Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасының азаматтығына байланысты мәселелерді қарау туралы Нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 23 тамыздағы N 556 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 15 қарашада тіркелді. Тіркеу N 2045. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 85 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 28.01.2016 № 85 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Ескерту: Бұйрықтың және Нұсқаулықтың барлық мәтіні бойынша:
      "Астана, Алматы қалалары ішкі істер Бас басқармасының, облыстардағы ішкі істер Бас Басқармасының - ішкі істер Басқармасының", "облыстардың ішкі істер Бас Басқармасына - ішкі істер Басқармасына (бұдан әрі - ІІББ-ІІБ)", "Астана, Алматы қалаларының ІІББ, облыстардағы ІІББ-ІІБ", "ІІББ-ІІБ" деген сөздері тиісінше "Астана, Алматы қалаларының және облыстардың Ішкі істер департаменттері", "облыстардың Ішкі істер департаменттері (бұдан әрі - ІІД)", "ІІД" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 24 сәуірдегі N 196 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз).

      "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасының азаматтығына байланысты мәселелерді қарау туралы Нұсқаулық бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полициясы комитеті, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың Ішкі істер Департаменттерінің бастықтары:
      1) осы Нұсқаулықты басшылыққа алсын, көші-қон полициясы жеке құрамының оны оқып - үйренуін ұйымдастырсын және оның талаптарын бұлжытпай орындауын қамтамасыз етсін;
      2) қалалық, аудандық ішкі істер органдарына тұратын жері бойынша өтініш берушілерді, оларға тиісті сауалнама - өтініштер бланкілерін беруді, Қазақстан Республикасының азаматтығына байланысты мәселелер жөнінде материалдарды қарау және тіркеуге қабылдауды тапсырсын. Өтініш беруші және оның барлық жақын туыстары туралы  қажетті мәліметтерді  алуды қамтамасыз етсін және көрсетілген материалдарды бағыныстылығы бойынша облыстық ішкі істер Департаменттеріне жіберсін;
      3) Астана, Алматы қалаларында тұратын адамдардан құжаттар қабылдауды өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша тікелей көші-қон полициясында жүргізсін;
      4) сауалнама - өтініштердің, анықтамалардың және журналдардың бланкілерін әзірлеуді қамтамасыз етсін (Нұсқаулыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11-қосымшалар).
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 2009.08.12. N 309 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полициясы комитеті Астана, Алматы қалаларының және облыстардың Ішкі істер департаменттерінен азаматтық мәселелері бойынша материалдар алғаннан кейін белгіленген тәртіппен қорытынды дайындауды және оларды Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің қарауына жіберуді, сондай-ақ қабылданған шешімдерді орындауды қамтамасыз етсін.
       Ескерту: 3-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 24 сәуірдегі N 196 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз), өзгерту енгізілді - 2009.08.12. N 309 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрықтарымен.
       4. "Қазақстан Республикасының азаматтығына байланысты мәселелерді қарау тәртібі туралы ережені жариялау туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің 1996 жылғы 23 желтоқсандағы N  370 , "Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келіп жатқан Ресей Федерациясы азаматтарының Қазақстан Республикасы азаматтығын алу тәртібін жеңілдетумен байланысты мәселелерді қарау тәртібі туралы" Нұсқаулықты  бекіту туралы 1997 жылғы 23 қыркүйектегі N 344 бұйрықтарының күші жойылды деп есептелсін.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекші Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министріне және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – ІІМ) Әкімшілік полиция комитетінің төрағасына жүктелсін.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 2009.08.12. N 309 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      6.  Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі
      генерал-полковник

      "КЕЛІСІЛДІ"              

      Қазақстан Республикасының      
      Бас прокуроры             
      2 дәрежелі мемлекеттік кеңесші    
      2002 жылғы 15 қазан         

      Қазақстан Республикасы       
      Жоғарғы сотының төрағасы      
      2002 жылғы 18 қыркүйек       

      Қазақстан Республикасы Ұлттық     
      қауіпсіздік комитетінің төрағасы   
      генерал-лейтенант         
      2002 жылғы 12 қыркүйек      
Қазақстан Республикасы ішкі істер  
Министрінің 2002 жылғы 23 тамыздағы 
N 556 бұйрығымен бекітілген    

  Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының
Қазақстан Республикасының азаматтығына байланысты
мәселелерді қарау туралы
НҰСҚАУЛЫҚ

         Ескерту: Барлық мәтін бойынша "Бас Прокуратурасының жанындағы Құқықтық статистика және ақпарат орталығының", "Мемлекеттік-құқықтық бөліміне" деген сөздер тиісінше "Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің", "Құқық қорғау және сот жүйелері мәселелері бөліміне" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 24 сәуірдегі N 196 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан қараңыз), "Құқық қорғау және сот жүйелері мәселелері бөлімі" деген сөздер "Мемлекеттік құқықтық бөлімі" деген сөздермен ауыстырылды - 2009.08.12. N 309 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т.қараңыз) Бұйрықтарымен.

       Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы N 198 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы азаматтық мәселелері жөніндегі комиссиясы туралы ережесіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасының арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының, Беларусь Республикасында тұрақты тұру үшін келген, Қазақстан Республикасында тұрақты тұру үшін келген Беларусь Республикасының азаматтарының азаматтық алу тәртібін жеңілдету туралы 1996 жылғы 17 сәуірдегі, Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының арасындағы азаматтық алу тәртібін жеңілдету туралы 1999 жылғы 26 ақпандағы, Қазақстан Республикасы мен Украина арасындағы Украинада тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын Украина азаматтарының азаматтық алу мен одан айырылу тәртібін жеңілдету және азаматтығы болмау және қос азаматтық алу жағдайларын болдырмау туралы 2000 жылғы 19 мамырдағы келісімдерге (бұдан әрі - Келісім), 1957 жылғы 29 қаңтардағы Тұрмыстағы әйелдің азаматтығы туралы конвенциясымен (1999 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының N 19-ІІ Заңы) сәйкес өтінішті қабылдау, ресімдеу және қарау, Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау мен қайтадан алу туралы, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу мен айырылу туралы рәсімдерді белгілейді.
       Ескерту: Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 24 сәуірдегі N 196 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан қараңыз), 2009.08.12. N 309 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрықтарымен.

   1. Жалпы анықтама

      1. Осы Нұсқаулықтағы сөздерді дәл белгілеп білдіру мақсатпен төмендегі мағыналарды ұсынамыз:
      "өтініш иесі" - Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау, қайтадан алу, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу немесе айырылу туралы өтініш беретін жеке тұлға;
      "құзыретті орган" - өтініш беретін жеке тұлғаның азаматтықта болуын немесе болмауын анықтауға құқығы бар, тиісті елдің мемлекеттік органы;
      тұрақты тұру - өтініш берушінің тұрақты тіркелу жері.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 2009.08.12. N 309 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.

2. Жалпы ережелер

      2. Қазақстан Республикасында тұрып жатқан адамдардың азаматтық туралы құжаттарын қабылдауды өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары жүзеге асырады.
      Қазақстан Республикасы ішкі істер органына келіп түскен азаматтық туралы материалдар мұқият тексеріледі. Азаматтығын өзгерту, сондай-ақ сауалнамалық мәліметтің толықтығына, тегінің, аты мен әкесінің атының және оның отбасы мүшелерінің аты мен әкесінің атының дұрыс жазылғандығына ерекше назар аудару қажет.
      Толық емес және дұрыс емес мәліметтер анықталған жағдайда олар тиісті өзгерістер мен түзетулер енгізу үшін өтініш берушіге кешіктірілмей қайтарылуы тиіс.
      Өтініші осы Нұсқаулықпен қарастырылған сауалнама-өтініште тиісті белгі қойылатын барлық құжаттарды тапсырған күннен бастап өтініш орындауға қабылданған болып есептеледі.
      Азаматтыққа қабылдау, азаматтықты қалпына келтіру, азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту, сондай-ақ азаматтыққа қатыстылығын анықтау мәселелері туралы өтініштер белгіленген нысандағы (9-қосымша) журналға міндетті түрде тіркелуге және қарауға жатады.
      Қазақстанның азаматтығын қабылдау туралы өтініш берген оралмандарға олардың талабы бойынша көші-қон мәселелері жөніндегі өкілетті органға ұсыну үшін анықтама (10–қосымша) беріледі. Ішкі істер департаменті (Бұдан әрі – ІІД) анықтаманы құжаттар ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілгеннен кейін ғана береді.
      Анықтамалар берген кезде мынадай адамдардан міндетті түрде жеке басын куәландыратын және кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәліктерінің түпнұсқаларын талап ету және істегі материалдарға қосылған көшірмелермен салыстыру қажет.
       Ескерту: 2-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 24 сәуірдегі N 196 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан қараңыз), 2009.08.12. N 309 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрықтарымен.  

