"Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 353 бұйрығ

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2024 жылғы 10 шiлдедегi № 239 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 11 шiлдеде № 34722 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 353 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11704 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 13-бабының 23-11) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын:

      2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және Қағидалардың 56-тармағы 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады деп белгіленсін.

      Қазақстан Республикасының
Көлік министрі
М. Карабаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Көлік министрінің
2024 жылғы 10 шілдедегі
№ 239 Бұйрығына
қосымша

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін
атқарушының
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 353 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 13-бабының 23-11) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану тәртібін айқындайды.

      2. Қағидалар меншік құқығында немесе өзге де заңды негiздерде мынадай автокөлiк құралдарына иелік ететін отандық және шетел тасымалдаушыларына қолданылады:

      1) автобустар, шағын автобустар;

      2) жүк автомобильдерi (тiркеменi қоса алғанда, рұқсат етiлетін жалпы салмағы 6 тоннадан астам немесе тiркеменi қоса алғанда, рұқсат етiлетін пайдалы жүктемесі 3,5 тоннадан астам);

      3) мамандандырылған автомобильдер (белгiлi бiр жүк түрiн тасымалдауға арналған);

      4) арнайы автомобильдер (әртүрлi, көбінесе көлiктiк емес жұмыстарды орындауға арналған).

      3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) автокөлiк құралдарына рұқсат беру карточкасы - автокөлiк құралын жүктердiң халықаралық автомобиль тасымалдарында пайдалануға рұқсат беретiн құжат;

      2) жолсапар - автокөлiк құралдарының жөнелту пунктiнен межелi пунктiне жүруi және жөнелту пунктiне керi оралуы;

      3) жүктердiң халықаралық автомобильмен тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлiгi - Қазақстан Республикасының автомобиль тасымалдаушыларына жүктердiң халықаралық автомобильмен тасымалдарын жүзеге асыруға құқық беретiн құжат;

      4) көрсетілетін қызметті алушы – Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарын, шет елдердегі мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар;

      5)көрсетілетін қызметті беруші-Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары, шет елдердегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін жеке және заңды тұлғалар;

      6) отандық рұқсат - Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттің тасымалдаушылар Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өтуіне рұқсат (келуге, кетуге және транзитпен жүріп өтуіне әмбебап рұқсат, сондай-ақ үшінші елдердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына немесе Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдердің аумағына тасымалдаулар);

      7) отандық тасымалдаушы - Қазақстан Республикасы ратификациялаған, Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттер арасындағы халықаралық автомобильді қатынастар туралы халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттің аумағындағы халықаралық автомобильді тасымалдауды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;

      8) рейс - автокөлiк құралдарының жөнелту пунктiнен межелi пунктiне дейiн жүрiп өтуi;

      9) рұқсат беру құжаты - Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүру құқығын растайтын құжат (отандық немесе шетелдiк рұқсат, арнайы рұқсат);

      10) рұқсат бланкiлерiмен алмасу квотасы (бұдан әрi - алмасу квотасы) - шет мемлекеттермен алмасу үшiн келiсiлген шетелдiк рұқсаттардың саны;

      11) транзиттiк жүрiп өту (транзит) - жөнелту және межелi пункттерi осы мемлекеттiң аумағынан тыс орналасқан мемлекеттiң аумағы арқылы жүкпен немесе жүксiз автокөлiк құралдарының жүрiп өтуi;

      12) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті;

      13) уәкілетті органның ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - АЖ) - "Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекет аумағы арқылы жүріп өтуге рұқсат беру" және "Халықаралық қатынаста жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағына (аумағынан) кіруге (кетуге) рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін автоматты өңдеуді және қалыптастыруды қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе;

      14) үшінші елдердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына немесе Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдердің аумағына тасымалдаулар – автокөлiк құралының тiркелу мемлекетi болып табылмайтын екi мемлекет арасында жолаушыларды, багажды немесе жүктердi тасымалдау;

      14) шетелдiк рұқсат – Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағымен жүріп өтуіне рұқсат (келуге, кетуге және транзитпен жүріп өтуіне әмбебап рұқсат, сондай-ақ екінші елдің аумағынан үшінші елдің аумағына тасымалдаулар);

      15) шетелдік тасымалдаушы - Қазақстан Республикасы ратификациялаған, Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттер арасындағы халықаралық автомобильді қатынастар туралы халықаралық келісімшарттарға сәйкес шет мемлекеттің аумағындағы халықаралық автомобильді тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдік жеке және заңды тұлғалар.

      17) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – Портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;

      18) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі.

      4. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлiк құралдарының жүрiп өтуiне рұқсат беру жүйесi Заңда, Қазақстан Республикасы ратификациялаған Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттер арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы халықаралық шарттарда (бұдан әрi - Келiсiм) және осы Қағидаларда айқындалады.

      5. Жолаушыларды, багажды және жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлiк құралдарының шет мемлекеттiң аумағына (аумағынан) кiруi (шығуы), шет мемлекеттiң аумағы арқылы транзитi мынадай түрлердегi шетелдiк рұқсаттардың негiзiнде жүзеге асырылады:

      1) жүктерді тасымалдауға арналған шетелдiк рұқсаттар;

      2) жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауға арналған шетелдiк рұқсаттар;

      3) күнтiзбелiк бiр жылға қолдану мерзiмiмен жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдiк рұқсаттар.

      6. 1992 жылғы 26 қыркүйекте жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қытай Халық Республикасының Үкiметi арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы келiсiмге сәйкес отандық тасымалдаушылар Қытай Халық Республикасының аумағына автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезiнде мыналар:

      1) жолаушылар (туристерді қоса алғанда) мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды орындаған кезде, отандық тасымалдаушыға тасымалды жөнелту пунктiнен межелi пунктке дейiн күнтiзбелiк бiр жыл қолдану мерзiмiмен "А" түрiнiң рұқсаты;

      2) баратын және керi қайтатын бiр рейстi орындауға құқығы бар өткізу пункттері ауданында шекара маңындағы терминалдар арасында жолаушылар (туристерді қоса алғанда) мен багаждың тұрақты емес автомобиль тасымалын орындау кезiнде "В" түрiнiң рұқсаты;

      3) баратын және керi қайтатын керi бiр рейстi орындауға құқығы бар өткізу пункттері ауданында шекара маңындағы терминалдар арасында жүктерді автомобиль көлiгiмен тасымалдау кезiнде "С" түрiнiң рұқсаты;

      4) анықталған маршруттар бойынша жүктерді автомобиль көлігімен баратын және кері қайтатын бір рейсті орындау құқығымен тасымалдау кезінде "D" түрiнiң рұқсаты талап етіледі.

      "А", "В", "С", "D" түрiндегi рұқсаттар ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейiн қолданылады.

2-тарау. Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдарында рұқсат беру жүйесін қолдану тәртібі

1-параграф. Шетелдік рұқсаттарды алмасу және үлестіру квотасын айқындау

      7. Алмасу квотасы Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) интернет-ресурсында орналастырылады.

