Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 100 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 12 мамырда № 11021 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 9 тамыздағы № 317 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 09.08.2021 № 317 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 28) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу қағидаларын бекітілсін.

      2. Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу, бақылау және мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
В. Школьник

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Инвестиция және даму министрi

      А. Исекешев _________________

      2015 жылғы 31 наурыз

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрi

      Е. Досаев ______________

      2015 жылғы 3 наурыз



  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 16 ақпандағы
№ 100 бұйрығына
1-қосымша

Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 13.07.2018 № 270 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 17-бабының 28) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Қағидалар Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган), оның аумақтық бөлімшелері мен мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізетін жергілікті атқарушы органдарының қызметін және өзара іс-әрекетін ұйымдастыру тәртібін айқындайды, сондай-ақ мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылатын материалдардың құрамына, мазмұнына талаптарды белгілейді.

      Қағидалар Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүргізілетін I санаттағы объектілер бойынша жобалардың мемлекеттік экологиялық сараптамасына қолданылмайды.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 28.04.2017 № 145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 13.07.2018 № 270 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      3. Қағидаларда келесі негізгі терминдер мен анықтамалар қолданылады:

      1) сараптамалық органдар - уәкілетті органның және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын сарапшылық бөлімшелері;

      2) сыртқы сарапшылар - қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауды және қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын, уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары экологиялық сараптама жүргізу үшін тартқан жеке және заңды тұлғалар.

      Осы Қағидаларда қолданылатын басқа терминдер мен анықтамалар Кодекске сәйкес қолданылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 28.04.2017 № 145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың міндетті сипаты болады және табиғат пайдалану мен қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсер ету тұрғысынан құқықтық, ұйымдастырушылық және шаруашылық шешімдерді қабылдаудан бұрын жүргізілуге тиіс.

      5. Мемлекеттік экологиялық сараптама міндеттері:

      1) олардың іске асырылуы қоршаған ортаның және табиғи ресурстардың жай-күйіне әсерін тигізе алатын көзделген шешімдердің экологиялық негізделуін айқындау;

      2) жоспарланып отырған және жүзеге асырылып отырған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық және өзге қызметтің қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсерін бағалаудың толықтығын және дұрыстығын, болатын мүмкін әлеуметтік, экономикалық және экологиялық салдарларын талдау және экологиялық қауіп-қатер деңгейін анықтауды қоса отырып, айқындау;

      3) сараптама объектілерінде ұсынылатын қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарын ұтымды пайдалану, халықтың денсаулығын қорғау жөніндегі шаралардың тиімділігін, толықтығын және жеткіліктілігін бағалау;

      4) мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындыларын дайындау, оларды уақытылы сараптама объектісін іске асыру туралы шешім қабылдайтын мемлекеттік және басқа да ұйымдарға тапсыру және қажетті ақпаратты мүдделі ұйымдар мен халыққа ұсыну;

      5) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы аумағында қолданыстағы стандарттарда, нормалар мен қағидаларда бар экологиялық талаптарды сараптамаға салынатын құжаттамада сақтауды тексеру болып табылады.

      6. Мемлекеттік экологиялық сараптама қағидаттары:

      1) мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу міндеттілігі;

      2) бақылаушы және қадағалаушы мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесу;

      3) мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындыларының объективтілігі және ғылыми негізделуі;

      4) олар өз өкілеттігін жүзеге асырған кезде сараптамалық органдар мен сарапшылардың тәуелсіздігі;

      5) жариялылық;

      6) мемлекеттік экологиялық сараптаманың кешенділігі мен оның түрлерінің алуан түрлілігі;

      7) экологиялық және медициналық-биологиялық мүдделердің басымдылығы болып табылады.

