Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімшелеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыр

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 9 наурызда № 13418 болып тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.08.2022 № 381 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 43) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 09.04.2020 № 136 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімшелеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.08.2022 № 381 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылсын.

      3. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, халықаралық ынтымақтастық департаменті (С.М. Өмірбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
А.Сәрінжіпов

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 29 қаңтардағы
№ 122 бұйрығымен бекітілген

Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімшелеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 09.12.2022 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 43) тармақшасына сәйкес әзірленді және еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімшелеріне орналастыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) білім беру саласындағы уәкілетті органның операторы – жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын, студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты, жекеменшік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды және мемлекеттік атаулы стипендияларды қоспағанда, мемлекеттік стипендиялар төлеуді жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруға қатысушылардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын және осы Заңның 47-бабының 17-тармағында аталған адамдардың бюджет қаражаты шығыстарын жұмыспен өтеу немесе жұмыспен өтемеген жағдайда орнын толтыру жөніндегі өз міндеттерін сақтауын мониторингтеу мен бақылауды қамтамасыз ететін заңды тұлға;

      2) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын және ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыратын жоғары оқу орны.

      3. Экономиканың кадрларға болжамды қажеттілігін, оның ішінде салалық және өңірлік қажеттілігін, елдің индустриялық-инновациялық даму басымдықтарын, ЖЖОКБҰ және ғылыми ұйымдардың ғылыми-педагогикалық кадрларға қажеттілігін ескере отырып, қалыптастырылған және білім беру бағдарламаларының топтары бойынша бөлінген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы ЖЖОКБҰ арасында конкурстық негізде орналастырылады.

      4. Жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы меншік нысанына қарамастан ЖЖОКБҰ білім беру саласындағы уәкілетті орган өткізетін конкурс нәтижелері бойынша білім беру гранты түрінде орналастырылады.

      Магистрлер мен философия докторларын (PhD)/бейіні бойынша докторларды, оның ішінде өңірлік ЖЖОКБҰ мен ғылыми ұйымдарға мақсатты даярлау үшін мемлекеттік білім беру тапсырысы меншік нысанына қарамастан ЖЖОКБҰ-да орналастырылады.

      5. Дайындық бөлімдерінің тыңдаушылары үшін мемлекеттік білім беру тапсырысы білім беру саласындағы уәкілетті орган өткізетін конкурс нәтижесі бойынша ЖЖОКБҰ орналастырылады.

      6. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын әкімшісі білім беру саласындағы уәкілетті орган болып табылатын тиісті бюджеттік бағдарламаларда көзделген қаражат шегінде білім беру саласындағы уәкілетті органның операторы орналастырады.

2-тарау. Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, ЖЖОКБҰ-лардың дайындық бөлімшелеріне мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру тәртібі

      7. Білім беру қызметтерін алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жүзеге асырылады.

      8. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын есепке алғандағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 596 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16138 болып тіркелген) және "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын есепке алғандағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16137 болып тіркелген) сәйкес жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру шеңберінде орналастырылады.

1-параграф. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау қызметтерін көрсететін әлеуетті өнім берушілердің тізбесін қалыптастыру тәртібі

      9. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін білім беру саласындағы уәкілетті орган және (немесе) тиісті саланың уәкілетті органы (бұдан әрі – ТСУО) ЖЖОКБҰ арасында конкурс жариялау арқылы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау қызметтерін көрсететін әлеуетті өнім берушілердің тізбелерін қалыптастырады.

      Конкурс өткізу туралы шешім оның өткізілу мерзімдері көрсетіле отырып, Министрдің немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен ресімделеді.

      10. Конкурс өткізу туралы хабарландыру білім беру саласындағы уәкілетті органның және (немесе) ТСУО-ның ресми интернет-ресурстарында жарияланады.

      ЖЖОКБҰ-ның конкурстық өтінімдерін Қағидалардағы 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қабылдау (бұдан әрі-конкурстық өтінім) хабарландыру жарияланған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      11. Конкурс өткізу үшін құрамы Министрдің немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен бекітілетін, кемінде 5 мүшеден және төрағадан тұратын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау қызметтерін көрсететін әлеуетті өнім берушілердің тізбелерін қалыптастыру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Тізбелерді қалыптастыру жөніндегі комиссия) құрылады.

      Тізбелерді қалыптастыру жөніндегі комиссия білім беру саласындағы уәкілетті органның және (немесе) ТСУО-ның, мүдделі мемлекеттік органдар мен ведомстволардың қызметкерлері, азаматтық қоғам институтының, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлік палатасының, салалық қауымдастықтың, Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары қауымдастығының және (немесе) Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары ректорлары кеңесінің өкілдерінен құрылады. Тізбелерді қалыптастыру жөніндегі комиссия мүшелері арасынан көпшілік дауыспен комиссия төрағасы сайланады. Тізбелерді қалыптастыру жөніндегі комиссия құрамының саны оның төрағасын қоса алғанда тақ болады.

      12. Тізбелерді қалыптастыру жөніндегі комиссияның отырысы оның төрағасы бекiткен жоспар бойынша өткiзiледi және егер оның мүшелерінің жалпы санының 2/3 (үштен екісі) астамы қатысса, заңды деп есептеледi.

      13. Тізбелерді қалыптастыру жөніндегі комиссияның шешімдері отырысқа қатысушы Тізбелерді қалыптастыру жөніндегі комиссия мүшелерінің қарапайым көпшілігінің ашық дауыс беруі арқылы қабылданады және ол төраға қол қоятын хаттамамен ресімделеді. Дауыстар тең түскен жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.

      14. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау қызметтерін көрсететін әлеуетті өнім берушілердің тізбелерін қалыптастыру жөніндегі конкурсқа қатысу үшін ЖЖОКБҰ білім беру саласындағы уәкілетті органға және (немесе) ТСУО-ға электрондық форматта мынадай құжаттарды қамтитын конкурстық өтінімді ұсынады:

      1) конкурстық өтінімді;

      2) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЖЖОКБҰ-ның сауалнамасын;

      3) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЖЖОКБҰ-ның ақпараттық картасын;

      4) Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға ұсынысты;

      ЖЖОКБҰ ұсынған ақпараттық карталардың көрсеткіштері бойынша мәселелер туындаған жағдайда Қағидалардың осы тармағының 3) тармақшасына сәйкес Тізбелерді қалыптастыру жөніндегі комиссия растау құжаттарын сұратады.