      8. Шетелдік рұқсат бланкілерімен алмасу квотасын белгілеу мәселесі бойынша тиісті мемлекеттердің құзыретті органдарымен келіссөздер жүргізуді қамтамасыз ету үшін уәкілетті орган ағымдағы жылғы 10 қазанға дейінгі мерзімде отандық тасымалдаушылардың шетелдік рұқсаттарға деген қажеттілігінің саны туралы шетелдік рұқсатты беру және пайдалану статистикасы негізінде жалпы жиынтық деректерді қалыптастырады.

      9. Уәкілетті орган шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен рұқсат құжаттармен алмасу квотасын және олардың қолданылу мерзімін келіседі.

      10. Уәкілетті орган шет мемлекеттердiң құзыреттi органдарына отандық рұқсат бланкiлерiн беруді отандық тасымалдаушылар үшiн шетелдiк рұқсаттарды шетелдiк құзыреттi органдармен жүргiзiлген келiссөз хаттамаларында айтылған мөлшерде алуды жүзеге асырады.

      11. Шетелдiк рұқсаттар уәкілетті органның аумақтық органдарына (бұдан әрі – аумақтық органдар) бөлуге жатады.

      12. Аумақтық органдар шет мемлекеттердiң құзыреттi органдарымен келiсiлген белгiленген маршруттар мен осы маршруттар бойынша жүру кестесiн ескере отырып, күнтiзбелiк бiр жыл қолдану мерзiмiмен жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдiк рұқсаттарды үлестiредi.

      13. Министрліктің интернет-ресурсында нақты уақыт режимінде отандық тасымалдаушыларға берілген және қайтарылған шетелдік рұқсаттардың санын көрсете отырып, рұқсаттар туралы деректер орналастырылады.

      14. Отандық тасымалдаушылардың шетелдiк рұқсаттардың белгіленген алмасу квотасынан тыс қажеттілігі туындаған жағдайда уәкілетті орган шет мемлекеттiң құзыретті органдарымен ағымдағы жылға тиiстi шетелдiк рұқсаттарды алмасу квотасын келiседi.

2-параграф. Отандық тасымалдаушыларға шетелдік рұқсаттарды беру

      15. Шетелдік рұқсаттарды ресімдеуді көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) береді.

      16. Көрсетілетін қызметті алушы "Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағы бойынша жол жүруге рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу үшін Портал арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауға, жүктерді тасымалдауға шетелдік рұқсат алуға сұрау салуды (бұдан әрі-сұрау салу) толтырады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын, көрсетілетін қызметті берушінің атауын, мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдерін, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін, мемлекеттік қызмет көрсету нысанын, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдерін, көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигін, мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесін, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағы бойынша жол жүруге рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде баяндалған.

      Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу толтырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" Мемлекеттік корпорацияда оның нәтижесін алу мекенжайы мен күні көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсету не оны қабылдаудан бас тарту туралы мәртебе көрсетіледі.

      Отандық тасымалдаушы сұрау салуда ұсынылатын мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етеді.

      Шетелдік рұқсат алуға сұрау салу әрбір автокөлік құралына жеке беріледі.

      17. Сұрау салуды қарауды АЖ жүзеге асырады:

      1) шетелдік рұқсаттардың сұратылатын түрлері болған кезде;

      2) жолаушыларды облысаралық, ауданаралық (облысішілік, қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензияның бар болған кезде;

      3) сұратылған шетелдік рұқсаттар түрлерінің жиынтығы болған кезде (бір автокөлік құралына шетелдік рұқсаттардың бірнеше түріне өтініш берген жағдайда);

      4) халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға қолданыстағы рұқсат куәлігі болған кезінде;

      5) ұсынылған автокөлік құралына қолданыстағы рұқсат карточкасы болған кезінде;

      6) осы Қағидалардың 31-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, сұрау салуда көрсетілген автокөлік құралдарына қайтарылмаған шетелдік рұқсаттар бойынша мәліметтер болмаған кезде;

      7) соңғы алты айда сұрау салуда көрсетілген автокөлік құралының осы Қағидалардың 28 және (немесе) 29-тармақтарында белгіленген шарттарды сақтауын қамтамасыз ету кезінде;

      8) көрсетілетін қызметті алушы соңғы үш айда осы Қағидалардың 28 және (немесе) 29-тармақтарының шарттарын үш және одан да көп бұзуға жол бермеген кезде;

      9) көрсетілетін қызметті алушы соңғы алты айда бұрын алған шетелдік рұқсаттарды пайдаланбау фактілері болмаған кезде;

      10) көрсетілетін қызметті алушының соңғы алты айда осы Қағидалардың 27-тармағы бірінші абзацының талаптарын сақтамау фактілері болмаған кезде АЖ жүзеге асырады.

      Осы тармақтың 3)-10) тармақшаларының талаптары жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауға шетелдік рұқсат алуға қолданылмайды.

      Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында орналасқан автомобиль өткізу пункттері арқылы Қазақстан Республикасының аумағына кіру және шығу фактілерін тіркеу АЖ-да Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің "Бүркіт" бірыңғай ақпараттық жүйесінен (бұдан әрі – "Бүркіт" БАЖ) сұрау салу жолымен жүзеге асырылады.

      АЖ-да автокөлік құралдарын есепке алу олардың сәйкестендіру нөмірі (VIN) бойынша жүргізіледі.

      Сұрау салу кезінде жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жылжымалы мүлікке құқық белгілейтін құжаттар, жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру туралы куәлік, автокөлік құралдарына рұқсат беру карточкалары, жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, қызметімен айналысу құқығына лицензия туралы мәліметтерді, халықаралық қатынастағы шағын автобустармен (жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыру кезінде), жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауды, халықаралық қатынаста жүк тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжат "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерде бар құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      18. Бұрын шетелдік рұқсаттар алынған автокөлік құралын ауыстыруға мемлекеттік қызмет көрсету туралы хабарлама алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жол беріледі, көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бұрын берілген шетелдік рұқсатқа автокөлік құралын ауыстыруға сұрау салуды толтыруы қажет.

      Автокөлік құралын ауыстыру кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын алған рұқсат карточкасын алған жағдайда жалға алу құқығындағы автокөлік құралына жүргізіледі.

      Бұл ретте осы Қағидалардың 28-тармағында көзделген мерзім мемлекеттік қызмет көрсету туралы хабарлама алған күннен бастап есептеледі.

      19. Осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша маршрут өзгерген жағдайда тасымалдаушының жүктерді тасымалдауға қосымша екі шетелдік рұқсатқа дейін алуына жол беріледі.

      Қосымша сұрау салу бойынша шетелдік рұқсаттарды алған кезде пайдаланылмаған шетелдік рұқсаттар аумақтық органға қайтарылады және көрсетілетін қызметті алушы пайдаланған ретінде АЖ-да есепке алынады.

      Бұл ретте қосымша сұрау салу бойынша күнтізбелік жылы пайдаланылмаған алты шетелдік рұқсатқа дейін қайтаруға жол беріледі, ал алты шетелдік рұқсаттан жоғары болса, қайтарылмаған ретінде АЖ-да есепке алынады.

