"Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлар тізбесін, мөлшерлемелер көлемін және олардың қолданылу мерзімін және Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Респуб

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 19 сәуірдегі № 167 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 2 мамырда № 15092 болып тіркелді

       "Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 14 қазандағы Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа, "Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне өзгерістер енгізу туралы" Еуразиялық экономикалық комиссияның 2016 жылғы 18 қазандағы № 101 Шешіміне сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің жаңа редакциясына сәйкес келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлар тізбесін, мөлшерлемелер көлемін және олардың қолданылу мерзімін және Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 17 ақпандағы № 81 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13217 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 25 ақпанда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлар тізбесі, мөлшерлемелер көлемі және олардың қолданылу мерзімі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сыртқы сауда қызметін дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға, сондай-ақ, "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика
Министрі
Т. Сүлейменов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ___________ Б. Сұлтанов

      2017 жылғы 21 сәуір

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2017 жылғы 19 сәуірдегі
№ 167 бұйрығына
  қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының
2016 жылғы 17 ақпандағы
№ 81 бұйрығына
  1-қосымша

Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлар тізбесі, мөлшерлемелер көлемі және олардың қолданылу мерзімі 1. Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлардың жекелеген түрлері, мөлшерлемелер көлемі және олардың қолданылу мерзімі

ЕАЭО СЭҚ ТН коды

Тауардың атауы1

Тауарларға қатысты кедендік бажы мөлшерлемелері

Кедендік бажын қолдану мерзімі

Қазақстан Республикасының шегінен тыс әкетілетін2

ЕСАШ-ға қатысушы елдерге әкетілетін3

1

2

3

4

5

4101

Ірі қара малдың (қодастарды қоса алғанда) немесе жылқы тұқымдас (жас немесе тұздалған, кептірілген, күлденген, пикелденген немесе өзге әдіспен консервіленген, иленбеген, бірақ пергаментке келтіріліп өңделмеген немесе одан әрі өңдеуге түспеген) жануарлардың түгі бар немесе түксіз, бөлінген немесе бөлінбеген, өңделмеген терілері

1 тоннасына 500 евро

20 %, бірақ 1 тоннасына 200 евродан кем емес

2017 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін

1 тоннасына 450 евро

20 %, бірақ 1 тоннасына 200 евродан кем емес

2017 жылғы 30 қарашадан бастап 2018 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін

1 тоннасына 400 евро

20 %, бірақ 1 тоннасына 200 евродан кем емес

2018 жылғы 30 қарашадан бастап 2019 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін

1 тоннасына 300 евро

20 %, бірақ 1 тоннасына 200 евродан кем емес

2019 жылғы 30 қарашадан бастап 2020 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін

1 тоннасына 200 евро

2020 жылғы 30 қарашадан бастап

4102

Осы топқа 1в ескертпемен алып тасталғандардан басқа, қойлардың немесе қозылардың (жас немесе тұздалған, кептірілген, күлденген, пикелденген немесе өзге әдіспен консервіленген, иленбеген, бірақ пергаментке келтіріліп өңделген немесе одан әрі өңдеуге түспеген) жүні бар немесе жүнсіз, бөлінген немесе бөлінбеген, өңделмеген терілері

1 тоннасына 500 евро

20 %, бірақ 1 тоннасына 200 евродан кем емес

2017 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін

1 тоннасына 450 евро

20 %, бірақ 1 тоннасына 200 евродан кем емес

2017 жылғы 30 қарашадан бастап 2018 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін

1 тоннасына 400 евро

20 %, бірақ 1 тоннасына 200 евродан кем емес

2018 жылғы 30 қарашадан бастап 2019 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін

1 тоннасына 300 евро

20 %, бірақ 1 тоннасына 200 евродан кем емес

2019 жылғы 30 қарашадан бастап 2020 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін

1 тоннасына 200 евро

2020 жылғы 30 қарашадан бастап

4103

Осы топтағы 1б немесе 1в ескертпемен алып тасталғандардан басқа, түкті немесе түксіз, бөлінген немесе бөлінбеген өңделмеген (жас немесе тұздалған, кептірілген, күлденген, пикелденген немесе басқа әдіспен консервіленген, иленбеген, бірақ пергаментке келтіріліп өңделген немесе одан әрі өңдеуге ұшырамаған), өзге де терілер

