Оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 20 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 29 ақпанда № 13334 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзiмдi баспа басылымдарында және "Әділет" құқықтық-ақпараттық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Денсаулық сақтау және


әлеуметтік даму министрінің


міндетін атқарушы

Б. Нұрымбетов

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму

      министрінің міндетін атқарушы

      ___________________Ж. Қасымбек

      2016 жылғы 28 қаңтар

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Сыртқы істер министрі

      ___________________Е. Ыдырысов

      2016 жылғы



  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
міндетін атқарушының
2016 жылғы 15 қаңтардағы
№ 20 бұйрығына
1-қосымша

Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.06.2018 № 242 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 11-бабы 4-5) тармақшасына сәйкес әзірленді және оралман мәртебесін алған этникалық қазақты және оның отбасы мүшелерін оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері – Қазақстан Республикасының шетелде орналасқан дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктері, сондай-ақ консулдық мекемелері;

      2) оралман – тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына келген және Заңда белгіленген тәртіппен тиісті мәртебе алған, Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде оның шегінен тыс жерде тұрақты тұрған этникалық қазақ және оның Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейін оның шегінен тыс жерде туылған және тұрақты тұрған ұлты қазақ балалары;

      3) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) – Қазақстан Республикасының Үкіметі айықындаған өңірлердің жергілікті атқарушы органдары құрған оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу жөніндегі тиісті комиссиялар;

      4) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасы – Заңның 8-бабы 5) тармашасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін оралмандардың немесе оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны;

      5) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы басшылықты, көші-қон процестерін реттеуді, халықтың көші-қоны саласындағы жұмысты үйлестіруді және мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      6) жергiлiктi атқарушы орган – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) басшылығымен өз құзыретi шегiнде тиiстi аумақта жергiлiктi мемлекеттiк басқару мен өзiн-өзi басқаруды басшылыққа алатын алқалы атқарушы орган;

      7) этникалық қазақ – шетелде тұрақты тұратын ұлты қазақ шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам;

      8) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға.";

2-тарау. Қазақстан Республикасының аумағына өз бетінше келген этникалық қазақтарды оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу тәртібі

      3. Қазақстан Республикасының аумағына өз бетінше келген, оралман мәртебесін алған этникалық қазақтар жергілікті атқарушы органға не Мемлекеттік корпорацияға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы өтініш (бұдан әрі – өтініш) береді.

      4. Өтінішке қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) оралманның және оның отбасы мүшелерінің (бар болса) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

      2) неке немесе некені бұзу туралы куәліктің (бар болса) көшірмесі;

      3) білімін, біліктілігін және белгілі бір мамандық бойынша жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың (бар болса) не еңбек кітапшасының (бар болса) көшірмелері немесе жұмыс орнынан анықтама;

      Мемлекеттік корпорация оралманның тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін онда және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің келетін елді мекенде меншік құқығында тиесілі тұрғын үйінің болуын растайтын мәліметтерді "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      5. Мемлекеттік корпорация өтініш берушіден өтініштер және осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күші ішінде оларды жергілікті атқарушы органға жолдайды.

      6. Жергiлiктi атқарушы орган қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы өтініш білдіруші оралмандарды этникалық қазақтардың тізімін қалыптастырады және өтініштерді алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей Комиссияға оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу не одан бас тарту туралы шешім қабылдау үшін жолдайды.

      7. Комиссия өтініш білдіруші оралмандардың тізімдерін алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы не одан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Комиссия этникалық қазақтардың өтініштері мен құжаттарын қараған кезде олардың Заңында белгіленген талаптарға сәйкес келетінін тексереді.

      8. Қазақстан Республикасының аумағына өз еркімен келген және оралман мәртебесін алған этникалық қазақтар мен олардың отбасы мүшелерін оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуден бас тарту үшін негіздеме:

      1) ұсынған құжаттарда деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;

      2) осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі анықтау;

      3) этникалық қазақтың өтінішінде көрсетілген әкімшілік-аумақтық бірлікте оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасының болмауы болып табылады.