      15. Конкурстық өтінімге кіретін құжаттарға ЖЖОКБҰ-ның бірінші басшысының қолы қойылады, олар мөрмен расталады және электрондық форматта және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы онлайн конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген тәртіппен ұсынылады.

      Бұл ретте ЖЖОКБҰ ұсынған мәліметтер "Ұлттық білім беру деректер қоры" ақпараттық жүйесінің деректерімен сәйкестігі тұрғысынан салыстырылады.

      16. Конкурстық өтінім білім беру саласындағы уәкілетті органға және (немесе) ТСУО-ға электрондық форматта конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген сағат пен күннен кешіктірілмей жіберіледі. Конкурстық өтінімдерді беру мерзімі аяқталғаннан кейін келіп түскен конкурстық өтінім кешігу себептеріне қарамастан қаралмайды. Конкурстық өтінімдерге оларды беру мерзімі өткеннен кейін қандай да бір өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

      17. Тізбелерді қалыптастыру жөніндегі комиссия конкурстық өтінімдерді қарайды, олардың конкурстық құжаттамаларға сәйкестік деңгейін анықтайды және Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес оларды саралауды жүргізеді.

      18. Білім беру бағдарламаларының топтары бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау қызметтерін көрсететін әлеуетті өнім берушілердің тізбелерін қалыптастыру жөніндегі конкурсқа әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген институционалдық және (немесе) мамандандырылған аккредиттеуден өткен жоғары оқу орындары қатысады.

      ЖЖОКБҰ бітірушілердің жұмысқа орналасу көрсеткішінің шекті мәнін Тізбелерді қалыптастыру жөніндегі комиссия айқындайды.

      Лицензияны алғаш алған кадрларды даярлаудың жаңа бағыттары, сондай-ақ экономиканың басым салалары бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау үшін жаңадан құрылған ЖЖОКБҰ ерекшелік болып саналады. Бұл ретте ЖЖОКБҰ-дың тізбесін Тізбелерді қалыптастыру жөніндегі комиссия айқындайды.

      19. Жоғары білімі бар кадрларды даярлау қызметтерін көрсететін әлеуетті өнім берушілердің тізбелерін қалыптастыру кезінде Тізбелерді қалыптастыру жөніндегі комиссия мыналарды ескереді:

      1) Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышына алғашқы рет енгізілген бағыттарды қоспағанда, тиісті бағыт бойынша білім алушылар контингентінің болуы;

      2) ЖЖОКБҰ-ның кадрлық қамтамасыз етуі және ғылыми-білім беру процесін материалдық - техникалық қамтамасыз етуі;

      3) оқу, оқу-әдістемелік әдебиеттермен және өзге де ақпараттық ресурстармен қамтамасыз етілуі;

      4) ЖЖОКБҰ-да жүргізілген ғылыми зерттеулердің ғылыми әлеуеті мен деңгейі (ЖЖОКБҰ үшін);

      5) басқа қалалардан келген білім алушылардың тұруы үшін жатақхана орындарының, қоғамдық тамақтану және медициналық қызмет көрсету пунктерінің болуы;

      6) аккредиттелген білім беру бағдарламаларының болуы;

      7) өтінім берілген мамандықтар бойынша бітірушілердің ЖЖОКБҰ-ны бітіргеннен кейінгі бірінші жылы жұмысқа орналасуы және жұмыспен қамтылуы туралы мәліметтер;

      8) ЖЖОКБҰ-лардың халықаралық және/немесе ұлттық рейтингілерге қатысуы;

      9) ЖЖОКБҰ-ның Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлік палатасы өткізетін рейтингтегі орны.

      20. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау қызметтерін көрсететін әлеуетті өнім берушілердің тізбелерін қалыптастыру кезінде Тізбелерді қалыптастыру жөніндегі комиссия мыналарды ескереді:

      1) ЖЖОКБҰ-ның халықаралық және/немесе ұлттық рейтингілерге қатысуы;

      2) бірлескен ғылыми жобаларды орындау және зерттеу базасын ұсыну туралы аккредиттелген әріптес ғылыми ұйымдармен, оның ішінде шетелдік жасалған шарттардың болуы;

      3) ЖЖОКБҰ-ның профессорлық-оқытушылық құрамы қатарынан ғылым докторы/ғылым кандидаты ғылыми дәрежелері және философия докторы (Phd)/бейіні бойынша доктор дәрежесі бар ғылыми жетекшілердің болуы;

      4) шетелдік әріптес ЖЖОКБҰ-лармен (ғылыми ұйымдармен) бірлескен ғылыми-білім беру жобаларын орындау;

      5) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметін жүргізу талаптарына сәйкес ғылыми-білім беру процесін кадрлық қамтамасыз ету ("Өнер" мамандықтарының тобы үшін, оның ішінде құрметті атақтары және Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары бар оқытушылар);

      6) әлемдік ғылыми және білім беру ресурстарына қолжетімділік; жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметін жүргізу талаптарына сәйкес ғылыми-білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

      7) аккредиттелген білім беру бағдарламаларының болуы;

      8) гранттық және бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру және сыртқы қаржыландыру көздерінің негізінде ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобаларды орындауы;

      9) ЖЖОКБҰ-да білім алушылар тұруға арналған жатақхана орындарының, қоғамдық тамақтану және медициналық қызмет көрсету пунктерінің болуы;

      10) өтінім берілген мамандықтар бойынша бітірушілердің ЖЖОКБҰ-ны бітіргеннен кейінгі бірінші жылы жұмысқа орналасуы және жұмыспен қамтылуы туралы мәліметтер.

      Тиісті білім беру бағдарламаларының тобы бойынша бітіргеннен кейін 4 (төрт) жыл ішінде докторантура түлектері оқуын аяқтаған және философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін бекітпеген ЖЖОКБҰ-ны конкурсқа жіберу Тізбелерді қалыптастыру жөніндегі комиссияның шешімі бойынша жүзеге асырылады.