1 тоннасына 500 евро

20 %, бірақ 1 тоннасына 200 евродан кем емес

2017 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін

1 тоннасына 450 евро

20 %, бірақ 1 тоннасына 200 евродан кем емес

2017 жылғы 30 қарашадан бастап 2018 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін

1 тоннасына 400 евро

20 %, бірақ 1 тоннасына 200 евродан кем емес

2018 жылғы 30 қарашадан бастап 2019 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін

1 тоннасына 300 евро

20 %, бірақ 1 тоннасына 200 евродан кем емес

2019 жылғы 30 қарашадан бастап 2020 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін

1 тоннасына 200 евро

2020 жылғы 30 қарашадан бастап


5101

Кард немесе тарақпен тарауға ұшырамаған жүн

10 %, бірақ 1 тоннасына 50 евродан кем емес

тұрақты

5102

Кардтық немесе тарақпен тарауға ұшырамаған, биязы немесе қылшықты, жануарлар қылы

10 %, бірақ 1 тоннасына 50 евродан кем емес

тұрақты

5103

Иіру қалдықтарын қоса алғанда, бірақ түтілген шикізатты қоспағанда, жануарлар жүнінің немесе биязы немесе қылшықты қылының қалдықтары

10 %, бірақ 1 тоннасына 50 евродан кем емес

тұрақты

5104 00 000 0

Жүннен немесе жануарлардың биязы немесе қылшықты қылынан жасалған түтілген шикізат

10 %, бірақ 1 тоннасына 50 евродан кем емес

тұрақты

7204

Қара металдардың қалдықтары мен сынықтары; қайта балқытуға арналған қара металдардың құйма металдары (шихталық құймалар)

15 %, бірақ 1 тоннасына 15 евродан кем емес

2017 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін

10 %, бірақ 1 тоннасына 10 евродан кем емес

2017 жылғы 30 қарашадан бастап 2018 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін

5 %, бірақ 1 тоннасына 5 евродан кем емес

2018 жылғы 30 қарашадан бастап

7302
7302 10 220 0 қоспағанда

Темір жол немесе трамвай жолдары үшін пайдаланылатын, қара металдардан жасалған бұйымдар: рельстерді біріктіруге немесе бекітуге арналған рельстер, жанама рельстер және тісті рельстер, ауыстырылатын рельстер, қатаң қиылысу айқастырмалар, ауыстырылатын штангалар және өзге де көлденең қосылғыштар, шпалдар, түйіспе жапсырмалар және төсемдер, сыналар, тірек тақталар, ілмекті рельс бұрандамалары, төсемдер мен кергіштер, тұғырлар, жақтаулар және өзге де бөлшектер

18,33 %, бірақ 1 тоннасына 18,33 евродан кем емес

2017 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін

16,66 %, бірақ 1 тоннасына 16,66 евродан кем емес

2017 жылғы 30 қарашадан бастап 2018 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін

15 %, бірақ 1 тоннасына 15 евродан кем емес

2018 жылғы 30 қарашадан бастап

7404 00

Мыс қалдықтары мен сынықтары

30 %, бірақ 1 тоннасына 330 евродан кем емес

2018 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін

30 %, бірақ 1 тоннасына 252 евродан кем емес

2018 жылғы 30 қарашадан бастап 2019 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін

20 %, бірақ 1 тоннасына 168 евродан кем емес

2019 жылғы 30 қарашадан бастап 2020 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін

10 %, бірақ 1 тоннасына 84 евродан кем емес

2020 жылғы 30 қарашадан бастап

7601 20 200 1
7601 20 800 1

Авиациялық қозғалтқыштарды жасау үшін бастапқы алюминий қорытпалары

14 %, бірақ 1 тоннасына 95 евродан кем емес

2017 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін

13 %, бірақ 1 тоннасына 90 евродан кем емес

2017 жылғы 30 қарашадан бастап 2018 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін

12 %, бірақ 1 тоннасына 85 евродан кем емес

2018 жылғы 30 қарашадан бастап 2019 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін

11 %, бірақ 1 тоннасына 80 евродан кем емес

2019 жылғы 30 қарашадан бастап 2020 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін

10 %, бірақ 1 тоннасына 76 евродан кем емес

2020 жылғы 30 қарашадан бастап

7601 20 200 94
7601 20 800 95

Бастапқы алюминий қорытпалары, өзгелері

14 %, бірақ 1 тоннасына 95 евродан кем емес

2017 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін

13 %, бірақ 1 тоннасына 90 евродан кем емес

2017 жылғы 30 қарашадан бастап 2018 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін

12 %, бірақ 1 тоннасына 85 евродан кем емес

2018 жылғы 30 қарашадан бастап 2019 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін

11 %, бірақ 1 тоннасына 80 евродан кем емес

2019 жылғы 30 қарашадан бастап 2020 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін

10 %, бірақ 1 тоннасына 76 евродан кем емес

2020 жылғы 30 қарашадан бастап

7601 20 800 2

Құйма немесе сұйық түріндегі қосымша алюминий қорытпалары

3 %, бірақ 1 тоннасына 22 евродан кем емес

тұрақты

7602 00

Алюминий қалдықтары мен сынықтары

15 %, бірақ 1 тоннасына 100 евродан кем емес

2020 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін

10 %, бірақ 1 тоннасына 76 евродан кем емес

2020 жылғы 30 қарашадан бастап

8607 11, 8607 12,
8607 21 100 0
– 8607 99 800 0,
8607 19 900 0

Теміржол локомотивтерінің немесе трамвайдың моторлы вагондарының немесе жылжымалы құрамның бөліктері: жиналған немесе бөлшектелген түрдегі біліктерден басқа; дөңгелек және оның бөлшектері

16,67 %, бірақ 1 тоннасына 13,33 евродан кем емес

2017 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін

13,34 %, бірақ 1 тоннасына 11,66 евродан кем емес

2017 жылғы 30 қарашадан бастап 2018 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін

10 %, бірақ 1 тоннасына 10 евродан кем емес

2018 жылғы 30 қарашадан бастап

8607 19 100 1

Жиналған немесе бөлшектелген түрдегі біліктер; дөңгелектер және бұрын пайдаланылған оның бөлшектері

5 %

тұрақты

      Ескертпе:

      1 Әкету кедендiк бажы мөлшерлемелерін қолдану мақсаты үшiн тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасы кодтарымен ғана айқындалады. Тауарлардың атаулары пайдалануға ыңғайлы болу үшiн келтiрiлген. <4> сілтемеде көзделген жағдай ерекшелік болып табылады.

      2 Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін елдерді және Қазақстан Республикасының әкету кедендік бажын төлеуден босатуды көздейтін еркін сауда аймағы туралы екіжақты және көпжақты келісім жасаған елдерді қоспағанда.

      3 2011 жылғы 18 қазанда Санкт-Петербург қаласында жасалған Еркін сауда аймағы туралы шарт пен 2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шартты оның Тараптары мен Өзбекстан Республикасы арасында қолдану туралы Хаттама күшіне енген елдер.

      4 Кедендік әкету бажын төлеуден босатылған қосымша алюминий қорытпаларын қоспағанда.

      5 Кедендік әкету баждарын төлеуден босатылған қосымша алюминий қорытпаларын, сонымен қатар алюминий-бериллий лигатурасын қоспағанда.


2. Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға қолданылатын әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемі және олардың қолданылу мерзімі

