Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 20 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 29 ақпанда № 13334 болып тіркелді.

Жаңартылған

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 11.08.2021 № 284 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-5) тармақшаларына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 11.08.2021 № 284 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 11.08.2021 № 284 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзiмдi баспа басылымдарында және "Әділет" құқықтық-ақпараттық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
міндетін атқарушы
Б. Нұрымбетов

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму

      министрінің міндетін атқарушы

      ___________________Ж. Қасымбек

      2016 жылғы 28 қаңтар

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Сыртқы істер министрі

      ___________________Е. Ыдырысов

      2016 жылғы



  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
  міндетін атқарушының
  2016 жылғы 15 қаңтардағы
  № 20 бұйрығына
  1-қосымша

Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 11.08.2021 № 284 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 11-бабы 4-5) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және қандас мәртебесін алған этникалық қазақты және оның отбасы мүшелерін қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      2) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері - Қазақстан Республикасының шетелде орналасқан дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктері, сондай-ақ консулдық мекемелері;

      3) қандас - бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болмаған, тарихи отанына келген және Заңда белгіленген тәртіппен тиісті мәртебе алған этникалық қазақ және (немесе) оның ұлты қазақ отбасы мүшелері;

      4) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) - Қазақстан Республикасының Үкіметі айықындаған өңірлердің жергілікті атқарушы органдары құрған қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу жөніндегі тиісті комиссиялар;

      5) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы - Заңның 8-бабы 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қандастардың немесе қандастар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны;

      6) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган - өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы басшылықты, көші-қон процестерін реттеуді, халықтың көші-қоны саласындағы жұмысты үйлестіруді және мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      7) жергiлiктi атқарушы орган - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) басшылығымен өз құзыретi шегiнде тиiстi аумақта жергiлiктi мемлекеттiк басқару мен өзiн-өзi басқаруды басшылыққа алатын алқалы атқарушы орган;

      8) этникалық қазақ-ұлты қазақ шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам.

      9) "бір өтініш" қағидаты – бір өтініш негізінде көрсетілетін бірнеше мемлекеттік қызметтер жиынтығын көздейтін мемлекеттік қызметті көрсету нысаны.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 12.03.2024 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Қазақстан Республикасының аумағына өз бетінше келген этникалық қазақтарды қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу тәртібі

      3. "Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін Қазақстан Республикасының аумағына өз бетінше келген, қандас мәртебесін алған этникалық қазақтар осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету үшін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) қажет құжаттардың тізбесінде аталған құжаттарды қоса бере отырып облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдарына (бұдан әрі – қызметті беруші) не Мемлекеттік корпорацияға Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы өтініш (бұдан әрі – өтініш) береді.

      3-1. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты нысанында келтірілген.

      4. Мемлекеттік корпорация қандастың тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін, қандаста және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің келетін елді мекенде меншік құқығында тиесілі тұрғын үйінің болуын растайтын мәліметтерді "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      5. Мемлекеттік корпорация өтініш берушіден мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету үшін қажет құжаттардың тізбесінде аталған өтініштер және құжаттарды келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күші ішінде оларды қызметті берушіге жолдайды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.

      Құжаттарды қабылдап алған адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетіле отырып, кіріс құжаттарын қабылдаған күні, уақыты және нөмірі бар көрсетілетін қызметті берушінің мөртаңбасы қойылған көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің көшірмесі көрсетілетін қызметті алушыдан көрсетілетін қызметті берушінің қабылдап алғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған, сондай-ақ қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидалардың 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде, қызметті алушы тарапынан құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған және қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды берілген жағдайда Мемлекеттік корпорациянің қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидалардың 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.

      6. Қызметті беруші қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы өтініш білдіруші қандастарды этникалық қазақтардың тізімін қалыптастырады және өтініштерді алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей Комиссияға қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу не одан бас тарту туралы шешім қабылдау үшін жолдайды.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 2 тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      7. Комиссия өтініш білдіруші қандастардың тізімдерін алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы не осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Комиссия этникалық қазақтардың өтініштері мен құжаттарын қараған кезде олардың Заңда белгіленген талаптарға сәйкес келетінін тексереді.

