Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлік нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а 2015 жылғы 24 қарашадағы № 1084 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 17 наурызда № 13499 болып тіркелді

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы аудандық мәслихатының 20.01.2016 № 51/4 шешімімен.
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодекс) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің 387 бабының 1-1 тармағына, 444 бабының 1 тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Ордабасы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес, пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін он есе жоғарылатылсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы Т.Жанысбаев
      Аудандық мәслихат хатшысы Б.Садвахасов