"Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 13-бабының 23-11) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Көлік министрінің 10.07.2024 № 239 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырыуын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралар туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы |
Ж. Қасымбек |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
________________ Б. Сұлтанов
2015 жылғы 29 мамыр
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
________________ Е. Досаев
2015 жылғы 10 маусым
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 353 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда – ҚР Көлік министрінің 10.07.2024 № 239 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 13-бабының 23-11) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану тәртібін айқындайды.
2. Қағидалар меншік құқығында немесе өзге де заңды негiздерде мынадай автокөлiк құралдарына иелік ететін отандық және шетел тасымалдаушыларына қолданылады:
1) автобустар, шағын автобустар;
2) жүк автомобильдерi (тiркеменi қоса алғанда, рұқсат етiлетін жалпы салмағы 6 тоннадан астам немесе тiркеменi қоса алғанда, рұқсат етiлетін пайдалы жүктемесі 3,5 тоннадан астам);
3) мамандандырылған автомобильдер (белгiлi бiр жүк түрiн тасымалдауға арналған);
4) арнайы автомобильдер (әртүрлi, көбінесе көлiктiк емес жұмыстарды орындауға арналған).
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) шетелдік рұқсатты қолдана отырып автокөлiк құралдарына рұқсат беру карточкасы (бұдан әрі – рұқсат беру карточкасы) – автокөлiк құралын жүктердiң халықаралық автомобиль тасымалдарында пайдалануға рұқсат беретiн құжат;
2) жолсапар – автокөлiк құралдарының жөнелту пунктiнен межелi пунктiне жүруi және жөнелту пунктiне керi оралуы;
3) жүктердiң халықаралық автомобильмен тасымалдарын жүзеге асыруға шетелдік рұқсатты қолдана отырып рұқсат беру куәлiгi (бұдан әрі – рұқсат беру куәлiгi) – Қазақстан Республикасының автомобиль тасымалдаушыларына жүктердiң халықаралық автомобильмен тасымалдарын жүзеге асыруға құқық беретiн құжат;
4) көрсетілетін қызметті алушы – Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарын, шет елдердегі мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар;
5) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары;
6) отандық рұқсат – Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттің тасымалдаушылар Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өтуіне рұқсат (келуге, кетуге және транзитпен жүріп өтуіне әмбебап рұқсат, сондай-ақ үшінші елдердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына немесе Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдердің аумағына тасымалдаулар);
7) отандық тасымалдаушы – Қазақстан Республикасы ратификациялаған, Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттер арасындағы халықаралық автомобильді қатынастар туралы халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттің аумағындағы халықаралық автомобильді тасымалдауды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
8) рейс – автокөлiк құралдарының жөнелту пунктiнен межелi пунктiне дейiн жүрiп өтуi;
9) рұқсат беру құжаты – Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүру құқығын растайтын құжат (отандық немесе шетелдiк рұқсат, арнайы рұқсат);
10) рұқсат бланкiлерiмен алмасу квотасы (бұдан әрi – алмасу квотасы) – шет мемлекеттермен алмасу үшiн келiсiлген шетелдiк рұқсаттардың саны;
11) транзиттiк жүрiп өту (транзит) – жөнелту және межелi пункттерi осы мемлекеттiң аумағынан тыс орналасқан мемлекеттiң аумағы арқылы жүкпен немесе жүксiз автокөлiк құралдарының жүрiп өтуi;
12) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті;
13) уәкілетті органның ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – АЖ) – "Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекет аумағы арқылы жүріп өтуге рұқсат беру" және "Халықаралық қатынаста жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағына (аумағынан) кіруге (кетуге) рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін автоматты өңдеуді және қалыптастыруды қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе;
14) үшінші елдердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына немесе Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдердің аумағына тасымалдаулар – автокөлiк құралының тiркелу мемлекетi болып табылмайтын екi мемлекет арасында жолаушыларды, багажды немесе жүктердi тасымалдау;
15) шетелдiк рұқсат – Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағымен жүріп өтуіне рұқсат қағаз және электронды түрде болып бөлінеді (келуге, кетуге және транзитпен жүріп өтуіне әмбебап рұқсат, сондай-ақ екінші елдің аумағынан үшінші елдің аумағына тасымалдар);
16) шетелдік тасымалдаушы – Қазақстан Республикасы ратификациялаған, Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттер арасындағы халықаралық автомобильді қатынастар туралы халықаралық келісімшарттарға сәйкес шет мемлекеттің аумағындағы халықаралық автомобильді тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдік жеке және заңды тұлғалар.
17) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – Портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;
18) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 31.07.2025 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлiк құралдарының жүрiп өтуiне рұқсат беру жүйесi Заңда, Қазақстан Республикасы ратификациялаған Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттер арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы халықаралық шарттарда (бұдан әрi - Келiсiм) және осы Қағидаларда айқындалады.
5. Жолаушыларды, багажды және жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлiк құралдарының шет мемлекеттiң аумағына (аумағынан) кiруi (шығуы), шет мемлекеттiң аумағы арқылы транзитi мынадай түрлердегi шетелдiк рұқсаттардың негiзiнде жүзеге асырылады:
1) жүктерді тасымалдауға арналған шетелдiк рұқсаттар;
2) жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауға арналған шетелдiк рұқсаттар;
3) күнтiзбелiк бiр жылға қолдану мерзiмiмен жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдiк рұқсаттар.
6. 2023 жылғы 17 мамырдағы жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қытай Халық Республикасының Үкiметi арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы келiсiмге сәйкес отандық тасымалдаушылар автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезiнде мыналар:
1) жолаушылар (туристерді қоса алғанда) мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды орындаған кезде, отандық тасымалдаушыға тасымалды жөнелту пунктiнен межелi пунктке дейiн күнтiзбелiк бiр жыл қолдану мерзiмiмен "А" түрiнiң рұқсаты;
2) баратын және керi қайтатын бiр рейстi орындауға құқығы бар өткізу пункттері ауданында шекара маңындағы терминалдар арасында жолаушылар (туристерді қоса алғанда) мен багаждың тұрақты емес автомобиль тасымалын орындау кезiнде "В" түрiнiң рұқсаты;
3) екі жақты және транзиттік қатынастарда жүктерді тасымалдау үшін "С" түрiнiң рұқсаты;
4) үшінші елдерге/елдерден жүктерді тасымалдау үшін "D" түрiнiң рұқсаты.
"А", "В", "С", "D" түрiндегi рұқсаттар ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейiн қолданылады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 31.07.2025 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдарында рұқсат беру жүйесін қолдану тәртібі
1-параграф. Шетелдік рұқсаттарды алмасу және үлестіру квотасын айқындау
7. Алмасу квотасы осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) интернет-ресурсында орналастырылады.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 31.07.2025 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Шетелдік рұқсат бланкілерімен алмасу квотасын белгілеу мәселесі бойынша тиісті мемлекеттердің құзыретті органдарымен келісім бойынша жұмыстарды жүргізу үшін уәкілетті орган ағымдағы жылғы 10 қазанға дейінгі мерзімде көрсетілетін қызметті алушы шетелдік рұқсаттарға деген қажеттілігінің саны туралы шетелдік рұқсатты беру және пайдалану статистикасы негізінде жалпы жиынтық деректерді қалыптастырады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 31.07.2025 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Уәкілетті орган шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен рұқсат құжаттармен алмасу квотасын және олардың қолданылу мерзімін келіседі.