      8. Қазақстан Республикасының аумағына өз еркімен келген және қандас мәртебесін алған этникалық қазақтар мен олардың отбасы мүшелерін қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуден бас тарту үшін негіздеме:

      1) ұсынған құжаттарда деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;

      2) этникалық қазақтың өтінішінде көрсетілген әкімшілік-аумақтық бірлікте қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасының болмауы болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің ұсынылған құжаттар бойынша дәлелді ескертулері болған кезде көрсетілген қызметті берушінің орындаушысы Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73- бабына сәйкес (бұдан әрі – Кодекс) көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушының ұстаным танытуына мүмкіндік беру үшін тыңдау өткiзілетін уақыт пен орын туралы хабарлама жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушының алдын ала шешім бойынша қарсылығын көрсетілелетін қызметті беруші оны алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде қабылдайды.

      Тыңдау нәтижелері бойынша жергілікті атқарушы орган қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім қабылдайды немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту қалыптастырады.

      9. Қызметті беруші Комиссия тарапынан шешім қабылданғаннан соң бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіге қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім жолдайды.

      Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы тапсырған жағдайда қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім қызметті беруші тарапынан одан әрі өтініш берушіге беру үшін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей жолданады.

      Көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша "Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет "бір өтініш" қағидаты бойынша "Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызметті алғаннан кейін, "Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру" және "Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды, қалпына келтіруді және одан шығуды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен бірге осы бұйрыққа 2-қосымшаға (бұдан әрі – "бір өтініш" қағидаты бойынша қызмет) сәйкес көрсетіледі.

      "Бір өтініш" қағидаты бойынша қызметті көрсету мерзімі – 94 (тоқсан төрт) жұмыс күні, оның ішінде:

      Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту – 4 (төрт) жұмыс күні;

      Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу – 14 (он төрт) жұмыс күні;

      Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру – 60 (алпыс) жұмыс күні;

      Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды, қалпына келтіруді және одан шығуды тіркеу – 30 (отыз) жұмыс күні.

      Құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

3-тарау. Қазақстан Республикасының аумағына келгенге дейін этникалық қазақтарды қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу тәртібі

      10. Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұратын этникалық қазақтар Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне осы Қағидаларға 2-қосымшаға сайкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету үшін қажет құжаттардың тізбесінде көзделген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы аумағындағы болжамды тұратын өңірін көрсете отырып, қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы өтініш береді.

      11. Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұратын этникалық қазақтардың өтініштерін қоса берген құжаттарымен бірге халықтың көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жолдайды.

      12. Халықтың көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті органы Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұратын этникалық қазақтардың өтініштерін қоса берілген құжаттарымен бірге өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органға жолдайды.

      13. Қызметті беруші өтініштер келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күннен кешіктірмей қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу не бас тарту туралы шешім қабылдау үшін Комиссияның қарауына жолдайды.

      14. Комиссия этникалық қазақтардың өтініштері мен құжаттарын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге одан келісім беру немесе бас тартудың себептерін уәжді түрде негіздей отырып, бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Комиссия этникалық қазақтардың өтініштері мен құжаттарын қараған кезде олардың Заңда белгіленген талаптарға сәйкес келетінін тексереді.

      15. Этникалық қазақтарды Қазақстан Республикасының аумағына келгенге дейін қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге келісуден бас тарту үшін негіздеме болып:

      1) ұсынған құжаттарда деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;

      2) этникалық қазақтың өтінішінде көрсетілген әкімшілік-аумақтық бірлікте қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасының болмауы табылады.

      16. Қызметті беруші үш жұмыс күнінен кешіктірмей қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге келісу не одан бас тарту туралы шешімді (бұдан әрі – шешім) ақпаратты халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жібереді.

