Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 9 наурызда № 13418 болып тіркелді.

Жаңартылған

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 29.09.2017 № 490 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 43) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 29.09.2017 № 490 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылсын.

      3. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, халықаралық ынтымақтастық департаменті (С.М. Өмірбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
А.Сәрінжіпов

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 29 қаңтардағы
№ 122 бұйрығымен бекітілген

Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидалары

      Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 29.09.2017 № 490 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5 - бабының 43) тармақшасына сәйкес әзірленген.

      Қағидалар еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру тәртібін олардың бағытына, кадрлық әлеуетіне, материалдық-техникалық базасына, ақпараттық қорына сәйкес, сондай-ақ олардың ғылыми-білім беру қызметінің ұлттық және халықаралық тану көрсеткіштерін ескере отырып, республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен регламенттейді.

      Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша бітірушілерге белгіленген және жоғары деңгейдегі жұмысшы дәрежесін бере отырып, мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурстан тыс негізде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 29.09.2017 № 490 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы "Назарбаев зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымдарының мектепке дейінгі ұйымдарын қоспағанда, меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан білім беру ұйымдарында орналастырылады.

      "Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі - Стандарт) шеңберінде бір балаға есептегенде тәрбиелеу мен оқыту бойынша мектепке дейінгі ұйымның ағымдағы шығындары мемлекеттік білім беру тапсырысы көлемінде өтеледі.

      Жан басына қаржыландырылған кезде мемлекеттік білім беру тапсырысына тапсырыс беруші балаларға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған қызметтердің құнын мынадай жағдайда төлейді:

      1) қалмай мектепке дейінгі ұйымға үнемі баратын балаларға;

      2) ата-анасының біреуінің (баланың заңды тұлғасының) өтінішінің негізінде мектепке дейінгі ұйымда үш жұмыс күні ішінде жоқ болған балаларға;

      3) баланың ауруы, медициналық, санаториялық-курорттық және өзге де ұйымдарда емделуі, сауықтырылуы (анықтама берілгенде), ата-аналарының біреуіне (баланың заңды өкіліне) еңбек демалысының берілуі және баланың жаз уақытында екі айға дейінгі мерзімде сауықтырылуы (өтініші болған кезде) себептері бойынша жоқ болған балаларға.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 15.11.2016 № 659 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2-1. Орта білімге мемлекеттік білім беру тапсырысы мемлекеттік мекемелерді және "Назарбаев зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымдарын қоспағанда, меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан білім беру ұйымдарында орналастырылады.

      Ескерту. 1-тарау 2-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 29.09.2017 № 490 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы кадрларға салалық және өңірлік қажеттілікті ескере отырып, меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында орналастырылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.05.2018 № 231 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Экономиканың кадрларға болжамды қажеттілігін, оның ішінде салалық және өңірлік қажеттілігін, елдің индустриялық-инновациялық даму басымдықтарын, жоғары оқу орындарының (бұдан әрі – ЖОО) және ғылыми ұйымдардың ғылыми-педагогикалық кадрларға қажеттілігін ескере отырып қалыптастырылған және мамандықтар бойынша бөлінген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы ЖОО арасында конкурстық негізде орналастырылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.05.2018 № 231 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы меншік нысанына қарамастан жоғары оқу орындарында білім беру саласындағы уәкілетті орган өткізетін конкурс нәтижелері бойынша білім беру гранты түрінде орналастырылады.

      6. Магистрлер мен философия докторларын (PhD)/бейіні бойынша докторларды, оның ішінде өңірлік жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдарға мақсатты даярлау үшін мемлекеттік білім беру тапсырысы меншік нысанына қарамастан базалық жоғары оқу орындарында орналастырылады.

      7. Дайындық бөлімдерінің тыңдаушылары үшін мемлекеттік білім беру тапсырысы білім беру саласындағы уәкілетті орган өткізетін конкурс нәтижесі бойынша жоғары оқу орындарында орналастырылады.

2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру

      8. Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармалары, қалалардың (аудандардың) білім бөлімдері балалар контингентін жасақтауды жүргізеді.

      Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша балалар контингентін топтастыруда республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармалары, қалалық (аудандық) білім бөлімдері кезектілік тізімін басшылыққа алады.

      Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармалары, қалалардың (аудандардың) білім бөлімдері конкурс өткізеді.

      Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармалары, қалалардың (аудандардың) білім бөлімдері интернет-ресурстарда күні, уақыты және өткізілетін орнын көрсете отырып, он бес жұмыс күні мерзімімен конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырады.

      Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін республикалық маңызы бар қаланың, астананың, қалалардың (аудандардың) жергілікті атқарушы органдары Комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрады.

      Комиссияның құрамына мәслихаттардың, әкімдіктердің, республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармаларының, қалалардың (аудандардың) білім бөлімдерінің, үкіметтік емес ұйымдардың және өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіреді. Комиссия мүшелерінің саны тақ болады. Комиссияның төрағасы республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармаларының, қалалық (аудандық) білім бөлімдерінің басшысы болып табылады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.05.2018 № 231 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары меншік нысанына қарамастан "Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын, оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі ұйым қызметінің үлгілік қағидаларымен бекітілген мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің нормалары мен қағидаларын сақтау кезінде мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша қызмет жеткізушілердің тізбесіне енгізіледі.

      10. Конкурсқа қатысуға өз қызметінің басталғаны туралы білім беру саласындағы уәкілетті органды хабардар еткен және мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға өтінім берген мектепке дейінгі ұйымдар жіберіледі.

      Конкурсқа қатысу үшін жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар мынадай құжаттарды:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша комиссия төрағасының атына жазылған өтінішті;

      2) заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы немесе куәліктің көшірмесін, мектепке дейінгі ұйымдардың жарғысын, құжаттарды тапсырғанға дейін бір ай мерзімінен аспайтын банктен берілетін берешегінің жоқ екені туралы анықтаманы және салық органынан берілетін берешегінің жоқ екені туралы анықтаманы;

      3) мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту ұйымдары үшін қолданылатын жылжымайтын мүлікке құқықты белгілеуші құжаттардың көшірмесін (жекеменшік немесе жалға алу);

      4) "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 217 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15217 болып тіркелген) бекітілген "Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес мектепке дейінгі ұйымның санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесін;

      5) медициналық кабинетке лицензиясының болуы туралы көшірмесін немесе тіркелген жерін ескере отырып емханамен жасалған қызмет көрсету туралы шартты;

      6) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тамақтандыруға жұмсалатын ата-аналар төлемақысының белгіленген мөлшерімен, тек қана республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармаларының, қалалардың (аудандардың) білім бөлімдерінің жолдамасымен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша балаларды қабылдау туралы жеткізушінің міндеттемесін ұсынады. Жеткізуші Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндеттемелер нысанын толтырады.

      Конкурстық өтінімге кіретін құжаттар тігіледі, нөмірленеді, мектепке дейінгі ұйымның құрылтайшысымен қол қояды, мөрімен расталады және конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген тәртіппен ұсынылады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.05.2018 № 231 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тарапынан мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша орын санына байланысты ұсыныстар саны артқан жағдайда жеткізушілерді комиссия конкурс негізінде таңдап алады.

      12. Жеткізушіні конкурс арқылы таңдаудың қосымша өлшемшарттары:

      1) жоғары және бірінші санатты тәрбиешілердің үлесі олардың жалпы санынан кемінде 10%;

      2) мемлекеттік білім беру тапсырысы қызметін ұсыну бойынша тәжірибенің болуы болып табылады.

