"Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азама

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 тамыздағы № 599 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 28 тамызда № 21145 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтінішхаттарды (өтініштерді) ішкі істер органдарының қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 85 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13391 болып тіркелген, 2016 жылғы 14 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабына, "Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтінішхаттарды (өтініштерді) ішкі істер органдарының қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтінішхаттарды (өтініштерді) ішкі істер органдарының қабылдау, ресімдеу және қарау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 30-бабына, "Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1)тармақшасына сәйкес әзірленді";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда төмендегі ұғымдар қолданылады:

      Қазақстан Республикасында тұрақты тұрушылар деп - тұрақты тұруға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен рұқсат және тұрақты тұру құқығына құжат алған шетелдіктер танылады;

      бұрынғы одақтас республикалардың азаматтары - бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының азаматтары;

      қандастар – тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына келген және осы Заңда белгіленген тәртіппен тиісті мәртебе алған, Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде оның шегінен тыс жерде тұрақты тұрған этникалық қазақтар және оның Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейін оның шегінен тыс жерде туған және тұрақты тұрған ұлты қазақ балалары;

      жаппай саяси қуғын-сүргіннің ақталған құрбандары - адамды сот не заңмен белгіленген өзге де тәртіпте саяси қуғын-сүргіндердің құрбаны немесе саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен деп танылған адамдар;

      этникалық қазақтар – шетелде тұрақты тұратын ұлты қазақ шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар.";

      8-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      Тиісті түрде ресімделмеген материалдар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ПД-ге заңнамаға сәйкес келтіру үшін қайтарылады. Кемшіліктерді жою мерзімі күнтізбелік он күнді құрайды, кейіннен материалдар Қазақстан Республикасы ІІМ-ге қайта жолданады.

      18-тармақтың он бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      Қазақстан Республикасына тарихи Отаны ретінде тұрақты тұруға қайтып келген адамдар – қандастың куәлігін және келген мемлекеттің азаматтық мәселелері бойынша шешім қабылдайтын лауазымды адамның атына бұрынғы азаматтығынан бас тартқаны туралы нотариалды куәландырылған өтінішін ұсынады.

      24 -тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында заңды негіздерде тұру мерзіміне қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында заңды негіздерде тұрақты тұратын қандастар, өздерінің ерік қалауынан тыс азаматтығынан айырылған немесе азаматтығын жоғалтқан жаппай саяси қуғын-сүргіннің ақталған құрбандары, сондай-ақ олардың ұрпақтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтығын алу үшін жоғары оқу орындарында оқитын этникалық қазақтар жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ПД бастықтарының атына өтінішхатпен (өтінішпен) жүгінеді.

      Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтінішхатқа (өтінішке) мынадай құжаттар тігіледі:

      1) бұрынғы азаматтықтан бас тарту туралы нотариалды куәландырылған өтініш;

      2) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама-өтініш;

      3) өлшемі 3,5х4,5 см төрт фотосурет;

      4) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Заңның 1-бабында көзделген шарттарды сақтау туралы міндеттемесі;

      5) жеке басты куәландыратын және басқа мемлекеттің азаматтығына тиесілігін растайтын құжаттың көшірмесі;

      6) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын қандастар - қандастың куәлігі;

      7) жоғары оқу орындарында оқитын этникалық қазақтар - осы оқу орнында оқитын фактісін растайтын жоғары оқу орнынан анықтама;

      8) жоғары оқу орнында оқитын этникалық қазақтар үшін ұлтын растау туралы анықтама;

      9) мемлекеттік баж салығын төлегені немесе оны төлеуден босатылғаны туралы құжат.

      10) саяси қуғын-сүргіннің құрбандары болып табылатын адамдар - ақталғаны туралы соттың шешімі немесе саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпағы болып табылатынын растайтын құжаттар.

      Тұрақты тіркеуі жоқ қандастар тұрақты тұруға рұқсатты алу және Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен алу үшін ПД бастығының атына және біруақытта азаматтық мәселелері бойынша шешім қабылдайтын келген мемлекеттің лауазымды адамына шетел азаматтығынан бас тартқаны туралы нотариалды куәландырылған жазбаша өтінішхатпен (өтінішпен) жүгінеді. Өтінішхатқа (өтінішке) мынадай құжаттар тігіледі:

      1) тұрақты тұруға рұқсатты алу және Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауға тіркеу осы Қағидаларға 7-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама-өтініш;

      2) бұрынғы азаматтықтан бас тарту туралы нотариалды куәландырылған өтініш;

      3) осы Заңның 1-бабында көзделген шарттарды сақтау туралы міндеттемесі;

      4) ұлттық паспортының, азаматтығы жоқ адамның құжатының көшірмесі және түпнұсқасы (салыстыра тексеру үшін);

      5) бірлесіп өтініш берген кезде он алты жасқа толмаған баланың жеке басын куәландыратын баланың туу туралы куәлігі немесе басқа құжаттың көшірмесі және түпнұсқасы (салыстыра тексеру үшін);

