, елдің индустриялық-инновациялық даму басымдықтарын, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі (немесе) білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – ЖОО) және ғылыми ұйымдардың ғылыми-педагогикалық кадрларға қажеттілігін ескере отырып, қалыптастырылған және білім беру бағдарламаларының топтары бойынша бөлінген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы ЖОО арасында конкурстық негізде орналастырылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 10.06.2019 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы меншік нысанына қарамастан жоғары оқу орындарында білім беру саласындағы уәкілетті орган өткізетін конкурс нәтижелері бойынша білім беру гранты түрінде орналастырылады.

      6. Магистрлер мен философия докторларын (PhD)/бейіні бойынша докторларды, оның ішінде өңірлік жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдарға мақсатты даярлау үшін мемлекеттік білім беру тапсырысы меншік нысанына қарамастан базалық жоғары оқу орындарында орналастырылады.

      7. Дайындық бөлімдерінің тыңдаушылары үшін мемлекеттік білім беру тапсырысы білім беру саласындағы уәкілетті орган өткізетін конкурс нәтижесі бойынша жоғары оқу орындарында орналастырылады.

2-тарау. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 31.10.2018 № 609 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармалары, қалалардың (аудандардың) білім бөлімдері балалар контингентін жасақтауды жүргізеді.

      Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша балалар контингентін топтастыруда республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармалары, қалалық (аудандық) білім бөлімдері кезектілік тізімін басшылыққа алады.

      Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармалары, қалалардың (аудандардың) білім бөлімдері конкурс өткізеді.

      Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармалары, қалалардың (аудандардың) білім бөлімдері интернет-ресурстарда күні, уақыты және өткізілетін орнын көрсете отырып, он бес жұмыс күні мерзімімен конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырады.

      Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін республикалық маңызы бар қаланың, астананың, қалалардың (аудандардың) жергілікті атқарушы органдары Комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрады.

      Комиссияның құрамына мәслихаттардың, әкімдіктердің, республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармаларының, қалалардың (аудандардың) білім бөлімдерінің, үкіметтік емес ұйымдардың және өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіреді. Комиссия мүшелерінің саны тақ болады. Комиссияның төрағасы республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармаларының, қалалық (аудандық) білім бөлімдерінің басшысы болып табылады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.05.2018 № 231 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары меншік нысанына қарамастан "Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын, оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі ұйым қызметінің үлгілік қағидаларымен бекітілген мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің нормалары мен қағидаларын сақтау кезінде мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша қызмет жеткізушілердің тізбесіне енгізіледі.

      10. Конкурсқа қатысуға өз қызметінің басталғаны туралы білім беру саласындағы уәкілетті органды хабардар еткен және мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға өтінім берген мектепке дейінгі ұйымдар жіберіледі.

      Конкурсқа қатысу үшін жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар мынадай құжаттарды:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша комиссия төрағасының атына жазылған өтінішті;

      2) заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы немесе куәліктің көшірмесін, мектепке дейінгі ұйымдардың жарғысын, құжаттарды тапсырғанға дейін бір ай мерзімінен аспайтын банктен берілетін берешегінің жоқ екені туралы анықтаманы және салық органынан берілетін берешегінің жоқ екені туралы анықтаманы;

      3) мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту ұйымдары үшін қолданылатын жылжымайтын мүлікке құқықты белгілеуші құжаттардың көшірмесін (жекеменшік немесе жалға алу);

      4) "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 217 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15217 болып тіркелген) бекітілген "Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес мектепке дейінгі ұйымның санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесін;

      5) медициналық кабинетке лицензиясының болуы туралы көшірмесін немесе тіркелген жерін ескере отырып емханамен жасалған қызмет көрсету туралы шартты;

      6) Заңға сәйкес тамақтандыруға жұмсалатын ата-аналар төлемақысының белгіленген мөлшерімен, тек қана республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармаларының, қалалардың (аудандардың) білім бөлімдерінің жолдамасымен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша балаларды қабылдау туралы жеткізушінің міндеттемесін ұсынады. Жеткізуші Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндеттемелер нысанын толтырады;

      7) педагогикалық немесе кәсіптік білімі бар тәрбиешілердің білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарының көшірмелері.

      Конкурстық өтінімге кіретін құжаттар тігіледі, нөмірленеді, мектепке дейінгі ұйымның құрылтайшысымен қол қояды, мөрімен расталады және конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген тәртіппен ұсынылады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 31.10.2018 № 609 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Ұсынылған өтінімдерді комиссия өз отырысында 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды.

      Комиссия отырысынан кейін келесі ақпараттармен:

      1) олардан бас тарту себептерін егжей-тегжейлі сипаттай отырып, оның ішінде құжаттардың осы талаптарға сәйкес келмейтінін растайтын мәліметтер мен құжаттарды көрсете отырып, осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейтін мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесі;

      2) алдын ала қарау хаттамасына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдармен ұсынылған түзетілген және толықтырылған құжаттарды қайта қарау мерзімі көрсетілген конкурсқа қатысудың алдын ала талқылау хаттамасы құрылады.

      Алдын ала рұқсат беру туралы конкурстық комиссияның шешімі конкурстық комиссияның хатшысы 3 (үш) жұмыс күні ішінде республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқарламасының, қаланың (ауданның) білім бөлімінің интернет-ресурсында орналастырады.

      Әлеуетті жеткізушілерге алдын ала рұқсат беру хаттамасы орналастырылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күн ішінде алдын ала рұқсат беру хаттамасына сәйкес құжаттарды сәйкес келтіру құқығы беріледі.

      Комиссия конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасының тізбесінде көрсетілген мектепке дейінгі ұйымдардың конкурсқа қатысуға өтінімдерін оларды сәйкес келтірудің толықтығы тұрғысынан қайта қарайды.

      Комиссия отырыс күнінен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде орын санын көрсете отырып, мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесіне енгізу туралы шешім шығарады.

      Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін орындардың барынша мүмкін саны көрсетіле отырып, комиссияның шешімі хаттама түрінде ресімделеді.

      Комиссия мынадай:

      1) жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру тізбесіне енгізу туралы;

      2) осы Қағидалардың 9 және 10-тармақтарына сәйкес келмеген жағдайда, жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру тізбесіне енгізуден бас тарту туралы шешімдердің біреуін шығарады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 31.10.2018 № 609 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тарапынан мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша орын санына байланысты ұсыныстар саны артқан жағдайда жеткізушілерді Комиссия қосымша өлшемшарттар бойынша конкурс негізінде таңдап алады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 31.10.2018 № 609 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Жеткізушіні конкурс арқылы таңдаудың қосымша өлшемшарттары:

      1) жоғары және бірінші санатты тәрбиешілердің үлесі олардың жалпы санынан кемінде 10%;

      2) тиісті бейіні бойынша кәсіптік білімі бар тәрбиешілердің үлесі олардың жалпы санынан алғанда кемінде 50%.

