Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 11.07.2018 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабына, "Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 24.06.2021 № 366 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтінішхаттарды (өтініштерді) ішкі істер органдарының қабылдау, ресімдеу және қарау қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 11.07.2018 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықтың көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде тіркелген күннен бастап Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға жолдауды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
5) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрық мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Заң департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көші-қон полициясы департаменті, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың, ішкі істер департаменттері:
1) осы бұйрықты көші-қон полициясы бөліністері жеке құрамының зерделуін ұйымдастырсын және оның талаптарын мүлтіксіз орындауды қамтамасыз етсін;
2) сауалнама-өтініштердің, анықтамалар мен журналдардың (Қағидаға 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13-қосымшалар) бланкілерін дайындауды қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көші-қон полициясы департаментіне (С.С. Сайынов) жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр полиция генерал-полковнигі |
Қ. Қасымов |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 85 бұйрығына 1-қосымша |
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтінішхаттарды (өтініштерді) ішкі істер органдарының қабылдау, ресімдеу және қарау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. Қағиданың және 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 11.07.2018 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Осы Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтінішхаттарды (өтініштерді) ішкі істер органдарының қабылдау, ресімдеу және қарау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 30-бабына, "Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес әзірленді
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 24.06.2021 № 366 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Қағидаларда төмендегі ұғымдар қолданылады:
1) арыз иесі – әкімшілік рәсімді жүзеге асыру үшін әкімшілік органға, лауазымды адамға жолданым берген адам, сондай-ақ өзіне қатысты әкімшілік акт қабылданатын, әкімшілік әрекет жасалатын (әрекетсіздік танылатын) адам (әкімшілік актінің адресаты);
2) әкімшілік акт – жария-құқықтық қатынастарда әкімшілік орган, лауазымды адам қабылдайтын, белгілі бір тұлғаның немесе жеке-дара айқындалған тұлғалар тобының Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құқықтары мен міндеттерін іске асыратын шешім;
3) әкімшілік орган – Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік актіні қабылдау, әкімшілік әрекет жасау (әрекетсіздік таныту) жөнінде өкілеттіктер берілген мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы, мемлекеттік заңды тұлға, сондай-ақ өзге ұйым;
4) әкімшілік рәсім – әкімшілік органның, лауазымды адамның әкімшілік істі қарау, ол бойынша шешімді қабылдау және орындау жөніндегі, жолданым негізінде немесе өз бастамасы бойынша жасалатын қызметі, сондай-ақ оңайлатылған әкімшілік рәсім тәртібімен жүзеге асырылатын қызмет;әкімшілік әрекет;
5) бұрынғы одақтас республикалардың азаматтары – бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының азаматтары;
6) жаппай саяси қуғын-сүргіннің ақталған құрбандары – сот тәртібінде не заңмен белгіленген өзге тәртіпте саяси қуғын-сүргіндердің құрбаны немесе саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен деп танылған адамдар;
7) Қазақстан Республикасында тұрақты тұрушылар деп – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 992 бұйрығымен бекітілген (Мемлекеттік құқықтық нормативтік актілерді тіркеу тізілімінде № 12880 болып тіркелген) Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидаларымен белгілеген тәртіппен тұрақты тұруға рұқсат алған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар танылады.
8) қандастар – тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына келген және "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен тиісті мәртебе алған, Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде оның шегінен тыс жерде тұрақты тұрған этникалық қазақ және оның Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейін оның шегінен тыс жерде туылған және тұрақты тұрған ұлты қазақ балалары;
9) этникалық қазақ – шетелде тұрақты тұратын ұлты қазақ шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 18.10.2021 № 642 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына тиесілігін анықтау мәселелері бойынша өтінішхаттарды (өтініштерді) қабылдау, ресімдеу және қарау тәртібі
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 11.07.2018 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына тиесілігін айқындау мәселелері бойынша өтінішхаттарды (өтініштерді) қабылдауды өтініш иесінің тұрақты тұрғылықты жері бойынша Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау, азаматтықты қалпына келтіру, азаматтықтан шығу туралы шешімді Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайды.
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудан және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіруден бас тарту үшін негіз "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабымен көзделген.
Азаматтыққа жататындығын айқындау және азаматтықты жоғалту мәселелері жөніндегі шешімдерге шағымдар Қазақстан Республикасының Президентінің атына беріледі.
Азаматтық мәселелері жөніндегі шешімді Қазақстан Республикасының Президенті қайта қарауы мүмкін.
Азаматтық мәселелері жөніндегі өтінішті қабылдаудан негізсіз бас тартуға, өтініштерді қарау мерзімін бұзуға, сондай-ақ лауазымды адамдардың азаматтық туралы істерді қарау тәртібін және азаматтық мәселелері жөніндегі шешімдерді орындау тәртібін бұзатын басқа да құқыққа сыйымсыз әрекеттеріне Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің (бұдан әрі-Кодекс) 13-тарауымен көзделген бағыныстылық тәртібімен жоғары тұрған лауазымды адамға әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіпте шағым берілуі мүмкін.
Шағымды әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіпте қарауды шағымды қарайтын жоғары тұрған әкімшілік орган (лауазымды адам) жүргізеді.
Шағым әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік органға (лауазымды адамға) беріледі.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік орган (лауазымды адам) шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік орган (лауазымды адам) егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім қабылдаса не әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.
Шағым Кодексте белгіленген мерзімдерде қаралады.
Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына келіп түскен азаматтық мәселелер жөніндегі материалдар азаматтығын өзгерту себебіне және сауалнамалық мәліметтің толықтығына, өтініш иесінің және оның отбасы мүшелерінің тегінің, аты мен әкесінің атының (бар болған жағдайда) дұрыстығы тексеріледі.
Осы Қағидаларға сәйкес өтініш иесі толық емес құжаттар пакетін немесе толық емес мәліметтерді ұсынған жағдайда лауазымды адам үш жұмыс күні ішінде құжаттар пакеті қандай талаптарға сәйкес келмейтінін көрсетіп, өтініш иесіне хабарлама жолдайды.
Егер өтініш иесі хабарлама алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде толық құжаттар пакетін ұсынбаса және (немесе) ұсынылған құжаттардағы кемшіліктерді жоймаған болса лауазымды адам өтінішхатты қараудан бас тарту туралы хабарлама жолдайды.
Өтінішхат (өтініш) өтініш иесі осы Қағидаларда көзделген барлық құжаттарды берген күннен бастап орындауға қабылданды деп есептеледі.
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және одан шығару бойынша сауалнама-өтінішке тиісті белгі қойылады, ол материалды қарауға қабылдаған қызметкердің қолымен расталады.
Азаматтыққа қабылдау және азаматтықты қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту мен одан айыру және азаматтыққа тиесілігін айқындау мәселелері бойынша өтінішхаттар (өтініштер) осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке тұлғалардың өтінішхаттарын (өтініштерін) есепке алу журналына тіркелуге және қаралуға жатады.
Қазақстан Республикасының азаматтығын алу не азаматтықтан шығу туралы өтініш берген адамдарға олардың талабы бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы анықтама беріледі. Анықтаманы Полиция департаменті (бұдан әрі – ПД) азаматтықты ресімдеу мәселесі бойынша өтініш берген адам туралы мәліметтерді кейіннен "Бүркіт" Бірыңғай ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – "Бүркіт" БАЖ) Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау не азаматтықтан шығу үшін барлық қажетті құжаттардың электронды көшірмелерін қоса отырып, Көші-қон полициясының ақпараттық жүйесі арқылы енгізгеннен және нәтижесін алғаннан кейін ғана береді.
Анықтамаларды берген кезде өтініш берген адамдардан істегі материалдарға қоса тіркелген көшірмелермен салыстыру үшін цифрлық құжаттар сервисі арқылы ұсынылатын жеке басты куәландыратын құжаттардың түпнұсқалары немесе олардың электрондық нысаны талап етіледі.
Бұл ретте, Қазақстан Республикасының аумағында берілген және цифрлық құжаттар сервисі арқылы электрондық нысанда пайдаланылатын азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер, анықтамалар, жеке басты куәландыратын құжаттар басып шығарылған түрде ұсынылады.
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығу мәселелері бойынша өтінішхаттарды (өтініштерді) қарау оларды тапсырған күннен бастап 6 (алты) ай, жеңілдетілген тәртіппен – 3 (үш) ай ішінде жүзеге асырылады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 27.08.2022 № 706 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.4. Тиісті түрде ресімделген материалдарды өтініш иесінің тұрғылықты жері бойынша аудандық ішкі істер органы бағыныстылығы бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ПД-ға жолдайды.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ПД азаматтық мәселелер бойынша материалдардың дұрыс ресімделуін тексереді, іс жүргізеді, өтініш беруші адам туралы мәліметтерді Көші-қон полициясының ақпараттық жүйесі арқылы "Бүркіт" БАЖ-ға енгізеді, ол бойынша дәлелді қорытынды шығарады және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне (бұдан әрі – Қазақстан Республикасы ІІМ) күнтізбелік он күн ішінде жолдайды.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 27.08.2022 № 706 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.5. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына тиесілігін айқындау туралы өтініш білдірген адамға Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары соттылығының болуы не болмауы, әкімшілік жауапкершілікке тартылғандығы туралы мәліметті прокуратура органдарының құқықтық статистика және арнайы есепке алу бөліністерінен Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнайы органдарының ақпарат алмасу жүйесі (бұдан әрі – ҚАОААЖ) арқылы сұратады, Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының барлық есептері бойынша тексереді және "Бүркіт" БАЖ-ға Көші-қон полициясының ақпараттық жүйесі арқылы мәліметтерді енгізеді. "Бүркіт" БАЖ арналары арқылы материалдар Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына келісуге жолдайды.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 18.10.2021 № 642 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына тиесілігін анықтау туралы өтінішхаттарды (өтініштерді) қарау нәтижелері бойынша дәлелді қорытынды шығарылады, онда өтініш иесін сипаттайтын тексерілген деректер толық жазылады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 11.07.2018 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына тиесілігін анықтау мәселелері бойынша қорытынды ерікті нысанда жасалады және ПД бастығы немесе оның орынбасары бекітеді.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда –ҚР Ішкі істер министрінің 28.03.2020 № 260 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).8. Қазақстан Республикасы ІІМ Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау, азаматтықты қалпына келтіру, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы материалдарды келіседі және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқықтық бөліміне жолдайды және Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау, қалпына келтіру және шығу туралы өтініш білдірген адамдардың құрылған тізімі Ұлттық қауіпсіздік комитетіне Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның жоспарына сәйкес мәлімет үшін жолданады.
