"Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасының азаматтығына байланысты мәселелерді қарау туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 23 тамыздағы N 556 бұйрығына өзгерістер мен толы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 24 сәуірдегі N 196 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 11 мамырда тіркелді. Тіркеу N 4226. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 85 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 31.12.2015 жылы № 334 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Жамбыл облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жамбыл облысы әкімиятының 2006 жылғы 24 ақпандағы "Облыс ауыл шаруашылығын қолдауға және дамытуға облыстық бюджеттен кредит беру туралы" № 71 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 1636 нөмірімен тіркелген, 2006 жылдың 14 наурызында облыстық "Ақ жол" және "Знамя труда" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      Аталған қаулының 5 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Заем беруші - банктерге бюджеттік кредит сомасынан жылдық 4,0% (төрт пайыз) көлемінде сыйақы төлеу белгіленсін.".
      2. Осы қаулы Жамбыл облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап заңды күшіне енеді, алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2006 жылдың 24 ақпанынан туындаған қатынастарға қолданылады.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары Е.Ө.Үсенбаевқа жүктелсін.
      Облыс Әкімі Б.Жексембин