"Ішкi су жолдарымен кеме қатынасын жүзеге асыратын кемелер үшін кеме құжаттарын беру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 357 бұйрығына өзгерісте

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 12 наурыздағы № 110 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 19 наурызда № 22364 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ішкі су жолдарымен кеме қатынасын жүзеге асыратын кемелер үшін кеме құжаттарын беру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 357 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11093 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі су жолдарымен кеме қатынасын жүзеге асыратын кемелер үшін кеме құжаттарын беру және жүргізу қағидаларында:

      86, 87 және 88-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "86. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық органдарымен (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке немесе заңды тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкіметінің" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және осы Қағидаларға "Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікті беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) 2-қосымшаның 8-тармағында көрсетілген құжаттарды жібереді.

      Құжаттар портал арқылы жіберілген жағдайда, олар көрсетілетін қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырады.

      Процестің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.

      87. Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды түскен күні тіркеуден өткізеді.

      Мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзімі 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.

      Көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) толықтығын тексереді, көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, өтініш берушінің порталдағы "жеке кабинетіне" осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішті қарау туралы дәлелді бас тартуды (бұдан әрі - Дәлелді бас тарту) жібереді.

      88. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші құжаттардың көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 18 ақпандағы № 134 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10788 болып тіркелген) бекітілген кемелер экипаждарының ең аз құрамына қойылатын талаптарға сәйкес келуін тексереді және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 қарашадағы № 1084 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13499 болып тіркелген) бекітілген куәлікті немесе мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды ресімдейді.";

      90-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "90. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.";

      көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 3-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Б. Атамкулов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министірінің
2021 жылғы 12 наурыздағы
№ 110 бұйрығына
1-қосымша
  Ішкі су жолдарымен
кеме қатынасын жүзеге
асыратын кемелер үшін
кеме құжаттарын беру
және жүргізу
қағидаларына
2-қосымша

"Кеме экипаждың ең аз құрамы туралы куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық органдары көрсетеді.

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

Өтініштерді қабылдау және нәтижелер беру "электрондық үкіметінің" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

2 (екі) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызметті көрсетудің нысаны

Электронды (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлік не бас тарту туралы дәлелді жауап.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызметті көрсету ақысыз негізде жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) портал – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушының жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің интернет-ресурсында: www.mііd.gov.kz ("Көлік комитеті" деген бөлімнің "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" кіші бөлімінде);
2) www.egov.kz порталда.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Порталға:
осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 18 ақпандағы № 134 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10788 болып тіркелген) бекітілген ішкі су көлігі саласындағы уәкілетті орган бекіткен кемелер экипаждарының ең аз құрамына қойылатын талаптарға сәйкес экипаждың бекітілген штат кестесінің электрондық көшірмесі.
Құжаттар портал арқылы жіберілген жағдайда, олар көрсетілетін қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілген қызметті алушының ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 18 ақпандағы № 134 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10788 болып тіркелген) бекітілген кеме экипажының ең аз құрамының белгіленген талаптарына сәйкес келмеуі.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦК болған кезде портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

  Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министірінің
2021 жылғы 12 наурыздағы
№ 110 бұйрығына
2-қосымша
  Ішкі су жолдарымен
кеме қатынасын жүзеге
асыратын кемелер үшін
кеме құжаттарын беру
және жүргізу
қағидаларына
3-қосымша

"Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің ______ облысы (қаласы) бойынша көліктік бақылау инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі
Республиканское государственное учреждение "Инспекция транспортного контроля по ________области (городу) Комитета транспорта Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан"

      _______________________________

      (Күні, өтініш нөмірі)

Дәлелді бас тарту

      "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

      Көлік комитетінің

      __________________________________________________________________________

                                    (облыс (қала)

      көліктік бақылау инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі келесі негіздер

      бойынша "Кеме экипаждың ең аз құрамы туралы куәлік беру" мемлекеттік қызметін

      көрсетуден бас тартады:

      __________________________________________________________________________

      ("Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі

      Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабына сәйкес бас тарту үшін негіздеме)

      Қазақстан Республикасы Индустрия

      және инфрақұрылымдық даму

      министрлігі Көлік комитеті

      аумақтық органы

      басшысының ЭЦҚ ________________________________

      (аты-жөні, тегі/бар болған жағдайда)