      13. Ұсынылған өтінімдерді комиссия өз отырысында 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды.

      Комиссия отырысынан кейін келесі ақпараттармен:

      1) олардан бас тарту себептерін егжей-тегжейлі сипаттай отырып, оның ішінде құжаттардың осы Қағидалардың 10-тармағының талаптарына сәйкес келмейтінін растайтын мәліметтер мен құжаттарды көрсете отырып, осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейтін мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесі;

      2) алдын ала қарау хаттамасына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдармен ұсынылған түзетілген және толықтырылған құжаттарды қайта қарау мерзімі көрсетілген конкурсқа қатысудың алдын ала талқылау хаттамасы жарияланады.

      Мектепке дейінгі ұйымдардың конкурсқа қатысуына алдын ала рұқсат беру туралы конкурстық комиссияның шешімі қатысуға өтімдерді ашқан күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қабылданады және конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы шешім қабылданған күні барлық мектепке дейінгі ұйымдарды электронды пошта бойынша автоматты түрде хабардар ете отырып республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқарламаларының, қалалардың (аудандардың) білім бөлімдерінің интернет-ресурстарында орналастырады.

      Әлеуетті жеткізушілерге алдын ала рұқсат беру хаттамасы орналастырылған күннен бастап 5 (бес) күн ішінде алдын ала рұқсат беру хаттамасына сәйкес құжаттарды сәйкес келтіру құқығы беріледі.

      Комиссия конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасының тізбесінде көрсетілген мектепке дейінгі ұйымдардың конкурсқа қатысуға өтінімдерін оларды сәйкес келтірудің толықтығы тұрғысынан қайта қарайды.

      Комиссия отырыс күнінен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде орын санын көрсете отырып, мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесіне енгізу туралы шешім шығарады.

      Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін орындардың барынша мүмкін саны көрсетіле отырып, комиссияның шешімі хаттама түрінде ресімделеді.

      Комиссия мынадай:

      1) жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру тізбесіне енгізу туралы;

      2) осы Қағидалардың 9 және 10-тармақтарына сәйкес келмеген жағдайда, жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру тізбесіне енгізуден бас тарту туралы шешімдердің біреуін шығарады.

      Ашық дауыс беру жолымен комиссия мүшелері дауысының көпшілігімен шешім қабылданды деп есептеледі. Комиссия құрамының дауыстары тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының даусы шешуші болып табылады.

      Хаттаманы хатшы ресімдейді, оған төраға және отырысқа қатысқан комиссияның барлық мүшелері қол қояды. Комиссия отырысы ай сайын өткізіледі, егер комиссия мүшелерінің жалпы санының жартысынан астамы отырысқа қатысса дұрыс деп есептеледі.

      Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы шешім республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармалары, қалалардың (аудандардың) білім бөлімдерінің интернет-ресурстарында жарияланады.

      Республикалық маңызы бар қалаланың, астананың білім басқармаларының, қалалардың (аудандардың) білім бөлімдерінің өкілдері жылына бір рет мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру шартында көзделген міндеттемелердің орындалуы бойынша мектепке дейінгі ұйымдар қызметіне мониторинг жүргізеді және консультативтік көмек көрсетеді.

      Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша орындар бұдан бұрын орналастырылған мектепке дейінгі ұйымдар отырыс хаттамасына конкурссыз енгізіледі.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.05.2018 № 231 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi білім беретін ұйымдарда мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру

      14. Уәкілетті орган және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - ЖАО) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының арасында еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырады.

      15. Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін құрамын уәкілетті орган және ЖАО күнтізбелік жылдың 1 наурызына дейін бекітетін техникалық, орта білімнен кейінгі және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.05.2018 № 231 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Уәкілетті орган және ЖАО конкурсты өткізу мерзімін анықтайды.

      Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссияның құрамына салалық мемлекеттік органдардың, мәслихаттар мен әкімдіктердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді.

      17. Комиссия отырысы оның төрағасы бекiткен жоспар бойынша өткiзiледi және егер оның мүшелерінің жалпы санының 2/3-інен астамы қатысса, заңды деп есептеледi.

      18. Конкурстық өтінімге енетін құжаттар тігінделеді, нөмірленеді және оларға техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымның бірінші басшысының қолы қойылып, елтаңбалы мөрмен расталады және уәкілетті органға және ЖАО-ға күнтізбелік жылдың 1 наурызына дейін ұсынылады.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.05.2018 № 231 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. Күнтізбелік жылдың 1 наурызына дейін конкурсқа қатысуға өтініш берген меншік нысанына қарамастан техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары конкурсқа қатысуға жіберіледі.

      Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар топтамасын ұсынады:

      1) Комиссия төрағасының атына жазылған Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) құжаттарды тапсыру кезеңінде берілген заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасы немесе куәлігінің, жарғының, банктен анықтаманың, салықоргандарынан қарызының жоқтығы туралы анықтаманың көшірмесі;

      3) жылжымайтын мүлікке құқықты орнатушы (жекеменшік немесе шаруашылық жүргізу құқығындағы (тікелей басқару) құжаттардың көшірмелері;

      4) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсыныс;

      5) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі мамандықтар бойынша білім беру қызметін жүргізу құқығына берілетін лицензияның болуы;

      6) жатақхананың техникалық паспорты немесе алаңды жалға алғаны туралы шарттың көшірмелері;

      7) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілердің жұмысқа орналасуы туралы мәліметтердің көшірмесі.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.05.2018 № 231 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі оқу орындарын анықтау кезінде Комиссия мынадай негізгі өлшемшарттарды, сондай-ақ мынадай растайтын ақпаратты басшылыққа алады:

      1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі мамандықтар бойынша білім беру қызметін жүргізу құқығына берілетін лицензияның болуы;

      2) басқа қаладан келген білім алушылардың тұруын қамтамасыз етуге арналған жағдайлардың болуы (жатақхананың техникалық паспорты немесе алаңды жалға алғаны туралы шарттың көшірмелері);

      3) өндірістік оқыту мен практикадан өту туралы кәсіпорындармен шарттардың болуы;

      4) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілердің жұмысқа орналасуы туралы көрсеткіштердің деңгейінің шекті мәнінен төмен болмауы.

      Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілердің жұмысқа орналасуы туралы көрсеткіштердің деңгейінің шекті мәнін Комиссия анықтайды.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.05.2018 № 231 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. Комиссия шешiмдерi отырысқа қатысушы Комиссия мүшелерiнiң қарапайым көпшiлiгінің ашық дауыс беруі арқылы күнтізбелік жылдың 10 наурызына дейін қабылданады және ол төраға қол қоятын хаттамамен рәсiмделедi. Комиссия құрамының даусы тең болған жағдайда Комиссия төрағасының даусы шешуші болып саналады.

      Комиссияның шешімі отырыстың хаттамасымен рәсімделеді және Комиссия мүшелерімен қол қойылады. Комиссия хатшысының дауыс беруге құқығы жоқ.

      Комиссия шешімінің негізінде уәкілетті органның басшысының бұйрығымен және ЖАО - ның қаулысымен күнтізбелік жылдың 20 наурызына дейін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесі мамандықтар мен мемлекеттік тапсырыстың көлемін көрсете отырып, бекітіледі.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.05.2018 № 231 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы шешім уәкілетті органдар мен ЖАО-ның интернет-ресурстарында жарияланады.

4. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру

      23. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін білім беру саласындағы уәкілетті орган жыл сайын құжаттар қабылдау басталғанға дейін 5 күннен кешіктірмей жоғары оқу орындарының арасында конкурс жариялайды.

      Конкурс өткiзу туралы шешiм Министрдің немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен ресімделеді.

      24. Конкурс өткiзу туралы хабарландыру білім беру саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурстарында жарияланады.

      25. Конкурс өткiзу үшiн құрамы Министрдiң немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен бекiтiлетін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылады.

      Комиссия төрағасы Министр болып табылады. Комиссия білім беру саласындағы уәкілетті органның, басқа да мүдделі мемлекеттік органдар мен ведомстволардың қызметкерлері, азаматтық қоғам институтының өкілдері, жоғары оқу орындарының басшыларынан құрылады. Комиссия құрамының саны оның төрағасын қоса алғанда тақ болып табылады.

      26. Комиссия отырысы оның төрағасы бекiткен жоспар бойынша өткiзiледi және егер оның мүшелерінің жалпы санының 2/3-інен астамы қатысса, заңды деп есептеледi.

      27. Комиссия шешiмдерi отырысқа қатысушы Комиссия мүшелерiнiң қарапайым көпшiлiгінің ашық дауыс беруі арқылы қабылданады және ол төраға қол қоятын хаттамамен ресiмделедi.

      28. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсына қатысу үшін жоғары оқу орындары білім беру саласындағы уәкілетті органға мынадай құжаттарды қамтитын конкурстық өтінімді ұсынады:

      1) Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы жоғары оқу орнының өтінімін;

      2) Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы жоғары оқу орнының сауалнамасын;

      3) Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы жоғары оқу орнының ақпараттық картасын;

      4) Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы тиісті оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру ұсынысын.

      29. Конкурстық өтінімге кіретін құжаттар тігіледі, нөмірленеді, жоғары оқу орнының бірінші басшысы қол қояды, мөрімен расталады және конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген тәртіппен ұсынылады.

      Бұл ретте жоғары оқу орындары ұсынған мәліметтер Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесі деректерімен сәйкестігі тұрғысында салыстырылады.

      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.05.2018 № 231 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      30. Конкурстық өтiнiм білім беру саласындағы уәкілетті органға конкурс өткiзу туралы хабарландыруда көрсеткен сағат пен күннен кешiктiрілмей жолданады. Конкурстық өтiнiм беру мерзiмi аяқталғаннан кейiн түскен конкурстық өтiнiм кешiгу себептерiне қарамастан қаралмайды. Конкурстық өтінімдерді беру мерзімі аяқталғаннан кейін оларға қандай да бір өзгерістер енгізуге рұқсат етілмейді.

      31. Комиссия конкурстық өтінімдерді өтінім берілген күнінен бастап күнтізбелік 20 күн ішінде қарастырады, олардың конкурстық құжаттамалар талаптарына сәйкестік деңгейін анықтайды және оларды бағалауды Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес жүргізеді.

      32. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсына мамандықтар бөлінісінде әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық еуропалық желілердің толық мүшелері болып табылатын және білім беру саласындағы уәкілетті органның тізіліміне енгізілген шетелдік немесе ұлттық аккредиттеу органдарында халықаралық аккредиттеуден өткен және жоғары оқу орнын бітірушілердің жұмысқа орналасу көрсеткіші шекті мәннен төмен емес жоғары оқу орындары қатысады.

      Жоғары оқу орнын бітірушілердің жұмысқа орналасу көрсеткішінің шекті мәнін Комиссия айқындайды.

      Ерекшелік Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтарының жіктеуішіне алғаш рет енгізілген мамандықтарды, сондай-ақ экономиканың басым салалары бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау үшін жаңадан құрылған ЖОО-ны құрайды. Бұл ретте ЖОО-лардың тізбесін Комиссия айқындайды.

      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.05.2018 № 231 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      33. Жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін жоғары оқу орындарын анықтау кезінде Комиссия мынадай негізгі өлшемшарттарды басшылыққа алады:

      1) Қазақстан Республикасы Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі мамандықтар жіктеуішіне алғашқы рет енгізілген мамандықтарды қоспағанда, тиісті мамандық бойынша білім алушылар контингентінің болуы;

      2) кадрлық қамтылуы және педагогикалық қызметкерінің біліктілік деңгейі ("Дене шыны қтыру және спорт" мамандығы бойынша оның ішінде "Еңбек сiңiрген жаттықтырушысы" спорттық атақтары бар оқытушылар; "Өнер" мамандықтар тобы, оның ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаттары мен құрметті атақтары бар оқытушылар);

      3) оқу, оқу-әдістемелік әдебиеттермен және өзге де ақпараттық ресурстармен қамтамасыз етілуі; материалдық-техникалық қамтамасыз етуі;

      4) ЖОО-да жүргізілген ғылыми зерттеулердің ғылыми әлеуеті мен деңгейі;

      5) білім алушыларды жатақханамен, қоғамдық тамақтандыру және медициналық қызмет көрсетумен, спорт залмен және жабдықтармен қамтамасыз ету мүмкіндігі;

      6) аккредиттелген білім беру бағдарламаларының болуы;

      7) бітірушінің жұмыспен қамтылуы және қажеттілігі;

      8) ЖОО-лардың халықаралық және/немесе ұлттық рейтингілерге қатысуы;

      9) ЖОО-ның спорттық жетістіктері.

      34. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін базалық жоғары оқу орындарын анықтау кезінде Комиссия мынадай негізгі өлшемшарттарды басшылыққа алады:

      1) ЖОО-лардың халықаралық және/немесе ұлттық рейтингілерге қатысуы;

      2) бірлескен ғылыми жобаларды орындау және зерттеу базасын ұсыну туралы аккредиттелген әріптес ғылыми ұйымдармен, оның ішінде шетелдік жасалған шарттардың болуы;

      3) ЖОО-ның профессорлық-оқытушылық құрамынан ғылым докторы/ғылым кандидаты ғылыми дәрежелері және философия докторы (Phd)/бейіні бойынша доктор дәрежесі бар ғылыми жетекшінің болуы;

      4) шетелдік әріптес ЖОО-лармен (ғылыми ұйымдармен) бірлесіп, ғылыми-білім беру жобаларын орындау;

      5) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметін жүргізу талаптарына сәйкес ғылыми-білім беру процесін кадрлық қамтамасыз ету ("Өнер" мамандықтарының тобы үшін, оның ішінде құрметті атақтары және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары бар оқытушылар);

      6) әлемдік ғылыми және білім беру ресурстарына қол жеткізу; жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметін жүргізу талаптарына сәйкес материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

      7) аккредиттелген білім беру бағдарламаларының болуы;

      8) гранттық және бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру және басқа дадереккөздер негізінде іргелі және қолданбалы зерттеулер бойынша ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобаларды орындау;

      9) халықаралық білім беру және ғылыми жобаларға қатысу;

      10) білім алушыларды жатақханамен, қоғамдық тамақтандыру және медициналық қызмет көрсетумен, спорт залмен және жабдықтармен қамтамасыз ету мүмкіндігі;

      11) бітірушілердің жұмысқа орналасуы;

      12) ЖОО-ның спорттық жетістіктері.