      3. Тиісті түрде ресімделген материалдарды өтінішінің тұрғылықты жеріндегі аудандық ішкі істер органы тиісті облыстардың Ішкі істер департаменттері (бұдан әрі - ІІД) жібереді.
      Астана, Алматы қалаларының және облыстардың Ішкі істер департаменттері азаматтық туралы материалдардың дұрыс ресімделуін тексереді, осы мәселелер жөнінде іс жүргізеді, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келіседі, ол бойынша бекітілген қорытынды әзірлейді және Қазақстан Республикасының ішкі істер Министрлігіне жібереді.

      4. Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау, азаматтықты қалпына келтіру және Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу жөнінде өтініш білдірген адамның сотталғаны немесе сотталмағаны туралы Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары прокуратура органдарының құқықтық статистика және арнайы есепке алу бөліністеріне сұрау салады.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 2009.08.12. N 309 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.

      5. Азаматтық мәселелері жөніндегі ІІД-нің қорытындыларында өтініш берушіні сипаттайтын тексерілген деректер толық жазылуы тиіс.

      6. Қорытындыны ІІД бастығы немесе оның орынбасары бекітеді.

      7. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі шығарған қорытындысымен бірге Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау, азаматтықты қалпына келтіру және Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы материалдар Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқықтық бөліміне жолданады.
      Дұрыс ресімделмеген материалдар облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ІІД-не заңнамаға сәйкестендіру үшін қайтарылады. Кемшіліктерді жою мерзімі 30 күнтізбелік күннен аспауы тиіс, кейіннен материалдар қайта Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне жолданады.
      Өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша жоқтығына немесе Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шетелдік мекемелерінен уақытылы жауаптың түспеуіне байланысты белгіленген мерзім ішінде кемшіліктерді жоюға мүмкіндік болмаған жағдайда, өтінішті қарау тоқтатылады, ол туралы өтініш иесіне бес жұмыс күн ішінде хабарлама жіберіліп, көшірмесі істегі материалдарға тігіледі.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 2009.08.12. N 309 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.

      8. Қазақстан Республикасының ішкі істер органы өтініштен бас тартқан жағдайда азаматтық мәселелері туралы материалдарды қайтарған адам өтінушіге бас тартудың себебі көрсетілген анықтама береді. Анықтаманың екінші данасын өтінушінің ісіне тіркейді.

      9. 18 жасқа толмаған, сондай-ақ  белгіленген тәртіпте әрекет қабілеттігі жоқ деп танылған адамға байланысты Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау, қайта алу және Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы өтінішті заңды өкілдер баланың тууы туралы куәлігінің не әрекет қабілеттігі жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттың нотариус куәландырған көшірмесімен бірге ұсынады (асырап алушылар, қамқоршылар және қорғаншылар жергілікті атқарушы орган шешімінің көшірмесін ұсынады). Осы орайда 14-тен 18-ге дейінгі жастағы кәмелетке толмаған баланың өзі қол қоятын және бір уақытта әдеттегідей олардың ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің өтініштері берілетін жеке келісімі қажет.
      Баланың келісімі нотариалды түрде куәландырылады және ата-анасының біреуінің қолдаухатына қоса беріледі. Ата-анасының өтінішіне сондай-ақ сауалнамаларда-өтініштерде көрсетілген баланың тууы туралы куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

      10. Жергілікті ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарының, Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрлігінің және Қазақстан Республикасының басқа да органдарының өтінішті қарау мерзімі осы органдардың әрқайсысында бір айдан, ал жалпы алғанда - алты айдан аспауы тиіс.
       Ескерту: 10-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 24 сәуірдегі N 196   бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан қараңыз ).

      11. Ата-анасының азаматтығы өзгергенде және асырап алу кезінде баланың азаматтығы "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 4-тарауының ережелеріне сәйкес белгіленеді.

      11-1. Егер өтініш беруші өзінің сауатсыздығынан немесе дене кемістігіне байланысты өтінішке қол қоя алмаса, онда "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабына сәйкес оның өтініші бойынша басқа адам қол қояды, ол арызға нотариус тиісті жазба жазады.
      Ескерту. 11-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2009.08.12. N 309 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      11-2. Азаматтық мәселелері бойынша өтініш берушілердің өтінішке қосылатын құжаттардың (паспорт, туу туралы куәлік, неке туралы куәлік, оралманның куәлігі, бұрынғы азаматтығынан бас тарту туралы өтініш) көшірмелері нотариалды куәландырылған болуы керек.
      Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Кодексінің 542-бабына сәйкес мемлекеттік баж салығын төлеуден репатрианттар (оралмандар) – Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауға байланысты барлық нотариалды әрекеттер бойынша босатылады.
      Ескерту. 11-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2009.08.12. N 309 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.

  3. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау

      12. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдана алады:
      1) Қазақстан Республикасының аумағында заңды негізде кемінде бес жыл тұрған не Қазақстан Республикасының азаматымен кемінде үш жыл некеде тұрған адамдар. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы ұсынымхат берiлген сәтте тұру немесе некеде болу мерзiмi үзiлiссiз болуы тиiс.
      Мыналардан осы тармақтың бірінші тармақшасында көзделген шарттардың болуы Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаған кезде кәмелетке толмағандардан, пайым қабілетін жоғалтқан адамдардан не Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін тізбе бойынша кәсіптерге ие және талаптарға сай келетін адамдардан және олардың отбасы мүшелерінен және Қазақстан Республикасы алдында ерекше еңбек сіңірген адамдар, сондай-ақ Қазақстан аумағынан кеткен адамдар мен олардың ұрпақтарынан, егер олар тарихи Отаны ретінде тұрақты тұру үшін Қазақстан Республикасына қайтып оралған болса;
      2) Қазақстан Республикасының азаматтарынан, Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатында келген, олардың жақын туыстарының ішіндегі біреуі, Қазақстан Республикасында тұру мерзіміне қарамастан -  балалары (оның ішінде асырап алған балалары), жұбайы (зайыбы), ата-анасының біреуі (асырап алушысы), апа-қарындасы, аға-інісі, атасы немесе әжесі бар бұрынғы одақтас республикалардың азаматтарынан талап етілмейді.
       Ескерту: 12-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 24 сәуірдегі N 196   бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан қараңыз ).

      13. "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасының  Заңының 38-бабына сәйкес Қазақстан аумағында тұру мерзімінде мыналар ескеріледі:
      1) егер де адам бұған дейін республикада тұрған болса, әскерде қызмет еткен уақыты және әскерден кету күні мен Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген күннің арасындағы үзіліс үш айдан аспауы тиіс;
      2) егер де оқуды аяқтағанына немесе оқу орнынан шыққанына және Қазақстан Республикасына келгеніне үш айдан аспаған болса, республикадан тысқары жерлерде оқыған уақыты;
      3) егер де іссапардың аяқталғанына және Қазақстан Республикасына келгеніне үш айдан аспаған болса, республикадан тысқары жерлерде іссапарда болған уақыты.
      Үш ай мерзімді санау ауруға душар болған, табиғи апатқа ұшыраған жағдайларда және басқа да дәлелді себептер бойынша тоқтатылады.
      Қазақстан Республикасының аумағында тұру мерзімдеріне басқа мемлекеттердің сот органдары тағайындаған қылмыстық жазаны өтеу уақыты, сондай-ақ республиканың аумағын да іссапарда болған, емделген және уақытша тұрудың басқа да жағдайларындағы уақыт есепке алынбайды.
      Қазақстан Республикасының аумағында тұру мерзімдеріне адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтығына ие екендігін қайта қарауға себеп болған кезең есепке алынбайды.

      14. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын адамдар, Қазақстан Республикасы Президентінің атына Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтініш жазады және тұрақты тұратын жеріндегі ішкі істер органына тапсырады.
      Өтініште Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдаудың барлық себептері көрсетілуі тиіс.

