Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 353 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 21 шілдеде № 11704 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 23-11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):

      1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырыуын;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралар туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ________________ Б. Сұлтанов

      2015 жылғы 29 мамыр

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ________________ Е. Досаев

      2015 жылғы 10 маусым



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
Министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 353 бұйрығымен бекітілді

Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен
тасымалдарында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдарында рұқсат беру жүйесiн қолдану қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) "Автомобиль көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шiлдедегi Заңының 13-бабының 23-11) тармақшасына (бұдан әрi - Заң) сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдарында рұқсат беру жүйесiн қолдану тәртiбiн айқындайды.

      2. Қағидалар меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде мынадай автокөлiк құралдарына иелiк ететiн отандық және шетел тасымалдаушыларына қолданылады:

      1) автобустар, шағын автобустар;

      2) жүк автомобильдерi (олардың тiркеменi қосқанда рұқсат етiлетiн жалпы салмағы 6 тоннадан астам немесе тiркеменi қосқанда рұқсат етiлетiн пайдалы жүктемесi 3,5 тоннадан астам);

      3) мамандандырылған автомобильдер (белгiлi бiр жүк түрiн тасымалдауға арналған);

      4) арнайы автомобильдер (әртүрлi, көбiнесе көлiктiк емес жұмыстарды орындауға арналған).

      3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) автокөлiк құралдарына рұқсат беру карточкасы - автокөлiк құралын жүктердiң халықаралық автомобиль тасымалдарында пайдалануға рұқсат беретiн құжат;

      2) жолсапар - автокөлiк құралдарының жөнелту пунктiнен межелi пунктiне жүруi және жөнелту пунктiне керi оралуы;

      3) жүктердiң халықаралық автомобильмен тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлiгi - Қазақстан Республикасының автомобиль тасымалдаушыларына жүктердiң халықаралық автомобильмен тасымалдарын жүзеге асыруға құқық беретiн құжат;

      4) алып тасталды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 25.07.2017 № 495 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5) отандық рұқсат - Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттің тасымалдаушыларына Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өтуіне рұқсат (келуге, кетуге және транзитпен жүріп өтуіне әмбебап рұқсат, сондай-ақ үшінші елдердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына немесе Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдердің аумағына тасымалдаулар);

      6) отандық тасымалдаушы – Қазақстан Республикасы ратификациялаған, Қазақстан Республикасы мен шетел мемлекеттер арасындағы халықаралық автомобильді қатынастар туралы халықаралық келісімшарттарына сәйкес шетел мемлекет аумағындағы халықаралық автомобильді тасымалдауды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;

      7) рейс - автокөлiк құралдарының жөнелту пунктiнен межелi пунктiне дейiн жүрiп өтуi;

      8) рұқсат беру құжаты - Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүру құқығын растайтын құжат (отандық немесе шетелдiк рұқсат, арнайы рұқсат);

      9) рұқсат бланкiлерiмен алмасу квотасы (бұдан әрi - алмасу квотасы) - шет мемлекеттермен алмасу үшiн келiсiлген шетелдiк рұқсаттардың саны;

      10) транзиттiк жүрiп өту (транзит) - жөнелту және межелi пункттерi осы мемлекеттiң аумағынан тыс орналасқан мемлекеттiң аумағы арқылы жүкпен немесе жүксiз автокөлiк құралдарының жүрiп өтуi;

      11) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті;

      12) үшінші елдердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына немесе Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдердің аумағына тасымалдаулар - автокөлiк құралының тiркелу мемлекетi болып табылмайтын екi мемлекет арасында жолаушыларды, багажды немесе жүктердi тасымалдау;

      13) шетелдiк рұқсат - Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағымен жүріп өтуіне рұқсат (келуге, кетуге және транзитпен жүріп өтуіне әмбебап рұқсат, сондай-ақ екінші елдің аумағынан үшінші елдің аумағына тасымалдаулар);

      14) шетелдік тасымалдаушы – Қазақстан Республикасы ратификациялаған, Қазақстан Республикасы мен шетел мемлекеттер арасындағы халықаралық автомобильді қатынастар туралы халықаралық келісімшарттарына сәйкес шетел мемлекет аумағындағы халықаралық автомобильді тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдік жеке және заңды тұлғалар.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 25.07.2017 № 495 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлiк құралдарының жүрiп өтуiне рұқсат беру жүйесi Заңда, Қазақстан Республикасы ратификациялаған Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттер арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы халықаралық шарттарда (бұдан әрi - Келiсiм) және осы Қағидаларда айқындалады.