      21. Дайындық бөлімдерінде тыңдаушыларды оқыту қызметтерін көрсететін әлеуетті өнім берушілердің тізбелерін қалыптастыру жөніндегі конкурсқа қатысу үшін ЖЖОКБҰ білім беру саласындағы уәкілетті органға және (немесе) ТСУО-ға электрондық форматта мынадай құжаттарды қамтитын конкурстық өтінімді ұсынады:

      1) Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЖЖОКБҰ-ның конкурстық өтінімі;

      2) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЖЖОКБҰ-ның сауалнамасы;

      3) Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес тиісті оқу жылына дайындық бөлімдеріне тыңдаушыларды оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға ұсыныс.

      22. Дайындық бөлімдерінде тыңдаушыларды оқыту қызметтерін көрсететін әлеуетті өнім берушілердің тізбелерін қалыптастыру кезінде Тізбелерді қалыптастыру жөніндегі комиссия мыналарды ескереді:

      1) білім беру процесінің кадрлық және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі және педагогтердің біліктілік деңгейі; талапкерлерді кешенді тестілеудің барлық пәндері бойынша оқытушылардың болуы;

      2) оқу, оқу-әдістемелік әдебиеттермен және өзге де ақпараттық ресурстармен қамтамасыз етілуі;

      3) ЖЖОКБҰ-да білім алушылар тұру үшін жатақхана орындарының, қоғамдық тамақтану және медициналық қызмет көрсету пунктерінің болуы;

      23. Тізбелерді қалыптастыру жөніндегі комиссия бағалауды ескере отырып, төмендегілер бойынша қызметтер көрсететін әлеуетті өнім берушілердің тізбелерін (бұдан әрі – Әлеуетті өнім берушілердің тізбелері) қалыптастыру туралы шешім қабылдайды:

      1) жоғары білім бар кадрларды даярлау;

      2) магистратурада кадрларды даярлау;

      3) докторантурада кадрларды даярлау;

      4) ЖЖОКБҰ-ның дайындық бөлімдерінде тыңдаушыларды оқыту, оның ішінде тілдік дайындық деңгейін арттыру үшін.

      Тізбелерді қалыптастыру жөніндегі комиссия жұмысының нәтижелері бойынша тиісті жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей Министрдің немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен Әлеуетті өнім берушілердің тізбелері бекітіледі және білім беру саласындағы уәкілетті орган білім беру саласындағы уәкілетті органның операторын бір мезгілде хабардар ете отырып, білім беру саласындағы уәкілетті органның және (немесе) ТСУО-ның ресми интернет-ресурстарында жарияланады.

2-параграф. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын конкурстық негізде орналастыру тәртібі

      24. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын конкурстық негізде орналастыруға конкурстық іріктеуге қатысу үшін ЖЖОКБҰ-ның конкурстық өтінімдер беруі талап етілмейді.

      ЖЖОКБҰ-ны айқындауды Тізбелерді қалыптастыру жөніндегі комиссия білім беру саласындағы уәкілетті органның және (немесе) ТСУО-ның ресми интернет-ресурстарында жарияланған Әлеуетті өнім берушілердің тізбесіне енгізілген ЖЖОКБҰ-лар қатарынан жүргізеді.

      25. Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін ЖЖОКБҰ-ны айқындау кезінде:

      жоғары білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру кезінде Тізбелерді қалыптастыру жөніндегі комиссия жоғары білімі бар кадрларды даярлау қызметтерін көрсететін әлеуетті өнім берушілер үшін осы Қағидалардың 19-тармағын басшылыққа алады;

      жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды, оның ішінде докторантурадағы мақсатты орындарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру кезінде Тізбелерді қалыптастыру жөніндегі комиссия жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау қызметтерін көрсететін әлеуетті өнім берушілер үшін осы Қағидалардың 20-тармағын басшылыққа алады;

      ЖЖОКБҰ-ның дайындық бөлімінде тыңдаушыларды оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру кезінде Тізбелерді қалыптастыру жөніндегі комиссия дайындық бөлімінде тыңдаушыларды оқыту қызметтерін көрсететін әлеуетті өнім берушілер үшін осы Қағидалардың 22-тармағын басшылыққа алады.

      26. ЖЖОКБҰ-ны айқындау жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының топтары бойынша жеке-жеке жүргізіледі.

      27. Тізбелерді қалыптастыру жөніндегі комиссия бағалауды ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы шешім қабылдап, мыналарды көрсетеді:

      1) конкурс шарттары бойынша жоғары білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын ЖЖОКБҰ-лар тізбесі;

      2) конкурс шарттары бойынша магистратурада кадрлар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын, оның ішінде жекелеген ЖЖОКБҰ-лар үшін көлемі көрсетілген ЖЖОКБҰ-лар тізбесі;

      3) конкурс шарттары бойынша білім беру бағдарламаларының топтары бөлінісінде, оның ішінде философия докторларын (PhD)/бейіні бойынша докторларды мақсатты түрде даярлау үшін көлемін көрсете отырып, докторантурада кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын базалық ЖЖОКБҰ-лар тізбесі;

      4) ЖЖОКБҰ-ның дайындық бөлімдерінде тыңдаушыларды оқыту үшін, оның ішінде тілдік дайындық деңгейін арттыру үшін көлемі көрсетілген мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын ЖЖОКБҰ;

      5) конкурс шарттары бойынша білім беру бағдарламаларының топтары бойынша көлемі көрсетіле отырып, жоғары білімі бар педагогтерді даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын ЖЖОКБҰ.

      28. Тізбелерді қалыптастыру жөніндегі комиссия жұмысының нәтижелері бойынша Министрдің немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бекітіледі және білім беру саласындағы уәкілетті орган білім беру саласындағы уәкілетті органның операторын бір мезгілде хабардар ете отырып, білім беру саласындағы уәкілетті органның және (немесе) ТСУО-ның ресми интернет-ресурстарында жарияланады.

3-параграф. Білім беру қызметтерін алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру тәртібі

      29. Білім беру қызметтерін алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін ЖЖОКБҰ-ны жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде білім беру қызметтерін алушылар болып табылатын білім алушылар айқындайды.

      Бұл ретте білім алушылар ЖЖОКБҰ-ны білім беру саласындағы уәкілетті органның және (немесе) ТСУО-ның ресми интернет-ресурстарында жарияланған Әлеуетті өнім берушілердің тізбесіне кіретін ЖЖОКБҰ-лар қатарынан айқындайды.