Тиісті түрде ресімделмеген материалдар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ПД-ге заңнамаға сәйкес келтіру үшін қайтарылады. Кемшіліктерді жою мерзімі күнтізбелік он күнді құрайды, кейіннен материалдар Қазақстан Республикасы ІІМ-ге қайта жолданады.
Өтініш иесінің тұрғылықты жері бойынша жоқтығына немесе басқа мемлекеттердің құзыретті органдарынан уақтылы жауаптың түспеуінен кемшіліктер жойылмаған жағдайда өтінішхатты (өтінішті) қарау тоқтатылады, ол туралы өтініш иесіне бес жұмыс күні ішінде хабарлама жіберіледі, оның көшірмесі істегі материалдарға тігіледі.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 27.08.2022 № 706 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.9. Қазақстан Республикасының ішкі істер органы Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) азаматтықтан шығу туралы материалдарды ұсынғандарға өтінішхаттан (өтініштен) бас тартқан кезде алдын ала, әкімшілік актіні қабылдағанға дейін бірақ үш жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш иесіне әкімшілік іс бойынша алдын ала шешімге ұстанымын білдіру үшін тыңдау өткізу туралы хабарлама жолданады. Тыңдау хабарлама берілген күннен бастап 2 жұмыс күнінен кешіктірмей өткізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша өтінішхатты (өтінішті) әрі қарай қарау туралы шешім қабылданады, Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудан, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіруден бас тарту үшін негіз болған жағдайда, өтініш иесіне бас тартудың себебін көрсете отырып, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудан, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіруден (одан шығудан) бас тарту туралы анықтама жолдайды. Анықтаманың екінші данасы өтініш иесінің жеке ісіне тігіледі.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 18.10.2021 № 642 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. 18 жасқа толмаған, сондай-ақ әрекетке қабілетсіз деп танылған адамға қатысты Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау, қалпына келтіру және Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы өтінішхатты (өтінішті) олардың заңды өкілдері баланың тууы туралы куәлігінің не әрекетке қабілетсіз адамның жеке басын куәландыратын құжаттың нотариуалды куәландырған көшірмесімен бірге ұсынады (асырап алушылар, қамқоршылар және қорғаншылар жергілікті атқарушы орган шешімінің көшірмесін ұсынады). Бұл ретте 14-тен 18-ге дейінгі жастағы кәмелетке толмаған баланың өзі қол қоятын және біруақытта олардың ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің өтініштері берілетін келісімі талап етіледі.
Ата-анасының өтінішхатына (өтінішіне) осы Қағидаларға 4 және 5-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша сауалнамаларда-өтініштерде көрсетілген баланың туу туралы куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
11. Аудандық, қалалық ішкі істер органдарында, ПД-де, Қазақстан Республикасы ІІМ-де және Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарының өтінішхатты (өтінішті) қарау мерзімі осы органдардың әрқайсысында бір ай, ал жалпы алғанда - алты айды құрайды.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда –ҚР Ішкі істер министрінің 28.03.2020 № 260 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).12. Қазақстан Республикасы ІІМ азаматтыққа қабылдау және азаматтықты қалпына келтіру, азаматтықтан шығару мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын алғаннан кейін күнтізбелік бес күн мерзімінде материалдарды ұсынған ПД-ге хабарлайды.
ПД Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын алғаннан кейін қалалық, аудандық ішкі істер органдары арқылы өтініш иелерінің тұрғылықты жері бойынша күнтізбелік бес күн мерзімінде оларға қаралған өтінішхаттардың (өтініштердің) нәтижелері туралы хабардар етеді.
Егер адам тұратын жерін өзгерткен болса, Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қабылданған шешім туралы хабарламаны өтініш берушінің жаңа тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарына жолдайды.
Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының орындалуы туралы ПД Қазақстан Республикасы ІІМ-ге Жарлыққа қол қойылған күнінен бастап бір айдан аспайтын мерзімде хабарлайды.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда –ҚР Ішкі істер министрінің 28.03.2020 № 260 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).13. Ата-анасының азаматтығы өзгергенде және асырап алу кезінде баланың азаматтығы "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес айқындалады.
14. Заңның 33-бабына сәйкес өтінішхатқа (өтінішке) басқа адам қол қояды, ол туралы нотариус өтінішке тиісті жазба жазады.
3-тарау. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау тәртібі
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 11.07.2018 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
15. Қазақстан Республикасының азаматтығына:
1) Қазақстан Республикасының аумағында заңды негізде кемінде бес жыл тұрған не Қазақстан Республикасының азаматымен кемінде үш жыл некеде тұрған адамдар. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы ұсынымхат берiлген сәтте тұру немесе некеде болу мерзiмi үзiлiссiз болуы тиiс.
Кәмелетке толмағандардан, қабілетсіз не Қазақстан Республикасының алдында ерекше еңбек сіңірген адамдардың не "Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың оңайлатылған тәртiбi белгiленетiн адамдар үшiн кәсiптердiң тiзбесiн және оларға қойылатын талаптарды бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 маусымдағы № 1587 Жарлығымен бекітілген тізбе бойынша кәсіптерге ие және талаптарға сай келетін адамдардан және олардың отбасы мүшелерінен Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаған кезде осы тармақшаның бірінші бөлігінде көзделген шарттардың болуы;
2) Қазақстан Республикасы азаматтарының ішінде жақын туысқандарының бірі – баласы (оның ішінде асырап алған баласы), жұбайы (зайыбы) және ата-анасының біреуі (асырап алушысы), апа-қарындасы, аға-інісі, атасы немесе әжесі бар, Қазақстан Республикасыны тұрақты тұру мақсатымен келген, бұрынғы одақтас республикалардың азаматтары, Қазақстан Республикасында тұру мерзіміне қарамастан, қабылданатын болады.
Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ішкі істер министрінің 11.07.2018 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.16. Заңның 38-бабына сәйкес республиканың аумағында тұру мерзіміне:
1) егер адам әскерге дейін республика аумағында тұрып, әскерден босатылған күні мен Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген күні арасындағы үзіліс үш айдан аспаса, әскерде қызмет еткен уақыты;
2) егер оқуды бітірген немесе оқу орнынан шығарылған күні мен Қазақстан Республикасына келген күні арасындағы үзіліс үш айдан аспаса, республикадан тыс жерлерде оқыған уақыты;
3) егер іссапардың аяқталуы мен Қазақстан Республикасына келген күнінің арасындағы үзіліс үш айдан аспаса, республикадан тыс жерлерге іссапарға барған уақыты есептеледі.
Науқастанып қалған, дүлей апат болған жағдайда немесе басқа да дәлелді себептер бойынша үш айлық мерзімді есептеу тоқтатылады.
Қазақстан Республикасының соты және (немесе) басқа мемлекеттердің сот органдары тағайындаған қылмыстық жазалау шараларын өтеу уақыты, республика аумағында іссапарда болған, емделген мерзімі және басқа да уақытша тұрған жағдайлар Қазақстан Республикасы аумағында тұру мерзіміне есептелмейді.
Қазақстан Республикасының азаматтығына адамның тиістілігінің күші жойылғаннан бұрынғы кезең Қазақстан Республикасы аумағында тұру мерзіміне есептелмейді.
17. Қазақстан Республикасында тұрақты тұрып жатқан адамдар Қазақстан Республикасы Президентінің атына Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтінішхаттар (өтініштер) береді және тұрақты тұратын жері бойынша Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына оны тапсырады.
Өтінішхатта (өтініште) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың себептері көрсетіледі.
18. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтінішхатқа (өтінішке) мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама-өтініш;
2) өмірбаян;
3) өлшемі 3,5х4,5 сантиметр (бұдан әрі – см) төрт фотосурет;
4) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Заңның 1-бабында көзделген шарттарды сақтау туралы міндеттемесі;
5) жеке басты куәландыратын және басқа мемлекеттің азаматтығына тиесілігін растайтын құжаттың, азаматтығы жоқ адамның куәлігінің, баланың туу туралы куәлігінің көшірмелері;
6) тиісті мемлекеттің құзыретті органы берген басқа мемлекеттің азаматтығын алмағандығы немесе оны тоқтатқандығы туралы анықтама (осы Қағиданың 15-тармағының 1) тармақшасының екінші бөлігінде көрсетілген ішкі істер органына Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау туралы және біруақытта келген мемлекеттің азаматтық мәселелері бойынша шешім қабылдайтын лауазымды адамына шетел азаматтығынан бас тартқаны туралы нотариалды куәландырылған жазбаша өтініш жасаған адамдарды қоспағанда. Бұрынғы азаматтықтан бас тарту туралы өтініштің көшірмесі азаматтыққа қабылдау туралы материалдарға қоса тігіледі);
7) мемлекеттік баж салығының төленгені немесе оны төлеуден босатылғаны туралы құжат;
8) Заңның 17-бабының 14) тармақшасына сәйкес ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган айқындайтын көлемде мемлекеттік тілді қарапайым деңгейде, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздерін, сондай-ақ Қазақстан тарихын білуін растайтын сертификат қоса беріледі.
Санамаланған құжаттармен бірге:
кәсіби тізбенің талаптарына жауап беретін адамдар және Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 маусымдағы № 1587 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың жеңілдетілген тәртібі белгіленетін адамдар үшін талаптар – бейінді мемлекеттік органның қолдаухатын;
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтінішхат (өтініш) білдірген адам өтініш берген сәтте Қазақстан Республикасының азаматымен некеде тұрса, онда неке туралы куәліктің нотариалды куәландырған көшірмесін тапсырады.
Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатында келген және жақын туыстарының біреуі Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын бұрынғы одақтас республикалардың азаматтары олардың Қазақстан Республикасының азаматтарымен туыстық деңгейін куәландыратын құжаттарды (туу туралы куәлік, неке туралы куәлік және т.б.) ұсынады.