      20. Осы Қағидалардың 17 және 19-тармақтарында көзделген мәліметтер сәйкес келген және болған кезде көрсетілетін қызметті алушыға алым сомасын төлеу үшін шот қойылады.

      Төлем ЭҮТШ арқылы жүзеге асырылады.

      21. Аумақтық органдар жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауға, жүкті тасымалдауға арналған шетелдік рұқсаттарды АЖ-ға мемлекеттік қызмет көрсету туралы хабарлама келіп түскен кезде бір жұмыс күні ішінде ресімдейді және Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

      22. Жүктерді тасымалдау үшін бір сұрау салуға жол жүру бағыты бойынша әртүрлі түрдегі 9 (тоғыз) шетелдік рұқсаттан және бір түрдегі 2 (екі) шетелдік рұқсаттан артық емес рұқсат беріледі.

      23. Шетелдік рұқсаттар автокөлік құралдарына беріледі, жүкті түсіру үшін механикалық еңкейтілетін тіркемелерді, жартылай тіркемелерді және өздігінен тиелетін автомобильдерді есепке алмағанда.

      24. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы хабарламаға автоматты түрде қол қойылады және аумақтық орган басшысының не оны алмастыратын тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жіберіледі.

      25. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтерді ұсыну сатысындағы деректердің мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізілуін қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне түседі.

      Уәкiлеттi орган мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркегеннен кейін 3 (үш) жұмыс күн ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушіге, "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына, Мемлекеттік корпорация және Бірыңғай байланыс-орталығына жібереді.

      26. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

      27. Отандық тасымалдаушының шетелдік рұқсат бланкілерін басқа отандық тасымалдаушыға беруіне, сол сияқты отандық тасымалдаушының басқа отандық тасымалдаушының шетелдік рұқсат бланкілерін пайдалануына жол берілмейді.

      Отандық тасымалдаушының рұқсат беру карточкасында көрсетілмеген автокөлік құралдарына шетелдік рұқсаттарды, айдап өткізілетін автокөлік құралдарынан басқа, пайдалануына жол берілмейді.

      28. Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасында орналасқан өткізу пункттерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында орналасқан автомобиль өткізу пункттері арқылы Қазақстан Республикасының аумақтарынан шетелдік рұқсаттар ресімделген автокөлік құралының шығу мерзімі пайдаланушының жеке кабинетіне мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері туралы хабарлама жіберілген сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайды.

      Егер осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім 6 (алты) айдан асса, автокөлік құралына ресімделген шетелдік рұқсаттар АЖ-да пайдаланылмаған ретінде есепке алынады.

      29. Отандық тасымалдаушы жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауға және жүктерді тасымалдауға арналған, пайдаланылған және пайдаланылмаған шетелдік рұқсаттарды Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасында орналасқан өткізу пункттерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында орналасқан автокөлік құралының автомобиль өткізу пункттері арқылы Қазақстан Республикасының аумағына кірген кезден бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей физикалық түрде ресімдеу орны бойынша аумақтық органға қайтаруы тиіс.

      Күнтізбелік жыл ішінде көрсетілетін қызметті алушы жоғалтқан үштен аспайтын шетелдік рұқсаттар АЖ қайтарылған ретінде есепке алынады.

      30. Қайтарылған шетелдік рұқсаттар аумақтық органдарда қайтарылған сәттен бастап үш жыл бойы сақталады.

      31. Аумақтық органдар АЖ да есебін жүргізеді:

      1) берілген шетелдік рұқсаттар - олардың нөмірі бойынша тасымалдаушылар бөлінісінде.

      2) қайтарылған шетелдік рұқсаттар-мынадай мәліметтерді көрсете отырып;

      отандық тасымалдаушының атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі;

      түрі, қолданылу мерзімі, шетелдік рұқсаттың қайтару күні және шетелдік рұқсаттың нөмірі;

      шетелдік рұқсат пайдаланылған автокөлік құралының (тіркемелер мен жартылай тіркемелерді қоспағанда) мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі;

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы тасымалдауды жүзеге асыру кезінде көлік құралын кесіп өту (кіру/шығу) өткізу пунктінің атауы.

      Түзету белгілері бар шетелдік рұқсаттар қайтарылған жағдайда (мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін, тасымалдаушының атауын өшіру, сол сияқты көрсетілген мәліметтерді анықтауға мүмкіндік бермейтін шетелдік рұқсаттың өзге де өзгерістері) АЖ-ға түзетілді мәртебесі қойылады және мұндай рұқсаттар АЖ-да қайтарылмаған ретінде есепке алынады;

      Осы Қағидалардың 32-тармағында көрсетілген жағдайларда қайтарылмаған шетелдік рұқсаттар қайтарылған ретінде есепке алынады.

      32. Көрсетілетін қызметті алушы күнтізбелік жыл ішінде жоғалтқан (күнтізбелік жыл ішінде 3 (үш) аспайтын), автокөлік құралын тұтану кезінде жою не оны шет мемлекеттердің бақылаушы органдары алып қою салдарынан жоғалған шетелдік рұқсаттар АЖ-да осы Қағидалардың 28 және (немесе) 29-тармақтарын бұзбай қайтарылған ретінде есепке алынады.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы оқиғалар туындаған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей аумақтық органға мынадай растайтын құжаттарды ұсынады:

      1) құзыретті органдар шетелдік рұқсатты алып қойған кезде-алып қою актісі немесе хаттама;

      2) автокөлік құралының өртенуі салдарынан шетелдік рұқсат жойылған кезде-Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өртке қарсы қызметінен не шет мемлекеттің құзыретті органынан автокөлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін тіркей отырып, оның фотосуретін қоса бере отырып, анықтама;

      3) шетелдік рұқсат жоғалған кезде-жоғалған рұқсаттың жоғалғаны және жарамсыздығы туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландырулардың орналастырылғанын растайтын ішкі істер органдарында тіркелген өтініштердің немесе құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, аумақтық органның оның жоғалғаны туралы жазбаша хабарламасы.

      33. Отандық тасымалдаушының шетелдік рұқсаттарды аумақтық органға қайтаруы осы Қағидалардың 31-тармағында көзделген мәліметтерді көрсете отырып, ілеспе хатпен аумақтық органның кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

      Аумақтық орган жалпы кіріс хат-хабарларды тіркеудің ақпараттық жүйесінде шетелдік рұқсаттарды қайтару туралы ілеспе хатты тіркеген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде АЖ-ға қайтарылған шетелдік рұқсаттар туралы мәліметтерді енгізеді.

      Шетелдік рұқсаттың нақты параметрлері ілеспе хатта көрсетілген мәліметтерге сәйкес келмеген кезінде, аумақтық орган бас тартудың дәлелді себебін көрсете отырып, шетелдік рұқсаттарды қабылдаудан бас тартады.

      Бұл ретте осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген шетелдік рұқсаттар, сондай-ақ АЖ-да пайдаланылмаған шетелдік рұқсаттар қайтарылмаған ретінде есепке алынады.