      Білім беру қызметтерін алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін ЖЖОКБҰ айқындалғаннан кейін ЖЖОКБҰ мен білім алушылар арасында білім беру қызметтерін көрсету шарты жасалады.

      Білім беру қызметтерін көрсету шарты туралы ақпаратты ЖЖОКБҰ білім беру саласындағы уәкілетті органның операторы айқындаған ақпараттық жүйеде көрсетуі тиіс.

      30. Білім беру қызметтерін алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру мынадай жүйелі әрекеттер арқылы жүзеге асырылады:

      1) Әлеуетті өнім берушілер тізбесіне енгізілген ЖЖОКБҰ-лардың, білім алушылардың және екінші деңгейдегі банктердің тараптардың өзара әрекеттесуінің стандартты шарттарын көздейтін, нысанын білім беру саласындағы уәкілетті органның операторы бекітетін және оның ресми интернет-ресурсында орналастырылатын қосылу шартына қосылуы;

      Қосылу шартының талаптарын білім беру саласындағы уәкілетті органның операторы айқындайды және олар Тараптардың оған тұтастай қосылу жолымен ғана қабылданады. Бұл ретте қосылу шартында оның тараптарының білім беру қызметтерін алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру шеңберінде бюджет қаражатын мақсатты пайдалануы жөнінде, оның ішінде кінәлі тараптың негізсіз алынған бюджет қаражатын бюджетке қайтаруы түрінде не оларды нысаналы мақсатқа сай пайдаланбағаны үшін жауапкершілігі туралы талаптар қамтылуы тиіс;

      2) білім алушылардың білім беру қызметтерін алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру мақсатында "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – МБЖЖ туралы заң) сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша өз атына банктік шоттарды ашуы.

      Осы тармақшада көрсетілген банктік шоттарды ашу МБЖЖ туралы заңның шеңберінде қатысушы банк болып табылатын және Қағидалардың осы тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қосылу шартына қосылған екінші деңгейдегі банкте жүзеге асырылады, оның аясында екінші деңгейдегі банк білім алушылардың банктік шоттарына аударылатын және Әлеуетті өнім берушілер тізбесіне енгізілген ЖЖОКБҰ-ға білім алушылардың білім беру қызметтерін алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру шеңберінде тиісті білім алушыларға білім беру қызметтерін көрсеткені үшін кейіннен қолма-қол ақшасыз аударуға арналған бюджет қаражатының нысаналы мақсатын сақтауға кепілдік береді;

      3) қаражатты аудару 1 қазаннан кешіктірілмей жүргізілетін оқудың бірінші жылын қоспағанда, емтихан сессиясының нәтижелері бойынша академиялық қарызы болмаған кезде Қағидалардың осы тармағының 2) тармақшасында көрсетілген банк шоттарына бюджет қаражатын қолма-қол ақшасыз аудару (қаржы жылы ішінде 2 рет);

      4) Қағидалардың осы тармағының 2) тармақшасында көрсетілген банктік шоттардан білім беру қызметтерін алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде Әлеуетті өнім берушілер тізбесіне енгізілген тиісті ЖЖОКБҰ-лардың шоттарына қолма-қол ақшасыз аудару. Бір білім алушының атына ашылған Қағидалардың осы тармағының 2) тармақшасында көрсетілген банк шотынан бюджет қаражатын басқа білім алушы үшін білім беру қызметтеріне ақы төлеу мақсатында ЖЖОКБҰ шотына аударуға жол берілмейді.

      Қағидалардың осы тармағының 2) тармақшасында көрсетілген банк шоттарынан қолма-қол ақша беруге жол берілмейді.

      Қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қағидалардың осы тармағының 2) тармақшасында көрсетілген банктік шоттардағы пайдаланылмаған бюджет қаражатын білім алушылар жоғарыда көрсетілген бюджет қаражаты бюджетке акцептсіз қайтарылуға тиісті болатын білім алушыны оқудан шығару жағдайын қоспағанда, келесі қаржы жылында нысаналы мақсаты бойынша пайдаланады. Бұл ретте Қағидалардың осы тармағының 2) тармақшасында көрсетілген банктік шоттарда бюджет қаражатының қалдықтары болғанда білім алушы осындай қалдықтарды жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқуды бітіргеннен кейін білімнің жаңа деңгейлерін алу мақсатында білім беру қызметтеріне ақы төлеу арқылы пайдаланады.

      Білім беру қызметтерін алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру шеңберінде бюджет қаражатын мақсатты пайдалану білім алушылардың тиісті ЖЖОКБҰ-да білім беру саласындағы тиісті деңгей, код және сыныптама бойынша білім беру қызметтерін толық көлемде алуы болып танылады.

      31. Білім беру қызметтерін алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға орналастырылған мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасына және (немесе) көлеміне мониторингті ЖЖОКБҰ және білім алушылар Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде дербес жүргізеді.

      32. Білім беру қызметін алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру шеңберінде бюджет қаражатын аудару білім алушы академиялық демалыста болған кезеңде уақытша тоқтатылады.

      33. Білім беру қызметтерін алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру шеңберінде бюджет қаражатын аудару білім алушы Әлеуетті өнім берушілер тізбесіне енгізілген бір ЖЖОКБҰ-дан басқа ЖЖОКБҰ-ға ауысқан жағдайды қоспағанда, ЖЖОКБҰ-дан шығарылғаннан кейін тоқтатылады.

3-тарау. Жергілікті атқарушы органдардың еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кадрлады даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру тәртібі

      34. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – ЖАО) жыл сайын ЖАО қаражаты есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқыту конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау басталғанға дейін 5 (бес) күннен кешіктірмей ЖЖОКБҰ арасында конкурс жариялайды.

      Конкурс өткізу туралы шешім тиісті облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің және оның міндеттерін атқарушы адамның өкімімен ресімделеді.

      Конкурс өткізу туралы хабарландыру ЖАО-ның ресми интернет-ресурстарында жарияланады.

      Конкурс өткізу үшін құрамы тиісті облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің немесе оның міндеттерін атқарушы адамның өкімімен бекітілетін ЖАО-ның Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – ЖАО комиссиясы) құрылады. ЖАО комиссиясының құрамына комиссияның төрағасы, мүшелері және хатшы кіреді.