      Ашық дауыс беру жолымен комиссия мүшелері дауысының көпшілігімен шешім қабылданды деп есептеледі. Комиссия құрамының дауыстары тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының даусы шешуші болып табылады.

      Хаттаманы хатшы ресімдейді, оған төраға және отырысқа қатысқан комиссияның барлық мүшелері қол қояды. Комиссия отырысы қажеттілігіне қарай өткізіледі, егер комиссия мүшелерінің жалпы санының жартысынан астамы отырысқа қатысса дұрыс деп есептеледі.

      Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы шешім республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармалары, қалалардың (аудандардың) білім бөлімдерінің интернет-ресурстарында жарияланады.

      Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім басқармаларының, қалалардың (аудандардың) білім бөлімдерінің өкілдері жылына бір рет мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру шартында көзделген міндеттемелердің орындалуы бойынша мектепке дейінгі ұйымдар қызметіне мониторинг жүргізеді және консультативтік көмек көрсетеді.

      Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша орындар бұдан бұрын орналастырылған мектепке дейінгі ұйымдар отырыс хаттамасына конкурссыз енгізіледі.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 31.10.2018 № 609 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13-1. Жаңа және қосымша орындарға, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша орындар бұдан бұрын орналастырылған мектепке дейінгі ұйымдар филиалдарының орындарына мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурс негізінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 2-тарау 13-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 31.10.2018 № 609 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi білім беретін ұйымдарда мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 31.10.2018 № 609 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Уәкілетті орган және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - ЖАО) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының арасында еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырады.

      15. Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін құрамын уәкілетті орган және ЖАО күнтізбелік жылдың 1 наурызына дейін бекітетін техникалық, орта білімнен кейінгі және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.05.2018 № 231 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Уәкілетті орган және ЖАО конкурсты өткізу мерзімін анықтайды.

      Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссияның құрамына салалық мемлекеттік органдардың, мәслихаттар мен әкімдіктердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді.

      17. Комиссия отырысы оның төрағасы бекiткен жоспар бойынша өткiзiледi және егер оның мүшелерінің жалпы санының 2/3-інен астамы қатысса, заңды деп есептеледi.

      18. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау тәртібі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 397 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 15740 нөмірімен тіркелген) "Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 31.10.2018 № 609 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. Күнтізбелік жылдың 1 наурызына дейін конкурсқа қатысуға өтініш берген меншік нысанына қарамастан техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары конкурсқа қатысуға жіберіледі.

      Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар топтамасын ұсынады:

      1) Комиссия төрағасының атына жазылған Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) құжаттарды тапсыру кезеңінде берілген заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасы немесе куәлігінің, жарғының, банктен анықтаманың, салықоргандарынан қарызының жоқтығы туралы анықтаманың көшірмесі;

      3) жылжымайтын мүлікке құқықты орнатушы (жекеменшік немесе шаруашылық жүргізу құқығындағы (тікелей басқару) құжаттардың көшірмелері;

      4) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсыныс;

      5) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі мамандықтар бойынша білім беру қызметін жүргізу құқығына берілетін лицензияның болуы;

      6) жатақхананың техникалық паспорты немесе алаңды жалға алғаны туралы шарттың көшірмелері;

      7) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілердің жұмысқа орналасуы туралы мәліметтердің көшірмесі.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.05.2018 № 231 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі оқу орындарын анықтау кезінде Комиссия мынадай негізгі өлшемшарттарды, сондай-ақ мынадай растайтын ақпаратты басшылыққа алады:

      1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі мамандықтар бойынша білім беру қызметін жүргізу құқығына берілетін лицензияның болуы;

      2) өндірістік оқыту мен практикадан өту туралы кәсіпорындармен шарттардың болуы;

      3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілердің жұмысқа орналасуы туралы көрсеткіштердің деңгейінің шекті мәнінен төмен болмауы.

      Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілердің жұмысқа орналасуы туралы көрсеткіштер деңгейінің шекті мәнін Комиссия анықтайды.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 31.10.2018 № 609 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. Комиссия шешiмдерi отырысқа қатысушы Комиссия мүшелерiнiң қарапайым көпшiлiгінің ашық дауыс беруі арқылы күнтізбелік жылдың 20 наурызына дейін қабылданады және ол төраға қол қоятын хаттамамен рәсiмделедi. Комиссия құрамының даусы тең болған жағдайда Комиссия төрағасының даусы шешуші болып саналады. Хаттамамаға Комиссия мүшелері қол қояды.

      Комиссия отырысын өткізу барысында аудио (бейне) жазба жүзеге асырылады.

      Комиссия шешімінің негізінде уәкілетті орган басшысының бұйрығымен және ЖАО-ның қаулысымен күнтізбелік жылдың 20 сәуіріне дейін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесі мамандықтар мен мемлекеттік тапсырыстың көлемін көрсете отырып, бекітіледі.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 31.10.2018 № 609 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы шешім бес жұмыс күні ішінде уәкілетті орган мен ЖАО-ның интернет-ресурстарында жарияланады.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 31.10.2018 № 609 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-тарау. Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кадрлар даярлауға, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 31.10.2018 № 609 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      23. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін білім беру саласындағы уәкілетті орган жыл сайын құжаттар қабылдау басталғанға дейін 5 күннен кешіктірмей жоғары оқу орындарының арасында конкурс жариялайды.

      Конкурс өткiзу туралы шешiм Министрдің немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен ресімделеді.

      24. Конкурс өткiзу туралы хабарландыру білім беру саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурстарында жарияланады.

      25. Конкурс өткiзу үшiн құрамы Министрдiң немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен бекiтiлетін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылады.

      Министр немесе оның міндетін атқарушы Комиссия төрағасы болып табылады. Комиссия білім беру саласындағы уәкілетті органның, басқа да мүдделі мемлекеттік органдар мен ведомстволардың қызметкерлері, азаматтық қоғам институтының, Қазақстан Республикасының "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлік палатасының, салалық қауымдастықтың, Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары қауымдастығының және/немесе Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары ректорлары кеңесінің өкілдерінен құрылады. Комиссия құрамының саны оның төрағасын қоса алғанда тақ болады.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 31.10.2018 № 609 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      26. Комиссия отырысы оның төрағасы бекiткен жоспар бойынша өткiзiледi және егер оның мүшелерінің жалпы санының 2/3-інен астамы қатысса, заңды деп есептеледi.

      27. Комиссия шешiмдерi отырысқа қатысушы Комиссия мүшелерiнiң қарапайым көпшiлiгінің ашық дауыс беруі арқылы қабылданады және ол төраға қол қоятын хаттамамен ресiмделедi. Комиссия жұмысы барысында аудио немесе бейне жазу жүргізіледі. Дауыс бірдей болған жағдайда Комиссия төрағаның дауысы басты болып табылады.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 31.10.2018 № 609 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      28. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсына қатысу үшін жоғары оқу орындары білім беру саласындағы уәкілетті органға мынадай құжаттарды қамтитын конкурстық өтінімді ұсынады:

      1) Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы жоғары оқу орнының өтінімін;

      2) Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы жоғары оқу орнының сауалнамасын;

      3) Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы жоғары оқу орнының ақпараттық картасын;

      4) Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы тиісті оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру ұсынысын.