      6) жеке өмірбаяны қазақ немесе орыс тілінде;

      7) оның азаматтығы бар мемлекетінің жазбаша келісімі, ол кету парағы не шетелге тұрақты тұруға арналған рұқсатты растайтын басқа құжат ретінде жүруі мүмкін (босқындар деп танылған немесе Қазақстан Республикасында пана ұсынылған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды және егер халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қытай Халық Республикасынан келетін этникалық қазақтарды қоспағанда);

      8) азаматтығы тиесілілігі немесе тұрақты тұратын мемлекетте соттылығы (соттылығының болмауы) туралы тиісті мемлекеттің құзыретті органы берген құжат (Қытай Халық Республикасы азаматтарының этникалық қазақтарын қоспағанда, егер өзге халықаралық шарттарда көзделмесе);

      9) өтініш берушіге тұруға тұрғын үй ұсыну және тұрақты тіркеу есебіне қою туралы жеке және заңды тұлғамен нотариалды куәландырылған шарт не нотариалды куәландырылған келісім;

      10) "Шетелдіктерде және азаматтығы жоқ адамдарда болуы олардың Қазақстан Республикасына келуіне тыйым салатын аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 664 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7274 болып тіркелген) сәйкес шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға келуге тыйым салынатын сырқаттардың бар-жоғы туралы шетелдіктің медициналық куәландыру туралы анықтамасы;

      11) 14-тен 18-ге дейінгі жастағы кәмелетке толмаған балалар ата-анасының өтінішіне өзінің нотариалды куәландырылған жазбаша келісімін қоса ұсынады;

      12) өлшемі 3,5 х 4,5 см. төрт фотосурет;

      1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      4-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес 7-1-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетіне (М.Т. Қабденов) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрі
Е. Тургумбаев

  2020 жылғы 27 тамыздағы
№ 599 бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасының
азаматтығына қабылдау және
Қазақстан Республикасының
азаматтығын қалпына келтіру,
оның ішінде жеңілдетілген
тәртіппен (тіркеу тәртібімен),
азаматтықтан шығу,
азаматтықты жоғалту мен одан
айыру және
Қазақстан Республикасының
азаматтығына жататындығын
айқындау мәселелері бойынша
өтінішхаттарды (өтініштерді)
ішкі істер органдарының
қабылдау, ресімдеу және
қарау қағидаларына
1-қосымша

"Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды, қалпына келтіруді және одан шығуды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің
атауы

Аумақтық полиция органдары (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті беруші).

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

Мемлекеттік қызметті көрсету және нәтижесін беру үшін құжаттарды қабылдауды көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Көрсету мерзімі – 6 (алты) ай, жеңілдетілген (тіркеу) тәртіппен – 3 (үш) ай;

4

Мемлекеттік қызметті көрсету
Нысаны

Қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:
Қазақстан Республикасының азаматтығын алу, қалпына келтіру туралы анықтама беру;
Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы анықтама беру;
мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту болып табылады.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайдаларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 613-бабына сәйкес мемлекеттік баж алынады, ол мемлекеттік баж төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 100 пайызын құрайды.
Мемлекеттік бажды төлеу қолма-қол немесе қолма-қол емес нысанда екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады, олар төлем мөлшері мен күнін растайтын құжат (түбіртек) береді.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы кодексінің 619-бабына сәйкес -Қазақстан Республикасының азаматтығын алу және қалпына келтіру кезінде мемлекеттік баж төлеуден босатылу қарастырылған.

7

Жұмыс кестесі

Көрсетілетін қызметті беруші –Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне сәйкес (бұдан әрі - Кодекс) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі асқа үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекен-жайлары Министрліктің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында "Ішкі істер органдарының қызметі туралы" бөлімінде.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

1. Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау үшін:
Қазақстан Республикасы Президентінің атына ерікті нысандағы азаматтыққа қабылдау туралы өтініш;
сауалнама-өтініш;
өмірбаян;
өлшемі 3,5 х 4,5 см. төрт фотосурет;
"Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Заңның (бұдан әрі - Заң) 1-бабында көзделген шарттарды сақтау туралы міндеттеме;
жеке басты куәландыратын және басқа мемлекеттің азаматтығына тиесілігін растайтын құжаттың, азаматтығы жоқ адамның куәлігінің, баланың туу туралы куәлігінің көшірмелері;
тиісті мемлекеттің құзыретті органы берген басқа мемлекеттің азаматтығының болмауы немесе оны тоқтатқандығы туралы анықтама (жеңілдетілген (тіркеу) тәртібінде азаматтықты қабылдау шарттараына кіретін адамдардан басқа);
мемлекеттік баж салығын төлеу немесе оны төлеуден босатылғаны туралы құжат:
Санамаланған құжаттармен қатар:
мамандықтар тізбесінің талаптарына жауап беретін адамдар және Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 маусымдағы № 1587 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың жеңілдетілген тәртібі белгіленетін адамдар үшін талаптар - бейінді мемлекеттік органның қолдаухатын;
Қазақстан Республикасына тарихи Отаны ретінде тұрақты тұруға қайтып келген адамдар - қандастың куәлігін және келген мемлекеттің азаматтық мәселелері бойынша шешім қабылдайтын лауазымды адамының атына бұрынғы азаматтығынан бас тартқаны туралы нотариалды куәландырылған өтініш;
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтінішхат (өтініш) білдірген адам өтініш берген сәтте Қазақстан Республикасының азаматымен некеде тұрса, онда неке қию туралы куәліктің нотариалды куәландырған көшірмесін;
Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатында келген және жақын туыстарының біреуі Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын бұрынғы одақтас республикалардың азаматтары олардың Қазақстан Республикасының азаматтарымен туыстық деңгейін куәландыратын құжаттарды (туу туралы куәлік, неке туралы куәлік және т.б.) ұсынады.
2. Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру үшін:
Қазақстан Республикасы Президентінің атына ерікті нысандағы азаматтығын қалпына келтіру туралы өтініш;
сауалнама-өтініш;
өмірбаян;
өлшемі 3,5х4,5 см төрт фотосурет;
Заңның 1-бабында көзделген шарттарды сақтау туралы міндеттеме;
жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
тиісті мемлекеттің құзыретті органы берген басқа мемлекеттің азаматтығының болмауы немесе тоқтатылғандығы туралы анықтама;
мемлекеттік баж салығын төлегені немесе оны төлеуден босатылғаны туралы құжат;
бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығына тиесілігін куәландыратын құжаттың көшірмесі (туу туралы куәлік және т.б.) қоса беріледі.
3. Қазақстан Республикасының азаматтығына жеңілдетілген (тіркеу) тәртіпте қабылдау үшін:
1) 1999 жылғы 26 ақпандағы келісімге (Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 желтоқсандағы Заңымен ратификацияланған) (бұдан әрі - Келісім) сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың жеңілдетілген тәртібіне Ресей Федерациясының, Беларусь Республикасының, Қырғыз Республикасының азаматтары жатады.
Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен алу және басқа Тараптың азаматтығын тоқтату үшін облыстардың ПД бастығының атына және біруақытта азаматтық мәселелері бойынша шешім қабылдайтын келген мемлекеттің лауазымды адамына шетел азаматтығынан бас тартқаны туралы нотариалды куәландырылған жазбаша өтінішхат;
сауалнама-өтініш;
өмірбаян (ерікті нысанда);
бұрынғы азаматтығынан бас тарту туралы нотариалды куәландырылған өтініш;
өлшемі 3,5 х 4,5 см. төрт фотосурет;
Заңның 1-бабында көзделген шарттарды сақтау туралы міндеттеме;
жеке басын куәландыратын және Келісімге қатысушы елдердің біреуінің азаматтығына тиесілігін растайтын құжаттың көшірмесі;
туу туралы және неке туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
мемлекеттік баж төлеу және оны төлеуден босатылғаны туралы құжат қоса беріледі.
Қажет болған жағдайда жеңілдетілген тәртіппен азаматтықты қабылдауға қажетті шарттардың біреуінің бар екендігін растайтын құжат қосымша ұсынылады. Туу туралы куәліктің, паспорттың, Қазақстан Республикасының аумағында туғанын растайтын басқа да құжаттың көшірмелері, 1991 жылғы 21 желтоқсанға дейін тұрғылықты жері бойынша Келісімге қатысушы елдердің аумағында тіркелгендігі туралы белгісі бар паспорт парағының немесе бұл туралы құзыретті орган анықтамасының көшірмесі, неке туралы, туу туралы куәлігінің көшірмесі немесе Қазақстан Республикасының азаматтарымен туыстық байланысын растайтын өзге де құжаттың көшірмесі ұсынылады.
2) Тұрмыстағы әйелдің азаматтығы туралы 1957 жылғы 29 қаңтардағы конвенцияға (Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 29 қаңтардағы Заңымен ратификацияланған) сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында заңды негізде тұрақты тұрып жатқан және Қазақстан азаматымен некеде тұрған шетелдік әйел облыстардың ПД бастығының атына жеңілдетілген тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау туралы және біруақытта келген мемлекеттің азаматтық мәселелері бойынша шешім қабылдайтын лауазымды адамына шетел азаматтығынан нотариалды куәландырылған жазбаша бас тартумен өтінішхат (өтініш) береді.
Өтінішхатқа (өтінішке) мынадай құжаттар қоса беріледі:
бұрынғы азаматтығынан бас тарту туралы нотариалды куәландырылған өтініш;
сауалнама-өтініш;
өлшемі 3,5х4,5 см төрт фотосурет;
Заңның 1-бабында көзделген шарттарды сақтау туралы міндеттеме;
шетелдік мемлекеттің азаматтығына тиесілігін растайтын құжаттың көшірмесі;
неке туралы куәлігінің көшірмесі;
жұбайы - Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;
мемлекеттік баж салығын төлегені немесе оны төлеуден босатылғаны туралы құжат.
3) Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында заңды негіздерде тұру мерзіміне қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында заңды негіздерде тұрақты тұратын қандастар, өздерінің ерік қалауынан тыс азаматтығынан айырылған немесе азаматтығын жоғалтқан жаппай саяси қуғын-сүргіннің ақталған құрбандары, сондай-ақ олардың ұрпақтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтығын алу үшін жоғары оқу орындарында оқитын этникалық қазақтар жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) азаматтыққа қабылдау үшін:
ПД бастығының атына өтінішхат;
бұрынғы азаматтықтан бас тарту туралы нотариалды куәландырылған өтініш;
сауалнама-өтініш;
өлшемі 3,5х4,5 см төрт фотосурет;
Заңның 1-бабында көзделген шарттарды сақтау туралы міндеттеме;
жеке басты куәландыратын және басқа мемлекеттің азаматтығына тиесілігін растайтын құжаттың көшірмесі;
Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын қандастар - қандастың куәлігі;
жоғары оқу орындарында оқитын этникалық қазақтар - осы оқу орнында оқитын фактісін растайтын жоғары оқу орнынан анықтама;
жоғары оқу орындарында оқитын этникалық қазақтар үшін ұлтын растайтын анықтама;
мемлекеттік баж салығын төлегені немесе оны төлеуден босатылғаны туралы құжат.
саяси қуғын-сүргіннің құрбандары болып табылатын адамдар - ақталғаны туралы соттың шешімі немесе саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпағы болып табылатынын растайтын құжаттар.
Тұрақты тіркеуі жоқ қандастар тұрақты тұруға рұқсатты алу және Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен алу және басқа Тараптың азаматтығын тоқтату үшін облыстардың ПД бастығының атына және біруақытта азаматтық мәселелері бойынша шешім қабылдайтын келген мемлекеттің лауазымды адамына шетел азаматтығынан бас тартқаны туралы нотариалды куәландырылған жазбаша өтінішхатпен (өтінішпен) жүгінеді. Өтінішхатқа (өтінішке) мынадай құжаттар тігіледі:
1) тұрақты тұруға рұқсатты алу және Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауға тіркеу осы Қағидаларға 7-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама-өтініш;
2) бұрынғы азаматтықтан бас тарту туралы нотариалды куәландырылған өтініш;
3) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Заңның 1-бабында көзделген шарттарды сақтау туралы міндеттемесі;
4) көрсетілетін қызметті алушының ұлттық паспортының, азаматтығы жоқ адамның құжатының көшірмесі және түпнұсқасы (салыстыра тексеру үшін), олардың жарамдылық мерзімі өтініш берген күні күнтізбелік 180 күннен астам болуы тиіс;
5) бірлесіп өтініш берген кезде он алты жасқа толмаған баланың жеке басын растайтын баланың туу туралы куәлігі немесе басқа құжаттың көшірмесі және түпнұсқасы (салыстыра тексеру үшін);
6) жеке өмірбаяны қазақ немесе орыс тілінде;
7) оның азаматтығы бар немесе тұрақты тұратын мемлекетінің жазбаша келісімі, ол кету парағы не шетелге тұрақты тұруға арналған рұқсатты растайтын басқа құжат ретінде жүруі мүмкін (босқындар деп танылған немесе Қазақстан Республикасында пана ұсынылған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды және егер халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, Қытай Халық Республикасынан келетін этникалық қазақтарды қоспағанда);
8) азаматтығы тиесілілігі немесе тұрақты тұратын мемлекетте соттылығы (соттылығының болмауы) туралы тиісті мемлекеттің құзыретті органы берген құжат (Қытай Халық Республикасы азаматтарының этникалық қазақтарын қоспағанда, егер өзге халықаралық шарттарда көзделмесе);
9) өтініш берушіге тұруға тұрғын үй ұсыну және тұрақты тіркеу есебіне қою туралы жеке және заңды тұлғамен нотариалды куәландырылған шарт не нотариалды куәландырылған келісім;
10) "Шетелдіктерде және азаматтығы жоқ адамдарда болуы олардың Қазақстан Республикасына келуіне тыйым салатын аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 664 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 24 қазанда № 7274 болып тіркелді) сәйкес шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға келуге тыйым салынатын сырқаттардың бар-жоғы туралы шетелдіктің медициналық куәландыру туралы анықтамасы;
11) 14-тен 18-ге дейінгі жастағы кәмелетке толмаған балалар ата-анасының өтінішіне өзінің нотариалды куәландырылған жазбаша келісімін қоса ұсынады;
12) өлшемі 3,5 х 4,5 см. төрт фотосурет;
4. Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу үшін:
азаматтықтан шығу туралы өтініш;
сауалнама-өтініш;
өмірбаян;
өлшемі 3,5х4,5 см үш фотосурет;
жеке басын куәландыратын құжаттардың, баланың туу туралы және неке туралы куәліктерінің көшірмесі;
жұмыс, оқу орнынан, сондай-ақ аумақтық атқарушылық іс жүргізу органынан мемлекет алдында орындалмаған міндеттемелерінің не азаматтардың, мемлекеттік органдардың және меншік нысанына қарамастан ұйымдардың мүдделеріне байланысты мүліктік міндеттерінің болуы немесе жоқ екені туралы анықтама;
әскерге шақырылу жасындағы адамды мерзімді әскери қызмет өткеруден босату не босату мүмкін еместігі туралы қорғаныс істері жөніндегі аумақтық департаменттен анықтама;
мемлекеттік бажды төлегені немесе оны төлеуден босатылғаны туралы құжат қоса беріледі.
Өтініш берушінің Қазақстан Республикасында жұбайы (зайыбы) болса немесе оның асырауындағы адамдар бар болса ол осы адамдардың оған қатысты материалдық және өзге де наразылықтары жоқ екендігі туралы нотариалды куәландырылған өтінішін ұсынады.
Нотариалды куәландырылған некенің бұзылғаны, ата-анасының біреуінің қайтыс болуы, асырап алу, қамқоршылық және қорғаншылық (тиісті жергілікті атқарушы органның шешімі), ата-ана құқығынан айыру, алимент төлеу туралы құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
Егер ата-анасының екеуі де Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылса және олардың біреуі біруақытта азаматтықтан кәмелетке толмаған баласын шығару туралы өтініш бере отырып, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығатын болса, онда баланың Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуына оның тиесілігі айқындалған нотариалды куәландырылған екінші ата-ананың өтініші ұсынылады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