      ЖАО комиссиясының төрағасы тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі немесе және оның міндеттерін атқарушы адам болып табылады. ЖАО комиссиясы ЖАО-ның қызметкерлері, аталған аумақ бірлігінде орналасқан азаматтық қоғам институттарының өкілдері қатарынан құрылады. ЖАО комиссиясы оның төрағасын қоса алғанда, кемінде 5 адамнан тұратын мүшелерінің тақ санынан тұрады.

      Егер онда оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, ЖАО комиссиясының отырысы заңды деп есептеледі.

      ЖАО комиссиясының шешімі ашық дауыс беру арқылы отырысқа қатысушы Комиссия мүшелері санының қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады және отырысқа қатысқан Комиссияның барлық мүшелері қол қоятын отырыс хаттамасымен ресімделеді.

      Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсына қатысу үшін ЖЖОКБҰ ЖАО-ларға электрондық форматта мынадай құжаттарды:

      1) осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЖЖОКБҰ-ның конкурстық өтінімін;

      2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЖЖОКБҰ сауалнамасын;

      3) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға ұсыныстарды қамтитын конкурстық өтінім береді.

      Конкурстық өтінімге кіретін құжаттар нөмірленеді, ЖЖОКБҰ-ның бірінші басшысы қол қояды және мөрмен куәландырылады және конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген тәртіппен электрондық форматта ұсынылады.

      Конкурстық өтінім конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген сағаттан және күннен кешіктірілмей ЖАО-ға жіберіледі. Конкурстық өтінімді беру мерзімі өткен соң қаралмайды. Оларды беру мерзімі өткеннен кейін конкурстық өтінімге қандай да бір өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

      ЖАО комиссиясы конкурстық өтінімді өтінім берілген күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде қарайды, олардың конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келу дәрежесін айқындайды.

      ЖЖОКБҰ айқындау және мамандықтар бөлігінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру кезінде ЖАО комиссиясы осы Қағидаларға 19 және 20-тармақтарын басшылыққа алады. ЖАО-ның жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы әкімшілік-аумақтық бірлігіне қарамастан ЖЖОКБҰ-да орналастырылады. Бұл ретте жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы Заңның 26-бабының 8-тармағына сәйкес белгіленген квоталарды, сондай-ақ оқуға түсушілердің жекелеген санаттары үшін нысаналы орындарды бөлуді ескере отырып, ЖЖОКБҰ-да орналастырылады.

      ЖАО комиссиясы жұмысының нәтижелері бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын ЖЖОКБҰ тізбесі қалыптастырылады.

      Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын ЖЖОКБҰ тізбесі Заңның 6-бабының 2-тармағының 8-1) тармақшасына және 3-тармағының 28) тармақшасына, 62-бабының 5-тармағына сәйкес тиісті облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігінің қаулысымен бекітіледі және оның ресми интернет-ресурстарда жарияланады.

      ЖАО қаражаты есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқуға түсетін Қазақстан Республикасының азаматтарымен тиісті облыста немесе республикалық маңызы бар қалаларда, астанада кемінде 3 (үш) жыл жұмыс істеу туралы шарт жасалады.

  Еңбек нарығының
қажеттіліктерін ескере отырып,
жоғары және жоғары оқу
орнынан кейінгі білімі бар
кадрларды даярлауға жоғары
және (немесе) жоғары оқу
орнынан кейінгі білім беру
ұйымдарының дайындық
бөлімшелеріне мемлекеттік
білім беру тапсырысын
орналастыру қағидаларына
1-қосымша
НЫСАН

Жоғары жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) конкурстық өтінімі

      Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптарды және конкурсты өткізу шарттарын

      зерделей отырып,

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (ЖЖОКБҰ-ның атауы)

      өтінімге кіретін құжаттарға, сондай-ақ конкурстың шарттары мен талаптарына сәйкес

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (білім беру бағдарламалары тобының коды, атауы)

      білім беру бағдарламасының тобы бойынша конкурсқа қатысады.

      Қосымша: конкурсқа қатысу үшін құжаттар ___ бетте.

      Ұйымның басшысы __________________________________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Толтырылған күні, мөр орны

  Еңбек нарығының
қажеттіліктерін ескере отырып,
жоғары және жоғары оқу
орнынан кейінгі білімі бар
кадрларды даярлауға жоғары
және (немесе) жоғары оқу
орнынан кейінгі білім беру
ұйымдарының дайындық
бөлімшелеріне мемлекеттік
білім беру тапсырысын
орналастыру қағидаларына
2-қосымша
НЫСАН

Жоғары жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) сауалнамасы

ЖЖОКБҰ-ның толық атауы


ЖЖОКБҰ-ның құрылған жылы


ЖЖОКБҰ-ның құрылтайшысы


ЖЖОКБҰ-ның заңды мекенжайы


ЖЖОКБҰ-ның нақты мекенжайы, телефоны, факс, электронды мекенжайы


ЖЖОКБҰ ректорының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)


Конкурсқа қатысу үшін жауапты тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы, байланыс мәліметтері


      Ұйымның басшысы __________________________________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Толтырылған күні, мөр орны

  Еңбек нарығының
қажеттіліктерін ескере отырып,
жоғары және жоғары оқу
орнынан кейінгі білімі бар
кадрларды даярлауға жоғары
және (немесе) жоғары оқу
орнынан кейінгі білім беру
ұйымдарының дайындық
бөлімшелеріне мемлекеттік
білім беру тапсырысын
орналастыру қағидаларына
3-қосымша
НЫСАН

Жоғары жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) ақпараттық картасы

      __________________________________________________________________________

      (ЖЖОКБҰ-ның атауы)

      __________________________________________________________________________

      (білім беру бағдарламасы тобының коды, атауы)

№ р/р

ЖЖОКБҰ туралы жалпы мәліметтер

Мән түрі

1.

Институционалдық және (немесе) мамандандырылған аккредиттеу

бар/жоқ

2.

Білім беру порталының болуы

бар/жоқ

3.

Халықаралық рейтинг:
-Times higher education (Таймз хайэр едьюкейшн)
- QS World University Rankings (КьюЭс Уорлд ЮнивҰсити Рэнкинз)

Позициясы:
(100+)=15 балл;
(200+)=13 балл; (300+) = 11 балл; (400+) = 9 балл; (500+)=7 балл; (700+)=5 балл.