      34. Көрсетілетін қызметті беруші, шетелдік рұқсатты беру үшін шетелдік рұқсатты ресімдеген кезінде шетелдік рұқсаттың тиісті бағандарына жазылады (қойылады):

      1) тасымалдаушының атауы және заңды мекенжайы;

      2) шетелдік рұқсат берілген күні және берген аумақтық органның мөрі;

      3) аумақтық орган басшысының не оны алмастыратын адамның қолы қойылады;

      4) шетелдік рұқсат берілген автокөлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірі.

      4) тармақшаның күші АЖ деректері бойынша өткен жылы пайдалану үлесі айырбастау квотасы бойынша алынған олардың жалпы санының 70 және одан да көп пайызын құраған белгілі бір түрдегі және елдегі шетелдік рұқсаттарға қолданылады.

      Шетелдік рұқсаттарда түзетуге жол берілмейді.

      35. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары интернет-ресурстарда орналастырылған:

      1) Министрліктің – www.transport.gov.kz "Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті" бөлімінің "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі;

      2) "Электрондық үкіметтің" вэб-порталы.

      3) Көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алуға мүмкіндігі бар.

      4) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8 800 080 7777.

      5) Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады.

3-параграф. Халықаралық қатынаста жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағына (аумағынан) кіруге (кетуге) рұқсат беру.

      36. Шетелдік рұқсаттарды ресімдеуді көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді – Мемлекеттік корпорация.

      37. Көрсетілетін қызметті алушы "Халықаралық қатынаста жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағына (аумағынан) кіруге (шығуға) рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу үшін осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, күнтiзбелiк бiр жылға қолдану мерзiмiмен жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдiк рұқсатқа отандық тасымалдаушыларға алуға сұрау салуды (бұдан әрі - шетелдік рұқсат алуға сұрау салу), алуға Портал арқылы толтырады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын, көрсетілетін қызметті берушінің атауын,мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдерін, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін, мемлекеттік қызмет көрсету нысанын, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдерін, көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигін, мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесін, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес "Халықаралық қатынаста жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағына (аумағынан) кіруге (кетуге) рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде баяндалған.

      Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжат нысанындағы шетелдік рұқсат алуға сұрау салу толтырылады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету туралы хабарламаға автоматты түрде қол қойылады және аумақтық орган басшысының не оны алмастыратын тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жіберіледі.

      Шетелдік рұқсат алуға сұрау салу әрбір автокөлік құралына жеке беріледі.

      38. Күнтiзбелiк бiр жылға қолдану мерзiмiмен жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдiк рұқсатты алуға сұрау салуды қарастыруды АЖ және порталда мәліметтер болған кезде жүзеге асырылады:

      1) шетелдік тасымалдаушымен бірлескен қызмет туралы шарты;

      2) сұрау салынатын түрдегі шетелдік рұқсаттар;

      3) жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензиясы;

      4) алым сомасы төленген.

      Аумақтық органдар жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсаттарды қолданылу мерзімі күнтізбелік бір жылға ресімдейді және АЖ-ға Мемлекеттік қызмет көрсету туралы хабарлама келіп түскен сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

      Сұрау салу кезігде жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жылжымалы мүлікке құқық белгілейтін құжаттар, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензияны, жолаушылар мен багажды халықаралық қатынаста ЭҮТШ арқылы тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шығуы үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжат туралы мәліметті тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы алады.

      Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерде бар құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      39. Осы Қағидалардың 38-тармағында көзделген мәліметтер сәйкес келген және болған кезде көрсетілетін қызметті алушыға алым сомасын төлеу үшін шот қойылады.

      Төлем ЭҮТШ арқылы жүзеге асырылады.

      40. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы хабарлама автоматты түрде қол қойылады және аумақтық орган басшысының не оны алмастыратын тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жіберіледі.

      41. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтерді ұсыну сатысындағы деректердің мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізілуін қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне түседі.

      Уәкiлеттi орган мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркегеннен кейін 3 (үш) жұмыс күн ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушіге, "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына, Мемлекеттік корпорация және Бірыңғай байланыс-орталығына жібереді.

      42. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 2-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

      43. Отандық тасымалдаушының күнтiзбелiк бiр жылға қолдану мерзiмiмен жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсат бланкілерін басқа отандық тасымалдаушыға беруіне жол берілмейді.

      Күнтiзбелiк бiр жыл қолдану мерзiмiмен жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдiк рұқсаттар аумақтық органға қайтаруға жатпайды.

      44. Аумақтық органдар АЖ берілген шетелдік рұқсаттар олардың нөмірі бойынша тасымалдаушылар бөлінісінде есебін жүргізеді.

      45. Көрсетілетін қызметті беруші шетелдік рұқсатты беру үшін шетелдік рұқсатты ресімдеген кезде тиісті бағандарына жазылады (қойылады):

      1) тасымалдаушының атауы және заңды мекенжайы;

      2) шетелдік рұқсат берген аумақтық органның берілген күні және мөрі;

      3) аумақтық орган басшысының не оны алмастыратын адамның қолы;

      4) шетелдік рұқсат берілген автокөлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірі.

      Шетелдік рұқсаттарда түзетуге жол берілмейді.

      46. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары интернет-ресурстарда орналастырылған:

      1) Министрліктің – www.transport.gov.kz "Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті" бөлімінің "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі;

      2) "Электрондық үкіметтің" вэб-порталы.

      3) Көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алуға мүмкіндігі бар.

      4) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8 800 080 7777.

      5) Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады.

4-параграф. Шетелдiк тасымалдаушыларға отандық рұқсаттарды беру

      47. Отандық рұқсаттарды шетелдік тасымалдаушыларға олардың мемлекеттерінің құзыретті органдары тиісті жылға айырбасталған рұқсаттардың ішінен береді.

      Отандық рұқсаттардың қолданылу мерзімін, егер халықаралық шарттарда өзгеше ескертілмесе, осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес уәкілетті орган айқындайды.

      Шетелдік рұқсаттарды қайтару тәртібі мен мерзімдері осы Қағидалардың 29-тармағына сәйкес айқындалған.

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бірінің аумағында тіркелген, тасымалдаушы орындайтын халықаралық автомобиль жүк тасымалдары:

      1) аумағында тасымалдаушы тіркелген Еуразиялық экономикалық одағына мүше мемлекет пен басқа мүше мемлекет арасында;

      2) Еуразиялық экономикалық одағына басқа мүше мемлекеттердің аумағы арқылы транзитпен;

      3) Еуразиялық экономикалық одағына басқа мүше мемлекеттер арасында рұқсатсыз негізде жүзеге асырылады.

      Шетел мемлекетінің тасымалдаушылары Қазақстан Республикасында немесе Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен жүктерді тасымалдауды Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес шетел тасымалдаушысы тіркелген елдің құзыретті органдары берген рұқсаттар негізінде жүзеге асырады.

      48. Отандық рұқсат, оның ішінде бірінші рейстің тасымалы жүзеге асырылған мемлекеттің аумағына Қазақстан Республикасының аумағынан кері бағытта жолшыбай жүк арту жағдайында бір жолсапар үшін жарамды болады.

