"Ішкі су көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 23-бабының 1-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Көлік министрінің 16.08.2024 № 282 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Ішкi су жолдарымен кеме қатынасын жүзеге асыратын кемелер үшін кеме құжаттарын беру және жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркелуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы |
Ж. Қасымбек |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_________________ Е. Досаев
2015 жылғы 10 сәуір
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
_________________ В. Школьник
2015 жылғы 17 сәуір
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 357 бұйрығымен бекітілген |
Ішкi су жолдарымен кеме қатынасын жүзеге асыратын кемелер
үшін кеме құжаттарын беру және жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.04.2020 № 217 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Ішкі су жолдарымен кеме қатынасын жүзеге асыратын кемелер үшін кеме құжаттарын беру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі-Қағидалар) "Ішкі су көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 23-бабының 1-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген, ішкi су жолдарымен кеме қатынасын жүзеге асыратын кемелер үшін кеме құжаттарын беру және жүргізу және "Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікті беру" мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Көлік министрінің 16.08.2024 № 282 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Ішкi су жолдарымен кеме қатынасын жүзеге асыратын кемелер үшін кеме құжаттарын беру және жүргізу тәртібі
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.04.2020 № 217 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Кеменің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
туын көтеріп жүзу құқығын және кемеге (Мемлекеттiк кеме
тiзiлiмiнде тіркелуге жататын кемелер үшін) меншік құқығын
растайтын кеме куәлігін беру
2. Кеме куәлігі кеменің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын және кемеге меншік құқығын растайды.
Кеме куәлігін кеме иесіне көлік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 51 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10400 болып тіркелген) бекітілген Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларында көзделген тәртіпте береді.
2-параграф. Шетелдiк кемеге (жалға алынған шетел кемелерiнiң
тiзiлiмiнде тiркелген кемелер үшiн) Қазақстан Республикасының
Мемлекеттiк туын көтерiп жүзуге уақытша құқық беру туралы
куәлiкті беру
3. Шетелдік кемеге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзуге уақытша құқық беру туралы куәлік кеменің Жалға алынған шетел кемелері тіркеліміне енгізілгендігін растайды.
Шетелдік кемеге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзуге уақытша құқық беру туралы куәлікті кеме иесіне көлік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 51 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10400 болып тіркелген) бекітілген Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларында көзделген тәртіпте береді.
3-параграф Кеменiң жүзуге жарамдылығы туралы куәлікті
сыныптау куәлiгiн және кеменiң мұнаймен, қалдық сулармен және
қоқыспен ластануын болғызбау туралы куәлiкті беру
4. Кеменің жүзуге жарамдылығы туралы куәлікті, сыныптау куәлігін және кеменің мұнаймен, қалдық сулармен және қоқыспен ластануын болғызбау туралы куәлікті Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитеті "Қазақстан су жолдары" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының "Кеме қатынасының тіркелімі" филиалы ішкі суларда және аралас "өзен-теңіз" суларында жүзетін кемелерге куәландыру кезінде береді.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің 16.08.2024 № 282 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Кеменiң жүзуге жарамдылығы туралы куәлік және сыныптау куәлiгi өзіне мыналарды:
1) кеменің негізгі техникалық деректерінің және оның элементтері туралы мәліметтерді;
2) куәлік берілгеннен кейін кеменің негізгі техникалық деректерінің және оның элементтерінің өзгерістері туралы мәліметтерді;
3) кемені есепке қою туралы және есептен шығару туралы мәліметтерді қамтиды.
6. Кеменің мұнаймен, қалдық сулармен және қоқыспен ластануын болғызбау туралы куәлікте кемеде бар экологиялық қауіпсіздік жабдықтары туралы мәліметтер көрсетіледі.
7. Барлық куәліктер жыл сайын расталып, 5 жыл мерзімге беріледі.
4-параграф. Өздiгiнен жүзетiн кемелер үшiн кеме журналын
(вахталық журналды) жүргізу
8. Кеме журналы (вахталық журнал) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде немесе Жалға алынған шетелдік кемелер тізілімінде тіркелген өздігінен жүретін әрбір кемеде жүргізіледі.
9. Кеме журналы (вахталық журнал) кеменің тоқтаусыз пайдалану кезеңі көрсетілген кеме құжаты болып табылады.
10. Кеме журналы (вахталық журнал) кеменің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзуге құқық алған сәтінен бастап оны көтеріп жүзу құқығы сақталған барлық кезеңі ішінде жүргізіледі.