      ЖОО-лар ұсынған ақпараттық карталардың көрсеткіштері бойынша даулы мәселелер туындаған жағдайда осы Ереженің 28-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Комиссия растау құжаттарын сұратады.

      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 10.06.2019 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      29. Конкурстық өтінімге кіретін құжаттар тігіледі, нөмірленеді, жоғары оқу орнының бірінші басшысы қол қояды, мөрімен расталады және конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген тәртіппен ұсынылады.

      Бұл ретте жоғары оқу орындары ұсынған мәліметтер Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесі деректерімен сәйкестігі тұрғысында салыстырылады.

      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.05.2018 № 231 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      30. Конкурстық өтiнiм білім беру саласындағы уәкілетті органға конкурс өткiзу туралы хабарландыруда көрсеткен сағат пен күннен кешiктiрілмей жолданады. Конкурстық өтiнiм беру мерзiмi аяқталғаннан кейiн түскен конкурстық өтiнiм кешiгу себептерiне қарамастан қаралмайды. Конкурстық өтінімдерді беру мерзімі аяқталғаннан кейін оларға қандай да бір өзгерістер енгізуге рұқсат етілмейді.

      31. Комиссия конкурстық өтінімдерді өтінім берілген күнінен бастап күнтізбелік 20 күн ішінде қарастырады, олардың конкурстық құжаттамалар талаптарына сәйкестік деңгейін анықтайды және оларды бағалауды Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес жүргізеді.

      32. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсына білім бағдарламалары тобы бойынша әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдарында және жоғары оқу орнын бітірушілердің жұмысқа орналасу көрсеткіші шекті мәннен төмен емес жоғары оқу орындары қатысады.

      Жоғары оқу орнын бітірушілердің жұмысқа орналасу көрсеткішінің шекті мәнін Комиссия айқындайды.

      Ерекшелік лицензияны алғаш алған кадрларды даярлаудың жаңа бағытын, сондай-ақ экономиканың басым салалары бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау үшін жаңадан құрылған ЖОО-ны құрайды. Бұл ретте ЖОО-лардың тізбесін Комиссия айқындайды.

      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 31.10.2018 № 609 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Білім және ғылым министрінің 10.06.2019 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      33. Жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін жоғары оқу орындарын анықтау кезінде Комиссия мынадай негізгі өлшемшарттарды басшылыққа алады:

      1) Қазақстан Республикасының Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышы алғашқы рет енгізілген бағыттарды қоспағанда, тиісті бағыт бойынша білім алушылар контингентінің болуы;

      2) ЖОО-ларды кадрлық қамтамасыз ету және ғылыми-білім беру процесін материалдық – техникалық қамтамасыз етуі;

      3) оқу, оқу-әдістемелік әдебиеттермен және өзге де ақпараттық ресурстармен қамтамасыз етілуі;

      4) ЖОО-да жүргізілген ғылыми зерттеулердің ғылыми әлеуеті мен деңгейі (ЖОО үшін);

      5) білім алушыларды жатақханамен, қоғамдық тамақтандыру және медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз ету мүмкіндігі;

      6) аккредиттелген білім беру бағдарламаларының болуы;

      7) бітірушінің жұмыспен қамтылуы және қажеттілігі;

      8) ЖОО-лардың халықаралық және/немесе ұлттық рейтингілерге қатысуы;

      9) ЖОО орны "Атамекен" ҰКП өткізетін рейтингіде жалпы оқу орындарының санынан жартысынан төмен емес.

      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 31.10.2018 № 609 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      34. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін базалық жоғары оқу орындарын анықтау кезінде Комиссия мынадай негізгі өлшемшарттарды басшылыққа алады:

      1) ЖОО-лардың халықаралық және/немесе ұлттық рейтингілерге қатысуы;

      2) бірлескен ғылыми жобаларды орындау және зерттеу базасын ұсыну туралы аккредиттелген әріптес ғылыми ұйымдармен, оның ішінде шетелдік жасалған шарттардың болуы;

      3) ЖОО-ның профессорлық-оқытушылық құрамынан ғылым докторы/ғылым кандидаты ғылыми дәрежелері және философия докторы (Phd)/бейіні бойынша доктор дәрежесі бар ғылыми жетекшінің болуы;

      4) шетелдік әріптес ЖОО-лармен (ғылыми ұйымдармен) бірлесіп, ғылыми-білім беру жобаларын орындау;

      5) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметін жүргізу талаптарына сәйкес ғылыми-білім беру процесін кадрлық қамтамасыз ету ("Өнер" мамандықтарының тобы үшін, оның ішінде құрметті атақтары және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары бар оқытушылар);

      6) әлемдік ғылыми және білім беру ресурстарына қол жеткізу; жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметін жүргізу талаптарына сәйкес материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

      7) аккредиттелген білім беру бағдарламаларының болуы;

      8) гранттық және бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру және басқа дадереккөздер негізінде іргелі және қолданбалы зерттеулер бойынша ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобаларды орындау;

      9) халықаралық білім беру және ғылыми жобаларға қатысу;

      10) білім алушыларды жатақханамен, қоғамдық тамақтандыру және медициналық қызмет көрсетумен, спорт залмен және жабдықтармен қамтамасыз ету мүмкіндігі;

      11) бітірушілердің жұмысқа орналасуы;

      12) ЖОО-ның спорттық жетістіктері.

      35. Докторантура бітірушілері оқуды аяқтаған және философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін оқуды аяқтағаннан кейін 3 жыл мерзімде алмаған жоғары оқу орындары тиісті білім беру бағдарламалары тобы бойынша конкурсқа жіберілмейді.

      Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 31.10.2018 № 609 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      36. Дайындық бөлімдеріне тыңдаушыларды оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсына қатысу үшін жоғары оқу орындары білім беру саласындағы уәкілетті органға мынадай құжаттарды қамтитын конкурстық өтінімді ұсынады:

      1) Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы жоғары оқу орнының өтінімін;

      2) Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы жоғары оқу орнының сауалнамасын;

      3) Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы дайындық бөлімдеріне тыңдаушыларды оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру ұсынысын.

      37. Дайындық бөлімдеріне тыңдаушыларды оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін жоғары оқу орындарын анықтау кезінде Комиссия мынадай негізгі өлшемшарттарды басшылыққа алады:

      1) білім беру процесінің кадрлық және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі және педагог қызметкерлердің біліктілік деңгейі; талапкерлерді кешенді тестілеудің барлық пәндері бойынша оқытушылардың болуы;

      2) оқу, оқу-әдістемелік әдебиеттермен және өзге де ақпараттық ресурстармен қамтамасыз етілуі;

      3) жоғары оқу орнында білім алушыларға жатақханада орынның, қоғамдық тамақтану орнының және медициналық қызмет көрсету орны мен спорт залы мен жабдықтарының жеткілікті болуы.

