Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналасты

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2012 жылғы 4 мамырдағы № 198 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 2 маусымда № 7690 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығымен

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабының 2-тармағына, 7-бабының 2) тармақшасына және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне пробация қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 15 ақпандағы Заңына сәйкес, Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қостанай ауданы әкімдігінің "2012 жылға арналған халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы" 2011 жылғы 29 қарашадағы № 668 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-14-164 нөмірімен тіркелген, 2012 жылғы 12 қаңтарда "Арна" газетінде жарияланған)  келесі толықтыру енгізілсін:
      жоғары аталған қаулының қосымшасы:
      келесі мазмұндағы 18-тармағымен толықтырылсын:
      "18. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар.".
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                А. Ахметжанов

      Қостанай ауданы әкімдігінің
      "Жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      __________________ В. Панин