      5. Жолаушыларды, багажды және жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлiк құралдарының шет мемлекеттiң аумағына (аумағынан) кiруi (шығуы), шет мемлекеттiң аумағы арқылы транзитi мынадай түрлердегi шетелдiк рұқсаттардың негiзiнде жүзеге асырылады:

      1) жүктер тасымалына арналған шетелдiк рұқсаттар;

      2) жолаушыларды және багажды тұрақты емес тасымалдауға арналған шетелдiк рұқсаттар;

      3) күнтiзбелiк бiр жылға қолдану мерзiмiмен жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдiк рұқсаттар.

      6. 1992 жылы 26 қыркүйекте жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қытай Халық Республикасының Үкiметi арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы келiсiмге сәйкес отандық тасымалдаушылар Қытай Халық Республикасының аумағына автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезiнде мыналар қажет:

      1) жолаушылар (туристерді қоса алғанда) мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды орындаған кезде, отандық тасымалдаушыға тасымалды жөнелту пунктiнен межелi пунктке дейiн күнтiзбелiк бiр жыл қолдану мерзiмiмен "А" түрiнiң рұқсаты;

      2) тура және керi бiр рейстi орындауға құқығы бар өткізу пункттері ауданында шекара маңындағы терминалдар арасында жолаушылар (туристерді қоса алғанда) мен багаждың тұрақты емес автомобиль тасымалын орындау кезiнде "В" түрiнiң рұқсаты;

      3) тура және керi бiр рейстi орындауға құқығы бар өткізу пункттері ауданында шекара маңындағы терминалдар арасында жүктерді автомобиль көлiгiмен тасымалдау кезiнде "С" түрiнiң рұқсаты;

      4) анықталған маршруттар бойынша жүктерді автомобиль көлігімен тура және кері бір рейсті орындау құқығымен тасымалдау кезінде "D" түрiнiң рұқсаты.

      "А", "В", "С", "D" түрiндегi рұқсаттар ағымдағы жылғы 31 желтоқсанға дейiн қолданылады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 25.07.2017 № 495 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен
тасымалдарында рұқсат беру жүйесін қолдану тәртібі
1-параграф. Шетелдік рұқсаттарды алмасу және үлестіру квотасын айқындау

      7. Өкілетті органның аумақтық органдары (бұдан әрі - аумақтық органдар) жыл сайын 10 тамызға дейінгі мерзімде бұқаралық ақпарат құралдары және интернет-ресурстар арқылы шетелдік рұқсаттамаларға жылдық өтінімдерді қабылдаудың басталуы туралы отандық тасымалдаушыларды хабарландырады.

      Жылдық өтінімдерді отандық тасымалдаушылар "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) немесе www.elicense.kz "Е-лицензиялау" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы беріледі.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 19.01.2016 № 16 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      8. Отандық тасымалдаушылардан жылдық өтінімдер жыл сайын 30 қыркүйекке дейінгі мерзімде қабылданады.

      Жылдық өтiнiмде:

      1) отандық тасымалдаушының жеке сәйкестендiру нөмiрi немесе бизнес сәйкестендiру нөмiрi және атауы;

      2) елдер және орындалатын тасымалдардың түрлерi бөлiнiсiнде шетелдiк рұқсаттарды ықтимал пайдаланудың саны қамтылады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 25.07.2017 № 495 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Алмасу квотасы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің (бұдан әрi – Министрлік) интернет-ресурсында орналастырылады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 25.07.2017 № 495 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Шетелдік рұқсат бланкілерімен алмасу квотасын белгілеу мәселесі бойынша тиісті мемлекеттердің құзыретті органдарымен келіссөздер жүргізуді қамтамасыз ету үшін уәкілетті орган ағымдағы жылғы 10 қазанға дейінгі мерзімде отандық тасымалдаушылардың шетелдік рұқсаттарға деген қажеттілігінің саны туралы жалпы жиынтық жылдық өтінімді қалыптастырады.