      38. ЖОО үшін конкурс жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының топтары бойынша бөлек-бөлек өткізіледі.

      Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 31.10.2018 № 609 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      39. Комиссия бағалау негізінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы шешім қабылдап, мыналарды көрсетеді:

      1) конкурс шарттары бойынша жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын жоғары оқу орындарының тізбесі;

      2) конкурс шарттары бойынша магистратурада кадрлар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын жоғары оқу орындарының тізбесі, оның ішінде жеке ЖОО-лар үшін көлемі көрсетілген;

      3) конкурс шарттары бойынша білім беру бағдарламалары тобының бөлінісінде, оның ішінде философия докторларын (PhD)/бейіні бойынша докторларды мақсатты түрде даярлау үшін көлемін көрсете отырып, докторантурада кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыратын базалық жоғары оқу орындарының тізбесі;

      4) жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінде тыңдаушыларды оқыту үшін, оның ішінде тілдік дайындық деңгейін арттыру үшін көлемі көрсетілген мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын жоғары оқу орындары;

      5) конкурс шарттары бойынша білім беру бағдарламалары тобының бөлінісінде көлемі көрсетіле отырып, жоғары білімі бар педагог кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын педагогикалық жоғары оқу орындары.

      Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 10.06.2019 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      40. Конкурстық комиссия жұмысының нәтижелері бойынша Министрдің немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бекітіледі және білім беру саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурстарында жарияланады.

      Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 10.06.2019 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

5-тарау. Орта білімге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру

      Ескерту. Қағида 5-тараумен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 29.09.2017 № 490 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      41. Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін балалар контингентін жинақтауды республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармасы, қаланың (ауданның) білім бөлімі жүргізеді.

      Орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармасы, қаланың (ауданның) білім бөлімі конкурс өткізеді.

      Республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармасы, қаланың (ауданның) білім бөлімі орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсына қатысу үшін орта білім беру ұйымдарының құжаттарын қабылдаудың басталуы туралы ақпаратты интернет-ресурстарда орналастырады:

      1) алдағы оқу жылына – күнтізбелік жылдың 1 мамырына дейін;

      2) оқу жылы ішінде – республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармасы, қаланың (ауданның) білім бөлімі дербес түрде белгілейтін мерзімде.

      Орта білім беру ұйымы орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсына қатысу үшін құжаттарды республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармасына, қаланың (ауданның) білім бөліміне ұсынады:

      1) алдағы оқу жылына – күнтізбелік жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей;

      2) оқу жылы ішінде – республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармасы, қаланың (ауданның) білім бөлімі дербес түрде белгілейтін мерзімде.

      Орта білім беру ұйымы орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсына қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша комиссия төрағасының атына жазылған өтініш;

      2) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабына сәйкес бекітілген нысан бойынша берілген бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін лицензияның көшірмесі;

      3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;

      4) жарғы көшірмесі;

      5) екінші деңгейлі банктерден берілетін берешектерінің болмауы туралы анықтама (еркін нысанда);

      6) "Жеке шоттарын жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 306 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16601 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша салық төлеушінің есебі мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәлімет.

      Республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармасы, қаланың (ауданның) білім бөлімі конкурсты өткізу мерзімдерін белгілейді:

      1) алдағы оқу жылына – күнтізбелік жылдың 1 тамызынан кешіктірмей;

      2) оқу жылы ішінде – дербес түрде.

      Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 11.12.2018 № 682 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      42. Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мемлекеттік орта білім беруге білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылады. Комиссия құрамын республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармалары, қалалардың (аудандардың) білім бөлімдері бекітеді.

      Комиссияның құрамына жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, қоғамдық ұйымдардың, педагогтік және ата-аналар қоғамының өкілдері кіреді. Конкурстық комиссия тақ саннан, бірақ кемінде бес адамнан тұруға тиіс;

      43. Комиссия шешiмдерi отырысқа қатысушы Комиссия мүшелерiнiң қарапайым көпшiлiгінің ашық дауыс беруі арқылы қабылданады және ол төраға қол қоятын хаттамамен ресiмделедi. Комиссия құрамының дауысы тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып саналады.

      Комиссия отырыс күнінен кейін 3 жұмыс күні ішінде орындар санын көрсете отырып, мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыратын орта білім беру ұйымдарының тізбесін бекіту туралы шешім қабылдайды.

      Орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы шешім республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармалары, қалалардың (аудандардың) білім бөлімдерінің интернет-ресурсында жарияланады.

      Бұдан бұрын мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырған орта білім беру ұйымдары отырыс хаттамасына конкурссыз енгізіледі.

6-тарау. Жергілікті атқарушы органдардың еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кадрлады даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру

      Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 31.10.2018 № 609 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. Қағида 6-тараумен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.05.2018 № 231 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      44. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – ЖАО) жыл сайын ЖАО қаражаты есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқыту конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау басталғанға дейін 5 (бес) күннен кешіктірмей жоғары оқу орындары арасында конкурс жариялайды.

      Конкурс өткізу туралы шешім тиісті облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің және оның міндеттерін атқарушы адамның өкімімен ресімделеді.

      Конкурс өткізу туралы хабарландыру ЖАО-ның интернет-ресурстарында жарияланады.

      Конкурс өткізу үшін құрамы тиісті облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің немесе оның міндеттерін атқарушы адамның өкімімен бекітілетін ЖАО-ның Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – ЖАО комиссиясы) құрылады.

      ЖАО комиссиясының төрағасы тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі немесе және оның міндеттерін атқарушы адам болып табылады. ЖАО комиссиясы ЖАО-ның қызметкерлері, аталған аумақ бірлігінде орналасқан азаматтық қоғам институттарының өкілдері қатарынан құрылады. ЖАО комиссиясы мүшелерінің саны оның төрағасын қоса алғанда, тақ болып табылады.

      Егер онда оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, ЖАО комиссиясының отырысы заңды деп есептеледi.

      ЖАО комиссиясының шешімі ашық дауыс беру арқылы отырысқа қатысушы Комиссия мүшелері санының қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады және отырысқа қатысқан Комиссияның барлық мүшелері қол қоятын отырыс хаттамасымен ресімделеді.

      Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру конкурсына қатысу үшін жоғары оқу орындары ЖАО-ларға мынадай құжаттарды:

      1) осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша жоғары оқу орнының өтінімін;

      2) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша жоғары оқу орнының сауалнамасын;

      3) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша тиісті оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыруға ұсыныстарды қамтитын конкурстық өтінім береді.

      Конкурстық өтінімге кіретін құжаттар тігіледі, нөмірленеді, жоғары оқу орнының бірінші басшысы қол қояды, мөрімен расталады және конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген тәртіппен ұсынылады.