ЕАЭО СЭҚ ТН коды

Тауардың атауы1

Тауарларға қатысты кедендік бажы мөлшерлемелері

Кедендік бажын қолдану мерзімі

Қазақстан Республика сының шегінен тыс әкетілетін2

ЕСАШ-ға қатысушы елдерге әкетілетін3

1

2

3

4

5

2709 00 900 9

Шикі мұнай

1 тоннасына 40 доллар

1 тоннасына 40 доллар

2016 жылғы 1 наурызға дейін

Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларына сәйкес

2016 жылғы 1 наурыздан бастап тұрақты

2710 12
2710 12 110 1,
2710 12 150 1,
2710 12 900 2 қоспағанда

Жеңіл дистилляттар мен өнімдер

1 тоннасына 168,88 доллар

1 тоннасына 168,88 доллар

тұрақты

2710 19 110 0,
2710 19 150 0,
2710 19 210 0,
2710 19 250 0,
2710 20 290 0

Орташа дистилляттар

1 тоннасына 168,88 доллар

1 тоннасына 168,88 доллар

тұрақты

2710 19 42,
2710 19 460 0

Ауыр дистилляттар: газойлдар

1 тоннасына 168,88 доллар

1 тоннасына 168,88 доллар

1 тоннасына 200 евро 15 ақпаннан – 15 қазанға дейін

2710 20 110 0,
2710 20 150 0,
2710 20 900 0

Ауыр дистилляттар: газойлдар: өзге де мақсаттар үшiн

1 тоннасына 60 доллар

1 тоннасына 60 доллар

1 тоннасына 200 евро 15 ақпаннан – 15 қазанға дейін

2710 19 310 0,
2710 19 350 0,
2710 19 480 0,
2710 20 190 0

Ауыр дистилляттар: газойлдар

1 тоннасына 60 доллар

1 тоннасына 60 доллар

тұрақты

2710 19 510 1,
2710 19 510 94
-2710 19 550 9

Ауыр дистилляттар: сұйық отындар

1 тоннасына 60 доллар

1 тоннасына 60 доллар

тұрақты

2710 19 620 1,
2710 19 640 1,
2710 19 660 1,
2710 19 680 1,
2710 20 310 1,
2710 20 350 1,
2710 20 370 1,
2710 20 390 1

Мазуттар

1 тоннасына 30 доллар

1 тоннасына 30 доллар

1 тоннасына 15 евро 1 мамырдан – 1 қыркүйекке дейін

2710 19 620 9,
2710 19 640 9,
2710 19 660 9,
2710 19 680 9,
2710 20 310 9,
2710 20 350 9,
2710 20 370 9,
2710 20 390 9

Ауыр дистилляттар: сұйық отындар: өзге де мақсаттар үшiн

1 тоннасына 60 доллар

1 тоннасына 60 доллар

тұрақты

2710 19 710 0,
2710 19 750 0,
2710 19 820 0,
2710 19 840 0,
2710 19 860 0,
2710 19 880 0,
2710 19 920 0,
2710 19 940 0,
2710 19 980 0

Жағар майлар: өзгелері

1 тоннасына 60 доллар

0

тұрақты

2710 91 000 0,
2710 99 000 0

Өңделген мұнай өнімдері

1 тоннасына 60 доллар

0

тұрақты

2712 90 990 0

Өзгелері

1 тоннасына 60 доллар

0

тұрақты

2713 20 000 0

Мұнай битумы

1 тоннасына 15 евро

1 тоннасына 15 евро

тұрақты

2713 90 100 0,
2713 90 900 0

Битуминозды жыныстылардан алынған мұнай немесе мұнай өнімдерін қайта өңдеуден қалған өзге де қалдықтар

1 тоннасына 60 доллар

1 тоннасына 60 доллар

1 тоннасына 15 евро 15 қазаннан – 15 сәуірге дейін

2715 00 000 0

Битум қоспалары

15 %

0

тұрақты

      Ескертпе:

      1 Әкету кедендiк бажы мөлшерлемелерін қолдану мақсаты үшiн тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасы кодтарымен ғана айқындалады. Тауарлардың атаулары пайдалануға ыңғайлы болу үшiн келтiрiлген. <4> сілтемеде көзделген жағдай ерекшелік болып табылады.

      2 Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін елдерді және Қазақстан Республикасының әкету кедендік бажын төлеуден босату көзделген еркін сауда аймағы туралы екіжақты және көпжақты келісім жасаған елдерді қоспағанда.

      3 2011 жылғы 18 қазанда Санкт-Петербург қаласында жасалған Еркін сауда аймағы туралы шарт пен 2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шартты оның Тараптары мен Өзбекстан Республикасы арасында қолдану туралы Хаттама күшіне енген елдер.

      4 Кедендік әкету бажын төлеуден босатылған ауыр дистиллятталған сұйық отынды қоспағанда.