Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 5 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 9 қаңтарда № 31641 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 51 бұйрығына (Нормативтік құқтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10400 болып тіркелген) мыналар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.

      Уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық акт бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны көрсету тәртібі туралы ақпаратты жаңартады және Бірыңғай байланыс-орталығына жібереді.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Кемені Мемлекеттік кеме тізілімінде тіркеу үшін өтініш беруші "электрондық үкіметтің" порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес "Мемлекеттік кеме тізілімінде ішкі суда жүзетін кемелерді, "өзен-теңіз" суларында жүзетін кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне (бұдан әрі – "Мемлекеттік кеме тізілімінде ішкі суда жүзетін кемелерді, "өзен-теңіз" суларында жүзетін кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі) сәйкес құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті (бұдан әрі – 1 өтініш) жолдайды.

      Меншік иесінің жеке басын куәландыратын құжаттар (жеке тұлғаларға қатысты) немесе заңды тұлғаны - меншік иесін (заңды тұлғаларға қатысты) мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпарат жүйелерінен алынады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын және нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі "Мемлекеттік кеме тізілімінде ішкі суда жүзетін кемелерді, "өзен-теңіз" суларында жүзетін кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде жазылған.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Дәлелді бас тарту "Мемлекеттік кеме тізілімінде ішкі суда жүзетін кемелерді, "өзен-теңіз" суларында жүзетін кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.";

      47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "47. Кемені шетелдік кемелер тізілімінде тіркеу үшін өтініш беруші портал арқылы осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес "Жалға алынған ішкі кеме және "өзен-теңіз" кемелерін жалға алынған шетелдік кемелер тізілімінде мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне (бұдан әрі – "Жалға алынған ішкі кеме және "өзен-теңіз" кемелерін жалға алынған шетелдік кемелер тізілімінде мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесі) сәйкес құжаттарды қоса бере отырып, 1-өтінішке сәйкес нысан бойынша өтінішті жолдайды.

      Меншік иесінің жеке басын куәландыратын құжаттар (жеке тұлғаларға қатысты) немесе заңды тұлғаны - меншік иесін (заңды тұлғаларға қатысты) мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпарат жүйелерінен алынады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын және нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі "Жалға алынған ішкі кеме және "өзен-теңіз" кемелерін жалға алынған шетелдік кемелер тізілімінде мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде жазылған.";

      50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "50. Дәлелді бас тарту "Жалға алынған ішкі кеме және "өзен-теңіз" кемелерін жалға алынған шетелдік кемелер тізілімінде мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.";

      69-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "69. Шағын көлемді кемелерді және оларға құқықтарды тіркеу үшін өтініш беруші портал арқылы осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес "Шағын көлемді кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне (бұдан әрі – "Шағын көлемді кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі) сәйкес құжаттарды қоса бере отырып, 3-өтінішке сәйкес нысан бойынша өтінішті жолдайды.

      Меншік иесінің жеке басын куәландыратын құжаттар (жеке тұлғаларға қатысты) немесе заңды тұлғаны - меншік иесін (заңды тұлғаларға қатысты) мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпарат жүйелерінен алынады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын және нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі "Шағын көлемді кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде жазылған.";

      72-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "72. Дәлелді бас тарту "Шағын көлемді кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.";

      86-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "86. Кеменің, шағын көлемді кеменің, жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу үшін өтініш беруші портал арқылы осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес "Кеменiң, шағын көлемді кеменің, жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне (бұдан әрі – "Кеменiң, шағын көлемді кеменің, жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі) сәйкес құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті (бұдан әрі – 5-өтініш) жолдайды.

      Меншік иесінің жеке басын куәландыратын құжаттар (жеке тұлғаларға қатысты) немесе заңды тұлғаны - меншік иесін (заңды тұлғаларға қатысты) мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпарат жүйелерінен алынады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын және нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі "Кеменiң, шағын көлемді кеменің, жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде жазылған.";

      89-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "89. Дәлелді бас тарту "Кеменiң, шағын көлемді кеменің, жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.";

      3-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      8-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      13-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      18-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2. "Ішкi су жолдарымен кеме қатынасын жүзеге асыратын кемелер үшін кеме құжаттарын беру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 357 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11093 болып тіркелген) мыналар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкi су жолдарымен кеме қатынасын жүзеге асыратын кемелер үшін кеме құжаттарын беру және жүргізу қағидаларында:

      86-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "86. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық органдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке немесе заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкіметінің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы "Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікті беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне (бұдан әрі – "Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікті беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі) сәйкес құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті жібереді.