Шет тілінде жасалған құжаттар қазақ не орыс тіліне аударылуы тиіс.
"Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабына сәйкес бір тілден екінші тілге аударылғанын нотариус куәландырады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 240 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Консулдық жарғысының 60-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары шетел мемлекеттері билігінің қатысуымен жасалған немесе сол биліктен шығатын құжаттар мен актілерді, егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған Халықаралық шарттармен өзгеше көзделмесе, заңдастыру болған кезде қаралуға қабылдайды.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 18.10.2021 № 642 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 27.08.2022 № 706 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.07.2024 № 592 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрықтарымен.4-тарау. Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру тәртібі
Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 11.07.2018 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
19. Бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында тұрған адам өзінің өтінішхаты (өтініші) бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығы қалпына келтіріледі. Бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында тұрған адамға осы Қағидалардың 15-тармағының 1) тармақшасындағы ережелер қолданылмайды. Алайда, бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту тіркелген адам Қазақстан Республикасының азаматтығына жалпы негіздерде қабылданады.
Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы өтінішхат (өтініш) Қазақстан Республикасы Президентінің атына жазылады.
Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы өтінішхатқа (өтінішке) мынадай құжаттар:
1) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама-өтініш;
2) өмірбаян;
3) өлшемі 3,5х4,5 см төрт фотосурет;
4) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Заңның 1-бабында көзделген шарттарды сақтау туралы міндеттемесі;
5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
6) тиісті мемлекеттің құзыретті органы берген басқа мемлекеттің азаматтығының жоқтығы немесе тоқтатылғандығы туралы анықтама;
7) мемлекеттік баж салығын төлегені немесе оны төлеуден босатылғаны туралы құжат;
8) бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығына тиесілігін куәландыратын құжаттың көшірмесі қоса беріледі;
9) Заңның 17-бабының 14) тармақшасына сәйкес ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган айқындайтын көлемде мемлекеттік тілді қарапайым деңгейде, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздерін, сондай-ақ Қазақстан тарихын білуін растайтын сертификат қоса беріледі.
Шет тілінде жасалған құжаттар қазақ не орыс тіліне аударылуы тиіс.
"Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабына сәйкес егер тиісті тілдерді білетін болса, нотариус бір тілден екінші тілге аударылған аударымның дұрыстығын куәландырады. Егер нотариус тиiстi тiлдердi бiлмейтiн болса, аударманы аудармашы жасап, қойған қолының түпнұсқалығын нотариус куәландырады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 240 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Консулдық жарғысының 60-тармағына сәйкес егер, Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шет мемлекеттер билігінің қатысуымен жасалған немесе осы биліктен шығатын құжаттар мен актілер заңдастырылған жағдайда ғана қарауға қабылданады.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 27.08.2022 № 706 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 29.07.2024 № 592 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрықтарымен.20. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданған, азаматтығын қалпына келтірген адамдарға ішкі істер органдары Қазақстан Республикасының азаматтығын алу, Қазақстан Республикасының азаматтығы қалпына келтірілгені туралы осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мөрмен куәландырылған анықтама береді, олар Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігімен және паспортымен құжаттандыру үшін негіз болып табылады, оларды шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар ретінде есептен шығарады.
5-тарау. Қазақстан Республикасының азаматтығына жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) қабылдау тәртібі
Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 11.07.2018 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
21. Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғызстан Республикасының және Ресей Федерациясының арасындағы 1996 жылғы 26 ақпандағы азаматтықты алудың жеңілдетілген тәртібі туралы Келісімге (Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 желтоқсандағы Заңымен ратификацияланған) (бұдан әрі - Келісім) сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың жеңілдетілген тәртібіне Ресей Федерациясының, Беларусь Республикасының, Қырғыз Республикасының азаматтары жатады.
Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен алу және басқа Тараптың азаматтығын тоқтату үшін облыстардың ПД бастығының атына және біруақытта азаматтық мәселелері бойынша шешім қабылдайтын келген мемлекеттің лауазымды адамына шетел азаматтығынан бас тартқаны туралы нотариалды куәландырылған жазбаша өтінішхатпен (өтінішпен) жүгінеді.
Өтінішхатқа (өтінішке) мынадай құжаттар:
1) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама-өтініш;
2) өмірбаян (ерікті нысанда);
3) бұрынғы азаматтығынан бас тарту туралы өтініштің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
4) өлшемі 3,5 х 4,5 см. төрт фотосурет;
5) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Заңның 1-бабында көзделген шарттарды сақтау туралы міндеттемесі;
6) жеке басын куәландыратын және Келісімге қатысушы елдердің біреуінің азаматтығына тиесілігін растайтын құжаттың көшірмесі;
7) туу туралы және неке туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
8) мемлекеттік баж төлеу және оны төлеуден боастылғаны туралы құжат қоса беріледі.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда –ҚР Ішкі істер министрінің 28.03.2020 № 260 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).22. Қажет болған жағдайда шарттардың біреуінің бар екендігін растайтын жеңілдетілген тәртіппен азаматтықты қабылдауға қажетті құжаттар қоса беріледі. Туу туралы куәліктің, паспорттың, Қазақстан Республикасының аумағында туғандығын растайтын басқа да құжаттың көшірмелері, 1991 жылғы 21 желтоқсанға дейін тұрғылықты жері бойынша азаматтық алатын Тараптың аумағында тіркелгендігі туралы белгісі бар паспорт парағының немесе бұл туралы құзыретті орган анықтамасының көшірмесі, неке туралы, туу туралы куәлігінің көшірмесі немесе Қазақстан Республикасының азаматтарымен туыстық байланысын растайтын өзге де құжаттың көшірмесі пайдаланылады.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 24.06.2021 № 366 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.23. Тұрмыстағы әйелдің азаматтығы туралы 1957 жылғы 29 қаңтардағы конвенцияға (Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 29 қаңтардағы Заңымен ратификацияланған) сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында заңды негізде тұрақты тұрып жатқан және Қазақстан азаматымен тұрмыста тұрған шетелдік әйел облыстардың ПД бастығының атына жеңілдетілген тәртіппен Қазақстан Республикасы азаматтығын қабылдау туралы және біруақытта келген мемлекеттің азаматтық мәселелері бойынша шешім қабылдайтын лауазымды адамына шетел азаматтығынан жазбаша бас тартудың нотариалды куәландырылған өтінішхатпен (өтінішпен) жүгінеді
Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) бұрынғы азаматтығынан бас тарту туралы өтініштің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
2) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама-өтініш;
3) өлшемі 3,5х4,5 см төрт фотосурет;
4) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Заңның 1-бабында көзделген шарттарды сақтау туралы міндеттемесі;
5) шетелдік мемлекеттің азаматтығына тиесілігін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) неке туралы куәлігінің көшірмесі;
7) жұбайы - Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;
8) мемлекеттік баж салығын төлегені немесе оны төлеуден босатылғаны туралы құжат.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда –ҚР Ішкі істер министрінің 28.03.2020 № 260 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).24. Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында заңды негіздерде тұру мерзіміне қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында заңды негіздерде тұрақты тұратын қандастар, өздерінің ерік қалауынан тыс азаматтығынан айырылған немесе азаматтығын жоғалтқан жаппай саяси қуғын-сүргiннiң ақталған құрбандары, сондай-ақ олардың ұрпақтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтығын алу үшін жоғары оқу орындарында оқитын этникалық қазақтар жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ПД бастықтарының атына өтінішхатпен (өтінішпен) жүгінеді.
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтінішхатқа (өтінішке) мынадай құжаттар тігіледі:
1) бұрынғы азаматтықтан бас тарту туралы нотариалды куәландырылған өтініш;
2) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама-өтініш;
3) өлшемі 3,5х4,5 см төрт фотосурет;
4) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Заңның 1-бабында көзделген шарттарды сақтау туралы міндеттемесі;
5) жеке басты куәландыратын және басқа мемлекеттің азаматтығына тиесілігін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) өмірбаян;
7) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын қандастар – қандастың куәлігі;
8) жоғары оқу орындарында оқитын этникалық қазақтар – жоғары оқу орнынан осы оқу орнында оқу фактісін растайтын анықтама;
9) жоғары оқу орындарында оқитын этникалық қазақтар үшін ұлтын растау туралы анықтама;
10) мемлекеттік баж салығын төлегені немесе оны төлеуден босатылғаны туралы құжат;
11) саяси қуғын-сүргіннің құрбандары болып табылатын адамдар – ақталғаны туралы соттың шешімі немесе саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпағы болып табылатынын растайтын құжаттар.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 27.08.2022 № 706 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.24-1. Тұрақты тіркеуі жоқ қандастар тұрақты тұруға рұқсатты алу және Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) алу үшін ПД бастығының атына және біруақытта азаматтық мәселелері бойынша шешім қабылдайтын келген мемлекеттің лауазымды адамына шетел азаматтығынан бас тартқаны туралы нотариалды куәландырылған жазбаша өтінішхатпен (өтінішпен) жүгінеді. Өтінішхатқа (өтінішке) мынадай құжаттар тігіледі:
1) тұрақты тұруға рұқсатты алу және Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауға тіркеу осы Қағидаларға 7-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама-өтініш;
2) бұрынғы азаматтықтан бас тарту туралы нотариалды куәландырылған өтініш;
3) осы Заңның 1-бабында көзделген шарттарды сақтау туралы міндеттемесі;
4) ұлттық паспортының, азаматтығы жоқ адамның құжатының көшірмесі және түпнұсқасы (салыстыра тексеру үшін);
5) бірлесіп өтініш берген кезде он алты жасқа толмаған баланың туу туралы куәлігі немесе жеке басын куәландыратын басқа құжаттың көшірмесі және түпнұсқасы (салыстыра тексеру үшін);
6) жеке өмірбаяны қазақ не орыс тілінде;
7) азаматтығы тиесілілігі немесе тұрақты тұратын мемлекетте соттылығы (соттылығының болмауы) туралы тиісті мемлекеттің құзыретті органы берген құжат (Қытай Халық Республикасы азаматтарының этникалық қазақтарын қоспағанда, егер халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе);
8) өтініш берушіге тұруға тұрғын үй ұсыну және тұрақты тіркеу есебіне қою туралы жеке немесе заңды тұлғаның нотариалды куәландырылған өтініші;
9) "Шетелдіктерде және азаматтығы жоқ адамдарда болуы олардың Қазақстан Республикасына келуіне тыйым салатын аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 664 бұйрығына сәйкес шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға келуге тыйым салынатын сырқаттардың бар-жоғы туралы шетелдіктің медициналық куәландыру туралы анықтамасы, (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7274 болып тіркелген);
10) 14-тен 18-ге дейінгі жастағы кәмелетке толмаған балалар ата-анасының өтінішіне өзінің нотариалды куәландырылған жазбаша келісімін қоса ұсынады;
11) өлшемі 3,5 х 4,5 см төрт фотосурет;
12) мемлекеттік баж салығын төлегені туралы құжат;
13) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қаңтардағы № 36 қаулысымен бекітілген Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларына сәйкес берілетін шетелдіктің және азаматтығы жоқ адамның дактилоскопиялаудан өткені туралы анықтама.
