Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2023 № 765 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.10.2021 № 767 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес қандастарды қоныстандыру үшін өңірлер;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлер айқындалсын.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 26.10.2021 № 767 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Оралмандарды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 248 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 22, 162-құжат);
2) "Оралмандарды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 248 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 8 шілдедегі № 783 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 45, 452-құжат).
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К.Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 83 қаулысына 1-қосымша |
Қандастарды қоныстандыру үшін өңірлер
Ескерту. 1-қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.10.2021 № 767 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.01.2023 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Ақмола облысы.
2. Атырау облысы.
3. Шығыс Қазақстан облысы.
4. Батыс Қазақстан облысы.
5. Қостанай облысы.
6. Павлодар облысы.
7. Солтүстік Қазақстан облысы.
8. Абай облысы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 83 қаулысына 2-қосымша |
Қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлер
Ескерту. 2-қосымшаға өзгерістер енгізілді – ҚР Үкіметінің 26.11.2019 № 875 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 18.01.2023 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
1. Шығыс Қазақстан облысы.
2. Қостанай облысы.
3. Павлодар облысы.
4. Солтүстік Қазақстан облысы.
5. Қарағанды облысы.
6. Ақмола облысы.
7. Абай облысы.
8. Ұлытау облысы.