      Құжаттар портал арқылы жіберілген жағдайда, олар көрсетілетін қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын және нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі "Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікті беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде жазылған.";

      88 және 89-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "88. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші құжаттардың көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 18 ақпандағы № 134 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10788 болып тіркелген) бекітілген кемелер экипаждарының ең аз құрамына қойылатын талаптарға сәйкес келуін тексереді және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 қарашадағы № 1084 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13499 болып тіркелген) бекітілген куәлікті немесе "Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікті беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды ресімдейді.

      89. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысындағы деректер мемлекеттік қызметті көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.

      Уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық акт бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны көрсету тәртібі туралы ақпаратты жаңартады және Бірыңғай байланыс-орталығына жібереді.";

      2-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму министрі
М. Карабаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2023 жылғы 6 қаңтардағы
№ 5 Бұйрыққа
1-қосымша
  Кемені, оның ішінде шағын
көлемді кемені және оған
құқықтарды мемлекеттік
тіркеу қағидаларына
3-қосымша

"Ішкі суда жүзетін кемелерді, "өзен-теңіз" суларында жүзетін кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы "Ішкі суда жүзетін кемелерді, "өзен-теңіз" суларында жүзетін кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеу".
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы:
1) тіркеу;
2) қайта тіркеу;
3) кеме куәлігінің телнұсқасы;
4) кемені Мемлекеттік кеме тізілімінен шығару туралы анықтама

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық органдары көрсетеді (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

Барлық кіші түрлері бойынша:
"электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Екі жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Барлық кіші түрлері бойынша:
электрондық (толық автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кеме куәлігі, кеме куәлігінің телнұсқасы, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кемені Мемлекеттік кеме тізілімінен шығару туралы анықтама немесе оны беруден дәлелді бас тарту.
Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық түрде.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" жолданады және порталда сақталады.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Ақылы:
Шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеуді куәландыратын құжаттың телнұсқасын беру үшін алым тіркеуді жүзеге асыру орны бойынша жергілікті бюджетке төленеді. Алым мөлшерлемелері "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Қазақстан Республикасының кодексінде белгіленген және мыналарды:
1) мемлекеттік тіркеу үшін - алым төленген күні 15 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі - АЕК);
2) қайта тіркеу үшін - 7,5 АЕК, алымды төлеу күнін;
3) мемлекеттік тіркеуді куәландыратын құжаттың телнұсқасын беру үшін - алым төленген күні 3,75 АЕК-ты құрайды.
Алым сомасын төлеу қолма - қол және қолма-қол емес нысанда екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы немесе "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі-ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.
Заңнамаға сәйкес төлеуден босату шарты (бар болса).
Тегін:
Кемені Мемлекеттік кеме тізілімінен шығару туралы анықтама тегін негізде көрсетіледі

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) Көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі-Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің дайын нәтижелерін беру Мемлекеттік корпорация арқылы дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз жүзеге асырылады, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету кезекші бөлімдері дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жылдамдатылған қызмет көрсетусіз "электрондық" кезек тәртібінде көрсетіледі, "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық кезекті броньдау мүмкін.
3) "Электрондық үкіметтің" веб-порталы - тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушының жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Кодекске сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша өтініштерді тіркеу келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
Министрліктің көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында: www. miid. gov. kz "Көлік комитеті" деген бөлімнің "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" кіші бөлімінде;
Мемлекеттік корпорацияның: www. gov4c. kz интернет-ресурсында;
"электрондық үкіметтің" веб-порталында орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Портал:
1) тіркеу және қайта тіркеу
ішкі суда жүзетін кемелерді және "өзен-теңіз" суларында жүзетін кемелерді тіркеу және қайта тіркеу кезінде кеме куәлігін алу үшін:
электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
кемені мемлекеттік тіркеуге негіз болып табылатын мынадай құқық белгілейтін құжаттардың бірінің электрондық көшірмесі:
мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде шығарған актілер;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған кемеге қатысты шарттар және басқа да мәмілелер;
мұраға құқық туралы куәлік, соттың заңды күшіне енген шешімі;
кемеге меншік құқығын растайтын өзге де құжаттар;
сыныптау куәлігінің электрондық көшірмесі;
ЭҮТШ арқылы төлем жағдайларын қоспағанда көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу үшін алым сомасын бюджетке төлемін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында, 61-4-бабында көзделген операцияны жүргізу кезінде кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы өтінішке активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарттың, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің, активтер мен талап ету құқықтарының сапасын жақсартуға маманданған ұйымның сатып алуын көздейтін шарттың (беру актісін немесе одан үзінді көшірмені қоса бере отырып), құқықты (талап етуді) беру туралы талап қойылған шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесінің электрондық көшірмесі қоса берілуге тиіс;
кемені жеке тұлға қайта тіркеген кезде 1) тармақшада көрсетілген құжаттарға Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен ағымдағы күнтізбелік жыл үшін көлік құралына салық төленгенін растайтын құжаттың немесе оны төлеуден босату құқығын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі қосымша қоса беріледі;
2) кеме куәлігінің телнұсқасын алу үшін кеме куәлігінің телнұсқасы:
электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысандағы өтініш;
3) кемені Мемлекеттік кеме тізілімінен шығару туралы анықтама:
қаза тапқан немесе хабар-ошарсыз кеткен, конструкциялық жағынан қаза тапқан немесе қайта құру немесе басқа да өзгерістер нәтижесінде кеме сапасын жоғалтқан, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген Қазақстан Республикасының мемлекетінің, азаматтарының және мемлекеттік емес заңды тұлғаларының меншігінде болған кемені Мемлекеттік кеме тізілімінен шығару үшін:
электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысандағы өтініш;
осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініште жазылған фактілерді растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
кемені мемлекеттік тіркеу кезінде берілген куәліктің электрондық көшірмесі.