      11. Уәкілетті орган шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен рұқсат құжаттармен алмасу квотасын және олардың қолданылу мерзімін келіседі.

      12. Уәкілетті орган шет мемлекеттердiң құзыреттi органдарына отандық рұқсат бланкiлерiн, оның iшiнде үшiншi елдерге (елдерден) тасымалдауды орындауға рұқсаттар берудi, отандық тасымалдаушылар үшiн шетелдiк рұқсаттарды шетелдiк құзыреттi органдармен жүргiзiлген келiссөз хаттамаларында ескерiлген мөлшерде алуды жүзеге асырады.

      13. Шетелдiк рұқсаттар аумақтық органдарға бөлуге жатады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 25.07.2017 № 495 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Шетелдiк рұқсаттар отандық тасымалдаушылардың арасында, шетелдiк рұқсаттың бланкiлерiн алуға өтiнiмдер түсуiне орай олардың қолданысындағы жылжымалы құрамын ескере отырып бөлуге жатады.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 25.07.2017 № 495 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Аумақтық органдармен шет мемлекеттердiң құзыреттi органдарымен келiсiлген, белгiленген маршруттар мен осы маршруттар бойынша жүру кестесiн ескере отырып, күнтiзбелiк бiр жыл қолдану мерзiмiмен жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдуға арналған шетелдiк рұқсаттарды үлестiредi.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 25.07.2017 № 495 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Аумақтық органдар бөлiнiсiнде үлестiрiлген шетелдiк рұқсаттардың саны туралы мәлiметтер Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылады.

      17. Алып тасталды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 25.07.2017 № 495 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Отандық тасымалдаушылардың шетелдiк рұқсаттардың бланкiлерiне қажеттігі туындаған жағдайда уәкілетті органмен шет мемлекеттiң уәкiлеттi органдарымен хат алмасу арқылы ағымдағы жылға тиiстi шетелдiк рұқсат бланкiлерiмен алмасу квотасын келiседi.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 25.07.2017 № 495 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-параграф. Отандық тасымалдаушыларға шетелдiк рұқсаттарды беру

      19. Отандық тасымалдаушыларға шетелдiк рұқсаттарды ресiмдеудi және берудi аумақтық органдар жүзеге асырады.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 25.07.2017 № 495 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      20. Алып тасталды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 25.07.2017 № 495 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. Шетелдiк рұқсаттарды алуға арналған өтiнiмдердi аумақтық органдар өтiнiмдердi алған күннен бастап өтiнiм берушiге хабарлай отырып, екi жұмыс күні мерзімінде қарайды.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 25.07.2017 № 495 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Аумақтық органдар отандық тасымалдаушыларға шетелдiк рұқсаттарды:

      1) халықаралық автомобильдік тасымалдауын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігі;

      2) жүктердің тасымалын жүзеге асыру кезінде ұсынылған автокөлік құралдарына рұқсат беру карточкасы;

      3) жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензиясы болған кезде бередi.

      23. Алып тасталды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 25.07.2017 № 495 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24. Отандық тасымалдаушы күнтiзбелiк бiр жыл қолдану мерзiмiмен жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдiк рұқсаттарға жылдық өтiнiмдердi берген кезде маршрутта пайдалануға жататын жылжымалы құрамның түрi (класы) және мемлекеттiк тiркеу нөмiрлiк белгiлерi туралы мәлiметтердi жiбередi, сондай-ақ мынадай құжаттар қоса берiледi:

      1) шетелдiк тасымалдаушымен бiрлескен қызмет туралы шарттың көшiрмесi;

      2) көрсетiлген көлiк құралдары жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаудың басқа маршруттарында iске тартылмауы туралы мәлiмделген автобустар мен шағын автобустардың тiркелген жергiлiктi атқарушы органдарының жазбаша растауы.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 25.07.2017 № 495 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      25. Шетелдік рұқсаттарды алуға өтінім отандық тасымалдаушылардың тіркелген орны бойынша аумақтық органда қаралады.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 25.07.2017 № 495 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      26. Отандық тасымалдаушылар шетелдік рұқсаттамаларды алу үшін өтінімдерді Мемлекеттік корпорация немесе портал арқылы береді.