      9. Жергiлiктi атқарушы орган Комиссия шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде өтініш берушіге оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілгені туралы шешімді жолдайды.

3-тарау. Қазақстан Республикасының аумағына келгенге дейін этникалық қазақтарды оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу тәртібі

      10. Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұратын этникалық қазақтар Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелеріне осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген құжаттарды қоса бере осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы аумағындағы болжамды тұратын өңірін көрсете отырып, оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы өтініш береді.

      11. Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелері Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұратын этникалық қазақтардың өтініштерін қоса берген құжаттарымен бірге халықтың көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жолдайды.

      12. Халықтың көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті органы Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұратын этникалық қазақтардың өтініштерін қоса берілген құжаттарымен бірге өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органға жолдайды.

      13. Жергiлiктi атқарушы орган өтініштер келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күннен кешіктірмей оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу не бас тарту туралы шешім қабылдау үшін Комиссияның қарауына жолдайды.

      14. Комиссия этникалық қазақтардың өтініштері мен құжаттарын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге одан келісім беру немесе бас тартудың себептерін уәжді түрде негіздей отырып, бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Комиссия этникалық қазақтардың өтініштері мен құжаттарын қараған кезде олардың Заңында белгіленген талаптарға сәйкес келетінін тексереді.

      15. Этникалық қазақтарды Қазақстан Республикасының аумағына келгенге дейін оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге келісуден бас тарту үшін негіздеме:

      1) ұсынған құжаттарда деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;

      2) осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі анықтау;

      3) этникалық қазақтың өтінішінде көрсетілген әкімшілік-аумақтық бірлікте оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасының болмауы болып табылады.

      16. Жергiлiктi атқарушы орган үш жұмыс күнінен кешіктірмей оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге келісу не одан бас тарту туралы шешімді (бұдан әрі – шешім) ақпаратты халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жібереді.

      17. Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган шешімді алған күннен бастап бес жұмыс күні Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелеріне өтініш берушіге жеткізу үшін жолдайды.

      18. Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелері шешімді алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде оны өтініш берушіге жолдайды.

      19. Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге келісім беру туралы этникалық қазақтар мен олардың отбасы мүшелері оралман мәртебесін алғанан кейін тұратын жеріне келген кезде жергілікті атқарушы органға не Мемлекеттік корпорацияға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.

      20. Өтінішке оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге келісім беру туралы бұдан бұрын қабылдаған шешімінің көшірмесі қоса беріледі.

      21. Жергiлiктi атқарушы орган үш жұмыс күнінен кешіктірмей оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы өтініштерді Комиссияға оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім қабылдау үшін жолдайды.

      22. Комиссия өтінішті алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге келісім беру туралы бұдан бұрын қабылданған шешімді ескере отырып, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім қабылдайды.

      23. Жергiлiктi атқарушы орган Комиссия шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде өтініш берушіге оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілгені туралы шешімді жолдайды.

  Оралмандарды
қабылдаудың өңірлік
квотасына енгізу
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы өтініш

      Мені және менің отбасымның мүшелерін _________________________________ /облыс

      немесе қала, астана/ оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуді сұраймын

      (керегін сызып көрсету). Отбасымның құрамы төмендегідей (қажетілігіне қарай

      толтырылады):

Р/с

Т.А.Ә. (бар болса)

Туыстық дәрежесі

Туған жылы, айы мен күні

Азаматтығы

Ұлты

1

2

3

4

5

6







      Өтініште Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын барлық отбасы мүшелері (бар болса):

      1) зайыбы (жұбайы);

      2) өтініш берушінің ата-аналары;

      3) балалары (оның ішінде асырап алған);

      4) аға-інілері мен апа-сіңлілері (аға-қарындастары) көрсетіледі.

      Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін:

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      /өтініш берушінің қолы/

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      20___жылғы "____"_______________________________________________________________

      /құжаттарды қабылдаған адамның қолы/

  Оралмандарды
қабылдаудың өңірлік
квотасына енгізу
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Комиссияның оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу (келісім беру) не одан бас тарту туралы ШЕШІМІ

      20___жылғы "___"_____________                                          №________

      ________________________________________________________________________________

      (жергілікті атқарушы органның атауы)

      Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу (келісім беру) жөніндегі комиссиясы

      "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына

      сәйкес __________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      оралмандарды қабылаудың өңірлік квотасына енгізу туралы өтінішін қарап, былай деп шешті:

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Төраға _____________ ____________________________________________________________

      (қолы)                        (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      М.О._______________

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
міндетін атқарушының
2016 жылғы 15 қаңтардағы
№ 20 бұйрығына
2-қосымша

Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.06.2018 № 242 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 11-бабының 4-5) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының азаматтарын қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу тәртібін көздейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) қоныс аударушы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударатын ішкі көшіп-қонушы;

      2) өңірлік комиссия (бұдан әрі – Комиссия) – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органының жанындағы, жергілікті өкілді органдардың, жұмыс берушілер өкілдерінің, кәсіптік одақтардың және облыстар, республикалық маңызы бар қала және Астана кәсіпкерлер палатасының қатысуымен жұмыспен қамту бағдарламаларын іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия;

      3) қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы – Заңның 8-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қоныс аударушылардың немесе қоныс аударушылар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны;

      4) жергiлiктi атқарушы орган – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) басшылығымен өз құзыретi шегiнде тиiстi аумақта жергiлiктi мемлекеттiк басқару мен өзiн-өзi басқаруды басшылыққа алатын алқалы атқарушы орган;

      5) халықты жұмыспен қамту орталығы – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға;

      6) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы басшылықты, көші-қон процестерін реттеуді, халықтың көші-қоны саласындағы жұмысты үйлестіруді және мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

2-тарау. Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу тәртібі

      3. Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу тұрақты тіркеуден өткен және шыққан өңірінде өтініш беру сәтінде кемінде бір жыл тұрған қоныс аударушы шыққан өңірінің жергілікті атқарушы органына халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы берген өтініші негізінде жүзеге асырылады.

      4. Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы өтінішті (бұдан әрі – өтініш) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоныс аударушы не кәмелет жасқа толған отбасы мүшелерінің бірі (бұдан әрі – қоныс аударушылар) шыққан өңірінің жергілікті атқарушы органдарына береді.

      Өтінішке мынадай құжаттар:

      1) Қазақстан Республикасы азаматының және онымен бірге көшетін отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

      2) неке немесе некені бұзу туралы куәліктің (бар болса) көшірмелері;

      3) білімін, біліктілігін және белгілі бір мамандық бойынша жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың (бар болса) не еңбек кітапшасының (бар болса) көшірмелері немесе жұмыс орнынан анықтама.

      Жұмыспен қамту орталықтары қоныс аударушылардың тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін онда және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің келетін елді мекенде меншік құқығында тиесілі тұрғын үйінің болуын растайтын мәліметтерді "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      5. Халықты жұмыспен қамту орталықтары қоныс аударушылардың өтініштерін осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген қоса берілген құжаттармен бірге қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде шығу өңірлерінің жергілікті атқарушы органына жолдайды және ол туралы қоныс аударушыларды (еркін нысанда) хабардар етеді.

      6. Шығу өңірінің жергілікті атқарушы органы қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтініш білдірген қоныс аударушылардың еңбек етуге қабілетті отбасы мүшелерін қоса алғанда, отбасылар санын, құрамын, біліктілігін көрсете отырып, олардың тізімдерін қалыптастырады және оларды ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірмей коныс аударушыларды қабылдау өңірлерінің жергілікті атқарушы органдарына жолдайды.