      "А", "D" түріндегі отандық рұқсаттар жөнелту пунктінен межелі пунктке дейін жарамды, "В" мен "С" түріндегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан 90 километрге дейін шегінде орналасқан шекара маңы терминалдарына дейін жарамды.

      49. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк рейстен керi бағытта бара жатқан шетелдiк жүк автокөлiк құралына Қазақстан Республикасының аумағында iлеспе жүк тиеуге Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүрiп өтуi үшiн қосымша рұқсаты болған кезде ғана рұқсат етiледi.

      Егер автокөлік құралы тіркелген елге тасымалдау жоспарланған болса, Қазақстан Республикасының аумағынан шығуға арналған қосымша отандық рұқсаттың болуы қажет.

      Егер тасымалдау үшінші елдердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына немесе Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдердің аумағына жоспарланған жағдайда тасымалдауларға, қосымша рұқсаттың болуы қажет.

      50. Қазақстан Республикасының аумағынан автокөлік құралының тіркелу мемлекеті болып табылмайтын үшінші мемлекеттің аумағына кері бағытта бара жатқан шетелдік автокөлік құралына жолшыбай жүк артылған жағдайда, осы Қағидаларың 49-тармағында көзделген тасымалдауды қоспағанда, Қазақстан Республикасы аумағынан үшінші елдерге тасымалдауды орындауға арналған қосымша отандық рұқсат болуы қажет.

      51. Үшінші елдерден Қазақстан Республикасының аумағына немесе Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдерге жүктің жөнелту немесе межелі пункті болып табылмайтын елдің аумағында жүкті қайта тиеп (тиеп/түсіріп), тасымалдау үшінші елдерге/елдерден рұқсат болған кезде жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден тасымалдау кезінде жүктің жөнелту немесе межелі пункті болып табылмайтын елдің аумағында кедендік транзит аяқталмаған жүкті қазақстандық автокөлік құралына және бастапқы тасымалдаушының тіркеу елінде тіркелмеген автокөлік құралына аударып тиеуге жол берілмейді.

      52. Шетелдік автокөлік құралының тіркелу елінің аумағындағы заңнамаға сәйкес құрылған және тіркелген, үшінші елдердің кәсіпорындары мен филиалдарында өндірілетін жүктердің тасымалын жүзеге асыру кезінде, үшінші елдерден/елдерге отандық рұқсаттар осы тасымалдардың мынадай ілеспе құжаттарымен расталған жағдайларда талап етілмейді:

      халықаралық көліктік жүкқұжаты (CMR);

      тауардың шығарылуы туралы сертификаты;

      жүк жөнелтушінің немесе жүк алушының шетелдік тасымалдаушыға жүк тасымалына тапсырысы;

      шот-фактура (инвойс);

      ветеринариялық сертификат, фитосанитариялық сертификат, өнімдердің (тауарлардың) санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға (қажет болған жағдайда) сәйкестігі бөлігінде қауіпсіздікті растайтын құжат.

      Бұл ретте, осы тасымал Қазақстан Республикасының аумағына кіруге отандық рұқсат негізінде жүзеге асырылады.

      53. Автокөлік құралы тіркелген елдегі жүктерді қайта тиеу (тиеу/түсіру) арқылы Қазақстан Республикасының аумағына үшiншi елдерден жүктерді тасымалдауды басқа (әуе, теміржол, теңіз) көлік түрімен жүзеге асыру кезінде көрсетілген тасымалдар ілеспе құжаттармен (халықаралық көліктік жүкқұжат (CMR), шот-фактура (инвойс), коносамент, Халықаралық жолдық тасымалдау кітапшасы, фитосанитариялық сертификат және халықаралық автомобиль тасымалдарын іске асыру кезінде пайдаланылатын және автокөлік құралын тиеу орнын растайтын және осындай тасымалдауда оларға еріп жүретін басқа да құжаттар) расталған жағдайда, үшінші елдерге/елдерден отандық рұқсат қағаз талап етілмейді. Бұл ретте осы тасымалдау Қазақстан Республикасының аумағына кіруге арналған отандық рұқсаттардың негізінде жүзеге асырылады.

      54. Қазақстан Республикасының аумағына жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру кезінде тартқышты немесе жүк автомобилін тасымалдаушының тіркеу мемлекетінде тіркелген басқа тартқышқа немесе жүк автомобиліне ауыстырып тіркеуге рұқсат етіледі.

      55. Осы Қағидалардың 51-тармағының екінші бөлігінің және 54-тармағының талаптары:

      1) Қазақстан Республикасының теңіз порттарына паромдармен келетін, одан әрі Қазақстан Республикасының аумағынан/аумағына бару үшін;

      2) халықаралық автомобильдік жүк тасымалдары саласындағы үкіметаралық келісімдер жасалмаған елдерден/елдерге;

      3) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекарасын өткізу пункттерінде шетелдік рұқсат бланкілерін беруді көздейтін Қазақстан Республикасы үкіметаралық келісімдер жасасқан елдерден/елдерге жүкті халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын отандық тасымалдаушыларға қолданылмайды.

      56. Осы Қағидалардың 51-тармағының екінші бөлігінің және 54-тармағының талаптары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тіркелген тасымалдаушыларға, егер Қазақстан Республикасының аумағынан/аумағына жүктерді тасымалдауды алдыңғы тасымалдаушының отандық рұқсаттары болған кезде тасымалдаушыны қайта тиеу (тиеу/түсіру) және (немесе) ауыстыру арқылы бірнеше тасымалдаушы дәйекті түрде орындаған жағдайда қолданылмайды.

      57. Шетелдік тасымалдаушыда тасымалдаушы тіркелген мемлекеттің құзыретті органы растаған рұқсат бланкісі болмаған жағдайда, сол сияқты рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларына сәйкес толтырылмаған, ресімделмеген немесе түзетулері бар рұқсат бланкісі болған жағдайда, жоғалған сиямен жазу құралдарын қолдана отырып толтырылған автокөлік құралының одан әрі жүруіне жаңа отандық рұқсат берілгеннен кейін не әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы орындалғаннан кейін отандық көлік құралына жүкті қайта тиеп немесе қайта тіркей отырып жол беріледі.

      58. Өз мемлекетінің тіркеу және айырым белгісінсіз Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жол жүретін шетелдік автокөлік құралының жүріп өтуі, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше келіспесе, Салық кодексінде белгіленген мөлшерлемелер бойынша Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарының жүріп өтуі үшін алым сомасы төленгеннен кейін уәкілетті орган Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде немесе мемлекеттік кіріс органдары Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде беретін транзиттік жол жүруге арналған рұқсаттың негізінде жүзеге асырылады.

      Көрсетілген автокөлік құралдарымен үшінші елдерден Қазақстан Республикасының аумағына немесе Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдерге жүктерді немесе жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыруға жол берілмейді.

      Ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының жүріп өтуіне арнайы рұқсатты қоспағанда, отандық тасымалдаушыларға Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға арналған автокөлік құралдарын, оның ішінде жүгі бар автокөлік құралдарын айдап өту кезінде рұқсат беру құжаттары талап етілмейді.

      59. Мемлекеттерімен рұқсат беру құжаттарының бланкілерін тепе-тең айырбастау жүргізілмеген шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жол жүруі, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше ескерілмесе, Салық кодексінде белгіленген мөлшерлемелер бойынша Қазақстан Республикасының аумағымен автокөлік құралдарының жүріп өтуі үшін алым сомасы төленгеннен кейін уәкілетті орган Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде немесе мемлекеттік кіріс органдары Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде, соның ішінде халықаралық теңіз өткізу пункттерінде беретін транзиттік жол жүруге арналған рұқсат негізінде жүзеге асырылады.

      60. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүріп өту құқығын растайтын отандық рұқсат беру құжаттарында Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде мемлекеттік кірістің аумақтық органдары немесе Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде аумақтық органдар:

      1) Қазақстан Республикасының аумағынан автокөлік құралының күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын шығу мерзімін;

      2) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүріп өту маршрутын көрсетеді.

      Шетелдік автокөлік құралдарының транзиттік жүріп өтуі кезінде Қазақстан Республикасының аумағына келу және аумағынан кету мерзімдері баратын және кері де бағытта жүріп өту кезіндегі Қазақстан Республикасының аумағында нақты болу уақытымен айқындалады.

      61. Шетелдік тасымалдаушылар Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүріп өту құқығын растайтын отандық рұқсаттарда жол жүрер алдында мыналарды толтырады:

      1) тасымалдаушының атауы мен оның заңды мекенжайы;

      2) автокөлік құралының нөмірі;

      3) жүкті тиеу елі;

      4) жүкті түсіру елі;

      5) тасымалданатын жүктің атауы;

      6) тасымалданатын жүктің салмағы;

      7) шекарадағы өткізу орны;

      8) Қазақстан Республикасы бойынша жүру бағыты;

      9) тиеу қаласы;

      10) түсіру қаласы.

      Отандық рұқсаттарда түзетулерге жол берілмейді.

      Отандық рұқсат бланкісінің тармақтары толтырылмаған не оларда анық емес ақпарат көрсетілген кезде, сондай-ақ рұқсатта көлік құралының Қазақстан Республикасының аумағына кіргені не оның Қазақстан Республикасының аумағынан кеткені туралы белгілер қойылмаса, рұқсат жарамсыз деп есептеледі, яғни оның болмауымен тең.

      62. Бос шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүрiп өтуi Қазақстан Республикасы ратификациялаған, Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттер арасындағы халықаралық автомобиль қатынастары туралы халықаралық шарттарда көзделген тәртiпте жүзеге асырылады.

      63. Шетелдік тасымалдаушылар көліктік бақылау органдарына Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекарасында берілген көлік құралының бақыланатын параметрлерінің сәйкессіздігі, құжаттардың жоқ болуы немесе сәйкессіздігі туралы хабарламалар береді.

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті көліктік бақылау органы берген хабарлама орандалмаған кезде халықаралық автомобиль тасымалын жүзеге асыруға және хабарламада көрсетілген маршруттан ауытқуға жол берілмейді.

      64. Шетелдік тасымалдаушылар Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) кіру (шығу) кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттеріне жақын көліктік бақылау органдарына отандық рұқсат қағаздарын осы Қағидаларда көзделген талаптарға сәйкес ресімделуін тексеру, сондай-ақ отандық рұқсат бланкісінің үзбелі бөлігін алу үшін ұсынады.

      Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға қажетті ілеспе құжаттар (халықаралық көлік жүкқұжаты (СМR), шот-фактура (инвойс), коносамент, Халықаралық жол тасымалдау кітапшасы және тағы басқа құжаттар) Қазақстан Республикасының заңнамасының және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына талаптарына сәйкес болуы және уәкілетті мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының талабы бойынша жүргізушілер ұсынылуы тиіс.

      65. Егер Келiсiмдерде өзгеше көзделмеген болса, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүрiп өту құқығын растайтын рұқсат беру құжаттары Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан екi пункт арасында шетелдiк автокөлiк құралдарының жолаушыларды, багажды және жүктердi тасымалдауды жүзеге асыруына құқық бермейдi.

      Халықаралық қатынастағы жолаушылар, багаж және жүк тасымалын жүзеге асыратын сондай-ақ шетелдік автокөлік құралдарының транзитін, үшінші елдердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына немесе Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдердің аумағына тасымалдауларды тіркеу, отандық рұқсат беру құжаттарын беруді тіркеу Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) кiрудi (шығуды) шетел автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитiн, отандық рұқсат беру құжаттарын берудi тiркеу журналында электронды түрде жүзеге асырылады.

      Журналда мынадай мәлiметтер көрсетiледi:

      1) шетел тасымалдаушысының атауы;

      2) тасымалдаушының елi;

      3) тасымалдаушының орналасқан (тұрғылықты) орны;

      4) жөнелту елi;

      5) межелі елi;

      6) қатынау маршруты;

      7) автокөлiк құралының типi, маркасы;

      8) автокөлiк құралының және тiркемесiнiң нөмiрi;

      9) рұқсат түрi;

      10) рұқсатты қолдану мерзiмi;

      11) рұқсаттың берiлген күнi және нөмiрi (сериясы);

      12) рұқсатты алған күнi (рұқсат берiлген кезде);

      13) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өткенi үшiн алымды төлегенiн растайтын құжаттың нөмiрi (бар болса) және күнi, алым сомасы (рұқсат берiлген кезде);

      14) рұқсат құжатын алу туралы тасымалдаушының қолы (қағаз түрiнде рұқсат берiлген кезде).

      66. Отандық рұқсаттар бланкiлерiнің нысандары баспаханалық тәсiлмен дайындалады, реттiк нөмiрi және кемiнде үш қорғану дәрежесi болады.

      67. Жалпы қабылданған халықаралық нормалар мен стандарттарға сәйкес отандық рұқсат бланкiсiнде мынадай деректемелер болады:

      1) тасымалдауды жүзеге асыру құқығын рұқсат беру құжаты растайтын тасымалдау түрi;

      2) сериясы мен нөмiрi;

      3) қолданылу мерзiмi;

      4) тасымалдаушының деректемелерi;

      5) берiлген орны және күнi;

      6) құзыреттi органның қолы мен мөрi;

      7) қозғалыс маршруты;

      8) автокөлiк құралының маркасы мен мемлекеттiк нөмiрi;

      9) жүктiң атауы;

      10) автокөлiк құралының жүксiз жабдықталған салмағы;

      11) жүру жолындағы бақылаушы органдардың бланкiнiң үзбелік бөлiгiнде орналасқан белгiлерi мен мөрiне арналған орындар;

      12) бланкiнi пайдалану бойынша негiзгi нұсқаулар;

      13) бланкінің негізгі және үзбелі бөліктеріндегі штрих-коды.

      68. Автокөлiк құралдарының жүрiп өтуi кезiнде бақылаушы органның белгiсi бар отандық рұқсат бланкiсiнiң үзбелі бөлiгi бақылаушы органда қалады және аумақтық органдарға жiберiледi.