      15. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
      1) Қазақстан Республикасының ішкі істер Министрлігі  бекіткен нысандағы сауалнама-өтініш (1-қосымша);
      2) алынып тасталды;
      3) өлшемі 3,5 х 4,5 см. төрт фотосурет;
      4) белгіленген нысанда толтырылатын, "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасының  Заңының 1-бабында қарастырылған шарттарды қадағалауға міндеттемесі (3-қосымша);
      5) алынып тасталды;
      6) сотталғаны немесе сотталмағаны жөніндегі анықтама;
      7) жеке басын куәландыратын құжаттың, баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесі;
      8) басқа мемлекеттің азаматтығын алмағандығы немесе оны тоқтатқандығы туралы тиісті мемлекеттің құзыретті органы берген анықтама (осы Нұсқаулықтың 12-тармағының 1) тармақшасындағы екінші бөлігінде көрсетілген Қазақстан Республикасының ішкі істер органына Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау туралы және сонымен қатар келген мемлекеттің азаматтық мәселелері бойынша шешім қабылдайтын лауазымды адамына шетел азаматтығынан бас тартқаны туралы нотариалды куәландырылған жазбаша өтініш жасаған адамдарды қоспағанда. Мұндай өтініш беру фактісі туралы ақпарат, осындай адамдарды Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаған жағдайда олардың шетелдік паспорттарымен бірге бұрынғы азаматтықтан бас тарту туралы өтініштері шетел мемлекетіне жіберіледі. Бұрынғы азаматтықтан бас тарту жөніндегі өтініштің көшірмесі азаматтық алу туралы материалдарға қосылады);
      9) мемлекеттік баж салығын төленгені немесе оны төлеуден босатылғаны жөніндегі құжат. Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Кодексінің 544-бабына сәйкес мемлекеттік баж салығын төлеуден жаппай қуғын-сүргін, күштеп ұжымдастыру кезінде, өзге де адамгершілікке жат саяси акциялардың нәтижесінде Қазақстан Республикасының аумағынан кетуге мәжбүр болған адамдар және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіруге ниет білдірген олардың ұрпақтары және Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау кезінде – репатрианттар (оралмандар) босатылады. Мемлекеттік бажды төлеуден босату оларға бірақ рет беріледі.
      Аталған құжаттардан басқа:
      Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 маусымдағы N 1587 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың оңайлатылған тәртібі белгіленетін адамдар үшін кәсіптердің тізбесін және оларға қойылатын талаптарға жауап беретін адамдар мамандық және профилді мемлекеттік органның қолдаухатын;
      Қазақстан Республикасына тарихи Отаны ретінде тұрақты тұруға қайтып келген адамдар – оралманның куәлігін және келген мемлекеттің азаматтық мәселелері бойынша шешім қабылдайтын лауазымды тұлғасының атына бұрынғы азаматтығынан бас тартқаны туралы нотариалды куәландырылған өтінішін ұсынады.
      Егер Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтінім білдірген адам өтініш берген кезінде Қазақстан Республикасының азаматымен некеде тұрса, неке туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесін тапсырады.
      Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатында келген және жақын туыстарының біреуі Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын бұрынғы кеңестік республикалардың азаматтары олардың Қазақстан Республикасының азаматтарымен туыстығын куәландыратын құжаттарды (тууы туралы куәлік, неке туралы куәлік және т.б.) және оның Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға құқығы бар екендігін растайтын құжаттың көшірмесін береді.
       Ескерту: 15-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 24 сәуірдегі N 196 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз), 2009.08.12. N 309 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрықтарымен.

      16. Алынып тасталды - ҚР Ішкі істер министрінің 2009.08.12.  N 309(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.

  4. Қазақстан Республикасының азаматтығын қайта алу

      17. Бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында тұрған адам өтініш беру арқылы Қазақстан Республикасының азаматтығын қайтадан ала алады. Бұл орайда ол адамға осы Нұсқаулықтың 12-тармағының 1) тармақшасындағы ережелері қолданылмайды.
      Қазақстан Республикасының азаматтығын қайта алу туралы өтініш Қазақстан Республикасы Президентінің атына жазылады.
      Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы өтінішке мынадай құжаттар:
      1) белгіленген нысандағы сауалнама-өтініш (1-қосымша);
      2) өлшемі 3,5х4,5 см төрт фотосурет;
      3) белгіленген нысанда толтырылатын, "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 1-бабында қарастырылған шарттарды қадағалау туралы міндеттеме (3-қосымша);
      4) сотталғаны немесе сотталмағаны жөніндегі анықтама;
      5) жеке басын куәландыратын құжаттың, баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесі;
      6) басқа мемлекеттің азаматтығын алмағандығы немесе оны тоқтатқандығы туралы тиісті мемлекеттің құзыретті органы берген анықтама;
      7) мемлекеттік баж салығын төлегені немесе оны төлеуден босатылғаны жөніндегі құжат;
      8) бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығына қатыстылығын куәландыратын құжаттың көшірмесі қоса беріледі.
      Ескерту. 17-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 2009.08.12. N 309 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.

   5. Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу

      18. Республиканың аумағында заңды негізде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің атына өтініш жазады және оны тұрғылықты тұратын жеріндегі Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына тапсырады.
      Өтінішке мыналар:
      1) Қазақстан Республикасының ішкі істер Министрлігі бекіткен нысандағы сауалнама-өтініш (2-қосымша);
      2) алынып тасталды;
      3) 3,5 х 4,5 см өлшемдегі үш фотосурет;
      4) жеке куәлігінің, баланың тууы туралы және неке туралы куәліктерінің көшірмесі;
      5) жұмыс орнынан немесе оқу орнынан берілген анықтама, ал жұмыс істемейтіндерге - Қазақстан Республикасының  Жоғарғы соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеттің аумақтық органдарынан ол адамның мемлекет алдында міндеттері жоқ немесе бар екендігі, не меншіктілік нысанына қатыссыз азаматтардың, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мүдделеріне байланысты мүліктік міндеттері туралы көрсетілген анықтама;
      6) әскерге шақырылу жасындағы адамды міндетті әскери қызмет өткеруден босату туралы қорғаныс істері бойынша аумақтық департаменттерінен берілген анықтама;
      7) мемлекеттік бажды төлегені немесе оны төлеуден босатылғаны туралы құжат қоса тіркеледі.
       Ескерту: 18-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 24 сәуірдегі N 196 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз), Алынып тасталды - ҚР Ішкі істер министрінің 2009.08.12. N 309 (қолданысқа енгізілу тәртібін   3-т.қараңыз) Бұйрығымен.

       19. Өтінушінің Қазақстан Республикасында күйеуі (әйелі) болса немесе оның асырауында адамдар бар болса, ол осы адамдардың оған қатысты материалдық және өзге де наразылықтары жоқ екендігі туралы нотариалды куәландырылған өтінішін ұсынады.

      20. Қажет болған жағдайда нотариалды куәландырылған  некенің бұзылғаны, ата-анасының біреуінің өлімі, асырап алу, қамқоршылық және қорғаншылық (тиісті жергілікті атқарушы органның), ата-аналық құқығынан айыру, алимент төлеу туралы құжаттардың көшірмелері ұсынылуы тиіс.
      Егер де ата-анасының екеуі де Қазақстан Республикасының азаматтары болып, олардың біреуі азаматтықтан кәмелетке толмаған баласын шығару туралы өтініш беруімен бір уақытта Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығатын болса, онда баланың Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуына қарсылығы жоқ екендігі көрсетілетін әкесінің (шешесінің) нотариалды куәландырылған өтініші ұсынылады.

      21. Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы сауалнама-өтінішті беру кезінде өтініш берушіге Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтудың құқықтық және өзге де салдары түсіндіріледі. Бұл жөнінде өтініш беруші қол қойған материалдарға қоса берілетін анықтамада жазылады (11-қосымша).
      Ескерту. 21-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 2009.08.12. N 309 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.

       22. Алынып тасталды - ҚР Ішкі істер министрінің 2009.08.12.  N 309(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.

       23. Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы өтініштер бойынша ІІД-нің қорытындыларында өтініш берушінің мемлекет алдында орындалмаған міндеттері немесе меншіктілік нысанына қатыссыз азаматтардың, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мүдделеріне байланысты мүліктік міндеттері туралы, оның айыпталушы ретінде қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны туралы, не оның соттың заңды күші бар үкімімен жазасын өтегені туралы, не аталған адамның азаматтықтан шығуы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қауіпсіздігінің мүдделеріне қайшы келетіндігі туралы, сондай-ақ азаматтықтан шығу себептері мен дәлелдері туралы нақты мәліметтер хабарланады.

