"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қызметі қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 52 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 25 ақпанда № 13248 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз!

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қызметі қағидалары бекітілсін.

      2. Мыналардың:

      1) "Халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 463 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 8527 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2013 жылғы 23 қазандағы № 237 (28176) жарияланған;

      2) "Халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 463 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 303 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 10049 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 69 (28547) жарияланған күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б. Қазанғап):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық акпарат орталығына жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң, бірақ 2016 жылдың 1 наурызынан бұрын емес қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және даму министрі

Ә. Исекешев


  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2016 жылғы 22 қаңтардағы
№ 52 бұйрығымен бекітілген

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының
қызметі қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қызметі қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 9-1-бабының 1-тармақшасына сәйкес әзірленді және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) қызметінің тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік корпорация "бір терезе" қағидаты бойынша жеке және (немесе) заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтер көрсету, жеке және заңды тұлғалардың міндетті мемлекеттік тіркеуіне жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу, ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдастарын техникалық зерттеп-қарау, мемлекеттік жер кадастрын жүргізу, зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру саласында қызметін жүзеге асыратын бірыңғай провайдер болып табылады.

      3. Қағидаларда қолданылатын ұғымдар Заңға сәйкес мағыналарда пайдаланылады.

      4. Мемлекеттік корпорация Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің акттілерімен көзделген өкілеттіктерді және қызметтер түрін жүзеге асырады.

2. Мемлекеттік корпорация қызметінің тәртібі

      5. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтердің дайын нәтижелерін беру Мемлекеттік корпорация арқылы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес, жексенбі және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден сенбіні қоса алғанда, сағат 9.00-дан 20.00-ге дейін үзіліссіз, жүзеге асырылады.

      6. Мемлекеттік корпорациямен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілген қызметтер тізілімімен айқындалады.

      7. Мемлекеттік корпорациямен мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі Заңға сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдармен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарымен және регламенттерімен айқындалады.

      8. Құжаттарды қабылдау және дайын құжаттарды беру электронды кезек тәртібінде жүзеге асырылады.

      Жұмыс орындары Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің тегі, аты, әкесінің аты (әкесінің аты бар болғанда) және лауазымы көрсетілген тақтайшалармен жабдықталады.

      9. Мемлекеттік қызметті Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының тұлғасын сәйкестендіруді Мемлекеттік корпорация қызметкерлері жүзеге асырады.

      10. Мемлекеттік қызметтерді көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында Мемлекеттік корпорация "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Заңына және Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін қажетті мәліметтерді сақтайтын, ақпараттық жүйелерден мәлеметтер бар болған кезде оларды алады.

      Мемлекеттік корпорация қызметкерлері мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде, егер Заңмен өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде сақталатын, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.

      11. Электрондық нысанда мемлекеттік қызметтерді ұсыну Заңға сәйкес жүзеге асырылады және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарымен және регламенттерімен реттеледі.

      12. Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметті электронды нысанда көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының жазбаша рұқсаты негізінде оның электронды құжат нысанындағы сұрануы Мемлекеттік корпорация қызметкерінің оған қызметтік мақсатта пайдалану үшін берілген электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.

      13. Мемлекеттік корпорацияның үй-жайлары визуалды бақылау үшін фото және бейнекамералар көмегімен жабдықталуы мүмкін. Бейнекамералар жүйесі болған жағдайда, кіре берісте бейнебақылау жүйесі бар екені туралы ескертетін маңдайша ілінеді.

      14. Мемлекеттік корпорация қызметті көрсету, мемлекеттік қызметті алу туралы азаматтарды ақпараттандыру, сондай-ақ мәселелері бойынша азаматтарға кеңес беру үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын орналастыруды қамтамасыз етеді.

      15. Мемлекеттік корпорция өзіне-өзі қызмет көрсету секторының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, онда "электрондық үкіметтің" веб-порталы сервистерін пайдалану және электрондық цифрлық қол таңбалы пайдалану мәселелері бойынша консультация беру, сондай-ақ, азаматтарға "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы көрсетілетін өзіне-өзі мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігі беріледі.

      16. Мемлекеттік корпорация:

      мелекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы көрсетілетін қызметті алушыға қол жетімді нысанда, оның ішінде, көзі және (немесе) естуі бұзұлған адамдарға қол жетімділікті ескере отырып ақпараттандыруды қамтамасыз етеді;

      Мемлекеттік корпорация қызметкерлерін мүгедектермен (дене қимылы) икемді тілдесу үшін оқытулар жүргізеді;

      мүгедектердің кедергісіз теңдей мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қол жеткізу шараларын қабылдайды.

      17. Мемлекеттік корпорацияға өтініш беру алдында өтініш беруші немесе оның өкілі 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес (бұдан әрі - Азаматтық кодекс) және басшы куәландыратын құжатты ұсынады, өтініш беруші өкілі оның өкілеттігін растайтын құжатты қосымша ұсынады.