      69. Отандық тасымалдаушыларға шетелдiк рұқсат бланкiлерiн беру сенiмхат болған жағдайда жүкқұжаттар бойынша (серияларын және шетелдiк рұқсаттардың нөмiрлерiн көрсете отырып) жүзеге асырылады.

      70. Жыл сайын 5 қаңтарға дейiнгi мерзiмде аумақтық мемлекеттік кірістер органдары пайдаланылмаған отандық рұқсаттарды алынған орны бойынша аумақтық органға қайтаруды жүзеге асырады.

      71. Мемлекеттік аумақтық кірістер органдары ай сайын үшiншi күннен кешiктiрмей аумақтық органдарға Қазақстан Республикасының аумағы арқылы шетелдік автокөлiк құралдарының жүрiп өтуi бойынша есептi және шетелдік автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлiк құралдарының жүрiп өткенi үшiн алымды төлегенi туралы түбiртектерi бар жүкқұжаттардың көшiрмелерiн ұсынады.

  Қазақстан Республикасының
халықаралық қатынастағы
автомобильмен
тасымалдауларында
рұқсат беру жүйесін
қолдану қағидаларына
1-қосымша

      Нысаны_____________________________________________________________

                        (көліктік бақылау органының атауы)

      Жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауға, жүктерді тасымалдауға

      шетелдік рұқсатты алуға сұрау салу

      ___________________________________________________________________

      (дара кәсіпкердің Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы)

      ЖСН/БСН_________________________________________________________

      Жолаушыларды облысаралық, ауданаралық (облысішілік, қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензияның болуы: лицензия №________, берілген күні ___________

      РКу №__________ қолданылу мерзімі __________

      РК №__________ қолданылу мерзімі __________

      Жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауға және жүктерді тасымалдауға мынадай шетелдік рұқсаттар беруіңізді сұраймын:

№ р/с

Ел

Рұқсат түрі

Рұқсат жылы

Рұқсат саны

Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі

(VIN) КҚ сәйкестендіру нөмірі






















      Мекенжайы ______________________________________________________________

                        (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің №, телефон, факс)

      Менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге, оның ішінде Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің _______________ аумақтық органға (БСН____________) беруге үшінші тұлғаларға келісім беремін, және жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауға, ақпараттық жүйелердегі жүктерді тасымалдауға шетелдік рұқсаттарды алу үшін қажетті заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтер.

      Дербес деректердің трансшекаралық берілуінің жоқтығы, сондай-ақ жалпыға қолжетімді көздерде дербес деректердің таралуының жоқтығы туралы хабарлаймыз.

      Жиналатын деректердің тізбесі: Т.А.Ә., ЖСН/БСН, телефон нөмірі, тіркеу мекенжайы

      __________________________________________________________________________

                                    Т.А.Ә. (қолы)

      Аббревиатураларды ашып жазу:

      Т.А.Ә. (ол болған кезде) – тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН - жеке сәйкестендіру нөмірі;

      РКу- жүктерді халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсатты куәландыру (жүктерді тасымалдау үшін);

      РК - ұсынылған автокөлік құралына рұқсат карточкасы (жүктерді тасымалдау үшін);

      VIN – Ккөлік құралының сәйкестендіру нөмірі.

  Қазақстан Республикасының
халықаралық қатынастағы
автомобильмен
тасымалдауларында
рұқсат беру жүйесін
қолдану қағидаларына
2-қосымша

"Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағы бойынша жүріп өтуіне рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі:

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: "Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағы бойынша жүріп өтуіне рұқсат беру". Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы:
1) Жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауға бланкілер беру;
2) Жүк тасымалдарына бланкілер беру.

1

Көрсетілетін қызметті беруші

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары.

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

Барлық кіші түрлері бойынша порталы арқылы.
Барлық кіші түрлері бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" Комерциалық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы беру.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу орны туралы хабарлама-20-40 минут ішінде;
Мемлекеттік корпорацияға шетелдік рұқсатты ресімдеу және беру - 1 (бір) жұмыс күні ішінде.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Барлық кіші түрлері бойынша: электрондық (жартылай автоматтандырылған) /қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауға және жүктерді тасымалдауға шетелдік рұқсат қағаз.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Қызмет ақылы негізде көрсетіледі.
Халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шығуы үшін алым "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 554-бабы 2-тармағында белгіленген алым мөлшерлемесі бойынша бюджетке төленеді және алым соммасы келесі көрсеткішті құрайды: 1-еселенген мөлшері айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК);
Алым сомасын төлеу "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.

7

Көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорация және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) Көрсетілетін қызметті берушінің - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) Мемлекеттік корпорация-дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету бөлімдерінің кезекшілері дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа.
3) порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша көрсетіледі.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін Көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін қажетті құжаттар тізбесі мен мәліметтері

Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес сұрау салу.
Автокөлік құралы ауыстырылған жағдайда бұрын берілген шетелдік рұқсатқа осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мәліметтер талап етіледі.
Жүктерді тасымалдауға қосымша шетелдік рұқсат қажет болған жағдайда бұрын берілген шетелдік рұқсатқа осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес мәліметтер талап етіледі.
Сұрау салу кезінде жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жылжымалы мүлікке құқық белгілейтін құжаттар, жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру туралы куәлік, автокөлік құралдарына рұқсат беру карточкалары, жолаушыларды халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, лицензия туралы мәліметтер, халықаралық қатынаста жүк тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының ЭҮТШ төлеген жағдайда алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжат, көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады".
Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін өзге де талаптар.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
1) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

  Қазақстан Республикасының
халықаралық қатынастағы
автомобильмен
тасымалдауларында
рұқсат беру жүйесін
қолдану қағидаларына
3-қосымша

      Нысаны ___________________________________________________________________

      (көліктік бақылау органының атауы)

      Бұрын берілген шетелдік рұқсатқа автокөлік құралын ауыстыруға сұрау салу

      __________________________________________________________________________

      (дара кәсіпкердің Т.А.Ә.немесе заңды тұлғаның атауы)

      ЖСН/БСН________________________________________________________

      Бұрын алынған шетелдік рұқсатты сұрау салудың №_____________________

      Ұсынылған автокөлік құралына РК№______ қолданылу мерзімі _______

      Автокөлік құралын ауыстыруды сұраймын МТНБ -*_________ арналған

      МТНБ________ с VIN _______:

№ р/с

Ел

Рұқсат түрі*

Рұқсат жылы*

Рұқсат саны*

Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі*

(VIN)* КҚ сәйкестендіру нөмірі






















      * Мәліметтер бұрын мақұлданған сұраудан алынады

      Мекенжайы _______________________________________________________________

                        (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің №, телефон, факс)

      Менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге, оның ішінде Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің _______________ аумақтық органға (БСН____________) беруге үшінші тұлғаларға келісім беремін, және жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауға, ақпараттық жүйелердегі жүктерді тасымалдауға шетелдік рұқсаттарды алу үшін қажетті заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтер.