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылуы.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

  Бұйрыққа
2-қосымша
  Кемені, оның ішінде шағын
көлемді кемені және оған
құқықтарды мемлекеттік тіркеу
қағидаларын бекіту туралы
қағидаларына
8-қосымша

"Жалға алынған ішкі суда жүзетін кемелерді және "өзен-теңіз" суларында жүзетін кемелерді жалға алынған шетелдік кемелер тізілімінде мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы (бұдан әрі-портал)

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Екі жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Шетелдік кемеге Қазақстан Республикасының туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы куәлік не оны беруден дәлелді бас тарту

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Ақылы.
Жалға алынған ішкі суда жүзетін кемелерді және "өзен-теңіз" суларында жүзетін кемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым тіркеуді жүзеге асыру орны бойынша жергілікті бюджетке төленеді, алым мөлшерлемесі "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген және алымды төлеу күні қолданылатын он бес еселенген айлық есептік көрсеткішті құрайды.
Алым сомасын төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы немесе "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы қолма-қол және қолма-қол емес нысанда жүзеге асырылады.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) Көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі-Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтердің дайын нәтижелерін беру Мемлекеттік корпорация арқылы дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз жүзеге асырылады, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету кезекші бөлімдері дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін.
мемлекеттік көрсетілетін қызмет жылдамдатылған қызмет көрсетусіз "электрондық" кезек тәртібінде көрсетіледі, "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық кезекті броньдау мүмкін.
3) "Электрондық үкіметтің" веб-порталы - тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушының жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Кодекске сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша өтініштерді тіркеу келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
Министрліктің көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында: www. miid. gov. kz "Көлік комитеті" деген бөлімнің "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" кіші бөлімінде;
Мемлекеттік корпорацияның: www. gov4c. kz интернет-ресурсында;
"электрондық үкіметтің" веб-порталында орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Кемені жалға алынған шетелдік кемелер тізілімінде мемлекеттік тіркеу үшін:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы 1-өтініш;
2) кемені мемлекеттік тіркеуге негіз болып табылатын мынадай құқық белгілейтін құжаттардың бірінің электрондық көшірмесі:
мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде шығарған актілер;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған кемеге қатысты шарттар және басқа да мәмілелер;
мұраға құқық туралы куәлік;
соттың заңды күшіне енген шешімі;
кемеге меншік құқығын растайтын өзге де құжаттар;
3) сыныптау куәлігінің электрондық көшірмесі;
4) кемені жалға алу шартының электрондық көшірмесі;
5) кеменің меншік иесі мен кеменің тіркелген ипотекасын кепіл ұстаушының жазбаша рұқсатының немесе кемені Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзуге ауыстыруға оған ауыртпалықтың электрондық көшірмесі;
6) кеме жалауды ауыстырғанға дейін тікелей тіркелген және осындай мемлекеттің туын көтеріп жүзу құқығы кемеге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын беру мерзіміне тоқтатыла тұрғанын растайтын шет мемлекеттің құзыретті билік орындары берген құжаттың электрондық көшірмесі қоса беріледі;
7) ЭҮТШ арқылы төлем жасалған жағдайды қоспағанда, көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу үшін алым сомасын бюджетке төлемін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Банктер және банк қызметі туралы заң) 61-4-бабында көзделген операцияны жүргізу кезінде кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы өтінішке активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарттың нотариат куәландырған көшірмесі (өткізу актісін немесе одан үзінді көшірмені қоса бере отырып) қоса беріледі.
Банктер және банк қызметі туралы заңның 5-1-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында, 61-4-бабында көзделген операцияны жүргізу кезінде кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы өтінішке активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарт, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымның активтерді және талап ету құқықтарын (өткізу актісін немесе одан үзінді көшірмені қоса бере отырып) сатып алуын көздейтін шарт, құқықты (талап етуді) басқаға беру