егер көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының азаматтығын алу және азаматтығын қалпына келтіру кезінде:
1) халықаралық құқықта көзделген адамзатқа қарсы қылмыс жасаса, Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігіне саналы түрде қарсы шықса;
2) Қазақстан Республикасы аумағының бірлігі мен тұтастығын бұзуға шақырса;
3) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне, халқының денсаулығына нұқсан келтіретін құқыққа қарсы қызметті жүзеге асырса;
4) ұлтаралық және діни араздықты қоздырса, Қазақстан Республикасы мемлекеттік тілінің қолданылуына қарсы әрекет жасаса;
5) террористік және экстремистік ұйымдарда болса немесе террористік әрекет үшін сотталса;
6) халықаралық іздестіруде жүрсе, соттың күшіне енген үкімі бойынша жаза өтеп жатса не оның әрекеттерін сот ерекше қауіпті рецидив деп таныса;
7) басқа мемлекеттердің азаматтығында тұрса;
8) Қазақстан Республикасының азаматтығын алу туралы өтініш берген кезде өзі туралы жалған мәліметтерді хабарласа немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде қажетті құжаттарды дәлелсіз себептермен ұсынбаса;
9) Қазақстан Республикасының аумағында немесе одан тыс жерлерде Қазақстан Республикасының заңнамасында қасақана деп танылатын қылмыс жасағаны үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығы болса;
10) Қазақстан Республикасының азаматтығын алу немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы арызбен өтініш бергенге дейін бес жыл ішінде экономика саласында құқық бұзушылық жасаса;
11) Қазақстан Республикасының азаматтығын алу немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы арызбен өтініш бергенге дейін бес жыл ішінде бірнеше рет Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы бұзса;
12) Қазақстан Республикасының азаматтығын алу немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы арызбен өтініш бергенге дейін бес жыл ішінде "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Заңның 21-бабының 1), 2) және 5) тармақшаларының негізінде Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылса;
13) адамның шет мемлекеті аумағында шетелдік қарулы қақтығыстарға, экстремистік және (немесе) террористік әрекеттерге қатысуы салдары болып табылады.
Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға егер шығу туралы өтініш беруші адамның Қазақстан Республикасының алдында орындалмаған міндеттері немесе азаматтардың немесе Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің мүдделеріне байланысты мүліктік міндеттері бар адамдарға бас тартылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға өтінішхат беруші адам айыпталушы ретінде қылмыстық жауапкершілікке тартылса, не соттың күшіне енген үкімімен жазасын өтесе немесе Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қауіпсіздігінің мүдделеріне қайшы келтіретін болса рұқсат етілмейді.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін, оның ішінде электронды нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті ескере отырып, өзге талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты "1414" Бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша қашықтықтан қолжетімділік режимінде алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтің байланыс телефондары mvd.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген.