      7. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы мыналар жүзеге асырады:

      1) уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері – Кодекске сәйкес І санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу бөлігінде;

      Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын I санат объектілерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлуді Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2009 жылғы 23 шілдедегі № 143-Ө (Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 5741 тіркелген) Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын және қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру үшін І санаттағы объектілерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлу туралы бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

      2) жергілікті атқарушы органдар - Кодекске сәйкес II, III және IV санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама ұйымдастыру және жүргізу бөлігінде.

2-тарау. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 13.07.2018 № 270 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Міндетті мемлекеттік экологиялық сараптамаға мынадай объектілер:

      1) қоршаған ортаға әсердің оған iлеспе бағалау (бұдан әрі – ҚОӘБ) материалдарымен бірге қоршаған ортаға әсер етуші межеленіп отырған қызметтің жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасы;

      2) қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерiнiң жобалары;

      3) iске асырылуы қоршаған ортаға терiс әсерлерге әкеп соғуы мүмкiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, нормативтiк-техникалық және нұсқаулық-әдiстемелiк құжаттардың жобалары;

      4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту, республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен мемлекеттік қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын кішірейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелердің жобалары;

      5) өсімдіктер мен жануарлар дүниесi ресурстарын алу мен пайдалануға арналған биологиялық негiздемелер;

      6) алып тасталды – ҚР Энергетика министрінің 13.07.2018 № 270 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7) осы аумақтарды экологиялық зілзала немесе төтенше экологиялық жағдай аймақтарына жатқызуды негiздейтiн аумақтарды зерттеу материалдары;

      8) шектес мемлекеттердiң қоршаған ортасына әсер етуi мүмкiн немесе оны жүзеге асыру үшiн шектес мемлекеттермен ортақ табиғи объектілерді пайдалану қажет болатын не шектес мемлекеттердiң Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында айқындалған, оның ішінде "Байқоңыр" кешені бойынша мүдделерiн қозғайтын шаруашылық қызмет жобалары жатады.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Энергетика министрінің 13.07.2018 № 270 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Мемлекеттік экологиялық сараптамаға арналған материалдар электрондық түрде ұсынылады және мыналарды қамтиды:

      1) Осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуге өтінім;

      2) қоршаған ортаға әсер ететін межеленіп отырған қызметтің жобаалды және жобалау құжаттамасы болған жағдайда мынадай құрамда:

      әзірлеу деңгейі жобалау сатыларына сәйкес келетін құжат түрінде ресімделген ҚОӘБ материалдарымен бірге межеленіп отырған қызметтің жобаалды немесе жобалау құжаттамасы;

      Кодекстің 57-2-бабының 1-тармағына сәйкес шаруашылық қызметтің түрлері үшін қоғамдық пікірді есепке алу нәтижелері;

      3) эмиссиялар нормативтерiнiң жобалары болған жағдайда:

      эмиссиялар нормативтерiнiң жобалары;

      4) iске асырылуы қоршаған ортаға терiс әсерлерге әкеп соғуы мүмкiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, нормативтiк-техникалық және нұсқаулық-әдiстемелiк құжаттардың жобалары болған жағдайда:

      Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, нормативтiк-техникалық және нұсқаулық-әдiстемелiк құжаттардың жобалары;

      5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту бойынша жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелердің, республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен мемлекеттік қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын кішірейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми негіздемелердің жобалары болған жағдайда:

      жаратылыстану-ғылыми негіздемелер немесе техникалық-экономикалық негіздемелердің жобалары;

      6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың босалқы жерлерін босалқы жерге ауыстыруға, арнайы экономикалық аймақтар аумақтарының шекараларын және (немесе) аудандарын өзгертуге техникалық-экономикалық негіздемелері болған жағдайда мынадай құрамда:

      әзірлеу деңгейі жобалау сатыларына сәйкес келетін құжат түрінде ресімделген ҚОӘБ материалдарымен бірге техникалық-экономикалық негіздемелердің жобалары;

      қоғамдық пікірді есепке алу нәтижелері;

      7) өсімдіктер мен жануарлар дүниесi ресурстарын алу мен пайдалануға арналған биологиялық негiздемелер болған жағдайда:

      биологиялық негiздемелердің жобалары;

      8) осы аумақтарды экологиялық зілзала немесе төтенше экологиялық жағдай аймақтарына жатқызуды негiздейтiн аумақтарды зерттеу материалдары болған жағдайда мынадай құрамда:

      әзірлеу деңгейі жобалау сатыларына сәйкес келетін құжат түрінде ресімделген ҚОӘБ материалдарымен бірге аумақтарды зерттеу материалдары;

      қоғамдық пікірді есепке алу нәтижелері;

      денсаулық сақтау, ғылым және ғылыми-техникалық қызмет және білім беру салаларындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың қорытындылары;

      9) жерді одан әрі шаруашылық айналымына беру үшін ядролық қаруды сынау (жүргізілген сынақтардың салдарын бағалау) нәтижелерін жүргiзiлген жер учаскелерiн кешендi экологиялық зерттеу материалдары болған жағдайда, мынадай құрамда:

      әзірлеу деңгейі жобалау сатыларына сәйкес келетін құжат түрінде ресімделген ҚОӘБ материалдарымен бірге кешендi экологиялық зерттеу материалдары;

      қоғамдық пікірді есепке алу нәтижелері;

      санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың оң қорытындысы;

      жобаның электрондық нұсқасы;

      10) шектес мемлекеттердiң қоршаған ортасына әсер етуi мүмкiн немесе оны жүзеге асыру үшiн шектес мемлекеттермен ортақ табиғи объектілерді пайдалану қажет болатын не шектес мемлекеттердiң Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында айқындалған, оның ішінде "Байқоңыр" кешені бойынша мүдделерiн қозғайтын шаруашылық қызмет жобалары болған жағдайда, мынадай құрамда:

      әзірлеу деңгейі жобалау сатыларына сәйкес келетін құжат түрінде ресімделген ҚОӘБ материалдарымен бірге шаруашылық қызмет жобалары;

      қоғамдық пікірді есепке алу нәтижелері;

      жобаның электрондық нұсқасы.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 13.07.2018 № 270 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Көзделген қызметтің сипаттамаларына тәуелді сараптамалық органдарға қарастырылуға ұсынылған материалдарда:

      1) тиімді материалдарды, энергияны үнемдеуші, аз қалдықты және қалдықсыз технологиялық процестерді енгізу;

      2) табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және қайта өндіру, өндіріс және тұтыну қалдықтарын кешенді қайта өңдеу және кәдеге жарату;

      3) ағынды суларды тиімді тазартуды қамтамасыз ету, оларды техникалық қажеттіліктерге пайдалану, тазартылмаған суларды табиғи су арналар мен су қоймаларға, жергілікті жер бедеріне төгуден бас тарту тәрізді тазартудың басым бағыттары;

      4) атмосфералық ауаны ластанудан сақтауды негіздейтін шаралардың пәрмендігі мен кепілділігі;

      5) топырақ, өсімдік жамылғысы мен жануарлар дүниесін сақтау және қалпына келтіру, объектінің табиғи-қорықтық қор мәртебесін сақтау;

      6) халық пен қоршаған ортаны антропогендік физикалық, химиялық және биологиялық факторлардың әсерінен қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі шешімдер көрсетілуі тиіс.

      11. Мемлекеттік экологиялық сараптамаға құжаттаманы:

      1) белгіленіп отырған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық және өзге де қызметтің тапсырыс берушісі (инвестор);

      2) мемлекеттiк экологиялық сараптамаға жататын нормативтiк құқықтық актiлердiң және жоспарлардың жобаларын әзiрлеудi жүргiзетiн мемлекеттiк органның басшысы ұсынады.

      12. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы экологиялық сараптама объектілерін қарау, талдау және бағалау жолы арқылы:

      1) сараптамалық органдардың штаттық қызметкерлері;

      2) сыртқы сарапшыларды тарта отырып, сараптамалық органдардың басшылары құрған сараптамалық комиссиялар жүргізеді.