4.

Оқу процесі үшін пайдаланылатын оқу-зертханалық базаны жаңартуға бөлінетін ЖЖОКБҰ-лардың бюджетінен бөлінетін қаражаттың үлесі

Әрбір 1% үшін - ЖЖОКБҰ бюджетінен +1 балл.

5.

Білім беру объектілерінің, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келетін меншікті немесе жалға алынған жатақхананың, хостелдің, қонақ үйдің болуы

Әрбір 500 орын үшін - 1 балл;
1000 орын-2 балл.

6.

Конкурсқа қатысуға құжаттар беру сәтінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу веб-порталының мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінде ЖЖОКБҰ-ның болмауы

бар/жоқ

7.

ЖЖОКБҰ-да ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар үшін жағдайлардың жасалуы (кіру жолдары, ақпараттық-навигациялық қолдау құралдары, баспалдақтарды пандустармен немесе көтергіш құрылғылармен қайталау, баспалдақтар мен пандустарды тұтқалармен жабдықтау, есіктер мен баспалдақтарды қарама-қарсы бояумен бояу, мүгедектігі бар адамдардың автокөлік құралдарын қою үшін орындар бөлу).

бар/жоқ

8.

Білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен талаптарға сәйкес студенттер мен оқытушы-профессорлар құрамының (бұдан әрі – ОПҚ) контингенті туралы өзекті деректер базасымен ЖЖОКБҰ-лардың ақпараттық жүйесінің болуы және нақты деректердің ұлттық білім беру деректер базасымен сәйкестігі

бар/жоқ

I.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының топтары бойынша жалпы мәліметтер

1.

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысу үшін лицензияға қосымша

жіберу/жібермеу

2.

Институционалдық және (немесе) мамандандырылған аккредиттеу

Институционалдық және (немесе) мамандандырылған аккредиттеудің болуы +2 балл

3.

ЖЖОКБҰ-лардың білім беру бағдарламасының Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының рейтингісіндегі орны

Ортадан жоғары-50 балл;
Орташа – 30 балл;
Ортадан төмен-10 балл.

4.

Түлектерді жұмысқа орналастыру, білім беру бағдарламаларының топтары бойынша жұмысқа орналастырылған бітірушілердің %

80 % - дан астам-3 балл;
70% - 2 балл;
60 % - дан артық-1 балл;
50% - дан кем- 0 балл.

5.

Білім беру бағдарламаларының тізілімінде тіркелген Білім беру бағдарламаларының тиісті топтары бойынша Білім беру бағдарламаларының болуы

бар/жоқ

6.

Білім беру бағдарламаларының тізілімінде тіркелген ағылшын тіліндегі білім беру бағдарламаларының болуы

бар/жоқ

ІІ.

Кадрлық қамтамасыз етілуі және педагогтердің біліктілік деңгейі

1.1.

Штаттық оқытушылардың жалпы саны:

саны, бүтін

ғылым докторлары

саны, бүтін

PhD докторлары

саны, бүтін

ғылым кандидаттары

саны, бүтін

1.2.

/оның ішінде білім беру бағдарламаларының топтары бойынша (саны)

саны, бүтін

ғылым докторлары

саны, бүтін

PhD докторлары

саны, бүтін

ғылым кандидаттары

саны, бүтін

1.3.

Ағылшын тілін меңгерген бейіндік пәндер бойынша ОПҚ саны: IELTS (АЙЛТС) – 4,5 – тен кем емес; TOEFL PBT (ТОЙФЛ ПиБиТи) – 493 – тен кем емес; TOEFL ITP (ТОЙФЛ АйТиПи) – 150 – ден кем емес; TOEFL CBT (ТОЙФЛ СиБиТи) – 166-ден кем емес; TOEFL IBT (ТОЙФЛ АйБиТи) -58-ден кем емес); CEFR (СЕФР) – В1; APTIS (ЭПТИС) – 38-ден кем емес.

5 ОПҚ – 1 балл.

2.

Бір академиялық кезеңнен кем емес мерзімге келісімшарт бойынша ЖЖОКБҰ-да жұмыс істейтін шетелдік оқытушылардың саны

1 ОПҚ – 0,3 балл.

3.

жалпы ЖЖОКБҰ бойынша ОПҚ-ның дәрежелілік %-і

10 % -1 балл.

4.

білім беру бағдарламасы бойынша ОПҚ-ның дәрежелілік %-і

10 % -1 балл.

III.

ОПҚ ғылыми-зерттеу қызметі

1.

Гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру негізінде іргелі зерттеулер/қолданбалы зерттеулер бойынша орындалатын ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламалар/ жобалар саны

Әрбір бағдарлама (жоба) үшін -1 балл.

2.

ОПҚ орындаған ғылыми-зерттеу жұмыстарының жалпы көлемі (теңгемен)

50 миллион теңгеден кем - 0,5 балл;
50 миллион теңгеден астам – 1 балл;
100 миллион теңгеден астам - 2 балл;
300 миллион теңгеден астам - 3 балл;
500 миллион теңгеден астам - 4 балл;
1000 миллион теңгеден астам – 5 балл;
50 000 миллион теңгеден астам - 10 балл.

3.

ОПҚ орындаған халықаралық ғылыми-зерттеу жұмыстарының жалпы көлемі (теңгемен)

50 миллион теңгеден кем - 0,5 балл;
50 миллион теңгеден астам – 1 балл;
100 миллион теңгеден астам - 3 балл;
150 миллион теңгеден астам - 3,5 балл;
300 миллион теңгеден астам – 5 балл;

3.1

/оның ішінде 1 штаттық оқытушыға (теңгемен)

Саны

4.

ОПҚ ғылыми жарияланымдарының саны:

- Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) деректер базасына белгілі бір тоқсандарға (Q1-Q4) енгізілген шетелдік рейтингтік журналдарда немесе Scopus (Скопус) деректер базасындағы CiteScore (СайтСкор) бойынша процентиль көрсеткіші

Q1-Q2 журналдарында 10 мақала және / немесе CiteScore (СайтСкор) бойынша процентильден 90-5 баллдан жоғары;
Q3-Q4 журналдарында 10 мақала және / немесе CiteScore (СайтСкор) бойынша пайыз 50-2 баллдан жоғары;
Citescore (СайтСкор) бойынша пайыздық журналдарда 10 мақала 35 – 1 баллдан жоғары.