      24. Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға Қазақстан Республикасының алдында орындалмаған міндеттері немесе Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің  мүдделеріне байланысты мүліктік міндеттері бар адамдарға рұқсат етілмеуі мүмкін.
      Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға өтініш беруші адам айыпталушы ретінде қылмыстық жауапкершілікке тартылса, не соттың күшіне енген үкімімен жазасын өтесе, не Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қауіпсіздігінің мүдделеріне қайшы келтіретін болса рұқсат етілмейді.

  6. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылу

      25. Қазақстан Республикасының азаматтығынан мынадай жағдайларда:
      1) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында қарастырылған мән-жайлардан басқа жағдайларда адамның басқа мемлекеттің әскери қызметінде, қауіпсіздік қызметінде, полициясында, әділет органдарында немесе өзге де мемлекеттік билік және басқару органдарында қызмет етуі салдарынан;
      2) егер де Қазақстан Республикасының азаматтығы өтірік жазылған мәліметтерді немесе жалған құжаттарды ұсыну нәтижесінде алынған болса;
      3) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен алдын ала қарастырылған негіздерде;
      4) егер де Қазақстан Республикасында тұрақты тұрып жатқан адам үш жыл бойы дәлелді себептерсіз консулдық есепке тұрмаса;
      5) егер адам басқа мемлекеттің азаматтығын алса айырылады;
      Ескерту: 25-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 24 сәуірдегі N 196   бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан қараңыз ).

      26. Қазақстан Республикасының азаматының паспортымен немесе жеке куәлігімен тұрып жатқан адам Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтындығы туралы мәлімет немесе өтініш келіп түскенде Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары қажетті тексеру жүргізеді. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен алдын ала қарастырылған мән-жайлардан басқа жағдайларда өзге мемлекеттің әскери қызметінде тұруы және басқа мемлекеттің азаматтығын алғандығы, Қазақстан Республикасының азаматтығын өтірік жазылған мәліметтерді немесе жалған құжаттарды ұсыну нәтижесінде алғандығы туралы фактілер анықталған жағдайда бұл адамның азаматтықтан айырылғандығы тіркеледі.
      Азаматтықты жоғалтуын тіркеу бойынша материалдар жеке номенклатуралық іске қалыптастырылады. Өткізілген тексеріс нәтижелері бойынша Ішкі істер департаменттері қорытынды шығарады.
      Ескерту: 26-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 24 сәуірдегі N 196 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз), 2009.08.12. N 309 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрықтарымен.

       27. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылуды тіркеу адамға оны Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру жөнінде шешім қабылдаудың негіздері және себептері хабарланғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары Қазақстан Республикасының азаматтығынан айрылуды белгіленген нысандағы журналға тіркейді (4-қосымша) және Қазақстан Республикасының ішкі істер Министрлігіне тоқсан сайын есеп берудің қосымшаларын жазып хабарлап отырады.

      28. Алынып тасталды - ҚР Ішкі істер министрінің 2009.08.12.  N 309(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.

  7. Қазақстан Республикасының азаматтығына қатыстылығын анықтау  

      29. Қазақстан Республикасының азаматтығына қатыстылығын анықтауға мына адамдар:
      1) 1974 жылғы үлгідегі КСРО-ның паспорттарымен немесе оларды жоғалтқандар, 1992 жылғы 1 наурызында Қазақстан Республикасында тұрақты тіркеуде тұрмағандар немесе Қазақстан Республикасында тіркеу есебінен шығып тоғыз ай ішінде Қазақстан Республикасының аумағындағы жаңа орны бойынша тіркеу есебіне тұрмағандар;
      2) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ бас бостандығынан айыру жерлерінен босатылып шыққандар;
      3) мекенжай-анықтамалық бюросының мәліметтері бойынша тіркеуде жоқ және пәтер бойынша немесе шаруашылық кітаптар бойынша тұрақты тіркеуде тұратынын растай алмайтын Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін алмаған 18 жастан асқандар;
      4) бұрын азаматтығы болмағандар немесе азаматтығы тоқтатылғаны туралы анықтамалары бар, Қазақстан Республикасының аумағында туған және шетелдік паспорттың жарамды мерзімі өтуіне байланысты бұрын азаматтығы жоқ тұлға ретінде танылғандар;
      5) Қазақстан Республикасының аумағында туғандар және шетел мемлекетінің азаматтығында болмағандар.
      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 2009.08.12. N 309 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.

      30. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ІІД бастықтарының атына Қазақстан Республикасының азаматтығына қатыстылығын анықтау туралы адамдар өтініш жазады және оны тұрақты тұратын жері бойынша қалалық, аудандық ішкі істер органдарының көші-қон полициясы бөліністеріне тапсырады.
      Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
      1) Нұсқаулықтың 29–тармағында көрсетілген, шарттардың біреуінің барын растайтын құжат;
      2) толық өз өмірбаяны;
      3) өлшемі 3,5х4,5 см төрт фотосурет;
      4) іске қатысты басқа да құжаттар (туу туралы куәлік, еңбек кітапшасы, әскери билет, орта немесе толық орта емес білімі туралы аттестат, диплом, шаруашылық бойынша кітаптан үзінді көшірме, қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасында тұратын фактісін растайтын кемінде үш куәгердің өтініштері).
      Қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары тексерілетін адамның тұратын жері бойынша толық хаттама жасайды, онда тексерілетін адамның қашан туғаны және туған жері, олардың туған кезінде ата-анасының азаматтығы, Қазақстан Республикасына қашан және қандай құжаттар бойынша келгені, қазіргі уақытта туыстарының кім және қайда тұратыны немесе тұрғаны, олардың азаматтығы және жағдайға байланысты басқа сұрақтар көрсетілуі тиіс.
      Мұндай адамдар жөнінде, прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есептер бөліністерінен сотталғаны немесе сотталмағаны туралы мәліметтер сұралады.
      Өтініштерді қарау мерзімі 30 күнтізбелік күннен аспауы тиіс.
      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шетелдік мекемелерінен уақтылы жауап түспеуіне байланысты белгіленген мерзім ішінде кемшіліктерді жоюға мүмкіндік болмаған жағдайда, өтінішті қарау тоқтатылады, бұл туралы өтініш берушіге хабарлама жіберіліп, көшірмесі істегі материалдарға қосылады.
      Шетелден мәлімет алу қажет болған жағдайда сұрау хаттар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне жолданады.
      Тексеріс нәтижелері бойынша дәлелденген қорытынды шығарылады, оны ІІД-нің бастығы немесе жетекшілік ететін орынбасары бекітеді.
      Келіп түскен материалдарды жеке номенклатуралық іске ресімдейді, ол аяқталғаннан соң мұрағатқа өткізіліп тұрақты сақталуға жатады.
      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 2009.08.12. N 309 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.

      31. Қазақстан Республикасының азаматтығына қатысы бар адамдарға оларды Қазақстан Республикасы азаматының паспортымен және жеке куәлігімен құжаттандыруға негіз болып табылатын анықтама беріледі (5-қосымша).
      Қазақстан Республикасының азаматтығына қатыстылығы ішкі істер органдарымен анықталмаған адамдар азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігімен құжаттандырылады.
      Ескерту. 31-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 2009.08.12. N 309 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.

  8. Азаматтық мәселелері жөніндегі
шешімдердің орындалуы

      32. Қазақстан Республикасының ішкі істер Министрлігі Қазақстан Республикасы Президентінің азаматтық мәселелері жөніндегі жарлығын алғаннан кейін жеті күндік мерзімде бұл туралы материалдарды жолдаған ІІД-ге хабар береді.
      ІІД өтінушінің тұратын жеріндегі қалалық, аудандық ішкі істер органдары арқылы аталған шешімдерді алған соң жеті күндік мерзімде оларға қаралған өтініштердің нәтижелері туралы хабардар етеді.
      Егер де аталған адам тұратын жерін өзгерткен болса, Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары шешім қабылдау туралы хабарды өтінушінің жаңа тұратын жеріндегі ішкі істер органдарына жібереді және бұл жөнінде Қазақстан Республикасының ішкі істер Министрлігіне ақпарат береді.
      ІІД Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданған адамдарға белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және куәлігін беру үшін негіз болып табылатын, мөрмен куәландырылған анықтама береді (6-қосымша), оларды шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар есебінен шығарады.
      ІІД Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданған адамдардан ұлттық паспортын алып қояды және бұрынғы азаматтығынан бас тартқаны туралы нотариалды расталған өтініштің түпнұсқасы және Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдағаны туралы хабарландырулармен бірге Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаментіне әр тоқсанның қорытындысы бойынша белгіленген нысанда (8-қосымша) жолдайды. Азаматтығы жоқ тұлғалардың куәліктері белгіленген тәртіпте жойылады, бұл ретте куәліктердің жойылғандығы туралы актілер Ішкі істер министрілігіне жіберіледі.
      Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы шешім шығарылған адамдардан Қазақстан Республикасы азаматының паспорты мен жеке куәлігін алып қояды және оларға белгіленген тәртіппен азаматтығы жоқ адамның куәліктері мен анықтамаларын береді (7-қосымша).
       Ескерту: 32-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 24 сәуірдегі N 196 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз), 2009.08.12. N 309 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрықтарымен.