11. Кемені тұраққа жауапты сақтауға немесе жөндеуге тапсырған кезде, кеме журналы (вахталық журнал) кемеде қалады, бірақ оны толтыру кемеде экипаж болмайтын уақытқа тоқтатылады.
12. Кеме журналындағы (вахталық журналдағы) барлық беттер нөмірленуі, тігілуі және кеме иесінің мөрімен бекітілуі тиіс.
13. Кеме журналын (вахталық журналын) вахта бастығы (капитанның вахтадағы көмекшісі) жүргізеді.
14. Мәтінді енгізген вахта бастығы оны өзгертеді және толықтырады, ал капитан тек толықтырады.
15. Кеме журналындағы (вахталық журналындағы) жазбалар мемлекеттік немесе орыс тілінде анық және ұқыпты түрде көк немесе қара түсті пастамен (немесе сиямен) жазылады.
16. Кеме журналы (вахталық журнал) оқиға болған сәтте немесе одан кейін вахта процесінде толтырылады. Жүрдек кемелердің ішкі су жолдарында жүзуі кезінде кеме журналы (вахталық журналы) аялдамада толтырылады.
17. Кеме журналының (вахталық журналының) уақыты кеме сағаты бойынша 0-ден 24 сағатқа дейін 1 минут аралықпен төрт мәнді санмен жазылады. Сағаттар минуттардан нүктемен бөлінеді.
18. Әр тәуліктің жазбасы кеме журналының (вахталық журналының) жаңа бетіне жазылады. Тәулік соңына дейін толтырылмаған кестелер, бағандар және жолдар "Z" белгісімен сызылады.
19. Навигациялық сипаттағы жазбалардың көлемін, навигациялық картадағы төсеммен және тіркеудің техникалық құралдары ақпаратымен бірге кеме бағытын қалпына келтіруге болатынын ескере отырып капитан белгілейді. Бұл ретте, картадағы төсем картаны қайталап пайдаланғанға дейін сақталады, ал өздігінен жазу таспалары – курсограмма, реверсограмма, эхограмма – екі жыл бойы сақталады.
20. Кеме орны вахталық жүру кезегі соңында, сондай-ақ капитанның немесе вахта бастығының пікірі бойынша қажетті барлық жағдайларда кеме журналында тіркеледі.
21. Жүзудің ерекше шарттары бар ауданға жақындаған кезде қалыпты іс-шаралардың орындалуы тіркелмейді.
22. Вахта бастығы өз жазбаларына лауазымын көрсете отырып қол қояды. Қол қойғаннан кейін вахта бастығы өзінің тегін көрсетеді.
23. Капитан кеме журналындағы жазбаларды бақылайды және әр беттің соңына қолын қойып куәландырады. Кемеге қатер төнген жағдайда кеме капитаны кеме журналын сақтап қалуға барлық қажетті шараларды қолданады.
24. Толтырылған кеме журналдары қызметтік құжаттамамен бірге кеме иесі мұрағатқа өткізген соң екі жыл сақталады.
25. Кеме капитаны және (немесе) вахта бастығы кеме журналына (вахталық журналға) кемеге қатысты және кеменің, кеме иесінің, жолаушылардың мүдделерін және жүкті қорғау үшін маңызы бар кез келген қосымша жазбаны енгізе алады. Өзге тұлғалардың тарапынан кеме журналындағы (вахталық журналындағы) осы туралы кез келген жазбалары мен талаптары жоққа шығарылады.
26. Күні (күні, айы, жылы) кеме журналы (вахталық журналы) айналымының әрбір сол жақ бетінде жазылады. Күнінен оңға қарай апта күні, сондай-ақ кеме уақытын санау жүйесі көрсетіледі (журналға ең алғаш жазба және өзгерту жазылғанда).
27. Екінші жолда кеме тұрағының орны (рейд, порт, жағалау атауы), ал жүзіп жүрген кемеде – жүзу ауданы (өзен, канал, су қоймасының, көл, теңіз, олардың шығанағының немесе бөлігінің атауы) көрсетіледі. Бұдан әрі жолда сол бойынша жүзу жүргізілетін немесе кеме тұрағының орны көрсетілген карта нөмірі көрсетілуі мүмкін.