      Конкурстық өтінім конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген сағаттан және күннен кешіктірілмей ЖАО-ға жіберіледі. Конкурстық өтінімді беру мерзімі өткен соң түскен конкурстық өтінім кешіктірілу себептеріне қарамастан қаралмайды. Оларды беру мерзімі өткеннен кейін конкурстық өтінімге қандай да бір өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

      ЖАО комиссиясы конкурстық өтінімді өтінім берілген күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде қарайды, олардың конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келу дәрежесін айқындайды.

      Жоғары оқу орындарын айқындау және мамандықтар бөлігінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру кезінде ЖАО комиссиясы осы Қағидаларға 33 және 34-тармақтарда көрсетілген негізгі өлшемшарттарды басшылыққа алады. ЖАО-ның жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы әкімшілік-аумақтық бірлігіне қарамастан жоғары оқу орындарында орналастырылады. Бұл ретте жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы белгіленген квотаны, сондай-ақ оқуға түсушілердің жекелеген санаттары үшін нысаналы орындарды бөлуді ескере отырып, жоғары оқу орындарында орналастырылады.

      ЖАО комиссиясы жұмысының нәтижелері бойынша интернет-ресурстарында тиісті облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігінің қаулысымен бекітілген, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын жоғары оқу орындарының тізбесі жарияланады.

      ЖАО қаражаты есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқуға түсетін Қазақстан Республикасының азаматтарымен тиісті облыста немесе республикалық маңызы бар қалаларда, астанада кемінде 3 (үш) жыл жұмыс істеу туралы шарт жасалады.

      Ескерту. 44-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Білім және ғылым министрінің 10.06.2019 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Еңбек нарығының
қажеттіліктерін ескере отырып,
техникалық және кәсiптiк, орта
бiлiмнен кейiнгi, жоғары және
жоғары оқу орнынан кейінгі
білімі бар кадрлар даярлауға,
сондай-ақ жоғары және (немесе)
жоғары оқу орнынан кейінгі
білім беру ұйымдарында
дайындық бөлімдеріне, мектепке
дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға
мемлекеттiк бiлiм беру
тапсырысын орналастыру
қағидаларына 1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 31.10.2018 № 609 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Өтініш нысаны
(мектепке дейінгі ұйымның бланкінде толтырылады)

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.05.2018 № 231 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Мемлекеттік білім беру
тапсырысын орналастыру
бойынша комиссия төрағасына
____________________________
(төрағаның Т.А.Ә. (бар болғанда))

Өтініш

      Жаңа орындарға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке

      дейінгі тәрбие және оқу бойынша жеткізушілер тізбесіне

      _________________________________________________________________

      (мектепке дейінгі

      ұйымның атауы) қосуды өтінемін.

      Қосымша: конкурсқа қатысу үшін құжаттар _____ бетте.

      Мектепке дейінгі ұйымның басшысы _________________________

      (Т.А.Ә. (бар болғанда))

      ______________ М.О.

      (қолы)

      Толтырылған күні

  Еңбек нарығының
қажеттіліктерін ескере отырып,
техникалық және кәсiптiк, орта
бiлiмнен кейiнгi, жоғары және
жоғары оқу орнынан кейінгі
білімі бар кадрлар даярлауға,
сондай-ақ жоғары және (немесе)
жоғары оқу орнынан кейінгі
білім беру ұйымдарында
дайындық бөлімдеріне, мектепке
дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға
мемлекеттiк бiлiм беру
тапсырысын орналастыру
қағидаларына 2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 31.10.2018 № 609 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Міндеттеме нысаны
(мектепке дейінгі ұйымның бланкінде толтырылады)

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.05.2018 № 231 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Мемлекеттік білім беру
тапсырысын орналастыру
бойынша комиссия төрағасына
____________________________
(төрағаның Т.А.Ә.
(бар болғанда))

Жеткізушінің міндеттемесі

      Осымен ___________________________________________________________________

      (мектепке дейінгі ұйымның атауы)

      атынан _________________________________________________________________________,

      (лауазымы Т.А.Ә (бар болғанда))

      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тамаққа

      кететін ата-аналардың төлемақы мөлшері белгіленген, тек қана республикалық маңызы бар

      қаланың, астананың білім басқармаларының, қалалардың (аудандардың) білім бөлімдерінің

      жолдамасымен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша балаларды қабылдау туралы

      міндеттерді орындауға кепілдік береді.

      Мектепке дейінгі ұйымның басшысы ____________________________      ____________

      (Т.А.Ә. (бар болғанда))                  (қолы)

      М.О.

      Толтырылған күні

  Еңбек нарығының
қажеттіліктерін ескере отырып,
техникалық және кәсiптiк, орта
бiлiмнен кейiнгi, жоғары және
жоғары оқу орнынан кейінгі
білімі бар кадрлар даярлауға,
сондай-ақ жоғары және (немесе)
жоғары оқу орнынан кейінгі
білім беру ұйымдарында
дайындық бөлімдеріне, мектепке
дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға
мемлекеттiк бiлiм беру
тапсырысын орналастыру
қағидаларына 3-қосымша

      Ескерту. 3-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 31.10.2018 № 609 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орнының өтінімі нысаны
(техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орнының бланкісінде толтырылады)

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.05.2018 № 231 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Конкурс ұйымдастырушыға Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптармен және

      конкурсты өткізу шарттарымен танысып, Комиссия төрағасына

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (оқу орнының атауы)

      өтінімге кіретін құжаттарға сәйкес

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (мамандықтардың коды, атауы)

      мамандықтары бойынша уәкілетті орган және ЖАО өткізетін конкурсқа қатысады.

      Қосымша: конкурсқа қатысу үшін құжаттар ___ бетте.

      Ұйым басшысы ___________________________________

      (қолы, Т.А.Ә. (бар болғанда))

      Толтырылған күні

      М.О.

  Еңбек нарығының
қажеттіліктерін ескере отырып,
техникалық және кәсiптiк, орта
бiлiмнен кейiнгi, жоғары және
жоғары оқу орнынан кейінгі
білімі бар кадрлар даярлауға,
сондай-ақ жоғары және (немесе)
жоғары оқу орнынан кейінгі
білім беру ұйымдарында
дайындық бөлімдеріне, мектепке
дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға
мемлекеттiк бiлiм беру
тапсырысын орналастыру
қағидаларына 4-қосымша

      Ескерту. 4-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 31.10.2018 № 609 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

20__ – 20__ оқу жылында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімді кадрларды даярлау үшін мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға арналған ұсыныстар

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.05.2018 № 231 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

_______________________________________________________________ (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орнының атауы) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім бойынша

Код

Мамандық атауы

Орын саны

9 сынып базасында

Оның ішінде қазақ тілінде оқытатын

11 сынып базасында

Оның ішінде қазақ тілінде оқытатын

1

2

3

4

5

6

7















      Ұйым басшысы _________________________________

      (қолы, Т.А.Ә. (бар болғанда))

      Толтырылған күні

      М.О.