      35. Докторантура бітірушілері оқуды аяқтаған және философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін оқуды аяқтағаннан кейін 3 жыл мерзімде алмаған жоғары оқу орындары тиісті мамандық бойынша конкурсқа жіберілмейді.

      36. Дайындық бөлімдеріне тыңдаушыларды оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсына қатысу үшін жоғары оқу орындары білім беру саласындағы уәкілетті органға мынадай құжаттарды қамтитын конкурстық өтінімді ұсынады:

      1) Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы жоғары оқу орнының өтінімін;

      2) Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы жоғары оқу орнының сауалнамасын;

      3) Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы дайындық бөлімдеріне тыңдаушыларды оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру ұсынысын.

      37. Дайындық бөлімдеріне тыңдаушыларды оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін жоғары оқу орындарын анықтау кезінде Комиссия мынадай негізгі өлшемшарттарды басшылыққа алады:

      1) білім беру процесінің кадрлық және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі және педагог қызметкерлердің біліктілік деңгейі; талапкерлерді кешенді тестілеудің барлық пәндері бойынша оқытушылардың болуы;

      2) оқу, оқу-әдістемелік әдебиеттермен және өзге де ақпараттық ресурстармен қамтамасыз етілуі;

      3) жоғары оқу орнында білім алушыларға жатақханада орынның, қоғамдық тамақтану орнының және медициналық қызмет көрсету орны мен спорт залы мен жабдықтарының жеткілікті болуы.

      38. Конкурс жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі мамандықтар бойынша бөлек өткізіледі.

      39. Комиссия конкурстық өтінімдерді бағалау негізінде:

      1) конкурс шарттары бойынша жоғары білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын жоғары оқу орындарының;

      2) конкурс шарттары бойынша мамандықтар бөлінісінде көлемі көрсетіле отырып, "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" жобасы шеңберінде жоғары білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын жоғары оқу орындарының;

      3) конкурс шарттары бойынша магистратураның жекелеген мамандықтары бойынша, оның ішінде ағылшын тілінде мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын жоғары оқу орындарының;

      4) конкурс шарттары бойынша мамандықтар бөлінісінде, оның ішінде магистрлерді және философия докторларын (PhD)/бейіні бойынша докторларды нысаналы даярлау үшін көлемі көрсетіле отырып, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын базалық жоғары оқу орындарының;

      5) жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінде тыңдаушыларды оқыту үшін, оның ішінде тілдік дайындық деңгейін арттыру үшін көлемі көрсетіле отырып, мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын жоғары оқу орындарының;

      6) конкурс шарттары бойынша мамандықтар бөлінісінде көлемі көрсетіле отырып, жоғары білімі бар педагог кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын педагогикалық жоғары оқу орындарының тізбесі көрсетілген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы шешім қабылдайды.

      Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.05.2018 № 231 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      40. Конкурстық комиссия жұмысының нәтижелері бойынша Министрдің немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бекітіледі және білім беру саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурстарында жарияланады.

      Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.05.2018 № 231 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

5-тарау. Орта білімге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру

      Ескерту. Қағида 5-тараумен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 29.09.2017 № 490 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      41. Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін балалар контингентін жинақтауды республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармалары, қалалардың (аудандардың) білім бөлімдері жүргізеді.

      Республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармалары, қалалардың (аудандардың) білім бөлімдері мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға арналған өтінімдерді күнтізбелік жылдың 1 мамырына дейінге мерзімде қабылдаудың басталуы туралы ақпаратты интернет-ресурстарына орналастырады.

      Орта білім беру ұйымы республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармалары, қалалардың (аудандардың) білім басқармаларына күнтізбелік жылғы 1 шілдеден кешіктірмей өтінім береді.

      Орта білім беру ұйымы конкурсқа қатысу үшін республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармалары, қалалардың (аудандардың) білім бөлімдеріне мынадай құжаттар ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша комиссия төрағасының атына жазылған өтініш;

      2) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 24-тармағына сәйкес бекітілген нысан бойынша берілген бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін лицензияның көшірмесі;

      3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;

      4) жарғы көшірмесі;

      5) екінші деңгейлі банктерден берілетін қарыздардың болмауы туралы анықтама (еркін нысанда);

      6) Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің "Дербес шоттарды жүргізу ережелерін бекіту туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 622 бұйрығымен (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5446 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша салық төлеушінің есебі мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәлімет.

      Республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармалары, қалалардың (аудандардың) білім бөлімдері конкурсты өткізу мерзімін күнтізбелік жылғы 1 тамыздан кешіктірмей анықтайды.

      42. Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мемлекеттік орта білім беруге білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылады. Комиссия құрамын республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармалары, қалалардың (аудандардың) білім бөлімдері бекітеді.

      Комиссияның құрамына жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, қоғамдық ұйымдардың, педагогтік және ата-аналар қоғамының өкілдері кіреді. Конкурстық комиссия тақ саннан, бірақ кемінде бес адамнан тұруға тиіс;

      43. Комиссия шешiмдерi отырысқа қатысушы Комиссия мүшелерiнiң қарапайым көпшiлiгінің ашық дауыс беруі арқылы қабылданады және ол төраға қол қоятын хаттамамен ресiмделедi. Комиссия құрамының дауысы тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып саналады.

      Комиссия отырыс күнінен кейін 3 жұмыс күні ішінде орындар санын көрсете отырып, мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыратын орта білім беру ұйымдарының тізбесін бекіту туралы шешім қабылдайды.

      Орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы шешім республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармалары, қалалардың (аудандардың) білім бөлімдерінің интернет-ресурсында жарияланады.

      Бұдан бұрын мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырған орта білім беру ұйымдары отырыс хаттамасына конкурссыз енгізіледі.

6-тарау. Жергілікті атқарушы органдардың еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру

      Ескерту. Қағида 6-тараумен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.05.2018 № 231 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      44. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – ЖАО) жыл сайын ЖАО қаражаты есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқыту конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау басталғанға дейін 5 (бес) күннен кешіктірмей жоғары оқу орындары арасында конкурс жариялайды.

      Конкурс өткізу туралы шешім тиісті облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің және оның міндеттерін атқарушы адамның өкімімен ресімделеді.

      Конкурс өткізу туралы хабарландыру ЖАО-ның интернет-ресурстарында жарияланады.

      Конкурс өткізу үшін құрамы тиісті облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің немесе оның міндеттерін атқарушы адамның өкімімен бекітілетін ЖАО-ның Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – ЖАО комиссиясы) құрылады.

      ЖАО комиссиясының төрағасы тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі немесе және оның міндеттерін атқарушы адам болып табылады. ЖАО комиссиясы ЖАО-ның қызметкерлері, аталған аумақ бірлігінде орналасқан азаматтық қоғам институттарының өкілдері қатарынан құрылады. ЖАО комиссиясы мүшелерінің саны оның төрағасын қоса алғанда, тақ болып табылады.

      Егер онда оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, ЖАО комиссиясының отырысы заңды деп есептеледi.

      ЖАО комиссиясының шешімі ашық дауыс беру арқылы отырысқа қатысушы Комиссия мүшелері санының қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады және отырысқа қатысқан Комиссияның барлық мүшелері қол қоятын отырыс хаттамасымен ресімделеді.

      Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру конкурсына қатысу үшін жоғары оқу орындары ЖАО-ларға мынадай құжаттарды:

      1) осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша жоғары оқу орнының өтінімін;

      2) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша жоғары оқу орнының сауалнамасын;

      3) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша тиісті оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыруға ұсыныстарды қамтитын конкурстық өтінім береді.

      Конкурстық өтінімге кіретін құжаттар тігіледі, нөмірленеді, жоғары оқу орнының бірінші басшысы қол қояды, мөрімен расталады және конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген тәртіппен ұсынылады.

      Конкурстық өтінім конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген сағаттан және күннен кешіктірілмей ЖАО-ға жіберіледі. Конкурстық өтінімді беру мерзімі өткен соң түскен конкурстық өтінім кешіктірілу себептеріне қарамастан қаралмайды. Оларды беру мерзімі өткеннен кейін конкурстық өтінімге қандай да бір өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

      ЖАО комиссиясы конкурстық өтінімді өтінім берілген күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде қарайды, олардың конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келу дәрежесін айқындайды.

      Жоғары оқу орындарын айқындау және мамандықтар бөлігінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру кезінде ЖАО комиссиясы осы Қағидаларға 33 және 34-тармақтарда көрсетілген негізгі өлшемшарттарды басшылыққа алады. ЖАО-ның жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы әкімшілік-аумақтық бірлігіне қарамастан жоғары оқу орындарында орналастырылады. Бұл ретте жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы белгіленген квотаны, сондай-ақ оқуға түсушілердің жекелеген санаттары үшін нысаналы орындарды бөлуді ескере отырып, жоғары оқу орындарында орналастырылады.

      ЖАО комиссиясы жұмысының нәтижелері бойынша интернет-ресурстарында тиісті облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігінің қаулысымен бекітілген, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын жоғары оқу орындарының тізбесі жарияланады.

      ЖАО қаражаты есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқуға түсетін Қазақстан Республикасының азаматтарымен тиісті облыста немесе республикалық маңызы бар қалаларда, астанада кемінде 3 (үш) жыл жұмыс істеу туралы шарт жасалады.

  Еңбек нарығының
қажеттіліктерін ескере отырып,
техникалық және кәсiптiк, орта
бiлiмнен кейiнгi, жоғары және
жоғары оқу орнынан кейiнгi
бiлiмi бар мамандарды
даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу
орындарының дайындық
бөлімдеріне, мектепке дейінгі
тәрбиелеу мен оқытуға
мемлекеттiк бiлiм беру
тапсырысын орналастыру
қағидаларына 1-қосымша

Өтініш нысаны
(мектепке дейінгі ұйымның бланкінде толтырылады)

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.05.2018 № 231 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Мемлекеттік білім беру
тапсырысын орналастыру
бойынша комиссия төрағасына
____________________________
(төрағаның Т.А.Ә. (бар болғанда))

Өтініш

      Жаңа орындарға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке

      дейінгі тәрбие және оқу бойынша жеткізушілер тізбесіне

      _________________________________________________________________

      (мектепке дейінгі

      ұйымның атауы) қосуды өтінемін.

      Қосымша: конкурсқа қатысу үшін құжаттар _____ бетте.

      Мектепке дейінгі ұйымның басшысы _________________________

      (Т.А.Ә. (бар болғанда))

      ______________ М.О.

      (қолы)

      Толтырылған күні

  Еңбек нарығының
қажеттіліктерін ескере отырып,
техникалық және кәсiптiк, орта
бiлiмнен кейiнгi, жоғары және
жоғары оқу орнынан кейiнгi
бiлiмi бар мамандарды
даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу
орындарының дайындық
бөлімдеріне, мектепке дейінгі
тәрбиелеу мен оқытуға
мемлекеттiк бiлiм беру
тапсырысын орналастыру
қағидаларына 2-қосымша

Міндеттеме нысаны
(мектепке дейінгі ұйымның бланкінде толтырылады)

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.05.2018 № 231 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Мемлекеттік білім беру
тапсырысын орналастыру
бойынша комиссия төрағасына
____________________________
(төрағаның Т.А.Ә.
(бар болғанда))

Жеткізушінің міндеттемесі

      Осымен ___________________________________________________________________

      (мектепке дейінгі ұйымның атауы)

      атынан _________________________________________________________________________,

      (лауазымы Т.А.Ә (бар болғанда))

      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тамаққа

      кететін ата-аналардың төлемақы мөлшері белгіленген, тек қана республикалық маңызы бар

      қаланың, астананың білім басқармаларының, қалалардың (аудандардың) білім бөлімдерінің

      жолдамасымен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша балаларды қабылдау туралы

      міндеттерді орындауға кепілдік береді.

      Мектепке дейінгі ұйымның басшысы ____________________________      ____________

      (Т.А.Ә. (бар болғанда))                  (қолы)

      М.О.

      Толтырылған күні

  Еңбек нарығының
қажеттіліктерін ескере отырып,
техникалық және кәсiптiк, орта
бiлiмнен кейiнгi, жоғары және
жоғары оқу орнынан кейiнгi
бiлiмi бар мамандарды
даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу
орындарының дайындық
бөлімдеріне, мектепке дейінгі
тәрбиелеу мен оқытуға
мемлекеттiк бiлiм беру
тапсырысын орналастыру
қағидаларына 3-қосымша

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орнының өтінімі нысаны
(техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орнының бланкісінде толтырылады)

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.05.2018 № 231 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Конкурс ұйымдастырушыға Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптармен және

      конкурсты өткізу шарттарымен танысып, Комиссия төрағасына

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (оқу орнының атауы)

      өтінімге кіретін құжаттарға сәйкес

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (мамандықтардың коды, атауы)

      мамандықтары бойынша уәкілетті орган және ЖАО өткізетін конкурсқа қатысады.

      Қосымша: конкурсқа қатысу үшін құжаттар ___ бетте.

      Ұйым басшысы ___________________________________

      (қолы, Т.А.Ә. (бар болғанда))

      Толтырылған күні

      М.О.

  Еңбек нарығының
қажеттіліктерін ескере отырып,
техникалық және кәсiптiк, орта
бiлiмнен кейiнгi, жоғары және
жоғары оқу орнынан кейiнгi
бiлiмi бар мамандарды
даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу
орындарының дайындық
бөлімдеріне, мектепке дейінгі
тәрбиелеу мен оқытуға
мемлекеттiк бiлiм беру
тапсырысын орналастыру
қағидаларына 4-қосымша

20__ – 20__ оқу жылында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімді кадрларды даярлау үшін мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға арналған ұсыныстар

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.05.2018 № 231 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

_______________________________________________________________ (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орнының атауы) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім бойынша

Код

Мамандық атауы

Орын саны

9 сынып базасында

Оның ішінде қазақ тілінде оқытатын

11 сынып базасында

Оның ішінде қазақ тілінде оқытатын

1

2

3

4

5

6

7















      Ұйым басшысы _________________________________

      (қолы, Т.А.Ә. (бар болғанда))

      Толтырылған күні

      М.О.


