"Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзiмдi баспа басылымдарында және "Әділет" құқықтық-ақпараттық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Денсаулық сақтау және | |
әлеуметтік даму министрінің | |
міндетін атқарушы | Б. Нұрымбетов |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы
___________________Ж. Қасымбек
2016 жылғы 28 қаңтар
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрі
___________________Е. Ыдырысов
2016 жылғы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 20 бұйрығына 1-қосымша |
Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 11-бабы 4-5) тармақшасына сәйкес әзірленді және оралман мәртебесін алған этникалық қазақ пен оның отбасы мүшелерін оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері – Қазақстан Республикасының шетелде орналасқан дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктері, сондай-ақ консулдық мекемелері;
2) оралман – тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына келген және Заңда белгіленген тәртіппен тиісті мәртебе алған, Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде оның шегінен тыс жерде тұрақты тұрған этникалық қазақ және оның Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейін оның шегінен тыс жерде туылған және тұрақты тұрған ұлты қазақ балалары;
3) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) – облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада жергілікті атқарушы органдар құрған тиісті комиссиялар;
4) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін оралмандар отбасыларының шекті саны;
5) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – өз құзыреті шегінде көші-қон процестерін реттеуді және халықтың көші-қоны саласындағы жұмысты үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
6) уәкілетті орган – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдары;
7) этникалық қазақ – шетелде тұрақты тұратын ұлты қазақ шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам;
8) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға.
2. Қазақстан Республикасының аумағына өз еркімен келген
этникалық қазақ пен оның отбасы мүшелерін оралмандарды
қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу тәртібі
3. Қазақстан Республикасының аумағына өз бетінше келген этникалық қазақ уәкілетті органға не Мемлекеттік корпорацияға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы өтініш (бұдан әрі – өтініш) береді.
4. Өтініште Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын барлық отбасы мүшелері:
1) зайыбы (жұбайы);
2) өтініш беруші мен зайыбының (жұбайының) ата-аналары;
3) балалары (оның ішінде асырап алған) және олардың отбасы мүшелері;
4) некеде тұрмайтын, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (аға-қарындастары) көрсетіледі.
5. Өтінішке мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен мынадай құжаттар:
1) оралманның және онымен бірге қоныс аударған оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың (шетел азаматы паспортының не азаматтығы жоқ адам куәлігінің, кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәлігінің) көшірмелері;
2) неке немесе некені бұзу туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
3) білімін, біліктілігін және белгілі бір мамандық бойынша жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың (бар болса) көшірмелері;
4) өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын мекенжай анықтамасы не селолық әкімдердің анықтамасы қоса беріледі.
6. Өтінішті тіркеуді уәкілетті орган оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы өтініш білдіруші адамдарды тіркеу журналында осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, өтініш білдіруші адамға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтінішті тіркеу туралы жазбаша хабарлама бере отырып жүзеге асырады.
Адам Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген жағдайда оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы өтінішті тіркеу оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы өтініштерді тіркеудің электрондық журналында осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізіледі. Өтініш берушіге құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
7. Мемлекеттік корпорация осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген өтініштер мен өтініш берушінің құжаттары келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде оларды уәкілетті органға жолдайды.
8. Уәкілетті орган оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы өтініш білдіруші оралмандардың тізімін қалыптастырады және үш жұмыс күнінен кешіктірмей Комиссияға шешім қабылдау үшін жолдайды.
9. Комиссия өтініш білдіруші оралмандардың тізімдерін алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы немесе себептерін уәжді түрде негіздей отырып, одан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
10. Қазақстан Республикасының аумағына өз еркімен келген этникалық қазақ пен оның отбасы мүшелерін оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуден бас тарту үшін негіздеме:
1) этникалық қазақтың өтінішінде көрсетілген әкімшілік-аумақтық бірлікте оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасының болмауы;
2) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікке белгіленген өңірлік квотаның жетіспеушілігі;
3) ұсынылған мәліметтерді бұрмалау фактісін анықтау болып табылады.
11. Уәкілетті орган Комиссия шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде өтініш берушіге осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Комиссия қабылдаған шешім туралы жазбаша хабарлайды.
3. Қазақстан Республикасының аумағына келгенге дейін этникалық
қазақтарды оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу
тәртібі
12. Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұратын этникалық қазақ Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелеріне осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы аумағындағы болжамды тұратын өңірді көрсете отырып, оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы өтініш береді.