  Еңбек нарығының
қажеттіліктерін ескере отырып,
техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі, жоғары және
жоғары оқу орнынан кейінгі
білімі бар кадрлар даярлауға,
сондай-ақ жоғары және (немесе)
жоғары оқу орнынан кейінгі
білім беру ұйымдарында
дайындық бөлімдеріне, мектепке
дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға
мемлекеттік білім беру
тапсырысын орналастыру
қағидаларына 5-қосымша

Жоғары оқу орны өтінімінің нысаны

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 10.06.2019 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      (жоғары оқу орнының бланкісінде толтырылады)

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

      Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптарды және конкурсты өткізу

      шарттарын зерделей отырып, _________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (жоғары оқу орнының атауы)

      ___________________________________________________________________

      (білім беру бағдарламалары тобының коды, атауы)

      білім беру бағдарламаларының тобы бойынша өтінімге енетін құжаттарға,

      сондай-ақ конкурстың шарттары мен талаптарына сәйкес

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі өткізетін конкурсқа қатысады.

      Қосымша: конкурсқа қатысу үшін құжаттар ___ бетте.

      Ұйымның басшысы ________________________

                              (қолы, Т. А. Ә.)

      Толтырылған күні

      20_____ жылғы "_____" _________

      М.О.

  Еңбек нарығының
қажеттіліктерін ескере отырып,
техникалық және кәсiптiк, орта
бiлiмнен кейiнгi, жоғары және
жоғары оқу орнынан кейінгі
білімі бар кадрлар даярлауға,
сондай-ақ жоғары және (немесе)
жоғары оқу орнынан кейінгі
білім беру ұйымдарында
дайындық бөлімдеріне, мектепке
дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға
мемлекеттiк бiлiм беру
тапсырысын орналастыру
қағидаларына 6-қосымша

      Ескерту. 6-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 31.10.2018 № 609 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Жоғары оқу орнының сауалнамасы

ЖОО-ның толық атауы


ЖОО-ның құрылған жылы


ЖОО-ның құрылтайшысы


ЖОО-ның заңды мекен жайы


ЖОО-ның нақты мекен жайы, телефоны, факс, электронды мекен жайы


ЖОО ректорының Т.А.Ә.


Конкурсқа қатысу үшін жауапты тұлғаның Т.А.Ә., қызметі, байланыс мәліметтері


      Ұйымның басшысы ________________________

      (қолы, Т. А. Ә.)

      Толтырылған күні

      М.О.

  Еңбек нарығының
қажеттіліктерін ескере отырып,
техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі, жоғары және
жоғары оқу орнынан кейінгі
білімі бар кадрлар даярлауға,
сондай-ақ жоғары және (немесе)
жоғары оқу орнынан кейінгі
білім беру ұйымдарында
дайындық бөлімдеріне, мектепке
дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға
мемлекеттік білім беру
тапсырысын орналастыру
қағидаларына 7-қосымша

Жоғары оқу орнының ақпараттық картасы

      Ескерту. 7-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 10.06.2019 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      ________________________________________________

      (жоғары оқу орнының атауы)

      ________________________________________________

      (білім беру бағдарламасы тобының коды, атауы)

ЖОО туралы жалпы мәліметтер

Көрсеткіштер

1

Халықаралық және (немесе) ұлттық институционалдық аккредиттеу


2

ЖОО-ның халықаралық рейтингі (орны, рейтингінің атауы)


3

Білім беру порталының болуы


4

Оқу процесіне пайдаланатын оқу-зертханалық базаның жаңартылуы, теңге/келтірілген контингент


5

Зерттеу институттарының, ғылыми және мамандандырылған зертханалардың, бизнес-инкубаторлардың, технопарктердің саны


6

Меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығына тиесілі білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін материалдық активтердің, оның ішінде университеттер үшін 3 және одан көп, академиялар үшін 1 және одан көп, институттар үшін 1 және одан көп ауданы санитарлық нормаларға сай оқу орынжайларымен ғимараттардың (оқу корпустардың) болуы


7

Қолданыстағы жатақханаларда төсек-орынның саны


І

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының тобы бойынша жалпы мәліметтер


1

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімді кадрлар даярлаудың бағыттары бойынша білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін лицензияға қосымша


2

Халықаралық және/немесе ұлттық мамандандырылған аккредиттеу


3

"Атамекен" ҰКП-ның білім беру бағдарламалары рейтингіне қатысуы (орын) 


4

Бітірушілердің жұмысқа орналасуы, жұмысқа орналасқан бітірушілердің %-ы


5

Білім алушылар контингенті


6

Күндізгі бөлімде білім алушы студенттердің контингенті


ІІ

Кадрлық қамтылуы және педагог қызметкерлердің біліктілік деңгейі


1.1.

Штаттық оқытушылардың жалпы саны:


ғылым докторлары


PhD докторлар


ғылым кандидаттары


магистрлер


1.2

/оның ішінде білім беру бағдарламасы бойынша (саны)


ғылым докторлары


PhD докторлар


ғылым кандидаттары


магистрлер


1.3

Ағылшын тілін игерген (деңгейі кемінде 4,5 (ІELTS)) бейіндік пәндер бойынша ОПҚ саны


2

ЖОО-да академиялық кезеңнен кем емес мерзімде шарт бойынша жұмыс істейтін шетелдік оқытушылардың саны


3

мамандық бойынша ОПҚ дәрежелілік %-ы


4

Білім беру бағдарламаларының тобы бойынша бейіндік пәндердегі ОПҚ дәрежелілік %-ы


ІІІ

ОПҚ ғылыми-зерттеу қызметі


1

Гранттық және бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру негізінде іргелі зерттеулер/ қолданбалы зерттеулер бойынша орындалатын ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламалар/ жобалар саны


2

ОПҚ орындаған ғылыми-зерттеу жұмыстарының жалпы көлемі (теңгемен)


2.1

/ оның ішінде 1 штаттық ОПҚ-ға (теңгемен)


3

ОПҚ ғылыми жарияланымдарының саны:


- шетелдік рейтингтік журналдарда (Томсон Рейтер (Web of Scіence,Thomson Reuters) немесе Scopus, Pubmed, zbMath, MathScіnet, Agrіs, Georef, Astrophysіcal journal; Scopus, JSTORE деректер базасына енетін)


- ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған ғылыми басылымдарда


- монографиялар


- патенттер, алдын ала патенттер, инновациялық патенттер, авторлық куәліктер


4

/оның ішінде 1 штаттық ОПҚ-ға:


- шетелдік рейтингтік журналдарда (Томсон Рейтер (Web of Scіence,Thomson Reuters) немесе Scopus, Pubmed, zbMath, MathScіnet, Agrіs, Georef, Astrophysіcal journal; Scopus, JSTORE деректер базасына енетін)


- ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған ғылыми басылымдарда


- монографиялар


- патенттер, алдын ала патенттер, инновациялық патенттер, авторлық куәліктер


ІV

Корпоративтік әріптестік және халықаралық қызмет


1

Бірлескен (қосдипломды) білім беру бағдарламаларының саны 


2

Шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеу жобаларының саны


3

Академиялық алмасу бағдарламаларына соңғы 3 жылда қатысқан білім алушылардың саны


      Жоғарыда келтірілген ақпараттың шынайылығын растаймын.