      17. Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган шешімді алған күннен бастап бес жұмыс күні Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелеріне өтініш берушіге жеткізу үшін жолдайды.

      18. Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері шешімді алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде оны өтініш берушіге жолдайды.

      19. Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге келісім беру туралы этникалық қазақтар мен олардың отбасы мүшелері қандас мәртебесін алғанан кейін тұратын жеріне келген кезде жергілікті атқарушы органға не Мемлекеттік корпорацияға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.

      20. Өтінішке қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге келісім беру туралы бұдан бұрын қабылдаған шешімінің көшірмесі қоса беріледі.

      21. Қызметті беруші орган үш жұмыс күнінен кешіктірмей қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы өтініштерді Комиссияға қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім қабылдау үшін жолдайды.

      22. Комиссия өтінішті алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге келісім беру туралы бұдан бұрын қабылданған шешімді ескере отырып, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім қабылдайды.

      23. Қызметті беруші Комиссия шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде өтініш берушіге қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілгені туралы шешімді жолдайды.

      24. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша уәкілетті орган және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына беріледі.

      Уәкілетті органның атына келіп түскен арыз берушiнiң шағымы оның тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда өтініш беруші мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағым оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      25. Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз тасымалдағышта берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      26. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, шағымдануға Кодекстің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

  Қандастарды қабылдаудың
өңірлік квотасына енгізу
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы Өтініш _______________________________________________________________ (жергілікті атқарушы органның атауы)

      Мені/мені және менің отбасы мүшелерін өңірлік қандастар квотасына қосуыңызды өтінемін

ЖСН


Т.А.Ә. (бар болса)


Туған күні, айы, жылы


Жынысы


Мекенжайы


      Менің Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын келесі отбасылық құрам бар (қажет болған жағдайда толтырылады): зайыбы (жұбайы), өтініш берушінің ата-аналары, балалары (оның ішінде асырап алған), аға-інілері мен апа-сіңлілері (аға-қарындастары).

ЖСН

Т.А.Ә. (бар болса)

Туыстық дәрежесі

Туған күні

Азаматтығы

Ұлты

1

2

3

4

5

6



















      Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін:

      ______________________________________________________________________________;

      ______________________________________________________________________________;

      ______________________________________________________________________________.

      Мен "Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу" мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті жеке деректерімді жинауға және өңдеуге келісімімді беремін.

      20___жылғы "___" ___________________________________________________________

      (өтініш берушінің қолы)

      ____________________________________________________________________________

      (Т.А.Ә., құжаттарды қабылдаған адамның лауазымы)

  Қандастарды қабылдаудың
өңірлік квотасына енгізу
қағидаларына
2-қосымша

"Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының ЖАО, Мемлекеттік корпорация және Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері арқылы жүзеге асырылады (Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын этникалық қазақтар үшін), Халықты жұмыспен қамту орталықтары, "электрондық үкімет" веб-порталы: www.egov.kz.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Қызмет көрсету мерзімі - 14 жұмыс күні ішінде.
Құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты: көрсетілетін қызметті берушіде - 30 минут, Мемлекеттік корпорацияда - 15 минут.
Көрсетілетін қызметті берушіде қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 минут, Мемлекеттік корпорацияда - 20 минут, мемлекеттік қызмет "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілген жағдайда – 60 минут.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны және нәтижесі

Электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде және (немесе) "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін.