Ескерту. Қағида 24-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ішкі істер министрінің 27.08.2022 № 706 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 29.02.2024 № 193 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрықтарымен.25. Өтініш берушілер жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) жүгінген кезде ұсынылатын өтінішхатқа (өтінішке) құжаттардың көшірмелері (паспорт, туу туралы куәлік, неке қию туралы куәлік, бұрынғы азаматтығынан бас тарту туралы өтініш) нотариалды куәландырылады.
Шет тілінде жасалған құжаттар қазақ не орыс тіліне аударылуы тиіс.
"Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабына сәйкес егер тиісті тілдерді білетін болса, нотариус бір тілден екінші тілге аударылған аударымның дұрыстығын куәландырады. Егер нотариус тиiстi тiлдердi бiлмейтiн болса, аударманы аудармашы жасап, қойған қолының түпнұсқалығын нотариус куәландырады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 240 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Консулдық жарғысының 60-тармағына сәйкес егер, Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шет мемлекеттер билігінің қатысуымен жасалған немесе осы биліктен шығатын құжаттар мен актілер заңдастырылған жағдайда ғана қарауға қабылданады.
Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 27.08.2022 № 706 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.26. Өтінішхаттарды (өтініштерді) қарау нәтижелері бойынша дәлелді қорытынды шығарылады, оны ПД бастығы немесе оның орынбасары бекітеді, ол туралы осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы анықтаманы жолдау арқылы Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен алумен байланысты мәселелер жөніндегі материалдарды ұсынған қалалық, аудандық ішкі істер органдарына хабарланады. Қалалық, аудандық ішкі істер органдары ПД-ден шешімдерді алғаннан кейін өтініш иесін өтінішхатты (өтініштерд) қарау нәтижелері туралы хабарлайды және мөрмен куәландырылған анықтама береді, ол Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігімен және паспортымен құжаттандыру үшін негіз болып табылады, оларды шетелдік ретінде есептен шығарылады. Азаматтық алу туралы анықтаманың түбіртегі ПД-ге материалдарға тігу үшін жолданады.
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы анықтамамен біруақытта жеңілдетілген тәртіппен азаматтыққа қабылданған адамдар осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарлама-міндеттеме алады. Хабарламаның екінші данасы өтініш иесінің жеке ісіне тігіледі.
Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда –ҚР Ішкі істер министрінің 28.03.2020 № 260 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).27. Егер де өтініш иесі азаматтық алу туралы өтінішхатты (өтінішті) қарау кезеңінде мекенжайын ауыстырса, өтінішті қараудың нәтижелері туралы оның жаңа мекенжайындағы ішкі істер органына хабарлайды.
28. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе азаматтығын қалпына келтіру туралы өтінішхат (өтініш) Заңның 17-бабында көзделген негіздер болған кезде қабылданбайды.
Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 29.07.2024 № 592 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.29. Қазақстан Республикасының азаматтығын алудың жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) туралы материалдарды қарау мерзімі өтініш берген сәттен бастап үш айды құрайды.
30. 18 жасқа дейінгі балалардың азаматтығы Келісімнің ережелеріне сәйкес айқындалады.
31. Келісімге қатысушы елдердің құзыретті органдарынан Қазақстан Республикасы азаматының өзге мемлекеттің азаматтығын қабылдағаны туралы ақпарат келіп түскен жағдайда ішкі істер органдары есептерге өзгерістер енгізеді.
6-тарау. Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу тәртібі
Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 11.07.2018 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
32. Республиканың аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің атына өтінішхат (өтініш) береді және оны тұрақты тұрғылықты жері бойынша Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына тапсырады.
Өтінішхатқа (өтінішке) мыналар:
1) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама-өтініш;
2) өмірбаян;
3) 3,5 х 4,5 см өлшемдегі үш фотосурет;
4) жеке куәлігінің, баланың туу туралы және неке туралы куәліктерінің көшірмесі;
5) жұмыс, оқу орнынан, сондай-ақ атқарушы өндірісі аумақтық органынан мемлекет алдында атқарылмаған міндеттердің не азаматтардың, мемлекеттік органдардың және меншік нысанына қарамастан ұйымдардың мүдделеріне байланысты мүліктік міндеттемелерінің болуы немесе жоқтығы туралы анықтама;
6) әскерге шақырылу жасындағы адамды міндетті әскери қызмет өткеруден босату не босату мүмкін еместігі туралы қорғаныс істері бойынша аумақтық департаменттерінен берілген анықтама;
7) мемлекеттік баж салығын төлегені немесе оны төлеуден босатылғаны туралы құжат қоса тіркеледі.
33. Өтініш берушінің Қазақстан Республикасында күйеуі (әйелі) болса немесе оның асырауында адамдар бар болса, ол осы адамдардың оған қатысты материалдық және өзге де наразылықтары жоқ екендігі туралы нотариалды куәландырылған өтінішін ұсынады.
34. Нотариалды куәландырылған некенің бұзылғаны, ата-анасының біреуінің қайтыс болуы, асырап алу, қамқоршылық және қорғаншылық (тиісті жергілікті атқарушы органның шешімі), ата-аналық құқығынан айыру, алимент төлеу туралы құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
Егер ата-анасының екеуі де Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылса және олардың біреуі біруақытта азаматтықтан кәмелетке толмаған баласын шығару туралы өтініш бере отырып, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығатын болса, онда баланың Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуына оны тиесілігі айқындалған нотариалды куәландырылған екінші ата-ананың өтініші ұсынылады.
35. Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы сауалнама-өтінішті беру кезінде өтініш иесіне Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтудың құқықтық және өзге де салдары түсіндіріледі, бұл туралы материалдарға қоса берілген және өтініш иесі қол қойған осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтамаға тиісті жазба жазылады.
Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 11.07.2018 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.36. Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы өтінішхаттар (өтініштер) бойынша ерікті нысанда ПД жасаған қорытындыларда өтініш берушінің мемлекет алдында орындалмаған міндеттемелері немесе азаматтардың немесе кәсіпорындарды, мекемелер мен ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің айтарлықтай мүддесімен байланысты оның мүліктік міндеттемелері туралы, оның айыпталушы ретінде қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны туралы, не оның соттың заңды күші бар үкімімен жазасын өтегені туралы, не оның сот үкімінің заңды күшіне енуі бойынша жазасын өтеуі туралы не осы адамның азаматтықтан шығуы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қауіпсіздігінің мүдделеріне қайшы келетіндігі туралы, азаматтықтан шығу себептері мен дәлелдері туралы нақты мәліметтер хабарланады.
Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда –ҚР Ішкі істер министрінің 28.03.2020 № 260 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).37. ПД Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы шешім болған адамдардан Қазақстан Республикасының жеке куәлігін және паспортын алып қояды және Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы осы Қағиданың 12-тармағына сәйкес осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама береді.
Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда –ҚР Ішкі істер министрінің 28.03.2020 № 260 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).38. Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға егер шығу туралы өтініш беруші адамның Қазақстан Республикасының алдында орындалмаған міндеттері немесе азаматтардың немесе Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің мүдделеріне байланысты мүліктік міндеттері бар адамдарға бас тартылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға өтінішхат беруші адам айыпталушы ретінде қылмыстық жауапкершілікке тартылса, не соттың күшіне енген үкімімен жазасын өтесе немесе Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қауіпсіздігінің мүдделеріне қайшы келтіретін болса рұқсат етілмейді.
7-тарау. Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды тіркеу тәртібі
Ескерту. 7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 18.10.2021 № 642 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
39. Қазақстан Республикасының азаматтығы Заңның 21-бабында көзделген негіздер бойынша жоғалады.
Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 29.07.2024 № 592 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.40. Қазақстан Республикасының азаматының жеке куәлігімен немесе паспортымен тұрып жатқан адамның Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтыны, басқа мемлекеттің азаматттығына тиесілігін растайтын құжаттарының бар екендігі туралы мәліметтер және өтініштер келіп түскен кезде Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары үш жұмыс күні ішінде әкімшілік жауапкершілікке тартылғандығына ҚАОААЖ арқылы прокуратура органдарының құқықтық статистика және арнайы есепке алу бөліністерінде тексеруді жүргізеді, Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының барлық есептері және Қазақстан Республикасынан шығуды немесе оған кіруді растау үшін "Бүркіт" БАЖ бойынша тексереді.
Тексеріс нәтижелері бойынша екі күн ішінде ПД бастығы немесе жетекшілік ететін орынбасары бекіткен дәлелді қорытынды шығарылады.
Қазақстан Республикасының аумағына келген адамның Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңнама бұзғаны анықталған жағдайда оған қатысыты азаматтықты жоғалту тіркелген адам Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің талаптарына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 18.10.2021 № 642 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.40-1. Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды тіркеу үшін келіп түскен мәліметтер негізінде лауазымды адам мынадай құжаттардан тексеру материалын қалыптастырады:
1) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды одан әрі тіркеу үшін тексеру іс-шараларын өткізу үшін негіздер (мәліметтер);
2) Қазақстан Республикасының паспортын және (немесе) жеке куәлігін (құжаттардың түпнұсқасы болмаған жағдайда) ресімдегенін растайтын мәліметтер;
3) "Бүркіт" БАЖ-дан шекарадан өткені туралы мәліметтер;
4) ҚАОААЖ, Қазақстан Республикасы ішкі істер органының барлық есептері бойынша мәліметтер;
5) шетел мемлекетінің азаматтығы болуын растайтын құжат.