  9. Қазақстан Республикасының азаматтығын алудың
жеңілдетілген тәртібіне байланысты мәселелерді қарау

      33. Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғызстан Республикасының және Ресей Федерациясының арасындағы 1996 жылдың 26 ақпанындағы Келісімге сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдаудың жеңілдетілген тәртібін республика аумағында тұрақты тұру мерзіміне қатыссыз заңды негізде мынадай шарттардың біреуі бар болғанда:
      1) егер өтінуші Беларус ССР, Қазақ ССР, Қырғыз ССР немесе РСФСР-дың азаматтығында және бір уақытта бұрынғы КСРО-ның азаматтығында тұрған болса, 1991 жылдың 21 желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасының аумағында туған немесе тұрған болса;
      2) егер өтініш берушінің азаматтық алатын Тараптың аумағында заңды негізде тұрақты тұрып жатқан және оның азаматы болып табылатын ең болмаса бір жақын туысқаны: жұбайы (зайыбы), ата-анасының (асырап алушыларының) бірі, баласы (оның ішінде асырап алғаны), апа-қарындасы, аға-інісі, атасы немесе әжесі, немересі (немере қызы) екендігін растайтын құжат.

      34. Ресей Федерациясының, Беларусь Республикасының, Қырғызстан Республикасының азаматтары жеңілдетілген тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтығын алу және басқа Тараптың азаматтығын тоқтату үшін облыстардағы ІІД бастығының атына өтініш жазады және сонымен бірге келген мемлекеттің азаматтық мәселелері бойынша шешім қабылдайтын лауазымды тұлғаны шетел азаматтығынан бас тартқаны туралы нотариалды куәландырылған жазбаша өтінішімен бірге оны тұрақты тұратын жеріндегі қалалық, аудандық ішкі істер органдары көші-қон полициясының бөлімшелеріне береді.
      Өтінішке мынадай құжаттар:
      1) белгіленген нысандағы сауалнама-өтініш (1-қосымша);
      2) бұрынғы азаматтығынан бас тарту туралы өтініштің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      3) өлшемі 3,5 х 4,5 см. төрт фотосурет;
      4) белгіленген нысанда толтырылған, "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасының  Заңының 1-бабында қарастырылған шарттарды орындау міндеттемесі (3-қосымша);
      5) жеке басын куәландыратын және Келісімге қатысушы-елдердің біреуінің азаматтығына қатыстылығы растайтын паспорттың немесе басқа құжаттың көшірмесі;
      6) тууы туралы және неке туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      7) мемлекеттік баж төлегендігі жөнінде құжат қоса беріледі.
      Ескерту. 34-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 2009.08.12. N 309 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.

      35. Қажет болған жағдайда шарттардың біреуінің бар екендігін растайтын жеңілдетілген тәртіппен азаматтықты қабылдауға қажетті құжаттар қоса беріледі. Мұндай құжаттар ретінде туу туралы куәліктің, паспорттың, Қазақстан Республикасының аумағында туғандығын растайтын басқа да құжаттың көшірмелері, 1991 жылдың 21 желтоқсанына дейін тұратын жері бойынша Келісімге қатысушы-елдердің аумағында тіркелгендігі туралы белгісі бар паспорт парағының немесе бұл жөніндегі құзыретті орган анықтамасының көшірмесі, тууы туралы және неке туралы куәлігінің көшірмесі немесе Қазақстан Республикасының азаматтарымен туыстық байланысын растайтын өзге де құжаттың көшірмесі пайдаланылады.

      36. Украина азаматтары жеңілдетілген тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтығын алу және басқа Тараптың азаматтығын тоқтату үшін облыстардағы ІІД бастығының атына өтініш жазады және онымен бірге Украина Президентіне нотариалды куәландырылған Украина азаматтығынан бас тарту туралы жазбаны тұрақты тұратын жеріндегі қалалық, аудандық ішкі істер органдары көші-қон полициясының бөліністеріне береді.
      Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау өтінішіне мынадай құжаттар қоса беріледі:
      1) бұрынғы азаматтығынан бас тарту туралы өтініштің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      1-1) белгіленген нысандағы сауалнама-өтініш (1-қосымша);
      2) үш фотосурет;
      3) өтініш беруші немесе оның ата-анасының (асырап алушыларының) бірі, атасы немесе әжесі азаматтық алатын Тараптың аумағында туса немесе заңды негізде тұрақты тұрған болса немесе өтініш берушінің азаматтық алатын Тараптың аумағында заңды негізде тұрақты тұрып жатқан және оның азаматы болып табылатын ең болмаса бір жақын туысқаны: жұбайы (зайыбы), ата-анасының (асырап алушыларының) бірі, баласы (оның ішінде асырап алғаны), апа-қарындасы, аға-інісі, атасы немесе әжесі, немересі (немере қызы) екендігін растайтын құжат;
      4) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратындығын растайтын құжат;
      5) әскери міндетін атқарғандығын немесе әскери міндеттен босатылғандығын растайтын құжат (әскерге шақырылатын жастағы тұлғаға).
      Ескерту. 36-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 2009.08.12. N 309 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.

      36-1. Тұрмыстағы әйелдің азаматтығы туралы 1957 жылғы 29 қаңтардағы конвенцияға (2000 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған) сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында заңды негізде тұрақты тұрып жатқан және Қазақстан азаматымен тұрмыста тұрған шетелдік әйел облыстағы ІІД бастығының атына жеңілдетілген тәртіпте Қазақстан Республикасы азаматтығын алу жөнінде өтініш жазады, сонымен бірге келген мемлекеттің азаматтық мәселелері бойынша шешім қабылдайтын лауазымды тұлғаны шетел азаматтығынан бас тартқаны туралы нотариалды куәландырылған жазбаша өтінішті тұрақты тұратын жеріндегі қалалық, аудандық ішкі істер органдары көші-қон полициясының бөліністеріне береді.
      Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
      1) бұрынғы азаматтығынан бас тарту туралы өтініштің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      2) белгіленген нысандағы сауалнама-өтініш (1-қосымша);
      3) өлшемі 3,5х4,5 см төрт фотосурет;
      4) белгіленген нысанда толтырылатын, "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабында қарастырылған шарттарды қадағалау туралы міндеттемесі (3-қосымша);
      5) шетелдік мемлекет азаматтығына қатыстылығын растайтын паспорттың көшірмесі;
      6) неке туралы куәлігінің көшірмесі;
      7) жұбайы – Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;
      8) мемлекеттік баж салығын төлегені туралы құжат.
      Ескерту. 36-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2009.08.12. N 309 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.

      37. Келіп түскен материалдар Қазақстан Республикасының азаматтығын алудың жеңілдетілген тәртібі жөніндегі тіркеу журналына тіркеледі (8-қосымша) және осы сияқты журналдарға тіркеу үшін ІІД-не жолданады.

      38. ІІД Қазақстан Республикасы азаматтығын алуға өтініш берген адамдарға қатысты прокуратура органдарының құқықтық статистика және арнайы тіркеу органдарынан сотталғаны немесе сотталмағаны жөнінде мәліметтер сұрайды және материалдарды ұлттық қауіпсіздік органдарымен келіседі.
      Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 2009.08.12. N 309 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.

      39. Өтініштерді қарау нәтижелері бойынша ІІД-нің бастығы немесе оның орынбасары бекітетін дәлелді қорытынды шығарылады. Бұл жөнінде анықтама (6-қосымша) жолдау арқылы Қазақстан Республикасының азаматтығын алудың жеңілдетілген тәртібіне байланысты мәселелер жөнінде материалдар берген қалалық, аудандық ішкі істер органдары хабардар етіледі. Қалалық, аудандық ішкі істер органдары ІІД-нен шешімді алған соң өтініш иесіне өтінішті қараудың нәтижелері туралы хабарлайды және оларға Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін және төлқұжатын белгіленген тәртіппен беру үшін негіз болып табылатын мөрмен расталған анықтама береді, шетелдіктер ретінде оларды есептен шығарады. Азаматтық алу туралы анықтаманың түбіршегі материалдарға тіркеу үшін ІІД-не жіберіледі.
       Ескерту: 39-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 24 сәуірдегі N 196 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз),  2009.08.12. N 309 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрықтарымен.