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері

Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу немесе бас тарту туралы шешім.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушіде - www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру: сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі;
2) Мемлекеттік корпорацияда - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша, жеделдетіп қызмет көрсетусіз электрондық кезек тәртібінде көрсетіледі, портал арқылы электрондық кезекті брондауға болады.
Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру: сағат 13.00-ден 14.00-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.00-ға дейін.
Халықты жұмыспен қамту орталықтарында өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру: сағат 13.00-ден 14.00-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.00-ға дейін.
Порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған жағдайда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы заңының 5-бабына сәйкес өтініштер қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Телефон және/немесе көрсетілетін қызметті алушының тікелей жүгінуі арқылы алдын ала жазылу қарастырылған.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу үшін:
1) Жеке басты куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін) және оның отбасы мүшелері (бар болған жағдайда)
2) Неке немесе некені бұзу туралы куәліктің көшірмесі (болған жағдайда)
3) Білімін, біліктілігін және белгілі бір мамандық бойынша жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың (бар болса) не еңбек кітапшасының (бар болса) көшірмелері немесе жұмыс орнынан анықтама.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуден бас тарту негіздері:
1) Ұсынылған құжаттарда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау.
2) Этникалық қазақтың өтінішінде көрсетілген аумақтық-әкімшілік бірлікте қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасының болмауы.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне-өзі қызмет көрсету, өз бетінше жүріп-тұру, бағдарлану қабілетін толық немесе ішінара жоғалтқан өтініш берушілерге мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну жолымен жүргізеді.

  Қандастарды қабылдаудың
өңірлік квотасына енгізу
қағидаларына 3-қосымша
  Нысан

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы ҚОЛХАТ

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының № ____ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын, атап айтқанда:

      құжаттардың атауы:

      1) ________________________________________;

      2) ________________________________________;

      3) ….

      ұсынбауыңызға және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынуыңызға байланысты _______________________________ мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

      Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.

      _______________________________________________________________ _________

      (Мемлекеттік корпорация қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы

      Орындаушы:

      ________________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Телефон _________________

      Алдым: ___________________________________________________ _______

      көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)/ қолы

      20 __ жылғы "___" _________



      Жергілікті атқарушы орган басшысының ЭЦҚ

  Қандастарды қабылдаудың
өңірлік квотасына енгізу
қағидаларына 4-қосымша
  Нысан

Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотаға енгізу туралы ШЕШІМ 20___ жылдың "___" _________ № ________ ____________________________________________________________ (Жергілікті атқарушы органның атауы)

      Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотаға енгізу бойынша комиссия Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі "Халықтың көші-қоны туралы" Заңына сәйкес қарап, оң шешім қабылдады:

ЖСН


Т.А.Ә. (бар болса)


Туған күні, айы, жылы


Жынысы


Мекенжайы


      Отбасы мүшелері (бар болса):

ЖСН

Т.А.Ә.

Туған күні, айы, жылы

Жынысы

Туыстық дәрежесі




























      Жергілікті атқарушы орган басшысының ЭЦҚ

  Қандастарды қабылдаудың
өңірлік квотасына енгізу
қағидаларына 5-қосымша
  Нысан

Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотаға енгізуден бас тарту туралы ШЕШІМ 20__ жылғы "__" ________ № _____________ _______________________________________________________________ (Жергілікті атқарушы органның атауы)

      Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі "Халықтың көші-қоны туралы" Заңына сәйкес.

1

Өтініш нөмері


2

Мәртебесі


3

Өтініш түрі


4

Қабылдаған күн


5

Орындалған күн


      Қызмет алушы жөнінде мәліметтер:

ЖСН

Т.А.Ә.

Туған күні

Жынысы

Туыстық дәрежесі

1






2






3






      Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотаға енгізуге бас тартудың негіздемесі:

      ________________________________________________________________

      _________________________________________________________________



      Жергілікті атқарушы орган басшысының ЭЦҚ

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
міндетін атқарушының
2016 жылғы 15 қаңтардағы
№ 20 бұйрығына
2-қосымша

Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 11.08.2021 № 284 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 11-бабы 4-5) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының азаматтарын қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу тәртібін көздейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      2) қоныс аударушы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударатын ішкі көшіп-қонушы;

      3) өңірлік комиссия (бұдан әрі – Комиссия) – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органының жанындағы, жергілікті өкілді органдардың, жұмыс берушілер өкілдерінің, кәсіптік одақтардың және облыстар, республикалық маңызы бар қала және Астана кәсіпкерлер палатасының қатысуымен жұмыспен қамту бағдарламаларын іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия;

