«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы
24 қарашадағы Заңы 7-бабының 12) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 18) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі ақпараттық жүйесінің ақпараттық жүйелермен ақпараттық өзара іс-қимылы қағидалары бекітілсін (бұдан әрі - Қағидалар).
2. «Мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі ақпараттық жүйесінің ақпараттық жүйелермен ақпарат алмасу қағидаларын бектіу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 ақпандағы № 142 бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 10553 тіркелген, «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 9 шілдеде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б.Қазанғап):
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интернет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
6. Осы бұйрық Қағидалардың 2016 жылғы 1 наурызда қолданысқа енгізілетін 4-тармағы 5), 7) тармақшалары, 7-тармағы 1), 2), 3)тармақшалары және 8-тармағын қоспағанда оның алғаш рет ресми жарияланғанынан кейін он күнтізбелік күн ішінде қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы Ж. Қасымбек
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1277 бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі ақпараттық
жүйесiнiң ақпараттық жүйелермен ақпараттық
өзара іс-қимылы қағидаларын
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі ақпараттық жүйесiнiң ақпараттық жүйелермен ақпараттық өзара іс-қимылы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы Заңының 7-бабы 12) тармақшасына сәйкес әзірленген және мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі ақпараттық жүйесінің ақпараттық жүйелермен ақпараттық өзара іс-қимыл тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі ақпараттық жүйесінің ақпараттық жүйелермен ақпараттық өзара іс-қимыл жасасуға Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтер жатпайды.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі ақпараттық жүйесінің мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен өзара ақпараттық іс-қимылы мемлекеттік қызметті көрсету барысында қағаз жүзіндегі құжат айналымының болдырмауын (азайтуды), сонымен қатар азаматтардың құқықтық маңызды фактілерді растайтын құжаттардың минималды санын ұсынуын қамтамасыз етеді.
4. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) ақпараттық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;
2) көрсетілетін қызметті алушы – орталық мемлекеттік органдарды, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар;
3) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар;
4) Қазақстан Республикасының Куәландырушы орталығы (бұдан әрі - ҚР КО) – электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтіне сәйкестігін куәландыратын, сондай-ақ тіркеу куәлігінің дұрыстығын растайтын заңды тұлға;
5) мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі – мемлекеттік қызметтер көрсету, оның ішінде «Үкімет – азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсету процесін автоматтандыруға және мониторингілеуге арналған ақпараттық жүйе;
6) «Үкімет – азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға»;
7) хабарлама - ақпараттық жүйесінен мемлекеттік ақпараттық жүйеге ақпаратты ұсыну және одан кері ұсыну нысаны;
8) электрондық құжат – өзіндегі ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
9) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиыны.
2. Мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі ақпараттық
жүйесінің ақпараттық жүйелермен ақпараттық өзара
іс-қимыл тәртібі
5. Мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі ақпараттық жүйесінің көрсетілетін қызметті берушілердің ақпараттық жүйелерімен өзара іс қимылы үш санат бойынша ықпалдасуын білдіреді:
1) мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесін алу жөніндегі ықпалдастыру - көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу мақсатында өтінімдерді өңдеу жөніндегі мәртебелердің мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі ақпараттық жүйесіне беруді білдіреді;
2) қызмет беруші сұрау салған құжаттар туралы (немесе сұрау салу жөніндегі мәліметтер) ықпалдастыру - мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісінде талап етілетін немесе мемлекеттік дерек қорында және қызмет берушінің өзге де ақпараттық жүйелерінде орналасқан құжаттар, мәліметтердің қағаз көшірмесін болдырмау мақсатында мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесі болып табылатын құжаттар жөніндегі мәліметтерді (немесе сұрау салу туралы мәліметтер) электрондық нысанда беруді білдіреді;
3) мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтінім алу және беру жөніндегі ықпалдастыру көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінім беру және нәтижесін алуды білдіреді.
6. Ақпараттық өзара іс-қимыл жасасу процесінде қолданылатын мәліметтер қағаз нысандағы құжаттардағы мәліметтермен бірдей.
7. Мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі ақпараттық жүйесінің ақпараттық жүйелермен ақпараттық өзара іс-қимыл процесі:
1) көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға немесе уәкілетті органға мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу мақсатында жүгінген кезінде Мемлекеттік корпорация жұмыскері немесе уәкілетті органның жұмыскері көрсетілетін қызметті алушының тұлғасын сәйкестендіретін қажетті құжаттар бойынша мәліметтерді алу мақсатында мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі ақпараттық жүйесінен (уәкілетті органның ақпараттық жүйесі болмаған жағдайда) сұрау салуға бастама жасайды;
2) Мемлекеттік корпорация жұмыскері немесе уәкілетті органның жұмыскері мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингі ақпараттық жүйесінде мемлекеттік қызметтерді көрсетуге өтінім толтырады (уәкілетті органның ақпараттық жүйесі болмаған жағдайда) және қажетті құжаттардың (мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы алу мүмкіндігі жоқ құжаттар) электрондық көшірмелерін қоса береді;
3) көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімі негізінде электрондық құжат нысанындағы оның сұрау салуын Мемлекеттік корпорация қызметкері өзіне қызметтік мақсатта пайдалану үшін берілген электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырады;
4) «сұрау салу» түріндегі хабарлама көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйесі үшін қалыптастырылады және шығыс мәліметтерді беру үшін арналған;
5) көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйесі сұрау салуды қабылдайды және өңдейді, мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингі ақпараттық жүйесіне сұрау салуды өңдеу нәтижесімен «жауап» хабарламасын береді.
8. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингін іске асыру мақсатында көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға жүгінген жағдайында сұрау салуды өңдеу мәртебесі мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі ақпараттық жүйесіне жіберіледі.
9. Хабарламаның жөнелту және алу фактісі ақпараттық жүйелерде тіркеледі. Электрондық байланыс болмаған кезде немесе хабарламаны жіберуде кедергі келтіретін басқа да себептер туындаған жағдайда жеткізілмеген хабарламалар кезекте жиналады. Апатты жағдай жойылған соң, жеткізілмеген хабарламаларды жіберу кезектен жаңартылады.
10. Ақпараттық өзара іс-қимыл үрдісінде барлық уақыт параметрлерін тіркеу жергілікті уақыт бойынша жүргізіледі.
11. Қабылдауға/беруге жататын мәліметтер мемлекеттік қызметтер көрсетілетін уәкілетті тұлғалардың электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталады. Өзара іс-қимыл кезінде деректердің қорғалуын ұйымдастыру үшін ҚР КО тіркеу куәліктері пайдаланылады.