      Отандық тасымалдаушылар күнтiзбелiк бiр жыл қолдану мерзiмiмен жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдiк рұқсаттарды алуға арналған өтiнiмдердi аумақтық органға береді.

      Өтінімдерді қарау, сондай-ақ берілетін шетелдік рұқсаттамалар санын есептеу шетелдік рұқсаттамалар бланкілерін таратудың автоматты үйлестіру жүйесін пайдалана отырып жүзеге асырылады.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 25.07.2017 № 495 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      27. Отандық тасымалдаушыларға шетелдiк рұқсаттарды беру аумақтық органға "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексiнде (Салық кодексi) (бұдан әрі – Салық кодексі) белгiленген ставкалар бойынша Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өткенi үшiн алым сомасын төлегенi туралы төлем құжаты түскен күнiнен бастап бiр жұмыс күнi мерзімiнде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 25.07.2017 № 495 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      28. Отандық тасымалдаушы алған шетелдiк рұқсаттарды осы отандық тасымалдаушының рұқсат карточкасында көрсетiлген автокөлiк құралына, сондай-ақ қайта алынған және Қазақстан Республикасының аумағына айдап әкелiнген автокөлiк құралына қолданады.

      29. Күнтiзбелiк бiр жыл қолдану мерзiмiмен жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдiк рұқсаттарды қоспағанда, отандық тасымалдаушы пайдаланған шетелдiк рұқсаттар жол жүру аяқталғаннан кейiн бiр ай iшiнде, ал пайдаланылмағаны – олардың қолданылу мерзiмдерi аяқталған күннен бастап күнтiзбелiк жиырма күннен кешiктiрмей олар берiлген жер бойынша аумақтық органға қайтаруға жатады.

      Күнтiзбелiк бiр жыл қолдану мерзiмiмен жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдiк рұқсаттар олардың қолдану мерзiмдерi аяқталған күннен бастап күнтiзбелiк жиырма күннен кешiктiрмей аумақтық органға қайтаруға жатады.

      Отандық тасымалдаушылар шетелдiк рұқсаттарды осы рұқсаттарды қоса бере отырып, қайтару күнi, шетелдiк рұқсаттардың нөмiрi көрсетiлген, еркiн нысанда жасалған iлеспелi хатпен қайтарады.

      Елдер және түрлер бөлінісінде отандық тасымалдаушыдан шетелдік рұқсаттарды алуға өтінімдерді қарау кезінде, мәлімделген шетелдік рұқсаттар саны осы Қағидаларда белгіленген мерзімде жоғалған және (немесе) қайтарылмаған шетелдік рұқсаттарының санына мөлшерлес азайтылады.

      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 25.07.2017 № 495 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      30. Қайтарылған шетелдiк рұқсаттар аумақтық органдарында бір жыл бойы сақталады.

      31. Аумақтық органдар қайтарылған және жоғалған шетелдiк рұқсаттардың есебiн елдер бөлiнiсiнде жүргiзедi.

      Шетелдiк қайтарылған және жоғалған рұқсаттардың есебi көлiктiк деректер қорының ақпараттық талдау жүйесiн және тасымалдау қауiпсiздiгi серпiнiнiң мониторингiнде (бұдан әрi – КДҚ АТЖ) жүзеге асырылады және мынадай мәлiметтердi қамтиды:

      1) жеке сәйкестендiру нөмiрi немесе бизнес сәйкестендiру нөмiрi;

      2) отандық тасымалдаушының атауы;

      3) рұқсат түрi;

      4) рұқсаттың қолданылу мерзiмi;

      5) рұқсаттың қайтарылған күнi.

      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 25.07.2017 № 495 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      32. Аумақтық органдар отандық тасымалдаушылардан өтiнiмдер түсуiне қарай КДҚ АТЖ пайдалана отырып, белгiленген мерзiмде қызмет көрсетудi, сондай-ақ қайтарылған шетелдiк рұқсаттар туралы мәлiметтердi бір жұмыс күні ішінде енгiзудi қамтамасыз етедi.

      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 25.07.2017 № 495 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      33. Мынадай жағдайларда отандық тасымалдаушыларға шетелдiк рұқсаттарды беруден бас тартылады:

      1) осы Қағидалардың 22 және 24-тармақтарында көзделген құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтаған;

      2) ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;

      3) шетелдiк рұқсаттардың аумақтық органда болмаған.