28. Кеме журналы (вахталық журналы) мәліметтерді қамтиды:
1) кеменің тәулік бойы жұмысы;
2) гидрометеорологиялық деректер;
3) жүзіп өткен қашықтық;
4) навигациялық ахуалдың жай-күйі,
5) оқиғалар мен іс-қимылдар;
6) бас қозғалтқыштардың жұмысы;
7) бас қозғалтқыштардың жұмыс тәртібі;
8) көмекші қозғалтқыштардың жұмысы туралы мәліметтер қамтылуы тиіс.
Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің 16.08.2024 № 282 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.29. Кеменің тәулік бойы жұмысы туралы мәліметтерді толтыру кезінде:
1) рейс нөмірі (ол өзгерген кезде жазылып отырады);
2) іс жүзіндегі дәйектілікпен кеме аялдамаларының пункттері;
3) кеменің осы аялдама пунктіне жүзіп келген уақыты;
4) осы пункттен жүзіп кеткен уақыты;
5) жолаушылар саны (экипажды есепке алу немесе жағалау деректері бойынша), осы аялдама пунктінен жөнелтiлген сәттегi кемедегi жүктiң саны мен атауы;
6) осы жөнелту пунктінен жөнелтілген сәттегi кеменiң (құрамның) ең үлкен шөгуі көрсетіледі.
30. Гидрометеорологиялық деректер туралы мәліметтерді толтыру кезінде мыналар көрсетіледі:
1) ауа райы мен теңіз (су тоғаны) жай-күйі туралы деректер;
2) желдің нақты бағыты (100 аралықпен градуспен) және оның секундына метр жылдамдығы;
3) толқындану бағыты (толқындану келетiн бағыт) 100 аралықпен және балмен көрсетiлген теңiз бетiнiң (көл, су қоймасы) жай-күйі. Өзенде және порт суларында тиiсiнше "өзен", "порт" деп жазылады;
4) егер су бетiнде мұз болса, онда "М" белгiсi және мұздың тығыздығы балмен жазылады;
5) ауа райының жағдайы шартты белгiмен А-ашық, Б-бұлтты, Тү-түтiн, Тк-түнек, Т-тұман, Ж-жаңбыр, Қ-қар, Бұ-бұршақ, Н-найзағай және көрiну ұзақтығы километрлермен жазылады;
6) миллиметрмен атмосфералық қысым және сыртқы ауаның температурасы.
31. Өткен қашықтықтар туралы мәліметтерді толтыру кезінде кеменің тұтастай тәулік iшiнде өткен арақашықтығы (километрмен) көрсетіледі.
32. Навигациялық ахуалдың жай-күйі, оқиғалар мен іс-қимылдар туралы мәліметтерді толтыру кезінде навигациялық ахуалдың жалпы тәулік ішіндегі жай-күйі туралы деректер жазылады.
33. Мұздарда жүзген кезде мұзға кіруі және одан шығуы, мұздың сипаты мен тығыздығы, алынған өкімдер мен метеожағдай жазылады.
34. Кемеде көлік оқиғасы болған жағдайда:
1) көлік оқиғасының орны;
2) көлік оқиғасының мән-жайы және сипаты;
3) оның салдары;
4) кеме мен механизмдердің көлік оқиғасынан кейінгі жағдайы;
5) экипаждың көлік оқиғасын болдырмау және оның салдарын жою жөніндегі іс-әрекеті толық жазылады.
35. Басқа кемемен соқтығысқан кезде:
1) жақындасу жағдайы, бұрылып кету үшін алдын ала жасаған маневрлері;
2) соқтығысқан кеменің атауы және тіркелген пункті;
3) шыққан және баратын пункті;
4) зақымдану сипаты жазылады.
Кеме мұздан зақымданған кезде – мұз жағдайының сипаты қосымша жазылады.
Дабыл (жаттығу) кезінде оның түрі, жариялану уақыты мен аяқталуы жазылады.
36. Бас қозғалтқыштардың жұмысы туралы мәліметтерді толтыру кезінде бас қозғалтқыштар іске қосылған және тоқтатылған сәттер, сондай-ақ олардың жұмысының ұзақтығы тіркеледі. Қозғалтқыштардың қысқа уақытқа тоқтатылуы тіркелмейді.