Шетел мемлекетінің азаматтығы болуын растайтын құжаттары болмаған жағдайда адамға қатысты шетел мемлекетінің құзыретті органдарына сұрау салу жолдайды.
Шетел мемлекетінің азаматтығы болуын растайтын мәліметтің болмауына байланысты белгіленген мерзімде мәліметтерді немесе өтініштерді қарау мүмкін болмаған жағдайда шетел мемлекетінің азаматтығы болуы туралы растайтын мәліметтерді алғанға дейін азаматтықты жоғалтуды тіркеу тоқтатылады. Сұрау салудың көшірмесі істің материалдарына тігіледі.
Ескерту. Қағида 40-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ішкі істер министрінің 18.10.2021 № 642 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.40-2. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және басқа мемлекеттің азаматтығын қабылдаған адам азаматтықты жоғалтуды тіркеу үшін ішкі істер органдарына күнтізбелік отыз күн ішінде мынадай құжаттарды тапсырады:
1) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды тіркеу туралы еркін түрде өтініш;
2) Қазақстан Республикасы азаматының паспорты және (немесе) жеке куәлігі (түпнұсқасы);
Қазақстан Республикасының паспортын және (немесе) жеке куәлігін жоғалтқан жағдайда адам жазбаша түсініктеме береді.
3) шетел мемлекеті азаматының паспортының көшірмесі немесе шетел мемлекетінің азаматтығы болуын растайтын құжат;
Лауазымды адам жеке басын куәландыратын құжаттарды алып қою туралы хаттама толтырады.
Ескерту. Қағида 40-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Ішкі істер министрінің 18.10.2021 № 642 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.41. Қазақстан Республикасының азаматтығынан жоғалтуды тіркеу Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген адамға оны Қазақстан Республикасының азаматтығынан жоғалту жөнінде шешім қабылдаудың негіздері және себептері туралы хабарланғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары Қазақстан Республикасының азаматтығынан жоғалтуды осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығынан жоғалтқан адамдарды есепке алу журналына тіркейді.
Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан адамдар туралы он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Халықты құжаттандырудың деректер базасына мәлімет енгізеді және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметіне хабарлайды.
Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органынан Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тіркелген адамның шетелдік қарулы қақтығыстарға, шет мемлекет аумағындағы экстремистік және (немесе) террористік әрекетке қатысуы туралы ақпарат түскенде ішкі істер органдары осы адамға қатысты Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқандығын тіркейді.
Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 11.07.2018 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.41-1. Ата-анасы азаматтықты жоғалтқан жағдайда баланың азаматтығы "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалады.
Ескерту. Қағида 41-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ішкі істер министрінің 18.10.2021 № 642 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8-тарау. Қазақстан Республикасының азаматтығына тиесілігін анықтау тәртібі
Ескерту. 8-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 11.07.2018 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
42. Қазақстан Республикасының азаматтығына тиесілігін анықтауға:
1) 1974 жылғы үлгідегі КСРО-ның паспорттарымен немесе оларды жоғалтқандар, 1992 жылғы 1 наурызға Қазақстан Республикасында тұрақты тіркеуде тұрмағандар;
2) халықты құжаттандырудың деректер базасы бойынша есепте жоқ және пәтер немесе шаруашылық кітаптарда тұрақты тұратынын растай алмайтын Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарды алмаған он сегіз жастан асқандар;
3) алып тасталды - ҚР Ішкі істер министрінің 24.06.2021 № 366 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4) Қазақстан Республикасының аумағында туғандар және шет мемлекеттік азаматтығында тұрмайтындар;
5) оларды экстрадициялау туралы сұрау салу келіп түскен адамдар жатады.
Ескерту. 42-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ішкі істер министрінің 25.11.2016 № 1097 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 24.06.2021 № 366 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.43. Адамдар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ПД бастықтарының атына Қазақстан Республикасының азаматтығына тиесілігін анықтау туралы өтінішхат (өтініш) жазады және оны тұрақты тұрғылықты жері бойынша қалалық, аудандық ішкі істер органдарының көші-қон қызметі бөліністеріне, ал тіркеу болмаған жағдайда нақты тұратын орны бойынша тапсырады.
Өтінішхатқа (өтінішке) мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) Қағиданың 42-тармағында көрсетілген, шарттардың біреуінің барын растайтын құжат;
2) өмірбаян;
3) өлшемі 3,5х4,5 см төрт фотосурет;
4) іске қатысты басқа да құжаттар (туу туралы куәлік, еңбек кітапшасы, әскери билет, орта немесе толық орта емес білімі туралы аттестат, диплом, шаруашылық бойынша кітаптан үзінді көшірме, қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасында тұратын фактісін растайтын кемінде үш куәгердің өтініштері).
Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары азаматтыққа тиесілігін анықтау бойынша материалдарды қалыптастыру кезінде тұрғылықты жері бойынша жауап алу хаттамасын осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасайды.
Өтінішхаттарды (өтініштерді) қарау мерзімі күнтізбелік отыз күнді құрайды.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шетелдік мекемелерінен жауаптың болмауынан белгіленген мерзімде өтінішті қарау мүмкін болмаған жағдайда өтінішхатты (өтінішті) қарау уақытша тоқтатылады, ол туралы өтініш иесіне хабарлама жолданады, оның көшірмесі істің материалдарына тігіледі.
Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда –ҚР Ішкі істер министрінің 28.03.2020 № 260 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).44. Қазақстан Республикасының азаматтығына тиесілігі бар екені анықталған адамдарға оларды Қазақстан Республикасы азаматының паспортымен және жеке куәлігімен құжаттандыруға негіз болып табылатын осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама беріледі.
Қазақстан Республикасының азаматтығына тиесілігі анықталмаған адамдарға ішкі істер органдары азаматтығы жоқ адамның куәлігімен құжаттандырады.
9-тарау. Азаматтығынан айыру тәртібі
Ескерту. 9-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 11.07.2018 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. Қағида 9-тараумен толықтырылды – ҚР Ішкі істер министрінің 28.07.2017 № 514 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
45. Азаматтықтан айыруға Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көзделген жағдайларда террористік қылмыстар жасағаны, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өмірлік маңызы бар мүдделеріне өзге де ауыр зиян келтіргені үшін соттың шешімімен ғана жол беріледі.
46. Азаматтығынан айыру он сегіз жасқа дейін қылмыс жасаған адамдарға тағайындалмайды.
47. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру туралы күшіне енген сот үкімі келіп түскеннен кейін ішкі істер органдары азаматтығынан айыру туралы қорытынды (ерікті нысанда) шығарады, оны облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ПД бастықтары не олардың орынбасарлары бекітеді.
Ескерту. 47-тармақ жаңа редакцияда –ҚР Ішкі істер министрінің 28.03.2020 № 260 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).48. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған адамдар туралы ішкі істер органдары қорытынды бекіткен күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы халқының құжаттандырылған деректер базасына мәліметтер енгізеді.
Ескерту. Қағидалар 1-қосымшамен толықтырылды –ҚР Ішкі істер министрінің 28.03.2020 № 260 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); алынып тасталды - ҚР Ішкі істер министрінің 24.06.2021 № 366 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
Ескерту. 1-1-қосымша жаңа редакцияда –ҚР Ішкі істер министрінің 28.03.2020 № 260 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
_________________________________ бойынша
жеке тұлғалардың өтінішхаттарын (өтініштерін) есепке алу
ЖУРНАЛЫ
ЖУРНАЛ
учета ходатайств (заявлений) физических лиц
по ___________________________________________
р/с № |
Өтініштің түскен күні |
Өтініш иесінінің тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, мекенжайы |
Қолдау хаттың қысқа мазмұны |
Орындаушының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) |
Шығыс нөмірі материалдарды Қала аудандық ІІБ, ПД-ге, ІІМ-ге жолдаған күні |
Қолдау хаты қарауды тоқтатқан немесе қайта қарау уақыты, негіз |
Қарау нәтижелері |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Басталды/Начато
Аяқталды/Окончено
Парақтардың саны/Количество листов
Сақтау мерзімі/Срок хранения
ПО
№_____
20__ж.г. "__" _____
Құжаттарды қабылдау туралы № _________ анықтама
Справка о приеме документов № _________
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда –ҚР Ішкі істер министрінің 28.03.2020 № 260 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)._______________ азаматының № ____________________ паспортына берілді
Выдана к паспорту № ________________ гражданина ____________________________
Тегі ______________________________________________________________________
Фамилия
Аты ______________________________________________________________________
Имя
Әкесінің аты (бар болса)_____________________________________________________
Отчество (при его наличии)
Туған жылы _______________________________________________________________
Дата рождения
20___жылғы "___" __________ ол шын мәнінде Қазақстан
Республикасының азаматтығын қабылдау не одан шығу туралы өтініш
білдірді.
В том, что он (а) действительно "___" __________20___года подал
(а) ходатайство (заявление) о приобретении гражданства Республики
Казахстан либо о выходе из гражданства Республики Казахстан.
Онымен бірге: _____________________________________________________________
Вместе с ним (ней) ходатайствуют:
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
_______________________________________________________________ өтініш берді.
___________________________________________________ облысы ПД КҚҚБ бастығы
Начальник УМС ДП ________________________________________________________
М.О.
М.П.
№ _______ анықтама түбіртегі
Корешок справки № _______
Тегі ______________________________________________________________________
Фамилия
Аты ______________________________________________________________________
Имя
Әкесінің аты (бар болған жағдайда) ___________________________________________
Отчество (при его наличии)
Туған жылы _______________________________________________________________
Дата рождения
Бұрынғы азаматтығы _______________________________________________________
Прежнее гражданство
Паспортының № ___________________________________________________________
№ ________________________________________________________________ паспорта
20___жылғы "___" __________ ол шын мәнінде Қазақстан Республикасының
азаматтығын қабылдау не одан шығу туралы өтініш білдірді.