13. Өтініште осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген отбасы мүшелері көрсетіледі.
14. Өтінішке мынадай құжаттар:
1) өмірбаян (еркін нысанда);
2) этникалық қазақтың және оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың (шетел азаматы паспортының не азаматтығы жоқ адам куәлігінің, кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәлігінің) көшірмелері;
3) неке немесе некені бұзу туралы куәліктің (бар болса) көшірмесі;
4) білімін, біліктілігін және белгілі бір мамандық бойынша жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың (бар болса) көшірмелері қоса беріледі.
15. Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелері өтініш берушіге осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті кіріс хат-хабары ретінде тіркеу туралы жазбаша хабарлама береді және өтініш пен құжаттарды халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жолдайды.
Заңның 20-бабына сәйкес халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган этникалық қазақтардың өтініштері мен құжаттары келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оларды жергілікті атқарушы органдарға шешім қабылдау үшін жібереді.
16. Уәкілетті орган ішкі істер органдарының, ұлттық қауіпсіздік органдарының, прокуратураның аумақтық бөлімшелерінен этникалық қазақтарға оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге кедергі келтіретін негіздердің бары немесе жоғы туралы ақпарат келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оларды Комиссияның қарауына енгізеді.
Комиссия этникалық қазақтардың өтініштері мен құжаттарын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде оралман мәртебесін беруге және (немесе) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге алдын ала келісім беру не бас тартудың себептерін уәжді түрде негіздей отырып, бас тарту туралы шешім қабылдайды.
17. Заңның 20-бабы 4-тармағына сәйкес оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге басымдықты этникалық қазақтар мынадай реттілікте пайдаланады:
1) тиісті білімі, біліктілігі және белгілі бір мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі барлар;
2) көп балалы отбасылар;
3) жоғары оқу орындарында оқуға мүмкіндігі бар кәмелет жасқа толған жастар.
18. Этникалық қазақтарды Қазақстан Республикасының аумағына келгенге дейін оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуден бас тарту үшін негіздеме:
1) этникалық қазақтың өтінішінде көрсетілген әкімшілік-аумақтық бірлікте оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасының болмауы;
2) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікке белгіленген өңірлік квотаның жетіспеушілігі;
3) ұсынылған мәліметтерді бұрмалау фактісін анықтау болып табылады.
19. Уәкілетті орган Комиссия шешім қабылдағаннан кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге келісім беру немесе себептерін уәжді түрде негіздей отырып, одан бас тарту туралы ақпаратты халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
20. Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелеріне жергілікті атқарушы органның Комиссияның шешімі негізінде қабылдаған, оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы келісімін не себептері уәжді түрде негізделген бас тартуын өтініш берушіге жеткізу үшін жібереді.
21. Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелері жергілікті атқарушы органның этникалық қазақты оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге келісімін алған күннен бастап бір ай ішінде оны осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушіге жібереді не осы Қағидаларға 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бас тартылғаны туралы хабарлайды.
22. Этникалық қазақ пен оның отбасы мүшелері тұратын жеріне келіп, оралман мәртебесін алғаннан кейін уәкілетті органға не Мемлекеттік корпорацияға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді
23. Өтінішке Комиссияның оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге келісім беру туралы бұдан бұрын қабылдаған шешімінің көшірмесі қоса беріледі.
24. Өтінішті тіркеу осы Қағидалардың 7, 8-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
25. Уәкілетті орган этникалық қазақтар қоныс аударып, оралман мәртебесін алғаннан кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей оралмандардың тізімдерін Комиссияға оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу (келісім беру) не бас тарту туралы шешім қабылдау үшін жолдайды.
26. Комиссия оралмандардың тізімдерін алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге келісім беру туралы бұдан бұрын қабылданған шешімді ескере отырып, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім қабылдайды.
27. Уәкілетті орган Комиссия шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушіні Комиссия қабылдаған шешім туралы жазбаша хабардар етеді.
Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидаларына 1-қосымша |
Нысан
Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы
өтініш
Мені және менің отбасымның мүшелерін __________________________
/облыс не қала/ оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуді
сұраймын.