37. Бас қозғалтқыштардың жұмыс тәртібі туралы мәліметтерді толтыру кезінде:
1) кеменің бас қозғалтқыштарының бақылау аспаптарының көрсетулері, бүтін сағатқа еселенген жазбалар төрт сағаттан сиретпей орындалады;
2) қозғалтқыштардың айналу жиiлiгi (айн./мин);
3) майдың сүзгіге дейiнгi қысымы (аспаптарды бөлiктеу бiрлiктерінде);
4) майдың сүзгіден кейiнгi қысымы (аспаптарды бөлiктеу бiрлiктерінде);
5) майдың қозғалтқыштан кейінгі температурасы (0С-та);
6) судың шығудағы температурасы (0С-та);
7) шығатын газдардың температурасы (жалпы) (0С-та) жазылады.
38. Көмекші қозғалтқыштардың жұмысы туралы мәліметтерді толтыру кезінде көмекші қозғалтқыштар іске қосылған және тоқтатылған жағдайлар, сондай-ақ олардың жұмысының ұзақтығы тіркеледі.
5-параграф. Кеме ролін (өздiгiнен жүзетiн кемелер үшiн)
жүргізу
39. Кеме ролі (өздiгiнен жүзетiн кемелер үшiн) – кеме капитаны жасайтын кеме экипажы мүшелерiнiң тiзiмi.
40. Кеме ролі мынадай деректерден тұратын мәліметтерді қамтиды:
1) кеме туралы (атауы, тіркелу орны және тіркелу нөмірі, түрі және мақсаты, кеме иесі, кеменің шақыру сигналы);
2) экипаж мүшелері туралы (тегі, аты, әкесінің аты, туған күні мен жері, азаматтығы, кемедегі лауазымы, атағы және диплом нөмірі немесе тұлғаның азаматтығын куәландыратын өзге де құжаттың сериясы және нөмірі).
41. Кеме роліне кеме экипажының құрамына кіретін тұлғалар, сондай-ақ:
1) жүзу практикасынан өту үшін осы кемеге жіберілген оқу орындарының курсанттары (оқушылар);
2) кемеде жұмыс істеу үшін іссапарға жіберілген кеме иесінің өкілдері енгізіледі.
Кеме өздігінен жүзетін кемелер үшін ролінде көрсетілген, халықаралық тасымалды жүзеге асырушы кемеге іссапарға жіберілген оқу орындарының курсанттары оқитындар мен тұлғалардың кемедегі лауазымдарын кеме экипажын жинақтауға құқығы бар кеме иесі айқындайды.
42. Кеме өздігінен жүзетін кемелер үшін ролін кеме капитаны кеме портқа кіргенде немесе кеме порттан шыққанда шекаралық бақылау органдарына ұсынады.
43. Кеме өздігінен жүзетін кемелер үшін экипажында өзгерістер болмаған жағдайда, кесте бойынша жұмыс істеп тұрған кеме бір портқа бір ай ішінде кемінде бір-ақ рет кірсе, портқа әрбір кірген сайын кеме өздігінен жүзетін кемелер үшін ролін ұсыну талап етілмейді.
44. Кеме өздігінен жүзетін кемелер үшін портқа келгенде ұсынылған кеме ролін, оған өзгерістер енгізілген немесе өзгерістердің жоқтығы көрсетілген жағдайда, кеменің порттан шығуы кезінде ұсынуға рұқсат етіледі.
45. Кеме өздігінен жүзетін кемелер үшін ролі кемеде:
1) кеме Қазақстан портына келгенде немесе Қазақстан портынан кеткенде – мемлекеттік және орыс тілдерінде;
2) кеме шетел портына келгенде немесе шетел портынан кеткенде – мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.
46. Кеме өздігінен жүзетін кемелер үшін роліндегі жазбалар мемлекеттік және орыс тілдерінде көк немесе қара пастамен (сиямен) анық және ұқыпты жазылады. Қарындашпен жазуға рұқсат етілмейді.
47. Кеме өздігінен жүзетін кемелер үшін ролі мынадай түрде толтырылатын мәліметтерді қамтиды:
1) "тегі, аты және әкесінің аты", "туған күні мен жері", "азаматтығы" – теңізшінің жеке куәлігінде немесе жеке басын куәландыратын өзге де құжатта келтірілген деректер бойынша;
2) "лауазымы" – халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын кемелерде – кемедегі қызметтік жағдайы туралы теңізшінің жеке куәлігіндегі жазбаға сәйкес.