В том, что он (а) действительно "___" __________ 20___ года подал (а)
ходатайство (заявление) о приобретении гражданства Республики
Казахстан либо о выходе из гражданства Республики Казахстан.
Онымен бірге: _____________________________________________________________
Вместе с ним (ней) ходатайствуют:
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
_______________________________________________________________ өтініш берді.
__________________________________________________________________________
(арнайы атағы, лауазымы, аты-жөні; специальное звание, должность,
фамилия, имя, отчество (при его наличии))
_____________________________
(қолы - подпись)
Анықтаманы алдым ________________________________________________________
Справку получил (а) (қолы - подпись)
20__ жылғы "___" ___________
М.О.
М.П.
__________________________________________________________________________
Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Қазақстан Республикасының азаматтығын алудан, қалпына келтіруден және шығарудан бас тарту туралы анықтама
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда –ҚР Ішкі істер министрінің 28.03.2020 № 260 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып, Көші-қон қызметі басқармасы (бөлімі)
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
_______________________________________________________________ бас тартады.
Бас тарту негіздері көрсетіледі
Осы қолхат 2 данада жасалды, әр тарапқа біреуден.
___________________ облысы ПД КҚҚБ бастығы
__________________________________________________________________________
(арнаулы атағы, лауызымы, Т.А.Ә.)
_______________
(қолы)
М.О.
Орындаушы: Т.А.Ә. _______________
Телефон _______________
Алдым: Т.А.Ә./өтініш берушінің қолы_________________________________________
20__ жылғы "___" _________
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 29.07.2024 № 592 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
М.О. Фото суреттің орны
Сауалнама-өтініш
Мені Қазақстан Республикасының азаматтығына жалпы, жеңілдетілген тәртіппен
қабылдауды немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіруді
сұраймын (керексізін сызып тастаңыз).
Осы өтінішпен жүгінуге ықпал еткен себептер.
____________________________________
____________________________________
менімен бірге біруақытта менің кәмелетке толмаған балаларымды (ұлымды, қызымды,
тегі, аты, әкесініңаты (ол болған кезде), туған күні мен жері, азаматтығы)
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдауды сұраймын
Көрсетілген балалардың басқа ата-анасы туралы мәлімет (тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған кезде), азаматтығы, тұрғылықты жері)
Өтініш беруші туралы мәлімет
1. Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
_____________________________________________
(тегі, аты, әкесініңаты (ол болған кезде) өзгерген жағдайда бұрынғы тегі, аты, әкесінің
аты (ол болған кезде), Өзгертудің себебі мен күні көрсетілсін)
2. Туған күні, айы, жылы мен жері ________________________________
3. Жынысы ___________________ (еркек, әйел)
4. Қазіргі уақытта қай шет мемлекеттің азаматтығы бар (бұрын болды)
_____________________________________________
қайда, қашан және қандай негізде алынды және жоғалтты)
5. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы бұрын өтінішпен жүгіндіңіз бе? ________________________________________________ (егер иә болса, онда қашан және қай органға, қандай шешім қабылданды)
6. Бар азаматтықтан бас тарту туралы мәлімет не болмаса міндеттеме
______________________________________________
(көрсетілген мәліметтерді растайтын құжат)
7. Ұлты ________________________________________________
8. Білімі және білімі бойынша мамандығы, кәсібі _____________________________
(қай оқу орнын, қайда және қашан бітірді, диплом нөмірі, берілген күні мен орны)
9. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы ___________________________________
(диплом нөмірі, берілген күні, берілген жері)
10. Отбасы жағдайы ________________________________________________
(үйленген (тұрмыста), үйленбеген (тұрмыста емес), ажырасқан, жесір)
_____________________________________________
(неке (ажырасу), қайтыс болғаны туралы куәлік нөмірі, берілген күні мен орны)
11. Жақын туыстар – ата-аналар (ата-ана), балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер (аға-қарындастар), ата, әже, немерелер
Туыстық дәрежесі | Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) | Туған жылы мен жері | Азаматтығы | Тұратын елі мен мекенжайы | Жұмыс, оқуорны |
12. Өтінішпен жүгінген күннің алдындағы соңғы бес жылдағы еңбек қызметі
(жоғары, орта, орта арнайы және кәсіптік-техникалық білім беру оқу орындарын,
әскери қызметті қоса алғанда)
Күні (айы және жылы) | Кәсіпорынды, мекемені, ұйымды, министрлікті (ведомствоны) көрсетеотырыплауазымы | Жұмыс орнының мекенжайы (елі, қала, облыс, елдімекен) | |
қабылдау | босату | ||
13. Жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде) __________________
14. Қазақ (орыс) тілін білесізбе? _________________________________
(мәліметтерді растайтын құжат, оның нөмірі, берілген күні және орны)
15. Әскери міндетке қатысы _________________________________________
(әскери міндетті немесе әскери міндетті емес, өтініш берген сәтте шет мемлекетте
әскери қызметке немесе баламалы азаматтық қызметке шақырылмаған ба?)
16. Тұруға ықтиярхатпен расталған Қазақстан Республикасының аумағында тұру
_____________________________________________
(қай уақыттан бастап, оның ішінде үздіксіз)
17. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтінішпен жүгінген
күннің алдындағы бес жыл ішінде Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерлерге
шығарылдыңыз ба?________________________
(егер иә болса, елден тыс шығарудың себебі көрсетілсін, елден тыс шығару туралы
қаулының нөмірі мен күні)
18. Шет мемлекетте әскери қызметте, қауіпсіздік органдарында немесе құқық қорғау
органдарында қызметте тұрасыз ба? (тұрдыңызба?)__________________________________
(егер иә болса, онда қашан, қандай кезеңде, соңғы лауазымы, атағы, шені)
19. Қылмыстық жауапкершілікке тартылдыңыз ба _________________________________
(егер иә болса, тиісті мемлекеттің қылмыстық заңнамасының қандай баптары бойынша,
сотталған жағдайда үкімнің көшірмесін қоса бере отырып, бұлтартпау шарасын көрсету)
20. Қылмыс жасағаныңыз үшін шет мемлекеттің құзыретті органдары қылмыстық
тәртіпте қудалап жүрген жоқ па? ________________________ (иә, жоқ)
21. Тұрғылықты мекенжайы, телефоны ________________________________
22. Жеке басын куәландыратын құжат ________________________________
(құжат нөмірі, қашан және кім берді)
Өтінішпен бірге мынадай құжаттар ұсынамын:
_____________________________________________
Ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығын және жазылған деректердің дұрыстығын растаймын, өзім туралы көрінеу жалған ақпарат бергенім үшін ескертілдім ________________________________________________________________
(өтініш берілген күн) (өтініш берушінің қолы)
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
20___ жылғы "__"_________________________
__________________ (өтініш берушінің қолы)
Өтініш "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Заңның, Жеңілдетілген тәртіпте қабылдау туралы келісімнің, Тұрмыстағы әйел туралы конвенцияның негізінде қарауға қабылданды.
(керегін сызыңыз)
Өтінішті толтырудың дұрыстығын және қажетті құжаттардың бар-жоғын тексердім;
өтінішке менің қатысуыммен қол қойылды, өтініш берушінің қолының түпнұсқалығын растаймын._____________________________________
(құжатты қабылдаған аумақтық көші-қон қызметі бөлінісінің лауазымды адамының
арнаулы атағы, лауазымы, тегі, аты-жөні) _____________________________
(лауазымды адамның қолы)
Бастық ______________________________
(аумақтық көші-қон қызметі бөлінісінің атауы)
________________________________ ____________
(арнаулы атағы) (қолы) (тегі, аты-жөні) М.О.
_______________________________________________
(аумақтық көші-қон қызметі бөлінісінің атауы)
_______________________________________________
Тіркеу нөмірі _________________________________
(лауазымды адам толтырады)
М.О |
|
Сауалнама-өтініш
Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда –ҚР Ішкі істер министрінің 28.03.2020 № 260 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Маған Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға рұқсат етуіңізді
Осы өтінішпен жүгінуге ықпал еткен себептер _________________________
Бір уақытта өзіммен бірге кәмелетке толмаған балаларымды (балам, қызым, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), туған күні, жылы, азаматтығы) Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға рұқсат етуіңізді сұраймын | |
Көрсетілген балалардың басқа ата-аналары туралы мәлімет (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), тұрғылықты жері, азаматтығы, Қазақстан Республикасының азаматтығы бар болса, сақтайды ма, жоқ па соны көрсетсін) | |
Өтініш беруші туралы мәліметтер
1. Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), _________________________________
__________________________________________________________________________
(тектері, аттары, әкесінің аттары (бар болған жағдайда) өзгерген жағдайда бұрынғы
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) себебі және өзгерген күні көрсетілсін)
2. Туған күні, айы, жылы және жері ____________________________________________
__________________________________________________________________________
3. Жынысы (еркек, әйел) _____________________________________________________
4. Отбасылық жағдайы ______________________________________________________
(үйленген (тұрмыста), бойдақ (тұрмыста емес), ажырасқан, жесір (неке (ажырасқаны),
қайтыс болғаны туралы куәлік, берілген күні және орны)
__________________________________________________________________________
5. Ұлты ___________________________________________________________________
(тілегі бойынша көрсетіледі)
6. Діні ____________________________________________________________________
(тілегі бойынша көрсетіледі)
7. Білімі, білімі бойынша мамандығы, кәсібі ____________________________________
__________________________________________________________________________
(қандай оқу орнын қашан және қайда бітірді, диплом нөмірі, берілген күні және орны)
8. Ғылыми атағы, ғылыми дәрежесі ____________________________________________
(диплом нөмірі, берілген күні және орны)
9. Соңғы бес жылдағы еңбек қызметі
Күні (айы және жылы) | Жұмыс орны және лауазымы | Жұмыс орнының мекенжайы | |
қабылданды | босатылды | ||
10. Қазақстан Республикасының заңымен бекітілген салықтарды төлеу бойынша
орындалмаған міндеттемелер бар ма
__________________________
(иә, жоқ)
11. Әскери міндеттілікке қатысы ______________________________________________
__________________________________________________________________________
(әскери міндетті, әскери міндетті емес, әскери қызметтен өтсе, қашан, қайда, әскер түрі,
әскери атағы көрсетілсін)
12. Қазақстан Республикасының құзыретті органдарына қылмыстық іс бойынша
айыпталушы ретінде тартылдыңыз ба?