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау.
2) Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
3) Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылуы.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

  Бұйрыққа
3-қосымша
  Кемені, оның ішінде шағын
көлемді кемені және оған
құқықтарды мемлекеттік
тіркеу қағидаларына
13-қосымша

"Шағын көлемді кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы "Шағын көлемді кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу".
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы:
1) тіркеу;
2) қайта тіркеу;
3) кеме билетінің телнұсқасы;
4) кемені Кеме кітабынан шығару туралы анықтама.

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық органдары көрсетеді

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

Барлық кіші түрлері бойынша:
"электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Екі жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызметтер көрсету нысаны

Барлық кіші түрлері бойынша:
электрондық (толық автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кеме билеті, кеме билетінің телнұсқасы, осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кемені Кеме кітабынан шығару туралы анықтама немесе дәлелді бас тарту.
Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық түрде.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" жолданады және порталда сақталады.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Ақылы:
Шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеуді куәландыратын құжаттың телнұсқасын беру үшін алым тіркеуді жүзеге асыру орны бойынша жергілікті бюджетке төленеді. Алым мөлшерлемелері "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Қазақстан Республикасының кодексінде белгіленген және мыналарды:
1) мемлекеттік тіркеу үшін:
қуаты 50 ат күшінен асатын өздігінен жүзетін шағын көлемді кемелер (37 кВт) - 3 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі - АЕК);
қуаты 50 ат күшіне дейінгі (37 кВт) өздігінен жүретін шағын көлемді кемелер-2 АЕК-ты;
өздігінен жүрмейтін шағын көлемді кемелер үшін-1,5 АЕК-ты;
2) қайта тіркеу үшін:
қуаты 50 ат күшінен жоғары (37 кВт) өздігінен жүретін шағын көлемді кемелер-1,5 АЕК-ты;
қуаты 50 ат күшіне (37 кВт) дейінгі өздігінен жүретін шағын көлемді кемелер - 1 АЕК-ты;
өздігінен жүрмейтін шағын көлемді кемелер-0,75 АЕК-ты;
3) мемлекеттік тіркеуді куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін:
қуаты 50 ат күшінен жоғары (37 кВт) өздігінен жүзетін шағын көлемді кемелер-0,75 АЕК-ты;
қуаты 50 ат күшіне дейінгі (37 кВт) өздігінен жүретін шағын көлемді кемелер-0,5 АЕК-ты;
өздігінен жүрмейтін шағын көлемді кемелер үшін-0,38 АЕК-ты құрайды.
Алым сомасын төлеу қолма - қол және қолма-қол емес нысанда екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы немесе "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі-ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.
Тегін:
Кемені кеме кітабынан шығару туралы анықтама тегін негізде көрсетіледі