10. Уәкілетті орган шет мемлекеттердiң құзыреттi органдарына отандық рұқсат бланкiлерiн беруді отандық тасымалдаушылар үшiн шетелдiк рұқсаттарды шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен келісілген мөлшерде алуды жүзеге асырады.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 31.07.2025 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Шетелдiк рұқсаттар өткен жылы пайдалануын ескере отырып, көрсетілетін қызметті беруші тарапынан автоматты режимде АЖ арқылы бөлінеді.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 31.07.2025 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Көрсетілетін қызметті беруші шет мемлекеттердiң құзыреттi органдарымен келiсiлген белгiленген маршруттар мен осы маршруттар бойынша жүру кестесiн ескере отырып, күнтiзбелiк бiр жыл қолдану мерзiмiмен жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдiк рұқсаттарды береді.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 31.07.2025 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. Министрліктің интернет-ресурсына күнделікті отандық тасымалдаушыларға берілген және қайтарылған шетелдік рұқсаттардың санын көрсете отырып, рұқсаттар туралы деректер орналастырылады.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 31.07.2025 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.14. Көрсетілетін қызметті алушылар шетелдiк рұқсаттардың белгіленген алмасу квотасынан тыс қажеттілігі туындаған жағдайда уәкілетті орган шет мемлекеттiң құзыретті органдарымен ағымдағы жылға тиiстi шетелдiк рұқсаттарды алмасу квотасын келiседi.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 31.07.2025 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-параграф. Отандық тасымалдаушыларға шетелдік рұқсаттарды беру
15. Шетелдік рұқсаттарды ресімдеуді көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) береді.
16. Көрсетілетін қызметті алушы "Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағы бойынша жол жүруге рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу үшін Портал арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауға, жүктерді тасымалдауға шетелдік рұқсат алуға сұрау салуды (бұдан әрі-сұрау салу) толтырады.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын, көрсетілетін қызметті берушінің атауын, мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдерін, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін, мемлекеттік қызмет көрсету нысанын, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдерін, көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигін, мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесін, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағы бойынша жол жүруге рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде баяндалған.
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу толтырылады.
Көрсетілген қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік корпорацияда оның нәтижесінің мекенжайын көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсету туралы не оны қабылдаудан бас тарту туралы мәртебе көрсетіледі.
Отандық тасымалдаушы сұрау салуда ұсынылатын мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етеді.
Шетелдік рұқсат алуға сұрау салу әрбір автокөлік құралына жеке беріледі.
Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Көлік министрінің м.а. 31.07.2025 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.17. Сұрау салуды қарауды АЖ жүзеге асырады:
1) шетелдік рұқсаттардың сұратылатын түрлері болған кезде;
2) жолаушыларды облысаралық, ауданаралық (облысішілік, қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензияның бар болған кезде;
3) сұратылған шетелдік рұқсаттар түрлерінің жиынтығы болған кезде (бір автокөлік құралына шетелдік рұқсаттардың бірнеше түріне өтініш берген жағдайда);
4) қолданыстағы рұқсат куәлігі болған кезінде;
5) ұсынылған автокөлік құралына қолданыстағы рұқсат беру карточкасы болған кезінде;
6) соңғы он екі айда сұрау салуда көрсетілген автокөлік құралдарына алынған қайтарылмаған шетелдік рұқсаттар бойынша мәліметтер болмаған кезде;
7) соңғы алты айда сұрау салуда көрсетілген автокөлік құралының осы Қағидалардың 28 және (немесе) 29-тармақтарында белгіленген талаптарды сақтауын қамтамасыз ету кезінде;
8) көрсетілетін қызметті алушы соңғы үш айда осы Қағидалардың 28-тармағының бірінші бөлігін және (немесе) 29-тармақтың талаптарын үш және одан да көп бұзуға жол бермеген кезде;
9) көрсетілетін қызметті алушы соңғы алты айда бұрын алған шетелдік рұқсаттарды қайтарылмаған және (немесе) пайдаланылмаған фактілері болмаған кезде;
10) көрсетілетін қызметті алушының соңғы жиырма төрт айда осы Қағидалардың 27-тармағы бірінші абзацының талаптарын сақтамау фактілері болмаған кезде.
Осы тармақтың 3)-5) тармақшаларының талаптары жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауға шетелдік рұқсат алуға қолданылмайды.
Электрондық түрдегі шетелдік рұқсаттар куәлік және рұқсат карточкасы түріне қарамастан беріледі.
АЖ-да автокөлік құралдарын есепке алу олардың сәйкестендіру нөмірі (VIN) бойынша жүргізіледі.
Сұрау салу кезінде жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жылжымалы мүлікке құқық белгілейтін құжаттар, рұқсат беру туралы куәлік, рұқсат беру карточкалары, жолаушыларды облысаралық, қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, қызметімен айналысу құқығына лицензия туралы мәліметтерді, халықаралық қатынастағы шағын автобустармен (жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыру кезінде), жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауды, халықаралық қатынаста жүк тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжат "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерде бар құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 31.07.2025 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.18. Көрсетілетін қызметті алушыға бұрын шетелдік рұқсаттар алынған автокөлік құралын ауыстыруға мемлекеттік қызмет көрсету туралы хабарлама алған күннен бастап күнтізбелік 50 (елу) күн ішінде осы Қағидалардың 34-тармағының 4) тармақшасының екінші абзацының талаптарын ескере отырып жол беріледі. Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бұрын берілген шетелдік рұқсатқа автокөлік құралын ауыстыруға сұрау салуды толтыруы қажет.
Автокөлік құралын ауыстыру осы автокөлік құралына рұқсат карточкасын алған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыдан жалға алу құқығындағы автокөлік құралына ауыстыруға сұрау салу берілген күнге дейін кемінде күнтізбелік 50 (елу) күн бұрын немесе көрсетілетін қызметті алушының теңгеріміндегі автокөлік құралына жүргізіледі.
Осы тармақтың бірінші абзацында көзделген мерзім, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс орналасқан автокөлік құралына қолданылмайды.
Қазақстан Республикасының аумағындағы автокөлік құралын ауыстыру кезінде осы Қағидалардың 28-тармағында көзделген мерзім өзгермейді.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 31.07.2025 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.19. Осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша маршрут өзгерген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы жүктерді тасымалдауға қосымша төрт шетелдік рұқсатқа дейін алуына жол беріледі.
Қосымша сұрау салу бойынша шетелдік рұқсаттарды алған кезде пайдаланылмаған шетелдік рұқсаттар көрсетілетін қызметті берушіге қайтарылады және көрсетілетін қызметті алушы пайдаланған ретінде АЖ-да есепке алынады.
Бұл ретте қосымша сұрау салу бойынша күнтізбелік жылы пайдаланылмаған шетелдік рұқсаттардың келесідей сандары қайтаруға жол беріледі:
көрсетілетін қызметті алушыда теңгеріміндегі механикалық жетегі бар он автокөлік құралы болған кезде үш шетелдік рұқсатқа дейін;
көрсетілетін қызметті алушыда теңгеріміндегі механикалық жетегі бар он бірден жиырмаға дейінгі автокөлік құралдары болған кезде алты шетелдік рұқсатқа дейін;
көрсетілетін қызметті алушыда теңгеріміндегі механикалық жетегі бар жиырма бірден отызға дейінгі автокөлік құралдары болған кезде тоғыз шетелдік рұқсатқа дейін;
көрсетілетін қызметті алушыда теңгеріміндегі механикалық жетегі бар отыз бірден астам автокөлік болған кезде он екі шетелдік рұқсатқа дейін.
Осы тармақтың талаптарын бұзбай қайтаруға рұқсат етілген пайдаланылмаған шетелдік рұқсаттарды есептеу, көрсетілетін қызметті алушының автокөлік құралдарының санына және күнтізбелік жылдың 1 қаңтарындағы жай-күйі бойынша рұқсат беру карточкалары бар автокөлік құралдарының санына сүйене отырып жүзеге асырылады.
Осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілгеннен асатын пайдаланылмаған шетелдік рұқсаттар, АЖ-да қайтарылмағандар ретінде есепке алынады.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 31.07.2025 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.19-1. Осы Қағидалардың 28-тармағының талаптары сақталған кезде, шет мемлекеттердің шекарасы жабылған, автокөлік құралының шет мемлекеттің аумағы арқылы өту қозғалысы шектелген немесе қамауға алынған жағдайларда пайдаланылмай қайтарылған шетелдік рұқсаттар, АЖ-ға қайтарылған ретінде есепке алынады.
Уәкілетті орган көрсетілетін қызметті алушының жазбаша өтініші негізінде осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген жағдайларды растау үшін шет мемлекеттің уәкілетті органына немесе Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі дипломатиялық өкілдіктеріне сұрау салуды жібереді және растауды алғанға дейін АЖ-дағы шетелдік рұқсаттар қайтарылған ретінде есепке алынады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген фактілерді растау болмаған кезде АЖ-ға бұрын қайтарылған шетелдік рұқсаттарға "пайдаланылмаған" мәртебесі беріледі.
Ескерту. Қағидалар 19-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Көлік министрінің м.а. 31.07.2025 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.20. Осы Қағидалардың 17 және 19-тармақтарында көзделген мәліметтер сәйкес келген және болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға алым сомасын төлеу үшін шот қойылады.
Төлем ЭҮТШ арқылы шетелдік рұқсаттың бар екендігі туралы АЖ расталған кезден бастап, 3 (үш) сағат ішінде жүзеге асырылады.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 31.07.2025 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.21. Көрсетілетін қызметті беруші жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауға, жүкті тасымалдауға арналған шетелдік рұқсаттарды АЖ-ға мемлекеттік қызмет көрсету туралы хабарлама келіп түскен кезде бір жұмыс күні ішінде ресімдейді және Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
Сағат 16:00-ден кейін АЖ-ға мемлекеттік қызмет көрсету туралы хабарлама келіп түскен кезде жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауға, жүкті тасымалдауға шетелдік рұқсаттар ресімделеді және осындай хабарлама келіп түскен күннен кейінгі жұмыс күні ішінде мемлекеттік корпорацияға жіберіледі.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 31.07.2025 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.22. Жүктерді тасымалдау үшін бір сұрау салуға жол жүру бағыты бойынша әртүрлі түрлері 9 (тоғыз) шетелдік рұқсаттан және электрондық шетелдік рұқсаттарды қоспағанда, бір түрдегі 2 (екі) шетелдік рұқсаттан артық емес рұқсат беріледі.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 31.07.2025 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.23. Шетелдік рұқсаттар автокөлік құралдарына беріледі, жүкті түсіру үшін механикалық еңкейтілетін тіркемелерді, жартылай тіркемелерді және өздігінен тиелетін автомобильдерді есепке алмағанда.
24. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы хабарламаға автоматты түрде қол қойылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының, оның орынбасарының немесе оларды алмастыратын тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жіберіледі.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 31.07.2025 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.25. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтерді ұсыну сатысындағы деректердің мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізілуін қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне түседі.
Уәкiлеттi орган мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркегеннен кейін 3 (үш) жұмыс күн ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушіге, "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына, Мемлекеттік корпорация және Бірыңғай байланыс-орталығына жібереді.
26. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
27. Отандық тасымалдаушының шетелдік рұқсат бланкілерін басқа отандық тасымалдаушыға беруіне, сол сияқты отандық тасымалдаушының басқа отандық тасымалдаушының шетелдік рұқсат бланкілерін пайдалануына жол берілмейді.
Көрсетілетін қызметті алушы рұқсат беру карточкасында көрсетілмеген автокөлік құралдарына шетелдік рұқсаттарды, айдап өткізілетін автокөлік құралдарынан (тіркемелер мен жартылай тіркемелерді қоспағанда) басқа, пайдалануына жол берілмейді.
Осы тармақтың талаптары бұзылған кезде АЖ-дағы мұндай шетелдік рұқсаттар қайтарылмаған ретінде есепке алынады.
Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 31.07.2025 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.28. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында орналасқан автомобиль өткізу пункттері арқылы Қазақстан Республикасының аумақтарынан шетелдік рұқсаттар ресімделген автокөлік құралының шығу мерзімі пайдаланушының жеке кабинетіне мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері туралы хабарлама жіберілген сәттен бастап күнтізбелік 50 (елу) күннен аспайды.
Егер осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім 6 (алты) айдан асса, автокөлік құралына ресімделген шетелдік рұқсаттар АЖ-да қайтарылмаған ретінде есепке алынады.
Көрсетілетін қызметті алушы пайдаланылмаған шетелдік рұқсаттарды мемлекеттік қызмет көрсету туралы хабарламаны көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жіберген сәттен бастап 6 (алты) ай ішінде қайтарған кезде, мұндай шетелдік рұқсаттар АЖ-да пайдаланылмаған ретінде есепке алынады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің талабы Қазақстан Республикасының аумағынан тыс орналасқан және оны пайдалану мерзімі өткен жылғы шетелдік рұқсаттары бар автокөлік құралдарына қатысты қолданылмайды.
Электрондық шетелдік рұқсаттарды пайдалану кезінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен сәйкес келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері арқылы автокөлік құралының Қазақстан Республикасы аумағынан шыққанын тіркеуді мемлекеттік кірістер органдары жүзеге асырады.
Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 31.07.2025 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.29. Көрсетілетін қызметті алушы жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауға және жүктерді тасымалдауға арналған, пайдаланылған шетелдік рұқсаттарды, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында орналасқан автокөлік құралының автомобиль өткізу пункттері арқылы Қазақстан Республикасының аумағына кірген кезден бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күннен кешіктірмей физикалық түрде ресімдеу орны бойынша көрсетілетін қызметті берушіге қайтаруы тиіс.
Осы Қағидалардың 28 және 29-тармақтарда көзделген талаптар электрондық түрде берілген шетелдік рұқсаттарға қолданылмайды.
Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында орналасқан автомобиль өткізу пункттері арқылы Қазақстан Республикасының аумағына кіру және шығу фактілерін тіркеу АЖ-да Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің "Бүркіт" бірыңғай ақпараттық жүйесінен сұрау салу жолымен жүзеге асырылады.
Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 31.07.2025 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.30. Электрондық рұқсаттарды қоспағанда, шетелдік рұқсаттарды көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге қайтарады.
Көрсетілетін қызметті беруші қайтарылған шетелдік рұқсаттарды қолданылу мерзімі аяқталған сәттен бастап бір жыл бойы сақтайды.
Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 31.07.2025 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.31. Көрсетілетін қызметті беруші АЖ қайтарылған шетелдік рұқсаттарды – олардың нөмірі бойынша тасымалдаушылар бөлінісінде келесі мәліметтерді көрсете отырып есебін жүргізеді:
көрсетілетін қызметті алушының атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі;
түрі, қолданылу мерзімі, шетелдік рұқсаттың қайтару күні және шетелдік рұқсаттың нөмірі;
шетелдік рұқсат пайдаланылған автокөлік құралының (тіркемелер мен жартылай тіркемелерді қоспағанда) мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы тасымалдауды жүзеге асыру кезінде көлік құралын кесіп өту (кіру/шығу) өткізу пунктінің атауы.
Мемлекеттік тіркеу нөмірімен тасымалдаушының белгісіне және атауына мәліметтерді түзету тазарту және сызып тастау белгілері бар шетелдік рұқсаттар қайтарылған жағдайда АЖ-ға түзетілген мәртебе қойылады.
Осы Қағидалардың 32-тармағында көрсетілген жағдайларда қайтарылмаған шетелдік рұқсаттар қайтарылған ретінде есепке алынады.
Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 31.07.2025 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.32. Көрсетілетін қызметті алушы жоғалтқан, автокөлік құралын тұтану кезінде жою не оны шет мемлекеттердің бақылаушы органдары алып қою салдарынан жоғалған шетелдік рұқсаттар АЖ-да осы Қағидалардың 28 және (немесе) 29-тармақтарын бұзбай қайтарылған ретінде есепке алынады.
Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген жағдайлардың туындағаны туралы олар туындаған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей мынадай құжаттарды қоса бере отырып, аумақтық органға жазбаша хабардар етеді:
1) құзыретті органдар шетелдік рұқсатты алып қойған кезде – алып қою актісі немесе хаттама;
2) автокөлік құралының өртенуі салдарынан шетелдік рұқсат жойылған кезде – Қазақстан Республикасының мемлекеттік өртке қарсы қызметінен не шет мемлекеттің құзыретті органынан автокөлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін тіркей отырып, оның фотосуретін қоса бере отырып, анықтама;
3) шетелдік рұқсат жоғалған кезде – жоғалған рұқсаттың жоғалғаны және жарамсыздығы туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландырулардың орналастырылғанын растайтын полиция органдарында тіркелген өтініштердің және құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып.
Күнтізбелік жыл ішінде қайтарылған шетелдік рұқсаттар осы Қағидалардың 28 және (немесе) 29-тармақтарын АЖ-да бұзбай қайтарылған болып ескеріледі:
онға дейін теңгеріміндегі механикалық жетекпен автокөлік құралы бар пайдаланушы үшін – үш шетелдік рұқсат;
он бірден жиырмаға дейін теңгеріміндегі механикалық жетекпен автокөлік құралы бар пайдаланушы үшін – алты шетелдік рұқсат;
жиырма бірден отызға дейін теңгеріміндегі механикалық жетекпен автокөлік құралы бар пайдаланушы үшін – тоғыз шетелдік рұқсат;
отыз бірден аса теңгеріміндегі механикалық жетекпен автокөлік құралы бар пайдаланушы үшін – он екі шетелдік рұқсат;
Қайтаруға рұқсат етілген шетелдік рұқсат құжаттарының есебі осы тармақтың талаптары бұзылмаған жағдайда, пайдаланушы автокөліктерінің саны мен шетелдік рұқсат беру қолдануға жарамды рұқсат беру карточкаларының негізінде, жылдық күнтүзбелік 1 қаңтарындағы жай-күйі бойынша жүзеге асырылады.
Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілгеннен асатын жоғалған шетелдік рұқсаттар, АЖ-да қайтарылмағандар ретінде есепке алынады.
Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 31.07.2025 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.33. Отандық тасымалдаушының шетелдік рұқсаттарды көрсетілетін қызметті бершіге қайтаруы осы Қағидалардың 31-тармағында көзделген мәліметтерді көрсете отырып, осы Қағидаларға 4-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ілеспе хатпен көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде кіріс хат-хабарларды қабылдауды жүзеге асыратын адам ілеспе хаттың көшірмесіне қабылдау күні мен уақыты, сондай-ақ қайтарылатын шетелдік рұқсаттардың саны көрсетіле отырып, оны қабылдағаны туралы жазба қояды.
Аумақтық орган жалпы кіріс хат-хабарларды тіркеудің ақпараттық жүйесінде шетелдік рұқсаттарды қайтару туралы ілеспе хатты тіркеген сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде АЖ-ға қайтарылған шетелдік рұқсаттар туралы мәліметтерді енгізеді.
Қайтаруды жүзеге асыру кезінде сағат 16:00-ден кейін қайтарылған шетелдік рұқсаттар туралы мәліметтер АЖ-ға келесі жұмыс күні енгізіледі.
Осы Қағидалардың 31-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген мәліметтер сәйкес келмеген кезде қайтарылған шетелдік рұқсаттарда АЖ-да шетелдік рұқсаттарды алуға арналған сұрау салуда көрсетілген мәліметтермен, сондай-ақ түзетулер белгілерінің болуы кезінде мұндай рұқсаттар АЖ-да қайтарылмаған ретінде есепке алынады және бұл туралы көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны 5 (бес) жұмысшы ішінде жазбаша хабардар етеді олар қайтарылған күннен бастап күндер.
Бұл ретте осы тармақтың бесінші бөлігінде көрсетілген шетелдік рұқсаттар, сондай-ақ АЖ-да пайдаланылмаған шетелдік рұқсаттар қайтарылмаған ретінде есепке алынады.
Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 31.07.2025 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.34. Көрсетілетін қызметті беруші, шетелдік рұқсатты беру үшін шетелдік рұқсатты ресімдеген кезінде шетелдік рұқсаттың тиісті бағандарына жазылады (қойылады):
1) тасымалдаушының атауы және заңды мекенжайы (шарикті қаламсаппен, қара көк түсті, баспа әріптері бар өшірілмейтін сиямен жазылады);
2) шетелдік рұқсат берілген күні және берген аумақтық органның мөрі;
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысының, оның орынбасарының немесе оларды алмастыратын адамның қолы қойылады;
4) шетелдік рұқсат берілген автокөлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірі (шарикті қаламсаппен, қара көк түсті, баспа әріптері бар өшірілмейтін сиямен жазылады).
Осы тармақтың 4) тармақшасының күші белгілі бір түрдегі және елдегі шетелдік рұқсаттарға қолданылады, оларды пайдалану үшін өткен жылы АЖ деректері бойынша алынған олардың жалпы санының 70 және одан да көп пайызын құрады және көрсетілген қызметті алушыға қатысты ғана осындай шетелдік рұқсаттарды қайтару пайызы 60 %-дан аз құрайды.
Осы тармақтың 1) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпаратқа түзетулерге және (немесе) өзгерістерге, егер олар көрсетілетін қызметті беруші куәландырған жағдайда, мұндай түзетулерді және (немесе) өзгерістерді енгізу тиісті шет мемлекеттің көлік саласындағы құзыретті органымен жазбаша түрде және (немесе) халықаралық автомобиль қатынасы мәселелері бойынша келіссөздер барысында келісілген және келіссөздер хаттамасында көрсетілген жағдайда жол беріледі.
Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 31.07.2025 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.35. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары интернет-ресурстарда орналастырылған:
1) Министрліктің – www.transport.gov.kz "Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті" бөлімінің "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі;
2) "Электрондық үкіметтің" вэб-порталы.
3) Көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алуға мүмкіндігі бар.
4) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8 800 080 7777.
5) Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады.
3-параграф. Халықаралық қатынаста жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағына (аумағынан) кіруге (кетуге) рұқсат беру.
36. Шетелдік рұқсаттарды ресімдеуді көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді – Мемлекеттік корпорация.
37. Көрсетілетін қызметті алушы "Халықаралық қатынаста жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағына (аумағынан) кіруге (шығуға) рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу үшін осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, күнтiзбелiк бiр жылға қолдану мерзiмiмен жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдiк рұқсатқа отандық тасымалдаушыларға алуға сұрау салуды (бұдан әрі - шетелдік рұқсат алуға сұрау салу), алуға Портал арқылы толтырады.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын, көрсетілетін қызметті берушінің атауын,мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдерін, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін, мемлекеттік қызмет көрсету нысанын, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдерін, көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигін, мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесін, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес "Халықаралық қатынаста жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағына (аумағынан) кіруге (кетуге) рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде баяндалған.
Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжат нысанындағы шетелдік рұқсат алуға сұрау салу толтырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету туралы хабарламаға автоматты түрде қол қойылады және аумақтық орган басшысының не оны алмастыратын тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жіберіледі.
Шетелдік рұқсат алуға сұрау салу әрбір автокөлік құралына жеке беріледі.