      4) қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы – Заңның 8-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қоныс аударушылардың немесе қоныс аударушылар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны;

      5) жергiлiктi атқарушы орган – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) басшылығымен өз құзыретi шегiнде тиiстi аумақта жергiлiктi мемлекеттiк басқару мен өзiн-өзi басқаруды басшылыққа алатын алқалы атқарушы орган;

      6) халықты жұмыспен қамту орталығы – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға;

      7) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы басшылықты, көші-қон процестерін реттеуді, халықтың көші-қоны саласындағы жұмысты үйлестіруді және мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 12.03.2024 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу тәртібі

      3. Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу тұрақты тіркеуден өткен және шыққан өңірінде өтініш беру сәтінде кемінде бір жыл тұрған қоныс аударушы шыққан өңірінің облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдарына (бұдан әрі – қызметті беруші) халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы берген өтініші негізінде жүзеге асырылады.

      4. "Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қоныс аударушылар не отбасының кәмелетке толған мүшелерінің бірі (бұдан әрі – қоныс аударушылар) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету үшін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) қажет құжаттардың тізбесінде аталған құжаттарды қоса бере отырып, қызметті берушіге, Халықты жұмыспен қамту орталықтарына не Мемлекеттік корпорацияға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы өтініш (бұдан әрі – өтініш) береді.

      "Мәңгілік ел жастары - индустрияға!" ("Серпін") жобасының түлектері оқу орнынан аталған жобаға қатысуын растайтын анықтама ұсынады.

      Халықты жұмыспен қамту орталықтары қоныс аударушылардың тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін онда және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің келетін елді мекенде меншік құқығында тиесілі тұрғын үйінің болуын растайтын мәліметтерді "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      5. Халықты жұмыспен қамту орталықтары қоныс аударушылардың өтініштерін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының мемлекеттік қызметін көрсету үшін қажет құжаттардың тізбесінде аталған қоса берілген құжаттармен бірге қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде шығу өңірлерінің жергілікті атқарушы органына жолдайды және ол туралы қоныс аударушыларды (еркін нысанда) хабардар етеді.

      6. Шығу өңірінің қызметті берушісі қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтініш білдірген қоныс аударушылардың еңбек етуге қабілетті отбасы мүшелерін қоса алғанда, отбасылар санын, құрамын, біліктілігін көрсете отырып, олардың тізімдерін қалыптастырады және оларды ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірмей коныс аударушыларды қабылдау өңірлерінің жергілікті атқарушы органдарына жолдайды.

      7. Қоныс аударушыларды қабылдау өңірінің қызметті берушісі қоныс аударушылардың тізімі түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу не одан бас тарту туралы ұсынымдар шығару үшін өңірлік комиссияның қарауына жолдайды.

      8. Комиссия өтініш білдіруші қоныс аударушылардың тізімін алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде оларды қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу не одан бас тарту себептерін уәжді түрде негіздей отырып, шешім қабылдайды.

      Комиссия қоныс аударушылардың өтініштері мен құжаттарын қараған кезде олардың "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға сәйкес келетінін тексереді.

      9. Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуден бас тарту үшін негіздеме:

      1) ұсынған құжаттарда деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;

      2) бөлінген қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасының мөлшерінен асып кетуі болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің ұсынылған құжаттар бойынша дәлелді ескертулері болған кезде көрсетілген қызметті берушінің орындаушысы Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73- бабына сәйкес (бұдан әрі – Кодекс) көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушының ұстаным танытуына мүмкіндік беру үшін тыңдау өткiзілетін уақыт пен орын туралы хабарлама жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушының алдын ала шешім бойынша қарсылығын көрсетілелетін қызметті беруші оны алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде қабылдайды.

      Тыңдау нәтижелері бойынша жергілікті атқарушы орган қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім қабылдайды немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту қалыптастырады.