      Ұйымның басшысы ________________________

                                    (қолы, Т. А. Ә.)

      Толтырылған күні

      М.О.

  Еңбек нарығының
қажеттіліктерін ескере отырып,
техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі, жоғары және
жоғары оқу орнынан кейінгі
білімі бар кадрлар даярлауға,
сондай-ақ жоғары және (немесе)
жоғары оқу орнынан кейінгі
білім беру ұйымдарында
дайындық бөлімдеріне, мектепке
дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға
мемлекеттік білім беру
тапсырысын орналастыру
қағидаларына 8-қосымша

___________ оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру ұсынысы

      Ескерту. 8-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 10.06.2019 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      _________________________________________________________

      (жоғары оқу орнының атауы)

Жоғары білім бойынша

Коды

Топтың атауы

Гранттың жалпы саны

Күндізгі оқу нысаны

1

2

3

4





Жоғары оқу орнынан кейінгі білім бойынша

Коды

Білім беру бағдарламаларының атауы

орын саны

1

2

3




PhD философия докторларын мақсатты даярлау бойынша

Коды

Білім беру бағдарламалары тобының атауы

Даярлау жоспарланған ЖОО-ның атауы

орын саны

1

2

3

4





      Ұйымның басшысы ________________________

                                    (қолы, Т. А. Ә.)

      Толтырылған күні

      М.О.

  Еңбек нарығының
қажеттіліктерін ескере отырып,
техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі, жоғары және
жоғары оқу орнынан кейінгі
білімі бар кадрлар даярлауға,
сондай-ақ жоғары және (немесе)
жоғары оқу орнынан кейінгі
білім беру ұйымдарында
дайындық бөлімдеріне, мектепке
дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға
мемлекеттік білім беру
тапсырысын орналастыру
қағидаларына 9-қосымша

Ақпараттық карталар бойынша ЖОО ранжирлеу әдістемесі

      Ескерту. 9-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 10.06.2019 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

ЖОО туралы жалпы мәліметтер

Шартты белгілер

Мәннің түрі

1

Халықаралық және (немесе) ұлттық институционалдық аккредиттеу (бар/жоқ)*

А1

бар/жоқ

2

ЖОО-ның халықаралық рейтингі (орны, рейтингінің атауы)

А2

сан, бүтін, 0-1 000

3

Білім беру порталының болуы (бар/жоқ)

А3

бар/жоқ

4

Оқу процесінде пайдаланылатын оқу-зертханалық базаның жаңартылуы, теңге/келтірілген контингент

А4

сан

5

Зерттеу институттарының, ғылыми және мамандандырылған зертханалардың, бизнес-инкубаторлардың, технопарктердің саны

А5

сан, бүтін

6

Меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығына тиесілі білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін материалдық активтердің, оның ішінде университеттер үшін 3 және одан көп, академиялар үшін 1 және одан көп, институттар үшін 1 және одан көп ауданы санитарлық нормаларға сай оқу орынжайларымен ғимараттардың (оқу корпустардың) болуы.

А6

сан, бүтін

7

Қолданыстағы жатақханаларда бар төсек-орынның саны

А7

сан, бүтін

 
І

Білім беру бағдарламаларының тобы бойынша жалпы мәліметтер



1

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі даярлаудың бағыттары бойынша білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін лицензияға қосымша (бар/жоқ)

B1

бар/жоқ

2

Халықаралық және/немесе ұлттық мамандандырылған аккредиттеу (бар/жоқ)

B2

бар/жоқ

3

"Атамекен" ҰКП-ның білім беру бағдарламалары рейтингіне қатысуы

B3

орын

4

Бітірушілердің жұмысқа орналасуы, жұмысқа орналасқан бітірушілердің %-ы **

B4

%

5

Білім алушылар контингентінің болуы (бар/жоқ)

B5

бар/жоқ

6

Күндізгі бөлімде білім алушы студенттердің контингенті

B6

число, целое

ІІ.

Кадрлық қамтылуы және педагог қызметкерлердің біліктілік деңгейі

C1


1.1.

Штаттық оқытушылардың жалпы саны:

C1.1.

сан, бүтін

ғылым докторлары

C1.1.1.

сан, бүтін

PhD докторлар

C1.1.2.

сан, бүтін

ғылым кандидаттары

C1.1.3.

сан, бүтін

магистрлер

C1.1.4.

сан, бүтін

1.2.

/оның ішінде мамандығы бойынша (саны)

C1.2.

сан, бүтін

ғылым докторлары

C1.2.1.

сан, бүтін

PhD докторлар

C1.2.2.

сан, бүтін

ғылым кандидаттары

C1.2.3.

сан, бүтін

магистрлер

C1.2.4.

сан, бүтін

1.3

Ағылшын тілін игерген (деңгейі 4,5 кем емес (ІELTS)) бейіндік пәндер бойынша ОПҚ саны

C1.3.1.

число, целое 

2

ЖОО-да академиялық кезеңнен кем емес мерзімде шарт бойынша жұмыс істейтін шетелдік оқытушылардың саны

C2

сан, бүтін

3

жалпы ЖОО бойынша ОПҚ дәрежелілік %-ы ***

C3

%

4

Білім беру бағдарламаларының тобы бойынша ОПҚ дәрежелілік %-ы ***

C4

%

ІІІ

ОПҚ ғылыми-зерттеу қызметі



1

Гранттық және бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру негізінде іргелі зерттеулер/ қолданбалы зерттеулер бойынша орындалатын ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламалар/ жобалар саны

C5.1

сан, бүтін

2

ОПҚ орындаған ғылыми-зерттеу жұмыстарының жалпы көлемі (теңгемен)

C5.2.1

сан

2.1.

/ оның ішінде 1 штаттық ОПҚ-ға (теңгемен)

C5.2.2.

сан

3

ОПҚ ғылыми жарияланымдарының саны:



- шетелдік рейтингтік журналдарда (Томсон Рейтер (Web of Scіence,Thomson Reuters) немесе Scopus, Pubmed, zbMath, MathScіnet, Agrіs, Georef, Astrophysіcal journal; Scopus, JSTORE деректер базасына енетін)

C6.3.1.

сан, бүтін

- ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған ғылыми басылымдарда

C6.3.2.

сан, бүтін

- монографиялар

C6.3.3.

сан, бүтін

- патенттер, алдын ала патенттер, инновациялық патенттер, авторлық куәліктер

C6.3.4.

сан, бүтін

4

/оның ішінде 1 штаттық ОПҚ-ға:



- шетелдік рейтингтік журналдарда (Томсон Рейтер (Web of Scіence,Thomson Reuters) немесе Scopus, Pubmed, zbMath, MathScіnet, Agrіs, Georef, Astrophysіcal journal; Scopus, JSTORE деректер базасына енетін)

C6.4.1.