      40. Егер де өтініш иесі азаматтық алу туралы өтінішті қарау кезеңінде мекен-жайын ауыстырса, өтінішті қараудың нәтижелері туралы оның жаңа мекен-жайындағы ішкі істер органына хабар жіберіледі.

      41. Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен алу туралы өтініш, егер де осы жөнінде өтініш берген адам:
      1) адамзатқа қарсы халықаралық құқықтармен қарастырылған қылмыстар жасаса, Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігіне саналы түрде қарсы шықса;
      2) Қазақстан Республикасының біртұтастығы мен аумағының тұтастығын бұзуға шақырса;
      3) мемлекеттік қауіпсіздікке, халықтың денсаулығына зиян келтіретін қарсы әрекеттерді жүзеге асырса;
      4) мемлекетаралық, халықаралық және діни соғыстарды тұтатса, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілінің қалыптасуына қарсы әрекеттер жасаса;
      5) бұрын террористік іс-әрекеті үшін сотталған болса;
      6) сот оны кәнігі қылмыскер деп таныған болса қабылданбайды.
      Қазақстан Республикасының азаматтығын алу туралы өтініш қабылданбаған жағдайда өтініш иесіне шешімді кім және қашан қабылдағаны жазылған тиісті хабарлама жіберіледі және хабарламаның көшірмесі материалдарға қосылады.

      42. Азаматтық алу туралы материалдарды қарау мерзімі өтініш беру сәтінен бастап үш айдан аспауы тиіс.

      43. Оңайлатылған түрде Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданған адам анықтама (6-қосымша) алу барысында азаматтығында болған бұрынғы мемлекеттің ұлттық паспортын тапсырады, содан соң нотариалды куәландырылған бұрынғы азаматтығынан бас тарту туралы өтініш түпнұсқасымен бірге тоқсан қорытындысы бойынша белгіленген нысанда (8-қосымша) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызметіне жіберіледі.
      Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 2009.08.12. N 309 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.

      44. 18 жасқа дейінгі балалардың азаматтығы Келісімнің ережелеріне сәйкес анықталады.

      45. Жеңілдетілген тәртіппен азаматтықты қабылдау туралы материалдар азаматтыққа қабылдау жөніндегі белгіленген тәртіппен сақталатын жеке іске тігіледі. Қазақстан Республикасының азаматтығын оңайлатылған тәртіппен алу жөніндегі тіркеу журналдары ІІД-де ұдайы, ал қалалық, аудандық органдарда - соңғы жазба жазылған сәттен бастап 5 жыл бойы сақталады.

      46. Келісімге қатысушы - елдердің құзыретті органдарынан Қазақстан Республикасы азаматының өзге мемлекеттің азаматтығын қабылдағаны туралы ақпарат келіп түскен кезде, ішкі істер органдары есептерге өзгерістер енгізу үшін әділет органдарына тиісті хабарлама жібереді.
       Ескерту: 46-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 24 сәуірдегі N 196   бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан қараңыз ).

                                     Қазақстан Республикасы ІІМ
                                       "Қазақстан Республикасы 
                                       Ішкі істер органдарының 
                                      Қазақстан Республикасының
                                       азаматтығына байланысты 
                                      мәселелерді қарау туралы
                                      Нұсқаулықты бекіту туралы"
                                       2002 жылғы 23 тамыздағы 
                                     N 556 Бұйрығымен бекітілген
                                        Нұсқаулыққа 1-қосымша

                                             Фотосуреттің
                                                 орны

                 САУАЛНАМА-ӨТІНІШ

1. Мені Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдауыңызды
өтінемін

2. Мынадай өзім туралы мәліметтерді, сондай-ақ азаматтыққа қабылдау
туралы өтінуіме ықпал еткен себептерді хабарлаймын

------------------------------------------------------------------
               Сұрақтар:              !        Жауаптар:
------------------------------------------------------------------
3. Тегі, аты, әкесінің аты

4. Бұрынғы тегіңізді, атыңызды және
   әкеңіздің атын көрсетіңіз. Оларды
   өзгертсеңіз - қашан, қайда және не
   себеппен өзгерттіңіз

5. Туған жері, жылы, айы, күні (ауыл,
   қала, аудан, облыс, егер шетелде
   туылсаңыз, туған жеріңізді
   көрсетіңіз)

6. Ұлты

7. Білімі бойынша мамандығы мен кәсібі
   (қашан, қай жерде және қандай оқу
   орнын бітірген)

8. Отбасы жағдайы (некеде тұрмын,
   ажырасқанмын, жесірмін)

9. Қазіргі уақыттағы азаматтығы

10. Сіздің жеке басыңызды куәландыратын
    қандай құжаттарыңыз бар (ұлттық
    паспорт, шетел азаматының
    ықтиярхаты, азаматтығы жоқ адамның
    жеке куәлігі) оларды қашан, қай
    жерде және кім берді

11. Егер де бұрын басқа мемлекеттің
    (елдің) азаматтығында тұрған болсаңыз,
    оны қайда, қашан және ненің негізінде
    қабылдағаныңызды және айрылғаныңызды
    толық көрсетіңіз

12. Бұған дейін Қазақстан Республикасының
    азаматтығын қабылдау туралы өтініш
    жасадыңыз ба, қашан, қай жерде және
    қандай шешім қабылданды

13. Шетелде тұрдыңыз ба, кету мақсатыңызды
    және Қазақстан Республикасына қашан
    келгеніңізді көрсетіңіз

14. Қазақстан Республикасына келгенге
    дейін соттың қудалауында болдыңыз ба,
    қашан, қайда және не үшін

15. Шетел мемлекетінде әскери қызмет
    өткердіңіз бе, әділет органдарында
    немесе өзге де мемлекеттік билік және
    басқару органдарында, қауіпсіздік
    қызметінде болдыңыз ба

16. Қазақстан Республикасында сот
    тәртібінде қылмыстық немесе азаматтық
    жауапкершілікке тартылдыңыз ба, егер
    тартылсаңыз - қашан, қайда және не үшін

17. Қазақстан Республикасында атқарған
    қызметіңіз
------------------------------------------------------------------
   Айы және жылы   !     Мекеме, ұйым,    !  Мекеменің, ұйымның,
                   ! кәсіпорын, лауазымы  !     кәсіпорынның
-------------------!                      !    орналасқан жері
  келген ! кеткен  !                      !
уақытының!уақытының!                      !
------------------------------------------------------------------
------------------------------------------------------------------
------------------------------------------------------------------

18. Сіздің жақын туыстарыңыз (күйеуіңіз, әйеліңіз, әке-шешеңіз,
аға-іні, апа-қарындастарыңыз).

* Осы тармақты толтыру кезінде Қазақстан Республикасында тұратын,
сондай-ақ шетелдегі барлық туыстарыңыз көрсетіледі. Егер де әйелі
күйеуінің тегін алған болса, некеге отырғанға дейінгі тегі көрсетіледі.

------------------------------------------------------------------
  Туыстық !  Тегі, аты, әкесінің аты  !Туған жері!  Тұрғылықты
қатынасы !                           ! мен жылы !     жері
------------------------------------------------------------------
------------------------------------------------------------------
------------------------------------------------------------------

19. Өзіммен бірге кәмелетке толмаған мынадай балаларымды Қазақстан
Республикасының азаматтығына қабылдауды өтінемін

------------------------------------------------------------------
N !      Т.А.Ә.       ! Туған жылы !  Туған жері !   Ескерту
р/р!                   !  мен айы   !             !
------------------------------------------------------------------
------------------------------------------------------------------
------------------------------------------------------------------

20. Үйінің мекен-жайы және телефон нөмірі

200__ж. "____" _____________              ____________________
           толтырған күні                         қолы

21. Сауалнама-өтініште көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын
тексеріп қабылдаған
__________________________________________________________________
      ішкі істер бөлімі қызметкерінің қолы, қызметі мен тегі

200__ж. "___" ______________
құжаттар қабылдап алынған күн

                                     Қазақстан Республикасы ІІМ
                                       "Қазақстан Республикасы 
                                       Ішкі істер органдарының 
                                      Қазақстан Республикасының
                                       азаматтығына байланысты 
                                      мәселелерді қарау туралы
                                      Нұсқаулықты бекіту туралы"
                                       2002 жылғы 23 тамыздағы 
                                     N 556 Бұйрығымен бекітілген
                                        Нұсқаулыққа 2-қосымша 