      10. Қоныс аударушыларды қабылдау өңірінің қызметті берушісі өңірлік комиссияның ұсынымы негізінде өңірлік комиссияның ұсынысы келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы не осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      11. Қоныс аударушыларды қабылдау өңірінің қызметті берушісі шешім қабылдағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде шығу өңірінің жергілікті атқарушы органына қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешімін көшірмесін жолдайды.

      12. Қоныс аударушылардың шыққан өңірінің қызмет берушісі шешімнің көшірмесін алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде қабылданған шешімдердің көшірмелерін халықты жұмыспен қамту орталықтарына жолдайды.

      13. Халықты жұмыспен қамту орталықтары өтініш берушілерді хабардар етеді және қоныс аударушыларды қабылдау өңірінің жергілікті атқарушы органдарымен қабылдаған шешімдерінің көшірмелерімен байланыс қызметтері арқылы қамтамасыз етеді.

      14. Шыққан өңірлерінен қоныс аударушыларды қабылдау өңірлеріне өз бетінше келген және сонда алты айдан артық тұрмаған қоныс аударушылар, сондай-ақ "Мәңгілік ел жастары - индустрияға!" ("Серпін") жобасының түлектері оқу орнын аяқтаған соң алты ай мерзімінде және қоныс аударушыларды қабылдау өңірлерінде тіркелуіне тәуелсіз халықты жұмыспен қамту орталығына осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының мемлекеттік қызметін көрсету үшін қажет құжаттардың тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

      15. Қоныс аударушыларды қабылдау өңірінің қызметті берушісіне осы Қағидалардың 14-тармағында көзделген қоныс аударушылар жүгінген кезде оларды қоныс аударушыларды қабылдаудың (келісудің) өңірлік квотасына енгізу не одан бас тарту туралы шешім осы Қағидалардың 7, 8, 9 және 10-тармақтарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

      16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша уәкілетті орган және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына беріледі.

      Уәкілетті органның атына келіп түскен арыз берушiнiң шағымы оның тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда өтініш беруші мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағым оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      17. Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз тасымалдағышта берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      18. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, шағымдануға Кодекстің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

  Қоныс аударушыларды
қабылдаудың өңірлік квотасына
енгізу қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы Өтініш ____________________________________________________________ (Жергілікті атқарушы органның атауы)

      Мені/мені және менің отбасымының мүшелерін өңірлік қоныс аударушыларды қабылдаудың квотасына қосуыңызды өтінемін

ЖСН


Т.А.Ә. (бар болса)


Туған күні, айы, жылы


Жынысы


Мекенжайы


      Төмендегідей отбасымның құрамы бар:

ЖСН

Т.А.Ә. (бар болса)

Туыстық дәрежесі

Туған күні

Азаматтығы

Ұлты

1

2

3

4

5

6



















      Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін:

      ____________________________________________________________________________;

      ____________________________________________________________________________;

      ____________________________________________________________________________

      Мен "Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу" мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті жеке деректерімді жинауға және өңдеуге келісімімді беремін.

      "___" ___________ 20 ___ ______________________________________

      (өтініш берушінің қолы)

      __________________________________________________________________

      (Т.А.Ә., құжаттарды қабылдаған адамның лауазымы)

  Қоныс аударушыларды
қабылдаудың өңірлік квотасына
енгізу қағидаларына
2-қосымша

"Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

1) қызметті беруші;
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
3) Халықты жұмыспен қамту орталықтары;
4) "электрондық үкімет" веб-порталы: www.egov.kz.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Қызмет көрсету мерзімі - 14 жұмыс күні ішінде.
Құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты: көрсетілетін қызметті берушіде - 30 минут, Мемлекеттік корпорацияда - 15 минут.
Көрсетілетін қызметті берушіде қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 минут, Мемлекеттік корпорацияда - 20 минут.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны және нәтижесі

Электронды (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде/ "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілген

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері

Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу немесе бас тарту туралы шешім.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушіде - www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік қызметтер" бөлімінде орналастырылған.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру: сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі;
2) Мемлекеттік корпорацияда - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша, жеделдетіп қызмет көрсетусіз электрондық кезек тәртібінде көрсетіледі, портал арқылы электрондық кезекті броньдауға болады.
Халықты жұмыспен қамту орталығы – дүйсенбіден бастап жұмағадейін, сағат 13.00-ден 14.00-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.00-ға дейін.
Порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған жағдайда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы заңының 5-бабына сәйкес өтініштер қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Телефон және/немесе көрсетілетін қызметті алушының тікелей жүгінуі арқылы алдын ала жазылу қарастырылған.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу үшін:
1) Қоныс аударушының және оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері (бар болса)
2) Неке немесе некені бұзу туралы куәліктің көшірмесі (болған жағдайда)
3) Білімін, біліктілігін және белгілі бір мамандық бойынша жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың (бар болса) не еңбек кітапшасының (бар болса) көшірмелері немесе жұмыс орнынан анықтама.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуден бас тарту негіздері:
1) Ұсынылған құжаттарда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау.
2) Осы стандарттың 8-тармағында көзделген ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісін анықтау.
Қоныс аударушының өтінішінде көрсетілген аумақтық-әкімшілік бірлікте қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасының болмауы.
"Мәңгілік ел жастары - индустрияға" ("Серпін") жобасының түлектері оқу орнынан осы жобаға қатысуын растайтын анықтама ұсынады.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне-өзі қызмет көрсету, өз бетінше жүріп-тұру, бағдарлану қабілетін толық немесе ішінара жоғалтқан өтініш берушілерге мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну жолымен тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.

  Қоныс аударушыларды
қабылдаудың өңірлік квотасына
енгізу қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотаға енгізу туралы ШЕШІМ 20___ жылғы "___" _________ № ________ _______________________________________________________________ (Жергілікті атқарушы органның атауы)

      Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотаға енгізу бойынша комиссия Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі "Халықтың көші-қоны туралы" Заңына сәйкес қарап, оң шешім қабылдады:

ЖСН


Т.А.Ә. (бар болса)


Туған күні, айы, жылы


Жынысы


Мекенжайы


      Отбасы мүшелері (бар болса):

ЖСН

Т.А.Ә.

Туған күні

Жынысы

Туыстық қатынастар


















      Жергілікті атқарушы орган басшысының ЭЦҚ

  Қоныс аударушыларды
қабылдаудың өңірлік квотасына
енгізу қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотаға енгізуден бас тарту туралы ШЕШІМ 20__ жылғы "__" ________ № _____________ _________________________________________________________________ (Жергілікті атқарушы органның атауы)

      Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі "Халықтың көші-қоны туралы" Заңына сәйкес.

1

Өтініш нөмері


2

Мәртебесі


3

Өтініш түрі


4

Қабылдаған күн


5

Орындалған күн


      Қызмет алушы туралы мәліметтер:

ЖСН

Т.А.Ә.

Туған күні

Жынысы

Туыстық дәрежесі

1






2






3






      Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотаға енгізуге бас тартудың негіздемесі:

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________



      Жергілікті атқарушы орган басшысының ЭЦҚ

  Қоныс аударушыларды
қабылдаудың өңірлік квотасына
енгізу қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы ҚОЛХАТ

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының № ____ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын, атап айтқанда:

      құжаттардың атауы:

      1) ________________________________________;

      2) ________________________________________;

      3) ….

      ұсынбауыңызға және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынуыңызға байланысты ______________________________ мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

      Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.

      _______________________________________________________________ _________

      (Мемлекеттік корпорация қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы

      Орындаушы:

      __________________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Телефон _________________

      Алдым: ___________________________________________________ _______

      көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)/ қолы

      20 __ жылғы "___" _________



      Жергілікті атқарушы орган басшысының ЭЦҚ