      13. Сыртқы сарапшылар ұсынылған құжаттаманың қаралуын ұйымдастырады және сараптамалық органдарға қорытынды ретінде ұсыныстар мен ескертулерін ұсынады.

      Сыртқы сарапшылардың қорытындысы ұсынымдық сипатқа ие болады.

      14. Сараптамалық органдар материалдарды қарауды және сараптама объектісінің бағалауын жүргізу барысында оған дәлелденген және объективті сараптамалық қорытындыны қалыптастыратын мемлекеттік экологиялық сараптаманың рәсімі біртіндеген кезеңдерінен тұрады және өзіне:

      1) мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу туралы өтінішті уәкілетті органның, оның аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдарында тіркеуді;

      2) сараптамаға жіберілген материалдардың, деректемелердің, межеленіп отырған шаруашылық қызметтің ҚОӘБ қоса алғанда, толықтығы және бар болуын тексеруді;

      3) сараптаманың қажетті деңгейін анықтауды, материалдарды бағалауды және талдап өңдеуді, көзделген немесе жүзеге асырылып жатқан қызметтің экологиялық қауіпсіздігінің дәрежесін, сараптама объектілерін іске асырудың жеткіліктігі мен шындығын қарастыратын сараптаманы;

      4) мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылған жобаларға және оларға қоса берілген материалдарға ескертулер болған кезде ескертулерді табиғат пайдаланушымен www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жоюды;

      5) жекелеген сараптамалық бағалар мен мемлекеттік экологиялық сараптаманың нәтижелерін қорытуды, материалдарды келісу немесе келісуден бас тарту туралы сараптамалық қорытындыны дайындауды қамтиды.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 13.07.2018 № 270 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14-1. Сараптама органдары жүргізетін мемлекеттік экологиялық сараптаманың мерзімдері мен ұзақтығы өтінімді тіркеген күннен бастап:

      I санаттағы объектілер үшін 45 (қырық бес) жұмыс күнінен;

      II санаттағы объектілер үшін 30 (отыз) жұмыс күнінен;

      III және IV санаттардағы объектілер үшін 15 (он бес) жұмыс күнінен аспауы тиіс.

      Ескерту. 2-тарау 14-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 13.07.2018 № 270 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14-2. Қабылданған құжаттар өтінімді тіркеген күннен бастап сараптама органдарымен I санаттағы объектілер толықтығы үшін бес жұмыс күнінен аспайтын, ІІ, ІІІ және IV санаттағы объектілер үшін үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарастырылады.

      Ұсынылған құжаттар толық емес болған жағдайда, сараптама органдары оларды ұсынған адамға кері қайтарады.

      Ескерту. 2-тарау 14-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 13.07.2018 № 270 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14-3. Сарапшылар мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу барысында:

      1) Кодекстің 53-бабының 6-тармағына сәйкес жобаны тапсырыс берушілерден мемлекеттiк экологиялық сараптама объектiсін жан-жақты және объективтi бағалау үшiн маңызы бар қосымша материалдарды Кодекстің 50-бабында белгілеген мерзімде сұратады және алады;

      2) осы Қағидалардың 14-4-тармағында көзделген тәртіппен оларды жою мақсатында дәлелді ескертулер береді.

      Ескерту. 2-тарау 14-4-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 13.07.2018 № 270 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14-4. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың барысында сарапшылар, тапсырыс берушiге портал арқылы берiлетiн дәлелдi ескертулерді олар болған жағдайда, мына мерзімдерден кешiктiрмей жiбередi:

      I санаттағы объектілер үшін 25 (жиырма бес) жұмыс күні ішінде және ескертулер берілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде тапсырыс берушімен порталда жойылады;

      II санаттағы объектілер үшін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде және ескертулер берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде тапсырыс берушімен порталда жойылады;

      ІІІ және IV санаттағы объектілер үшін 7 (жеті) жұмыс күні ішінде және ескертулер берілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде тапсырыс берушімен порталда жойылады.