      Бұл ретте мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингісінің ақпараттық жүйесіндегі (бұдан әрі - МАЖ) өтініш беруші туралы деректерде сенімді тұлға жөніндегі деректер тіркеледі.

      18. Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызмет алушының өтінішін Заңға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарында көзделген тізбеге сәйкес Мемлекеттік корпорация қызметкері өтініш беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін жүгінген кезде онда құжаттардың толық пакеті бар болған кезде қабылдайды.

      МАЖ-де алдын-ала толықтыру іске асырылған (өтініштің автоматты қалыптастыруы) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша өтініштерді, бланктерді толтырудың толықтығын тексерді;

      өтінішке қол қойған тұлғаның жеке басын сәйкестендіреді;

      мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарынде белгіленген, тиісті міндетті төлемдерді бюджетке енгізгенін растайтын, құжаттардың бар болуын және реквизиттерін тексереді;

      өтініш беруші туралы тиісті ақпаратты және тапсырылған құжаттардың тізімін МАЖ-ға енгізеді;

      өтініш берушіден қабылданған құжаттарды тізбесі, өтінішті қабылдаған қызметкердің тегі, аты және әкесінің аты (бар болған кезде), өтініш беру күні мен уақыты, сондай-ақ дайын құжаттарды беру күні көрсетілетін тиісті құжаттарды қабылдау туралы МАЖ иеленген штрих-кодымен қолхатты береді;

      көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарымен көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес пакетін ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдауды бас тартады және жоқ құжатты көрсете отырып, қолхат береді;

      қолхатта көрсетілген мерзімде өтініш берушілерге құжаттарды береді;

      Мемлекеттік корпорация басшылығын, Мемлекеттік корпорацияның тиісті филиалдарының аумағында өзіне белгілі болған тәртіп пен заңның барлық бұзушылықтары туралы хабардар етеді;

      МАЖ-де уәкілетті органдарға құжаттарды тапсыру, уәкілетті органдардан қабылдау, құжаттарды беру секторына тапсыру және өтініш берушіге құжаттарды беру бойынша іс-қимылдарды (штрих-кодты сканерлеу әдісімен) белгілейді.

      19. Өтініштерді қабылдау және құжаттарды беру Мемлекеттік корпорация қызметкерлерімен өтініш берушінің ниеті бойынша қазақ және орыс тілдерінде жүзеге асырылады.

      20. Алдын ала, құжаттарды тапсырғанға дейін, Мемлекеттік корпорация консультанттары өтініш берушілерге құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді, қызметтерді көрсету талаптарымен таныстырады, қажетті құжаттар топтамасын қалыптастыруға көмек көрсетеді және өтініштердің бланкілердің дұрыс толтырылуын тексереді.

      Өтініш берушілердің ниеті бойынша МАЖ-дан көрсетілетін қызметтерді алуға қажетті құжаттардың тізбесі басып шығарылады.

      21. Көрсетілетін қызметті алушының өтініші бойынша Мемлекеттік корпорация кызметкері көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарынде көзделген жағдайда, ұсыналған құжаттың түпнұсқасы бар құжатты электрондық көшірмесін куәландырады.

      22. Операциялық залдан қабылданған құжаттарды (егер бар болса, құжаттар топтамасын) жинауды кестеде белгіленген уақытта жинақтау секторының қызметкері (маманы) жүзеге асырады.

      Жинақтау секторына келіп түскен өтініштер (егер бар болса, құжаттар топтамасын) бағыттары бойынша қалыптастырылады, қолхаттағы штрих-кодты сканерлеу жолымен МАЖ-де белгіленеді.

      23. Мемлекеттік корпорация өтініш берушілірдің МАЖ-де белгіленген мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді.

      24. Дайын құжаттарды беруді Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесіне сәйкес, қолхаттың негізінде алу, белгісі бар жеке басын куәландыратын құжаттарды көрсеткен кезде жүзеге асырылады.

      Өтініш берушінің өкілі Азаматтық кодекске сәйкес оның өкілеттігін растайтын сенімхатты қосымша ұсынады.

      Мемлекеттік корпорация өтініш берушіге қабылданған шешімдер туралы, зейнетақы төлемдері, жәрдемақылар, бір реттік және өзге де төлемдер туралы sms-хабарлар беру арқылы ұялы телефонға хабарлайды.

      25. Өтініш беруші (өкілдің) жүгінбеуіне байланысты уақтылы берілмеген құжаттар бір ай ішінде Мемлекеттік корпорацияда сақталады, аталған мерзім аяқталған соң зейнетақы төлемдерін, жәрдемақыларды, бір реттік және өзге де төлемдерді, сондай-ақ 18 жасқа толмаған балаларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыны, мекенжайлық әлеуметтік көмекті тағайындауға арналған құжаттардан басқа, алынбаған құжат ретінде көрсетілетін қызметті беру қайтарылады.