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) Көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі-Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтердің дайын нәтижелерін беру мемлекеттік корпорация арқылы дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз жүзеге асырылады, мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету кезекші бөлімдері дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін.
мемлекеттік көрсетілетін қызмет жылдамдатылған қызмет көрсетусіз "электрондық" кезек тәртібінде көрсетіледі, "электрондық үкіметінің" веб-порталы арқылы электрондық кезекті броньдау мүмкін.
3) "Электрондық үкіметінің" веб-порталы - тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушының жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде кодекске сәйкес өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады)..
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
Министрліктің көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында: www. miid. gov. kz "Көлік комитеті" деген бөлімнің "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" кіші бөлімінде;
Мемлекеттік корпорацияның: www. gov4c. kz интернет-ресурсында;
"электрондық үкіметтің" веб-порталында.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Портал:
1) тіркеу
электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;
шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеуге негіз болып табылатын құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі;
кеме билетінің немесе егер ол бұрын мемлекеттік тіркеу органдарында тіркелген болса, кемені есептен шығару туралы белгісі бар басқа құжаттың электрондық көшірмесі;
егер кеме бұрын шет мемлекеттің кеме тізілімінде тіркелген болса, шет мемлекеттердің кеме тізілімдерінен (кітаптарынан) шығару туралы куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі;
ЭҮТШ арқылы төлем жасалған жағдайды қоспағанда, көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу үшін алым сомасын бюджетке төлемін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында, 61-4-бабында көзделген операцияны жүргізу кезінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы өтінішке активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарттың, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің, активтер мен талап ету құқықтарының сапасын жақсартуға маманданған ұйымның сатып алуын көздейтін шарттың (беру актісін немесе одан үзінді көшірмені қоса бере отырып), құқықты (талап етуді) беру туралы талап қойылған шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесінің электрондық көшірмесі қоса берілуге тиіс;
2) қайта тіркеу
электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;
кеме билетінің электрондық көшірмесі;
егер оқиға нәтижесінде немесе басқа себеппен шағын көлемді кеме бұрын кеме кітабына енгізілген мәліметтерге сәйкес келмей қалған жағдайда, шағын көлемді кемені қайта тіркеу үшін негіздерді растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
ЭҮТШ арқылы төлем жасалған жағдайды қоспағанда, шағын көлемді кемені қайта тіркеу үшін алым сомасын бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
3. кеме билетінің телнұсқасы
электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;
4. кемені Кеме кітабынан шығару туралы анықтама
электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;
кеме билетінің электрондық көшірмесі*;
* кеме билеті жоғалған кезде осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініште кеме билетінің жоғалу мән-жайлары көрсетіледі.

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылуы.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

  Бұйрыққа
4-қосымша
  Кемені, оның ішінде шағын
көлемді кемені және оған
құқықтарды мемлекеттік
тіркеу қағидаларына
18-қосымша

"Кеменің, шағын көлемді кеменің, жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы "Кеменің, шағын көлемді кеменің, жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу"
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы:
1) мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беру;
2) куәліктің телнұсқасын беру;
3) қосымша парақты беру;
4) кеменің ипотекасын аяқтау туралы ақпаратты беру

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық органдары көрсетеді (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

Барлық кіші түрлері бойынша:
"электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Бір жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Барлық кіші түрлері бойынша:
электрондық (толық автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Кеменiң ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, немесе кеменiң ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасы, немесе кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке қосымша парақ, немесе кеме ипотекасын тоқтату туралы ақпарат беру, немесе шағын көлемді кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, немесе шағын көлемді кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасы, немесе шағын көлемді кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке қосымша парақ, немесе шағын көлемді кеменің ипотекасын тоқтату туралы ақпарат беру, немесе кеменiң (жасалып жатқан кеменің) ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, немесе кеменiң (жасалып жатқан кеменің) ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасы, немесе кеменiң (жасалып жатқан кеменің) ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке қосымша парақ, немесе кеменiң (жасалып жатқан кеменің) ипотекасын тоқтату туралы ақпарат беру, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық түрде.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында жолданады және сақталады.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Ақылы:
Кеменің, шағын көлемді кеменің, жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркегені және кеменің, шағын көлемді кеменің, жасалып жатқан кеменің мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін алым "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Қазақстан Республикасы кодексінің 553-бабының 3-тармағына сәйкес мөлшерлемелер бойынша жүзеге асырылады.
Алым мөлшерлемелері:
1) жеке тұлғалар үшін - 1 (бір) айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі - АЕК);
2) заңды тұлғалар үшін - 5 (бес) АЕК-ты;
3) құжаттың телнұсқасын беру үшін - 0,5 АЕК-ты құрайды.
Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым-1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдар, мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ бала кезінен мүгедектігі бар адамның ата-анасының біреуіне, репатрианттар (оралмандар) Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін кеменің, шағын көлемді кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу үшін алым төлеуден босатылады, алым сомасын төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы немесе "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.
Тегін:
Қосымша парақты беру және кеменің ипотекасын аяқтау туралы ақпаратты беру тегін негізде көрсетіледі