Басқа кемелерде – кеме иесінің тұлғаны кеме экипажының мүшесі етіп тағайындау туралы бұйрығына (өкіміне) сәйкес;
3) "атағы және диплом нөмірі" – біліктілігін растайтын дипломда көрсетілген деректер бойынша;
4) "теңізшінің жеке куәлігінің немесе жеке басын куәландыратын өзге де құжаттың сериясы мен нөмірі" – теңізшінің жеке куәлігінде немесе жеке басын куәландыратын тиісті құжатта көрсетілген деректер бойынша.
48. Кеме экипажының құрамында өзгеріс болмағанда, "Өзгерістер жоқ" деген жазу жазылады, ол күні көрсетіле отырып, кеме капитанының қолымен және кеме мөрімен куәландырылады.
Кеме экипажының құрамы өзгерген жағдайда кеме өздігінен жүзетін кемелер үшін роліне өзгерістер мынадай тәртіпте енгізіледі:
1) кеме экипажының шығып кеткен мүшесінің тегі жазылған жол сызылады;
2) кеме экипажы жаңа мүшесінің тегі жазылған жол кеме экипажы шығып қалған мүшесінің нөмірімен белгіленеді.
Экипаж мүшесі ауыстырусыз шыққан жағдайда, экипаж мүшесі (Т.А.Ә.А) кемеден ауыстырусыз шығарылғаны жайлы жазылып, шығып қалған экипаж мүшесінің тегі жазылған жол сызылып тасталады.
Кеме өздігінен жүзетін кемелер үшін роліне енгізілген өзгерістерге кеме капитаны күнін көрсетіп қол қояды және кеме мөрімен куәландырады.
Қазақстан портынан шетелге жүзу кемесі шығар алдында кеме өздігінен жүзетін кемелер үшін роліне өзгерістер енгізілген жағдайда, осы өзгерістерді кеме иесі немесе порт капитаны куәландырады.
6-параграф. Радиожурналды жүргізу тәртібі (егер кемеде кеме
радиостанциясы бар болса)
49. Радиожурнал ҚТ диапазонындағы радиобайланысқа қатысты мәліметтер тіркелетін құжат болып табылады.
50. Радиожурналдың барлық парақтары нөмірленеді, тігіледі және кеме иесінің қолы мен мөрі қойылады.
51. Кемеде радиожурналдың тек бір данасы ғана жүргізіледі.
52. Радиожурналды жаңасына ауыстыру оны толық пайдаланған кезде ғана жүргізіледі. Радиожурнал кеме бортында оған соңғы жазба енгізілгеннен кейін бір жыл ішінде сақталады және кеме иесінің мұрағатына кейіннен өткізіледі.
53. Радиожурнал вахта бастығының рубкасында сақталады.
54. Радиожурналды жүргізу кеменің радиооператоры, ал штат кестесі бойынша кеменің радиооператоры жоқ болса, вахта бастығы жүзеге асырады. Радиожурналдағы жазбалар мемлекеттік және орыс тілдерінде көк немесе қара пастамен (немесе сиямен) анық және ұқыпты жазылады.
55. Кеме капитаны өткен тәуліктерде радиожурналдың жүргізілуін тексереді және радиожурналдың мазмұнын келіп түскен және берілген хабарлардың соңында қол қою арқылы куәландырады.
7-параграф. Кеме станциясының рұқсатын беру (егер кемеде кеме
радиостанциясы бар болса)
56. Кеме станциясының рұқсаты (егер кемеде кеме радиостанциясы бар болса) радиожиілікті спектрді қолдануды растайды.
Кеме станциясының рұқсаты кеме иесіне байланыс саласындағы уәкілетті органмен Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 21 қаңтардағы №34 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10730 тіркелген) Жиiлiк белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарды) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттiк үйлесiмдiлiгiн есептеу қағидаларында көзделген тәртіпте беріледі.
8-параграф. Машина журналын жүргізу (механикалық қозғағышы
бар кемелер үшiн)
57. Машина журналы көмекші және күш беретін қондырғылардың жұмысын, жүру жылдамдығын, жанармай шығысын және бар екендігін көрсетеді.
58. Машина журналы, машиналық үй-жайда вахтасыз пайдаланылатын кемелерді қоспағанда, механикалық қозғалтқышы бар кемелерде жүргізіледі.
59. Машина журналының барлық парақтары нөмірленеді, тігіледі және кеме иесінің қолы мен мөрі қойылады. Машина журналын кеме иесі кеме капитанына қолхатпен береді.
60. Механиктің вахтадағы көмекшісі барлық вахтаның бастығы болып табылады және машина журналында жазба жүргізеді.