                                             Фотосуреттің
                                                 орны

                    САУАЛНАМА-ӨТІНІШ

      Маған Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуыма рұқсат етіңіз

------------------------------------------------------------------
               Сұрақтар:              !        Жауаптар:
------------------------------------------------------------------
1. Тегі, аты, әкесінің аты

2. Бұрынғы тегіңізді, атыңызды және
   әкеңіздің атын көрсетіңіз. Оларды
   өзгертсеңіз - қашан, қайда және не
   себеппен өзгерттіңіз

3. Туған жері, жылы, айы, күні (ауыл,
   қала, аудан, облыс, егер шетелде
   туылсаңыз, туған жеріңізді
   көрсетіңіз)

4. Ұлты

5. Білімі бойынша мамандығы мен кәсібі
   (қашан, қай жерде және қандай оқу
   орнын бітірген)

6. Отбасы жағдайы (некеге отырғанмын,
   ажырасқанмын, жесірмін)

7. Егер де бұрын басқа мемлекеттің
   (елдің) азаматтығында тұрған
   болсаңыз, оны қайда, қашан және
   ненің негізінде қабылдағаныңызды
   және жоғалтақаныңызды толық
   көрсетіңіз

8. Қазақстан Республикасында сот
   тәртібінде қылмыстық немесе
   азаматтық жауапкершілікке
   тартылдыңызба, егер тартылсаңыз,
   қашан, қайда және не үшін

9. Мемлекет алдында орындалмаған
   міндеттеріңіз не мемлекеттік
   органдар мен ұйымдар азаматтарының
   мүдделерімен байланысты мүліктік
   міндеттеріңіз бар ма

10. Еңбекке араласқаннан бастап
    атқарған жұмысы (бұған қоса
    жоғарғы және орта оқу орындарындағы
    оқуы, әскери қызметі)
------------------------------------------------------------------
      Осы тармақты толтыру кезінде кәсіпорынның, ұйымның және 
мекеменің Сіз қызмет атқарған кездегі атаулары жазылады және әскери
қызметтегі лауазымыңызды көрсете отырып жазуыңыз қажет. Шартты атауы
бар кәсіпорындар (пошта жәшігі және т.б.), осы шартты атауларымен
көрсетіледі. Әскери қызметті өткергендігі әскери билетіндегі жазуға
сәйкес көрсетіледі.

------------------------------------------------------------------
   Айы мен жылы    ! Мекеме, ұйым, кәсіпорын,! Мекеменің, ұйымның,
-------------------!         лауазымы        !    кәсіпорынның
келген  ! Кеткен  !                         !   орналасқан жері
уақытының!уақытының!                         !
------------------------------------------------------------------
------------------------------------------------------------------
------------------------------------------------------------------

11. Сіздің жақын туыстарыңыз (күйеуіңіз, әйеліңіз, әке-шешеңіз,
аға-іні, апа-қарындастарыңыз).

* Осы тармақты толтыру кезінде Қазақстан Республикасында тұратын,
сондай-ақ шетелдегі барлық туыстарыңыз көрсетіледі. Егер де әйелі
күйеуінің тегін алған болса, некеге отырғанға дейінгі тегі
көрсетіледі.

------------------------------------------------------------------
Туыстық қатынасы! Тегі, аты, !Туған жері мен жылы!Тұрғылықты жері
                !әкесінің аты!                   !
------------------------------------------------------------------
------------------------------------------------------------------
------------------------------------------------------------------

12. Өзіммен бірге кәмелетке толмаған мынадай балаларыма Қазақстан
Республикасының азаматтығынан шығуға рұқсат етіңіз

------------------------------------------------------------------
N !     Т.А.Ә.      !Туған жылы мен айы! Туған жері !  Ескерту
р/р!                 !                  !            !
------------------------------------------------------------------
------------------------------------------------------------------
------------------------------------------------------------------

------------------------------------------------------------------
               Сұрақтар               !          Жауаптар
------------------------------------------------------------------
13. Әскери міндетке қатысы және әскери
    атағы. Әскерге шақыру жасындағы
    адамдар Қазақстан Республикасындағы
    нақты әскери қызметтен босату
    туралы әскери комиссариаттан
    анықтама әкеледі      

14. Үйінің мекен-жайы және телефон нөмірі

15. Жеке куәліктің сериясы мен нөмірі,
    қашан және кім берді
------------------------------------------------------------------

200__ж. "____" _____________              ____________________
         толтырған күні                           қолы    

16. Сауалнама-өтініште көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын
тексеріп қабылдаған ______________________________________________
құжаттар қабылдап алынған күн
                                200__ж. "___" __________________

                                      Қазақстан Республикасы ІІМ
                                       "Қазақстан Республикасы 
                                       Ішкі істер органдарының 
                                      Қазақстан Республикасының
                                       азаматтығына байланысты 
                                      мәселелерді қарау туралы
                                      Нұсқаулықты бекіту туралы"
                                       2002 жылғы 23 тамыздағы 
                                     N 556 Бұйрығымен бекітілген
                                        Нұсқаулыққа 3-қосымша 

                       МІНДЕТТЕМЕ

      Мен ________________________________________________________
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдауды өтіне отырып,
Қазақстан Республикасының  Конституциясы мен Заңдарын сақтауға,
оның мүдделері мен аумақтық тұтастығын қорғауға, мемлекеттік тілге
және аумағында тұратын барлық ұлт өкілдерінің тіліне, әдет-ғұрпы
мен салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға, Қазақстан Республикасының
күш-қуатын, егемендігі мен тәуелсіздігін нығайтуға міндеттенемін.

200 ___ ж. "____" __________                ______________
                                                 қолы

                                      Қазақстан Республикасы ІІМ
                                       "Қазақстан Республикасы 
                                       Ішкі істер органдарының 
                                      Қазақстан Республикасының
                                       азаматтығына байланысты 
                                      мәселелерді қарау туралы
                                      Нұсқаулықты бекіту туралы"
                                       2002 жылғы 23 тамыздағы 
                                     N 556 Бұйрығымен бекітілген
                                        Нұсқаулыққа 4-қосымша

------------------------------------------------------------------
N ! Азаматтықтан айырылған!   Т.А.Ә.  !Нұсқаулықтың 19-тармағына
р/р!                       !           !  сәйкес айырылу негізі
------------------------------------------------------------------
1 !            2          !      3    !             4
------------------------------------------------------------------

                                       Қазақстан Республикасы ІІМ
                                       "Қазақстан Республикасы 
                                       Ішкі істер органдарының 
                                      Қазақстан Республикасының
                                       азаматтығына байланысты 
                                      мәселелерді қарау туралы
                                      Нұсқаулықты бекіту туралы"
                                       2002 жылғы 23 тамыздағы 
                                     N 556 Бұйрығымен бекітілген
                                        Нұсқаулыққа 5-қосымша 

                                               фотосурет орны

      ІІМ
      ІІБ
      -----------------
      200 __ ж. "___"_______

                     N ______ АНЫҚТАМА

      Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін (паспортын)
алу үшін берілді

Тегі _____________________________________________________________

Аты ______________________________________________________________

Әкесінің аты _____________________________________________________

Туған жылы _______________________________________________________

      "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан
Республикасының  Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматы
болып табылады.

      Негіз: _____________________________________________________

      облысы ІІД-нің 200____ж. "_____"___________ қорытындысы.

      Өзімен бірге балалары: _________________ ___________________

__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
______________________________________ Қазақстан Республикасының 
азаматы болып танылды.

КПБ ІІД-нің бастығы __________________________________
                                       (қолы)

М.О.

         N _______ АНЫҚТАМАНЫҢ ТҮБІРШЕГІ

Тегі ________________________________________________
Аты _________________________________________________
Әкесінің аты ________________________________________
Туған жылы __________________________________________
Бұрынғы азаматтығы __________________________________

      "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан
Республикасының  Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматы
болып табылады.

      Негіз: _________________________________

      облысы ІІД-нің 200____ж. "_____"___________ қорытындысы.

                           инспектор _______________________
                                            (қолы)
                           Анықтаманы алдым _____________
                                               (қолы)

200___ ж. "______"_____________

М.О.