38. Күнтiзбелiк бiр жылға қолдану мерзiмiмен жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдiк рұқсатты алуға сұрау салуды қарастыруды АЖ және порталда мәліметтер болған кезде жүзеге асырылады:
1) шетелдік тасымалдаушымен бірлескен қызмет туралы шарты;
2) сұрау салынатын түрдегі шетелдік рұқсаттар;
3) жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензиясы;
4) алым сомасы төленген.
Көрсетілетін қызметті беруші жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсаттарды қолданылу мерзімі күнтізбелік бір жылға ресімдейді және АЖ-ға мемлекеттік қызмет көрсету туралы хабарлама келіп түскен сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
Сұрау салу кезігде жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жылжымалы мүлікке құқық белгілейтін құжаттар, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензияны, жолаушылар мен багажды халықаралық қатынаста ЭҮТШ арқылы тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шығуы үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжат туралы мәліметті тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерде бар құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Ескерту. 38-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Көлік министрінің м.а. 31.07.2025 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.39. Осы Қағидалардың 38-тармағында көзделген мәліметтер сәйкес келген және болған кезде көрсетілетін қызметті алушыға алым сомасын төлеу үшін шот қойылады.
Төлем ЭҮТШ арқылы шетелдік рұқсаттың бар екендігі туралы АЖ расталған кезден бастап, 3 (үш) сағат ішінде жүзеге асырылады.
Ескерту. 39-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Көлік министрінің м.а. 31.07.2025 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.40. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы хабарлама автоматты түрде қол қойылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының, оның орынбасарының немесе оларды алмастыратын тұлғаның, ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жіберіледі.
Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 31.07.2025 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.41. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтерді ұсыну сатысындағы деректердің мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізілуін қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне түседі.
Уәкiлеттi орган мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркегеннен кейін 3 (үш) жұмыс күн ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушіге, "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына, Мемлекеттік корпорация және Бірыңғай байланыс-орталығына жібереді.
42. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 2-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
43. Отандық тасымалдаушының күнтiзбелiк бiр жылға қолдану мерзiмiмен жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсат бланкілерін басқа отандық тасымалдаушыға беруіне жол берілмейді.
Күнтiзбелiк бiр жыл қолдану мерзiмiмен жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдiк рұқсаттар аумақтық органға қайтаруға жатпайды.
44. Көрсетілетін қызметті беруші АЖ берілген шетелдік рұқсаттар олардың нөмірі бойынша тасымалдаушылар бөлінісінде есебін жүргізеді.
Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 31.07.2025 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.45. Көрсетілетін қызметті беруші шетелдік рұқсатты беру үшін шетелдік рұқсатты ресімдеген кезде тиісті бағандарына жазылады (қойылады):
1) тасымалдаушының атауы және заңды мекенжайы;
2) шетелдік рұқсат берген аумақтық органның берілген күні және мөрі;
3) аумақтық орган басшысының не оны алмастыратын адамның қолы;
4) шетелдік рұқсат берілген автокөлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірі.
Шетелдік рұқсаттарда түзетуге жол берілмейді.
46. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары интернет-ресурстарда орналастырылған:
1) Министрліктің – www.transport.gov.kz "Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті" бөлімінің "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі;
2) "Электрондық үкіметтің" вэб-порталы.
3) Көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алуға мүмкіндігі бар.
4) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8 800 080 7777.
5) Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады.
4-параграф. Шетелдiк тасымалдаушыларға отандық рұқсаттарды беру
47. Отандық рұқсаттарды шетелдік тасымалдаушыларға олардың мемлекеттерінің құзыретті органдары тиісті жылға айырбасталған рұқсаттардың ішінен береді.
Отандық рұқсаттардың қолданылу мерзімін, егер халықаралық шарттарда өзгеше ескертілмесе, осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес уәкілетті орган айқындайды.
Шетелдік рұқсаттарды қайтару тәртібі мен мерзімдері осы Қағидалардың 29-тармағына сәйкес айқындалған.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бірінің аумағында тіркелген, тасымалдаушы орындайтын халықаралық автомобиль жүк тасымалдары:
1) аумағында тасымалдаушы тіркелген Еуразиялық экономикалық одағына мүше мемлекет пен басқа мүше мемлекет арасында;
2) Еуразиялық экономикалық одағына басқа мүше мемлекеттердің аумағы арқылы транзитпен;
3) Еуразиялық экономикалық одағына басқа мүше мемлекеттер арасында рұқсатсыз негізде жүзеге асырылады.
Шетел мемлекетінің тасымалдаушылары Қазақстан Республикасында немесе Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен жүктерді тасымалдауды Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес шетел тасымалдаушысы тіркелген елдің құзыретті органдары берген рұқсаттар негізінде жүзеге асырады.
48. Отандық рұқсат, оның ішінде бірінші рейстің тасымалы жүзеге асырылған мемлекеттің аумағына Қазақстан Республикасының аумағынан кері бағытта жолшыбай жүк арту жағдайында бір жолсапар үшін жарамды болады.
Ескерту. 48-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 31.07.2025 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.49. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк рейстен керi бағытта бара жатқан шетелдiк жүк автокөлiк құралына Қазақстан Республикасының аумағында iлеспе жүк тиеуге Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүрiп өтуi үшiн қосымша рұқсаты болған кезде ғана рұқсат етiледi.
Егер автокөлік құралы тіркелген елге тасымалдау жоспарланған болса, Қазақстан Республикасының аумағынан шығуға арналған қосымша отандық рұқсаттың болуы қажет.
Егер тасымалдау үшінші елдердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына немесе Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдердің аумағына жоспарланған жағдайда тасымалдауларға, қосымша рұқсаттың болуы қажет.
50. Қазақстан Республикасының аумағынан автокөлік құралының тіркелу мемлекеті болып табылмайтын үшінші мемлекеттің аумағына кері бағытта бара жатқан шетелдік автокөлік құралына жолшыбай жүк артылған жағдайда, осы Қағидаларың 49-тармағында көзделген тасымалдауды қоспағанда, Қазақстан Республикасы аумағынан үшінші елдерге тасымалдауды орындауға арналған қосымша отандық рұқсат болуы қажет.
51. Үшінші елдерден Қазақстан Республикасының аумағына немесе Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдерге жүктің жөнелту немесе межелі пункті болып табылмайтын елдің аумағында жүкті қайта тиеп (тиеп/түсіріп), тасымалдау үшінші елдерге/елдерден рұқсат болған кезде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден тасымалдау кезінде жүктің жөнелту немесе межелі пункті болып табылмайтын елдің аумағында кедендік транзит аяқталмаған жүкті қазақстандық автокөлік құралына және бастапқы тасымалдаушының тіркеу елінде тіркелмеген автокөлік құралына аударып тиеуге жол берілмейді.
52. Шетелдік автокөлік құралының тіркелу елінің аумағындағы заңнамаға сәйкес құрылған және тіркелген, үшінші елдердің кәсіпорындары мен филиалдарында өндірілетін жүктердің тасымалын жүзеге асыру кезінде, үшінші елдерден/елдерге отандық рұқсаттар осы тасымалдардың мынадай ілеспе құжаттарымен расталған жағдайларда талап етілмейді:
халықаралық көліктік жүкқұжаты (CMR);
тауардың шығарылуы туралы сертификаты;
жүк жөнелтушінің немесе жүк алушының шетелдік тасымалдаушыға жүк тасымалына тапсырысы;
шот-фактура (инвойс);
ветеринариялық сертификат, фитосанитариялық сертификат, өнімдердің (тауарлардың) санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға (қажет болған жағдайда) сәйкестігі бөлігінде қауіпсіздікті растайтын құжат.
Бұл ретте, осы тасымал Қазақстан Республикасының аумағына кіруге отандық рұқсат негізінде жүзеге асырылады.