сан, бүтін

- ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған ғылыми басылымдарда

C6.4.2.

сан, бүтін

- монографиялар

C6.4.3.

сан, бүтін

- патенттер, алдын ала патенттер, инновациялық патенттер, авторлық куәліктер

C6.4.4.

сан, бүтін

ІV

Корпоративтік әріптестік және халықаралық қызмет



1

Бірлескен (қосдипломды) білім беру бағдарламаларының саны 

C7.1.

сан, бүтін

2

Шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеу жобаларының саны

C7.2.

сан, бүтін

3

Академиялық алмасу бағдарламаларына соңғы 3 жылда қатысқан білім алушылардың саны

C7.3.

сан, бүтін

      Ескертпе:

      * – егер ЖОО "жоқ" деп көрсетсе, онда конкурсқа қатысушылар қатарынан шығарылады;

      ** – жоғары оқу орнын бітірушілердің жұмысқа орналасу көрсеткішінің шекті мәнін Комиссия айқындайды;

      *** – ұсынылған мәліметтерден есептеледі.

  Еңбек нарығының
қажеттіліктерін ескере отырып,
техникалық және кәсiптiк, орта
бiлiмнен кейiнгi, жоғары және
жоғары оқу орнынан кейінгі
білімі бар кадрлар даярлауға,
сондай-ақ жоғары және (немесе)
жоғары оқу орнынан кейінгі
білім беру ұйымдарында
дайындық бөлімдеріне, мектепке
дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға
мемлекеттiк бiлiм беру
тапсырысын орналастыру
қағидаларына 10-қосымша

      Ескерту. 10-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 31.10.2018 № 609 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Жоғары оқу орны өтінімінің нысаны

      (жоғары оқу орнының бланкісінде толтырылады)

      Қазақстан Республикасының

      Білім және ғылым министрлігі

      Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптарды және конкурсты

      өткізу шарттарын зерделей отырып,

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      (жоғары оқу орнының аталуы)

      өтінімге енетін құжаттарға, сондай-ақ конкурстың шарттары мен

      талаптарына сәйкес дайындық бөлімдеріне тыңдаушыларды оқытуға

      мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін Қазақстан

      Республикасы Білім және ғылым министрлігі өткізетін конкурсқа

      қатысады.

      Қосымша: конкурсқа қатысу үшін құжаттар ___ бетте.

      Ұйымның басшысы ________________________

      (қолы, Т. А. Ә.)

      Толтырылған күні

      М.О.

  Еңбек нарығының
қажеттіліктерін ескере отырып,
техникалық және кәсiптiк, орта
бiлiмнен кейiнгi, жоғары және
жоғары оқу орнынан кейінгі
білімі бар кадрлар даярлауға,
сондай-ақ жоғары және (немесе)
жоғары оқу орнынан кейінгі
білім беру ұйымдарында
дайындық бөлімдеріне, мектепке
дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға
мемлекеттiк бiлiм беру
тапсырысын орналастыру
қағидаларына 11-қосымша

      Ескерту. 11-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 31.10.2018 № 609 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

___________оқу жылына дайындық бөлімдеріне тыңдаушыларды
оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру ұсынысы

      ___________________________________________________________

      (жоғары оқу орнының атауы)

Жоғары оқу орнының атауы

Орын саны

1

2





      Ұйымның басшысы ________________________

      (қолы, Т. А. Ә.)

      Толтырылған күні

      М.О.

  Еңбек нарығының
қажеттіліктерін ескере отырып,
техникалық және кәсiптiк, орта
бiлiмнен кейiнгi, жоғары және
жоғары оқу орнынан кейінгі
білімі бар кадрлар даярлауға,
сондай-ақ жоғары және (немесе)
жоғары оқу орнынан кейінгі
білім беру ұйымдарында
дайындық бөлімдеріне, мектепке
дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға
мемлекеттiк бiлiм беру
тапсырысын орналастыру
қағидаларына 12-қосымша

      Ескерту. 12-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 31.10.2018 № 609 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Өтініш үлгісі
(орта білімберу ұйымының бланкісінде толтырылады)

      Ескерту. Қағида 12-қосымшамен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 29.09.2017 № 490 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Мемлекеттiк бiлiм беру
тапсырысын орналастыру
жөніндегі комиссияның
төрағасы
___________________________
(Т.А.Ә.)

Өтініш

      Орта білім бойынша мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру үшін

      _______________________________________________________________________________

      (орта білім мекемесінің аты)

      көрсетілген қызметтерді жеткізушілердің тізбесіне енгізуді сұраймын.

      Орта білім ұйымының

      басшысы            _________________________

      (қолы, Т.А.Ә.)

      Толтырылған күні

      Мөр орны

  Еңбек нарығының
қажеттіліктерін ескере отырып,
техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі, жоғары және
жоғары оқу орнынан кейінгі
білімі бар кадрлар даярлауға,
сондай-ақ жоғары және (немесе)
жоғары оқу орнынан кейінгі
білім беру ұйымдарында
дайындық бөлімдеріне, мектепке
дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға
мемлекеттік білім беру
тапсырысын орналастыру
қағидаларына
13-қосымша

Жоғары оқу орны өтінімінің нысаны (жоғары оқу орнының бланкісінде толтырылады)

      Ескерту. Қағида 13-қосымшамен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.05.2018 № 231 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 10.06.2019 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

  Облыстың, республикалық
  маңызы бар қаланың, астананың
  жергілікті атқарушы органы

      Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптарды және конкурсты өткізу

      шарттарын зерделей отырып, _________________________________________

      ___________________________________________________________________

                  (жоғары оқу орнының атауы)

      өтінімге кіретін құжаттарға, сондай-ақ конкурстың шарттары мен

      талаптарына сәйкес _________________________________________________

      ___________________________________________________________________

                  (білім беру бағдарламалары тобының коды, атауы)

      білім беру бағдарламасының тобы бойынша тиісті облыс әкімдігі өткізетін

      конкурсқа қатысады.

      Қосымша: конкурсқа қатысу үшін құжаттар ___ бетте.

      Ұйымның басшысы ______________________________

                              (қолы, Т. А. Ә. (бар болғанда))

      Толтырылған күні

      М.О.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 29 қаңтардағы
№ 122 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің күшін жойған кейбір бұйрықтарының тізімі:

      1. "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушысының 2012 жылғы 4 мамырдағы № 198 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7690 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2012 жылғы 13 маусымдағы № 318-319 (27393) санында жарияланған);

      2. "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2012 жылғы 4 мамырдағы № 198 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 6 наурыздағы № 77 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8387 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2013 жылғы 7 тамыздағы № 184 (28123) санында жарияланған);

      3. "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 4 мамырдағы 198 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 23 тамыздағы № 353 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8733 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2013 жылғы 31 қазандағы № 243 (28182) санында жарияланған);

      4. "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 4 мамырдағы № 198 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 22 шілдедегі № 295 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9701 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 22 қыркүйекте жарияланған).