Отбасымның құрамы төмендегідей:
Р/с № | Т.А.Ә. (бар болса) | Туыстық дәрежесi | Туған жылы мен күні | Азаматтығы | Ұлты |
Өтініште Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын
барлық отбасы мүшелері:
1) зайыбы (жұбайы);
2) өтініш берушінің және зайыбының (жұбайының) ата-аналары;
3) балалары (оның ішінде асырап алған) және олардың
отбасы мүшелері;
4) некеде тұрмайтын, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек
аға-інілері мен апа-сіңлілері (аға-қарындастары) көрсетіледі.
Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
/өтініш берушінің қолы/
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
20___жылғы "____"____________________________________________________
/құжаттарды қабылдаған адамның қолы/
Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидаларына 2-қосымша |
Нысан
Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы
өтініш білдіруші адамдарды тіркеу журналы
______________________________
(мемлекеттік органның атауы)
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Туылған күні | Отбасы мүшелерінің тізімі | Тұратын мекен-жайы | Шыққан елі | Өтінішті тіркеу күні мен нөмірі | Комиссия шешімінің күні мен нөмірі |
Журналда нөмірленді және тігілді_______________парақ.
(санмен және жазумен)
М.О. Басшы __________________________________ ______________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)
М.О._______________
Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидаларына 3-қосымша |
Нысан
Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге
өтінішті тіркеу туралы
ХАБАРЛАМА
Осы арқылы ___________________________________(тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса) оны және оның отбасы мүшелерін
___________________________________(облыс не қала) оралмандарды
қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы өтініші
_____________________________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы өтініш
білдіруші адамдарды тіркеу журналында ________ №______ тіркелді және
(тіркелген күні)
заңнамада белгіленген тәртіппен қаралатынын хабарлаймыз.
Құжаттарды қабылдаған _________________________________________
(уәкілетті органның құжаттарды қабылдаған жауапты қызметкерінің
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы)
_________ (қолы) / _________ (күні)
Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидаларына 4-қосымша |
Нысан
Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы
өтініштерді тіркеудің электрондық журналы
Өтініштің№ | Тіркеу күні | Бөлімше коды | Өтініш берушінің жеке сәйкес ендіру нөмірі | Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Туылған күні | Отбасы мүшеле рінің тізімі | Тұратын мекен-жайын | Шық қан елі | Комиссия шешімінің күні мен нөмірі | Тағайындау түрі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидаларына 5-қосымша |
Нысан
Комиссияның оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына
енгізу (келісім беру) не бас тарту туралы шешімі
20___жылғы "___"_____________№________
___________________________________________(уәкілетті органның атауы)
оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу (келісім беру)
жөніндегі комиссиясы "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22
шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ___________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) оралмандарды
қабылаудың өңірлік квотасына енгізу туралы өтінішін қарап, былай деп
шешті:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Төраға __________ ___________________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
М.О._______________
Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидаларына 6-қосымша |
Нысан
Комиссияның қабылдаған шешімі туралы
хабарлама
20___жылғы "___"____________
Өтініш білдірушіге_____________________________________(тегі,
аты, әкесінің аты (бар болса)
Комиссия былай деп шешті:
___________________________________________________________
_________________________(бас тартылған жағдайда себебі көрсетілсін).
_________________________________________(мемлекеттік органның
жауапты қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)
____________(қолы) /_________(күні)
Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидаларына 7-қосымша |
Нысан
Өтінішті кіріс хат-хабары ретінде тіркеу туралы
хабарлама
Осы арқылы этникалық қазақ _________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) тұрақты тұру үшін Қазақстан Республикасының аумағына __________________________(облыс, республикалық маңызы бар қала және астана) келуді жоспарлаған оны және оның отбасы мүшелерін оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы өтініші______________________________(Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің атауы) ____________(күні) № ______________ кіріс хат-хабары ретінде тіркелгенін және "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 6-тармағына сәйкес 3 ай ішінде қаралатынын хабарлаймыз.
Құжаттарды қабылдаған__________________________________________ (Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің құжаттарды қабылдаған жауапты қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы).
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 20 бұйрығына 2-қосымша |
Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 11-бабы 4-5) тармақшасына сәйкес әзірленді және қоныс аударушыларды қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу тәртібін көздейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) қоныс аударушы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударатын ішкі көшіп-қонушы;
2) өңірлік комиссия (бұдан әрі – Комиссия) – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органының жанындағы, жергілікті өкілді органдардың, жұмыс берушілер өкілдерінің, кәсіптік одақтардың қатысуымен "Жұмыспен қамту 2020" жол картасы бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия;
3) қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қоныс аударушылар отбасыларының шекті саны;
4) уәкілетті орган – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдары;
5) халықты жұмыспен қамту орталығы – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру мақсатында аудандардың, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары құратын мемлекеттік мекеме.
6) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – өз құзыреті шегінде көші-қон процестерін реттеуді және халықтың көші-қоны саласындағы жұмысты үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
2. Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу тәртібі
3. Қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлердің уәкілетті органдары (бұдан әрі – қоныс аударушыларды қоныстандыруға арналған өңірлердің уәкілетті органы) қоныс аударушыларды қоныстандыруға арналған өңірлерді қоспағанда, уәкілетті органдарды халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган оларға бөлген қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасының саны туралы хабардар етеді.
4. Қоныс аударушыларды қоныстандыруға арналған өңірлерден басқа өңірлердің уәкілетті органдары (бұдан әрі – уәкілетті орган) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларын көрсете отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге өз еркімен көшу мүмкіндіктері туралы хабарлайды.
5. Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы өтінішті (бұдан әрі – өтініш) отбасының кәмелетке толған бір мүшесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті органдарға береді.
6. Өтінішке мынадай құжаттар:
1) өтініш білдіруші мен онымен бірге қоныс аударған отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
2) неке немесе некені бұзу туралы куәліктің (бар болса) көшірмелері;
3) білімін, біліктілігін және белгілі бір мамандық бойынша жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың (бар болса) көшірмелері;
4) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын мекенжай анықтамасы не селолық әкімдердің анықтамасы;
5) келген елді мекенде тұрғын үйі болмауы туралы анықтама қоса беріледі.
7. Уәкілетті органдар отбасының еңбекке жарамды мүшелерін, олардың біліктілігін қоса алғанда, отбасылар санын, құрамын көрсете отырып, қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы өтініш білдіруші Қазақстан Республикасы азаматтарының тізімдерін қалыптастырады және оларды ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірмей қоныс аударушыларды қоныстандыруға арналған өңірлердің уәкілетті органдарына жібереді.
8. Қоныс аударушыларды қоныстандыруға арналған өңірдің уәкілетті органы өтініш келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде өңірлік комиссия ұсынымының негізінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім қабылдайды.
9. Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуден бас тарту үшін негіздеме:
1) бөлінген қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасының мөлшерінен асып кетуі;
2) ұсынылған мәліметтерді бұрмалау (немесе бұзу) фактісін анықтау болып табылады.
10. Қоныс аударушыларды қоныстандыруға арналған өңірлердің уәкілетті органдары ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың бесінші күнінен кешіктірмей уәкілетті органдарға қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген адамдардың тізімін жібереді.
11. Уәкілетті органдар қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген адамдардың тізімін алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушілерді және келген жері бойынша қоныс аударушыларды қоныстандыруға арналған өңірлердің жұмыспен қамту орталықтарын осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша хабардар етеді.
Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидаларына 1-қосымша |
Нысан
Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу
туралы өтініш
Мені және менің отбасымның мүшелерін __________________________
/облыс не қала/ қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына
енгізуді сұраймын.
Отбасымның құрамы төмендегідей:
Р/с № | Т.А.Ә. (бар болса) | Туыстық дәрежесi | Туған жылы мен күні | Азаматтығы |
Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
/өтініш берушінің қолы/
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
"____"________________20___жыл_______________________________________
/құжаттарды қабылдаған адамның қолы/
Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидаларына 2-қосымша |
Нысан
Уәкілетті органның
20____жылғы "____"_______________ № ______шешімі
__________________________________________(уәкілетті органның атауы) "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы ___________________________________________ өтінішін қарап, былай деп шешті:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Басшы __________ __________________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
М.О._________________
Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидаларына 3-қосымша |
Нысан
Уәкілетті органның қабылдаған шешімі туралы
хабарлама
_______________________________________
(мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы)
20___жылғы "___"____________
Өтініш білдірушіге_____________________________________(тегі,
аты, әкесінің аты (бар болса)
_________________________________________________(уәкілетті
органның атауы) былай деп шешті: _______________________________(бас
тартылған жағдайда себебі көрсетілсін).
_________________________________________(мемлекеттік органның
жауапты қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),
лауазымы)\
____________(қолы) /_________(күні)