53. Автокөлік құралы тіркелген елдегі жүктерді қайта тиеу (тиеу/түсіру) арқылы Қазақстан Республикасының аумағына үшiншi елдерден жүктерді тасымалдауды басқа (әуе, теміржол, теңіз) көлік түрімен жүзеге асыру кезінде көрсетілген тасымалдар ілеспе құжаттармен (халықаралық көліктік жүкқұжат (CMR), шот-фактура (инвойс), коносамент, Халықаралық жолдық тасымалдау кітапшасы, фитосанитариялық сертификат және халықаралық автомобиль тасымалдарын іске асыру кезінде пайдаланылатын және автокөлік құралын тиеу орнын растайтын және осындай тасымалдауда оларға еріп жүретін басқа да құжаттар) расталған жағдайда, үшінші елдерге/елдерден отандық рұқсат қағаз талап етілмейді. Бұл ретте осы тасымалдау Қазақстан Республикасының аумағына кіруге арналған отандық рұқсаттардың негізінде жүзеге асырылады.
54. Қазақстан Республикасының аумағына жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру кезінде тартқышты немесе жүк автомобилін тасымалдаушының тіркеу мемлекетінде тіркелген басқа тартқышқа немесе жүк автомобиліне ауыстырып тіркеуге рұқсат етіледі.
55. Осы Қағидалардың 51-тармағының екінші бөлігінің және 54-тармағының талаптары:
1) Қазақстан Республикасының теңіз порттарына паромдармен келетін, одан әрі Қазақстан Республикасының аумағынан/аумағына бару үшін;
2) халықаралық автомобильдік жүк тасымалдары саласындағы үкіметаралық келісімдер жасалмаған елдерден/елдерге;
3) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекарасын өткізу пункттерінде шетелдік рұқсат бланкілерін беруді көздейтін Қазақстан Республикасы үкіметаралық келісімдер жасасқан елдерден/елдерге жүкті халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын отандық тасымалдаушыларға қолданылмайды.
56. 01.01.2025 дейін қолданыста болды - ҚР Көлік министрінің 10.07.2024 № 239 бұйрығымен.ЗҚАИ-ның ескертпесі!
56-1-тармақ 01.01.2026 дейін қолданыста болады – ҚР Көлік министрінің 11.02.2025 № 47 бұйрығымен.
56-1. Осы Қағидалардың 51-тармағының екінші бөлігінің және 54-тармағының талаптары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тіркелген тасымалдаушыларға, егер Қазақстан Республикасының аумағынан/аумағына жүктерді тасымалдауды отандық рұқсаттар болған кезде тасымалдаушыны қайта тиеу (тиеу/түсіру) және (немесе) ауыстыру немесе алдыңғы тасымалдаушының отандық рұқсатының көшірмесін бере отырып, үзбелі бөліктің түпнұсқасы бар бірнеше тасымалдаушы дәйекті орындаған жағдайда қолданылмайды.
Ескерту. 2-тарау 56-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Көлік министрінің 11.02.2025 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 31.07.2025 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.57. Шетелдік тасымалдаушыда тасымалдаушы тіркелген мемлекеттің құзыретті органы растаған рұқсат бланкісі болмаған жағдайда, автокөлік құралының одан әрі жүруіне жаңа отандық рұқсат берілгеннен кейін не әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы орындалғаннан кейін отандық көлік құралына жүкті қайта тиеп немесе қайта тіркей отырып жол беріледі.
Ескерту. 57-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 31.07.2025 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.58. Өз мемлекетінің тіркеу және айырым белгісінсіз Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жол жүретін шетелдік автокөлік құралының жүріп өтуі, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше келіспесе, Салық кодексінде белгіленген мөлшерлемелер бойынша Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарының жүріп өтуі үшін алым сомасы төленгеннен кейін уәкілетті орган Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде немесе мемлекеттік кіріс органдары Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде беретін транзиттік жол жүруге арналған рұқсаттың негізінде жүзеге асырылады.
Көрсетілген автокөлік құралдарымен үшінші елдерден Қазақстан Республикасының аумағына немесе Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдерге жүктерді немесе жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыруға жол берілмейді.
Ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының жүріп өтуіне арнайы рұқсатты қоспағанда, отандық тасымалдаушыларға Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға арналған автокөлік құралдарын, оның ішінде жүгі бар автокөлік құралдарын айдап өту кезінде рұқсат беру құжаттары талап етілмейді.
59. Мемлекеттерімен рұқсат беру құжаттарының бланкілерін тепе-тең айырбастау жүргізілмеген шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жол жүруі, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше ескерілмесе, Салық кодексінде белгіленген мөлшерлемелер бойынша Қазақстан Республикасының аумағымен автокөлік құралдарының жүріп өтуі үшін алым сомасы төленгеннен кейін уәкілетті орган Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде немесе мемлекеттік кіріс органдары Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде, соның ішінде халықаралық теңіз өткізу пункттерінде беретін транзиттік жол жүруге арналған рұқсат негізінде жүзеге асырылады.
60. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүріп өту құқығын растайтын отандық рұқсат беру құжаттарында Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде мемлекеттік кірістің аумақтық органдары немесе Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде аумақтық органдар:
1) Қазақстан Республикасының аумағынан автокөлік құралының күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын шығу мерзімін;
2) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүріп өту маршрутын көрсетеді.
Шетелдік автокөлік құралдарының транзиттік жүріп өтуі кезінде Қазақстан Республикасының аумағына келу және аумағынан кету мерзімдері баратын және кері де бағытта жүріп өту кезіндегі Қазақстан Республикасының аумағында нақты болу уақытымен айқындалады.
61. Шетелдік тасымалдаушылар Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүріп өту құқығын растайтын отандық рұқсаттарда жол жүрер алдында мыналарды толтырады:
1) тасымалдаушының атауы;
2) автокөлік құралының нөмірі;
3) жүкті тиеу елі;
4) жүкті түсіру елі;
5) тасымалданатын жүктің атауы;
6) тасымалданатын жүктің салмағы;
7) шекарадағы өткізу орны;
8) тиеу қаласы;
9) түсіру қаласы.
Отандық рұқсаттарда түзетулерге жол берілмейді.
Отандық рұқсат бланкісінде мәліметтерді түзетулер, өшірулер не өшірілетін сиямен жазу құралдарын қолдана отырып толтырылған болса, рұқсат жарамсыз болып есептеледі, сол сияқты оның болмауы.
Отандық рұқсат бланкісінің тармақтары толтырылмаған кезде, сондай-ақ егер рұқсатта көлік құралының Қазақстан Республикасының аумағына кіргені не оның Қазақстан Республикасының аумағынан кеткені туралы белгілер қойылмаса, рұқсат осы Қағидалардың талаптарына сәйкес ресімделмеген болып есептеледі.
Ескерту. 61-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 31.07.2025 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.62. Бос шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүрiп өтуi Қазақстан Республикасы ратификациялаған, Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттер арасындағы халықаралық автомобиль қатынастары туралы халықаралық шарттарда көзделген тәртiпте жүзеге асырылады.
63. Шетелдік тасымалдаушылар көліктік бақылау органдарына Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекарасында берілген көлік құралының бақыланатын параметрлерінің сәйкессіздігі, құжаттардың жоқ болуы немесе сәйкессіздігі туралы хабарламалар береді.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті көліктік бақылау органы берген хабарлама орандалмаған кезде халықаралық автомобиль тасымалын жүзеге асыруға және хабарламада көрсетілген маршруттан ауытқуға жол берілмейді.
64. Шетелдік тасымалдаушылар Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) кіру (шығу) кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттеріне жақын көліктік бақылау органдарына отандық рұқсат қағаздарын осы Қағидаларда көзделген талаптарға сәйкес ресімделуін тексеру, сондай-ақ отандық рұқсат бланкісінің үзбелі бөлігін алу үшін ұсынады.
Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға қажетті ілеспе құжаттар (халықаралық көлік жүкқұжаты (СМR), шот-фактура (инвойс), коносамент, Халықаралық жол тасымалдау кітапшасы және тағы басқа құжаттар) Қазақстан Республикасының заңнамасының және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына талаптарына сәйкес болуы және уәкілетті мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының талабы бойынша жүргізушілер ұсынылуы тиіс.
65. Егер Келiсiмдерде өзгеше көзделмеген болса, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүрiп өту құқығын растайтын рұқсат беру құжаттары Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан екi пункт арасында шетелдiк автокөлiк құралдарының жолаушыларды, багажды және жүктердi тасымалдауды жүзеге асыруына құқық бермейдi.
Халықаралық қатынастағы жолаушылар, багаж және жүк тасымалын жүзеге асыратын сондай-ақ шетелдік автокөлік құралдарының транзитін, үшінші елдердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына немесе Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдердің аумағына тасымалдауларды тіркеу, отандық рұқсат беру құжаттарын беруді тіркеу Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) кiрудi (шығуды) шетел автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитiн, отандық рұқсат беру құжаттарын берудi тiркеу журналында электронды түрде жүзеге асырылады.
Журналда мынадай мәлiметтер көрсетiледi:
1) шетел тасымалдаушысының атауы;
2) тасымалдаушының елi;
3) тасымалдаушының орналасқан (тұрғылықты) орны;
4) жөнелту елi;
5) межелі елi;
6) қатынау маршруты;
7) автокөлiк құралының типi, маркасы;
8) автокөлiк құралының және тiркемесiнiң нөмiрi;
9) рұқсат түрi;
10) рұқсатты қолдану мерзiмi;
11) рұқсаттың берiлген күнi және нөмiрi (сериясы);
12) рұқсатты алған күнi (рұқсат берiлген кезде);
13) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өткенi үшiн алымды төлегенiн растайтын құжаттың нөмiрi (бар болса) және күнi, алым сомасы (рұқсат берiлген кезде);
14) рұқсат құжатын алу туралы тасымалдаушының қолы (қағаз түрiнде рұқсат берiлген кезде).
66. Отандық рұқсаттар бланкiлерiнің нысандары баспаханалық тәсiлмен дайындалады, реттiк нөмiрi және кемiнде үш қорғану дәрежесi болады.
67. Жалпы қабылданған халықаралық нормалар мен стандарттарға сәйкес отандық рұқсат бланкiсiнде мынадай деректемелер болады:
1) тасымалдауды жүзеге асыру құқығын рұқсат беру құжаты растайтын тасымалдау түрi;
2) сериясы мен нөмiрi;
3) қолданылу мерзiмi;
4) тасымалдаушының деректемелерi;
5) берiлген орны және күнi;
6) құзыреттi органның қолы мен мөрi;
7) қозғалыс маршруты;
8) автокөлiк құралының маркасы мен мемлекеттiк нөмiрi;
9) жүктiң атауы;
10) автокөлiк құралының жүксiз жабдықталған салмағы;
11) жүру жолындағы бақылаушы органдардың бланкiнiң үзбелік бөлiгiнде орналасқан белгiлерi мен мөрiне арналған орындар;
12) бланкiнi пайдалану бойынша негiзгi нұсқаулар;
13) бланкінің негізгі және үзбелі бөліктеріндегі штрих-коды.
68. Автокөлiк құралдарының жүрiп өтуi кезiнде бақылаушы органның белгiсi бар отандық рұқсат бланкiсiнiң үзбелі бөлiгi бақылаушы органда қалады және аумақтық органдарға жiберiледi.
69. Отандық тасымалдаушыларға шетелдiк рұқсат бланкiлерiн беру сенiмхат болған жағдайда жүкқұжаттар бойынша (серияларын және шетелдiк рұқсаттардың нөмiрлерiн көрсете отырып) жүзеге асырылады.
70. Жыл сайын 5 қаңтарға дейiнгi мерзiмде аумақтық мемлекеттік кірістер органдары пайдаланылмаған отандық рұқсаттарды алынған орны бойынша аумақтық органға қайтаруды жүзеге асырады.
71. Мемлекеттік аумақтық кірістер органдары ай сайын үшiншi күннен кешiктiрмей аумақтық органдарға Қазақстан Республикасының аумағы арқылы шетелдік автокөлiк құралдарының жүрiп өтуi бойынша есептi және шетелдік автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлiк құралдарының жүрiп өткенi үшiн алымды төлегенi туралы түбiртектерi бар жүкқұжаттардың көшiрмелерiн ұсынады.
Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларына 1-қосымша |
Нысаны_____________________________________________________________
(көліктік бақылау органының атауы)
Жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауға, жүктерді тасымалдауға
шетелдік рұқсатты алуға сұрау салу
___________________________________________________________________
(дара кәсіпкердің Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы)
ЖСН/БСН_________________________________________________________
Жолаушыларды облысаралық, ауданаралық (облысішілік, қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензияның болуы: лицензия №________, берілген күні ___________
РКу №__________ қолданылу мерзімі __________
РК №__________ қолданылу мерзімі __________
Жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауға және жүктерді тасымалдауға мынадай шетелдік рұқсаттар беруіңізді сұраймын:
№ р/с | Ел | Рұқсат түрі | Рұқсат жылы | Рұқсат саны | Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі | (VIN) КҚ сәйкестендіру нөмірі |
Мекенжайы ______________________________________________________________
(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің №, телефон, факс)
Менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге, оның ішінде Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің _______________ аумақтық органға (БСН____________) беруге үшінші тұлғаларға келісім беремін, және жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауға, ақпараттық жүйелердегі жүктерді тасымалдауға шетелдік рұқсаттарды алу үшін қажетті заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтер.
Дербес деректердің трансшекаралық берілуінің жоқтығы, сондай-ақ жалпыға қолжетімді көздерде дербес деректердің таралуының жоқтығы туралы хабарлаймыз.
Жиналатын деректердің тізбесі: Т.А.Ә., ЖСН/БСН, телефон нөмірі, тіркеу мекенжайы
__________________________________________________________________________
Т.А.Ә. (қолы)
Аббревиатураларды ашып жазу:
Т.А.Ә. (ол болған кезде) – тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН - жеке сәйкестендіру нөмірі;
РКу- жүктерді халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсатты куәландыру (жүктерді тасымалдау үшін);
РК - ұсынылған автокөлік құралына рұқсат карточкасы (жүктерді тасымалдау үшін);
VIN – Ккөлік құралының сәйкестендіру нөмірі.
Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларына 1-1-қосымша |
20__жылға арналған шетелдік рұқсаттарды айырбастау квотасы
Ескерту. Қағидалар 1-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Көлік министрінің м.а. 31.07.2025 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
№ | Ел | ҚР тасымалдаушыларына | Шетелдік тасымалдаушыларға |
1. | |||
2. | |||
3. | |||
4. | |||
5. | |||
6. | |||
7. | |||
8. | |||
9. | |||
10. |
Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларына 2-қосымша |
"Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағы бойынша жүріп өтуіне рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 31.07.2025 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: "Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағы бойынша жүріп өтуіне рұқсат беру" Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы:
1) "Жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауға" бланкілер беру;
2) "Жүк тасымалдарына" бланкілер беру.