      Ескертулер белгіленген мерзімде жойылған жағдайда, мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы беріледі.

      Ескертулер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, мемлекеттiк экологиялық сараптаманың теріс қорытындысы беріледі.

      Ескерту. 2-тарау 14-4-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 13.07.2018 № 270 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізудің нәтижелері

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 13.07.2018 № 270 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Уәкілетті органның сараптамалық органдары жүзеге асыратын мемлекеттік экологиялық сараптама, аумақтық бөлімшелерінің ұсыныстары мен ескертулерін ескере отырып немесе оның мамандарының қатысуымен жүргізіледі (объектінің орналасу орны бойынша) және келесі түрде іске асырылады:

      1) жоба материалдары көзделген шаруашылық қызметтерді іске асырудың мүмкіндігі, орындылығы және қажеттілігі бөлігінде бағаланады және талданады, сондай-ақ келісу жөніндегі ұсыныстарды әзірлей отырып, проблема тұтастай бағаланады;

      2) ұсыныстар немесе ескертулер қалыптастырылады және жазба түрінде ұсынылады;

      3) қажет болған жағдайда аумақтық бөлімшелердің өкілдері жағдайдың алдын ала талдауын ұсына отырып, мемлекеттік экологиялық сараптама процестерін жүргізуге қатысады. Бұл жағдайда аумақтық бөлімшелердің ескертулер мен ұсыныстарын бере отырып материалдарды қарастыру мерзімі 5 жұмыс күнін құрайды.

      16. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асырудың нәтижесі, Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес, нысан бойынша мемлекеттік экологиялық сараптамалық қорытынды болып табылады. Қорытынды мына тұжырымдамалардың біреуімен аяқталады:

      1) "келісілмейді";

      2) "келісіледі".

      17. "Келісілмейді" деген тұжырымы бар теріс қорытынды болған жағдайда, сараптамаға тапсырыс беруші мемлекеттік экологиялық сараптаманың ескертулері бойынша материалдарды пысықтайды және оларды мемлекеттік экологиялық сараптамаға тапсырады немесе көзделген қызметтен бас тартады.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 13.07.2018 № 270 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысына қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның сараптама бөлімшелерінің, тиісті аумақтағы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің басшылары не облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының сараптама бөлімшесінің басшысы өз құзыреті шегінде қол қояды.

      19. Алып тасталды – ҚР Энергетика министрінің 28.04.2017 № 145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың экологиялық қауіптілігі жоғары объектілерге қатысты нәтижелері, Кодекстің 56-бабының 2 тармақшасына сәйкес, өздерінің қағидаларына сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптаманың сарапшылық кеңестерінде қарастырылады.

  Мемлекеттік экологиялық
сараптаманы жүргізу
қағидаларына 1-қосымша

      Қайда _______________________________________

      (мемлекеттік органның толық атауы)

      кімнен_______________________________________

      (өтініш иесінің толық атауы)

      Мекен жайы___________________________________

      (индексі, қала, аудан, облыс, көше, үй нөмірі, телефон)

      Өтініш иесінің деректері___________________________

      (ЗТ/ЖТ мемлекеттік тіркеуден өткен куәлігі, БСН, ЖСН)

Мемлекеттік сараптаманы жүргізуге өтінім

      ____________________________________________________________________

      ______________________________________________________________жобаға

      (жобаның толық атауын көрсету)

      мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізуді сұраймын.

      Ұсынылып отырған құжаттардың тізімі

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Басшы ___________ __________________________________________________

      (қолы) (аты, тегі, жөні)

      "___" ___________ 20 ___ ж.