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) Көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі-Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтердің дайын нәтижелерін беру мемлекеттік корпорация арқылы дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз жүзеге асырылады, мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету кезекші бөлімдері дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін.
мемлекеттік көрсетілетін қызмет жылдамдатылған қызмет көрсетусіз "электрондық" кезек тәртібінде көрсетіледі, "электрондық үкіметінің" веб-порталы арқылы электрондық кезекті броньдау мүмкін.
3) "Электрондық үкіметінің" веб-порталы - тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушының жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде кодекске сәйкес өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады)..
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
Министрліктің көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында: www. miid. gov. kz "Көлік комитеті" деген бөлімнің "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" кіші бөлімінде; Мемлекеттік корпорацияның: www. gov4c. kz интернет-ресурсында;
"электрондық үкіметтің" веб-порталында.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Портал:
1) мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беру және куәліктің телнұсқасын беру
кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті не кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын не шағын көлемді кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті не шағын көлемді кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын не кеме ипотекасын (жасалып жатқан кеменің) мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті не кеме ипотекасын (жасалып жатқан кеменің) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін:
электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш (көрсетілетін қызметті алушы үшін қажетті мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қарай);
осы шартта көрсетілген құжаттардың көшірмелері бар кеменің, шағын көлемді кеменің, жасалып жатқан кеменің ипотекасы туралы шарттың электрондық көшірмесі;
ЭҮТШ арқылы төлем жасалған жағдайды қоспағанда, көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу үшін алым сомасын бюджетке төлемін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
2) қосымша парақты беру
кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке қосымша парақты немесе шағын көлемді кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке қосымша парақты немесе кеменің ипотекасын (жасалып жатқан кеменің) мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке қосымша парақты алу үшін:
электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (көрсетілетін қызметті алушы үшін қажетті мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қарай);
кеменің, шағын көлемді кеменің, жасалып жатқан кеменің ипотекасы туралы шартқа осындай қосымша келісімде көрсетілген құжаттармен қосымша келісімнің электрондық көшірмесі;
ЭҮТШ арқылы төлем жасалған жағдайды қоспағанда, көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу үшін алым сомасын бюджетке төлемін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
3) кеменің ипотекасын аяқтау туралы ақпаратты беру
кеменің ипотекасын тоқтату туралы ақпаратты не шағын көлемді кеменің ипотекасын тоқтату туралы ақпаратты алу үшін:
электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш (көрсетілетін қызметті алушы үшін қажетті мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қарай);
кеменің, шағын көлемді кеменің, жасалып жатқан кеменің ипотекасын өтеу туралы анықтаманың электрондық көшірмесі.
"Қазақстан Республикасының Банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 61-4-бабында көзделген тәртіппен операция жүргізген жағдайда, өтінішке активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарттың, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымның активтер мен талап ету құқықтарын иеленуін көздейтін шарттың, (тапсыру актісін немесе одан үзінді-көшірме қоса беріле отырып), талап ету құқығын басқаға беру туралы талапты қамтитын шарттың нотариат куәландырған көшірмесі қоса беріледі.

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған.
2) Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмеуі.
3) Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылған.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

  Бұйрыққа
5-қосымша
  Ішкі су жолдарымен кеме
қатынасын жүзеге асыратын
кемелер үшін кеме құжаттарын
беру және жүргізу қағидаларына
2-қосымша

"Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлік беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық органдары көрсетеді.

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

Өтініштерді қабылдау және нәтижелер беру "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

2 (екі) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызметті көрсетудің нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлік не бас тарту туралы дәлелді жауап.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақысыз негізде жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) Көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі-Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтердің дайын нәтижелерін беру мемлекеттік корпорация арқылы дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз жүзеге асырылады, мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету кезекші бөлімдері дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін.
мемлекеттік көрсетілетін қызмет жылдамдатылған қызмет көрсетусіз "электрондық" кезек тәртібінде көрсетіледі, "электрондық үкіметінің" веб-порталы арқылы электрондық кезекті броньдау мүмкін.
3) "Электрондық үкіметінің" веб-порталы - тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушының жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде кодекске сәйкес өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады)..
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
Министрліктің көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында: www. miid. gov. kz "Көлік комитеті" деген бөлімнің "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" кіші бөлімінде;
Мемлекеттік корпорацияның: www. gov4c. kz интернет-ресурсында;
"электрондық үкіметтің" веб-порталында.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Порталға:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 18 ақпандағы № 134 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10788 болып тіркелген) бекітілген ішкі су көлігі саласындағы уәкілетті орган бекіткен кемелер экипаждарының ең аз құрамына қойылатын талаптарға сәйкес экипаждың бекітілген штат кестесінің электрондық көшірмесі.
Құжаттар портал арқылы жіберілген жағдайда, олар көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырады.

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілген қызметті алушының ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау.
2) Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 18 ақпандағы № 134 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10788 болып тіркелген) бекітілген кеме экипажының ең аз құрамының белгіленген талаптарына сәйкес келмеуі.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦК болған кезде портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы: "1414".