      7. Қоныс аударушыларды қабылдау өңірінің жергілікті атқарушы органы қоныс аударушылардың тізімі түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу не одан бас тарту туралы ұсынымдар шығару үшін өңірлік комиссияның қарауына жолдайды.

      8. Комиссия өтініш білдіруші қоныс аударушылардың тізімін алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде оларды қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу не одан бас тарту себептерін уәжді түрде негіздей отырып, шешім қабылдайды.

      Комиссия этникалық қазақтардың өтініштері мен құжаттарын қараған кезде олардың "Халықтың көші-қоны туралы" 2016 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға сәйкес келетінін тексереді.

      9. Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуден бас тарту үшін негіздеме:

      1) ұсынған құжаттарда деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;

      2) осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі анықтау;

      3) бөлінген қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасының мөлшерінен асып кетуі болып табылады.

      10. Қоныс аударушыларды қабылдау өңірінің жергілікті атқарушы органы өңірлік комиссияның ұсынымы негізінде өңірлік комиссияның ұсынысы келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу не одан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      11. Қоныс аударушыларды өабылдау өңірінің жергілікті атқарушы органы шешім қабылдағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде шығу өңірінің жергілікті атқарушы органына қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешімін көшірмесін жолдайды.

      12. Қоныс аударушылардың шыққан өңірінің жергілікті атқарушы органы шешімнің көшірмесін алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде қабылданған шешімдердің көшірмелерін халықты жұмыспен қамту орталықтарына жолдайды.

      13. Халықты жұмыспен қамту орталықтары өтініш берушілерді хабардар етеді және қоныс аударушыларды қабылдау өңірінің жергілікті атқарушы органдарымен қабыдаған шешімдерінің көшірмелерімен қамтамсыз етеді.

      14. Шыққан өңірлерінен қоныс аударушыларды қабылдау өңірлеріне өз бетінше келген және сонда бір жылдан артық тұрмаған қоныс аударушылар осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді..

      15. Қоныс аударушыларды қабылдау өңірінің жергілікті атқарушы органына осы қағидалардың 14-тармағында көзделген қоныс аударушылар жүгінген кезде оларды қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу не одан бас тарту туралы шешім осы Қағидалардың 7, 8, 9 және 10-тармақтарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

  Қоныс аударушыларды
қабылдаудың
өңірлік квотасына енгізу
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  ____________________________
ауданының (қаласының)
Халықты жұмыспен қамту
орталығының директорына
кімнен______________________
тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)

Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы өтініш

      Мені және менің отбасымның мүшелерін қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуді сұраймын.

      Отбасымның құрамы төмендегідей:

Р/с

Т.А.Ә. (бар болса)

Туыстық дәрежесi

Туған жылы, айы мен күні

Азаматтығы






      Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін:

      1)________________________________________________________________________

      2)________________________________________________________________________

      3)________________________________________________________________________

      4)________________________________________________________________________

      5)________________________________________________________________________

      6)________________________________________________________________________

      7)________________________________________________________________________

      Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің көзделген белсенді шараларын алу үшін қажетті

      менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

      Барлығы ____________________ құжат ________________ парақта.

      Көшу шарттарымен таныстым.

      Күні                                                                  қолы

      _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _

      (кесу сызығы)

      Өтініш

      20___жылғы "____"_______ қабыданды, № _______________________ болып тіркелді.

      Құжатты қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және қолы:

      ________________________________________________________________________________

      ___________________________                              __________________________

      Күні                                                            қолы

  Қоныс аударушыларды
қабылдаудың
өңірлік квотасына енгізу
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім

      20____жылғы "____"___________                                                № ______

      ________________________________________________________________________________

      (жергілікті атқарушы органның атауы)

      "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына

      сәйкес __________________________________________________________________________

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы өтінішін қарап, былай

      деп шешті:

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Басшы _________________ ________________________________________________________

      (қолы)                        (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      М.О._________________