  Мемлекеттік экологиялық
сараптаманы жүргізу
қағидаларына 2-қосымша

Өтініш иесі (ұйымның атауы)

      ____________________________________________________________________

      (құжаттың, жобаның атауы)

      Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы

      Материалдар әзірленген______________________________________________

      (әзірлеуші жоба ұйымының толық атауы)

      Жоба материалдарына тапсырыс беруші ________________________________

      (тапсырыс беруші ұйымның толық атауы, мекен жайы)

      Мемлекеттік экологиялық сараптамаға қарастыруға ұсынылды:

      ____________________________________________________________________

      (жобалық құжаттың атауы, ұсынылып отырған басқа құжаттар, материалдардың толықтығын атау)

      Материалдар қарастыруға келіп түсті ______________________20 __ жылы

      (күні, тіркеудің кіріс нөмері)

Жалпы мәлімет

      Сараптама объектісінің орналасу ауданының физикалық-географиялық жағдайының қысқаша сипаттамасы, қоршаған ортаның фондық жағдайы, қоршаған ортаға теріс әсерін тигізетін, негізгі техникалық, технологиялық шешімдер, соның ішінде технологиялық процестерді баяндау, қазіргі заман технологияларының үздік аналогтарымен салыстырып альтернативті түрлерін қарау.

Межеленіп отырған қызметтің қоршаған ортаға әсерін ілеспе бағалау (ҚОӘБ)

      Объектінің ауа ортасына, жерасты және жерүсті суларына, жер ресурстарына, жануар және өсімдік дүниесіне, жер қойнауына әсер етуінің жалпы сипаттамасы, экологиялық қауіп-қатер, апаттық жағдайлар болуы және мүмкіндігі және т.б.

      Сәулеттік-жобалық құжаттар, елді мекендердегі инженерлік инфрақұрылымының даму сызбасы, істегі кәсіпорындардың жаңғырту (ұлғайту) жобаларын қарастыру кезінде қоршаған ортаға әсер ету бөлігінде барлық көрсеткіштер сол жағдайға, сондайақ есептік мерзімге беріледі.

Тұжырымдама

      Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізудің нәтижесі келісілді/келісілмеді тұжырымдамасымен қорытынды болып табылады.

Уәкілетті органның сараптамалық
бөлімшесінің басшысы



      қолы А.Т.Ж.

Уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі
сараптамалық бөлімшесінің басшысы



      қолы А.Т.Ж.

Жергілікті атқарушы органның сараптамалық
бөлімшесінің басшысы



      қолы А.Т.Ж.

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 16 ақпандағы
№ 100 бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. Мемлекеттік экологиялық сараптамасын жүргізу ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 207-ө бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 1 тамызда № 4844 тіркелді, ресми жариялануы: 2007 жылғы 17 тамыздағы № 126 (1329) "Заң газеті" газеті).

      2. Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылы 28 маусымдағы № 207-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 9 қазандағы № 296-ө бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 8 қарашада № 4984 тіркелді, ресми жариялануы: 2007 жылғы 29 қараша № 183 (1212) "Заң газеті" газеті).

      3. Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 207-ө бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2009 жылғы 26 қазандағы № 228-ө бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 3 желтоқсанда № 5957 тіркелді, ресми жариялануы: 2009 жылғы 23 желтоқсан, № 194 (1617) "Заң газеті").

      4. Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 207-ө бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2011 жылғы 23 қыркүйектегі № 248-ө бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылы 19 қазанда № 7265 тіркелді, ресми жариялануы: 2012 жылғы 29 мамыр № 274-278 (27352) "Егемен Қазақстан" газеті).

      5. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің "Мемлекеттік экологиялық сараптамасын жүргізу ережелерін бекіту туралы" 2007 жылғы 28 маусымдағы № 207-Ө және "Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын және қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру үшін І санаттағы объектілерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлу туралы" 2009 жылғы 23 шілдедегі № 143-Ө бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 3 қыркүйектегі № 268-ө бұйрығының 1-тармақтың 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылы 24 қыркүйекте № 8729 тіркелді, ресми жариялануы: 2013 жылғы 31 қазан № 243 (28182) "Егемен Қазақстан" газеті).