  Еңбек нарығының қажеттіліктерін
ескере отырып, техникалық және
кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi,
жоғары және жоғары оқу орнынан
кейiнгi бiлiмi бар мамандарды
даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу
орындарының дайындық бөлімдеріне,
мектепке дейінгі тәрбиелеу мен
оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру
тапсырысын орналастыру қағидаларына
5-қосымша

Жоғары оқу орны өтінімінің нысаны

      (жоғары оқу орнының бланкісінде толтырылады)

      Қазақстан Республикасының

      Білім және ғылым министрлігі

      Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптарды және конкурсты

      өткізу шарттарын зерделей отырып,

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      (жоғары оқу орнының атауы)

      _______________________________________________________________

      (мамандықтың коды, атауы)

      мамандығы бойынша өтінімге енетін құжаттарға, сондай-ақ конкурстың

      шарттары мен талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және

      ғылым министрлігі өткізетін конкурсқа қатысады.

      Қосымша: конкурсқа қатысу үшін құжаттар ___ бетте.

      Ұйымның басшысы ________________________

      (қолы, Т. А. Ә.)

      Толтырылған күні

      М.О.

  Еңбек нарығының қажеттіліктерін
ескере отырып, техникалық және
кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi,
жоғары және жоғары оқу орнынан
кейiнгi бiлiмi бар мамандарды
даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу
орындарының дайындық бөлімдеріне,
мектепке дейінгі тәрбиелеу мен
оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру
тапсырысын орналастыру қағидаларына
6-қосымша

Жоғары оқу орнының сауалнамасы

ЖОО-ның толық атауы


ЖОО-ның құрылған жылы


ЖОО-ның құрылтайшысы


ЖОО-ның заңды мекен жайы


ЖОО-ның нақты мекен жайы, телефоны, факс, электронды мекен жайы


ЖОО ректорының Т.А.Ә.


Конкурсқа қатысу үшін жауапты тұлғаның Т.А.Ә., қызметі, байланыс мәліметтері


      Ұйымның басшысы ________________________

      (қолы, Т. А. Ә.)

      Толтырылған күні

      М.О.

  Еңбек нарығының қажеттіліктерін
ескере отырып, техникалық және
кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi,
жоғары және жоғары оқу орнынан
кейiнгi бiлiмi бар мамандарды
даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу
орындарының дайындық бөлімдеріне,
мектепке дейінгі тәрбиелеу мен
оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру
тапсырысын орналастыру қағидаларына
7-қосымша

Жоғары оқу орнының ақпараттық картасы

      Ескерту. 7-қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Білім және ғылым министрінің 30.06.2017 № 313 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      _______________________________________________

      (жоғары оқу орнының атауы)

      ________________________________________________

      (мамандықтың коды, атауы)

ЖОО туралы жалпы мәліметтер

Көрсеткіштер

1

Халықаралық және (немесе) ұлттық институционалдық аккредиттеу


2

ЖОО-ның халықаралық рейтингі (орны, рейтингінің атауы)


3

ЖОО-ның ұлттық бас рейтингі (орны, рейтингінің атауы)


4

Білім беру порталының болуы


5

Интернетке 100 Мб/с кем емес КЖҚ (кең жолақты қолжетімділіктің) болуы


6

Оқу процесіне пайдаланатын оқу-зертханалық базаның жаңартылуы, теңге/келтірілген контингент


7

Зерттеу институттарының, ғылыми және мамандандырылған зертханалардың, бизнес-инкубаторлардың, технопарктердің саны


8.1

ЖОО-да оқу процесі үшін пайдаланылатын спорттық жабдықтардың жалпы пайдалы көлемі, шаршы м.


8.2

Білім алушылардың жатақханамен қамтылу %-ы


8.3

Әр оқу корпусында білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болуы


8.4

Білім алушылар үшін медициналық қызмет көрсету,сондай-ақ оқу ғимараттарында медицина пунктінің болуы


9.1.

ЖОО-да ағымдағы оқу жылы бюджеттік және бюджеттен тыс түсімдердің жалпы сомасы, теңге


9.2.

/оның ішінде 1 штаттық ОПҚ-ға (теңгемен)


10

ЖОО-ның спорттық жетістіктері


10.1

Халықаралық деңгейде (саны)


10.2

Республикалық деңгейде (саны)


10.3

Аймақтық деңгейде (саны)



Мамандық бойынша жалпы мәліметтер


1

Мамандық бойынша білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін лицензияға қосымша


2

Халықаралық және/немесе ұлттық мамандандырылған аккредиттеу


3

Білім беру бағдарламасының ұлттық рейтингі (орны, рейтингінің атауы)


4

Бітірушілердің жұмысқа орналасуы, жұмысқа орналасқан бітірушілердің %-ы


5

Білім алушылар контингентінің болуы


6

Кітапханасында баспа басылымдары форматындағы және электронды форматтағы оқу және ғылыми әдебиет қорының болуы


I

Кадрлық қамтылуы және педагогикалық қызметкерінің біліктілік деңгейі


1.1.

Штаттық оқытушылардың жалпы саны:


ғылым докторлары


PhD докторлар


ғылым кандидаттары


магистрлер


1.2.

/оның ішінде мамандығы бойынша (саны)


ғылым докторлары


PhD докторлар


ғылым кандидаттары


магистрлер


2

ЖОО-да академиялық кезеңнен кем емес мерзімде шарт бойынша жұмыс істейтін шетелдік оқытушылардың саны


3

жалпы ЖОО бойынша ОПҚ дәрежелілік %-ы


4

мамандық бойынша ОПҚ дәрежелілік %-ы


5.1

"Еңбек сiңiрген жаттықтырушысы" спорттық атақтары бар оқытушылар саны ("Дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша)


5.2

Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаттары мен құрметті атақтары бар оқытушылар саны ("Өнер" мамандықтар тобы бойынша)


II

ОПҚ ғылыми-зерттеу қызметі


1.

Гранттық және бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру негізінде іргелі зерттеулер/ қолданбалы зерттеулер бойынша орындалатын ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламалар/ жобалар саны


2.1.

ОПҚ орындаған ғылыми-зерттеу жұмыстарының жалпы көлемі (теңгемен)


2.2.

/ оның ішінде 1 штаттық ОПҚ-ға (теңгемен)


3

ОПҚ ғылыми жарияланымдарының саны:


- шетелдік рейтингтік журналдарда (Томсон Рейтер (Web of Science,Thomson Reuters) немесе Scopus, Pubmed, zbMath, MathScinet, Agris, Georef, Astrophysical journal; Scopus, JSTORE деректер базасына енетін)


- ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған ғылыми басылымдарда


- монографиялар


- оқулықтар мен оқу құралдары


- патенттер, алдын ала патенттер, инновациялық патенттер, авторлық куәліктер


4

/оның ішінде 1 штаттық ОПҚ-ға:


- шетелдік рейтингтік журналдарда (Томсон Рейтер (Web of Science,Thomson Reuters) немесе Scopus, Pubmed, zbMath, MathScinet, Agris, Georef, Astrophysical journal; Scopus, JSTORE деректер базасына енетін)


- ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған ғылыми басылымдарда


- монографиялар


- оқулықтар мен оқу құралдары


- патенттер, алдын ала патенттер, инновациялық патенттер, авторлық куәліктер


III

Корпоративтік әріптестік және халықаралық қызмет


1

Аккредиттелген шетелдік ЖОО-лармен және ғылыми орталықтармен жасалған келісімдердің, меморандумдардың, шарттардың саны


2

Бірлескен ғылыми жобаларды орындау және зерттеу базасын ұсыну туралы аккредиттелген әріптес ғылыми ұйымдармен, оның ішінде шетелдік жасалған шарттардың саны


3

Білім алушылардың оқу, өндірістік тәжірибеден өтуіне шарттардың саны


4

Жетекші шетелдік ЖОО-мен бірлесіп орындалатын білім және зерттеу жобаларының саны


5

Әріптес ЖОО-мен бірлесіп іске асырылатын білім беру бағдарламаларының саны


6

Академиялық алмасу бағдарламаларына соңғы 3 жылда қатысқан білім алушылардың саны



      Жоғарыда келтірілген ақпараттың шынайылығын растаймын.

