Халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметінің қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 463 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 27 маусымда 8527 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 52 бұйрығымен

      «Тарифтердің және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу, оларды сатқан кезде алыпсатарлық мәмілелерді болдырмау жөнінде ұзақ мерзімді шаралар кешенін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 29 ақпандағы № 46-ө өкіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) Қазақстан Республикасының Үкіметіне жартыжылдықтың қорытындысы бойынша жылына екі рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күніне дейін Шаралар кешенінің іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.»;
      көрсетілген өкіммен бекітілген Тарифтердің және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу, оларды сатқан кезде алыпсатарлық мәмілелерді болдырмау жөнінде ұзақ мерзімді шаралар кешенінде:
      реттік нөмірлері 12, 12-2, 13, 17, 18, 19-жолдардың 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жартыжылдықтың қорытындысы бойынша, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейін»;
      реттік нөмірлері 15, 17-жолдардың 3-бағанындағы «ЭДСМ» деген аббревиатура «ЭБЖМ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      аббревиатуралардың толық жазылуы:
      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      «ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі».

      Премьер-Министр                            С. Ахметов