                                     Қазақстан Республикасы ІІМ
                                       "Қазақстан Республикасы 
                                       Ішкі істер органдарының 
                                      Қазақстан Республикасының
                                       азаматтығына байланысты 
                                      мәселелерді қарау туралы
                                      Нұсқаулықты бекіту туралы"
                                       2002 жылғы 23 тамыздағы 
                                     N 556 Бұйрығымен бекітілген
                                        Нұсқаулыққа 6-қосымша 

                                               фотосурет орны

      ІІМ
      ІІБ
      -----------------
      200 __ ж. "___"_______

                     N ______ АНЫҚТАМА

      Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін (паспортын) 
алу үшін берілді

Тегі _____________________________________________________________
Аты ______________________________________________________________
Әкесінің аты _____________________________________________________
Туған жылы _______________________________________________________
      "Қазақстан Республикасы Президентінің 200__ ж. "__"_________
N ___ Жарлығына (мемлекетаралық Келісімдерге) сәйкес Қазақстан
Республикасының азаматтығына қабылданды.

      Өзімен бірге балалары: _________________ ___________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
______________________________________ Қазақстан Республикасының
азаматтығына қабылданды.

КПБ ІІД-нің бастығы __________________________________
                                       (қолы)

М.О.

             N _______ АНЫҚТАМАНЫҢ ТҮБІРШЕГІ

Тегі ________________________________________________
Аты _________________________________________________
Әкесінің аты ________________________________________
Туған жылы __________________________________________
Бұрынғы азаматтығы __________________________________

"Қазақстан Республикасы Президентінің 200__ ж. "__"__
N ___ Жарлығына (мемлекетаралық Келісімдерге) сәйкес
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданды.

       инспектор _______________________
                       (қолы)

      Анықтаманы алдым _____________
                           (қолы)

200___ ж. "______"_____________

М.О.

                                     Қазақстан Республикасы ІІМ
                                       "Қазақстан Республикасы 
                                       Ішкі істер органдарының 
                                      Қазақстан Республикасының
                                       азаматтығына байланысты 
                                      мәселелерді қарау туралы
                                      Нұсқаулықты бекіту туралы"
                                       2002 жылғы 23 тамыздағы 
                                     N 556 Бұйрығымен бекітілген
                                        Нұсқаулыққа 7-қосымша 

                                       200 ___ ж. "____"__________

                                                N________

                         АНЫҚТАМА

      ____________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________ берілді.
                     туған жылы

Оған және оның балаларына: _______________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
_________________________________________________________________

Қазақстан Республикасы Президентінің 200__ ж. "____" ___________ 
N _________ Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығынан
шығуға рұқсат етілді.
_______________________________________ облысы ІІД КПБ бастығы

М.О.

                                      Қазақстан Республикасы ІІМ
                                       "Қазақстан Республикасы 
                                       Ішкі істер органдарының 
                                      Қазақстан Республикасының
                                       азаматтығына байланысты 
                                      мәселелерді қарау туралы
                                      Нұсқаулықты бекіту туралы"
                                       2002 жылғы 23 тамыздағы 
                                     N 556 Бұйрығымен бекітілген
                                        Нұсқаулыққа 8-қосымша

------------------------------------------------------------------
N !Т.А.Ә.!Туған жылы!Ұлты!Бұрынғы азаматтығын!    Қазақстан
р/р!      ! мен жері !    !  растайтын құжат  ! Республикасындағы
   !      !          !    ! (құжаттың атауы,  !  тұрғылықты жері,
   !      !          !    ! сериясы, нөмірі,  !     мекен-жайы
   !      !          !    ! берілген күні және!
   !      !          !    !   берген орган)   !
------------------------------------------------------------------
1 !  2   !     3    !  4 !         5         !         6
------------------------------------------------------------------
------------------------------------------------------------------
------------------------------------------------------------------
таблицаның жалғасы:
------------------------------------------------------------------
Қазақстан Республикасына ! Қазақстан Республикасының азаматтығын
  келгенге дейінгі соңғы  !              алған күні
     тұрғылықты жері      !
------------------------------------------------------------------
             7            !                   8
------------------------------------------------------------------

      Қазақстан Республикасы  
ішкі істер органдарының 
Қазақстан Республикасының
азаматтығына байланысты 
мәселелерді қарау туралы
Нұсқаулыққа 9-қосымша   

      Ескерту. 9-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2009.08.12. N 309 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.

__________________ бойынша
жеке тұлғалардың қолдау хаттарын
есепке алу
ЖУРНАЛЫ ЖУРНАЛ
учета ходатайств физических лиц
по ____________________________

р/с N

N п/п

Қолдау хаттың түскен күні

Дата поступления ходатайства

Өтініш иесінінің тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, мекенжайы

Фамилия, имя, отчество, год рождения, адрес заявителя

Қолдау хаттың қысқаша мазмұны

Краткое содержание ходатайства

Орындаушының Т.А.Ә.

Ф.И.О. исполнителя

Шығыс нөмірі материалдарды Қалалық, аудандық ІІб-ге, ІІД-ге, ІІМ-ге жолдаған күні

Исходящий номер, дата направления материалов в городские, районные ОВД, ДВД, МВД

Қолдау хатты қарауды тоқтатқан немесе қайта қарау уақыты, негіз

Дата приостановления или возобновления рассмотрения ходатайств, основания

Қарау нәтижелері

Результаты рассмотрения

1

2

3

4

5

6

7

8









Басталды/Начато                  
Аяқталды/Окончено                
Парақтардың саны/Количество листов
Сақтау мерзімі/Срок хранения     

N ______ АНЫҚТАМА ТҮБІРТЕГІ
КОРЕШОК СПРАВКИ N _________
Тегі ______________________________________________
Фамилия
Аты________________________________________________
Имя
Әкесінің аты ______________________________________
Отчество
Туған жылы ________________________________________
Дата рождения
Бұрынғы азаматтығы ________________________________
Прежнее гражданство
Паспортының N _____________________________________
N ________________________________________ Паспорта

      20__ жылғы "_____"___________ ол шын мәнінде Қазақстан
Республикасының азаматтығын қабылдауға өтініш білдірді.
      В том, что он (а) действительно "____" _________ 20 ___ г. подал
(а) ходатайство на приобретения гражданства Республики Казахстан.
      Онымен бірге:_____________________________ ________
      Вместе с ним (ней) ходатайствуют:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
_____ өтініш берді.

      Инспектор __________________________________________
                           (қолы - подпись)
      Анықтаманы алдым ___________________________________
      Справку получил(а)       (қолы - подпись)

      20 __ жылғы "____"_____________
      М.О.
      М.П.

ІІО
N ____
20___ ж. г.

Қазақстан Республикасы  
ішкі істер органдарының 
Қазақстан Республикасының
азаматтығына байланысты 
мәселелерді қарау туралы
Нұсқаулыққа 10-қосымша  

      Ескерту. 10-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2009.08.12. N 309 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.

N _________ АНЫҚТАМА
СПРАВКА N___________

____________________ азаматының     Выдана к паспорту N ____________
N __________ паспортына берілді     гражданина _____________________
Тегі _______________________________________________________________
Фамилия
Аты ________________________________________________________________
Имя
Әкесінің аты _______________________________________________________
Отчество
Туған жылы ________________________________________________________
Дата рождения
      20___ жылғы "____"_____________ ол шын мәнінде Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауға өтініш білдірді.
      В том, что он (а) действительно "____" ___________ 20___г. подал (а) ходатайство на приобретения гражданства Республики Казахстан.
      Онымен бірге: ___________________________ ___________________
      Вместе с ним (ней) ходатайствуют:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________ өтініш берді.
 
_____________________________ облысының ІІД КҚПБ-ның бастығы
Начальник УМП ДВД __________________________________ области
М.О.
М.П.

Қазақстан Республикасы  
ішкі істер органдарының 
Қазақстан Республикасының
азаматтығына байланысты 
мәселелерді қарау туралы
Нұсқаулыққа 11-қосымша  

      Ескерту. 11-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2009.08.12. N 309 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.

АНЫҚТАМА – СПРАВКА

      Маған,
      _________________________________________________________
      Мне,        (Т.А.Ә., туған жылы – Ф.И.О., год рождения)

Қазақстан Республикасының           разъяснены правовые и иные
азаматтығынан шыққан жағдайда       последствия при выходе из
құқықтық және өзге де салдары       гражданства Республики Казахстан.
түсіндірілді.

      Таныстым      ________________________ 20 __ ж.г.
      "___"___________
      Ознакомлен(а)     (қолы-подпись)

______________________________облысының ІІД КҚПБ-ның бастығы
Начальник УМП ДВД __________________________________ области