5.

Меншікті ғылыми басылымдардың саны

Білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомствосы ұсынған журналдар тізіміне кіретін ғылыми басылымдарының болуы – 5 балл 1 журнал;
Халықаралық деректер базасына кіретін Web of Science (Вэб ов Сайэнс), Scopus (Скопус), – 15 балл 1 журнал

IV.

Корпоративтік серіктестік және халықаралық қызмет

1.

QS ТОП 700+рейтингіне кіретін ЖЖОКБҰ-мен бірлескен (қос дипломды) білім беру бағдарламаларының саны

1 бағдарлама – 1 балл.

2.

Шетелдік білім беру ұйымдарымен бірлескен қаржыландырылатын зерттеу жобаларының саны

1 бағдарлама – 1 балл.

3.

Бірлескен халықаралық білім беру жобаларының саны

1 бағдарлама – 1 балл.

      Ескертпе:

      1) екі жыл ішінде ол бойынша кадрларды даярлау жүзеге асырылмаған, жоғары білімнің білім беру бағдарламасының өтінім берілген тобы конкурсқа жіберілмейді;

      2) шындыққа сәйкес келмейтін дұрыс емес деректерді ұсынылған ЖЖОКБҰ комиссия шешімі бойынша конкурсқа жіберілмейді;

      3) ақпараттық картада ЖЖОКБҰ-ның бірінші басшысының қолы қойылады.

  Еңбек нарығының
қажеттіліктерін ескере отырып,
жоғары және жоғары оқу
орнынан кейінгі білімі бар
кадрларды даярлауға жоғары
және (немесе) жоғары оқу
орнынан кейінгі білім беру
ұйымдарының дайындық
бөлімшелеріне мемлекеттік
білім беру тапсырысын
орналастыру қағидаларына
4-қосымша
НЫСАН

___________ оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру ұсынысы

      ______________________________________________________________________________

      (жоғары жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының атауы)

      Жоғары білім бойынша

Коды

Топтың атауы

гранттардың жалпы саны

күндізгі оқу нысаны

1

2

3

4





      Жоғары оқу орнынан кейінгі білім бойынша

Коды

Білім беру бағдарламаларының атауы

орындар саны

1

2

3




      PhD философия докторларын мақсатты даярлау бойынша

Коды

Білім беру бағдарламалары тобының атауы

Даярлау жоспарланған жоғары жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының атауы

орындар саны

1

2

3

4





      Ұйымның басшысы __________________________________________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Толтырылған күні, мөр орны

  Еңбек нарығының
қажеттіліктерін ескере отырып,
жоғары және жоғары оқу
орнынан кейінгі білімі бар
кадрларды даярлауға жоғары
және (немесе) жоғары оқу
орнынан кейінгі білім беру
ұйымдарының дайындық
бөлімшелеріне мемлекеттік
білім беру тапсырысын
орналастыру қағидаларына
5-қосымша

Ақпараттық карталар бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) саралау

ЖЖОКБҰ туралы жалпы мәліметтер

Шартты белгілер

Мәннің түрі

1

Институционалдық және (немесе) мамандандырылған аккредиттеу (бар/жоқ)

А1

бар/жоқ

2

Білім беру порталының болуы

А2

бар/жоқ

3

ЖЖОКБҰ-ның халықаралық рейтингі (орны, рейтинг атауы)

А3

сан, бүтін, 0-1000

4

Оқу процесі үшін пайдаланылатын оқу-зертханалық базаны жаңартуға бөлінетін ЖЖОКБҰ бюджетінен қаражаттың үлесі

А4

сан

5

Білім беру объектілерінің, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келетін меншікті немесе жалға алынған жатақхананың, хостелдің, қонақ үйдің болуы

А5

сан, бүтін

6

Конкурсқа қатысуға құжаттар беру сәтінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу веб-порталының мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінде ЖЖОКБҰ-ның болмауы

А6

бар/жоқ

7

ЖЖОКБҰ-да ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар үшін жағдайлардың жасалуы (кіру жолдары, ақпараттық-навигациялық қолдау құралдары, баспалдақтарды пандустармен немесе көтергіш құрылғылармен қайталау, баспалдақтар мен пандустарды тұтқалармен жабдықтау, есіктер мен баспалдақтарды қарама-қарсы бояумен бояу, мүгедектігі бар адамдардың автокөлік құралдарын қою үшін орындар бөлу).

А7

бар/жоқ

8

Білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен талаптарға сәйкес студенттер мен оқытушы-профессорлар құрамының (бұдан әрі – ОПҚ) контингенті туралы өзекті деректер базасымен ЖЖОКБҰ-ның ақпараттық жүйесінің болуы және нақты деректердің ұлттық білім беру деректер базасымен сәйкестігі

А8

бар/жоқ

І

Білім беру бағдарламаларының тобы бойынша жалпы мәліметтер



1

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысу үшін лицензияға қосымша

B1

жіберу/ жібермеу

2

Институционалдық және (немесе) мамандандырылған аккредиттеу

В2

бар/жоқ

3

ЖЖОКБҰ-лардың білім беру бағдарламасының Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының рейтингісіндегі орны

В3

сан, бүтін

4

Түлектерді жұмысқа орналастыру, білім беру бағдарламасының топтары бойынша жұмысқа орналастырылған бітірушілердің %

В4

сан

5

Білім беру бағдарламаларының тізілімінде тіркелген Білім беру бағдарламаларының тиісті топтары бойынша Білім беру бағдарламаларының болуы

В5

бар/жоқ

6

Білім беру бағдарламаларының тізілімінде тіркелген ағылшын тіліндегі білім беру бағдарламаларының болуы

В6

бар/жоқ

II

Кадрлық қамтылуы және педагогтердің біліктілік деңгейі

1.1.

Штаттық оқытушылардың жалпы саны:

C1.1

сан, бүтін

ғылым докторлары

C1.1.1

сан, бүтін

PhD докторлар

C1.1.2

сан, бүтін

ғылым кандидаттары

C1.1.3

сан, бүтін

1.2.