__________________________
(иә, жоқ)
13. Сізге қатысты заңды күшіне енген және орындауға жататын айыптау сот үкімі бар ма?
________________________________________(иә, жоқ)
14. Көрсетілген өтініште Сіздің және Сіздің балаларыңыздың өзге азаматтығы бар ма?
__________________________________________________________________________
(иә болса, қандай, қашан және қандай негізде құжат алынды, оның нөмірі, күні және
берілген орны; өзге азаматтығы болмаған кезде - оны алу мүмкіндігін растау)
15. Бұрын Қазақстан Республикасында тұрақты тұрды ма? ________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(егер иә болса, қандай мекенжай бойынша тіркелгені көрсетілсін, қашан және қандай
құжат бойынша Қазақстаннан кетті)
16. Қазақстан Республикасында тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен
шығарылдыңыз ба? (ұсынылған құжатқа сәйкес)
_________________________
17. Тұрғылықты жердің мекенжайы, телефоны __________________________________
__________________________________________________________________________
18. Жеке басын куәландыратын құжат және Қазақстан Республикасының азаматтығы
__________________________________________________________________________
(түрі, сериясы, нөмірі, кім және қашан берілген)
Өтінішпен бірге мынадай құжаттар ұсынылады:
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Маған "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Заңның 22-бабына
сәйкес жалған құжаттардың және көрінеу жалған мәліметтердің негізінде қабылданған
Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы шешім жойылуға жататыны
ескертілді.
Өтініште көрсетілген дербес деректерді өңдеуге келісім беремін.
Ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығын және баяндалған деректердің шынайылығын растаймын.
_______________________ _______________________________
(өтініш берген күн) (өтініш берушінің қолы)
Өтініш қарауға "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Заңның негізінде
______________________________________ қабылданды
(бап, бөлім, тармақ) (күні)
Өтінішті толтырудың дұрыстығы және қажетті құжаттардың бар болуын тексерді;
өтінішке менің қатысуыммен қол қойылды, өтініш берушінің қолының түпнұсқалығын растаймын.
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)
________________________
(лауазымды адамның қолы)
Ескерту. 6-қосымшаның оң жақ жоғары бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 11.07.2018 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Міндеттеме
Мен ___________________________________________________________
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдауды өтіне отырып, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтауға, оның мүдделері мен аумақтық тұтастығын қорғауға, мемлекеттік тілге және аумағында тұратын барлық ұлт өкілдерінің тіліне, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға, Қазақстан Республикасының күш-қуатын, егемендігі мен тәуелсіздігін нығайтуға міндеттенемін.
20 ___ жылғы "____" __________
_________________________
(қолы)
Обязательство
Я, ___________________________________________________________,
ходатайствуя о приеме в гражданство Республики Казахстан, обязуюсь соблюдать Конституцию и Законы Республики Казахстан, защищать ее интересы и территориальную целостность, уважительно относиться к обычаям, традициям, государственному языку и языку представителей всех национальностей, проживающих на ее территории, способствовать укреплению могущества, суверенитета и независимости Республики Казахстан.
"___"__________20___год
_____________________
(подпись)
Фотосуреттің орны |
Қазақстан Республикасының азаматтығын алу, Қазақстан Республикасының азаматтығы қалпына келтірілгені туралы № _____анықтама Справка о приеме в гражданство Республики Казахстан, восстановлении в гражданстве Республики Казахстан № _____
Ескерту. 7-қосымша жаңа редакцияда –ҚР Ішкі істер министрінің 28.03.2020 № 260 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін (паспортын) алу
үшін берілді.
Выдана для получения удостоверения личности (паспорта)
гражданина Республики Казахстан.
Тегі______________________________________________________________________
Фамилия
Аты______________________________________________________________________
Имя
Әкесінің аты (бар болған жағдайда)____________________________________________
Отчество (при его наличии)
Туған күні_________________________________________________________________
Дата рождения
20____ жылғы "____" ___________ № ______ Қазақстан Республикасы
Президентінің Жарлығына, халықаралық келісімге, Некедегі әйелдің
азаматтығы туралы конвенцияға, "Қазақстан Республикасының азаматтығы
туралы" ҚР Заңының 16-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының
азаматтығына қабылданды, Қазақстан Республикасының азаматтығы қалпына
келтірілді.
В соответствии с Указом Президента Республики Казахстан,
международным Соглашением, Конвенцией о гражданстве замужней женщины,
со статьей 16-1 Закона РК "О гражданстве Республики Казахстан" №
______ "____" _________ 20___ года принят в гражданство Республики
Казахстан, восстановлен в гражданстве Республики Казахстан.
Онымен бірге Қазақстан Республикасының азаматтығына:
__________________________________________________________________________
_______________________________________________________ балалар қабылданды.
Вместе с ним (ней) приняты в гражданство Республики Казахстан дети:
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
ПД КҚҚБ бастығы ___________________
Начальник УМС ДП (қолы-подпись)
М.О.
М.П.
№ _____ анықтаманың түбіртегі
Корешок справки № _____
Тегі______________________________________________________________________
Фамилия
Аты______________________________________________________________________
Имя
Әкесінің аты (бар болған жағдайда)____________________________________________
Отчество (при его наличии)
Туылған күні_______________________________________________________________
Дата рождения
Бұрыңғы азаматтығы________________________________________________________
Прежнее гражданство
20____ жылғы "____" ___________ № ______ Қазақстан Республикасы
Президентінің Жарлығына, халықаралық келісімге, Некедегі әйелдің
азаматтығы туралы конвенцияға, "Қазақстан Республикасының азаматтығы
туралы" ҚР Заңының 16-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының
азаматтығына қабылданды, Қазақстан Республикасының азаматтығы қалпына
келтірілді.
В соответствии с Указом Президента Республики Казахстан,
международным Соглашением, Конвенцией о гражданстве замужней женщины,
со статьей 16-1 Закона РК "О гражданстве Республики Казахстан" №
______ "____" _________ 20___ года принят в гражданство Республики
Казахстан, восстановлен в гражданстве Республики Казахстан.
Тиісті шетелдік мекемеге бұрынғы азаматтықтың ұлттық құжаттарын
тапсыру қажеттілігі туралы ескертілді.
Предупрежден о необходимости сдачи национального документа
прежнего гражданства в соответствующее загранучреждение.
__________________________________________________________________________
(арнайы атағы, лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған
жағдайда); специальное звание, должность, фамилия, имя, отчество (при
его наличии))
_____________________________
(қолы-подпись)
Хабарламаны алдым, шетелдік паспортты тапсырдым
_____________________
Извещение получил, иностранный паспорт сдал (қолы-подпись)
20___жылғы "____" ___________
"____" ____________ 20___год
М.О. М.П.
Ескерту. Қағидалар 7-1 қосымшамен толықтырылды – ҚР Ішкі істер министрінің 27.08.2020 № 599 (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 29.07.2024 № 592 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрықтарымен.
М.О. Фото суреттің орны
Сауалнама-өтініш
Тұрақты тұруға рұқсатты беруді және Қазақстан Республикасының азаматтығына жеңілдетілген тәртіппен қабылдауды сұраймын.
Қазақстан Республикасында 20____ жылғы бастап 20 ____жылғы дейін мекенжайы бойынша уақытша тіркелген.
Осы өтінішпен жүгінуге ықпал еткен себептер.
____________________________________________
Өтініш беруші туралы мәлімет
1. Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
_____________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) өзгерген жағдайда бұрынғы тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), Өзгертудің себебі мен күні көрсетілсін. Тегі мен аты орыс және латын әліпбиінің әріптерімен жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес жазылады).
2. Туған күні, айы, жылы мен жері ________________________________
3. Қазіргі уақытта қай шетмемлекеттің азаматтығы (тиесілігі) бар (бұрын болды)
_____________________________________________
қайда, қашан және қандай негізде алынды және жоғалтты)
4. Жынысы ___________________ (еркек, әйел)
5. жеке басты куәландыратын құжат ____________________________
(құжаттың нөмірі мен сериясы, кім және қашан берген)
6. Ұлты _______________________________________________
(қалауы бойынша көрсетіледі)
7. Бұрын Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру туралы өтінішпен
жүгіндіңіз бе ________________________________________________
егер иә болса, онда қандай органға және қашан, қандай шешім қабылданды
8. Отбасы жағдайы _____________________________________________
(үйленген (тұрмыста), бойдақ (тұрмысқа шықпаған),
_____________________________________________
ажырасқан, неке қию (бұзу) туралы куәлік, берілген күні және орны)
9. Кәмелеттік жасқа толмаған (оның ішінде асырап алынған, қамқорындағы,
қарамағындағы) балаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағында
уақытша тіркеуі бар отбасы мүшелері:
Өтініш берушіге қатысы | Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) | Туған жылы және жері | Азаматтығы (тиесілігі) | Тұратын, оқитын жерінің мекенжайы | ЖСН ол болған жағдайда | Жұмыс орны |
10. Оқуын қоса алғанда, еңбек қызметі туралы мәліметтер:
Күні (айы және жылы) | Мекемені көрсете отырып лауазымы, жұмысқа қабылдануы, жұмыстан шығуы | Жұмыс орнының мекенжайы | |
11. Жеке сәйкестендіру нөмірі (егер бар болса _________________________________
___________________________________________
(куәлік нөмірі, берген күні мен орны, берген органның атауы)
12. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтінішпен жүгінген
күннің алдындағы бес жыл ішінде Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерлерге
шығарылдыңыз ба?______________________________
(егер иә болса, елден тыс шығарудың себебі көрсетілсін, елден тыс шығару туралы
қаулының нөмірі мен күні)
13. Қылмыстық жауапкершілікке тартылдыңыз ба _______________________
(егер иә болса, қашан, қандай баптар бойынша)
14. Сіз ауыр немесе аса ауыр қылмыстық әрекет не болмаса қауіпті деп танылған
қылмысты қайта жасағаныңыз үшін заңды күшіне енген сот үкімімен сотталдыңыз ба
_____________________________________________
егер сотталсаңыз, неше рет және қашан)
15. Қазақстан Республикасының аумағында не болмаса одан тыс жерлерде ауыр немесе
аса ауыр қылмыстық әрекет жасағаныңыз үшін өтелмеген немесе алынбаған
соттылығыңыз бар ма
____________________________________________
егер болса, неше рет және қашан
16. Ата-анасы Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға қалдыру туралы рұқсат алған кезде жазылатын/ дербес рұқсат алатын бала туралы мәлімет (тегі, аты, әкесінің аты, туған күні мен жері, азаматтығы)
_____________________________________________
Көрсетілген балалардың басқа ата-анасы туралы мәлімет (тегі, аты, әкесінің аты, туған
күні, азаматтығы, тұрғылықты жері)
_____________________________________________
17. Уақытша тұратын жерінің мекенжайы, телефоны ____________________________
Өтінішпен бірге мынадай құжаттар ұсынамын: _________________________________
Маған тұрақты тұруға рұқсат беруде және Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдауда жеңілдетілген тіркеу тәртібінде "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 49-бабында және "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабында көзделген жағдайларда бас тартылуы мүмкін екені ескертілді.