  Бұйрыққа
2-қосымша
  Қазақстан Республикасының
азаматтығына қабылдау және
Қазақстан Республикасының
азаматтығын қалпына келтіру,
оның ішінде жеңілдетілген
тәртіппен(тіркеу тәртібімен),
азаматтықтан шығу,
азаматтықты жоғалту мен одан
айыру және
Қазақстан Республикасының
азаматтығына жататындығын
айқындау мәселелері бойынша
өтінішхаттарды (өтініштерді)
ішкі істер органдарының
қабылдау, ресімдеу және қарау
қағидаларына
4-қосымша

      _________________________________________________

      (аумақтық көші-қон қызметі бөлінісінің атауы)

      __________________________________________________

      Тіркеу нөмірі ____________________________________

      (лауазымды адам толтырады)

      М. О Фото суреттің орны

      Сауалнама-өтініш

      Мені Қазақстан Республикасының азаматтығына жалпы, жеңілдетілген тәртіппен

      қабылдауды немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіруді

      сұраймын (керексізін сызыптастаңыз).

      Осы өтінішпен жүгінуге ықпал еткен себептер.

      ______________________________________________________________

      ______________________________________________________________

      менімен бірге біруақытта менің кәмелетке толмаған балаларымды (ұлымды, қызымды,

      тегі, аты, әкесініңаты (ол болған кезде), туған күні мен жері, азаматтығы)

      Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдауды сұраймын

      Көрсетілген балалардың басқа ата-анасы туралы мәлімет (тегі, аты, әкесінің аты

      (ол болған кезде), азаматтығы, тұрғылықты жері)

      Өтініш беруші туралы мәлімет

      1. Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      _______________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесініңаты (ол болған кезде) өзгерген жағдайда бұрынғы тегі, аты, әкесінің

      аты (ол болған кезде), Өзгертудің себебі мен күні көрсетілсін)

      2. Туған күні, айы, жылы мен жері ________________________________

      3. Жынысы ___________________ (еркек, әйел)

      4. Қазіргі уақыттақ ай шет мемлекеттің азаматтығы бар (бұрын болды)

      _____________________________________________________________________

      қайда, қашан және қандай негізде алынды және жоғалты)

      5. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы бұрын өтінішпен

      жүгіндіңіз бе? ______________________________________________________________

      (егер иә болса, онда қашан және қай органға, қандай шешім қабылданды)

      6. Бар азаматтықтан бас тарту туралы мәлімет не болмаса міндеттеме

      ____________________________________________________________________

      (көрсетілген мәліметтерді растайтын құжат)

      7. Ұлты ____________________________________________________________

      8. Білімі және білімі бойынша мамандығы, кәсібі _______________________________

      ____________________________________________________________________

      (қай оқу орнын, қайда және қашан бітірді, диплом нөмірі, берілген күні мен орны)

      9. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы ___________________________________

      (диплом нөмірі, берілген күні, берілген жері)

      10. Отбасы жағдайы _________________________________________________

      (үйленген (тұрмыста), үйленбеген (тұрмыста емес), ажырасқан, жесір)

      ____________________________________________________________________

      (неке (ажырасу), қайтыс болғаны туралы куәлік нөмірі, берілген күні мен орны)

      11. Жақын туыстары (күйеуі (әйелі), ата-анасы, балалары, ағасы-інісі,

      сіңілісі-қарындасы)

Туыстық дәрежесі

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Туған жылы мен жері

Азаматтығы

Тұратын елі мен мекенжайы

Жұмыс, оқуорны

























      12. Өтінішпен жүгінген күннің алдындағы соңғы бес жылдағы еңбек қызметі

      (жоғары, орта, орта арнайы және кәсіптік-техникалық білім беру оқу орындарын,

      әскери қызметті қосаалғанда)

Күні (айы және жылы)

Кәсіпорынды, мекемені, ұйымды, министрлікті (ведомствоны) көрсетеотырыплауазымы

Жұмыс орнының мекенжайы (елі, қала, облыс, елдімекен)

қабылдау

босату











      13. Жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде) __________________

      14. Қазақ (орыс) тілін білесізбе? _________________________________

      __________________________________________________________________

      (мәліметтерді растайтын құжат, оның нөмірі, берілген күні және орыны)

      15. Әскери міндетке қатысы _________________________________________

      (әскери міндетті немесе әскери міндетті емес, өтініш берген сәтте шет мемлекетте

      әскери қызметке немесе баламалы азаматтық қызметке шақырылмаған ба?)