      Дербес деректердің трансшекаралық берілуінің жоқтығы, сондай-ақ жалпыға қолжетімді көздерде дербес деректердің таралуының жоқтығы туралы хабарлаймыз.

      Жиналатын деректердің тізбесі: Т.А.Ә., ЖСН/БСН, телефон нөмірі, тіркеу мекенжайы

      __________________________________________________________________________

                                          Т.А.Ә. (қолы)

      Аббревиатураларды ашып жазу:

      Т.А.Ә. (ол болған кезде) – тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН - жеке сәйкестендіру нөмірі;

      РКу- жүктерді халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсатты куәландыру (жүктерді тасымалдау үшін);

      РК - ұсынылған автокөлік құралына рұқсат карточкасы (жүктерді тасымалдау үшін);

      МТНБ – мемлекеттік тіркеу нөмерлік белгісі;

      VIN –көлік құралының сәйкестендіру нөмірі.

  Қазақстан Республикасының
халықаралық қатынастағы
автомобильмен
тасымалдауларында
рұқсат беру жүйесін
қолдану қағидаларына
4-қосымша

      Нысаны ______________________________________________________________

      (көліктік бақылау органының атауы)

      Жүктерді тасымалдауға қосымша шетелдік рұқсат алу туралы сұрау салу

      __________________________________________________________________________

                  (дара кәсіпкердің Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы)

      ЖСН/БСН_________________________________________________________

      Бұрын алынған шетелдік рұқсатты сұрау салудың №_____________________

      Жүк автокөлік құралына жүктерді тасымалдауға келесі шетелдік рұқсаттарды қосымша беруіңізді сұраймын МТНБ ____ VIN* ___:

№ р/с

Ел

Рұқсат түрі*

Рұқсат жылы*

Рұқсат саны*

(Рұқсаттар саны
(екіден көп емес)



















      * Мәліметтер бұрын мақұлданған сұраудан алынады

      Мекенжайы __________________________________________________________

                        (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің №, телефон, факс)

      Менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге, оның ішінде Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің _______________ аумақтық органға (БСН____________) беруге үшінші тұлғаларға келісім беремін, және жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауға, ақпараттық жүйелердегі жүктерді тасымалдауға шетелдік рұқсаттарды алу үшін қажетті заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтер.

      Дербес деректердің трансшекаралық берілуінің жоқтығы, сондай-ақ жалпыға қолжетімді көздерде дербес деректердің таралуының жоқтығы туралы хабарлаймыз.

      Жиналатын деректердің тізбесі: Т.А.Ә., ЖСН/БСН, телефон нөмірі, тіркеу мекенжайы

      ______________________________________________________________________

                                    Т.А.Ә. (қолы)

      Аббревиатураларды ашып жазу:

      Т.А.Ә. (ол болған кезде) – тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН - жеке сәйкестендіру нөмірі;

      РКу- жүктерді халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсатты куәландыру (жүктерді тасымалдау үшін);

      РК - ұсынылған автокөлік құралына рұқсат карточкасы (жүктерді тасымалдау үшін);

      МТНБ – мемлекеттік тіркеу нөмерлік белгісі;

      VIN – көлік құралының сәйкестендіру нөмірі.

  Қазақстан Республикасының
халықаралық қатынастағы
автомобильмен
тасымалдауларында
рұқсат беру жүйесін
қолдану қағидаларына
5-қосымша

      Нысаны _____________________________________________________________

                              (көліктік бақылау органының атауы)

      Күнтiзбелiк бiр жылға қолдану мерзiмiмен жолаушылар мен багажды тұрақты

      тасымалдауға арналған шетелдік рұқсатты алуға сұрау салу

      __________________________________________________________________________

      (дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы)

      ЖСН/БСН__________________________________________________________

      Шетелдік тасымалдаушымен бірлескен қызмет туралы шарт: шарттың

      №________ және жасалған күні ____________

      Жолаушыларды облысаралық, ауданаралық (облысішілік, қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензияның болуы: лицензия №________, берілген күні ___________

      Жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауға және жүктерді тасымалдауға мынадай шетелдік рұқсаттар беруіңізді сұраймын:

№ р/с

Маршрут

Көлік құралының түрі/(класс)

Көлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі













      Мекенжайы__________________________________________________________

                        (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің №, телефон, факс)

      Менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге, оның ішінде Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің _______________ аумақтық органға (БСН____________) беруге үшінші тұлғаларға келісім беремін және күнтiзбелiк бiр жылға қолдану мерзiмiмен жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсат алу үшін қажетті заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтер.

      Дербес деректердің трансшекаралық берілуінің жоқтығы, сондай-ақ жалпыға қолжетімді көздерде дербес деректердің таралуының жоқтығы туралы хабарлаймыз.

      Жиналатын деректердің тізбесі: Т.А.Ә., ЖСН/БСН, телефон нөмірі, тіркеу мекенжайы

      ________________________________________________________________________

                                          Т.А.Ә. (қолы)

      Аббревиатураларды ашып жазу:

      Т.А.Ә. (ол болған кезде) – тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН - жеке сәйкестендіру нөмірі.

  Қазақстан Республикасының
халықаралық қатынастағы
автомобильмен
тасымалдауларында
рұқсат беру жүйесін
қолдану қағидаларына
6-қосымша

"Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағы бойынша жүріп өтуіне рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі:

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: "Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағы бойынша жүріп өтуіне рұқсат беру".

1

Көрсетілетін қызметті беруші

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары.

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

Портал арқылы.
"Азаматтарға арналған үкімет" комерциалық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы беру.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу орны туралы хабарлама-20-40 минут ішінде;
Мемлекеттік корпорацияға шетелдік рұқсатты ресімдеу және беру - 1 (бір) жұмыс күні ішінде.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (жартылай автоматтандырылған)/қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Қолданылу мерзімі күнтізбелік бір жыл болатын жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға шетелдік рұқсаты қағаз түрінде.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Көрсетілетін қызмет ақылы негізде көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес күнтізбелік бір жылға шетелдік рұқсатты ала отырып, тұрақты негізде халықаралық қатынаста жолаушылар мен багажды тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шығуы үшін алым "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 554- бабы 2-тармағында белгіленген алым мөлшерлемесі бойынша бюджетке төленеді және алым соммасы келесі көрсеткішті құрайды: 10-еселенген мөлшері айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК);
"Электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы алым сомасын төлеу.

7

Көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорация және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) Көрсетілетін қызметті берушінің - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) Мемлекеттік корпорация-дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету бөлімдерінің кезекшілері дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа.
3) порталда-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша көрсетіледі.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін Көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін қажетті құжаттар тізбесі мен мәліметтері

Осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес сұрау салу.
Сұрау салу кезінде жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жылжымалы мүлікке құқық белгілейтін құжаттар, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензияны, жолаушылар мен багажды халықаралық қатынаста ЭҮТШ арқылы тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжат туралы мәліметті көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы алады".

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
1) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.