      Ұйымның басшысы ________________________

      (қолы, Т. А. Ә.)

      Толтырылған күні

      М.О.

  Еңбек нарығының қажеттіліктерін
ескере отырып, техникалық және
кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi,
жоғары және жоғары оқу орнынан
кейiнгi бiлiмi бар мамандарды
даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу
орындарының дайындық бөлімдеріне,
мектепке дейінгі тәрбиелеу мен
оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру
тапсырысын орналастыру қағидаларына
8-қосымша

___________оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі
білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру
тапсырысын орналастыру ұсынысы

      _________________________________________________________

      (жоғары оқу орнының атауы)

Жоғары білім бойынша

Коды

Мамандықтың атауы

Гранттың жалпы саны

Күндізгі оқу нысаны

Сырттай оқу нысаны

1

2

3

4

5











Жоғары оқу орнынан кейінгі білім бойынша

Коды

Мамандықтың атауы

орын саны

1

2

3







магистрлерді, PhD философия докторларын мақсатты даярлау бойынша

Коды

Мамандықтың атауы

Даярлау жоспарланған ЖОО-ның атауы

орын саны

1

2

3

4









      Ұйымның басшысы ________________________

      (қолы, Т. А. Ә.)

      Толтырылған күні

      М.О.

  Еңбек нарығының қажеттіліктерін
ескере отырып, техникалық және
кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi,
жоғары және жоғары оқу орнынан
кейiнгi бiлiмi бар мамандарды
даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу
орындарының дайындық бөлімдеріне,
мектепке дейінгі тәрбиелеу мен
оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру
тапсырысын орналастыру қағидаларына
9-қосымша

Ақпараттық карталар бойынша ЖОО ранжирлеу әдістемесі

      Ескерту. 9-қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Білім және ғылым министрінің 30.06.2017 № 313 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 28.05.2018 № 231 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

ЖОО туралы жалпы мәліметтер

Шартты белгілер

Мәннің түрі

1

Халықаралық және (немесе) ұлттық институционалдық аккредиттеу (бар/жоқ)*

А1

бар/жоқ

2

ЖОО-ның халықаралық рейтингі (орны, рейтингінің атауы)

А2

сан, бүтін, 0-1 000

3

ЖОО-ның ұлттық бас рейтингі (орны, рейтингінің атауы)

А3

сан, бүтін, 0-125

4

Білім беру порталының болуы (бар/жоқ)

А4

бар/жоқ

5

Интернетке 100Мб/с кем емес КЖҚ (кең жолақты қолжетімділіктің) болуы (бар/жоқ)

А5

бар/жоқ

6

Оқу процесінде пайдаланылатын оқу-зертханалық базаның жаңартылуы, теңге/келтірілген контингент

А6

сан

7

Зерттеу институттарының, ғылыми және мамандандырылған зертханалардың, бизнес-инкубаторлардың, технопарктердің саны

А7

сан, бүтін

8.1

ЖОО-да оқу процесі үшін қолданылатын спорттық жабдықтардың жалпы пайдалы көлемі, шаршы м.

А8.1

сан

8.2

Білім алушылардың жатақханамен
қамтылу %-ы

А8.2

%

8.3

Әр оқу корпусында білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болуы

А8.3

бар/жоқ

8.4

Білім алушылар үшін медициналық қызмет көрсету,сондай-ақ оқу ғимараттарында медицина пунктінің болуы

А8.4

бар/жоқ

9.1

ЖОО-да ағымдағы оқу жылы бюджеттік және бюджеттен тыс түсімдердің жалпы сомасы, теңге

А9.1.

сан

9.2

/оның ішінде 1 штаттық ОПҚ-ға (теңгемен)

А9.2.

сан

10

ЖОО-ның спорттық жетістіктері

А10


10.1

Халықаралық деңгейде (саны)

А10.1.

сан, бүтін

10.2

Республикалық деңгейде (саны)

А10.2.

сан, бүтін

10.3

Аймақтық деңгейде (саны)

А10.3.

сан, бүтін


Мамандық бойынша жалпы мәліметтер



1

Мамандық бойынша білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін лицензияға қосымша (бар/жоқ)

B1

бар/жоқ

2

Халықаралық және/немесе ұлттық мамандандырылған аккредиттеу (бар/жоқ)*

B2

бар/жоқ

3

Білім беру бағдарламасының ұлттық рейтингі (орны, рейтингінің атауы)

B3

сан, бүтін,
0-125

4

Бітірушілердің жұмысқа орналасуы, жұмысқа орналасқан бітірушілердің %-ы **

B4

%

5

Білім алушылар контингентінің болуы (бар/жоқ)

B5

бар/жоқ

6

Кітапханасында баспа басылымдары форматындағы және электронды форматтағы оқу және ғылыми әдебиет қорының болуы

B6

бар/жоқ

I

ІІ. Кадрлық қамтылуы және педагогикалық қызметкерінің біліктілік деңгейі

C1


1.1.

Штаттық оқытушылардың жалпы саны:

C1.1.

сан, бүтін

ғылым докторлары

C1.1.1.

сан, бүтін

PhD докторлар

C1.1.2.

сан, бүтін

ғылым кандидаттары

C1.1.3.

сан, бүтін

магистрлер

C1.1.4.

сан, бүтін

1.2.

/оның ішінде мамандығы бойынша (саны)

C1.2.

сан, бүтін

ғылым докторлары

C1.2.1.

сан, бүтін

PhD докторлар

C1.2.2.

сан, бүтін

ғылым кандидаттары

C1.2.3.

сан, бүтін

магистрлер

C1.2.4.

сан, бүтін

2

ЖОО-да академиялық кезеңнен кем емес мерзімде шарт бойынша жұмыс істейтін шетелдік оқытушылардың саны

C2

сан, бүтін

3

жалпы ЖОО бойынша ОПҚ дәрежелілік %-ы ***

C3

%

4

мамандық бойынша ОПҚ дәрежелілік %-ы ***

C4

%

5.1

"Еңбек сiңiрген жаттықтырушысы" спорттық атақтары бар оқытушылар саны ("Дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша)

C5.1

сан, бүтін

5.2

Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаттары мен құрметті атақтары бар оқытушылар саны ("Өнер" мамандықтар тобы бойынша)

C5.2

сан, бүтін

II

ОПҚ ғылыми-зерттеу қызметі



1.

Гранттық және бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру негізінде іргелі зерттеулер/ қолданбалы зерттеулер бойынша орындалатын ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламалар/ жобалар саны

C6.1

сан, бүтін

2.1.

ОПҚ орындаған ғылыми-зерттеу жұмыстарының жалпы көлемі (теңгемен)

C6.2.1

сан

2.2.

/ оның ішінде 1 штаттық ОПҚ-ға (теңгемен)

C6.2.2.

сан

3

ОПҚ ғылыми жарияланымдарының саны:



- шетелдік рейтингтік журналдарда (Томсон Рейтер (Web of Science,Thomson Reuters) немесе Scopus, Pubmed, zbMath, MathScinet, Agris, Georef, Astrophysical journal; Scopus, JSTORE деректер базасына енетін)

C6.3.1.