1 | Көрсетілетін қызметті беруші | Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері |
Барлық кіші түрлері бойынша "электрондық үкімет" порталы арқылы. |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу орны туралы хабарлама – 20-40 минут ішінде; |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Барлық кіші түрлері бойынша: электрондық (жартылай автоматтандырылған) /қағаз түрінде. |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауға және жүктерді тасымалдауға шетелдік рұқсат қағаз немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Қызмет ақылы негізде көрсетіледі. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигі |
1) Көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін қажетті құжаттар тізбесі мен мәліметтері |
Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес сұрау салу. |
9 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер: |
Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларына 3-қосымша |
Нысаны ___________________________________________________________________
(көліктік бақылау органының атауы)
Бұрын берілген шетелдік рұқсатқа автокөлік құралын ауыстыруға сұрау салу
__________________________________________________________________________
(дара кәсіпкердің Т.А.Ә.немесе заңды тұлғаның атауы)
ЖСН/БСН________________________________________________________
Бұрын алынған шетелдік рұқсатты сұрау салудың №_____________________
Ұсынылған автокөлік құралына РК№______ қолданылу мерзімі _______
Автокөлік құралын ауыстыруды сұраймын МТНБ -*_________ арналған
МТНБ________ с VIN _______:
№ р/с | Ел | Рұқсат түрі* | Рұқсат жылы* | Рұқсат саны* | Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі* | (VIN)* КҚ сәйкестендіру нөмірі |
* Мәліметтер бұрын мақұлданған сұраудан алынады
Мекенжайы _______________________________________________________________
(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің №, телефон, факс)
Менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге, оның ішінде Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің _______________ аумақтық органға (БСН____________) беруге үшінші тұлғаларға келісім беремін, және жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауға, ақпараттық жүйелердегі жүктерді тасымалдауға шетелдік рұқсаттарды алу үшін қажетті заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтер.
Дербес деректердің трансшекаралық берілуінің жоқтығы, сондай-ақ жалпыға қолжетімді көздерде дербес деректердің таралуының жоқтығы туралы хабарлаймыз.
Жиналатын деректердің тізбесі: Т.А.Ә., ЖСН/БСН, телефон нөмірі, тіркеу мекенжайы
__________________________________________________________________________
Т.А.Ә. (қолы)
Аббревиатураларды ашып жазу:
Т.А.Ә. (ол болған кезде) – тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН - жеке сәйкестендіру нөмірі;
РКу- жүктерді халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсатты куәландыру (жүктерді тасымалдау үшін);
РК - ұсынылған автокөлік құралына рұқсат карточкасы (жүктерді тасымалдау үшін);
МТНБ – мемлекеттік тіркеу нөмерлік белгісі;
VIN –көлік құралының сәйкестендіру нөмірі.
Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларына 4-қосымша |
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 31.07.2025 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Нысаны ______________________________________________________________
(көліктік бақылау органының атауы)
Жүктерді тасымалдауға қосымша шетелдік рұқсат алу туралы сұрау салу
________________________________________________
(дара кәсіпкердің Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы)
ЖСН/БСН_______________________________________
Бұрын алынған шетелдік рұқсатты сұрау салудың №_____________________
Жүк автокөлік құралына жүктерді тасымалдауға келесі шетелдік рұқсаттарды қосымша
беруіңізді сұраймын МТНБ ___________ VIN* _________:
р/с № | Ел | Рұқсат түрі | Рұқсат жылы | (Рұқсаттар саны (төрттен көп емес) |
* Мәліметтер бұрын мақұлданған сұраудан алынады
Мекенжайы _____________________________________________________
(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің №, телефон, факс)
Менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге, оның ішінде Көлік министрлігі
Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің _______________ аумақтық
органға (БСН____________) беруге үшінші тұлғаларға келісім беремін, және
жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауға, ақпараттық жүйелердегі
жүктерді тасымалдауға шетелдік рұқсаттарды алу үшін қажетті заңмен қорғалатын
құпияны құрайтын мәліметтер. Дербес деректердің трансшекаралық берілуінің
жоқтығы, сондай-ақ жалпыға қолжетімді көздерде дербес деректердің таралуының
жоқтығы туралы хабарлаймыз.
Жиналатын деректердің тізбесі: Т.А.Ә., ЖСН/БСН, телефон нөмірі, тіркеу мекенжайы
_______________________________________________________________
Т.А.Ә. (қолы)
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
Т.А.Ә. (ол болған кезде) – тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
РК – рұқсат куәліктері;
РК – рұқсат карточкасы
МТНБ – мемлекеттік тіркеу нөмерлік белгісі;
VIN – көлік құралының сәйкестендіру нөмірі.
Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларына 4-1-қосымша |
Ескерту. Қағидалар 4-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Көлік министрінің м.а. 31.07.2025 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
қала/облысы бойынша Көліктік бақылау инспекция РММ басшысына кімнен: ЖК "_ _ _ _" немесе "____" ЖШС ЖСН/БСН__________________ |
Сізден 20__жылғы үлгідегі пайдаланылған шетелдік рұқсаттарды қабылдауыңызды сұраймын.
Ел | ШР нөмірі | ШР түрі | ШР Жарамдылық мерзімі | АКҚ МТНБ | ҚР шығу пунктінің атауы | ҚР кіру пунктінің атауы | Шығу күні | Кіру күні | Мәртебесі пайдаланылды |
Басшы/Директор Т. А. Ә.
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
БСН – бизнес сәйкестендіру нөмірі;
ШР – шетелдік рұқсат;
РММ – көліктік бақылау инспекциясы республикалық мемлекеттік мекемесі;
ЖШС – жауапкершілігі шектеулі серіктестік;
ЖК – жеке кәсіпкер;
АТС – автокөлік құралы;
МТНБ – мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі;
ҚР – Қазақстан Республикасы.
Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларына 5-қосымша |
Нысаны _____________________________________________________________
(көліктік бақылау органының атауы)
Күнтiзбелiк бiр жылға қолдану мерзiмiмен жолаушылар мен багажды тұрақты
тасымалдауға арналған шетелдік рұқсатты алуға сұрау салу
__________________________________________________________________________
(дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы)
ЖСН/БСН__________________________________________________________
Шетелдік тасымалдаушымен бірлескен қызмет туралы шарт: шарттың
№________ және жасалған күні ____________
Жолаушыларды облысаралық, ауданаралық (облысішілік, қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензияның болуы: лицензия №________, берілген күні ___________
Жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауға және жүктерді тасымалдауға мынадай шетелдік рұқсаттар беруіңізді сұраймын:
№ р/с | Маршрут | Көлік құралының түрі/(класс) | Көлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі |
Мекенжайы__________________________________________________________
(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің №, телефон, факс)
Менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге, оның ішінде Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің _______________ аумақтық органға (БСН____________) беруге үшінші тұлғаларға келісім беремін және күнтiзбелiк бiр жылға қолдану мерзiмiмен жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсат алу үшін қажетті заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтер.
Дербес деректердің трансшекаралық берілуінің жоқтығы, сондай-ақ жалпыға қолжетімді көздерде дербес деректердің таралуының жоқтығы туралы хабарлаймыз.
Жиналатын деректердің тізбесі: Т.А.Ә., ЖСН/БСН, телефон нөмірі, тіркеу мекенжайы
________________________________________________________________________
Т.А.Ә. (қолы)
Аббревиатураларды ашып жазу:
Т.А.Ә. (ол болған кезде) – тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН - жеке сәйкестендіру нөмірі.
Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларына 6-қосымша |
"Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағы бойынша жүріп өтуіне рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі:
Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 31.07.2025 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: "Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағы бойынша жүріп өтуіне рұқсат беру". | ||
1 | Көрсетілетін қызметті беруші | Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері |
"Электрондық үкімет" порталы арқылы. |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу орны туралы хабарлама – 20-40 минут ішінде; |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (жартылай автоматтандырылған)/қағаз түрінде. |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Қолданылу мерзімі күнтізбелік бір жыл болатын жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға шетелдік рұқсаты қағаз түрінде немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Көрсетілетін қызмет ақылы негізде көрсетіледі. |
7 | Көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорация және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін Көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін қажетті құжаттар тізбесі мен мәліметтері |
Осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес сұрау салу. |
9 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер: |