      16. Тұруға ықтиярхат пен расталған Қазақстан Республикасының аумағында тұру

      __________________________________________________________________

      (қай уақыттан бастап, оның ішінде үздіксіз)

      17. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтінішпен жүгінген

      күннің алдындағы бес жыл ішінде Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерлерге

      шығарылдыңыз ба?______________________________

      __________________________________________________________________

      (егер иә болса, елден тыс шығарудың себебі көрсетілсін, елден тыс шығару туралы

      қаулының нөмірі мен күні)

      18. Шет мемлекетте әскери қызметте, қауіпсіздік органдарында немесе құқық қорғау

      органдарында қызметте тұрасыз ба? (тұрдыңыз ба?)________

      _____________________________________________________________________

      (егер иә болса, онда қашан, қандай кезеңде, соңғы лауазымы, атағы, шені)

      19. Қылмыстық жауапкер шілікке тартылдыңыз ба _______________________

      _____________________________________________________________________

      (егер иә болса, тиісті мемлекеттің қылмыстық заңнамасының қандай баптары бойынша,

      сотталған жағдайда үкімнің көшірмесін қоса бере отырып, бұлтартпау шарасын көрсету)

      20. Қылмыс жасағаныңыз үшін шет мемлекеттің құзыретті органдары қылмыстық

      тәртіпте қудалап жүрген жоқ па? ________________________ (иә, жоқ)

      21. Тұрғылықты мекенжайы, телефоны ________________________________

      22. Жеке басын куәландыратын құжат ________________________________

      (құжат нөмірі, қашан және кім берді)

      Өтінішпен бірге мынадай құжаттар ұсынамын:

      ___________________________________________________________________

      Ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығын және жазылған деректердің дұрыстығын

      растаймын ____________________________ ____________________________

      (өтініш берілген күн) (өтініш берушінің қолы)

      Өтініш "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы"1991 жылғы

      20 желтоқсандағы Заңның ________ негізінде ________________ қарауға қабылданды.

                                    (бабы, бөлігі, тармағы)

      Өтінішті толтырудың дұрыстығын және қажетті құжаттардың бар-жоғын тексердім;

      өтінішке менің қатысуым мен қол қойылды, өтініш берушінің қолының

      түпнұсқалығын растаймын._____________________________________

      (құжатты қабылдаған аумақтық көші-қон қызметі бөлінісінің лауазымды адамының

      арнайы атағы, лауазымы, тегі, аты-жөні) _____________________________

                                    (лауазымды адамның қолы)

      Бастық

      _____________________________________________________________________

                  (аумақтық көші-қон қызметі бөлінісінің атауы)

      ________________________________ ____________ _______________________

                  (арнаулы атағы) (қолы) (тегі, аты-жөні) М.О.

  Бұйрыққа
3-қосымша
  Қазақстан Республикасының
азаматтығынақабылдау және
Қазақстан Республикасының
азаматтығын қалпына келтіру,
оның ішінде жеңілдетілген
тәртіппен(тіркеу тәртібімен),
азаматтықтан шығу,
азаматтықты жоғалту мен одан
  айыру және
Қазақстан Республикасының
азаматтығына жататындығын
айқындау мәселелері бойынша
өтінішхаттарды (өтініштерді)
ішкі істер органдарының
қабылдау, ресімдеу және
қарау қағидаларына
7-1-қосымша

      ________________________________________________

      (аумақтық көші-қон қызметі бөлінісінің атауы)

      __________________________________________________

      Тіркеу нөмірі ____________________________________

      (лауазымды адам толтырады)

      М. О Фото суреттің орны

      Сауалнама-өтініш

      Тұрақты тұруға рұқсатты беруді және Қазақстан Республикасының азаматтығына жеңілдетілген тәртіппен қабылдауды сұраймын.

      Қазақстан Республикасында 20 жылғы бастап 20 жылғы дейін мекенжайы бойынша уақытша тіркелген.

      Осы өтінішпен жүгінуге ықпал еткен себептер.

      ______________________________________________________________

      ______________________________________________________________

      Өтініш беруші туралы мәлімет

      1. Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

      _______________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) өзгерген жағдайда бұрынғы тегі,

      аты, әкесінің аты (болған кезде), Өзгертудің себебі мен күні көрсетілсін)

      2. Туған күні, айы, жылы мен жері ________________________________

      3. Жынысы ___________________ (еркек, әйел)

      4. Қазіргі уақытта қай шетмемлекеттің азаматтығы бар (бұрын болды)

      _____________________________________________________________________

      қайда, қашан және қандай негізде алынды және жоғалты)

      5. жеке басты куәландыратын құжат ____________________________

      _____________________________________________________________________

      (құжаттың нөмірі мен сериясы, кіммен және қашан берілген)

      6. Ұлты ____________________________________________________________

                  (қалауы бойынша көрсетіледі)

      7. Бұрын Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру туралы өтінішпен

      жүгіндіңіз ба ______________________________________________________________

      егер иә болса, онда қандай органға және қашан, қандай шешім қабылданды

      8. Отбасы жағдайы _________________________________________________________

                              (үйленген (тұрмыста), бойдақ (тұрмысқа шықпаған),

      __________________________________________________________________________

      ажырасқан, неке қию (бұзу) туралы куәлік, берілген күні және орны)

      9. Кәмелеттік жасқа толмаған (оның ішінде асырап алынған, қамқорындағы,

      қарамағындағы) балаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағында

      уақытша тіркеуі бар отбасы мүшелері:

Өтініш берушіге қатысы

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Туған жылы және жері

Азаматтығы (тиесілігі)

Тұратын, оқитын жерінің мекенжайы

ЖСН ол болған жағдайда

Жұмыс орны






















      10. Оқуын қоса алғанда, еңбек қызметі туралы мәліметтер:

Күні (айы және жылы)

Мекемені көрсете отырып лауазымы, жұмысқа қабылдануы, жұмыстан шығуы

Жұмыс орнының мекенжайы


































      11. Жеке сәйкестендіру нөмірі (егер бар болса _________________________________

      __________________________________________________________________________

      (куәлік нөмірі, берген күні мен орны, берген органның атауы)

      12. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтінішпен жүгінген

      күннің алдындағы бес жыл ішінде Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерлерге

      шығарылдыңыз ба?______________________________

      __________________________________________________________________

      (егер иә болса, елден тыс шығарудың себебі көрсетілсін, елден тыс шығару туралы

      қаулының нөмірі мен күні)

      13. Қылмыстық жауапкер шілікке тартылдыңыз ба _______________________

      _____________________________________________________________________

      (егер иә болса, тиісті мемлекеттің қылмыстық заңнамасының қандай баптары бойынша,

      сотталған жағдайда үкімнің көшірмесін қоса бере отырып, бұлтартпау шарасын

      көрсету)

      14. Сіз ауыр немесе аса ауыр қылмыстық әрекет не болмаса қауіпті деп танылған

      қылмысты қайта жасағаныңыз үшін заңды күшіне енген сот үкімімен сотталдыңыз ба

      __________________________________________________________________________

      егер сотталсаңыз, неше рет және қашан)

      15. Қазақстан Республикасының аумағында не болмаса одан тыс жерлерде ауыр немесе

      аса ауыр қылмыстық әрекет жасағаныңыз үшін өтелмеген немесе алынбаған

      соттылығыңыз бар ма

      _________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      егер болса, неше рет және қашан

      16.Ата-анасы Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға қалдыру туралы рұқсат алған

      кезде жазылатын/ дербес рұқсат алатын бала туралы мәлімет (тегі, аты, әкесінің аты,

      туған күні мен жері, азаматтығы)

      _________________________________________________________________________

      Көрсетілген балалардың басқа ата-анасы туралы мәлімет (тегі, аты, әкесінің аты, туған

      күні, азаматтығы, тұрғылықты жері)

      __________________________________________________________________________

      17. Уақытша тұратын жерінің мекенжайы, телефоны ____________________________

      ________________________________________________________________________

      Өтінішпен бірге мынадай құжаттар ұсынамын:

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      Маған тұрақты тұруға рұқсат беруде және Қазақстан Республикасының азаматтығына

      қабылдауда жеңілдетілген тіркеу тәртібінде "Халықтың көші-қоны туралы"

      2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 49-бабында және

      "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" 1991 жылғы 20 желтоқсандағы

      Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабында көзделген жағдайларда бас тартылуы

      мүмкін екені ескертілді. Ұсынылған құжаттардың тұпнұсқалығын және жазылған

      мәліметтердің шынайылығын растаймын, жалған ақпарат мәлімдеу туралы ескертілдім.

      20__ жылғы "___" _________________________.

      _______________________ ___________________________________________________

      (өтініш берілген күні) (өтініш берушінің қолы, лауазымды адам болған кезде қойылады)

      20__ жылғы "___" ________________ _________ өтініш қарауға қабылданды.

      Өтініштің толтырылғанының дұрыстығын және қажетті құжаттардың бар-жоғын

      тексердім, өтінішке мен болған кезде қол қойылды, өтініш берушінің қолының

      түпнұсқалығын растаймын

      _______________________________________________________________________

      арнаулы атағы (егер бар болса),

      __________________________________________________________________________

      құжатты қабылдаған уәкілетті лауазымды адамның лауазымы, тегі, аты-жөні)

      __________________________________________________________________________

                        (лауазымды адамның қолы)

      Өтініш қысқартуларсыз, аббревиатураларсыз, түзетулерсіз және шимайсыз қолмен немесе техникалық құралдарды (жазу машинкалары, компьютерлер) пайдалана отырып толтырылады.

      Сұрақтарға жауап жан-жақты болуы тиіс. Қолмен орындалған мәтін түсінікті болуы тиіс.

      Өтінішті қабылдаған көші-қон полициясы бөлінісінің мөртабаны қойылады.

      Егер өтініш беруші заңды тұлғаның білімінсіз кәсіпкер болып табылса, онда тіркеу туралы туралы куәліктің нөмірі, тіркеген органның атауы және берілген орны көрсетіледі.

      Егер өтініш берушіге зейнетақы тағайындалса, зейнетақы түрі, зейнетақы куәлігінің нөмірі, оны кім және қашан бергені көрсетіледі.