Ұсынылған құжаттардың тұпнұсқалығын және жазылған мәліметтердің шынайылығын растаймын, өзім туралы көрінеу жалған мәлімет ұсынғаным үшін ескертілдім.
20__ жылғы "___" _________________________.
(өтініш берушінің қолы, лауазымды адам болған кезде қойылады)
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
20___ жылғы "__"_________________________
(өтініш берушінің қолы)
20__ жылғы "___" ________________ _________ өтініш қарауға қабылданды.
Өтініштің толтырылғанының дұрыстығын және қажетті құжаттардың бар-жоғын тексердім, өтінішке мен болған кезде қол қойылды, өтініш берушінің қолының түпнұсқалығын растаймын
____________________________________________
арнаулы атағы (егер бар болса),
_____________________________________________
құжатты қабылдаған уәкілетті лауазымды адамның лауазымы, тегі, аты-жөні)
_____________________________________________
(лауазымды адамның қолы)
Өтініш қысқартуларсыз, аббревиатураларсыз, түзетулерсіз және шимайсыз қолмен немесе техникалық құралдарды (жазу машинкалары, компьютерлер) пайдалана отырып толтырылады.
Сұрақтарға жауап толық болуы тиіс. Қолмен орындалған мәтін түсінікті болуы тиіс.
Өтінішті қабылдаған көші-қон полициясы бөлінісінің мөртабаны қойылады.
Егер өтініш беруші заңды тұлғаның білімінсіз кәсіпкер болып табылса, онда тіркеу туралы куәліктің нөмірі, тіркеген органның атауы және берілген орны көрсетіледі.
Егер өтініш берушіге зейнетақы тағайындалса, зейнетақы түрі, зейнетақы куәлігінің нөмірі, оны кім және қашан бергені көрсетіледі.
__________________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасының азаматтығына жеңілдетілген тәртіппен қабылданған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (бұдан әрі - Т.А.Ә.)
___________________________________________________________
(тұратын орны, байланыс телефоны, электр. мекенжайы)
Хабарлама-міндеттеме
Ескерту. 8-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 24.06.2021 № 366 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 10-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматының басқа мемлекеттің азаматтығында болуы танылмайды.
Егер шетелдік өзге мемлекеттің азаматтығын тоқтатпай отырып сонымен бір уақытта Қазақстан Республикасының азаматтығын алатын болса, онда ол жарамсыз деп есептеледі.
Осыған байланысты, Сізге Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен алған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде бұрынғы азаматтығы елідің өкілетті органына шетел азаматының паспортын тапсыру бұрынғы азаматтығының тоқтатылуын тіркегені үшін қажеттілігі туралы хабарлаймыз.
Біруақытта, егер шетелдік азаматтың паспорты бұрынғы азаматтығы бар елдің уәкілетті органына уақтылы ұсынылмаған болса, онда Қазақстан Республикасының азаматтығы жарамсыз болып саналады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңнаманы бұзған үшін "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 496-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделгені туралы ескертеміз.
Осы хабарлама-міндеттеме 2 данада жасалды, әр тарап үшін біреуден.
___________ облысы/республикалық маңызы бар қаласы/астанасы ПД КҚҚБ бастығы
________________________________________________________
(арнаулы атағы, лауазымы, лауазымды адамның Т.А.Ә.)
_________________________
(лауазымды адамның қолы)
М.О.
Хабарламамен таныстым, шетел азаматының паспортын бұрынғы азаматтықтың өкілетті органына күнтізбелік отыз күннің ішінде тапсыруға міндеттімін.
Хабарламаны алдым:
_______________________________________________________
(Т.А.Ә./қолы)
"___" _________ 20__ жыл
Анықтама – справка
Ескерту. 9-қосымша жаңа редакцияда –ҚР Ішкі істер министрінің 28.03.2020 № 260 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Маған,____________________________________________________________________
Мне,______________________________________________________________________
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), туған жылы - Ф.И.О. (при его наличии),
год рождения)
Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққан жағдайда құқықтық және өзге де салдары түсіндірілді. | разъяснены правовые и иные последствия при выходе из гражданства Республики Казахстан. |
Таныстым ________________________ 20__ ж.г. "___" ___________
Ознакомлен (а) (қолы-подпись)
____________________________________облысы ПД КҚҚБ бастығы
Начальник УМС ДП _________________________________ области
20___жылғы "___" _________
№ ________
Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы анықтама Справка о выходе из гражданства Республики Казахстан
Ескерту. 10-қосымша жаңа редакцияда –ҚР Ішкі істер министрінің 28.03.2020 № 260 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Выдана ___________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
___________________________________________________________________ берілді.
(туған жылы - год рождения)
Қазақстан Республикасы Президентінің 20___ жылғы "___" __________
Жарлығына сәйкес оған және оның кәмелетке толмаған балаларына:
В том, что ему (ей) и его (ее) несовершеннолетним детям:
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуларына рұқсат берілді.
В соответствии с Указом Президента Республики Казахстан № _____ "___"
__________ 20___ года разрешен выход из гражданства Республики
Казахстан.
______________________ облысы ПД КҚҚБ бастығы
Начальник УМС ДП ___________________ области
М.О.
М.П.
Қазақстан Республикасының азаматтығынан жоғалтқан адамдарды есепке алу журналы
Ескерту. 11-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 11.07.2018 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
№ р/с | Жоғалтқанкүні | Т.А.Ә. (бар болғанжағдайда) | Жоғалту негізі |
1 | 2 | 3 | 4 |
Ескерту. 12-қосымшаның оң жақ жоғары бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 11.07.2018 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Жауап алу хаттамасы
1. Тегі ____________________________________________________
2. Аты ____________________________________________________
3. Әкесінің аты (бар болған жағдайда) _____________________________
4. Туған күні ________________________________________________
5. Туған жері ________________________________________________
6. Ұлты _________________________
7. Білімі және білім бойынша мамандығы ___________________________
__________________________________________________________
(қайда, қашан және қандай оқу орнын бітірген)
8. Отбасылық жағдайы_________________________________________
9. Туыстары (әкесі, анасы, ағалары, апалары):
Туыстық дәрежесі | Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) | Туған жылы мен жері | Азаматтығы | Тұратын мекенжайы |
10. Жұмыс орыны (Қазақстанда, сондай-ақ елден тыс жерде), қызметі _____________________________________________________________________
11. Қазақстан Республикасынан тыс жерде қайда және қашан тұрған
_____________________________________________________________________
12. Паспорттың сериясыменнөмірі _____________________________________
(қашан және кім берген)
13. Тұратын мекенжайы ______________________________________________
Сұрастыру жүргізген ________________________________________________
(лауазымы, атағы, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы, күні)
Жауап алу хаттамасымен таныстым ______________________________
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы, күні)
Фотосуреттің орны
№ ______ анықтама
Ескерту. 13-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 24.06.2021 № 366 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін (паспортын) алу үшін берілді
Тегі _________________________________________________________________
Аты _________________________________________________________________
Әкесінің аты (бар болған жағдайда) ______________________________________
Туған жылы __________________________________________________________
"Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.
Негіз: _______________________________________________________________
облысы/республикалық маңызы бар қаласы/астанасы ПД-нің 20____жылғы
"_____"___________ қорытындысы.
КҚҚБ ПД-нің бастығы _____________________________________________
(қолы)
М.О. № _______ анықтаманың түбіртегі
Тегі _________________________________________________________________
Аты _________________________________________________________________
Әкесінің аты (бар болған жағдайда) ______________________________________
Туған жылы __________________________________________________________
Бұрынғы азаматтығы __________________________________________________
"Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.
Негіз: _________________________________
облысы/республикалық маңызы бар қаласы/астанасы ПД-нің 20____жылғы
"_____"___________ қорытындысы.
Инспектор _______________________
(қолы)
Анықтаманы алдым _____________
(қолы)
20___ ж. "______"___________
М.О.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 85 бұйрығына 2-қосымша |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1) "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасының азаматтығына байланысты мәселелерді қарау туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 23 тамыздағы № 556 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2045 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 2003 жылы № 7 болып жарияланған, 791-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасының азаматтығына байланысты мәселелерді қарау туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 23 тамыздағы № 556 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 24 сәуірдегі № 196 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4226 болып тіркелген, "Заң газетінде" 2006 жылғы 26 мамырдағы № 94-95(1074-1075) санында жарияланған)
3) "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасының азаматтығына байланысты мәселелерді қарау туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 23 тамыздағы 556 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 12 тамыздағы № 309 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 9 қыркүйекте № 5776 тіркелген, "Заң газетінде" 2009 жылғы 25 қыркүйектегі № 146 (1743) санында; "Заң газеті" 2009 жылғы 25 қыркүйек, № 146 (1569); Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында, 2009 жылғы № 11; "Ресми газетінде" 2009 жылғы 3 қазандағы № 40 (458) санында жарияланған).