сан, бүтін

- ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған ғылыми басылымдарда

C6.3.2.

сан, бүтін

- монографиялар

C6.3.3.

сан, бүтін

- оқулықтар мен оқу құралдары

C6.3.4.

сан, бүтін

- патенттер, алдын ала патенттер, инновациялық патенттер, авторлық куәліктер

C6.3.5.

сан, бүтін

4

/оның ішінде 1 штаттық ОПҚ-ға:



- шетелдік рейтингтік журналдарда (Томсон Рейтер (Web of Science,Thomson Reuters) немесе Scopus, Pubmed, zbMath, MathScinet, Agris, Georef, Astrophysical journal; Scopus, JSTORE деректер базасына енетін)

C6.4.1.

сан, бүтін

- ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған ғылыми басылымдарда

C6.4.2.

сан, бүтін

- монографиялар

C6.4.3.

сан, бүтін

- оқулықтар мен оқу құралдары

C6.4.4.

сан, бүтін

- патенттер, алдын ала патенттер, инновациялық патенттер, авторлық куәліктер

C6.4.5.

сан, бүтін

III

Корпоративтік әріптестік және халықаралық қызмет



1

Аккредиттелген шетелдік ЖОО-мен және ғылыми орталықтармен жасалған келісімдердің, меморандумдардың, шарттардың саны

C7.1.

сан, бүтін

2

Бірлескен ғылыми жобаларды орындау және зерттеу базасын ұсыну туралы аккредиттелген әріптес ғылыми ұйымдармен, оның ішінде шетелдік жасалған шарттардың саны

C7.2.

сан, бүтін

3

Білім алушылардың оқу, өндірістік практикадан өтуіне арналған шарттардың саны

C7.3.

сан, бүтін

4

Жетекші шетелдік ЖОО-лармен бірлесіп орындалатын білім беру және зерттеу жобаларының саны

C7.4.

сан, бүтін

5

Әріптес ЖОО-лармен бірлесіп іске асырылатын білім беру бағдарламаларының саны

C7.5.

сан, бүтін

6

Академиялық алмасу бағдарламаларына соңғы 3 жылда қатысқан білім алушылардың саны

C7.6.

сан, бүтін

      Ескертпе:

      * – егер ЖОО "жоқ" көрсетсе, онда конкурсқа қатысушылар қатарынан шығарылады;

      ** – жоғары оқу орнын бітірушілердің жұмысқа орналасу көрсеткішінің шекті мәнін Комиссия айқындайды;

      *** – ұсынылған мәліметтерден есептеледі.

  Еңбек нарығының қажеттіліктерін
ескере отырып, техникалық және
кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi,
жоғары және жоғары оқу орнынан
кейiнгi бiлiмi бар мамандарды
даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу
орындарының дайындық бөлімдеріне,
мектепке дейінгі тәрбиелеу мен
оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру
тапсырысын орналастыру қағидаларына
10-қосымша

Жоғары оқу орны өтінімінің нысаны

      (жоғары оқу орнының бланкісінде толтырылады)

      Қазақстан Республикасының

      Білім және ғылым министрлігі

      Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптарды және конкурсты

      өткізу шарттарын зерделей отырып,

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      (жоғары оқу орнының аталуы)

      өтінімге енетін құжаттарға, сондай-ақ конкурстың шарттары мен

      талаптарына сәйкес дайындық бөлімдеріне тыңдаушыларды оқытуға

      мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін Қазақстан

      Республикасы Білім және ғылым министрлігі өткізетін конкурсқа

      қатысады.

      Қосымша: конкурсқа қатысу үшін құжаттар ___ бетте.

      Ұйымның басшысы ________________________

      (қолы, Т. А. Ә.)

      Толтырылған күні

      М.О.

  Еңбек нарығының қажеттіліктерін
ескере отырып, техникалық және
кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi,
жоғары және жоғары оқу орнынан
кейiнгi бiлiмi бар мамандарды
даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу
орындарының дайындық бөлімдеріне,
мектепке дейінгі тәрбиелеу мен
оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру
тапсырысын орналастыру қағидаларына
11-қосымша

___________оқу жылына дайындық бөлімдеріне тыңдаушыларды
оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру ұсынысы

      ___________________________________________________________

      (жоғары оқу орнының атауы)

Жоғары оқу орнының атауы

Орын саны

1

2





      Ұйымның басшысы ________________________

      (қолы, Т. А. Ә.)

      Толтырылған күні

      М.О.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 29 қаңтардағы
№ 122 бұйрығына
12 қосымша

      Өтініш үлгісі
(орта білімберу ұйымының бланкісінде толтырылады)

      Ескерту. Қағида 12-қосымшамен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 29.09.2017 № 490 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Мемлекеттiк бiлiм беру
тапсырысын орналастыру
жөніндегі комиссияның
төрағасы
___________________________
(Т.А.Ә.)

Өтініш

      Орта білім бойынша мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру үшін

      _______________________________________________________________________________

      (орта білім мекемесінің аты)

      көрсетілген қызметтерді жеткізушілердің тізбесіне енгізуді сұраймын.

      Орта білім ұйымының

      басшысы            _________________________

      (қолы, Т.А.Ә.)

      Толтырылған күні

      Мөр орны

  Еңбек нарығының
қажеттіліктерін ескере отырып,
техникалық және кәсiптiк, орта
бiлiмнен кейiнгi, жоғары және
жоғары оқу орнынан кейiнгi
бiлiмi бар мамандарды
даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу
орындарының дайындық
бөлімдеріне, мектепке дейінгі
тәрбиелеу мен оқытуға
мемлекеттiк бiлiм беру
тапсырысын орналастыру
қағидаларына 13-қосымша

Жоғары оқу орны өтінімінің нысаны (жоғары оқу орнының бланкісінде толтырылады)

      Ескерту. Қағида 13-қосымшамен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.05.2018 № 231 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Облыстың, республикалық
маңызы бар қаланың, астананың
жергілікті атқарушы органы

      Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптарды және конкурсты өткізу шарттарын

      зерделей отырып, ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (жоғары оқу орнының атауы)

      өтінімге кіретін құжаттарға сондай-ақ конкурстың шарттары мен талаптарына сәйкес

      ________________________________________________________________________________

      (мамандықтың коды, атауы)

      мамандығы бойынша тиісті облыс әкімдігі өткізетін конкурсқа қатысады.

      Қосымша: конкурсқа қатысу үшін құжаттар ___ бетте.

      Ұйымның басшысы ______________________________

      (қолы, Т. А. Ә. (бар болғанда))

      Толтырылған күні

      М.О.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 29 қаңтардағы
№ 122 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің күшін жойған кейбір бұйрықтарының тізімі:

      1. "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушысының 2012 жылғы 4 мамырдағы № 198 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7690 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2012 жылғы 13 маусымдағы № 318-319 (27393) санында жарияланған);

      2. "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2012 жылғы 4 мамырдағы № 198 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 6 наурыздағы № 77 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8387 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2013 жылғы 7 тамыздағы № 184 (28123) санында жарияланған);

      3. "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 4 мамырдағы 198 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 23 тамыздағы № 353 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8733 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2013 жылғы 31 қазандағы № 243 (28182) санында жарияланған);

      4. "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 4 мамырдағы № 198 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 22 шілдедегі № 295 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9701 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 22 қыркүйекте жарияланған).