/оның ішінде мамандығы бойынша (саны)

C1.2

сан, бүтін

ғылым докторлары

C1.2.1

сан, бүтін

PhD докторлар

C1.2.2

сан, бүтін

ғылым кандидаттары

C1.2.3

сан, бүтін

магистрлер

C1.2.4

сан, бүтін

1.3

Ағылшын тілін меңгерген бейіндік пәндер бойынша ОПҚ саны: IELTS (АЙЛТС) – 4,5 – тен кем емес; TOEFL PBT (ТОЙФЛ ПиБиТи) – 493 – тен кем емес; TOEFL ITP (ТОЙФЛ АйТиПи) – 150 – ден кем емес; TOEFL CBT (ТОЙФЛ СиБиТи) – 166-ден кем емес; TOEFL IBT (ТОЙФЛ АйБиТи) –58-ден кем емес); CEFR(СЕФР) – В1; APTIS (ЭПТИС) –38-ден кем емес.

C1.3

сан, бүтін

2

Бір академиялық кезеңнен кем емес мерзімге келісімшарт бойынша ЖЖОКБҰ-да жұмыс істейтін шетелдік оқытушылардың саны

C2

сан, бүтін

3

жалпы ЖЖОКБҰ бойынша ОПҚ-ның дәрежелілік %-і***

C3

сан

4

білім беру бағдарламасы бойынша ОПҚ-ның дәрежелілік %-і***

C4

сан

ІІІ

ОПҚ ғылыми-зерттеу қызметі



1

Гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру негізінде іргелі зерттеулер/қолданбалы зерттеулер бойынша орындалатын ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламалар/ жобалар саны

D1

сан, бүтін

2

ОПҚ орындаған ғылыми-зерттеу жұмыстарының жалпы көлемі (теңгемен)

D2

сан

3

ОПҚ орындаған халықаралық ғылыми-зерттеу жұмыстарының жалпы көлемі (теңгемен)

D3

сан

3.1

/оның ішінде 1 штаттық оқытушыға (теңгемен)

D3.1

сан

4

ОПҚ ғылыми жарияланымдарының саны:
- Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) деректер базасына белгілі бір тоқсандарға (Q1-Q4) енгізілген шетелдік рейтингтік журналдарда немесе Scopus (Скопус) деректер базасындағы СiteScore (СайтСкор) бойынша процентиль көрсеткіші

D4

сан, бүтін

5

Меншікті ғылыми басылымдардың саны

D5

сан, бүтін

ІV

Корпоративтік әріптестік және халықаралық қызмет



1

QS ТОП 700+рейтингіне кіретін ЖЖОКБҰ-мен бірлескен (қос дипломды) білім беру бағдарламаларының саны

E1

сан, бүтін

2

Шетелдік білім беру ұйымдарымен бірлескен қаржыландырылатын зерттеу жобаларының саны

E2

сан, бүтін

3

Бірлескен халықаралық білім беру жобаларының саны

E3

сан, бүтін

      ** – ЖЖОКБҰ бітірушілердің жұмысқа орналасу көрсеткішінің шекті мәнін Комиссия айқындайды;

      *** – ұсынылған мәліметтерден есептеледі.

  Еңбек нарығының
қажеттіліктерін ескере отырып,
жоғары және жоғары оқу
орнынан кейінгі білімі бар
кадрларды даярлауға жоғары
және (немесе) жоғары оқу
орнынан кейінгі білім беру
ұйымдарының дайындық
бөлімшелеріне мемлекеттік
білім беру тапсырысын
орналастыру қағидаларына
6-қосымша
НЫСАН

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) конкурстық өтінімі

      Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптарды және конкурсты өткізу шарттарын

      зерделей отырып,

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (ЖЖОКБҰ-ның аталуы)

      өтінімге енетін құжаттарға, сондай-ақ конкурстың шарттары мен талаптарына сәйкес дайындық бөлімдеріне тыңдаушыларды оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа қатысады.

      Қосымша: конкурсқа қатысу үшін құжаттар ___ бетте.

      Ұйымның басшысы_________________________________________________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Толтырылған күні, мөр орны

  Еңбек нарығының
қажеттіліктерін ескере отырып,
жоғары және жоғары оқу
орнынан кейінгі білімі бар
кадрларды даярлауға жоғары
және (немесе) жоғары оқу
орнынан кейінгі білім беру
ұйымдарының дайындық
бөлімшелеріне мемлекеттік
білім беру тапсырысын
орналастыру қағидаларына
7-қосымша

___________ оқу жылына дайындық бөлімдеріне тыңдаушыларды оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру ұсынысы

      __________________________________________________________________________

      (ЖЖОКБҰ-ның атауы)

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) атауы

Орындар саны

1

2





      Ұйымның басшысы ___________________________________________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Толтырылған күні, мөр орны

  Еңбек нарығының
қажеттіліктерін ескере отырып,
жоғары және жоғары оқу
орнынан кейінгі білімі бар
кадрларды даярлауға жоғары
және (немесе) жоғары оқу
орнынан кейінгі білім беру
ұйымдарының дайындық
бөлімшелеріне мемлекеттік
білім беру тапсырысын
орналастыру қағидаларына
8-қосымша
НЫСАН

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) конкурстық өтінімі

      Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптарды және конкурсты өткізу шарттарын

      зерделей отырып,

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (ЖЖОКБҰ-ның атауы)

      өтінімге кіретін құжаттарға, сондай-ақ конкурстың шарттары мен талаптарына сәйкес

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (білім беру бағдарламалары тобының коды, атауы)

      білім беру бағдарламаларының тобы бойынша тиісті облыс әкімдігі өткізетін конкурсқа

      қатысады.

      Қосымша: конкурсқа қатысу үшін құжаттар ___ бетте.

      Ұйымның басшысы _________________________________________________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Толтырылған күні, мөр орны

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 29 қаңтардағы
№ 122 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің күшін жойған кейбір бұйрықтарының тізімі:

      1. "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушысының 2012 жылғы 4 мамырдағы № 198 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7690 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2012 жылғы 13 маусымдағы № 318-319 (27393) санында жарияланған);

      2. "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2012 жылғы 4 мамырдағы № 198 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 6 наурыздағы № 77 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8387 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2013 жылғы 7 тамыздағы № 184 (28123) санында жарияланған);

      3. "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 4 мамырдағы 198 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 23 тамыздағы № 353 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8733 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2013 жылғы 31 қазандағы № 243 (28182) санында жарияланған);

      4. "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 4 мамырдағы № 198 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 22 шілдедегі № 295 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9701 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 22 қыркүйекте жарияланған).