      Мемлекеттік корпорация Қазақстан Республикасы азаматтарының төлқұжаттарын, жеке куәліктерін бір жыл ішінде сақтауды, уақытша куәліктерді мерзімі аяқталғанша дейін сақтауды.

      26. Мемлекеттік корпорация кызметкерінің мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдауға және дайын құжаттарды беруге байланысты әрекеттері МАЖ-да тіркеледі.

      Көрсетілетін қызмет берушімен іс-қимыл МАЖ арқылы жүзеге асырылады.

      27. Қызмет алушының ақпараттық жүйелерден алынатын құжаттарды сұратып алуы рұқсат етілмейді.

      28. Мемлекеттік корпорациямен мемлекеттік қызметті көрсету процесінде белгіні болған азаматтардың дербес деректерін "Дербес деректер және оны қорғау туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес үшінші тұлғаларға жария етуге рұксат етілмейді.

      Өздерінің функционалдық міндеттерін жүзеге асыру барысында, зейнетақы жинақтары мен әлеуметтік аударымдардың құпиясын кұрайтын мәліметтерге қолжетімділік алған, Мемлекеттік корпорация кызметкерлері зейнетақы жинақтарының және шартты зейнетақы шоттардың құпиясын құрайтын мәліметтерді жария етпейді.

      29. Мемлекеттік корпорация Жарғыға сәйкес мемлекеттік және өзге қызметтерді ақылы түрде көрсете алады.

      30. Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

      31. Мемлекеттік корпорацияның уәкілетті органдармен өзара іс-қимылы мемлекеттік қызметті көрсету саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      32. Өтініш берушінің Мемлекеттік корпорацияға берген өтінімінің орындалу қозғалысы мен кезеңінің бағытына мониторинг МАЖ көмегімен жүргізіледі.

      33. Тиісті уәкілетті органдарға ұсынылатын құжаттардың тізілімі МАЖ-да қалыптасады. Ұсынылатын құжаттардың тізілімі екі данада басылады.

      Тізілімнің екі данасымен қалыптастырылған өтініштер (егер бар болса, құжаттар топтамасымен бірге) кестеге сәйкес курьерлік және (немесе) пошталық байланыс, және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы уәкілетті органға жіберіледі. Тізілімнің екінші данасы уәкілетті органның қабылдағаны туралы белгісі бар Мемлекеттік корпорацияға кері қайтарылады.

      Тиісті уәкілетті органға қоса берілген құжаттарымен бірге қабылданған өтініштерді жеткізуді және кері қайтаруды аталған өтініштерді қабылдаған күні екі реттен кем емес жүзеге асырады.

      Алдын ала, дайын құжаттарды бергенге дейін Мемлекеттік корпорация мен уәкілетті орган берілетін құжаттардың тізілімін құрайды, онда тізімін алғанда берілетін құжаттар туралы толық ақпарат жинақталады.

      34. Тізімнің екі дана қосымшасымен қағаз/электрондық тасығышта ресімделген, беруге дайын құжаттар тиісті уәкілетті органға курьерлік, пошта байланысы және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің мерзімі өткенге дейін бір тәуліктер кешіктірмей жеткізіледі.

      Қолхатқа сәйкес келесі жұмыс күні берілетін құжаттар кешкі поштамен немесе бұрын келеді.

      35. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорацияның жауапты қызметкері тиісті уәкілетті органдармен ұсынылатын тізілімге сәйкес құжаттардың толықтығын тексереді. Тізілімнің екінші данасы, тізілімде көрсетілген барлық құжаттардың бар болған жағдайда, ғана алғандығы туралы белгісімен уәкілетті органға қайтарылады. Құжаттар тізімге сәйкес келмеген жағдайда, уәкілетті органға қабылдаудан бас тарту туралы актісі қоса беріліп қайтарылады.

      36. Қандай да бір себептер бойынша тиісті мемлекеттік органдар орындаудан бас тартқан көрсетілетін қызметті берушілердің өтініштері Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарында көрсетілген мерзімде тиісті тізіліммен кері қайтарылады.

      37. Мемлекеттік корпорация филиалдарымен тиісті уәкілетті органдардың аумақтық бөлімшелерімен ай сайынғы негізде көрсетілген мемлекеттік қызмет саны және сапасы бойынша жүргізілген салыстырулар жүргізіледі, олардың нәтижелер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бөлінісінде есептер жасалады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша есеп тиісті уәкілетті органға есептік айдан кейінгі айдың 3 күніне дейін ұсынылады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету саны мен сапасы бойынша жүргізілген салыстыру нәтижелері бойынша акты есептік айдан кейінгі айдын 15 күніне дейін жасалады.

      Мемлекеттік қызметтерді көрсететін орталық атқарушы органдармен салыстыру актілері Мемлекеттік корпорацияның орталық аппаратымен жасалады.