      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 25.07.2017 № 495 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      34. Отандық тасымалдаушыға шетелдiк рұқсат берiлген кезде бланкiнiң тиiстi бағандарына тасымалдаушының атауы, заңды мекенжайы жазылады және мөр (мөртабан) басылып, рұқсат берген тұлғаның қолы қойылады.

      Күнтiзбелiк бiр жыл қолдану мерзiмiмен жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдiк рұқсат берiлген кезде бланктiң тиiстi бағандарына тасымалдаушының атауы, заңды мекенжайы, автокөлiк құралының маркасы мен мемлекеттiк нөмiрi, жүру маршруты жазылады және мөр (штамп) басылып, рұқсат берген адамның қолы қойылады.

      Шетелдiк рұқсаттарда түзетулерге жол берiлмейдi.

3-параграф. Шетелдiк тасымалдаушыларға отандық рұқсаттарды беру

      35. Отандық рұқсаттар шетелдiк тасымалдаушыларға тиiстi жылға айырбасталған рұқсаттар есебiнен олардың мемлекеттерiнiң құзыреттi органдары бередi.

      Егер халықаралық шарттарда өзгеше ескерілмеген болса, осы Қағидалардың 11-тармағына сәйкес отандық рұқсаттардың қолданылу мерзімін автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган анықтайды.

      36. Отандық рұқсат, оның ішінде бірінші рейстің тасымалы жүзеге асырылған мемлекеттің аумағына Қазақстан Республикасының аумағынан кері бағытта жолшыбай жүк арту жағдайында бір жолсапар үшін жарамды болады.

      "А", "D" түріндегі отандық рұқсаттар жөнелту пунктінен межелі пунктке дейін жарамды, "В" мен "С" түріндегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан 90 километрге дейін шегінде орналасқан шекара маңы терминалдарына дейін жарамды.

      Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 25.07.2017 № 495 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      37. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк рейстен керi бағытта бара жатқан шетелдiк жүк автокөлiк құралына Қазақстан Республикасының аумағында iлеспе жүк тиеуге Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүрiп өтуi үшiн қосымша рұқсаты болған кезде ғана рұқсат етiледi.

      Егер автокөлік құралы тіркелген елге тасымалдау жоспарланған болса, Қазақстан Республикасының аумағынан шығуға арналған қосымша отандық рұқсаттың болуы қажет.

      Егер тасымалдау жоспарланған болса келуге, кетуге және жүріп өтуіне әмбебап рұқсат, сондай-ақ үшінші елдердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына немесе Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдердің аумағына тасымалдауларға, қосымшасында рұқсаттың болуы қажет.

      38. Қазақстан Республикасының аумағынан автокөлік құралының тіркелу мемлекеті болып табылмайтын үшінші мемлекеттің аумағына кері бағытта бара жатқан шетелдік автокөлік құралына жолшыбай жүк артылған жағдайда, Қағидаларың 37-тармағында көзделген тасымалдауды қоспағанда, Қазақстан Республикасы аумағынан үшінші елдерге тасымалдауды орындауға арналған қосымша отандық рұқсат болуы қажет.

      39. Қазақстан Республикасы аумағына үшiншi елдерден жүк тасымалдауы жүктiң жөнелту немесе межелi пунктi болып табылмайтын елдiң аумағына жүктi асқын жүктеумен (тиеу/түсiру) Қазақстан Республикасы аумағына үшiншi елдерден тасымалды орындауға арналған рұқсат болған жағдайда жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден тасымалдау кезінде жүктің жөнелту немесе межелі пункті болып табылмайтын елдің аумағында кедендік транзит аяқталмаған жүкті қазақстандық автокөлік құралына, және бастапқы тасымалдаушының тіркеу елінде тіркелмеген автокөлік құралына аударып тиеуге жол берілмейді.

      Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 25.07.2017 № 495 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      39-1. Шетелдік автокөлік құралының тіркелу елінің аумағындағы заңнамаға сәйкес құрылған және тіркелген, үшінші елдердің кәсіпорындары мен филиалдарында өндірілетін жүктердің тасымалын жүзеге асыру кезінде, үшінші елдерден/елдерге отандық рұқсаттар осы тасымалдардың мынадай ілеспе құжаттарымен расталған жағдайларда талап етілмейді:

      халықаралық көліктік жүкқұжаты (CMR);

      тауардың шығарылуы туралы сертификаты;

      жүк жөнелтушінің немесе жүк алушының шетелдік тасымалдаушыға жүк тасымалына тапсырысы;

      шот-фактура (инвойс);

      ветеринарлық сертификат, фитосанитарлық сертификат, өнімдердің (тауарлардың) санитарлық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға (қажет болған жағдайда) сәйкестігі бөлігінде қауіпсіздікті растайтын құжат.

      Бұл ретте, осы тасымал Қазақстан Республикасының аумағына кіруге отандық рұқсат негізінде жүзеге асырылады.

      Шетелдік автокөлік құралдарының тіркелу елінің аумағындағы заңнамаға сәйкес тіркелген үшінші елдердің кәсіпорындары мен филиалдарының тізбесі туралы уәкілетті органды тасымалдау басталғанға дейін тиісті шет мемлекеттің құзыретті органы хабардар етеді.

      Ескерту. 3-параграф 39-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 25.07.2017 № 495 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      40. Автокөлік құралы тіркелген елдегі жүктерді қайта тиеу (тиеу/түсіру) арқылы Қазақстан Республикасының аумағына үшiншi елдерден жүктерді тасымалдауды басқа (әуе, теміржол, теңіз) көлік түрімен жүзеге асыру кезінде көрсетілген тасымалдар ілеспе құжаттармен (халықаралық көліктік жүкқұжат (CMR), шот-фактура (инвойс), коносамент, Халықаралық жолдық тасымалдау кітапшасы, фитосанитариялық сертификат және халықаралық автомобиль тасымалдарын іске асыру кезінде пайдаланылатын және автокөлік құралын тиеу орнын растайтын және осындай тасымалдауда оларға еріп жүретін басқа да құжаттар) расталған жағдайда, үшінші елдерге/елдерден отандық рұқсат қағаз талап етілмейді. Бұл ретте осы тасымалдау Қазақстан Республикасының аумағына кіруге арналған отандық рұқсаттардың негізінде асырылады.

      41. Қазақстан Республикасының аумағына жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру кезінде тартқышты немесе жүк автомобилін тасымалдаушының тіркеу мемлекетінде тіркелген басқа тартқышқа немесе жүк автомобиліне ауыстырып тіркеуге рұқсат етіледі.

      Жүру жолындағы тасымалдаушыны ауыстыру оның аумағында тасымалдаушыны ауыстыру жүзеге асырылса, келесі тасымалдаушының деректерін халықаралық көлік жүкқұжатына (CMR), Халықаралық жолдарда тасымалдау және кеден органының рұқсат кітапшасына енгізген жағдайда рұқсат етіледі.

      Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 25.07.2017 № 495 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      42. Шетел тасымалдаушысында тасымалдаушының тіркеу мемлекетінің құзыретті органы растаған рұқсат бланкісі болмаған жағдайда, жүкті отандық көлік құралына қайта тиеуге әкiмшiлiк жаза туралы қаулы орындалғаннан кейін рұқсат етіледі.

      43. Өз мемлекетiнiң тiркеу және айырым белгiсiнсiз Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк жол жүретiн шетелдiк автокөлiк құралының жүрiп өтуi, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше ескерiлмесе, Салық кодексiмен белгiленген ставкалар бойынша Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлiк құралдарының жүрiп өтуi үшiн алым сомасы төленгеннен кейiн уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының аумағындағы көлiктiк бақылау бекеттерiнде немесе мемлекеттік кіріс органдары Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы автокөлiк құралдарын өткiзу пункттерiнде беретiн транзиттiк жол жүруге арналған рұқсат негiзiнде жүзеге асырылады.

      Жүктi немесе жолаушыларды үшінші елдердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына немесе Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдердің аумағына тасымалдауларға көрсетiлген автокөлiк құралдарымен тасымалдауды жүзеге асыруға жол берiлмейдi.

      Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға арналған, оның iшiнде жүгi бар автокөлiк құралдарын айдап өту кезiнде iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралдарының жүрiп өтуiне арнайы рұқсаттарды қоспағанда, рұқсат беру құжаттары талап етiлмейдi.

      44. Мемлекеттерiмен рұқсат беру құжаттарының бланкiлерiн тепе-тең айырбастау жүргiзiлмеген шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк жол жүруi, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше ескерiлмесе, Салық кодексiмен белгiленген ставкалар бойынша Қазақстан Республикасының аумағымен автокөлiк құралдарының жүрiп өтуi үшiн алым сомасы төленгеннен кейiн уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының аумағындағы көлiктiк бақылау бекеттерiнде немесе мемлекеттік кіріс органдары Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы автокөлiк құралдарын өткiзу пункттерiнде беретiн транзиттiк жол жүруге арналған рұқсат негiзiнде жүзеге асырылады.

      Егер келiсiмдерде Қазақстан Республикасының аумағына шетелдiк автокөлiк құралдарының кiруi (шығуы) үшiн рұқсат бланкiлерiн сату көзделетiн болса, шетелдiк тасымалдаушылар көлiктiк бақылау функцияларын жүзеге асыратын құзыреттi органдардан тиiстi рұқсатқа сұрау салады.

      Көрсетiлген рұқсат оған Кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы автокөлiк құралдарын өткiзу пункттерiнде, теңiздегi өткiзу пункттерiнде немесе Қазақстан Республикасының аумағындағы көлiктiк бақылау бекеттерiнде Салық кодексiнде белгiленген ставкалар бойынша автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүрiп өтуi үшiн алым сомасы төленгеннен кейiн берiледi.

      45. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүріп өту құқығын растайтын отандық рұқсат беру құжаттарында Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде кедендік бақылаудың аумақтық органдары немесе Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау посттарында аумақтық органдар:

      1) Қазақстан Республикасының аумағынан автокөлік құралының күнтізбелік 30 күннен аспайтын шығу мерзімін;

      2) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүріп өту маршрутын көрсетеді.

      Шетелдік автокөлік құралдарының транзиттік жүріп өтуі кезінде Қазақстан Республикасының аумағына келу және аумағынан кету мерзімдері тура да, кері де бағытта жүріп өту кезіндегі Қазақстан Республикасының аумағында нақты болу уақытымен айқындалады.

      46. Шетелдік тасымалдаушылар Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүріп өту құқығын растайтын отандық рұқсаттарда жол жүрер алдында мыналарды толтырады:

      1) тасымалдаушының атауы мен оның толық мекенжайы;

      2) автокөлік құралының нөмірі;

      3) жүкті тиеу елі;

      4) жүкті түсіру елі;

      5) тасымалданатын жүктің атауы;

      6) тасымалданатын жүктің салмағы.

      Отандық рұқсаттарда түзетулерге жол берілмейді.

      47. Бос шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүрiп өтуi Қазақстан Республикасы ратификациялаған, Қазақстан Республикасы мен шетел мемлекеттер арасындағы халықаралық автомобильдік қатынастар туралы халықаралық келісімшарттар тәртiбімен жүзеге асырылады.

      48. Көліктік бақылау органдарының хабарламаны орындағанын тексеру мақсатында шетелдік тасымалдаушылар Кеден одағының сыртқы шекарасында берілген көлік құралдарының бақыланатын параметрлерінің сәйкессіздігі, құжаттардың жоқ болуы немесе сәйкессіздігі туралы хабарламалар береді.

      48-1. Шетелдік тасымалдаушылар Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) кіру (шығу) кезінде көліктік бақылау органдарына отандық рұқсат қағаздарын осы Қағидаларда көзделген талаптарға сәйкес ресімделуін тексеру, сондай-ақ отандық рұқсат бланкісінің үзбелі бөлігін алу үшін ұсынады.

      Ескерту. 3-параграф 48-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 25.07.2017 № 495 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      49. Егер Келiсiмдерде өзгеше көзделмеген болса, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүрiп өту құқығын растайтын рұқсат беру құжаттары Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан екi пункт арасында шетелдiк автокөлiк құралдарының жолаушыларды, багажды және жүктердi тасымалдауды жүзеге асыруына құқық бермейдi.

      Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) кiрудi (шығуды), халықаралық қатынастағы жолаушылар, багаж және жүк тасымалын жүзеге асыратын үшінші елдердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына немесе Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдердің аумағына тасымалдауларға шетел автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитiн, отандық рұқсат беру құжаттарын берудi тiркеу журналында электронды түрде жүзеге асырылады.

      Журналда мынадай мәлiметтер көрсетiледi:

      1) шетел тасымалдаушысының атауы;

      2) тасымалдаушының елi;

      3) тасымалдаушының орналасқан (тұрғылықты) орны;

      4) жөнелту елi;

      5) бару елi;

      6) қатынау маршруты;

      7) автокөлiк құралының үлгiсi, маркасы;

      8) автокөлiк құралының және тiркемесiнiң нөмiрi;

      9) рұқсат түрi;

      10) рұқсатты қолдану мерзiмi;

      11) рұқсаттың берiлген күнi және нөмiрi (сериясы);

      12) рұқсатты алған күнi (рұқсат берiлген кезде);

      13) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өткенi үшiн алымды төлегенiн растайтын құжаттың нөмiрi (бар болса) және күнi, алым сомасы (рұқсатты берiлген кезде);

      14) рұқсат құжатын алу туралы тасымалдаушының қолы (қағаз түрiнде рұқсат берiлген кезде).

4-параграф. Рұқсат беру құжаттарын дайындау және есепке алу

      50. Отандық рұқсаттар бланкiлерi нысандары баспаханалық тәсiлмен дайындалады, реттiк нөмiрi және кемiнде үш қорғану дәрежесi болады.

      51. Жалпы қабылданған халықаралық нормалар мен стандарттарға сәйкес отандық рұқсат бланкiсiнде мынадай деректемелер болады:

      1) тасымалдауды жүзеге асыру құқығын рұқсат беру құжаты растайтын тасымалдау түрi;

      2) сериясы мен нөмiрi;

      3) қолданылу мерзiмi;

      4) тасымалдаушының деректемелерi;

      5) берiлген орны және күнi;

      6) құзыреттi органның қолы мен мөрi;

      7) қозғалыс маршруты;

      8) автокөлiк құралының маркасы мен мемлекеттiк нөмiрi;

      9) жүктiң атауы;

      10) автокөлiк құралының жүксiз жабдықталған салмағы;

      11) жүру жолындағы бақылаушы органдардың бланкiнiң жыртпа бөлiгiнде орналасқан белгiлерi мен мөрiне арналған орындар;

      12) бланкiнi пайдалану бойынша негiзгi нұсқаулар;

      13) бланкінің негізгі және үзбелі бөліктерінде штрих-коды.

      52. Автокөлiк құралдарының жүрiп өтуi кезiнде бақылаушы органның белгiсi бар отандық рұқсат бланкiсiнiң жыртпа бөлiгi бақылаушы органда қалады және аумақтық органдарға жiберiледi.

      53. Отандық тасымалдаушыларға шетелдiк рұқсат бланкiлерiн беру сенiмхат болған жағдайда жүкқұжаттар бойынша (деректi сериясының және шетелдiк рұқсат нөмiрiн көрсете отырып) жүзеге асырылады.

      54. Есептi кезеңнен кейiн ай сайын бесiншi күнге дейiн аумақтық органдар уәкілетті органға түрлерi және елдерi бойынша берiлген рұқсаттардың саны туралы ақпаратты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлiк құралдарының жүрiп өткенi үшiн алымның республикалық бюджетке аударылған сомасы туралы салыстыру актiсiнiң көшiрмесiн ұсынады.

      55. Жыл сайын 5 қаңтарға дейiнгi мерзiмде мемлекеттік кіріс аумақтық органдары пайдаланылмаған отандық рұқсаттарды алынған орын бойынша аумақтық органға қайтаруды жүзеге асырады.

      56. Мемлекеттік кіріс аумақтық органдары ай сайын үшiншi күннен кешiктiрмей аумақтық органдарға Қазақстан Республикасының аумағы арқылы шетел автокөлiк құралдарының жүрiп өткенi бойынша есептi және шетел автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлiк құралдарының жүрiп өткенi үшiн алымды төлегенi туралы түбiртектерi бар жүкқұжаттардың көшiрмелерiн ұсынады.