Механиктен және оның көмекшілерінен басқа, кеме экипажының мүшелері мен кемеге отырған адамдарға, олардың лауазымдық дәрежесіне және кемеге келу мақсатына қарамастан, машина журналына қандай да бір жазбалар немесе түзетулер енгізуге рұқсат етілмейді.
61. Вахта уақытында вахта механигі механизмдерді пайдалану мен жұмысы туралы барлық мәліметтерді жазады, ал жұмыс арасындағы үзілістерде және вахта аяқталғаннан кейін журналға вахта туралы қажетті мәліметтерді енгізеді және онда лауазымын және тегін көрсете отырып, өз қолын қояды.
62. Машина журналындағы жазбалар мемлекеттік немесе орыс тілінде көк немесе қара пастамен (немесе сиямен) анық және ұқыпты жазылады.
63. Жазғанды өшіруге, жолдардың арасына және одан тыс қыстырып жазуға, сондай-ақ кейіннен жазу үшін орын қалдыруға рұқсат етілмейді.
64. Машина журналындағы мәтінді тек негізгі мәтінді жазған адам және кеменің капитаны-механигі түзете және (немесе) толықтыра алады. Қате жазылған мәтін жеңіл оқылатындай етіп жіңішке сызықпен сызылады және жақшаға алынады. Соңғы жақшадан кейін капитан-механик түзетулерді және (немесе) толықтыруларды қолымен және (немесе) "түзетілгені рас" деген мәтінмен куәландырады.
65. Машина журналындағы жазбаларды кеме механигі тексереді, әрбір оң беті оның қолымен куәландырылады. Журналды жүргізу бойынша барлық ескертулерді механик өзінің көмекшілеріне ауызша хабарлайды. Вахта механигі жазбаларды парақтың соңында өз қолымен куәландырады.
66. Толтырылған машина журналы кемеде 2 жыл сақталады, одан кейін кеме иесінің мұрағатына өткізіледі.
67. Машина журналында қалыпты параметрлерден ауытқу кезіндегі мәліметтер тіркеледі.
68. Мәліметтер екіұдай түсінік бермейтін мағынада қысқа әрі түсінікті етіп жазылады.
69. Әрбір вахтаның жазбасы жаңа жолдан басталады және оларды бекітетін қол қоюды қоса алғанда, қандай да бір жол қалдырусыз жүргізіледі.
70. Кеме уақыты түн ортасынан – 0 сағаттан 24 сағатқа дейін саналады. Уақыт мезеті төрт таңбалы санмен жазылады және сағаттар минуттан нүктемен ажыратылады. Оң жақ бетіндегі кез келген жазба 1 минутқа дейінгі дәлдікпен кеме сағаты бойынша уақыт мезетінен басталады.
71. Беттің тақырыбында бірінші жолға апта күнінің атауы, күні, айы және жылы, екінші жолға – рейдтің, айлақтың немесе жүзу ауданының атауы жазылады.
72. Тәуліктің басында 00.00 мезетке кеменің орны, жай-күйі және іс-әрекеті туралы мәліметтер жазылады.
73. Вахтаның басында вахтаға шыққан және кемеде жұмыс істейтін адамның аты-жөні, ал қажет кезде – кеменің тоқтауы және іс-әрекеті туралы қосымша мәліметтер жазылады.
74. Вахтаның соңында кеменің орны, жағдайы, жай-күйі және іс-әрекеті туралы мәліметтер толық жазылады. Барлық жағдайларда да жазба "Ерекше белгілер" деген тақырыпшамен аяқталады, одан кейін бас қозғалтқыштар мен механизмдердің ерекше назар аудару қажет жұмысы жөнінде ескертулер немесе ерекше ескертулер жоқ болса "Ескертусіз" сөзі жазылады.
75. Барлық экипаждың немесе оның едәуір бөлігінің қатысуымен қауырт жұмыс кезінде оның тағайындалуы мен аяқталуы туралы мәліметтер жазылады.
9-параграф. Кемені қарап шығудың бірыңғай кітабын жүргізу
Ескерту. 9-параграф алып тасталды - ҚР Көлік министрінің 16.08.2024 № 282 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
10-параграф. Санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыны беру
83. Санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды ішкі су көлігі саласындағы объектілердің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге, гигиеналық нормативтерге және (немесе) техникалық регламенттерге сәйкестігін (сәйкес еместігін) куәландыратын құжат.
84. Санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыны кеме иесіне мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қызмет органдары "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 62-бабының 2-тармағына сәйкес бекітілген Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу қағидаларында көзделген тәртіпте береді.
11–параграф. Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікті
беру (өздiгiнен жүзетiн кемелер үшін)
85. Кеме экипажы құрамының Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 18 ақпандағы № 134 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10788 болып тіркелген) бекітілген Кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптарға сәйкестігі кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікпен куәландырылады.
Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлік (бұдан әрі-мемлекеттік қызмет) үш жыл мерзіміне беріледі.
Ескерту. 85-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.04.2020 № 217 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.86. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдарымен (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке немесе заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкіметінің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы "Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікті беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне (бұдан әрі – "Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікті беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі) сәйкес құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті жібереді.
Құжаттар портал арқылы жіберілген жағдайда, олар көрсетілетін қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырады.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі "Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікті беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде жазылған.
Ескерту. 86-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Көлік министрінің 16.08.2024 № 282 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.87. Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды түскен күні тіркеуден өткізеді.
Мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзімі 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.
Көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) толықтығын тексереді, көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, өтініш берушінің порталдағы "жеке кабинетіне" осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішті қарау туралы дәлелді бас тартуды (бұдан әрі - Дәлелді бас тарту) жібереді.
Ескерту. 87-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.03.2021 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.88. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші құжаттардың көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 18 ақпандағы № 134 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10788 болып тіркелген) бекітілген кемелер экипаждарының ең аз құрамына қойылатын талаптарға сәйкес келуін тексереді және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 қарашадағы № 1084 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13499 болып тіркелген) бекітілген куәлікті немесе "Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікті беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды ресімдейді.
Ескерту. 88-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 06.01.2023 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.89. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысындағы деректер мемлекеттік қызметті көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.
Уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық акт бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны көрсету тәртібі туралы ақпаратты жаңартады және Бірыңғай байланыс-орталығына жібереді.
Ескерту. 89-тармақпен толықтырылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.04.2020 № 217 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 06.01.2023 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.90. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған, көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) лауазымды адамға беріледі.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған, көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам егер 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім қабылдаса не әрекет жасаса, ол шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
Ескерту. 90-тармақпен толықтырылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.04.2020 № 217 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.03.2022 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.Өтініш
Ескерту. 1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.04.2020 № 217 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Нөмір:_______________(Өтініш нөмірі)
Сізден ___________________________________(Кеме атауы) кеме экипажының ең аз
құрамы туралы куәлікті беру бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуді сұраймын,
кеме тіркелген орын:_______________________ (Порттың атауы) __________________
(Порттың мекен жайы) ______________________________________________________
20__ жылғы "__" _________
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді қолдануға келісемін
20__ жылғы "__" _________ (қолы)
Ішкі су жолдарымен кеме қатынасын жүзеге асыратын кемелер үшін кеме құжаттарын беру және жүргізу қағидаларына 2-қосымша |
"Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлік беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Ескерту. 2-қосымшамен толықтырылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.04.2020 № 217 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің 16.08.2024 № 282 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы "Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлік беру" | ||
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары көрсетеді. |
2. | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері | Өтініштерді қабылдау және нәтижелер беру "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. |
3. | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | 2 (екі) жұмыс күні. |
4. | Мемлекеттік қызметті көрсетудің нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) |
5. | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлік; бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6. | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақысыз негізде жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі. |
7. | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) Көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі-Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. |
8. | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Порталға: |
9. | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілген қызметті алушының ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау. |
10. | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦК болған кезде портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алады. |
Ішкі су жолдарымен кеме қатынасын жүзеге асыратын кемелер үшін кеме құжаттарын беру және жүргізу қағидаларына 3-қосымша |
Ескерту. 3-қосымшамен толықтырылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.04.2020 № 217 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің 16.08.2024 № 282 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
"Қазақстан Республикасы Көлік |
Республиканское государственное |
_______________________________ (Күні, өтініш нөмірі)
Дәлелді бас тарту
"Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің _______________________________________________________________
(облыс (қала) көліктік бақылау инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі келесі негіздер бойынша "Кеме экипаждың ең аз құрамы туралы куәлік беру" мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тартады:
____________________________________________________________________
("Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабына сәйкес бас тарту үшін негіздеме) Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті аумақтық органы басшысының ЭЦҚ ____________ (аты-жөні, тегі/бар болған жағдайда)